Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Краткая суть. 2 страница




ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

Мамандығы: 051301 – Жалпы медицина

Пәні: Балалар хирургиясы,

Кафедра: Балалар хирургиясы кафедрасы

Курсы: 4

№4 тақырып: Жарықтар. Кіндік жарығы, шап жарығы, вентральды жарық, кіндік

бауының эмбриональды жарығы, жұлын және бас сүйек-ми

жарықтары. Жіктелуі, клиникасы, операциялық емге көрсеткіштер

және ем әдістері

 

 

Құрастырушы: м.ғ.к., ассистент ________________ Санбаев М.С.

(қол қою үшін)

 

Семей – 2010 ж.

1. Тақырып №4: Жарықтар. Кіндік жарығы, шап жарығы, вентральды жарық, кіндік бауының эмбриональды жарығы, жұлын және бас сүйек-ми жарықтары. Жіктелуі, клиникасы, операциялық емге көрсеткіштер және ем әдістері

 

2. Мақсаты: Студентті анамнез жинауға, негізгі тексерулерді жүргізуге (пальпация, диафоноскопия, "жөтелу түрткісі» симптомы), клиникалық белгілер комплексін сараптауға, зертханалық, қосымша және арнайы зерттеу әдістерінің нәтижелерін қорытындылауға (НСГ, ЭхоЭГ, КТ), консервативтік және операциялық емге көрсеткіштер мен ем уақытын анықтауға, жоғарыда аталған патологияларда операция алдындағы дайындық және операциядан кейінгі кезеңде науқастарды емдеу жоспарын құрастыруға, операциядан кейінгі жарадан тігіс жіптерін алуға, операцияларға ассистенция жасауға үйрету.

Клиникалық және арнайы әдістерд логикалық ойлауға машықтанндыру, клиникалық диагнозды дұрыс қою және емдік тактиканы анықтау аталған патологиялармен науқастарды тексеру әдісі кезіндегі дағдыларды және білімін бекіту..

 

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек

– Шап өзегі, бас сүйектері, омартқа бағаны, іштің алдыңғы қабырғасының топографо-анатомиялық құрылымы

– Жарықтың пайда болуына анатомиялық себептер

– Кіндік жарығы, шап жарығы, вентральды жарық, кіндік бауының эмбриональды жарығы, жұлын және бас сүйек-ми жарықтарыyың клиникалық белгілерінің ерекшеліктері

– Кіндік жарығын консервативтік емдеу мерзімі

– Кіндік жарығы, шап жарығы, вентральды жарық, кіндік бауының эмбриональды жарығы, жұлын және бас сүйек-ми жарықтарыy операциялық емдеу мерзімі

– Аталған патологиялардың операцияға дайындау, хирургиялық емдеу әдістері және операциядан кейінгі кезеңді жүргізу ерекшеліктері

Студент істей білуі керек

– Аталған патологиялармен науқастарды тексеру

– Анамнез, зертханалық, қосымша және арнайы зерттеу әдістерінің нәтижелерін дұрыс қорытындылау (НСГ, ЭхоЭГ, КТ)

– Жұлын және бас-ми жарықтарында НСГ, ЭхоЭГ, КТ қорытындыларн дұрыс интерпретациялау

– Диафносокпия жүргізу

– Кіндік және қысылған шап жарықтарында консервативтік ем жүргізу

– Аталған патологияларда дұрыс диагноз қою және емдеу тактикасын анықтау

– Операцияларға ассистенция және операциядан кейінгі жаралардан тігіс жіптерін алу

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

– Шап аймағының, іштің алдыңғы қабырғасынынң, ми мен жұлынның, бас сүйектері мен омыртқа бағанынынң хирургиялық анатомиясы

– Жарықтың пайда болуына анатомиялық себептер

– Шап жарығының жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және емдеу әдістері

– Шап жарығының асқынулары, дәрігер тактикасы

– Кіндік жарығының жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және емдеу әдістері

– Кіндік бауының эмбриональдық жарығының жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және емдеу әдістері

– Вентральдық жарықтың жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және емдеу әдістері

– Жұлын және бас-ми жарығының жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және емдеу әдістері

 

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: студенттің науқаспен жұмысы, диагностикалық кабинеттерде практикалық дағдыларды игеруі, тақырыптың науқастардың микрокурациясы, орап-таңу бөлмесінде, рентген-, эндоскопиялық кабинетте жұмыс(шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, операцияларға қатысу, шағын топтарда оқу, ситуациялық тапсырмаларды шешу.

1. Исаков Ю.Ф. Хирургические болезни у детей.1983/2005.

2. Дюсембаев А.А., Ормантаев К.С. ред. Балалар хирургиясы. 2008

3. Ашкрафт К.У., Холдер Т.М. Детская хирургия. 1996,1997,1999.

4. Баиров Г.А. Срочная хирургия у детей. Ленинград, 1997.

5. Лопаткин Н.А., Пугачев А.Г. Детская урология. 1986.

6. Исаков Ю.Ф., Лопухин Ю.М. Оперативная хирургия с топографической анатомией детского возраста. М.Медицина. 1989.

7. Долецкий С.Я. Паховая грыжа у детей. 1974.

8. Духанов А.Я. Урология детского возраста.Медицина. 1968.

9. Пэттен Б.М. Эмбриология человека. 1971.

10. Пытель А.Я. Очерки по детской урологии. Медицина. 1977.

11. Красовская Т.В.Кобзева Т.Н.Диагностика и неотложная терапия в хирургии новорожденных. М.2001

12. Царегородцев А.Д.Тоболин В.А.Руководство по фармакологии в педиатрии и детской хирургии. М.2002

 

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, тапсырмалар және т.б.)

- тестті таспсырмаларды орындау

Кіріспе білім деңгейін тексеру

Құрсақ тың алдыңғы қабырғасының жарықтарының эвентрациядан айырмашылығы:

1.құрсақ қабырғасының бұлшықет-апоневроз аппаратында туа біткен не жүре пайда болған дефекттің болуы

2.жарық «қақпасынан» тек жарық қапшығының шығуымен

3.жарық қақпасының, жарық қапшығының және жарық ішіндегісінің болуы

4.эвентрация тек қарт адамдарда анықталады

5.жарық қапшығында тек ішек ідмектері болады

Балалардағы шап жарығының негiзгi себебi не

1.құрсақ қуысының қысымының көбеюi

2.ауыр салмақты заттарды көтеру

3.iш пердесiнiң қынап тәрiздес өскiнiнiң бiтелу процесiнiң бұзылуы

4.асцит

5.жатырда жатқанда болған перитонит

Балаларда шап аймағында қандай жарық жиi кездеседi

1.сан жарығы

2.қиғаш шап жарығы

3.тiк шап жарығы

4.жүре пайда болған жарық

5.операциядан кейiнгi жарық

Шап жарығында жарық құрылымы қай жерде орналасқан

1. пупартов дәнекерiнен жоғары

2. пупартов дәнекерiнен төмен

3. сыртқы шап шеңберi аймағында

4. қасаға үстiнде

5. ұманың түбiрiнде

Шап жарығында жарық құрылымы қай жерде орналасқан

1.пупартов дәнекерiнен жоғары

2.пупартов дәнекерiнен төмен

3.ұмада

4.қасаға үстiнде

5.ұманың түбiрiнде

Омыртқаның қай бөлiгiнде жұлын жарықтары жиi кездеседi

1.мойын бөлiмi

2.кеуде

3.бел

4.сегiзкөз

5.құймышақ

Қандай анатомиялық құрылымның ақауы жұлын жарығының пайда болуына әсерiн тигiзедi

1.терi мен терi асты майы қабатының

2.омыртқалардың доғаларының

3.омыртқалардың денесiнiң

4.жұлын қабықтарының

5.жұлын мен оның талшықтарының

кіндік бауының эмбриональдық жарығы туралы төменде айтылған дар дұрыс, тек

1.жарық қапшығы іш пердесі мен амниондық тіндерден тұрады

2.жарық қапшығы ішіне бауыр да кездесуі мүмкін

3.шұғыл хирургиялық көмек қажет

4.кей жағдайларда консервативтік емдеуге боолады

5.жарық міндетті түрде құрсақ қабырғасының бұлшық еттерімен және терімен жабылуы керек

Қандай ақау эмбриональдық жарықтың пайда болуына себеп болады

1.құрсақ қабырғасының ақауы (дефектi)

2.құрсақ қабырғасының бұлшық ет-апоневроз қабатының ақауы (дефектi)

3.кiндiк тамырларының ақаулары

4. кiндiк бауының орналасу ауытқулары (аномалиялары)

5. iшек айналымының ауытқулары(аномалиялары)

хирургиялық практикада кіндік бауының эмбриональдық жарығының қандай клиникалық формалары кездеседі

1.кіші көлемді, орта көлемді, үлкен көлемді

2.кіші көлемді, шар тәрізді, жалған

3.жартылай шар тәрізді, үлкен көлемді

4.асимметриялық, нағыз

5.орта көлемді, асимметриялық, жалған

Төмендегi белгiлердiң қайсысы кiндiк жарығына тән

1.гипотрофия

2.кiндiк аймағы апоневрозының жетiмсiздiгi (дефект)

3. кiндiктiң қызаруы

4.үлкен дәреттiң бұзылуы

5.құрсақтың қампаюы

12.

Төмендегi белгiлердiң қайсысы құрсақтың алдыңғы қабырғасының ортаңғы ”сызығының ” (белая линия) жарығын мiнездейдi

1. ”ортаңғы ақ сызықтың ” жетiспеушiлiгi (дефект), осы аймақта құрсақ қуысына енбейтiн бұлтиған құрылым анықталады, эпигастрийде кiндiктен жоғары ауырсыну және ауырсыну құрсақтың алдыңғы бұлшық ет қабаты қатайғанда үдей түседi

2.құсу, эпигастрийде ауырсыну және ол бұлшық еттер қатайғанда үдей түседi

3.құрсақ қуысына енбейтiн құрылым құрсақтың ортасында анықталады

4.құсу, құрсақтың қампаюы

5. үлкен дәреттiң бұзылуы, құрсақтың қампаюы, құсу

 

Қорытынды білім деңгейін тексеру

1. Асқынбаған шап жарығында шап құрылымы қандай белгiлермен сипатталады

1. тығызсерiппелi, үстiнде тұйық перкуторлық дыбыс, көлемi өзгергiш

2. жұмсақ, көлемi өзгермейдi, үстiнде тұйық перкуторлық дыбыс

3. жұмсақ, үстiнде жоғары перкуторлық дыбыс, көлемi өзгергiш

4. тығыз, үстiнде жоғары перкуторлық дыбыс, көлемi өзгергiш

5.тығыз, жоғалмайтын құрылым, көлемi өзгермейдi

2. Қандай щап жарығында жоспарлы операция баланың жасына қарамастан жасалады

1.қайталама қысылулар болғанда

2.қосымша даму ақаулары болғанда

3.крипторхизммен қабаттасқанда

4.шап жарығының көлемi кiшкентай болғанда

5.әке-шешесiнiң талап етуiмен

Жүре пайда болған шап жарығының туа болған шап жарығынан айырмашылығы

1.жарық қапшығының сипаты

2. ұрық бауы элементтерінің жарық қапшығына қатынасы

3. жарық қапшығының шап өзегінің терең және беткей шап сақинасынан шығуы

4.шап аймағының бұлшық ет-апоневроз құрылымдарының жағдайы

5.ұрық бауындық жарық

Шап жарығында операция жасау мерзімін анықтауда... маңызы бар

1.иммунитет ерекшелігінің

2.шап жарығының асқынуларының даму мүмкіндігінің

3.шап аймағының бұлшық ет-апоневроз ерекшелігі

4.дәнекер тіндердің метаболизмінің сипаты

5.зат алмасу процестерінің ерекшеліктері

Қысылған шап жарығына операция жасауға немесе консервативтік ем жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер

1.науқастың жасы

2.қысылу уақыты

3., оның асқынулары

4., балалның жынысы, қосымша аурулар

5.организмнің иммундық жүйесінің жағдайы,жарық көлемі

Қандай науқастар гормондық емді қажет етеді

1.анорхизм

2.жалған крипторхизм

3. ретенция формасындағы екі жақты крипторхизм, зәрде лютеинизациялайтын гормонның мөлшері 32 МЕ/Л

4. ретенция формасындағы бір жақты крипторхизм, зәрде лютеинизациялайтын гормонның мөлшері ұұ2 МЕ/Л

5.эктопия түріндегі крипторхизм, зәрде лютеинизациялайтын гормонның мөлшері 516 МЕ/Л

Қыздарда жарықты емдеудің ерекшелігі

1.косметикалық тігіс қолдану

2.шап өзегін және беткей шап сақинасын бекітіп тігіп тастау

3.жатырдың жұмыр байлам-дәнекерін сақтау, шап аймағының анатомиялық құрылымын сақтау

4.кедгут материалын қолдану

5.операциялық тілімді тері қатпары бойымен жасау

Жұлын жарықтарында төмендегi жағдайлардың қайсысында шұғыл операция жасалады

1. диагноз қоя салынысымен

2.гидроцефалия болса

3.жұлынның қабықтары жұқарып, тесiлу қаупi туса

4.аяқ пен жамбас қуысы ағзаларының салдануында (параличiнде)

5.жарық қысылғанда

Төмендегi жағдайлардың қайсысында (жұлын жарығында) шұғыл операция жасалады

1.диагноз қоя салысымен

2.гидроцефалия болса

3.жарықтың қабы жарылып, жұлын сұйығы ақса

4.аяқ пен жамбас ағзаларының салдануында

5.жарық қысылып қалса

Омыртқа доғаларының жетiмсiздiгi операция кезiнде немен жабылады

1.тек терiмен

2.бұлшық ет-апоневроз қиындысымен

3.омыртқа доғаларымен сүйек пластикасы

4.қабырғадан не бас сүйектерiнен алынған аутотрансплантатпен

5.гомосүйекпен

Эмбриональдық жарықта шұғыл операция қай уақытта жасалады

1.үлкен жарықта

2.жарық қабы жарылғанда

3. ”бауы” бар жарықта

4.жарық қысылып қалғанда

5.жүректiң даму ақауы қабат кездессе

Эмбриональдық жарықта шұғыл операция қай уақытта жасалады

1.кiшкентай жарықта

2.үлкен жарықта

3. ”бауы” бар жарықта

4.қысылып қалған жарықта

5. жүректiң даму ақауы қабаттасса

Эмбриональдық жарықта жасалатын операцияның мәнi неде

1.жарықты терiмен жабу

2.жарықты бұлшық ет- апоневрозбен жабу

3.сыртқа шығып қалған iшек бұрмаларын резекциялау

4.құрсақ қуысын үлкейту

5.жарыққа аллоплатика жасау

12.

Эмбриональдық жарықты консервативтiк жолмен емдеу

1.құрсақтың алдыңғы қабырғасына массаж жасау

2.жарық қабын күйдiргiш дәрiлермен (дубящие растворы) күйдiрiп,оның үстiне майлы дәке салу

3.жүйелi түрде клизма жасау

4.лейкопластырмен таңу

5.бандаж тағу

КАК СТАТЬ БОЛЕЕ ЗДОРОВЫМ И УДАЧЛИВЫМ?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-25; Просмотров: 1081; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.