Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кэрол Дуэк 19 страница




– «Қателеспейтін адам жоқ!...»

– «Қателесу айып емес» қой, мойындап түзетсек болды!– деген ащы мысқылдар да естілді.

Күлбеттеніп Жаубасар, көзін шатынатып Айқайкөк сахна үстінен қатар зекірді.

– Сөйлегенің ғана тұрыңдар!... Күрес жиынына қарсы сөйлегендер ғана тұрсын!

– Сөйлемегендер отырсын!

– «Сөйлеткен біз!» – бәріміз бұйырып сөйлеткенбіз!» – «қателік бәрімізден өтті!» – Жамыраса дауыстады көпшілік. Жаубасардың дауысы бәрінен асып түсіп, баса бұйырды.

– Әрбір әтреттегі басшы жолдастар, «сөйледік», «сөйлеттік» дегендерін түгел тізімдеңдер! –Тағы бір лекцияның шабыты келгендей, столына ұмтылды, сөйлей жөнелді. – «Кім төңкерісші жақта тұрса, сол төңкерісші!... Кім жиянгерлік жақта, феодализм жақта, бирократ капитализм жақта тұрса, сол кері төңкерісші» деп бастады да «оңшыл, жерлік ұлтшылдарды» солардың белсенді жендетіне айналдыра «дәлелдеді». Сәйда соның ішіндегі ең құтырғаны болып сайланды да мына түрегеп тұрғандар жұқтырғаны болып соған байланды. Сәйданың қылмысы осы амалиятымен өлшеніп, зор жазаға тартылатыны, тамыры ада-күде қырқылатыны ескертілді.

«Жолдастар, оңшылдық пен жерлік ұлтшылдық обадан да жұқпалы дерт екендігін көрдіңдер, лезде жұқпады ма! Оң мен солды аса сақтықпен айырып, әр минут, әр секонтта содан сақтануды ұмытпаңдар! Әйел Сәйда жоғалды. Одан да қатерлі еркек Сәйдалар әлі бар, сақтаныңдар! Олардың да ойланатын уақыты жетті, қылмыстарын танымаса кететін жерін көрді. Осыдан сабақ алсын!» – Жаубасар сөзін осымен тоқтатып, маған бір қарады да Айқайкөк пен бұрынғы жуан қара сұрға күбірлеп тастап шыға берді. Ендігі шешендік екі орынбасарға тиді сөйтіп. Жаубасар сахна босағасына барып тұрып, залдағы «ұлтшылдарға» көз жазбай қараумен болды. Аса қымбатты бірдемесін алдырып қойғандай, жүзі әлемтапырық, алақ-жұлақ қарайды. Сәйданың «құтырығы» өзіне де жұқты дегендейсің.

Жаубасардың жаңағы сөзі екі орынбасарына «қиыннан жол ашып беру» екен. Кезектесіп дәл осы ізбен бұлжымай жосылта берді. Екеуі бақандай үш сағат сөйлеп «тәрбие» берді.

Енді қайтейік дегендей елеңдей қараған екеуіне Жаубасар қолын сермей сала жөнелді. Болары болды тарасын дегені екен. Қиралаңдай басып артқы есікке беттеді өзі.

Жиын тарап, залдағы екі мыңдай адам алдыңғы бір ғана есіктен шығуға бұйрылды. Шектелгендерді келгендегідей шеңберлеп айдап қайтарумен ешкімнің ісі болған жоқ. Иесінше авчаркаларда өзді-өз беттерімен жөнеле берді. Сыпыра арлан ғой, осындай да әрқайсысы бір-бір өлекшін соңынан шұбауға асыққан сияқты.

Сәйданы тұмылдырықтап айдатқанымен Жаубасарлардың өздерінің тұмсықтан жеп, есеңгіреп қалғандықтары байқалады. «Жерлік ұлтшылдар» тыңшылардың арам ырыздығына айналып қалмау сақтығымен бөлген қошқарша өз қатарларында жылжып еді. Сонда да жамырасқан–маңырасқан қоралас-үйірлестеріміз тұс-тұстан қосылып, арамызға сіңе, жандаса жылжыды. Күлән қолымды екі қолымен алып сылап, аймалай өтті де Ынтықбайына ұмтылды. Жауынгер Нұрияшым маған күліп жайраңдай ілесті де, қасындағы Ақия мұңайып, жылай амандасты. Менің «блоктастарымды» олардан да сұрастырып жүріпті. Асығыс күбірлеріне қарағанда Ақияны Құлжан мен Мақұлбек қатты қорқытып жүр екен. Қапияның соңынан кәндекше еріп келе жатқан Құлжан көрінгенде Ақия басқа бір «ұлтшылдың» ар жағына өтіп, бізден алыстай қойды.

Қапас пен Құмар залдың қарсы жақ іргесімен жылжыған қатардан көрінді. Тым жабырқау, көз астыларымен ғана қарайды бізге. Мақұлбек қуған түлкісінен көз жазып қалған төбетше сол жақтан жалтақтап тұр екен. Дию мен сайтанның басынғандықтарын байқап, Мақпалға Ақия мен Қапияның олардан қаймықпауын ғана тапсыра алдым. Ондай немелер қаймыққан сайын қыдыңдай беретін ғой.

Ауыз залдан шыға бергенімізде шеттен қосылып сөйлеушілер қала берді. Жаубасар клубтың шығар есігіне қарсы қарап тұр екен. Сәйда сені де құтыртып кетті ме дегендей «ұлтшылдардың» әрқайсысына қанталаған көзін қадап, жеп жіберердей тістене қарап өткізеді. Бет-аузы көк аязданып алыпты. Ерні дір қағып, шықшыты бүлкілдейді. Мен жақындағанда иегі де жыбырлап кетті. «Қияметіңіз өзіңізді қылбұрауға салғанба қалай?» деген сұрау аузымнан шықпаса да көзімнен ұғылғандай. Құтырған қиық көзі қып-қызыл кесек ұшқын атып жіберіп, кірпігін қағып қалды да төмен қарай берді. Айдаусыз-бақылаусыз еркімізбен жайылып шыққанымыз үшін ешқайсынымызға тіл қатпай қалды. Ол бұйрығы қазір есінде де жоқ іспетті.

– Пәле қыз мынаны мылжалап-ақ кеткен екен!– деді Қалық былай шыға бере.

Юсупбек күліп жіберіп, жан-жағына қарап жауап қатты:

– Ұмытпастай мықты ескерту болды. Жоғарғы жақ естісе... Ойластырып көруі мүмкін!

«Жерлік ұлтшылдар» бағана «қияметке» келе жатқанда ағыдай сөлміреймей, қыл көпірден аман өткендей түгел жайраңдасып, күлісіп келеді екен. Алдыңғы жақтағы Ынтықбай да Рақымқанмен даңғырласып барады. Біздің алдымыздағы «Құйын соққан» ғана дара. Мойынын ішіне тығып, үнсіз-тлсіз көңілсіз оймен келе жатқандай көрінді.

– Ей Құй аға,– деп қараттым. – Сырқаттан саусыз ба?

– Сырқаттан қиынырақ бір мәселе қинап келеді! –Сол көңілсіз қалпында тұнжырап айтты жауабын.

– Біз көмектессек қалай?

– Кемпірімнің ақылы болмаса, ешкімнің шипасы қона қоймас!... Алла тағала Сәйда екеуімізді жасағанда қателесіп қалыпты. Сәйдаға ерлік қайрат беріп, оған лайықты құралды маған ауыстырып жібергенін бүгін білдім. Әділет керектігін ойластырсам да кемпірімнен қорқып келемін. Сәйдаға тамақ апарған болып, сол құрғырымды әлде де соған тапсырып бергім келеді.

– Бәрімізде де сондай ой бар!– деп Қалық күлгенде, естігендер түгел күлді. Күлкіні қатты сағынып қалыппын. «Құйын соққанша» мен де әртістік бейнеге келіп, шошынғанси қарадым оларға.

– Астағыпыралла, бәріңіз құралдарыңызды «құтырған қызға» берсеңіздер Жаукеңді қырық тесік қып жібермей ме!– деп ду күлдірдім. Алдыңғы жақтан Нұралы бізге қайрыла қарап тұра қалып қостады менің қалжыңымды.

– Әйел боп келіп істегені мынау, егер еркектікпен құралданса, Жаукеңе «сенікі төңкеріс, сенікі төңкеріс!» дегізер!

Қарқылдап көшені басымызға көтере жөнеліппіз. Дәл тұсымыздағы қақпа далдасынан үш-төрт бақылаушымыз кідіңдей шықты.

– Ә, не күлкі, не күлкі!... Кері төңкерісіміз жеңді деп қуанып келесіңдер ме?...

– Тоқтаңдар!– деп зекіді біреуі. Түгел тоқтап, сабымызды түзедік.

– Әй, сен не дедің?– деп Самсақ сторж Нұралыға қадала кетті.

– Не деуші едік, әлгі қыздың жуан дауыспен сөйлеп, сіздерді де қателестіргеніне күлеміз де!

– Мына кері төңкерісшілерге не дедің деймін?

– Сіз оның әйел екендігін бұрымынан танымай, сахнада етегін түріп, қызыл штанын көрген соң ғана шегіндіңіз ғой, соны айттым!

– Ей, мен қашан шегініппін!...

Нұралының өз сөзінен бұлтара қашамын деп Самсақты қағып кеткеніне тіпті қатты күлдік.

– Бет бар ма сендерде!– деп ақырып жіберді Самсақ. Өзінің мұншалық сәулетті кадрларға бастық болып тергегенін мақтаныш еткендей, көшеден өтіп бара жатқандарға қарап, бір бүйірін таяна қойып зекірді. – Намыс, ұждан бар ма сендерде!

– Бізде ол расында да жоқ екен Сторж әпәнді!– деп «Құйын соққан» Самсақты өзіне қаратып әкетті. – Намысымыз болса, сол кері төңкерісші қызбен біз де күресіп, сахнада үстінен көрінер едік!

– Келгендегі тәртіппен тізіліңдер!– деп зекірді біреуі.

– Сенің сөзің басқа!– деп бір актив Нұралыге қатарласа түйіліп аяңдады. – «Сенікі төңкеріс, сенікі төңкеріс» дегенің не сөз?... Дәл қасыңнан тыңдап тұрсақ бізді саңырау деп бұлтарып құтылмақпысың?... Қазақша сөзді ұйғырлар түсінбейді деп сөйлегеніңнің бәрін ұқтық!

– Дәл үстінен түсті-ау мына ит! – «Құйын соққан» маған қайрыла сыбырлады. Енді бір сәтте Нұралыны сол пәле ықсыратып, мойындатып алғандай тұмсығын соза күбірлеп бара жатты.

Түбірлі қорқыныш енді жабысты маған: Нұралының бұл қалжыңы, мағына жағынан дәл қазір айқын да терең қарсылық. Жаубасар қазбаласа қазынаға қарық болды дей бер! Бығып-кернеп тұрған сап-таза «кері төңкерістік» бұл сөздер түрткен сайын атылып шыға бермей ме!... Бастаған «құйын соққан», қостаған Қасқырбаев, дамытқан мен, дабылдатқан Нұралы. Түгелімен Жаубасардың жауығып, факт–дәлел қақпанына түсіре алмай жүрген «түлкілері». Егер Нұралы қалжыңының құйрығы ашылса, бәріміздің шегімізді содан суыра бермек. Түрі басқа болғанымен түбі бір пікірлер ғой. Ашық кері төңкерістік әрекет үстінде қолға алынған қызды нағыз қаһарман санап, оның бүгінгі ісіне сүйінгендік, төңкерісті қорлап, кері төңкерісті ашықтан-ашық қолдағандық... Қысқасы, Жаубасардың бізге жаппақ жаласының барлығын аузымыздан ағызып бермедік пе!... Өзімізден кертартпа блок таба алмай жүргенінде «кері төңкерістік партия» шыға келгенін көр!...

Дарбазаға қайтып кеп кіре бергенімізде Нұралыны әлгі төрт авчарка түгел қоршап, етек-жеңінен тартып ала жөнелді. Қан майданда жабылып, қолға әрең түсіргендей төртеуі де алқынады. Төртеуінің танауы да түрегеліп алыпты!..

Абақтыма өздігімнен асығып барып кірдім. Тобымызбен түскен қақпанның серперін басып қайырып көру керек қой! Ал ойлан... ал дөңбекші...

Қырағы тергеушім, «ел аман, жұрт тынышта осы немелер сонша неге қиқулап қоқаңдай береді» деп сіздердің мінездеріңізді жазғырушы едім. Кап мінездеріңізде емес, құйрықтарыңызда екен ғой. «Ұрының арты қуыс» болады екен де, сол қуыстан жел кеулеп, кісіні құйын құйрыққа айналдыра қояды екен. Бұл халдеріңізді осы жолы өзім қылмыс өткіріп, өзімнің қопақтауымнан түсіндім. Сіздерде мылтық бар, құрал құдіреттеріңіз жеткілікті ғой. Сондықтан өздеріңіз қопақтағанда қоқаңдайсыздар да, қорыққандықтарыңыздан қорқыта бересіздер. Егер енді бақыра қалсаңыздар ақырғаннан да сұсты-қорқынышты көрінетіндіктеріңіз де сөз бар ма. Мұны былай қойғанда апат сипатты төтенше қорқынышты бір ахуалдарыңызды да өз құйрығымның осы қуысталуынан мөлшерлеп біліп қалдым: бұл қуыс, менің құйрығыма қалжыңдағы шекті бір қылмыстан ғана пайда болған, шекті қуыс қой. Кірген жел аз. Сонда да құйын құйрыққа айналып қопақтап отырғаным мынау. Ал, сіздердің қуысқа жершарының атмосферасы түгел кіріп кетуі кәдік. Сонда бұл ғаламыңыздағы мақұлықтар мен нәбәдат ауаны қайдан тауып тіршілік етпек, соншалық құйын өздеріңізді қайда тоқтатпақ? Есекқырғанға барып, қоқаңдап, күнге барып ақырып үркітер ме екенсіздер деп қорқам.

 

 

ІІІ

 

– Кері төңкерісші Сәйданың үстінде өткен кешегі зор күрестен не әсер алдың, қайтқанда соған байланысты қандай мәселе өткіздіңдер, осы жөнінде материал жазып тапсыр! Партияға адалдығың осы материалыңнан көрінсін, ұқтың ба? – Жаубасар ертеңіне түстен кейін келіп, терезеден осыны тапсыра сала жүріп кетті. – Тура жаз, ә, тура жаз!... Жасырмай жаз!.. Жасырсаң мәселең зорайып кетеді!

– Көзеген жеріңізден қасығыңызға ілінерлік ештеңе өне қоймас, клуб сахнасы мен залдағы өзіңізге көрінбеген мәселелерді де жазайын!–дегенімде қайрыла қарап түйілді:

– Сен өзің бірнешеумен бірлесіп өткізген мәселе үстінде ғана жазасың!.. Сен қазір өзіңді ғана тексерушісің, газет тілшісі емессің, ұғып қой!

– Ұғып тұрмын. Өз алған әсерім мен өз мәселемді жазу үшін көргенімді, нақ қай жерінен әсер алғанымды қосуым керек. Себепсіз салдар болмайды. «Партияға адалдық көрсету» үшін расын жазудан басқа лаж жоқ!

– Айттым, сен өз ісіңе байланысты мәселені ғана көр!

– Екі көзім де сау қалыпты, мәселеге сыңар көзбен қараудан адалдық табылмайды!– дегенімше алыстап кеткен Жаубасарға осы сөзді ғана естірте алдым.

Жаубасардың «өз ісіңе байланысты мәселе» дегені, кешегі тізіліп қайтып келе жатқандағы қалжыңдаушылардың ғана сөзі екені белгілі. Ал шындығында бұл қалжыңдарға түрткі болған түпкілікті мәселе – күрес жиынына қызды есеңгіретіп жуасытып әкелу үшін сахна сыртында соққылаған өз террорлықтарында. Жазып тапсыратын материалымда осы жайтты қысқаша әшкерелей келе мәселені былай айқындадым.

«...Мұндай соққы мен иянаттан өлімді жеңіл көретін намыскер қыз, атылу жазасына лайық сөзді сондықтан сөйледі. Оны олай сөйлетпей шығарып әкету дұрыс еді. Екі мың адам қарап отырған сахнада бойжеткен қызды бассалып сабауға, үстіне мінуге, ұятты жерлерін жұлмалауға, киімін жыртуға, көкпар етіп тартысуға... Адам ұжданы қалай шыдамақ!... Көп адам – көп белсенді содан қателесті. Жиын басқарған Жаубасар осы жабайылықтарға жиынның күн тәртібі ретінде жол қойып бақылап қарап тұрды. Мұны шектемеудің халық пен партия арасына қаншалық зиян салғандығын, төңкерісті қаншалық масқаралағандығын көру қажет!... Бұл әрине компартиядан өтілген мәселе емес, бізден де өтілген мәселе емес!... Идеямызға симаған бұл оқиғаны Жаубасардан көрдік те қайтқан жолымызда соны ғана сықаққа айналдырдық...»

Жаубасар «жасырмай жазуға» бұйырған мәселем дәл осылай жазылды. Арасына ашық жер қалдырмай, таза жаздым да аяғына тағы да ескерту қосып жөнелттім.

Мұнан соң көпке дейін маған Жаубасар көрінбеді де, бұл жөнінде ешкім ештеңе сұрамады. Қалық пен Юсупбектен де қайталап сұрамай, «құйын соққан» мен Нұралыны ғана қатты айналдырғанын біліп жаттым. Тегі бұл екеуі Жаубасардың бұл сықақты «партияға, төңкеріске қарсы әрекет» деп бопсалағанына бұлғақтап ықтап, содан дәніктіріп алған тәрізді. Әсіресе Нұралыға қатты төнгені еміс-еміс естіліп тұрды. Алғашқы кезде Жаубасар оған әр кеште шаңқылдады да, кейінірек екі-үш күнде бір рет шаңқылдап жауап алатын болды. Нұралыға материал жаздырып, соны өзіне толықтату үшін шаңқылдайтынын түсіндім.

Маған күзетке қойған алты авчаркісі да зеріккендей, түнде бір, иә екісі ғана қалып жүрді. Мақұлбектен басқасы қалған кеште үйіме барып келуге рұқсат алып тұрдым. Мақпалдан естуімше маған жақын адамдардың барлығы режимде екен. Ауыз ашып сөйлесе алмайтын болыпты. Тыңшы тіпті өзінің соңынан да таң атқаннан ел жатқанша үзілмей жүр екен.

Жаз шыға газетте Әбілеметтердің қылмысы жарияланды: «дербестік талап еткен. Шынжаңды бөліп әкетуге ұрынған. Қатерлі кері төңкерістік зор блок құрған, стилде шіріктескен...» сондықтан партиядан шығарылып, қызмет орнынан қуаланыпты. Иендегі тың жер ашу жұмысына айдалғандығын соңынан Мақұлбектен естідім. Ол маған оңашада күрсіне келіп, қайғырғанси хабарлады.

– Әбілемет жазаланып кетті, жайымызды түсінер ағадан айрылдық. Ондай адамды аман қоя ма!

– Мұны маған қайғылы хабар етіп жеткізгенің қалай?– деп сынай қарадым жүзіне.

– Біз ұсақ-түйек істе келісе алмағанымызбен түбіміз бір, ірі істегі қормалымыз еді ғой!

– Қашаннан бері қормалың еді?... Былтыр жаз бойы содан көрген қорлығымызды айтып, маған шағынып жылап келіп жүретіндердің бірі өзің емес пе едің!... Енді оған аза білдіріп жылап келудегі мақсатың не?... Мені енді Әбілеметтің блогына байланыстырмақпысың!..

Бақылаушыларымның бірі кіріп келді. Есік сыртынан біздің сөзімізді тыңдап тұрып, қысылған Мақұлбекті құтқару үшін келгендігі күле кіруінен сезілді. Құбылмалы жынның енді жала жабудан тайынбайтын болғанын сезіп, жаңағы сөздерімізді соңынан кіргеніне әдейі мәлімдеп, қайталап сөйлеп бердім.

Әбілеметтің жазалануы маған жеңілдік әперуге тиісті. Мені сайрауға мәжбүр етіп, ұлтшылға айналдырған кесірдің бірі – осының зорекерлігі емес пе еді. Оның қылмысы анықталған болса, мен ағармаймын ба!...

Осы үмітті бейғам жылтыратып тағы да екі апта отырыппын.

Бір күні алты авчарка түгел жиылып келіп, айдай жөнелді. Күреске түсетіндігімді айтты. Үміт отын енді жүре жылтыраттым: «мұншалық бекер қамағандықтарынан ұялып, табылысынша мінеп-шенеп, сындап шығармақ болса керек. Мұны компартия абройы үшін істемек қой, мен де сіресіп алмай, «барыммен әзір», біраз иіліп, сын қабылдап шығайын!» дегенге келдім.

Өзім бұрын жүріп көрмеген сырт көшеге, одан төтелеп, тастақты белеңді асыра айдады. Айландырып апарып бір жаңа көшеге, жаңадан салынған зор аула дарбазасынан өткізіп, сұр қабырға, сұр еденді зор клубқа кіргізді. Быжынап сығылыса отырған қалың адам, дүр көтеріле ұрандап, шулай жөнелді. Жұдырықтар түюлі, «жоғалсын» деп бәрі бұйырды.

Кіре бере зыр ете түскен жүрегім, төбеме шыға атқақтады. «Шыда-шыда, сені мықтап бір шайлықтырып шығармақ болса керек, мұнысынан қамықпа, үстемсітпе Жаубасарды!» деген сертке бекідім де қорқыныш жағынан титтей сыр бермеуге тырыстым. Көтерілген жұдырықтардың астымен айдап апарып, сахнаға шығарды. Баспалдақтардан да илікпей өрледім. Буындарым бекемделе түсті. Жаубасардың нұсқауымен ең төрдегі микрафонды столға жандап барып тұра қалдым. «Отыр!» деді біреуі. Шаң басқан орындықты қағазбен сүртіп, үрлеп-үрлеп жіберіп отырдым. Кең залда жұлдыз құрттай үйіліп жыпырлаған қалың көз менде екен. Орындықты асықпай тазалағаныма күлісіп, күбірлескен үндер естілді. Сахнаның екі жақ шетіндегі екі столға қарап күліп жіберіппін. Залдың алдыңғы қатарында отырған активтер ақырысып қалды.

– «Тұр орныңнан буржуй!», «кімді басынып күлесің!»– деген екі сөз, екі жүз түрлі зейіл дауыспен естілді. Тік тұрып жауап бердім.

– Ең төрге шығарған құрметтеріңізге рақмет айта жаздаппын.

Зал ду күлді. Клубтың тас қабырғаларынан бетер көгеріп тұрған Жаубасар өз алдындағы микрафоннан шақылдап жіберіп, шорт тиды күлкіні. Күлкі түгіл күбір-сыбыр да өшіп, өліктей тынды. Жаубасар мені жұдырығымен басқандай ишарамен қайта отырғыза сөйледі.

Біраз «жөнге келіп қалғанын» осы отырғызуынан байқап тыңдадым. Жаттанды нұсқауларын бұл жолы түп-түгел оқыды да тік өрлей шапқылады.

– Асқан тоңмойын оңшыл, жерлік ұлтшыл, шегіне жеткен кері төңкерісші Биғабіл қазір өзін тексереді. Алдымен өз ықырарын тыңдаймыз. Сөз берудің алдында тағы бір рет, мүмкін соңғы рет ескертіп қоялық. Басқа оңшы, жерлік ұлтшылдардың барлығы Сәйданың үстіндегі күрестен сабақ алды. Тоңмойындықтың өлім жолы екендігін бәрі көріп, танымдарын өсірді. Мәселелерін үздіксіз тапсырып жатыр. Сәйдаға ұқсамау үшін Биғабіл тіпті ерекше тырысуға тиісті. Мәселе таныма жағынан өткен жиындарда Сәйдаға бек ұқсап келген. Енді ол жолға мүлде баспауы, шығар жолына бұлтармай түсуі шарт!... «Мойындағанға кеңшілік, тоңмойынға қаталдық» саясатымыз мәңгі өзгермейді. Ал, сөйлесін!

Сөзімді орнымнан түрегеле бастап едім. Отырып сөйлей беруіме рұқсат етілді. Микрафонды төмендете отырып қайта бастадым.

– Жиын бастығы танымды өзгерту қажеттігін бек дұрыс айтты. Бұл жөнінде өз позициямды білдірейін: ең алдымен осы науқанның өзін дұрыс таныуымыз қажет. Бұл науқан, бұрынғы зорекер тап жауларына, ұры-қарақшыларға, қиянатшы, бирократ, сырапқорларға қарсы науқандарға характер жағынан мүлде ұқсамайды. Мұнда жауды өз басымен ойлатып, рухани жақтан іштей мойындату мақсат етіледі. Себебі, «бұл идеялогиялық, яғни, рухани төңкеріс». Ой-сана күресіне дене жазасының құралы қолданылса пікірді бұзады. Сондықтан бұл науқанға әсіресе жұдырық жұмыс істей алмайды. Ол тілсіз ақымақ, идеяны ғана емес, ар-ұятты да, мінезді де бұзады. Сәйданың үстіндегі күрестен осы масқаралықты тіпті айқын көрдік. «Оңшыл», «ұлтшыл» деп аталған элементтеріңіздің мәселесі жұдырықпен, иянаттаумен емес, тек факт-дәлелмен ғана шешіледі. Егер мойындамаса, әрине оның да дәлел айтып, ақталатын құқығы бар. Дәлелдей алмаса, Сәйданың барған жеріне сонан соң ғана баруға тиісті. Қысқартып айтқанда бұл науқанның компартия жол қоюға тиісті бірден–бір құралы – факт-дәлел сыфат айтысы.

Қазіргі бізбен сіздер ғана емес, бүкіл материализм дүниесі – факттың құлы. Көрініп тұрған фактке мойындамаушы ғана тоңмойын деп аталып, жазалануға тиісті. Фактке кім құрмет қылмаса, сол тоңмойын!... Сәйданың үстіндегі күрестен, мен жоғарыда айтылған танымым бойынша сабақ алдым. Ол күрестен, күреске тартылушы да, күреске тартушылар да жақсы нәтиже таба алмады. Ондай жолмен ешкім жақсы нәтиже таба алмайды да. Себебі, бұл науқанның негізі болған факт–дәлел айтысы несиеге қалып қойды. Сондықтан оның мәселесі қайтадан қаралмай тұрақтамайды. Ашумен ыза бәрімізге де қажетсіз екен!




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 302; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.