Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 2 страница




Автомобиль көлігінің үлесіне құрлықтағы жүк тасымалының 3/4 бөлігі тиесілі. Тас жолдардың жартысынан астамы солтүстікте, ал оңтүстікте жол жиілігі әлдеқайда төмен. 1925 жылы елдің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыру мақсатында дүние жүзіндегі тұңғыш кең тас жол — "Күн жолы" салынған. Бұл Еуропадағы ең үзын (1200 км) әрі сапалы жолдардың бірі. Қазіргі кезде темір жол кұрылысы қарқынды жүруде. Кейбір ірі желілердің техникалык жабдықталуы жақсарды. Мысалы, Рим мен Флоренция аралығындағы жолмен пойыз сағатына 200 км жылдамдықпен жүріп өте алады.

Теңіз көлігі сыртқы және ішкі тасымалда маңызды орын алады. Италия жағалауларында ірілі-ұсақты 144 порт орналаскан.

Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша жүк тасымалынегізінен контейнерлер арқылы жүзеге асырылады.Италия порттары аркылы жылына 2 млн-ға жуық контейнер тасымалданады. Ең ірі порт — Генуя елдің солтүстік-батысы мен ШвейцарияныңЖерорта теңізімен жалғастырады. Генуя еркін экономикалық зона болып табылады. Батыс Еуропаның басқа елдеріндегі сияқты, мұнда да порттардың мамандануы айқын байкалуда. Мысалы, жүк тасымалы жөнінен Генуядан кейін екінші орын алатын Триест Италиядағы ғана емес, бүкіл Еуропадағы аса ірі мұнай порты болып табылады. Неаполь порты негізінен жолаушы тасымалына маманданған, елдің аралдық бөліктері. Бұл порт арқылы негізгі аумақпен қатынаса алады. Елдің оңтүстігінде орналасқан Таранто және Аугусто порттарының жүк тасымалы артып келеді. Бұл мұнай өңдеу мен мұнай химиясы салаларының дамуына байланысты шеттен мұнай сатып алудың өсуіментүсіндіріледі.

Италияның ірі қалалары Еуропаның және басқа дүние бөліктерінің көптеген қалаларымен әуеқатынасы арқылы байланысқан. Елдегі аса ірі әуежайлар қатарына Римдегі Леонардо да Винчи, Милан маңындағы Мальпенса және Линате жатады.

 

 

2 Мәңгі қала Рим

2.1Су бетіндегі арман қала Венеция

Романемесе Рим - Италияастанасы. Батыс өркениетінің бесігі – мәңгі қала атанған - Рим, іргетасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Жиырма сегіз ғасырдан бері адамзаттың аузынан түспей тұрған, әлі де түспейтін ұлы қала жөнінде айту қиын. Рим жәдігерліктерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас. Осы ғажайып шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді, әттең құлаш жетпейтінді құшақтау мүмкін емес сондықтан да,негізгі назарды бүкіл адамзат білетін үш нысанаға – Колизей мен Пантеонға, Әулие Петр соборына аудармақпыз,қаланың даңқын дүйім дүниеге жайғандар да осы ғимараттар.

Енді Колизейге тоқтайық,ол расында да қалай асқақтатып айтса да, соған тұратындай ғажайып ғимарат. Колизей атауы латынның «колоссеум» («алапат ауқамды») деген сөзінен шыққан. Колизей-бұл Римдік Империясы дәуірінен бізге келе жатқан ең ескі монумент. Оның құрылысы б.з. 72 жылы басталып 80 жылы аяқалады. Бұл амфитеатрдың ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр бұл дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үй мен тең, ірге тасының тереңдігі 13 метр, амфитеатрдың мыңдаған жыл қозғалмай тұрғанының да себебі сонда. Егер аңызға сенсек, оның ашылу күнінде 5 мың жануарларды өлтірген қанды ойындармен белгіленеді. Колизейдің атақты тағайындалуы – глатиатордың арасында күрес өткізу. Колизейдің ауданы 19 мың м², 4 секцияға бөлінген, оның әрқайсысы 70 000 көрермендерді сиғызады. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда бүгінгідей трибунасы, секторлары отыратын орны көрсетілген, билеттер болған. Сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын жер болған. Колизейдің ішкі бөлігі күрестерді ұйымдастыруға арналған, мысалы жабайы аңдарды құмның астындағы бүркеме көтергіш көмегімен ареналарға шығаратын. 438 жылы ойындар тоқтатылды.

Мәңгі қаладағы тағы бір құдірет – Пантеон барлық құдайларға арналған дөңгелек храм. Көне Римнің анағұрлым жақсы сақталынып қалған ғимараты. Оның құрылуы б.з 118-125 жылдар аралығында қалпына келтірілді. Кейінен Пантеон християндық шіркеуге айналып, жане бүгінге дейін Рафаэлдің, II Витторио Эммануэлдің, I Умбертонның бейіті сақталған. Ғимарат іші Пантеонның үлкен күмбезі жане ғажайып мәрмардан өнделгенін атап өтпеуге болмайды. Таң қаларлық басты қасиеті- архитектуралық шешімнің қарапайымдылығы. Пантеонның кереметі оның 9 метрлік шаңырағы. Онда жалғыз есік пен жалғыз тесік бар. Нөсерлеген жаңбыр жауса да оған бір тамшы су тамбайды. Оған кіргенен-ақ бір жерден түсетін күн сәулесі тек қана сіздің жүзіңізге түскендей тылысым бір күй кешесіз. Оның себебін түсіндіру қиын. Әйтеуір, мына жалғанның жанталасынан аз уақытқа болса да жеңілгендей сезінесің міне Пантеонның құдіретіде осы болар.

Римге барған адам Ватиканмемлекетіне соқпай кетпейтіні белгілі Католик әлемінің ең қасиетті ғибадатханасы Әулие Петр соборы осында. Адамзаттың ұлы суреткерлері Микеланджело мен Рафаэльдің таңғажайып талантының арқасында Капитолий қырқасында тұрғызылған бұл ғимарат дүние дидарындағы шын кереметтердің бірі.

Венеция Италияның солтүстігіндегі қала. Венециядай соңғы бес ғасырдан бері өзгермеген күйінде тұрған екінші шаһар жоқ. Расында мұнда бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын. Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа ғимарат салынбайды, салам десеңіз де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ.
Венеция – аралдарға салынған қала. Аралдардың ұзын саны – 122. Осының өзі ерекшелік әрине. Бірақ Венецияның басты ерекшелігі де бұл емес. Ең таңқаларлығы – сол аралдардың көбінің қолдан жасалғандығында. Тереңдігі небәрі біржарым-екі метрлік қайраңнан тереңдігі бес метрге жететін каналдар қазып, сонан шыққан топырақтан аралдар жасаған. Адамдар құрлықтан мың–мыңдап ағаш тасып, кесілген ұзын ағаштың ұшын үшкірлеп алып су астындағы қопсыма топыраққа қада ретінде қаға берген. Венецияның барша ғимараты түгелдей дерлік қада ірге тасқа салынған дегенге сенесіз бе? Сену қиын. Сенбеске амалың жоқ. Мысалы бір ғана Санта-Мария Делла Салюта шіркеуінің ірге тасына 1500 қада қағылған екен.
Қазір Венецияны құрлық пен шағын бұғаздың үстінен тартылған 4 км жіңішке жол жалғастырып жатыр. Қала шетіне жетісімен автомобилден түсіп әрі қарай тек қайықпен жүзесің.,бұл қаладағы көліктің жалғыз түрі. «Көше деген, көк өзен» Венецияның көшесі –каналдары. Қалада 175 канал бар. Ең басты су жолы – үлкен арна. Бұл каналдың бойымен үлкенді кішілі автобустай катерлер белгіленген маршруттар бойынша жүзіп, аялдамаларға тоқтап, жолаушыларды тасымалдап жатады. Өздері оны су трамвайы дейді екен. Басқа каналдар мен тек қайықтар ғана жүзе алады. Венецияның ең ерекше экзотикасы да осы. Үлкен каналды бойлап келе жатқанда керемет бір музейдің залдарында қалқып жүргендей күй кешесіз. Каналдың екі жағында сұлу ғимараттар бірінен соң бірі жылжып қала береді. Олар Әулие Марияның шіркеуі, неміс сарайы, Калерджи сарайы, Грасси сарайы (жалпы қалада 400 астам сарайдың түрлері бар және олар өз маңыздылығы бар).
Венецияның басты кереметі, әрине Әулие Марк соборы, осы жерде Дождар сарайы да бар. Қала өміріндегі салтанаттың бәрі осы маңайда өтеді. Венецияда 318 мың адам тұрады. Қалада халықаралық аэропорт, білім және мәдениет орталығы, өнер академиясы, университет, әйнектен жасалған заттар музейі бар.

Венеция-суда орналасқан еуропадағы туристерді қызықтыратын арман қалалардың бірі. Әдемі каналдар және оның үстінде сырғанап өтетеін бір ескекті қайықтар, керемет көпірлер, сарайлар, шіркеулер мен кіші үйшіктердің әр қайсысы да бір тума сәулет өнерлері болып табылады. Карнавалдар (маска киіп өткізілетін сәулетті мереке) және көздің жауын алатын әдемі бет перделердің барлығы – Венеция деп аталатын таңғажайып италияндық ертегі үзінділері болып саналады.

Тарих. Венеция 421 жылы құрылған. 466 жылы өз өкіметі бар кіші республикаға айналды, 200 жылдан кейін қаланы сайланушы Дож басқарды. 15-18 ғасырлар алалығында Венеция оба ауруы мен түріктердің шабуыл жасауына байланысты күшті экономикалық құлдырауды бастан кешірді. 1866 жылы бұл қала Италияның шет аймақтарының бірі болды.

Қаланың назар аударарлық орындары. Ірі канал-қаланың сулы көліктік күре жолы, оның ұзындығы 3800 метр. Дожей сарайы - 14 ғасырда салынған- қаладағы ең әдемі ғимараттардың бірі. Галерея Академиясы - мұнда 14-18 ғасырлар арасындағы Венецияның атақты шеберлерінің жұмыстары 24 залға қойылған, оның ішінде Джованни Беллини, Витторе Карпаччо, Джорджоне, Тициана, Веронезе, Тинторетто еңбектері де бар. Қасиетті Марк алаңы- қаладағы ең үлкен алаңның бірі, онда Сан-Марко үлкен шіркеуі орналасқан. Оның қасында Торре дель Оролоджо сағаты бар мұнара орналасқан. Оның құрылысы 1496-1499 жылдар арасында жүргізілді, кейінірек қабырға бөліктері мен терраса (жер бетінің сатыланып тұрған жазық алаңдары) салынды. Мұнараның циферблатын (сағаттың цифрлы беті) пармск шебері Джампаоло және Джанкарло Раньери орындады. Сағат уақытты, айдың фазасы мен күннің жүрісін көрсетін 12 айдың басы болған жұлдыздардың ортақ атын және жыл мезгілін көрсетеді.

Санта-Мария делла Салюте – қаладағы атақты шіркеулердің бірі, ол қайта даму кезеңіне жатады. Бұл шіркеу 1631 жылы қаланы оба ауруынан құтқарып қалған Дева Мария құрметіне арнап соғылған, "Салюте"сөзі италиян тілінен аударғанда «денсаулық», «құтқару» деген мағына береді.

Демалыс. Наурыз айында атақты Венециялық карнавал өткізіледі. Қаланың тарихи аймағында орналасқан барлық түнгі барлар түнгі 2-де жабылады. Шамамен 2.30-3.30 сағатта біренен би кештері мен ойынханалар жабылады. Местрде клубтар түні бойы қызмет көрсетеді.

Көлік.өзендік трамвайлар- қоғамдық көліктің негізігі түрі болып табылады. Олар жүру бағыттары бойынша бір-бірлерінен ерекшеленеді. Арнайы түнде жүретін трамвайлар да бар. Су таксилері- өте қымбат тұратын көлік түрі. Оның құны-16,5$, әуежайдан орталыққа дейін-55 $ төленеді.

Дүкендер. 9.00-19.00-ге дейін ашық және 13.00-16.00-ға дейін түскі демалыс, сенбі және жексенбі күндері дүкендердің көбісі жабық, бірақ демалыс орныдары орналасқан қалалардағы дүкендер демалыс күндері де кешке дейін жұмыс жасайды.

Саяхатшыларға кеңес. Қасиетті Марко алаңындағы көгершіндерді осы жерден сатып алуға болатын арнайы жеммен ғана қоректендіру қаджет. Құдайға құлшылық жасап жатқан кезде шіркеулерді аралауға болмайды.

 

2.2 Қалалары, ерекшеліктері мен туристік орталықтары

Милан -Италиядағы қала, Ломбардия өңірінің және Милан провинциясының астанасы, көлемі бойынша 2 қала. Шекаралас Монза мен Брианза провиниясы жерлерін қамтитын қала аумағы Еуропадағы ең үлкен аумақтардың бірі. Италияда қала халқының саны шамамен 1,3 млн адам.

Милан сауда, өнеркәсіп, музыка, спорт, әдебиет, өнер және БАҚ-та үлкен ықпалы бар әлемнің сән және дизайн астанасы ретінде көпшілікке белгілі. Сатып алуды ұнатанындар үшін нағыз жұмақтың өзі. Осылайша оған 2008 жылы "GaWC" "әлемнің Alpha+ қаласы" деген баға берді. Ломбард метрополиясы, әсіресе, өзінің сәнді үйлері мен дүкендерімен әйгілі(мысалы, әлемнің ең көне сауда орталығы ретінде белгілі Piazza Duomo -дағы "Via Monte Napoleone" және "Galleria Vittorio Emanuele" -ны бойлай орналасқандары). Қаланың көне мәдени мұрасы, тынымсыз түнгі өмірі бар. Милан Рождетво торты Panettone және risotto alla Milanese сияқты көптеген әйгілі тағамдардың Отаны.

Милан ірі іскерлік орталықтарының бірі, мұнда ірі конференциялар мен көрмелер өтеді. Қала тарих пен мәдениетке сәулет өнері мен мұражай, театрларға өте бай өлке. Әйгілі музыкалық, опералық дәстүрі бар қала Ла-Скаладай театр мен Джузеппе Вердидей композитордың алтын бесігі. Сонымен қатар, Милан бірнеше музей, университет, академия, сарай, шіркеу және кітапханаларымен де танымал (мысалы, Academy of Brera және Castello Sforzesco), әлемге әйгілі "Милан" мен "Интернационал" футбол командаларының орны бөлек. Милан, "Euromonitor International" бағалауы бойынша, 2009 жылы сырттан халық ең көп келетін әлемдегі 63-ші қала болды, келушілердің саны 1.894 млн-ға жетті. Қала 1906 жылғы Дүниежүзілік Көрмені өткізді, енді 2015 жылғы Ғаламдық Көрмені қабылдайды.

Жылдар бойы, Миланда шет елдерден келген тұрғындардың саны артып отырды. Қазір Милан халқының 15.2%-ы өзге елде туғандар. Қала әлі де Еуропаның негізгі транспорт және өнеркәсіп орталықтарының бірі болып отыр. Сонымен қатар, Милан бүгінде Еуропалық Одақтағы ең маңызды бизнес пен қаржы орталықтары арасында 10 орынға (2009), сатып алуға жарамдылық көрсеткіші бойынша әлемдік ең бай экономикалар арасында 26 орынға ие. Милан метрополиялық ауданы Еуропада ЖІӨ көрсеткіші бойынша 7 орын алады. Милан провинциясының(шектеулі коммуна жерін алмастыратын жалғыз әкімшілік урбандық бірлік болып келе жатқан) 2007 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші €40,000 (Еуроодақ 27 орташа мәнінің 161%-ы) болып, Италияның барлық провинциялары ішнде алғашқы орынға шықты. Бүгінде қала жұмысшыларының орташа табыс деңгейі Италияда ең жоғарғы, ал әлемде 26 орын иеленеді. Бұған қоса, Милан шетелдік жұмысшылар үшін әлемдегі ең қымбат бағалы 11-інші қала, және 2010 жылғы "Economist Intelligence Unit" жүргізген зерттеуге сәйкес, әлемдегі өмір сүруге ең қымбат 12-нші қала. Кейбір зерттеулерге қарағанда, қала брэндингі тұрғысынан өте табысты болған Милан қаласының экономикалық ортасы оны әлемнің 20-шы, Еуропаның 10-шы басты бизнес және қаржы орталығы етті.

Көрнекі орындары. Амброзианская пинакотека – 24 залды орын, мұнда Боттичелли, Тициана, Леонардо, Караваджо, Брейгеля және басқа да шебер кескіндемешілердің таңдамалы суреттерінің көрмесін көруге болады. Piazza del Duomo – үлкен шіреку алаңы-қаланың басты алаңы болып есептеледі. Алаңның орталығына Витторио Эммануила II карольіне ескерткіш орналастырылған, ол Миланда француз әскерлерімен бірге Пьемонтск әскелеріне қосылуына арналған.

Миландық шіркеу – көлемі бойынша әлемде төртінші орын алады. Бұл шіркеу 14-19 ғасырлар аралығында соғылды. Оның ішінде Миланның қамқоршы әйелінің, алтын мүсіні La Madonnina орнатылған. Санта-Мария делле Грацие – қайта құрылу кезеңінің шіркеуі. 1466 -1490 жылдар аралығында оны сәулетші Джуинфорте Солари салған, ал 1492-1497 жылдары - Донато Браманте бұл шіркеудің салынуыны өз үлесін қосты. Шіркеуде атақты Леонардо да Винчи «Тайная вечеря» атты фрескасы (кеппеген сылаққа салынған суреті) сақталынған. Базилика Сант-Амброджо – Миландық шіркеуден кейінгі қаладағы көлемі бойынша екінші шіркеу. Оны 379 жылы ұлы Амвроси салған еді.

Миланның тұрғындарын "миландықтар" деп атайды (италиянша: Milanesi, не бейресми Meneghini, не Ambrosiani). Милан өзінің ұлттық үрдістерді белгілейтін экономикадағы негізгі рөлі мен қызу саяси және мәдени өмірі құрметіне "Италияның рухани астанасы" деген лақап атты иемденді.

Турин – елдің мәдени және ірі өнеркәсіптік орындарының бірі болып табылады. Оны ең италияндық емес қалалардың бірі деп санайды. Бірақ ол ешқандай қалаға ұқсамайтынғы арқылы ерекшеленеді. Оның кең жасыл гүлзарлары, әдемі ғимараттары, жиектелген діңмандайша, әдемі шіркеулер өзіндік таңғажайып сиқырлар береді.

Турин — Пьемонт провинциясының астанасы, ол Италияның солтүстік-батысында орналасқан, Альпі бөктерінде орналасқан. Бүгiнде 1 миллион халқы бар қаланың тәжiрибесi өзi тектес шаһарларға даму мен өркендеудiң тамаша үлгiсi iспеттi. Ол өткен жүзжылдықта керемет өрлеу жолынан өттi. Жаңа, ХХI ғасырда Турин дамудың жаңа асуына көтерiлдi. Миллиардтаған мөлшерде тартылған инвестиция қаланың бұрынғы әлеуетiн қалпына келтiруге септiгiн тигiздi. Ел үкiметi бiр қаланың экономикасын бiр салаға ғана тәуелдi етiп қоюға болмайтынын түсiндi. Ендi бұл қала дүниежүзiне белгiлi автоиндустрия орталығы ғана емес, жан-жақты өркендеп келе жатқан мегаполис ретiнде танылуда.

Туринде ерекше дамып келе жатқан саланың бiрi – туризм. Негiзiнде тарихы өте тереңде жатқан шаһарда этнотуризмдi дамытуға қажеттi жағдайдың бәрi бұрыннан бар. Қаланың басты символдарының бiрi — Моле Антонеллиан мұнара-синагогасы. Осы нысанның өзi туристердiң назарын көне шаһарға аударады. Көне Египет өркениетi жайлы сыр шертетiн Еуропадағы жалғыз мамандандырылған мұражай да осында орын тепкен.

Моле Антонеллиана мұнарасы 19 ғасыр (еврейлердің ғибадатханасы) ретінде ойластырған болатын, бірақ бұл жоба аяғына дейін жеткізілген жоқ. 2000 жылы Ұлттық кино мұражайы ашылды. Египеттік мұражайда ежелгі египеттік жинақтар сақталған, мұнда атақты "Фараондық папирус" және "алтын бет перені" көруге де болады. Автокөлік мұражайында автокөлік кәсіпорнының даму тарихымен танысып, түрлі үлгідегі авто көліктерді көруге де болады. Кастелло алаңы — Туриннің негізгі алаңы болып табылады. Оның орталығында Палаццо Мадамаорналасқан, бұл қамал 13 ғасырда салынған, ол 1721 жылға дейін қайта салынып отырған.

Жыл сайын қыркүйек айында Туринде музыкалық фестивальдар болады, мұнда классикалық әуеннен бастап қазіргі заманғы әуендерді де тыңдауға болады. Қаңтар айының соңғы жексенбі күні жыл сайын дәстүрлі карнавалдар ұйымдастырылады. Туринде кез-келген талғамға арналған мейрамханалар табылады - ескі және жаңа, кіші ыңғайлы және атақты, сәулетті - барлық орындарды адамдарға пьемонттық асхананы ұсынады және дәстүрлі траттории де бар.

Турин — Италиядағы iрi транспорт тораптарының бiрi. Қаланың теңiз және темiржол арқылы тауар өткiзуге қолайлы транзиттi аймақта орналасуы оны Миланнан кейiнгi сауда және қаржы орталығына айналдырған. Халықтың едәуiр бөлiгi өздерiнiң отбасылық бизнесiнде және шағын кәсiпорындарда еңбек етедi екен.

Туриннiң бүгiнгiдей көркеюiнiң бiрнеше себебi бар. Бiрiншiден, қала басшылығы да, тұрғындар да тазалыққа ерекше көңiл бөледi, сағат сайын тазалап тұрады. Саяхатшыларды Туринге тартатын да осы мұнтаздай тазалық. Қалада ауа таза болу үшiн iрi өндiрiс орындары шеттегi арнайы аймаққа салынған. Темiржол вокзалы мен автовокзалдар қаланың сыртында орналасқан. Сондықтан, көшелерде көлiк тығыны болмайды

Флоренция оның атауы «гүлдеуші» деген мағына береді. Бұл Италиядағы әсемде, әдемі қалалардың бірі болып табылады.

Флоренция Тоскана аймағында Арно өзенінде, Солтүстік Апеннин бөктерінде орналасқан. Жаз маусымында Флоренцияда ыстық болады, қалған жыл мезгілдерінде жаңбыр үнемі жауып тұрады.

Көрнекі орындары. Синьории алаңы— қаланың орталық алаңдарының бірі. Бұл жерде құрылысы 1294 жылы Арнольфо ди Камбио жобасы бойынша жасалынған Палаццо Веккио алаңы бар. Қазір бұл ғимарат Флоренции Муниципалитеті болып табылады. Уффицы галереясы Джордж Вазари (1560-1580 годы) жобасы бойынша салынған. Мұнда ұсынылған тамаша туындылар - «Поклонение волхвов» Джентиле да Фабиано, «Рождение Венеры» и «Весна» Боттичелли, Рафаэл, Тициана, Рубенса, Перуждио.

Академии галереясы — Флоренциядағы маңызды қайталанбас мұражайлардың бір. Мұнда Микеланджело мүсіндерінің топтамасы, сонымен қатар Давида статуясы да орын алған.

Санта Мария дель Фьоре шіркеуі (Дуомо, 1296 — 1461) —Италияда көлемі бойынша екінші орнында тұр. Шіркеудің жаңында Джотто қоңырауы орналасқан. Бұл шіркеу дүйсенбі-сенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, бейсенбі күні 10.00-ден 15.30.-ға дейін жұмыс жасайды, месса кезінде жабық болады.

Демалыс. Флоренцияда маусым айында жыл сайын тарихи футбол бойынша жарыстар жүргізіледі. 1530жылдан бастап бұл мейрам тойланып келеді. Барлық ойыншылар орта ғасырлық киімдерді киіп тойлайды. «Фабиаландия» - көңіл көтеру саябағы. Мұнда сыйқырлы Мерилино сарайы, құпия айналма жол, грез көлі, алтын бұлақ орналасқан. Үлкен құрт құмырсқа қонақтарды жертөлелерді арлатады, содан кейін олар құрбақалардың көлінде шомыла алады, Каккадиско би кешіне бара алады, бұл орындарға тек қана балалар ғана барады.

Көлік Флоренцияда 1995жылдан бастап жеке авто көлікті айдауға тыйым салынған. Оның үстіне қоғамдық көлік өте жоғарғы деңгейде дамыған: 35 автобустық бағыт, арнайы экологиялық кіші автобустар жүретін 4 бағыт та бар, трамвай мен өзен трамвайлары да жұмыс жасайды.

Неаполь – италиядағы әсемде сұлу қалалардың бірі болып саналады. Шулы, дүрліктірген, керемет сәулет өнерінің туындылары мен көркем сурет өнерлері, күн сәулелі және өнердің қаласы болып саналады.

Неаполь –Кампания аймағының астанасы, Везувий вулканына жақын жерде және көркем өнер шығанағында орналасқан.

Ұлттық мұражай 18 ғасырда құрылды. Бұл Италиядағы ең ірі антика дәуірінің өнер туындылары болып саналады. Бірінші қабатта-антикалық мүсіндер орналасқан, бірінші және екінші қабаттар арасынан Помпейлік өнерлерді көруге болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-26; Просмотров: 2171; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.051 сек.