Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 3 страница




Piazza del Plebiscito –қаланың орталық алаңдарының бірі болып табылады. Мұнда Ұлы Франциско Шіркеуі орналасқан, ол Наполенонды жеңу құрметіне байланысты соғылды. Ол 1600 жылы испандық кароль үшін римдік Пантеона мен Карольдік сарай үлгілері негізінде салынған.

Сан Дженнаро шіркеуі– ескі қалалалардың бірі (13 ғасыр), мұнда ұлы жәдігерлер сақталған.

Castel dell'Ovo (жұмыртқаның сырмасы) вулкандық атқылаудан пайда болған кіші аралда орналасқан және ежелгі римдік архитектураның ескеркіштерінің бірі болып табылады. Келушілер үшін Қорғаушының капелласы мен ежелгі тарихтың мұражайлары жұмыс жасайды.

New Castle (Жаңа қорған)13 ғасырда салынған. Қазір мұнда Муниципалды кеңес орналасқан.

Абано Терме- Солтүстік Италияда орналасқан тарихи қалалардың бірі. Ол өзінің тамаша табиғат, таза ауа, көптеген тарихи жане сәулет өнері ескерткіштерінің мекені. Бұл жерде өткізген уақытта адамға күш пен денсаулық силайды, сонымен қатар жағымды әрі қызықты сәттерге бөлеп жағымды әсер қалдырады.

Абано Терме Венето аймағының орталығында, Эуганск төбелерінде, Венециядан 60 шақырымда, Падуи 15 шақырымда орналасқан.

Ауа райы. Ауасы жұмсақ, қыстың орташа температурасы 22 градус, ал жазғы температура 32 градус.

Абано Терме- Италияның ірі мәдени орталықтарына жақын орналасқандықтан Венеция, Паду,Верон немесе Гарда көліне қызықты саяхат жасауға мүмкіндік береді.

Пизандық мұнара 12-14 ғасырлардағы Италиядағы роман-готика архитектурасының ескерткіші. Пиза мұнарасы Пиза қаласында орналасқан. Мұнара дүние жүзіне “құлағалы тұрған мұнара” атағымен белгілі. Мұнараның құлай бастауы. 1173 — 1174 жылдары Боннанның алғашқы үш қабатын салған кезінен басталды. 1275 жылы Джованни ди Симони құрылыс жұмыстарын қайта жаңғыртып, бесінші қабатқа дейін көтерді. 1350 жылы Томазо ди Андреа мұнара құрылысын аяқтап, қола шатырмен жапты. Осылайша Пиза мұнарасы сегіз бұрышты, 11м биіктіктегі негіз үстіне орнатылған балкондары бар, 6 қабаттан тұратын қоңыраулы мұнараға айналды. Бірінші қабаты тұтас қабырғалардан тұрады. Ал үстіңгі алты қабаты аркада әдісімен, колонналармен әшекейленген. 1964 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мұнараны қисайған қалпында құлатпай ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар атқарылуда.
Мұнара ең аласа нүктесінің биіктігі жер бетінен 55,86 м болса ең биік нүктесі - 56,7 м. Табанының ені 4,09 м ал төбесінікі - 2,48 м. Массасы 14453т. Қазіргі көлбеулігі 5 ° (4,9 м-ге жуық вертикаль бағыттан ауытқыған). Мұнарада 294 баспалдақтары бар.

43.722983, 10.3963081964 жылы 27-ақпанда Италия үкіметі Пизан мұнарасын сақтап қалуға бағытталған ең жақсы жобаға конкурс жариялады. Пизан мұнарасының ұшар басы күннен-күнге өз негізінен ажырап барады. Сарапшылар кішкене жер сілкінісі нәтижесінде ортағасырлық іргетас опырылып түсүі мүмкін деп қорқуда. Пизанның ең басты мәдени ескерткішін сақтап қалуға бағытталған жобалар жан-жақтан келіп түсті. Тек 1999 жылы ғана инженерлік жұмыстар ойдағыдай жүргізіле бастады.

Римдік форум. VI ғасырда б.з кептірілген батпақтың орнына салынған. Форум Ежелгі Римнің әлеуметтік жане саяси орталығы болды. Ғасырлар бойы оның территориясында жаңа храмдармен, сарайлармен және ғимараттармен үлкейтіліп салынды.

Cirkus maximus («Ұлы цирк») – бұл аса зор ғимарат (Римдегі ең ескісі). Cirkus maximus ауданы 230 000 көрермендерге дейін сыйдырады.

Домус Аурея – б.з 64 жылы Мәңгі қала жерінің едәуір бөлігін өрт алып кеткен күл үстіңе салынған құрылыс. Мұны Неронның бұйрығымен жасалынды. Сарайдың аумақтарында әр түрлі ғимараттар, бақтар және Stagnum Neronis аталған көлдер орналасты. Сарай өте үлкен болғандықтан Доумс Аурея ханзадасының 35 метрлік қола мүсінмен өте жақсы үйлесті. Домус Ауреяны жақында келушілер үшін қайта ашты.

Cenaclo Vinciano – мұражайы, 1495-1498 жылдары Леонардо Да Винчи «Тайная Вечеря» фрескасын салды.

Сицилия - көп бөлігі 200м-500м дейінгі таулы жазық алып жатыр. Солтүстігінде таулар мен бірнеше вулкандар бар. Белгілі Этна вулканы биіктігі 3350м, бұл еуропадағы ірі вулкан болып табылады. Сицилияның жылы құрғақ климаты цитрус, жүзім, егіндермен бай. Аралдың экономикасында балық аулау негізгі рольді атқарады. Елдің ¼ балық аулау судалары Сицилияда. Бұл арал – күкірт бойынша әлемде алдыңғы орында. Сонымен қатар темір мен көмір орны бар.

Сардиния – негізгі ауылшаруашылығы бидай, жүзім, зәйтүн және табақ. Аралдың астанасы Кальяри ірі портардың бірі.

 

2.3 Дәстүрі, мәдениеті мен асханасы

Италиядағы дәстүрлер барлығымызға белгілі италия халқы өте қызу қанды халық, әсіресе бұл қасиеттері мейрам кездерінде байқалады. Әрбір италияндық қалаларда өзінің мейрам күндері бар, бұл мейрамдар белгілі қала төңірегінде ғана тойланады, себебі бұл мейрам қаладағы белгілі бір маңызды оқиғаға байланысты тойланады. Кейбір мейрамдар көшедеге шығу, спортық ойындар немесе карнавалдар түрінде өтіледі. Жаз айында өтетін ең танымал мейрам - сан Джованни күні. Оларды шамамен славяндықтардағы Ивана Купалы күні сияқты тойлайды. Бірақ ең танымал ертегі тәрізді мейрамдардың бірі Венециандық карнавалы ол қаңтар айында он күнге дейін тойланады. Оның дәстүрлері Римдік Сатурналы мейрамына ұқсас, бұл кезде құлдар мен басшылардың арасындағы теңсіздік жойылған болатын. Христиандықтың келуіне байланысты бұл мейрам ұмытылып кетті, бірақ Ренессанстың басталуынан (жүз жылдан кейін) дәстүр қайта қалпына келтірілді. Бұл кезде атақты Венециандық бет перделер пайда болды. Бұл кезде барлық көшелерде, алаңдарда арналарда бет перде киіп, арнайы карнавалдық киімдер киіп адамдар театрландырылған көріністер ұйымдастырады. Бұл көптеген бет перделердің арасынан Гримм, Андерсен бауырларының, түрлі саяси қызметкерлердің әрине карнавал Карольінің және Арлекина бет перделерін кездестіруге болады. Он күн бойы Венеция қаласының барлық бұрыштарында музыкалық бағдарламалар, фестивальдар, баллдар өткізіледі, бұл уақыт аяқталған соң қыс мезгілімен қоштасудың белгісі сабаннан жасалған қуыршақты өртеу рәсімдері орындалады.

Италияның мәдениеті өнердің түрлі саласында өзінің жолын тапқан атақты кеменгерлерге толы. Қайта құру кезеңінің өзінде Италияндық суретшілер өз еліне әлемдік даңқты әкелді.

Леонардо да Винчи үздік шықққан суретші ғана болып қоймай сонымен қатар, сәулетші, математик, физик болды. Оның атақты 14 туындысы бар, олардың ішіндегі негізгілері: "Құпия кездесу", "Джоконда", "Сәби мен Мадонна ", "Гүл мен Мадонна ", "Ақ кіс пен әйелдің партіреті".

Микеланджело Буонарроти шығырмашылығы да жемісті болды. Оның мүсіндері: "Моисей", "Давид", "Пьета" – әлемдік мәдениетке лайықты туындылар қатарына жаттты.

Әдебиет саласында атаққа қол жеткізгендердің қатарында Франческо Петрарка, Джованни Боккаччо, Карло Гоцци, Джанни Родари болды. Өнердің басқа саласында да италияндықтар көп табыстарға қол жеткізді.

XVI ғасырдың соңында Италия операның еліне айналды. Клаудио Монтеверди–ең бірінші опералық композиторлардың бірі. XIX ғасырда Джоаккино Россини, Джузеппе Верди шеберлері өз жұмыстарын жүргізген.

Италияндықтар мейрамдарды тойлағанды жақсы көреді жәнеде тойлай алады.

1 қантар – Жаңа жыл.

6 қантар - Шоқындыру

25 сәуір - Фашистерден босатылу күні.

Жұма – Колизейден Палатин төбесіне дейін кіндік жүріспен жүруді атап өту.

Пасхалық жексенбі - Рим әкесінің әулие петр шіркеуінің алдында жиналған топқа бата беруі.

1 мамыр – Еңбек күні.

Маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканы жариялау күні.

29 маусым - Петр мен Павл күнін әулие Петр шіркеуде шоқынумен салтанатты түрде атап өту.

15 тамыз – Жетістік күні

1 қараша – Барлық әулиелер күні.

Италияндық асхана — Италияның дәстүрлі асханасы пицца және спагетти тағамдары арқылы бүкіл әлемга танымал. Олар әр түрлі және дәстүрлі тағамдар түрлері негізінде дайындалады.

Пицца көне антикалық кезеңнен белгілі. Оны алғашқы жасаған Лукулла қолбасшы болып есептеледі. Алғашқыда бұл кедейлердің тағамы болатын, бірақ XX ғасырдың басында дәулетті қалың бұқара топтарының арасында болды.

Италияндық паста дегеніміз не? Мұның аудармасы «қамырды» біліреді. Паста - бұл бізге үйреншікті макарондар, өзінің пішінімен жұқа, ұзын (спагетти, фетуччине, лазанья жане т.б) Бұл тағам қызанақ немесе балық негізінде әр түрлі тұздықтармен ұсынылады. Бұдан басқа пастаны сорпаларға қосады. Қосымша хош иіс беру үшін лимон, шафран, сарымсақ және басқа дәміліктер қосады.

Италияндық аспазшылар тек пиццамен және пастамен шектеліп қоймады. Көптеген қалаларда оның рецепті ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.

Моцарелла – Италияның атақты белгілерінің бірі. Оның үстіне бұл ақ нәзік ірімшік енеке сүтінен жасалынып (дала өзгізінің бір түрі), жасыл райхан мен қызыл қызанақпен бірге ұсынылады- бұл ұлттық белгілердің бірі болып табылады. Ең жақсы әрі нәзік мацарелланы Кампанья италияндық аймақтан ғана алуға болады, мұнда қара енекелерді өздері өсіреді, себебі мацарелла дайындалған 12 сағаттың ішінде керемет қайталанбас дәмге ие болады. Мацарелланы көпіршіктенген жұмыртқаға батырылып, сыртын кептірілген нан үгіндісіне аударылып, сары майға қуырса да өте дәмді ас болады.

Моцарелла және көкөністер-баклажан, қызанақ, кәдішті, цуккиниді қыздырып пісіру арқылы да дайындауға болады. Дәм демекші оны жұмсақ, бейтарап, нәзік деп сипаттауға болады. Дәл осы қасиеттеріне байланысты, жақында ғана жүргізілген зерттеулер бойынша ірімшік пен шарап бірге үйлеспейді деген пікірге қарсы моцарелла ірімшігінің дәмі ащы емес ірімшік дәмі ақ немесе қызғылт құрғақ шараппен жақсы үйлесетенідігін айтуға болады. Аздап қақталған моцарелла, аффумикатаның күшті скаморца сияқты дәмі болады.

Ірімшік Көптеген бірінші тағамдарға қосылады. Қатты ірімшік түрі- Пармезан. Бұл ірімшік жертөлелерде кем дегенде екі жыл сақталады да нәтижесінде құрғақ аздап үгітіліп тұрады. Ол айлап сақталса да өз сапасын жоғалтпайды.

Ірімшік, макарон сияқты – италияндықтардың сүйсініп жейтін тағмдарының бірі. Ірімшік тағамның дәмін күшейтеді, тұздықтарды дайындауға таптырмас құрал, сонымен қатар басқа да компоненттермен де жақсы үйлеседі. Сонымен қатар ірімшікте үлкен мөлшерде ақуыз болатындықтан, тамақ жеу тәртібінде жоғары көмірқышқылды пастамен тепе-теңдікті ұстауға мүмкіндік береді. Италияда ірімшіктің түрі көп, олардың әр қайсының өз мақсаттары бар. Пицца үшін моццарелла қолданылады, горгонцола кілегейлі тұздықтарға қосылады, нәзік рикоттадан тәттіліерді дайындайды. Ірімшіктердің падишасы болып пармезан саналады, оны барлық тамақтарға қосады- пастаға, салаттарға, майдалап туралып иаринадталған ет- карпаччоға қосады..

Кофе.Тәтті тағамдар міндетті түрде кофе ішумен аяқталады. Италияндықтар қандай кофе деп сұрағанда ойланбастан: «Неапольде қайнатылған кофе» деп жауап беру керек. Дәл осы жерде кофе үшін ең жақсы су бар және бұл орынның ауасы өте таза.

"Капуччино" (немесе капюшон монаха) – бұл таңғы мезгілде ішіледі, оны 12-ден кейін ішуге болмайды, "эспрессо"- тәулік бойына ішілетін кофе. Бұл кофелерді арнайы аппараттарда ғана емес сонымен қатар ерекше кофе қайнатқыштарда қайнатады.

Италиядағы шарап - ұлттық сусындардың бірі, басқа тағамдармен бірге италияндықтардың үстелінде бұл сусын үнемі табылады, себебі олар шарапты аса бағалаушылардың бірі болып табылады.

 

1.4 Италия мен Қазақстан Республикасының халықарлық туристік байланыстары

Италия мен Қазақстан Республикасының дипломатиялық қарым-қатынастары 1992 жылы 12 маусымда басталған. Италия Республикасының елшілігі 1992 жылдың қазан айында Алматы қаласында ашылған, ал 2005 жылдың сәуірінен бастап Астана қаласында. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының елшілігі Рим қаласында 1996 жылы ашылды.

Үлкен сегіздікке енетін және ЕО –да белсенді позиция ұстанатын Италия Республикасымен қарым-қатынастың Қазақстан үшін ерекше маңызы бар. Италия Жерорта теңізімен Балканның-ең ірі әрі күрделі еуропалық аймақтың саяси-геогрфиялық орталығы болып табылады.

Саяси қарым-қатынастар. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев 1993,1994,1998 және 2003 жылдары Италияға төрт рет ресми сапармен барып, мемлекет басшыларымен кездескен. 1994 жылы қыркүйекте Президент Италияға ресми сапармен келді. Жоғары деңгейдегі кездесулердің нәтижесінде негізге алынатын бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды, олардың арасында ҚР мен ИР арасындағы өзара қарым-қатынастың принциптері туралы декларация, Қосарланған салық салуды болдырмау туралы декларация, инвестицияларға жәрдемдесу және қорғау туралы келісім, ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама. Ал 1997 жылы Италия президенті О.Л.Скальфаро мен Премьер-Министрі Р.П РОДИ Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл кездесуде екі жақты маңызы бар құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар парламент деңгейіндегі қатынастарда дамуда. 1997 жылдың көктемінде Италия парламенті мен ҚР парламенті мәжілісі арасында достық тобы құрылды. Екі жақты достық тобының мақсаты тәжірибе алмасу және елдің парламент ара байланысын орнату.

Туристік байланыстар. Италия-туризм күшті дамыған ел. Жылына жалпы алғанда Италияға 50 мың шетел туристері келіп ел қазынасына 10 млрд АҚШ көлемінде пайда тусіреді. Экономиканың маңызды саласына айналған туризмнің материалдық негізіде жасалған. Италия қонақ үйлеріне бір мезгілде 2,6 млн турист орналасады. Негізгі туристік маршруттар Жерорта теңізі алабында ұйымдастырылатын круиздік туризмнің италиялық бөлігі, Альпі ауданын, сәулет және сурет өнерінің інжу-маржаны сақталған италияның алтын қалалары-Рим, Венеция, Болонья қамтиды. Италияға жыл сайын Қазақстандық адамдардан 160 мың турист барады. Олар Италияның әсем қалаларында болып қайтады. Ал Қазақстанға жыл сайын 1млн Италия азаматтары келіп дем алады. Келген туристерге қызмет көрсету Қазақстанда жақсы жолға қойылған Қазіргі таңда Италиядан келетін туристерді бас қаламыз Астана өзіне қатты италиядан келетін туристердің назарын өзіне аударып отыр.

Италиямен Қазақстан арасында білім беру саласында да айтарлықтай қарым-қатыната бар. 2005 жылы 20 сәуірде Б.Айтымованың ұсынысы бойынша Италия Республикасымен білім беру саласына байланысты бірқатар келіссөздер болып өтті. Мұндағы мақсат Италиямен байланыс жасау арқылы Қазақстан азаматтарының Италиядағы жоғарғы оқу орындарында білім алу болды. Қазіргі уақытта қазақ жастарының біразы Болашақ бағдарламасы бойынша өз білімдері жетілдіруде. Болашақта бұл жастар Қазақстанның экономикмлық-элеуметтік дамуына өз үлесін қосады деп сенемін.

Қорыта келгенде Италия Республикасы мен Қазақстан Республиасы арасындағы халықаралық байланыстар екі мемлекет үшінде аса маңызды болып отыр. Халықаралық байланыстың қандай саласында болмасын Италия мен Қазақстан бір-бірімен ынтымақтасып қарым-қатынас орнатуда. Қасиетті Тақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы өзар түсінік туралы келісімді айрықша айту керек, себебі Қазақстан осындай құжатқа қол қойған ТМД –дағы тұңғыш мемлекет болды. Ватиканның Мемлекеттік хатшысы жемісті екі жақты ынтымақтастықты жалғастырып сенім артып, Қазақстан көптеген елдерге діни еркіндіктің мысалын көрсетіп отыр деп сенім артуы екі мемлекеттің қарым-қатынасының нығайуынан дерек береді. Осындай халықаралық байланыс жасау елбасымыз Н.Назарбаевтың бастаған игі ісі деп ойлаймын. Бірқатар факторлар іс жүзінде халықаралық өмірдің барлық салаларында Қазақстанның Италиямен қатынасы одан әрі дамытудың перспективалылығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Олардың қатарына Италияның тиімді географиялық жағдайы, экономикалық салалық құрлымы жане туризм жатады. Қазақстанда, соның ішінде Оңтүстік обылысында этнотуризмдi дамытуға мүмкiндiк беретiн тарихи жәдiгерлiктер жеткiлiктi. Турин тәжiрибесiне сүйенiп, туризм саласына жан-жақты қолдау көрсетсек, ұтарымыз анық. Бiздiң де транзиттiк дәлiздiң бойында жатуымыз, жаңа «Жiбек жолы» атана бастаған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралi Қазақстаның дамуына өзiндiк үлесiн қосуы мүмкін.

2.5 Италиядағы дамыған туризм түрі

Италия туризмі қарқынды дамыған ең көркем елдердің бірі. Ежелгі римдіктер Искья аралында,Гард көлінде Сирмионды анықтау арқылы термальді емдік көздерді арқылы денсаулыққа және демалысқа саяхаттың басталуына жол ашты. Сонымен қатар ауқатты азаматтар арасында Римде жаздың аптап ыстық кездерінде келіп демалуға болатын арнайы көлдердің жаңындағы үйлерді иелену кең таралды. Бүкіл әлемдік туристтік ұйымдардың деректері бойынша келушілердің саны Италия, Франция мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орынды алады. Ресейде Италия Түркия, Қытай, Египед, Испаниядан кейінгі 5-ші орынға ие болды. Қазіргі заманда Италия әлемнің түрлі елдерінен саяхатшылар келетін турристтік Мекке болып отыр. Италияда туризмнің барлық саласы жақсы дамыған. · Экскурсиялық · Теңізде, көлде, тауда демалу· Тау шаңғы туризімі · Емдік сауықтыру· Балалар· Оқиғалық· Іскерлік· Гастрономдық· Спорттық· Діни-құлшылықЖыл бойына ауа райы қолайлы, елдің әдемі орындарының көп болуы, қалалар мен елді мекендер арасындағы хабарламалардың ыңғайылы болуы, дайындалған гидтер мен экскурсияда алып жүрушілер, қонақ үй қорының көп түрлілігі, түрлі мәзірде тамақтану мүмкіндігі - мұның барлығы жыл бойына туристтердің бүкіл әлемнің түпкір-түпкірінен келуіне жол ашып отыр. Саяхатшылардың коп келетін айлары сәуір-шілде, қыркүйек-қазан айлары «жоғарғы мауысым». Дәстүрлі экскурсиялық турларға Рим, Флоренция, Венеция сияқты орындарды аралау жатады. Саяхаттау бағытына байланысты Неаполь, Милан, Сиена, Пиза, Верона, Падуя, Феррара, Ассизи сияқты орындарға бару турларында қосуыныз мүмкін. Теңіз, көлдерде, тауларда демалу маусымы қазан айының соңына дейін жане Искья және Сицилияда жүргізіледі. Тау шаңғы маусымы биік таулы аймақтардағы Червини демалыс орындарында желтоқсан айынан наурыз айының соңына дейін, ал мұзды алқаптарда мамыр айының соңына дейін жалғасады. Италияда оқиғалық туризм өте жақсы дамыған және туристтерді қызықтыру мақсатында қоғамдық өмірдің көптеген жағдайларына байланысты шараларды өткізу басқа елдер үшін де үлгі бола алады. Италияда туризмді дамыту үшін барлық факторлар бар:Жағымды ауа райы, тамаша табиғат, көркем орындардың мол болуы, теңіз демалыс орындарының, курорттық жерлердің көп болуы. Қонақ үй қоры, тасымалдау көлік қызметтерінің жоғарғы деңгейде болуы (әуе, автокөлік, темір жол, теңіз жолы), халықтың қонақ жайлылығы және италияндық асхана.

Діни туризм. Италия - Еуропаның және әлемнің танылған діни астанасы. Ел аумағында орналасқан Ватиканда 30,000 астам шікеулер бар. Қазіргі танда бұл мемлекет әлемдегі ең танымал христиандардың келетін маршруты болып табылады.

Италия шіркеу саны бойынша әлемде бірінші орын алады. Әрине бұл танқаларлық емес, дүние жүзілік туристік ұйымның көрсеткіші бойынша елдегі шіркеудің 10 нан 7 әлем бойынша ең көп келетін шіркеулер болып саналады. Елге келетін діни ағымдағы туристер саны өте көп.

Елдің туризм министірлігінің соңғы ақпараты, ағымдық жылдың алғашқы екі айлық көрсеткіші бойынша, елде демалысын өткізетін туристер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 20% төмендегенін көрсетеді. Алайда бұл ортақ құлдырау, Италияның діни орындарын басқада мақсаттар мен тамашалауға келген туристер саны өзгермеген. Елдегі діни туризм жайлы айтатын болсақ, аталмыш буынға шамамен Италияның туррыноктың 10% тиесілі.

Діни туризмнің шартты түрде дамығандығын көрсететін көрсеткішке жексенбіде өткізілетін Ватикандағы әулие Петр алаңында болатын пасхалық айға 100,000 турист қатысады, олардың көпшілігі шет ел азаматтары.

Экспертік сарапшылардың пікірі бойынша, діни туризмнің дағдарысқа ұшырамай тұруының бірден - бір себебі, шікеулерге келетін туристердің үлкен бөлігін ауқатты адамдар құрайды және олар мұдай тендесі жоқ таңғажайып жерлерді аралауға ақшаларын аямайды.

Тау шаңғы туризмі - демалыс орындары өзінің әсемдігімен, алпі тауындағы жолдар мен көтерілу орныдарының ыңғайлы орналасуы саяхатшыларды өзіне көп еліктіреді. Италияндық тау шаңғы демалыс орындарын шартты түрде екіге бөлуге болады: Батыс және Шығыс.

Батыс тобына - Сестриер, Ля Туиль, Курмайор, Аоста / Пила, Червиния, Грессоней демалыс орындары кіреді. Ол Франция мен Швейцарияның шекараларында орналасқан. Олар өзіне ең жақсы тұстарын алған: көтергіштердің қазіргі заманғы жүйесі мен керемет трассалар торы жасалынған. Мұнда 200 шақырым кез-келген қиындық деңгейлік трассалар, 37 көтергіштер, 8 шақырым шаңғы жолдары, мейрамханалардың көп түрлері, алтын би алаңдары, дүкендер, дүңгіршектер, кинотеартлар, боулинг, түрлі деңгейдегі түнгі дамалыс орындары, ойын залдары, хауыздар, сауналар, спорт залдары.

Шығыс тобына Доломиттік Альпі және Альта Вальтеллина жатады. Жолдардың ұзындығы 260 шақырым және 103 көтергіштер бар.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-26; Просмотров: 1146; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.051 сек.