Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарихи трагедия 17 страница




Қорыта айтқанда, тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиетіндегі драматургия саласы әлем өркениетіндегі классикалық үрдістерді жаңғырта жалғастырған сипатымен байқалады. Көркем әдебиеттің байырғы салаларының бірі болып саналатын қазіргі қазақ драматургиясындағы туындыларды уақыт талабына орай ғылыми-теориялық зерттеулер аясында жаңаша зерделеп, жан-жақты қамтып қарастыру – өзекті мәселе. Уақыт еншісіндегі осы өзекті мәселенің зерделеуіндегі жаңа ізденістеріміз жалғаса береді.

Тұжырымдар

1. Қазақ драматургиясының бүгінгі дамуындағы жақсы бір құбылыс – адам психологиясын ашуға ұмтылу екендігіне Зейіш Шашкиннің «Ақын жүрегі» пьесасы жақсы айғақ бола алады.

2. Драматургия – сахна машығымен талмай айналысытындардың тірлігі. Онымен сахна төрінде таласқа, тартысқа түсер, ашық күрес пен астыртын күресті анық сезгендер ғана шұғылданады. Осындай асау жанрда талмай еңбектеніп келе жатқан жазушылырамыздың бірі – Дулат Исабеков.

3. Театр репертуарына қазіргі заман тақырыбын арқау еткен, М.Хасенов, С.Жүнісов, Ә.Тарази, А.Шамкенов, Қ.Ысқақов, А.Сүлейменов, И.Оразбаев, С.Балғабаев, Р.Сейсенбаев, О.Бөкеев, Д.Исабеков, Ә.Тауасаров, Б.Мұқаев, Н.Оразалин секілді драматургтардың пьесаларының енуі бүгінгі күннің жемісі.

Сабақ бойынша әдістемелік нұсқама

Студент қазіргі қазақ драматургиясының ерекшелігі, Қ.Мұхаметжанов, Ш.Құсайынов, Ә.Тәжібаев, Т.Ахтанов, О.Бөкеев, С.Жүнісов, Н.Оразалин, Д.Исабеков, Ә.Тарази, т.б. драматургтер туындыларын теориялық тұрғыда талдай білулері керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ахтанов Т. Бес томдық шығармалар жинағы. Пьесалар. А., 1984

2. Бодықов О. Қарақұм трагедиясы. Пьесалар. А., 1988

3. Жүнісов С. Қызым, саған айтам. Пьесалар. А., 1978

4. Мұқаметжанов Қ. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. Пьесалар. А., 1988

5. Нұрғали Р. Драма өнері. А., 2001, 396-470-б.

Әдістемлік нұсқау

Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар әдебиеттану ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор.

Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыпппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақыпрыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Семинар барысында теориялық мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді жатқа білу талап етіледі.

 

Тақырып бойынша дереккөздер мен әдебиет тізімі




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-26; Просмотров: 688; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.