Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Композиция болмысы. 3 страница




Өзгеріс көрінінп тұрған объектілерді бір-бірімен салыстырған кездегі қатынас қарама-қарсылыққа жатады, ал шамалы айырмашылықтың бір-біріне сәйкес келуі әр түрлі өзгеріске жатады.

Тепе-теңдік, өзгеріс, қарама-қарсылық, масштабтылық сәулет категориясына жатады. Осылардың негізінде көптеген композициялық есептер шешіледі. Олар композицияның басқа да құралдарының арасындағы қатынасты аңықтай отырып, тұтас сәулет құрылысының пайда болуында құрастырушы және теңестіруші қызмет атқарады.

Тепе-теңдік, өзгеріс, карама-карсылық сәулеттің әрбір объектісінде қатысады, ал олардың біреуі форма құрылысына қатысты жетекшілік қызметін қараған кезде айқын байқалады.

Сәулет композициясындағы элементтердің толық сәйкес келу принциптері тепе-теңдікке жатады. Тепе-теңдік принциптері тұрғылықты жерге салынған күрделі құрылыстың элементтерінің бір-біріне әсер ететін ежелгі заңымен байланысты. Тепе-теңдік элементтері ерте кезден ағаштың діңгегі сияқты әр түрлі тұрғылықты жерлерді қоршау материалы ретінде қызмет атқарып келеді. Табиғи және жасанды тастардан жасалған блоктар, кірпіштер формасы мен үлкендегі жағынан тепе-тең болады.

Композициялық тұтас сәулет формасын салу кезіндегі тепе-теңдіктің атқаратын қызметі қандай? Кебір елдерде бұл принцип ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі болып есептеледі. Мысал келтірсек, Жапон тұрғын үйлері осы принциппен салынған. Оның үстіне композиция құрылысында тепе-теңдік принципі өзіне лайық белгіленген шектеулі қызмет атқарады. Сондықтан осы элементтердің негізінде салынған формалар толықтыруларды қамтамасыз етеді.

Әр түрлі өзгеріс сәулет формасындағы элементтерінің жақындығына қатысын білдіреді. Жекелеген элементтерінің мөлшерлерінің арасында айырмашылық болады. Интервалда олардың арасында ырғақты қатарлар қызмет етеді. Әр түрлі өзгеріс тұтас сәулет формасының құрылысындағы көлемнің сандық қатысы ретінде қызмет атқарады әрі барлық сәулет комопзиция құралдарының біртұтас күрделі жұмысына қатысады.

Есте сақтайтын жәйт, формадағы әр түрлі өзгерісті ерекшеліктерге назар аударып, қателекті түзеуге тырысу керек. Мұндай қателіктерге қисық тұрғызылған бұрыштар жатады. Тік немесе көлденең соғылған сызықтардың қисық түсыі көзге ағаш көрінеді.

Тұтас композиция тұрғызу кезіндегі әр түрлі өзгерістерді қабылдау дұрыс емес.

Қарама-қарсылық көлемді кеңістік формасы қасиеттерінің айырмашылықтарының пайда болуы тән. Қарама-қарсылық сияқты композициялық құрал сәулет формасының айқын да мәнерлі шығуының бірден-бір жолы. Тұтас композиция құрылысы кезіндегі әр түрлі өзгерістерге байланысты пайда болған қиындықтарды адамның түсінігінде қоршаған орта жерінің белсенді түрде әсер ететіндігімен түсіндіруге болады.

Сондықтан сәулет композициясындағы қарама-қарсылық туралы ұғым доминант пен байланысты болады.

Қарама-қарсылық принципі форманы қоршаған ортамен салыстыра отырып жүзеге асады. Композиция мен орта доминант элементерінің бір-біріне әсер етуі қарама-қарсылық сипаттары шегіне жеткен кезде өзгеруі мүмкін. Қарама-қарсылық жағдайлар үнемі болып тұрады. Көлемді кеңістік композициясындағы қарама-қарсылықты әр түрлі өзгерістермен толықтыруға болады. Қарама-қарсылық жетпей жатқан құрылыс әсерлі көрінбеуі мүмкін. Ал аса күшті қарама-қарсылық форманы бұзады. Бұл жұнінде Гераклей Эфесскийдің жасылын үйлесім қатты жарқырағаннан әсерлі көрінетіндегі туралы айтқан сөзі рас шығар.

 

1. Негізгі 6 [91-103] 2. Негізгі 5 [58-64] 3. Негізгі 10[142-192]

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Архитектурадағы тұтас композициялық құралы ретіндегі қарама-қарсылық, әр түрлі өзгеріс, тепе-теңдіктің атқаратын қызметі қандай?

2. Архитектуралық композицияда осы құралдарды дұрыс қолданбау қандай қателіктерге әкелуі мүмкін?

3. Әр түрлі өзгеріс пен тепе-теңдікті пайдалана отырып, сәулет формасын көрікті етуге бола ма?

 

№ 7 Лекция тақырыбы: Симметрия

 

Архитектурадағы симметрия түрлері. Симметрия – көлемді кеңістік формасының тұтастығын қамтамасыз ететін құрал. Бұл құралға талдау жасамас бұрын оның көлемді кеңістік формасындағы қасиеттеріне тоқталамыз.

Симметрия ұғымы адамдардың мәдени дамуымен біте қайнасып келеді, материалдық дүниенің орнықты қасиеттерін білдіреді; қазірде де тірі және өлі табиғат құрылысын зерттейтін ғылымдарда қолданылады. Біз архитектурада және көлемді кеңістік композициясында объектілер үшін симметрия түрлерін қолданамыз.

Симметрия деп көлемді кеңістік формасын бір-бірімен салыстырмалы түрде бірдей бөлікке бөлуді айтамыз. Симметриялық фигураларды бірдей бөлікке бөлу заңдылығы олардың орын ауыстырдын және симметриялық қайта өзгертудің көмегімен бірігуі үшін керек. Қайта өзгертудің негізіне шағылысу, айналу және жарыспалы түрде көшіру жатады. Қосымша геометриялық элементтер (нүкте, сызық, жазықтық) симметрия элементтері деп аталады.

Архитектурада симметрияның кең тараған түріне айналы симметрия, оң және сол симметрия жатады. Жазықтықты айқындай отырып теңдей екі бөлікке бөлу жазықтық симметриясы деп аталады.

Архитектура тарихында айналу симметриясы сирек те болса қолданылады. Оны ертедегі дөңгелек шіркеулерді салған кезде пайдаланған. Симметрияның басқа түрлері архитектурада сирек қолданылады.

Симметриялық формалар еркіндік, ұлылық сияқты сезімдерді бейнелейді. Сонымен бірге симметрия ғимаратты ғана емес, оны пайдаланатын адамды да тәртіпке бағындарады.

Асимметрия – симметрияға қарама-қарсы ұғым. Асимметриялық формада симметрия элементтері кездеспейді.

Дисимметрия – симметриядан әр түрлі өзгеріске ұшырау. Дисимметрия детальдің асимметриясынан көрінеді.

Асимметриялық композицияның еркіндігі мен жұмсақтығы, осы композицияны құратын өзара тең элементтердің өз бетінше өмір сүруі адамдардың шығармашылық күшіне дем берді. Ал асимметрия қайта құрылған қазіргі архитектураның негізінде байкалды.

Архитектурада симметрия, асимметрия, дисимметрия қолдана отырып, табысқа немесе сәтсіздікке қол жеткізу сәулетшінің шығармашылық ойларына байланысты екенін ұмытпауымыз керек.

Форманың аяқталған композициялық тұтастығы бұрандалы симметрия және көшіру симметриясынан (қатар, тор, шарбақ) тұрса да, симметрия элементтеріне толығымен қол жеткіздік деу қисынсыз, әйтпесе біз симметрияның шексіз формасына ие боламыз. Оның аяқталуы үшін тасымал белдігін жағалау формасының бірдей таралуын шектейтін құралды пайдалану керек. Бұл құралдар түрлі кезеңдегі метрлік қатарларды тоқтату үшін пайданылады.

Дисимметриялық форманың тұтастығы олардың негізінің симметриялығын қамтамасыз етеді. Ал дисимметриялық формадағы бөлшектің симметриялық орналасуы композицияны әсерлі етіп көрсетеді.

Бұл жерде элементтер асимметриясы мен оның орналасуы симметриялық негізді бұзып кетпеуіне көңіл аудару керек.

Асимметриялық композиция да симметрия элементтері болмайды, оның тұтастығы мен аяқталуы форманың түрлі фрагментерінің арасындағы көру тепе-теңдігінің пайда болуына әкеледі. Арнаулы зерттеулер дәлелдегендей көп жағдайда асимметриялық композиция форманың орта жерінен қарағанда тең түсетінін дәлелдеді.

Симметриялық және асимметриялық сәулет композициясы архитектураның көркемдік және функционалдық жағын қамтиды. Симметриялық композицияда құрылыс бөлшектерінің орналасуы біржақты болып, тұтастыққа бағынады. Сондықтан симметрия әлемдегі қатал тәртіпке бағынған орталығының идеяларын жүзеге асыру үшін қолданылды.

 

1. Негізгі 6 [103-114] 2. Негізгі 5 [44-49] 3. Негізгі 10 [142-192]

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Симметрия дегеніміз не? Бұл ұғымды қалай түсінесің?

2. Симметрияның негізгі тәсілдерін ата.

3. Симметрия түрлері қалай анықталады?

4. Симметрияның негізгі түрлерін атаңыз. Архитектурада қандай турлерін қолданылады?

5. Асимметрия және дисимметрия дегеніміз не? Олардың симметрияға қатысы қандай?

6. Көлемдік кеңістік формасының тұтастығына қол жеткізуда симметрияның қатысы бар ма?

7. Форма тұтастығына қол жеткізуде бұрандалы симметрия мен тасымал симметриясына ие болған қандай негізгі құралдар бар?

8. Дисимметриялық форманың тұтастығы қалай қамтамасыз етіледі?

9. Асимметриялық форманың тұтастағына қалай жетуге болады?

10. Ғимарат пен күрделі құрылыстың қай түрі ауыр тартады, симметриялық формамен бе, әлде асимметриялық па?

11. Архитектурада кемеліне жеткен шығарма туу үшін симметрияны сауатты пайдалану жеткілікті ме?

 

 

№ 8 Лекция тақырыбы: Композицияның негізгі түрлері

 

Композицияның негізгі түрлері туралы. Сәулетті құрылыс – көлемді формаға сай бекітілген және белгілі жүйемен ұйымдастырылған кеңістіктік. Композиция пәні бойынша психо-аналитикалық әдістің негізін салушы Н.А. Ладовский былай деген болатын: «Тас емес, кеңістік архитектура материалы болып табылады». Көлемдік форма ішкі жабық кеңістік пен сыртқы ашық кеңістікті құрайды.

Сәулеттік ортаның негізгі бірліктеріне мыналар жатады:

кеңістік;

кеңістікті құрайтын көлем;

кеңістік пен көлемді құрайтын үстіңгі бөлік.

Кеңістік пен көлем архитектуралық композицияның негізгі құралы болып есептеледі. Форманың орналасу кеңістігінің белгілері мен көзбен қабылдау сипатына қарай көлемді – кеңістік композицияның негізгі үш түрін атап өтеміз: кеңістікті, көлемді, фронтальды.

Кеңістікті композиция кеңістіктің оны құрайтын элементтерден басымдылығы арқылы көрінеді. Мұндай композицияда көруші кеңістікті құрайтын элементтерге емес, кеңістік шешімінің сапасына баға береді. Композиция элементтері тереңнен, алдыңғы беттен және тік координаттары арқылы құрылып, дами түседі. Тереңнен түскен координаты бар кеңістік композициясы тереңдік кеңістігі деп аталып, кеңістік дамуының басты бағытына айналады.

Кеңістік композициясы архитектурада композицияның күрделі түріне жатса да, жиі қолданылады.

Көлемдік композиция кеңістік координаттарының ішінде бірқалыпты дамып келе жатыр. Ол осы композицияларды ұйымдастырған элементтердің түйықталған үстіңгі бетіне тән сипатқа ие. Көлемдік композиция көрерменнің айналасындағы қозғалыстарды қабылдайды.

Әрбір күрделі құрылыс көлеміне байланысты емес. Барлық жағынан қарағандағы үш өлшемі де сапалы көрінсе, көлемдік композицияға жатады.

Фронтальдық композиция тереңдік координаты бағынған екі координаттың (көлденең және тік) дамуынан көрінеді. Фронтальдық композиция көрушіге өзіне қарай бағытталған қозғалыс арқылы анықталады.

Архитектурада мұндай композицияларға көшелер мен алаңдарға қараған ғимараттың алдыңғы беті жатады.

Архитектуралық күрделі құрылыстың композициясында жоғарыда аталған үш түрдің белгілері де кездеседі.

Күрделі құрылыс немесе комплекстің композициялық түрін анықтау көрушінің тұрған жеріне және қабылдауына байланысты болады. Мысалы, 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркіндегі Вознесенский кафедральды шіркеуінің алаңында тұрып, біз алаңды көлемді композицияға жатқызамыз. Алаңдағы Вознесенский шіркеуінің ерекше дараланып көрінуі орналасқан жері мен формасының көркемдігінде. Шіркеу алаңның барлық кеңістігі бағынатын орталық тік белдеуге салынған. Шіркеудің көлемдік композициясын айналған кезде көруге болады. Батыс және Шығыс беті симметрия негізінде жасалған фронтальды композициясы байқатады. Ал Солтүстігі мен Оңтүстігінен форманың түрлі фрагменттері үйлесім тапқан тұтастықты көруге болады. Шіркеудің ішіне кірген кезде бірнеше ішкі кеңістіктен құралған күрделі кеңістік композициясын байқаймыз.

 

1. Негізгі 6 [115-123] 2. Негізгі 5 [10-30] 3. Негізгі 10 [142-192]

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Архитектуралық композицияның негізгі түрлерін атаңыз.

2. Композицияның негізгі түрлерінің арасындағы байланыс қалай көрінеді?

3. Алматыдағы жаңа алаңның ансамбліне талдау жаса. Бұл жерде композицияның қандай түрлері кездеседі және олар бір-бірімен қалай байланысқан?

№ 9 Лекция тақырыбы: Фронтальды композиция

 

Фронтальды композицияның түрлері. Фронттағы координаттан тең дәрежеде, ал көлденең және координаттар қарама-қарсы қатынаста болуы мүмкін (1 сурет)

 

 

 

 

Сурет 1. Фронтальды композиция үшін координаттардың негізгі сипаттамалық қатынастары.

 

Фронтальды композиция горизонталь және вертикаль координаттары бойынша тең дәрежеде өсуінің мысалы ретінде Самарқандтағы Ұлықбек медресесінің порталын алуға болады. Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің фасады вертикаль өсетін фронтальды композиция ретінде шешілген. Ал Алматыдағы Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясының негізгі өсуі горизонталь. Горизонтальды координаттанық шектен тыс өсуі фронтальды композицияда көп қолданылмайды, үйткені фронт бойынша кеңістік тереңдігі арта бастайды (2 сурет).

 

 

2 сурет

 

 

Құрастыру тәсілдері мен жабдықтары: көлемді-кеңістік формалардың қасиеттерін қолдану тәсілдері. Фронтальды композицияны құрастыруда бірінші стереометриялық топтың қолдану тиімді.

Координатқа қатынас бойынша жазықтық элементтерді қолданған дұрыс. Бұл денелердің екі координат бойынша өсуі активті фронт туғызады. Көлденең және тік бағыттардағы элементтер шамасының өзгеруі композициялардың бірлігін және мақсаттылығын туғызатын олардың арасындағы қатынасын табуға мүмкіндік береді.

Элементтердің массивтігі фронтальды композицияның негізін құрайды. Пошымның массивтігінің өзгеруі, сонымен қатар жазықтық пен масса арасындағы қатынас композиция түріне ықпал етеді.

Элементтер массасының үстіндегі жазықтықтың көбейуі фронтальды композицияның бұзылуына әкелуі мүмкін.

Фронтальды композиция үшін жазықтықтағы пошымдардың біріктірілген осі және өзара перпендикуляр қырлары координат остеріне параллель болған жағдай ең сипатты болып табылады. Бұл жіберілетін шектерде элементтердің бұрылу және еңкіштігі мүмкіндігі болатынын көрсетеді.

Композициялық элементтердің орналасу жолдары. Фронтальды композицияларда элементтер келесі түрлермен орналасуы мүмкін:

а) аралықпен;

б) біреуі басқасына біріктірілген;

в) біреуін басқасына (екіншісіне) енгізген.

 

               
     
   
 

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-25; Просмотров: 3761; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.069 сек.