Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тест тапсырмалары




1. Кенесары Қасымұлы қозғалысы туралы алғашқы кең көлемді шығарма

а) М.Әуезов – "Хан Кене" ә) І.Жансүгіров – "Күйші" б) І.Есенберлин – "Қаһар

в) М.Жұмабаев – "Оқжетпестің қиясында" г) Қ.Бекхожин – "Батыр Науан"

2. М.Әуезов "Хан Кене" пьесасын нешінші жылы жазған?

а) 1928 ә) 1934 б) 1936 в) 1945 г) 1948

3. М.Әуезовтің "Хан Кене" пьесасының сахнаға қойылған жылы

а) 1928 ә) 1934 б) 1936 в) 1945 г)1948

4. М.Әуезовтің "Хан Кене" пьесасы қай жылы жарияланды?

а) 1928 ә) 1934 б) 1957 в) 1983 г) 1993

5. М.Әуезов негізін қалаған драманың түрі

а) трагедия ә) комедия б) тарихи в) қаһармандық г) ғұмырнамалық

6. Пьесада қай кезеңдер қамтылған?

а) 1841-1847 ә) 1842-1846 б) 1845-1850 в) 1851-1857 г) 1917-1920

7. "Хан Кене" пьесасы қанша көріністен тұрады?

а) 37 ә) 47 б) 57 в) 60 г) 67

8. М.Әуезов "Ашық хатын" қай жылы жазған?

а) 1930 ә) 1932 б) 1934 в) 1937 г) 1941

9. Кенесары қозғалысына арнап жазылған туындылар туралы 1947 жылы жарияланған үлкен мақаланың авторы

а) С.Бәйішев ә) М.Ақынжанов б) С.Мұқанов в) Ғ.Мүсірепов г) С.Сейфуллин

10. "Хан кене" трагедиясының қанша нұсқасы бар?

а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4 г) 5

11. "Хан кененің" қазақша нұсқасы қанша?

а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4 г) 5

12. Пьесада Кенесары рөлінде кім ойнаған?

а) Қ.Қуанышбаев ә) Е.Өмірзақов б) Қ.Бадыров в) М.Шамова г) С.Қожамқұлов

13. Пьесада Наурызбай рөлінде кім ойнаған?

а) Қ.Қуанышбаев ә) Е.Өмірзақов б) Қ.Бадыров в) М.Шамова г) С.Қожамқұлов

14. Пьесада Бұғыбай рөлінде кім ойнаған?

а) Қ.Қуанышбаев ә) Е.Өмірзақов б) Қ.Бадыров в) М.Шамова г) С.Қожамқұлов

15. Пьесада Кәрібоз рөлінде кім ойнаған?

а) Қ.Қуанышбаев ә) Е.Өмірзақов б) Қ.Бадыров в) М.Шамова г) С.Қожамқұлов

16. Пьесада Бопай рөлінде кім ойнаған?

а) Қ.Қуанышбаев ә) Е.Өмірзақов б) Қ.Бадыров в) М.Шамова г) С.Қожамқұлов

17. “Бұл төрт әртістің төртеуі де кейде қимылдың мөлшерін сақтай алмай қалатын сияқты, ал Қалыбек жан құбылысын кейде жеткізе алмай қалады. Әсіресе, Мәликеде бар ол мінез. Бұл үн құбылысының мөлшерін сақтай алмай қалу біздің әртістердің бәрінде де бар. Бірақ Елубай, Қалыбек, Қапан, Мәлике сияқты ірі әртістеріміз бұл кемшіліктерді де жеңуге тиіс”, – деп театр әртістеріне міндет артқан қаламгер

а) Ғ.Мүсірепов ә) Т.Жүргенов б) І.Жансүгіров в) С.Сейфуллин г) С.Мұқанов

18. "Хан Кененің" сахнада қойылуы туралы 1990 жылы жарияланған мақала авторы

а) Р.Нұрғали ә) Ж.Бектұров б) М.Қозыбаев в) Т.Жұртбай г) Ш.Елеукенов

19. М.Әуезовтің драматургия саласындағы ең алғашқы шығармасы

а) "Хан Кене" ә) "Бәйбіше-тоқал" б) "Тас түлек" в) "Алуа" г) "Еңлік – Кебек"

20. “Драматургия – қазақ әдебиетінде тек Әуезов қана тудырған жанр” деп бағалаған

а) Ғ.Мүсірепов ә) Т.Жүргенов б) І.Жансүгіров в) С.Сейфуллин г) С.Мұқанов

21. Әуезовтің талқыға түсуіне себеп болған шығармаларының бірі

а) "Хан Кене" ә) "Түнгі сарын" б) "Тас түлек" в) "Алуа" г) "Өскен өркен"

22. 1925 жылы Қазақ театрының алғашқы шымылдығы қандай пьесамен ашылды?

а) "Хан Кене" ә) "Бәйбіше-тоқал" б) "Тас түлек" в) "Алуа" г) "Еңлік – Кебек"

23. Кенесары хан туралы шығарма жазуға драматург қай кезеңде, қайда барғанда бекініп қайтқан

а) Ресей жерінде, 1924 жылы ә) Сырдария өлкесінде, 1926 жылы б) Жетісу сапарында, 1927 жылы в) Сарыарқа жерінде, 1928 жылы г) Семейге барғанда, 1928 жылы

24. М.Әуезовке Кенесары Қасымұлы туралы деректер жолдаған кім?

а) Ғ.Мүсірепов ә) Т.Жүргенов б) Қ.Сәтпаев в) Ә.Тәжібаев г) С.Мұқанов

25. Пьесаның соңғы нұсқасында нешінші перде алынып тасталған?

а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5 г) 6

26. “Хан Кене” сахнаға қайта шығу үшін оны түзету керек, түзетіп қана қоймай, қайта құру керек” – деп тұжырымдаған автор

а) Ғ.Мүсірепов ә) С.Сейфуллин б) І.Жансүгіров в) Т.Жүргенов г) С.Бәйішев

27. Өз мақаласында театр директоры О.Бековтің "Хан Кенені" қоюдағы қателерін мойындағысы келмегеніне кінә артқан автор

а) Ғ.Мүсірепов ә) С.Сейфуллин б) І.Жансүгіров в) Т.Жүргенов г) С.Бәйішев

28. "Еще раз о "Хан Кене" мақаласының авторы

а) Ғ.Мүсірепов ә) С.Сейфуллин б) І.Жансүгіров в) Т.Жүргенов г) С.Бәйішев

29. М.Әуезовтің 1917 жылы "Қазақтың өзгеше мінездері" атты тұңғыш тырнақалды мақаласы қандай баспасөзде жарияланған?

а) "Сарыарқа" ә) "Алаш" б) "Абай" в) "Қазақ тілі" г) "Айқап"

30. М.Әуезовтің Л.Соболевпен бірігіп жазған туындысы

а) "Абай" ә) "Бәйбіше-тоқал" б) "Тас түлек" в) "Алуа" г) "Сын сағатта"

31. 1934 жылы "Хан Кене" пьесасы туралы "Әдебиет майданы" журналында жарық көрген мақаланың авторы

а) Ғ.Мүсірепов ә) С.Сейфуллин б) І.Жансүгіров в) Т.Жүргенов г) С.Бәйішев

32. "Хан Кенені" таптық көзқарас тұрғысынан бағалаған дауылпаз ақын

а) Ғ.Мүсірепов ә) С.Сейфуллин б) І.Жансүгіров в) Т.Жүргенов г) С.Бәйішев

33. Мұхтарға күйе жағуға тіпті жол бермейміз. Мұхтарға адыра қалған ескі дүниелермен байланысты толқуларын орынсыз ескерте беруіміздің өзі көргенсіздік. Оның үстіне бар өнерін, еңбектерін жұртының пайдасына жаратуға жан-тәнімен күресіп жүрген Мұхтарға сенбеушілік көрсету тұп-тура қылмыс”– деп, ылғи да датталып келе жатқан жазушыға ашықтан-ашық қолдау көрсеткен қаламгер

а) Ғ.Мүсірепов ә) С.Сейфуллин б) І.Жансүгіров в) Т.Жүргенов г) С.Бәйішев

34. Ғ.Мүсіреповтің пікірінше "Хан Кененің" негізгі кемшіліктері

а) ұлт-азаттық көтерілісті суреттеу ә) Кенесары өлімінің дұрыс берілмеуі

б) Бопай бейнесі в) хандардың өз еліне "қамқор болғандығын" дәлелдеу

г) көркемдік қырларының осалдығы

35. С.Сейфуллин ұлтшылдықты қандай түске балайды?

а) "жасыл түске" ә) "сары түске" б) "қара түске" в) "ақ түске" г) "қызыл түске"

36. С.Сейфуллин социалды шындықты қандай түске балайды?

а) "жасыл түске" ә) "сары түске" б) "қара түске" в) "ақ түске" г) "қызыл түске"

37. Пьесаның тақырыптық, идеялық жақтарынан гөрі қойылуына, ойналуына баса назар аударған мақаланың авторы

а) Ғ.Мүсірепов ә) С.Сейфуллин б) І.Жансүгіров в) Т.Жүргенов г) С.Бәйішев

38 Қ.Тұрғанбайұлының мақаласына қарсы пікір айтқан қаламгер

а) Ғ.Мүсірепов ә) С.Сейфуллин б) Ә.Тәжібаев в) С.Мұқанов г) С.Бәйішев

39. 1935 жылдың мамыр айында болған мәдениет қызметкерлерінің съезінде сөйлеген сөзінде Мұхтар Әуезовтің өткен қателерін бетке баса беруді тоқтатуды ұсынған қаламгер

а) Ғ.Мүсірепов ә) С.Сейфуллин б) Ә.Тәжібаев в) С.Мұқанов г) С.Бәйішев

40. "Ескі тақырыпқа" арналған шығармалар қатарына "Абай" романын да қосқан автор

а) Ғ.Мүсірепов ә) С.Сейфуллин б) Ә.Тәжібаев в) С.Мұқанов г) С.Бәйішев

41. Мына өлең жолдары кімнің шығармасынан алынған:

“Қонысты орыс алған соң,

Кенекем ауған жерінен,

Қарашы болған елінен”

а) Нысанбай ақынның ә) Досқожа ақынның б) М.Әуезовтің

в) М.Жұмабаевтің г) М.Сералиннің

42. "Кенесарының қолшоқпары болған ақын" деген баға кімге берілген?

а) Нысанбайға ә) Досқожа ақынға б) Бұхар жырауға в) Н.Ахметбековке г) М.Сералинге

43. "Қойшының ертегісі поэмасын кім жазған?

а) Нысанбай ақын ә) Н.Ахметбеков б) И.Байзақов в) М.Жұмабаев г) М.Сералин

44. Жасауыл қырғыны" поэмасының авторы

а) Нысанбай ақын ә) Н.Ахметбеков б) И.Байзақов в) М.Жұмабаев г) М.Сералин

45. "Топжарған" поэмасының авторы

а) Нысанбай ақын ә) Н.Ахметбеков б) И.Байзақов в) М.Жұмабаев г) М.Сералин

46. Кенесары қозғалысының "әдебиеттегі адвокаты" деген айып кімге тағылған?

а) М.Әуезовке ә) Н.Ахметбековке б) Қ.Жұмалиевке в) Е.Ысмайыловқа г) М.Сералинге

47. "Кенесарыны дәріптеудің әдебиеттегі төркіні М.Әуезовте" деген пікірді кім айтқан?

а) С.Бәйішев ә) С.Сейфуллин б) Қ.Жұмалиев в) Е.Ысмайылов г) М.Ақынжанов

48. С.Ордалиевтің еңбегі

а) Қазақ драматургиясының очеркі ә) Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері

б) Әуезов және Алаш в) Бейуақ г) Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында

49. Мағжан мен Мұхтар шығармаларының сабақтастығы туралы мақалалардың авторы

а) М.Қозыбаев ә) Ш.Елеукенов б) Ж.Бектұров в) Р.Нұрғали г) Т.Жұртбай

50. "Кенекемнің барында,

Аш бөрідей жарадық,

Шекемізден қарадық.

Кенекем мерт болып кеткен соң,

Шіл боғындай тарадық", – деген өлең жолдарының авторы

а) Нысанбай ақын ә) Досқожа ақын б) М.Әуезов в) М.Жұмабаев г) М.Сералин

51. Е.Бекмахановтың еңбегі қалай аталады?

а) Қазақ драматургиясының очеркі ә) Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері

б) Әуезов және Алаш в) Бейуақ г) Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында

52. “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын” деген мақаланың авторлары

а) С.Бәйішев, Қ.Жұмалиев, Х.Айдарова ә) М.Ақынжанов, Т.Шойынбаев, А.Якунин

б) С.Мұқанов, Х.Айдарова, Т.Шойынбаев в) Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, А.Якунин

г) Ж.Шаяхметов, Қ.Жармағамбетов, Х.Айдарова

53. “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын” деген мақала қай жылы жарық көрді

а) 1934 ә) 1947 б) 1950 в) 1951 г) 1957

54. “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын” деген мақала Қазақстан кеңес жазушылары одағы жанындағы партия ұйымының ашық жиналысында қандай деген тақырыппен талқыланды?

а) “Кенесары халықтың қас жауы”

ә) "Профессор М.Әуезов өткендегі қателердің шырмауында"

б) "Әуезовтің сөзі мен ісі неге бір жерден шықпайды"

в) “Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын”

г) "Сын қолжаулық емес"

55. Ә.Тәжібаевтің 1935 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінде жарияланған мақаласы

а) “Кенесары халықтың қас жауы”

ә) "Профессор М.Әуезов өткендегі қателердің шырмауында"

б) "Әуезовтің сөзі мен ісі неге бір жерден шықпайды"

в) “Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын”

г) "Сын қолжаулық емес"

56. И.Матақовтың 1937 жылы жарық көрген мақаласы қалай аталады?

а) “Кенесары халықтың қас жауы”

ә) "Профессор М.Әуезов өткендегі қателердің шырмауында"

б) "Әуезовтің сөзі мен ісі неге бір жерден шықпайды"

в) “Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын”

г) "Сын қолжаулық емес"

57. С.Бәйішев 1947 жылы қандай мақала жазды?

а) “Кенесары халықтың қас жауы”

ә) "Профессор М.Әуезов өткендегі қателердің шырмауында"

б) "Әуезовтің сөзі мен ісі неге бір жерден шықпайды"

в) “Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын”

г) "Сын қолжаулық емес"

58. "Арқалықты" сахнадан алу керек" деген мақаланың авторы

а) Қ.Тұрғанбайұлы ә) С.Мұқанов б) М.Ақынжанов в) И.Матақов г) С.Бәйішев

59. “Қазақстанда совет үкіметі орнағаннан бастап-ақ Кенесарыға батыл қарсы шыққан кісі екеу болса, біреуі мен едім. Сол пікірім Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарына дейін өзгерместен келді” – дей келіп, 1942 жылы шыққан кітабында Кенесары қозғалысын ұлт-азаттық қозғалыс деп танып, “бұрынғы дұрыс” пікірлерінен “бас тартуым менің қателігім” деп мойындаған кім?

а) Қ.Тұрғанбайұлы ә) С.Мұқанов б) М.Ақынжанов в) И.Матақов г) С.Бәйішев

60. 1990 жылы "Жұлдыз" журналының редакциясы ұйымдастырған "дөңгелек үстел" қалай аталды?

а) "Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері" ә) "Әуезов және Алаш"

б) "Мұхтартанудың беймәлім беттері" в) “Көркемдік шындық және тарихи тұлға”

г) "Өмір үшін өнерінен бас тартқан"

61. Н.Середаның еңбегі қалай аталады?

а) “Кенесары мен Садық сұлтандар” ә) “Күнделіктер мен хаттар”

б) “Құдай есігінің алдында сокира жатты…”в) “Орынбор қаласына қарасты қырғыз даласы” г) “Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың көтерілісі”

62. Л.Мейердің еңбегі қалай аталады?

а) “Кенесары мен Садық сұлтандар” ә) “Күнделіктер мен хаттар”

б) “Құдай есігінің алдында сокира жатты…”в) “Орынбор қаласына қарасты қырғыз даласы” г) “Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың көтерілісі”

63. Д.Смирновтың еңбегін көрсетіңіз

а) “Кенесары мен Садық сұлтандар” ә) “Күнделіктер мен хаттар”

б) “Құдай есігінің алдында сокира жатты…”в) “Орынбор қаласына қарасты қырғыз даласы” г) “Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың көтерілісі”

64. А.Рязановтың еңбегі

а) “Кенесары мен Садық сұлтандар” ә) “Күнделіктер мен хаттар”

б) “Құдай есігінің алдында сокира жатты…”в) “Орынбор қаласына қарасты қырғыз даласы” г) “Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың көтерілісі”

65. Кенесарының туған жылы

а) 1801 ә) 1802 б) 1807 в) 1812 г) 1817

66. Кенесарының туған жері

а) Жетісу жері ә) Сарыарқа өңірі б) Ақмола бекінісі в) Құсмұрын бекеті г) Көкшетау

67. "Хан Кене" пьесасының алғашқы шымылдығы қандай көрініспен ашылады?

а) Кенесары көтерілісімен ә) Наурызбай ерлігімен б) Бұғыбай өлімімен

в) Қасым Абылайұлына беріліп жатқан аспен г) Кенесары монологымен

68. Пьесадағы сатқындық келбетін көрсететін бейне

а) Жантөре ә) Ержан б) Мұса в) Қарашаш г) Кәрібоз

69. Хан Кенені біздің дәуірімізге дейінгі екінші ғасырда Рим империясына қарсы күрескен Понт патшасы Митридат ІІ Эвпаторға теңеген орыс ғалымы

а) В.А.Потто ә) П.П.Семенов б) Т.Аткинсон в) Марта Олкот г) А.Янушкевич

70. Пьеса прологі неше көріністен тұрады?

а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4 г) 5

71. Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтерілісі туралы жазылған тарихи поэманы көрсетіңіз

а) Д.Әлімбаев – “Кенесары” ә) “Кенесарының Балғожа биге хаты”

б) “Нысанбайдың Кенесары мен Наурызбайға арнаған жоқтауы”

в) “Наурызбай – Фатима” г) Көкбай – “Абылай – Кенесары”

72. Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтерілісі туралы жазылған лирикалық поэманы көрсетіңіз

а) Д.Әлімбаев – “Кенесары” ә) “Кенесарының Балғожа биге хаты”

б) “Нысанбайдың Кенесары мен Наурызбайға арнаған жоқтауы”

в) “Наурызбай – Фатима” г) Көкбай – “Абылай – Кенесары”

73. Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтерілісі туралы жазылған жоқтау өлеңді атаңыз

а) Д.Әлімбаев – “Кенесары” ә) “Кенесарының Балғожа биге хаты”

б) “Нысанбайдың Кенесары мен Наурызбайға арнаған жоқтауы”

в) “Наурызбай – Фатима” г) Көкбай – “Абылай – Кенесары”

74. Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтерілісі туралы жазылған ауызша поэтикалық арнау

а) Д.Әлімбаев – “Кенесары” ә) “Кенесарының Балғожа биге хаты”

б) “Нысанбайдың Кенесары мен Наурызбайға арнаған жоқтауы”

в) “Наурызбай – Фатима” г) Көкбай – “Абылай – Кенесары”

75. Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтерілісі туралы жазылған толғау

а) Д.Әлімбаев – “Кенесары” ә) “Кенесарының Балғожа биге хаты”

б) “Нысанбайдың Кенесары мен Наурызбайға арнаған жоқтауы”

в) “Наурызбай – Қаншайым" г) Көкбай – “Абылай – Кенесары”

76. М.Ж.Көпеевтің толғауы

а) "Жасауыл қырғыны" ә) “Наурызбай – Фатима” б) “Сарыарқа кімдікі?”

в) “Кенесары батыр” г) “Кенесары – Наурызбай"

77. Н.Ахметбековтің поэмасы

а) "Жасауыл қырғыны" ә) “Наурызбай – Фатима” б) “Сарыарқа кімдікі?”

в) “Кенесары батыр” г) “Кенесары – Наурызбай"

78. Қай шығарманың авторы белгісіз?

а) "Жасауыл қырғыны" ә) “Наурызбай – Фатима” б) “Сарыарқа кімдікі?”

в) “Кенесары батыр” г) “Кенесары – Наурызбай"

79. Көтеріліске қатысып, ол туралы шығарма жазған ақын

а) Досқожа ә) Наурызбай б) Нысанбай в) Балғожа г) Көкбай

80. Мына өлең жолдарының авторы кім?

“Кенесары ер болды,

Ел ішінде бір болды.

Қашқан, босқан жиылып,

Өз алдына қол болды…

Ақылменен іс қылмай,

Ақырында қор болды.

Қырғызға барып қырылып,

Ит пен құсқа жем болды”…

а) Досқожа ә) М.Әуезов б) Нысанбай в) М.Жұмабаев г) Көкбай

81. Мына өлең жолдары кімнің шығармасынан алынған?

“Қол алдында жүр екен,

Қырғыздың бір данасы.

Наурызбайға кез болып,

Тұра қалды жанаса.

Кәрібоз деген кісі екен,

Ер Қанайдың баласы.

Кәрібоз сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

– Ей, Наурызбай, ер төрем,

Қарайып жүрмін қаныма!

… Не жазығым бар еді,

Кенесары ханыңа?"

а) Досқожа ә) М.Әуезов б) Нысанбай в) М.Жұмабаев г) Көкбай

82. Кенесары туралы тарихи-биографиялық очерк жанрында жазылған шығарма

а) К.Барон – “Қырғыз тұтқынындағы төрт ай”

ә) А.Орлов – “Орыс әйелі Кенесарыда қонақта” б) Ж.Верн – “Патша жаушысы”

в) А.Янушкевич – “Күнделіктер мен хаттар”

г) А.Кенесарин – “Кенесары мен Садық сұлтандар”

83. Кенесары туралы күнделік түрінде жазылған шығарма

а) К.Барон – “Қырғыз тұтқынындағы төрт ай”

ә) А.Орлов – “Орыс әйелі Кенесарыда қонақта” б) І.Есенберлин – "Қаһар"

в) А.Янушкевич – “Күнделіктер мен хаттар”

г) А.Кенесарин – “Кенесары мен Садық сұлтандар”

84. Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтерілісі туралы жазылған тарихи роман

а) К.Барон – “Қырғыз тұтқынындағы төрт ай”

ә) А.Орлов – “Орыс әйелі Кенесарыда қонақта”

б) І.Есенберлин – "Қаһар" в) А.Янушкевич – “Күнделіктер мен хаттар”

г) А.Кенесарин – “Кенесары мен Садық сұлтандар”

85. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы жазылған Г.Шевченконың өлеңі

а) “Сұлтандар Кенесары және Садық” ә) “Күнделіктер мен хаттар”

б) “Құдай есігінің алдында сокира жатты…”

в) “Орынбор қаласына қарасты қырғыз даласы”

г) “Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың көтерілісі”

86. М.Жұмабаевтың "Ертегі" поэмасының негізгі кейіпкері

а) Кенесары ә) Наурызбай б) Абылай в) Сыздық г) Қасым

87. М.Жұмабаевтың "Оқжетпестің қиясында" поэмасының негізгі кейіпкері

а) Кенесары ә) Наурызбай б) Абылай в) Сыздық г) Қасым

88. Мына жыр жолдары қандай шығармадан алынған?

“Хан Абылай немересі Кене хан,

Аспанға өрлеп заулап жанған өрт екен.

…Тұлпар өлсе, қалмай ма оның тұяғы,

Тартып туған артында ұлы жоқ па екен?!

Кене артында жас арыстан Сыздық бар,

Ту көтеріп, қарға ілді садағын.

Ерден туған ердің жолын қуады:

Ер иманы – ел, айнымайтын елім – жар”

а) Нысанбай – "Кенесары – Наурызбай" ә) М.Жұмабаев – "Ертегі" б) М.Жұмабаев – "Оқжетпестің қиясында" в) М.Әуезов – "Хан Кене" г) І.Есенберлин – "Қаһар"

89. "Оқжетпестің қиясында" поэмасында Кенесары бейнесі қандай

тәсілімен суреттеледі?

а) драмалық тәсілмен ә) трагедиялық тәсілмен б) романтика тәсілімен

в) реализм тәсілімен г) романтика аралас реализм тәсілімен

90. Қай шығармада Жетісу өңіріндегі оқиға Кенесарының түсі арқылы беріліп, Досқожаның қоштасуымен аяқталады

а) Нысанбай – "Кенесары – Наурызбай" ә) М.Жұмабаев – "Ертегі" б) М.Жұмабаев – "Оқжетпестің қиясында" в) М.Әуезов – "Хан Кене" г) І.Есенберлин – "Қаһар"

91. "Хан Кене" трагедиясында Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың бағдарламасы, стратегиясы қалай түйінделеді?

а) Кенесары көтерілісі ә) ұлт-азаттық көтеріліс б) Абылай жолы

в) Кенесары – Наурызбай жолы г) ерлік сарыны

92. "Хан Кене" трагедиясында Науанға Кенесарының шешімін кім жеткізеді?

а) Нысанбай ә) Бопай б) Ағыбай в) Жоламан г) Бұғыбай

93. Трагедиядағы қырғыз манаптарын атаңыз

а) Орман, Жантай ә) Сыпатай, Рүстем б) Жоламан, Балғожа

в)Мұса, Кәрібоз г)Шотай, Жантөре

94. Дулат көсемдері

а) Орман, Жантай ә) Сыпатай, Рүстем б) Жоламан, Балғожа

в) Жаманқара, Қалша г) Шотай, Жантөре

95. Қырғыз елшісі

а) Орман ә) Сыпатай б) Жантөре в) Кәрібоз г) Жоламан

96. “Жау ісін істеп отырып, еркекше жауласуға да жарамайсың. Танасың… Арзаннан табылатын бақ іздейсің. Мен ол жолда серік бола алмаймын саған…" – деген жолдар кімге қаратылып айтылған?

а) Кенесарыға ә) Сыпатайға б) Жоламанға в) Кәрібозға г) Мұсаға

97. Кенесарыға жауыққан ру басылары

а) Орман, Жантай, Сыпатай ә) Сыпатай, Рүстем, Мұса б) Жоламан, Балғожа, Кәрібоз

в) Мұса, Кәрібоз, Орман г) Шотай, Жантөре, Балғожа

98. Тыңшы опасыздардың ішіндегі сұңғыласы, сөзге өткірі

а) Орман ә) Сыпатай б) Жантөре в) Кәрібоз г) Жоламан

99. Кененің немере ағасы

а) Ержан ә) Бопай б) Науан в) Жоламан г) Бұғыбай

100. “Бопай Кенесарының барлық ірі шайқастарына қатысты және өзі де жау тылына партизандық жорық жасап отырды. Бопайсыз Кенесарының ақыл-кеңестері өтпейтін”… Кімнің еңбегінен алынған?

а) М.Әуезовтің ә) Е.Бекмахановтың б) Ш.Елеукеновтің в) Р.Нұрғалидің г) Ж.Дәдебаевтың

101. Бопайдың таңдаған адамы

а) Ержан ә) Бопай б) Ағыбай в) Жоламан г) Бұғыбай

102. Қырғыздардың бұрын жіберген елшілері

а) Орман, Жантай ә) Сыпатай, Рүстем б) Жоламан, Балғожа

в) Жаманқара, Қалша г) Шотай, Жантөре

103. Трагедияда қырғыз елшісін кім өлтіреді?

а) Ержан ә) Бопай б) Науан в) Жоламан г) Бұғыбай

104. “Мені қара қайрат алған жоқ. Кескілесіп қарсыласқан иісі жауым да емес… Сырттың күші жығатын болса, әлдеқашан жықпас па еді? Бәрі де ала алған жоқ. Мені іштегі дерт жығып отыр…" Кімнің монологы?

а) Кенесарының ә) Сыпатайдың б) Жоламанның в) Кәрібоздың г) Мұсаның

105. І.Жансүгіровтің "Исатай – Махамбет" пьесасындағы ел арасына іріткі салушы би

а) Махамбет ә) Бекжан б) Қуан в) Жәңгір г) Құрманғазы

106. І.Жансүгіровтің "Исатай – Махамбет" пьесасындағы қарт ақын

а) Махамбет ә) Бекжан б) Қуан в) Жәңгір г) Құрманғазы

107. Мына өлең жолдарын айтқан кім?

"– А, занталақ!

Сені, сені дегенге

Семіріпсің, занталақ!

Сен біл, сен біл дегенге

Желігіпсің, занталақ!"

а) Махамбет ә) Бекжан б) Қуан в) Жәңгір г) Құрманғазы

108. Төмендегі жолдар кімнің монологынан алынған?

"“Аспан әлем жүзінде

Айдан көркем нәрсе жоқ,

Түнде бар да, күндіз жоқ;

Күллі әлемнің өзінде

Күннен көркем нәрсе жоқ,

Күндіз бар да, түнде жоқ"…

а) Махамбеттің ә) Бекжанның б) Қуанның в) Жәңгірдің г) Құрманғазының

109. Қандай шығармадан алынған?

"– Аптықпа, ханым, аптықпа, ханым,

Адыраңдап қақтықпа, ханым!

Қыларың болса, қылып қал,

Қапыда менен қалмағын, ханым!

Қашаннан сенің қорлығың

Қазақтан, сірә, қалмаған, ханым!"

а) М.Әуезов – "Хан Кене" ә) І.Жансүгіров – "Исатай – Махамбет"

б) Қ.Бекхожин – "Ұлан асу" в) Т.Ахтанов – "Ант" г) Ә.Кекілбаев – "Абылай хан"

110. Исатай мен Махамбет монологында жиі қайталанатын сөз

а) ұлт ә) жер б) жұрт в) халық г) ел

111. Т.Ахтановтың "Ант" драмасының бас кейіпкері

а) Абылай ә) Кенесары б) Нысанбай в) Әбілқайыр г) Бұқар жырау

112. Дабашы, Әмірсана қандай шығарманың кейіпкерлері?

а) М.Әуезов – "Хан Кене" ә) І.Жансүгіров – "Исатай – Махамбет"

б) Қ.Бекхожин – "Ұлан асу" в) Т.Ахтанов – "Ант" г) Ә.Кекілбаев – "Абылай хан"

113. Т.Ахтановтың "Ант" драмасындағы автор қосқан персонаж

а) Барақ ә) Сауран сұлтан б) Төлеген в) Бөгенбай г) Қайып

114. Мына жолдарды кім айтқан?

“Әттең, дүние-ай,

Ұран тастап жиып алып ширатып,

Жауға салса табындырмай қоймас ең.

Қоқаның мен Хиуаң,

Алдыңа кеп иіліп,

Жортуылшы жоңғарың"...

а) Барақ ә) Сауран сұлтан б) Төлеген в) Бөгенбай г) Қайып

115. Кімнің сөзі?

"Үш арыстың баласы,

Қазақ деген теректің,

Үш бұтағы емес пе?

Үш бұтақты қақыратып үшеуің,

Үш қияға тартасың"...

а) Барақтың ә) Сауран сұлтанның б) Төлегеннің в) Бөгенбайдың г) Қайыптың

116. Қ.Бекхожиннің "Ұлан асу" пьесасының бас кейіпкері

а) Абылай ә) Кенесары б) Тәуке в) Әбілқайыр г) Бұқар жырау

117. Т.Ахтановтың "Ант" драмасы қанша бөлімнен тұрады?

а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4 г) 5

118. Қ.Бекхожиннің "Ұлан асу" пьесасындағы опасыз сатқын бейнесі

а) Барақ ә) Сауран сұлтан б) Төлеген в) Бөгенбай г) Қайып

119. Қандай пьеса мына беташармен ашылады?

“ – Пай-пай, сайын далам-ай,

Манаурап жатқан тау анау,

Балбырап жатқан бел анау,

Мөлдіреп жатқан көл анау"...

а) М.Әуезов – "Хан Кене" ә) І.Жансүгіров – "Исатай – Махамбет"

б) Қ.Бекхожин – "Ұлан асу" в) Т.Ахтанов – "Ант" г) Ә.Кекілбаев – "Абылай хан"

120. Кейуана – Көмей Әулие кімнің прототипі?

а) Абылайдың ә) Кенесарының б) Нысанбайдың

в) Әбілқайырдың г) Бұқар жыраудың

 

МАЗМҰНЫ

СИЛЛАБУС ……………………………………………………………………………..2

 

ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ………………………………………………..6

 

ДӘРІС КОНСПЕКТІСІ……………………………………………………………….....9

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ………………....81

 

СЕМИНАР, ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ……………....84

 

ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ………………………………………....86

 

АРАЛЫҚ, АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ……………………………87

 

ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ………………………………………

 

 

Автор, құрастырушы: ______________ ф.ғ.к., доцент Л.А. Серғазы

(күні, колы)

Факультеттің ОӘК ұсынылған _______ 2014 _ж., хаттама №_____

Факультеттің ОӘК төрағасы ______________ ф.ғ.к., доцент Қ.С. Құлманов

(күні, колы)

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-26; Просмотров: 1572; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.283 сек.