Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жаттарды криминалистік зерттеу. 4 страница




1. толығымен ойдан шығарудан құралатын өтірік;

2. бөлшекті өтірік (шындық элементтері мен өтірік элементтерінің қосындысы).

Өтірік көрсетпелер өзінің сипаты, бағыты бойынша мынандай болады:

1. ақтаушы;

2. айыптаушы;

3. біреулер үшін ақтаушы, басқа тұлғалар үшін айыптаушы;

4. бейтапарты (мысалы, қылмыс істеген нақты тұлғаны көрсетпей, болмаған қылмыс туралы теріс деректі жариялау).

3. Кездейсоқ негіздегі өтірікте әр түрлі психикалық, физиологиялық, логикалық факторлармен негізделген

Криминалистика негіздері 85


себептер жатуы мүмкін (кәрі-жасы, басқа түскен залал, ақпаратты дұрыс қабылдау, сақтау мен өзгеге жеткізу ісіне және тезис пен дәлелге кері әсері т.б. байланысты қателікке соқтыратын төменгі білімі мен білгірлігі).

Қасақана берілген теріс куәгерлік үшін басқа негіздер сипатталады. Әдейі берілген теріс көрсетпе көбіне мыналар үшін беріледі:

а) айыптыларды қылмыстық жауаптылықтан айыруға көмектесу;

ә) айыпкердің (сотталушының) кінәсін жеңілдету;

б) қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе тартылуға жататын тұлғаның кінәсін ұлғайту;

в) кінәсізді оның ешқандай қатысы жоқ істелінген қылмыстан бас тартуға немесе болмаған қылмысты істегені туралы көрсетпе беруіне келістіру.

 

4. Іс бойынша жүргізілетін тергелуші әрекеттердегі құрылған көзқарастың өтірік болу мүмкіндігі 4 топқа бөлінеді:

- өтірікті болдырмауға бағытталған әрекет;

- өтірікті тануға бағытталған әрекет;

- өтірікті ашуға бағытталған әрекет;

- өтірікші бағыттарын өзгертуге бағытталған, өтірік көрсетпелерден бас тартып, дұрыс көрсетпе беруді қалыптастыру әрекеті.

 

22.Өзін кінәлаумен байланысты жағдайларды тергеу

 

 

  1. Өзін кінәлау ұғымы
  2. Өзін кінәлау түрлері
  3. Өзін кінәлау белгілері

Криминалистика негіздері 86


  1. Өзін кінәлауды тергеу

 

1. Өзін кінәлау – бұл сезіктінің (айыпкердің) өзінің болған немесе болмаған қылмыстарға себепті қатысуы жөніндегі теріс көрсетпесі.

2. Өзін кінәлау – жай (өзін айыптаушы) немесе күрделі, яғни өзін айыптаумен бірге басқа тұлғаларды айыптауы.

Сондай-ақ мыналар ерекшеленеді:

а) толық өзін кінәлау (арызданушының қылмысқа шартты қатыспауы);

ә) жеке өзін кінәлау (егер қылмысқа қатысты белгілі бір шаралар болса);

б) теріс кінәлау (ойдан шығарылған қылмыс қатарында).

3. Өзін кінәлаудың белгісі мыналар болып табылады:

- болған қылмысты сезіктінің жасағанын растамайтын дұрыс көрсетпелерді алу (айыпкер, сотталушы). Сондай-ақ бұл қылмысты басқа адаммен істелінгенін анықтау;

- сезіктінің немесе айыпкердің өздерінің қылмыс жасауы туралы көрсетпенің шындығына сенімсіздік тудыратын дәлелдерді табу;

- сезіктінің немесе айыпкердің қылмысқа қатыстығын айту туралы бастапқы тергеу көрсетпесінен бас тартуы.

4. Өзін кінәлаумен байланысты жағдайларды тергеуде мыналарды анықтау керек:

- іс жағдайды кінәлау туралы көрсетпені тергеу ісімен байланысты алудың іс жолдары (уақыты, орны, қылмыстың түрі және т.б.);

- кінәлаудағы күдіктенген сезікті, айыпты, сотталған тұлға туралы дерек;

- кінәлау жағдайы (оның уақыты, орны, мақсаты және басқа жағдайлары);

- кінәлауға сай және онымен шартталған жағдайлар;

 

 

Криминалистика негіздері 87


- іс бойынша бұзылғандығы орын алады ма, егер алса, олар немен түсіндіріледі, кіммен, қашан, қандай себептермен болған, бұзушыларға қатысты қолданылатын шаралар.

 

 

23.Жалған көріністі (жасағансу) табу мен әшкерелеу

 

1. Жалған көрініс ұғымы

2. Жалған көріністің әрекет құрылымы

3. Жалған көріністің топталуы

4. Жалған көріністің белгілері

5. Жалған көріністі табу мен әшкерелеудің ерекшеліктері

 

1. Жалған көрініс – бұл сол іске қатысы бар тұлғамен оқиға болған жердегі деректемелі істерге сәйкес келмейтін жағдайды жасау болып ұғындырылады. (яғни бір нәрсені істеген болып теріс көрсетіп алдау).

2. Жалған көрініске байланысты әрекет құрылымы келесі операциялармен реттеледі:

- болашақ жалған көрінісі бар жағдайды анализдеу және бағалау;

- жалған көрініс жөнінде шешім қабылдау;

- жалған көріністің варианттарын қарау және одан да өзекті вариантты анықтау;

- жалған көрініс болатын жағдайдың ойша моделін жасау;

- жасалған моделді тасымалдау;

- көрсетілген оқиғаның және оның себептерінің растығын басқа тұлғаларға, сонымен бірге құқық қорғау органдары қызметкерлерін қоса сендіруге есептелген түсінікке дайындық;

Криминалистика негіздері 88


- жалған көріністі әшкерелу оқиғасына түсінік беруге дайындықты және тергеуді жүргізу қатарын анықтау.

3. Жалған көрініс әр түрлі негізде топталады:

1. Субъектісі бойынша:

а) қылмысқа қатысушылармен орындалуы;

ә) қылмыскердің сұрауы бойынша басқа тұлғалармен немесе өз ниетімен орындалуы;

б) қылмыскердің басқа тұлғалармен бірігіп орындалуы.

2. Орны бойынша:

а) оқиға болған жерде;

ә) қылмыстың болу барысында;

б) қылмыс болғаннан кейін;

3. Мақсаты бойынша:

а) қылмысты жабу;

ә) қылмыстық емес жағдайларды жабу;

б) басқа мақсаттарда.

4. Объектісі бойынша:

а) қылмыстың жалған көрінісі;

ә) қылмыстық емес сипаттағы құбылысты жалған көріністеу (жасағансу);

б) жүйелі жағдай оқиғасының кейбір элементтерін жалған көріністеу (жасағансу);

5. Мазмұны бойынша:

а) оқиға болған жердегі материалды іздердің жалған көрінісі;

ә) тергеу әрекетін жалған ақпараттаушы деректерді теріс жариялаушы осыған байланысты варианттарды жасау мен іске асыру және материалдық іздерді жалған көріністеу (жасағансу).

4. Оқиға болған жерді зерттеудегі пайда болған белгілерді жалған көрініске алу ретінде мыналар орындалады:

а) зерттелуші құбылыс өтірік емес, рас болған жағдайда көрінбейтін іздер оқиға болған жерден табылса;

ә) олардың жоқ кезінде табылмаған, іздері көрініске алу жағдайында қажеттілікпен пайда болуы тиіс;

Криминалистика негіздері 89

 


б) оқиға болған жерде табылған іздер, оларды жалған көрініске алу жағдайы үшін, іздер өзгеше сипатта болады, бірақ олардың жағдайы болған құбылыстағы жағдайына сәйкес келмейді.

5. Жалған көріністі табу мен әшкерелеу мақсатында анықталатындар:

- жалған көрініске байланысты оқиға жағдайын іске асыру (сипаты, уақыты, орны, жағдайға қатысушылары және т.б.);

- жалған көрініске алынатын жағдайдың сипаттамасы (түрлері, белгілері);

- жалған көрініске қатысушылар және әрқайсысының рөлі, олардың басшылық еткен мақсаттары мен себептері;

- жалған көріністі дайындау мен жүзеге асыру жағдайы (орны, уақыты, реттілігі жалған көріністі көрсететін тұлғалардың пайдаланатын заттары, материалдары);

- жалған көрініс салдары (уақытынан тыс қылмыстық іс қозғау, кінәсіз адамдарды жауапқа тарту);

- жалған көрініс жасаушының жауапты теріс берумен байланысты жағдайлары.

 

 

24. Бөтен мүлікті өз иелігіне өткізуді немесе жұмсап жіберу барысындағы тергеу әдістемесі.

1. Өз иелігіне өткізудің немесе жұмсаудың ұғымы мен пәні

2. Анықтауға жататын жағдайлар

3. Бөтен мүлікті иеленудің немесе жұмсаудың тәсілдері

4. Бастапқы тергеу барысындағы түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттері

 

 

Криминалистика негіздері 90


1. Иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау (ҚР ҚК – 176 бап). Берілген қылмыс құрамы кінәлінің атқарған қызметіне сеніммен қалдырылған мүлікті жауаптылықпен қарастырылған.

Көбінесе қылмыстық жолмен иеленудің құралына ақша қаражаттары, сондай-ақ шетел валюталары, чек кітапшалары, несие карточкалары, облегациялар, акциялар, сертификаттар жатады.

2. Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау туралы істер бойынша келесі мән-жайлар анықталады:

1. бөтен мүлікті иелену дерегінің орнының болуы;

2. иелену тәсілі;

3. әр эпизоттың уақыты, орны және басқа жағдайлары;

4. айыпкердің (айыпкерлердің) кінәлілігі;

5. иеленген материалдың залал сипаты мен мөлшері;

6. иеленуге қатысушылардың әрқайсысының тұлғалары;

7. жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар;

8. бөтен мүлікті иеленуге себепші мән-жайлар.

3. Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау тәсілдері:

а) банк саласында:

· ұрлау мақсатында алынған жасанды құрылтайшылар және бухгалтерлік құжаттарды, кепіл хаттарды, кепілдік және сақтау құжаттарын қолдану арқылы кредитке иелену;

· жасанды және бағалы қағаздар арқылы алынған ақша қаражаттарын иелену: кредиттік авизо, есептелуші шектер, мемориалды ордерлер, векселдер, депозитті сертификаттар;

· бөтен немесе жасанды пластикті кредит карточкаларын пайдалану арқылы ақшаны жымқыру;

· банкті компьютерлік торларды қолдану мен ақша қаражаттарын аудару және иелену;

Криминалистика негіздері 91


ә) жекешелендіру ісінде:

· жекешеленетін мекеменің болашақта жеке меншікке немесе акционерлікке аударудағы баланстың құнын түсіру;

· бекітілген тәртіпті бұзу арқылы жекешелендіруді жүргізу;

· жасанды немесе заңсыз жазылған жекешелендіру шектерін, оларды айналымға қайта енгізуді пайдалану;

· халық қорына жекешелендірілетін мекеменің интеллектуалдық меншігін немесе басқа материалды емес активтерді көтерілген баға бойынша қосуы;

· акционерлер құрамына «өлі жандарды» немесе жекешелендіруге қатысуға құқық қабілеті жоқ тұлғаларды қосу есебімен акцияның бақылаушы пакетіне иелену;

б) көтерме және бөлшекті саудада:

· шыққан шығын немесе бүлінген тауар деп қосып жазып заңсыз жолмен есептен шығару;

· тауарды кассасыз пайда табуды иеленумен тасымалдау;

· тасымалданған тауар құжатын жою;

· тонауға алдын ала дайындалып, тауарды жарамсыз деп сорттау арқылы жымқыру;

· сатып алып, сату келісім шарты бойынша қосымша төлем ретінде алынған аванс қаражаттарын жұмсау;

· өндірілмеген жарнамалардың, маркетингтік, көліктік, жөндеу және басқа жұмыстарына бөлінген ақша қаражаттарын өз иелігіне өткізуге негізделген есептен шығару.

 

4. Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау туралы істер бойынша тергеудің бастапқы этабында пайда болған екі жағдайды бөлуге болады:

а) Іс жедел іздестіру іс-шараларының салдарында пайда болады, тергеудің жүруіне қызығушы тұлғалар істің қозғалғанын білмейді.

 

Криминалистика негіздері 92


Бұл жағдайда мынадай тергеу әрекеттері сипатталады: орнында ұстау, ұсталынғандардың өзіндік тінтулері, олардың жұмыс орындары мен тұрғын жерлерін тінту, мүлікті қамауға алу, сезіктілерді жауаптау, құжаттарды, заттарды алу мен қарау, алаң мен құралдарды қарау, куәларды жауаптау, инвентаризация мен ревизияны ұйымдастыру, тану органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді тапсыру;

ә) қызығушы тұлғаларға белгілі тергеуге дейінгі тексеруді өткізгеннен соң істің қозғалуы.

Бұл жағдайда келесі әрекеттер сипатталады: қулықпен пайда табуға жауапты тұлғаларды жауаптау, құжаттарды, заттарды алу және қарау, алаң мен құрылыстарды қарау, куәгерлерді жауаптау, қажетті жағдайда – сезіктілерді ұстау, мүлікті іздестіру және тіркеу, беттестіруді жүргізу, тану органдарына жедел іздестіру іс-шараларын өткізуді тапсыру.

 

25. Қарақшылықпен шабуыл жасауды және тонауды тергеу әдістемесі.

  1. Тонау мен қарақшылықтың криминалистік сипаттамасы.
  2. Анықтауға жататын мән-жайлар.
  3. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері.
  4. Бастапқы тергеу этабындағы түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттері.

 

1. Тонау мен қарақшылық қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық зиян келтіріп қана қоймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ қарақшылық шабуыл мен тонауды, олардың негізінде

Криминалистика негіздері 93


баскесерлік шабуылдар, қорқытып алушылық және т.б. қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды.

Тонау – бөтен мүлікті ашық ұрлау (ҚР ҚК 178 бап). Қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау (ҚР ҚК 179 бап).

Тонау мен қарақшылық шабуылдың көпшілігі азаматтардың жеке мүлкін тартып алу мақсатында және әдетте арнайы дайындықсыз жасалады.

Тонау мен қарақшылық шабуыл барысында із қалыптастыру тетігінің бірқатар ерекшеліктері болады. Әдетте оқиға болған жерде қылмыс іздері мен басқа да заттай дәлелдемелер өте аз қалады. Көзімен көрген адамдар тонау немесе қарақшылық шабуылды толық бақылай алмайды, яғни олар жауап алған кезде болған оқиғаның кейбір жерлерін ғана айтып береді және көп жағдайда көз көрген куәгерлер тіптен болмайды.

Тонау мен қарақшылық жасайтын адамдар көбінесе жұмыс істемейді, адамгершілікке жат өмір сүреді, үнемі маскүнемдікке салынады, есірткі пайдаланалы. Олардың денін бұрын сотталғандар құрайды.

2. Тонау мен қарақшылық шабуыл жайлы іс бойынша анықтауға келесі мән-жайлар жатады:

1. тонау немесе қарақшылықтың орын алған-алмағаны;

2. тонау немесе қарақшылық жасау тәсілі: егер қарақшылық жасалса, жәбірленушіге қатысты қолданылған күш көрсету неден байқалады;

3. қылмыс қашан, қайда және қандай жағдайда жасалынды;

4. тонау немес қарақшылық нәтижесінде не ұрланған, ұрланған зат кімге тиесілі, ұрланған заттың бағасы қанша;

 

Криминалистика негіздері 94


5. қылмысты кім жасады; егер оны топ жасаса, топқа кімдер кіреді, әрбір қатысушының ролі қандай;

6. жәбірленуші кім, қарақшылық шабуыл жағдайында жәбірленуші денсаулығына зиян келді ме, оның сипаты мен ауырлық дәрежесі қандай, ұрланған затты жасыруға көмектесетіндер немесе жасырушылар болды ма, нақты кімдер;

7. қылмыс нәтижесінде келген жалпы материалдық зиян қандай, тонау немесе қарақшылық шабуыл жасауға қандай жағдайлар мүмкіндік туғызды.

 

3. Тонау мен қарақшылық жайлы қылмыстық іс қозғау үшін жиі себеп болып табылатындар: жәбірленушілердің немес олардың туыстарының арыздары; мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, осы ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде ұрлап кету фактілері туралы немесе мүлікті тартып алу мақсатында олардың қызметкерлеріне шабуыл жасалғандығы туралы хабарлауы; медицина мекемелерінің шабуыл жасау нәтижесінде жәбірленген адамдарға көмек көрсеткені туралы хабарлауы; көзі көрген тұлғалардың тонау немесе қарақшылық шабуыл белгілері деп табылатын фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе анықтау органдарының қылмыс белгілерін табуы.

Әдетте тонау немесе қарақшылық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан соң арызданушыдан жауап алынады. Егер арызданушы жәбірленуші болмай, көзі көрген немесе тиісті мекеме, кәсіпорын не болмаса ұйым әкімшілігінің өкілі болса, онда жедел түрде оқиға болған жерді күзетке алу шараларын қолдану, жәбірленушіні анықтау және одан оқиғаның мән-жайын анықтау қажет.

4. Тонау мен қарақшылықты тергеудің бастапқы кезеңінде көбінесе мынадай түрлі тергеу жағдайлары қалыптасады:

 

Криминалистика негіздері 95


а) тоналағн немесе қарақшылық шабуыл жасаған сезікті тұлға қылмыс болған жерде немесе оның болуынан кейін ұсталуы.

Осы жағдайда тергеудің әрекет жоспары мынадай: сезіктіні ұстау, оны жеке тінту, қажет болған жағдайда куәгерлендіру, жәбірленушіні жауаптау, қажет болған жағдайда оның киімін қарау және куәгерлендіру, оқиға болған жерді қарау, сезіктіні жауаптау, сезіктінің тұрақты мекен-жайын тінту, көрген куәгерлерді жауаптау, сот-медициналық, криминалистикалық және басқа сараптаманы тағайындау.

б) қылмысты жасаған сезікті тұлға ұсталған жоқ, бірақ тергеушіде оны іздестіру мен ұстауды шешетін дәлел бар.

Бұл жағдайда бастапқы тергеу әрекетінің реті мынадай: сезіктіні жауаптау, куәландыру және киімін қарау, оқиға болған жерді қарау, куәгерді жауаптау, сот сараптамаларын тағайындау, жедел-іздестіру шараларын жүргізу.

в) қылмыс істеген тұлға туралы мәлімет құқық қорғау органдарында жоқ.

Бұл жағдайда тергеу әрекетінен басқа жоғарыда аталған сезікті тұлғаларды анықтаумен ұрланған затты іздестіруге бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары қолданылады.

26. Ұрлықты тергеу әдісі.

1. Ұрлықтың ұғымы, криминалистік сипаттамасы.

2. Анықтауға жататын мән-жайлар.

3. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері.

4. Тергеудің бастапқы және кейінгі кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері.

1. ҚР ҚК 175-бабына сай, ұрлық бөтен мүлікті жасырын ұрлау болып ұғындырылады.

 

Криминалистика негіздері 96


Ұрлықтар немесе біреудің мүлкін жасырын ұрлау, ең кең тараған қылмыстарға жатады.

Ұрлық жасаудың тәсілдері әр түрлі. Олар мынадай тәртіпте жүйеленеді:

  1. Тұрғын жайларда ұрлық жасау.
  2. Тұрғын-жайға кірмей азаматтардың мүлігін ұрлау. Оларға қалта тонау, сөмкелерінен зат ұрлау т.б. жатады.
  3. Сенімге кіру арқылы ұрлық жасау.
  4. Көлік ұрлығы.
  5. Автокөліктен ұрлау – бұлар жиі кездесетін ұрлық тәсілдері.

Ұрлық жасау барысында қалдырылған қылмыскердің іздері әр түрлі болады және оларды ұрлықтың түрі мен оларды жасау тәсілдеріне байланысты болады.

Ұрлықты көбінесе кәмелетке толмағандар және арақ ішетін және есірткі пайдаланатын адамдар қаржат табу үшін жасайды. Статистика бойынша ылғи бір әдіспен ұрлық жасап сотталған адам жазасын өтеп шыққан соң дәл сол әдіспен ұрлық жасайды екен.

2. Ұрлық қылмысын тергеу барысында анықтауға жататын мән-жайлар ұрлықтың болған-болмағаны; ұрлық жасау уақыты, орны және жағдайлары; ұрлық заты (қылмыскер не ұрлады), оның құны, белгілері; ұрланған зат кімдікі; ұрлық жасау тәсілі; ұрлық субъектісі (кім жасады); ұрлықты қылмыстық топ жасады ма, егер солай болса – топтың әр мүшесінің кінәлілік деңгейі, ұрланған затты өткізу орны, уақыты және тәсілі, кінәлілердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар; ұрлықтың жасалуына мүмкіншілік берген себептер мен жағдайлар.

3. Ұрлық туралы қылмыстық істі қозғау негіздері: жәбірленушілердің арыздары; мемелекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жеке мекемелер мен кәсіпорындары қызметкерлерінің осы құрылымдарға тиесілі мүліктің ұрланғаны туралы хабарлауы;

Криминалистика негіздері 97


куә адамдардың ұрлықтың белгісі бар фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе анықтау органының қылмыс белгілерін табуы. Әдете ұрлық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан кейін алдымен мәлімдеушіден қысқаша жауап алу керек. Лезде сезіктілерді іздестіруді ұйымдастыру үшін жауап алуды неғұрлым аз уақыт алу керек. Егер жәбірленушінің мәлімдемесінде қайшылықтар болса немесе басқа себептермен күмән тудырса, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оқиға орнын қарайды.

4. Ұрлықты тергеу кезеңінде бастапқы үш түрлі тергеу әрекеттері айқындалынады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 960; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.