Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 2 страница. * Осы түрлі орталарда адамғмен қалай қарым-қатынасқа түсуге болады?




* Осы түрлі орталарда адамғмен қалай қарым-қатынасқа түсуге болады? Біріншіден, оның сізге назар аударғанына сенімді болуыңыз керек. Ол басқа бір нәрсемен айналысып отыр ма, әлде сіздің бар екеніңіз байқап, жымиды ма? Соңғы жағдайда қобалжудан арылудың ең басты тәсілі – жауап ретінде жымиып, амандасу. Сізді ренжіткен жағдайға байланысты ескерту айтқыңыз келеді, айтар болсақ, сіз енді ғана көргелі жатқан немесе көріп қойған кино, куүнделікті автобустағы жүрісіңіз туралы. Әңгіменің тақырыбын таңдау аса маңызды. Үш ортақ бағыттарын талқылау үшін «сәтсіз-қауіпсіз» деп санауға болады: ағымдағы оқиғалар, мансап және ортақ мүдде. Біздің көпшілігіміз, егерде әңгімеге бейім болса, әлемдік оқиғалар, олардың жұмысын және олардың хобби талқылауға әрқашан дайын.

* Егер сіз нақты бір нәрсе туралы – онын көлігі немесе жұмыс орнының безендірілуі жайлы, онда әңгімені жалғастыру оңай болады. Бейтаныстарды назарын жалпы ортақ сұрақтар арқылы аударуға болады: олар бұл жерде қанша уақыт бар? Олар қайда болды?

* Назар аударыңыз, әңгіме жеңіл өрбиді, егер сіз әңгімелесушінің сөзіне зер салсаңыз. Біз сырт көзге көрінгендей – кейде өзімізді уайымдап кетеміз, қандай пікір қалдырдық, дұрыс сөзді айтып атырмыз ба – осы тұста екі тарап арасындағы байланыс құру және нығайтудың орнына, әңгімеде жеке монологтар туындайды.

 

* Бірақ сіз эмоционалдық мәдениет барлық басқа компоненттеріне жаттығы алғандай, басқаларға назар аудару қабілетіне жатқыға аласыз. Жалпы айтқанда, бұл қабілет эмпатиямен тығыз байланысты.

* Жақын арада кездескен адамдарға ойша оралыңыз. Сіздің көбірек есіңізде не қалды? Кездескен адамдарыңыз туралы маңызды жайыттарды еске түсіру үшін, пайдалы қысқа жабаларды жазу дұрыс деп санайсыз ба? Бұл жазбалардың іскер адамдар мен иесіз әлемедегі адамдар үшін қаншалықты маңызды екенін білгенде таңқаласыз, егер сіз олар туралы кейбір нәрселерді есте сақтасаңыз: олар сіздің олардан және алдыңғы кездесулерден үйренгендеріңізді бағалайды.

* Әңімелесудің тағы бір өнері – жайлап және керекті уақытта басқа тақырыпқа ауыса алу қабілеті. Қайталаймыз – осына жасаудың уақыты келгенін көрсететін белгілерге мұқият болыңыз. Осы тұта қарапайым сөз түркестері керек болады, мысалға «біз ойланайық, егер...» немесе «бұл маған мынаны еске салады...». Бірақ тақырып екі жақа да қызық болған уақытқа дейін әңгімені жалғастыру маңызды. Әрқашан бестен онға секіретін адамдар, олар ұсақ немесе беттік көрінеді.

* Өзара жол беру үшін дайындық - табысты қарым-қатынас құру кілті болып табылады. Тек қана жол беруге бейім адамдарда көбінде артық өзін бағалау және тіпті сезімталдыққа алып келеді. Бұл адамдарда өзін-өзіне сенім жетіспейді және бұл оларға шектен тыс икемділік туындатады.

* Өз дегенінен қайтпайтын, басқа адамдарға жол бермейтін адамдар көбінде өзімшіл және ұятсыз болып көрінеді. Оларда агрессиямен шатастыратын, өзіне сенімділікке байланысты қиындықтар туады. Және бұл – тым жол бергіштік, және тым табанды – жалпы айтқанда, тығыз байланыс орнату мүмкін болмайды.

Эмоциялық интеллект (англ. Emotional intelligence) – адам өмірінің эмоциялық аймағында тиімді сұрыптау қабілеті: эмоциялар мен қарым-қатынастардың эмоционалдық негіздерін түсіну, мотивациямен байланысты қарым-қатынастарда проблемаларды шешу үшін өзіңіздің эмоцияларын пайдалану.

Ұғымды ғылымға енгізген П.Саловей мен Дж. Майер.ЭИ туралы алғашқы концепциялар 1990 жылы шыққан, содан бері бұл ұғымға әр түрлі авторлар тоқталып келеді.

Дж. Мейер, П. Сэловей и Д. Карузоның анықтамасы бойынша, өз эмоциялар және басқалардың сезімдері (қабілеттері модель) түсіну және ұғыну ықпал ететін ақыл-ой қабілеттерінің тобы.

 

ЭИ құрушы қабілеттер моделі

Қабілеттер моделінің шеңберінде ЭИ құрайтын келесідей иерархиялық ұйымдастырылған қабілеттер кіреді:

- Эмоцияларды қабылдау және білдіру;

- Эмоцияның көмегі арқылы ойлайдың тиімділігін арттыру;

- Өзінің және өзгенің эмоцияларын түсіну;

- Моцияларды басқара алу.

Бұл иерархия келесідей принцптерге сүйенеді:

Эмоцияны білдіру және қабылдау қабілеті – нақты тапсырмаларды шешуге бағыталған эмоциялар негізі рәсімдік сипатқа ие. Бұл қабілеттердің екі сатысы (эмоцияларды қабылдау және білдіру және тапсырмаларды шешуде қолдану) сыртқы ортадағы жағдайды түсінудің, келесі эмоцияларды тудырудың негізі. Жоғарыда айтылған қабілеттердің бәрі де өзіндік эмоциялық жағдайды басқаруға және қоршаған ортамен байланысты нығайтуға керек, сонымен қатар ол арқылы тек өзінің ғана емес, басқалардың эмоцияларында басқара алады.

Осы тұста атап өтер жайт, эмоциялық интеллект бұл тұжырымдамада әлеуметтік интеллекттің жүйешесі саналады.

Қабілеттер моделі шеңбер аясында қолданылатын, ЭИ диагностикасының әдістері:

* Әр түрлі тесттік әдістерді мәселелерді шешуге қолданып, эмоциялық интеллект қабілеттер моделі аясында зерттеледі. Неғұрлым дамыған және күрделі әдіс – MSCEIT. Әрбір тапсырмада эмоционалдық интеллекттің жоғарыда көрсетілген төрт құрамдас бір дамуын көрсететін бірнеше нұсқа бар, зерттелуші оның бірін таңдау керек. ұпайды санауда бірнеше тәсіл қолданылады - консенсус негізінде (жекелеген жауап нұсқасына пайыздық үлгінің өкілі ретінде анықталады) немесе тәжербиелік бағалау (тура сол жауапты белгілегеніне байланысты эксперттердің таңдауы бойынша балл қойылады).

Танымал психологиядағы ЭИ, Гоулмен теориясы – ЭИ аралас моделі

-бұл, біздің қалай өзімізді және біздің қарым-қатынастарды өңдейтінімз. Гоулмен бойынша эмиоциялық интеллект, бұл алынған ақпаратты өзінің мақсатында қолдану үшін өзінің және өзгелердің эмоцияларын талдай алу қабілеті. EQ құраушы төрт компонент бар:

· Жеке сана

· Өзін-өзі бақылау

· Эмпатия

· Қарым-қатынас дағдалары

Эмоциялық мәдениетті зерттеуде маңызды қозғалыс 1980 жылы, психолог, дәрігер Реувен Бар-Он, америкалық шығу тегі бар израилдік азамат, осы салада жұмысын бастаған кезде болды.

Оның популистік өмірдегі эмоциялық интеллект тұжырымдамасы тиімді басшылыққа арналған әдебиетте жиі кездеседі. Жоғарыда атап өтілген төрт компоненттен бөлек, Дэниел Гоулман бесіншісін көрсетеді: мотивация.

ЭИ биологиялық тұрғыдан:

· Ата-аналардың ЭИ деңгейі

· Ойлаудың оң жақ жарты шары

· Темперамент қасиеттері

ЭИ дамуы әлеуметтік тұрғыдан:

· Синтония (баланың қоршаған ортаның іс-әрекеттеріне қатысты эмоционалдық реакция)

· Өзіндік сананың даму деңгейі

· Эмоциялық құзыреттілікке сенімділік

· Ата-аналардың білімі мен отбасылық кіріске сенімділік

· Ата-аналар арасындағы эмоциялық гүлденген қарым-қатынас

· Андрогенділік (қыздардың төзімділігі мен өзін-өзі бақылауы, ұлдардың нәзік сезімдері мен эмпатиясы)

· Сыртқы бақылау

· Діни

ЭИ құрылымы:

· Эмоцияларды саналы реттеу

· Эмоцияларды білу (түсіну)

· Эмоцияларды айыру мен көрсету

· Психикалық белсенділікте эмоциялар пайдалану

EQ анықтамасы

Әлеуметтік интеллекттің екі моделі, қабілеттер моделі мен аралас модел, анықталуда әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді, бұл көбінде олардың теориялық позициясына байланысты. Аралас модел өзіне есеп беру әдістерін қолданады, әрбір әдіс оның авторының субъективті пікіріне негізделген.

Эмоциялық интеллект тесттілеу әдісін қолданып қабілеттер моделін зерттейді.(мұнда әңгіме MSCEIT моделі туралы). Әрбір тапсырмада эмоционалдық интеллекттің жоғарыда көрсетілген төрт құрамдас бір дамуын көрсететін бірнеше нұсқа бар, зерттелуші оның бірін таңдау керек. ұпайды санауда бірнеше тәсіл қолданылады - консенсус негізінде (жекелеген жауап нұсқасына пайыздық үлгінің өкілі ретінде анықталады) немесе тәжербиелік бағалау (тура сол жауапты белгілегеніне байланысты эксперттердің таңдауы бойынша балл қойылады). Балл санауды осы әдістің әлсіз тұсы деп таниды.

EQ әр түрлі әдістермен анықталады, коммерциялық немесе танымал тесттер қолданылады. [http://flogiston.ru/articles/general/eq],[http://www.queendom.com/tests/access_page/index.htm?idRegTest=1121],[http://pozdeev.ru/index.php/component/content/article/3-2011-10-07-17-05-43/179-test-eq1]

ЭИ дамыту әдістері

· Топтық тренингтер

· Жеке тренингтер

· Коучинг

· Отбасы және қоғамдық сақтау орталықтарындағы балаларға арналған тренинг

· Отбасылық тәрбие

ЭИ дамуының мүмкіндіктері туралы психологияда бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі пікір бар. Бірнеше ғалымдар (мысалы Дж. Мейер) мына позицияны ұстанады, ЭИ деңгейін көтеру мүмкін емес, себебі ол қатып қалған қабілет. Алайда эмоциялық құзыреттілікті оқу арқылы көтеруге әбден болады. Олардың қарсыластары (Д.Гоулман) ЭИ дамытуға болады деп санайды. Мидың жүйке жолдары адам өмірінің ортасына дейін дамытуды жалғастыруы бұл позицияның дәлелі болып табылады.

 

Педагогикалық деформация

Қазіргі жағдай соңғы он жылда қоғамның барлық саласында әлеуметтік және экономикалық әрқилы темптермен, дағдарыстық тенденцияларымен сипатталады. Дағдарыс білім жүйесіне сөзсіз әсер етті. Мектептегі білім беруде дағдарыс жүйесіздікпен және педагогикалық еңбек интенсивтілігінің көзсіз өсуінен, педагогтың кәсіби, тұлғалық және әлеуметтік өмірінің жақсармауынан көрінеді.

Экономикадағы әлеуметтік өзгерістер қалыпты кәсіби қарым-қатынастардың бұзылуына және кәсіби стереотиптердің бұзылуына алып келетін жағдайлардың көбеюіне әкеп соғады. Бұл өз кезегінде белсенділікті азайтып, педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастың бұзылуына және қызметтің әлеуметтік маңызды құрылымының бұзылуына алып келетін,тұлғаның кәсіби деструкциясының туына жағдай жасай отырып шеттелуге, тұйықталуға, кәсіби ерекшеліктің жоғалуына әкеп соғады.

Педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуы педагогтың өмірлік жолының әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі заңдылықтарға бағынады. Кәсіби деформациялардың тууы, оларды зерттеу мен коррекциялау, әр түрлі жұмыс өтілі бар педагогтардың өмірлік жолының әр түрлі кезеңдеріне әсер етуді есептеу, педагогтардың дипломнан кейінгі білім алуының үздіксіздігін қамтамасыз ететін бағдарлама, технологиялық жүйе құруда айқын көрініс табады.

Әдетте, кәсіби деформация жөнінде айтқан уақытта, қалыпты рөлдік (кәсіби) мінез-құлық немесе адамның кәсіби емес салаларға әсер етуі айтылады. Кәсіби деформация дезадаптация элементі ретінде қарастырылады, бірақ ол тек ғана кәсіби ортада ғана көрініс таппауы мүмкін. Н.В. Кузьмина педагогикалық мамандықтағы кейбір қиындақтардың себебін айқындады:

• педагогқа тәуелсіз объективті себептер;

• педагог өмірінің шарттарына және тұрмысына байланысты себептер;

• педагогикалық тәжірбие, субъективті-объективті;

• педагогикалық қызметті кездейсоқ таңдауғдағы субъективті себептер. [1].

Тұлғаның кәсіпті игеруде оның құрылымындағы өзгерістерімен бірге игеріледі, кейде бір жағынан,қызметтің сәтті іске асырылуын қамтамасыз ететін сапаның күшеюі мен интенсивті дамуы жүзеге асады, ал бір жағынан – бұл процесске қатыспаушылардың өзгеруіне, басылуына тіпті құрылымның бұзылуына алып келеді. Егер бұл кәсіби өзгерістер тұлғаның бірегейлігін бұзатын, оның бейімделгіштігі мен тұрақтылығын төмендететін жағымсыз өзгерістер ретінде бағаланса, онда оларды кәсіби деформация ретінде қарастыру керек.

Кәсіби деформацияны айқындайтын педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуындағы бірнеше ұстанымдық позицияларға тоқталайық.

Кәсіби деформация феноменінде екі компонент қарастырылады.

1. Бастапқы икемдер, педагогтың болашақ мамандығымен жанасуы, осы кәсіп өккілдеріне тән қасиеттер болашақ педагог мінезінде бар,, саналы түрде сезіне алып және мақтаныш сезімін тудыратын (мысалы, балаларды оқытуға деген ниет, тілек) немесе басылу және жасырыну (мысалы, басқа адамдардың жеке өміріне қызығушылық) икемдері.

2. Жеке кәсіби деформация, өзінің кәсіби қызметін соңында деформациялайды, студентте кәсіби әлем картасы қалыптасқан уақытта, оқу кезінде пайда болады.[2]

Тұлға деформациясы- қиын түсінік, қазіргі таңға дейін оның мазмұнына бірыңғай көзқарас жоқ, кәсіби деформацияның- бұрмалау, мазмұнның үйлесімсіздігі кәсіби қызметтің ерекшеліктерімен байланысты екені туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін «жетілмегендік», «ауытқу», «рақымсыздық», «нысаншылдық» және т.б. секілді сөздермен айқындалады. Бұрмалау нәтижелерге баға бере алудағы кез келген жоғалтумен байланысты, немесе тыныштық күйін үнемі сақтауға ұмтылумен, әрекетсіздікпен, сылбырлықпен сипатталады.

Кәсіби деформация, педагог міндеттердің тек шектелген шеңберін ғана жасауға қабілетті болуына, оның жұмысына бейтарап қарауына, сонымен қатар қанағаттанбаушылық пен шаршау сезімдері күшейе түсуіне әкеп соқтырады. Осылардың нәтижесі педагогтың кәсіби қызметінің тиімділігін төмендеуіне әкеледі.

Педагог тұлғасындағы нормалардың бұзылыстары жиі бақыланады (моральды-этикалық, құқықтық, қызметтік). Бұзылыстардың мынадай ерекшеліктері бар: жоғары эмоциянальды жүктеме; төмен әлеуметтік дәреже; қаржылық тұрақсыздық; мұғалімдіктің «қартаюының» жалпы тенденциясы.

Кәсіби деформацияның мағыналық мазмұны кәсіби өсудің бұзылысы ретінде сипатталады және қызметтегі жеткен жетістіктердің бұрамалануын шамалайды, тұлғаның жағымсыз әлеуметтік-психологиялық өзгерістерінде сипатталып, оның бейімделгіштігін төмендетуімен, кәсіби білім мен біліктің жоқтығымен сипатталады.

Деформацияның негізгі себебі ретінде қызметтің шағын мамандандырылуымен сипатталады. Көп жылдан бергі күнделікті шешім қабылдау кәсіби білімді нығайтып қана қоймай, кәсіби дағды қалыптастырады, қарым-қатынас және ойлау стилін айқындайды. Осылайша тұлға типтік рөлдер жүйесімен сипатталады.[3].

Кәсіби педагогикалық қызмет өз кезегінде адамға толықтай өзгерістер тууына әсер етеді. Педагогтың кәсіби қасиеттерінің көбісі қанағаттандырылмай қалады, ал жетістікке жетуіне жағдай жасаушы қасиеттері жылдар бойы «пайдаланылады». Мойындау маңызды кәсіби өмір еңбек шартына тәуелділік, қанағаттану дәрежесі, белсенділік таныту да негативті сапалардың қалыптасуына әсер етеді. Сапалардың шектен тыс көрінуі және олардың құрылуы педагог қызметімен өзін-өзі ұстауына кері әсерін тигізеді. Қызмет құрылымын бұзатын деструкциялар болады: төмен кәсіби мобильділік, кәсіби дамудың әртүрлі кезеңдерінің сәйкессіздігі, болымсыз мақсаттар, еңбектің жалған маңызы, кәсіби конфликтілер, кәсіби қабілеттердің төмендеуі, кәсіби ойлаудың әлсіреуі және т.б. [4].

Кәсіби шеттелу, педагог тұлғасына кәсіби бағытталудың деструктивті өзгерісі болды, педагогтың қызметтен тыс өмір саласында басым бағдарлаумен сипатталады. Кәсіби шеттелуге тән мінез-құлықтық сипаттар педагогтың әріптестермен және оқушылармен қарым-қатынастағы жабықтық, пәнге шоғырлану, агрессивтілік, әлеуметтік екіжүзділік, белгілі өтірік, өз қызметін асыра пайдалану, арсыздық. Осының бәрі педагогты әлеуметтік бейімсіз етеді, яғни педагогикалық қызметті орындауға жарамсыз етеді. [5].

Кәсіби шеттелу сипаты бар кезеңнен кәсіби қалыптасудан өтуде педагогтың тұлғалық өзін-өзі белсендендіру. Кәсіби қалыптасудың бір деңгейінен кәсіби шеттелуі бар педагог сипатына өтуде педагог үшін өзін-өзі белсендендіру құндылықтарының маңызы;қоғамдық және отбасылық өмір саласының маңыздылығы; адамдармен қарым-қатынас жасаудағы рухани-адамгершілік құндылықтарға ұстылуы бақыланады. Жұмыс өтілінің көбеюіне орай педагог тұлғасы шағын тұтастықпен және толықтықпен, өзін-өзі бағалаудың жағымдылығының аздығымен сипатталады. [6].

Кәсіби деструкциялар-бұл қызметте және тұлғада үнемі жинақталып отыратын қалыптасқан құрылымның өзгеруі, «еңбек өнімділігіне және де тұлғаның жеке дамуына жағымсыз әсер етуші» [7, с. 149].

Кәсіби деструкциялар қызметтің игерілген тәсілдерінің бұзылуы кезінде, кәсіби қалыптасудың бір кезеңінен келесіге өткен кездегі өзгерістер бақыланады. Бір кәсіби қызметті ұзақ уақыт жасау кезінде туындаған стереотиптер адамның кәсіби өзін-өзі ұстауын өзгертеді.

Педагогикалық тәжірибедегі осы секілді кәсіби деформациялар жеңе алмайтын дәрежеге жетуі мүмкін; жағымсыз сыртқы әсер етуді лезде тоқтатқанда тез жоғалатын қабілетті формада болуы мүмкін. Стереотипті іс-әрекеттерде педагогтың тұрақсыздығы пластикалық формада көрініс табуы мүмкін. Басында өңделген стереотиптер жұмыс тиімділігінің жылдамдатады және жоғарылатады, бірақ олар басым бола бастағанда жағдайды педагог оңайлатып қабылдайды, ал өзінің қолданған әдістерінің дұрыстығына сенімділігі оның аналитикалық қабілеттерін төмендетеді. Осындай педагогтың мінез-құлығында икемділікпен жағдайға басқаша көзқараспен қарай алу қабілеттері болмайды.

Кәсіби стереотиптердің – шеберліктің жоғарғы дәрежесіне жету көрінісі, сананы жүктемей бейсаналы құрылымдармен басқарылатын тек қана білімді көрсетіп қана қоймай толықтай автоматтандырылған қабілеттер мен қарымдары көрсету екені күмән тудырмайды.

Профессиональные стереотипы развиваются, как правило, из тех качеств, которые особенно полезны для профессии. Однако, если слишком большая доля пове-дения строится на таких стереотипных действиях или указанные специфические установки начинают распро-страняться на внепрофессиональную среду, то это небла-гоприятно влияет и на работу, и на общение человека

Кәсіби стереотиптер заңдылық бойынша мамандық үшін маңызды саналатын сапалар есебінен дамиды. Алайда, егер мінез-құлықтың шектен тыс көп бөлігі осы секілді стереотипті іс-әрекеттерге құрылатын болса немесе көрсетілген кәсіби құрылымдар кәсібиден тыс ортаға таралатын болса, онда бұл жұмысқа және адамдармен қарым-қатынасқа кері әсерін тигізеді.

Артық орнатылған құрылымдар маманның қарапайым, айқын және саналы шешімді елемеуі мейлінше оңтайлы шешіммен, бірақ жаттанды оймен алмастырылады, педагогта жаңа білімдерсіз-ақ жиналған стереотиптер қызметтің қажетті жыдамдығын, дәлдігін және табысытылығын қамтамасыз ететіндігі туралы елестер пайда болады. Нәтижесінде маман ретінде педагогтың азғындалуына әкеп соқтырады.

Кәсіби деформацияның байқалу нұсқауларын анализдеу маңызды, педагог өз міндеттерін орындауға ұмтылады, алайда қажетті қабілеттіктер жетіспейді, осының нәтижесінде өз-өзінен көңілі қалады.

Еңбектік мінез-құлықта кездесетін деформацичның мынадай түрлері бар: рестрикционизм, еңбек өнімділігінің артықтығы, ойлау ебедейсіздігі, өз ойын жеткізуге қорқыныш, рөлдік жүйенің жұтаңдығы.

Рестрикционизм, көп уақыт және аз тиімді мінез-құлықты сипаттайды. Осындай педагог қызығушылықтары мектеп қызығушылығымен сәйкес келе бермейді, кейде қызығушылықтар қарсы келуі мүмкін. Бұндай мінез-құлық мәдениеттің төмендігінің нәтижесі емес, топтық бірліктің көрінісі. Педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мейлінше жақын болса, формальды емес көшбасшылар ұстанымы мейлінше күшейе түссе,әлсіз және орташа жұмыс жасайтын жұмысшыға тиімді рестрикционизм соншалықты қатты байқалады. Мықты педагогта ол кәсібиліктің төмендеуін тудыруы мүмкін, еңбек тәсілдерінің индивидуальды шешімдерін іздеуден бас тартуға, жұмысқа деген қызығушылықтың төмендеуіне, кәсіби және инновациялық сұраныстардың төмен деңгейі дәрежесіне алып келеді.

Қарама-қарсы деформациялы құбылыс- «жұмыстағы патологиялық төзімділік», өз еңбегінің қауырттылығын саналы түрде жоғарылатуымен байланысты: жұмыс екпінін тиімсіз жоғарылату, жұмыс күнінің ұзартылуы және т.б. осындай мінез-құлықтың сыртқы мотивтеріне көп ақша табуға тілек, бірінші болу, бәсекелестік сайыста жеңіп шығу жатады. Ішкі мотивтерге адалдық, өзін-өзі таныту жатады. Осындай еңбек қуаныш сыйламайды, жеке өмірдің мәні жоғалады.

Ойдың ебейсіздігі кәсіби деформация ретінде педагогтың жұмыс орындауға қабілеттіліктері:біліктілігін арттыру, кәсіби ортаның жаңа шарттарына адаптация секілді өзгерістерге қабілетсіздіктерімен байланысты. Адам, жиі ынталы және еңбексүйгіш, барлығымен татуласуға келіседі, тек ешнарсе өзгермесе болды. Тұлға үшін бұл кәсіби тоқырауға алып келеді, содан соң кәсіби регресске.

Педагогтың өз ойын жеткізуге деген қорқынышына адамдарға деген сақтық қарым-қатынас, қалыптасқан үлгідегі «орташаландырылған» мінез-құлық аясынан шығуға ұмтылыс алып келеді. Осындай күй жұмысшының әлеуметтік және кәсіби пассивтілігінде көрініс табады. Адамда жаңа ақпарат алдында қорқыныш сезімі болады, нәтижесінде білімнің ескіруімен және бірте-бірте квалификацияның жоғалуына алып келеді. Ол таңдалған шешім үшін өзіне жауапкершілік алудан қашады, тәуекелге бел бууды жөн санамайды, антиинновациялық әлеуметтік-психологиялық климатты құрастырады. Нәтижесінде осындай деформация жұмысшының қызмет ақыға жоғары қызығушылығынан, жұмыс және тұрмыс шарттарынан көрініс табады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1394; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.