Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кэрол Дуэк 33 страница




– Құм тасқап сатып күн көретін жекелердің құмын да аламыз ба?

– Құм болса болды да бұларға!...

– Жеке кембағалдардың құмын да сіздер тауып айтып келесіздер ме?... Обал болмай ма?

– Біз айтпасақ, бәрібір, артымыздан жүретін жалаптар айтып қояды. Дүйжаң сонсоң, жасырдың деп бізді сындайды!... Ау күні екі ұйғыр бала тасқап жатқан құмды айтпай қойып едім, артымыздағы қытай жалаптар пәш қып қойыпты. Енді жасырмауға мың қасам қылып әрең құтылдым!

– Жекелердің құмы мен мекеме кадрлары тасқаған құмның парқын қалай айырасыздар?

– Күндіз барып көріп келеміз ғой. Және көп адам тасқап үйгендіктен идара орындарының құмы көп болады...

Түрме шектеуімен байсырап жүрген сайқалым сөйтіп ештеңесін іркпей сөйлеп берді де күле қарап күбірлеп қана ескертті.

– Өзіңіз көп сұрап кеттіңіз ғой?... Мұндай сырды басқаларға айтып қойсақ... Бек чоң шатақ, жұмо![68]

– Мен, бұл міндетке бүгін ғана шыққандықтан біліп алғым келген ғой, ештеңе етпес!

Сонда да секем ала күлген келіншек жұтына қарап қалды маған. Бұл дәмесін байқап, әдейі мен де ұнатқанси қарап ыржидым. Сөйтіп көңілін аулап қоймасам, дүйжаңына көйтіп өзімді аулап қоюды да мүмкін ғой!

Жорық машинамыз қақпадан шыға бергенде мықынынан шымшып қап, қиқаң еткіздім де кабинка есігін ашып кіргіздім, алтауымыз кузопқа шығып едік. Шофер ханзу кабинкадан басын шығарып, көшеге шыққан соң көрінбей жатып алуымызды тапсырды. Үлкен қақпаға жеткенімізде жай бұқараша киінген бір жігіт күзет үйшігінен шыға келіп, автомобиль қабырғасына жармасты да, кузовтың бізден аулағырақ артқы бұрышына ыршып түсіп, отыра қалды. Дүйжаңның бізге қосып бермекші құралды адамы осы екенін түсіндім.

Бұл автомобильдер, осы завотқа ремонттатуға берген басқа мекемелердікі екені белгілі. Ремонттап болғаннан кейін де әр түрлі сылтаумен бір ай істетіп алып қайтаратындығын білгенбіз. Ұрлыққа түгелімен осындай автомобильдер пайдаланылып, нелер ұзақ жорыққа да жортады. Орман күзетшілерін ебін тауып қорқытып алған соң қарағайды да осылармен тасиды. Машина номерін алып тастап, ыңғай шетпен айдап ұрлайтындығын да естігенбіз.

Сол естігендеріміздің бәрін осы автомобильдің қылығынан қалт жібермей байқап жаттым. Жолсызбен бұрыла-бұрыла тоңқалаңдап, өзенді өрлеп келді де шырағын өшіре сала тік еңістен түсіп тұра қалды. Басымды бір көтеріп, өзен арнасына түскенімізді білдім. Әйел мен шофер жаяулап, алдыңғы жақты шолып келді де тағы айдады. Мотор дыбысын шығармай ыңылдатып, шырағын да жақпай айдады. Байқасам, алдыңғы екі дөңгелектің арасынан мысық көзіндей ғана кішкене шырақ орнатып алған екен. Осы ыңылмен жарым сағаттай жүріп келіп тоқтады. Дыбыс шығармай жатуымызды бұйырған шофер келіншекке жол бастатып, алдыға енді жаяулап бұға ұмтылды. Бір шақта өзі жалғыз қайтып келіп, бізге үнсіз жата тұруды тағы бұйырды. Келіншек құм күзетшісін бақылауға қалған сияқты. Бір сағаттан соң елпек қағып жүгіріп жетті. Шофер кішкене шырақты да жақпай машинаны ныспы қараңғыда, құм тасқалған көп ордың арасынан ыңылдатып қана өткізді. Бұрыла-бұрыла жылжытып әкеліп, бір үлкен үйіндіні жанай тоқтатты. Күректерді де дыбыс шығармай түсірдік.

Кузовта қымырсыз жатып тоңып қалған ұрыларым жылынудың шипасын енді тапқандай, даяр құмды осқылай жөнелді. Спор салдақы сып етіп қасыма жетіп келді.

– Жиырма кадр анау шұңқырлардан бір күн тасып, осында әкеліп үйіп жатқанын көргенмін!– деп сыбырлай күлді. – Күзетшісі жаңа ғана қайтты! –деп тағы күлді. Жанқұралды сақшы алдымыздан өте беріп ым қақты да өзі аулағырақ шетке барып тұрды. Сақ болыңдар дегені екен. Автомобильдің сырт жағына жылжып барып келіншек тұрды да, бес мықтының сырт жағына барып мен тұрдым. Сол үйіндінің жартысымен лезде толған автомобиль, үстіне қайта шығысымызбен ыңылдай жөнелді. Енді арнаның күншығыс жағына өте тартты. Үлкен жолға шыға сала шырақ жағып, бірінші хотқа басты. Көпірмен айланып қайтсақ та қара қақпаға лезде жеттік.

Екінші рет сол жолдарымызбен тағы жортып, таң бозарғанша сол үйіндіні тақырлап қайттық.

Күндіз ұйықтап түнде жортып, қарақшылықпен нәтиже жаратып жүрген сол күндерімнің бірі жексембі екен. Әлдеқашан ұмытылған «кішкене жексембі». Мені іздеп көрісуге біреу келгенін айтып, дүйжаң сарының өзі хабарлады. Жүгіріп шығып, алыстан тани кеттім, Асқардың қолынан ұстап Нұрияшым тұр!... Секіре жүгірдім. Олар да ұмтылды. Күн күңгірт, суық болса да беттерінен нұр ойнап, жайнап көрінді. «Әке!...әке!» деп бір қолын көтере қалтақтап жеткен Асқарды көтеріп алдым да, құшағыма бастым. Өксіп қалып, беки қойған Мақпал, қадала қарады жүзіме.

– Әйтеуір жүдемепсіңдер!– екеуін кезек-кезек сүйдім.

– Сен де жақсы тұрыпсың жаным! – недәуір қарап алып тілге келді Мақпал. – Кеше кеште мектептен әпекемнің үйіне қонып қайтуға рұқсат алып шыққанмын. Мұнда келгенімді танитындардан ешкім көрмеді. Сені, қарындасымын деп шақырттым.

– Күлән қандай, денсаулығы жақсы ма?

– Жақсы!... Қанша жүк артылса да өң бермес мықтының өзі екен!... Бар мәзірін мына екеуімізге әкеліп тұрады. Кеше таудағы бауыры әкелген күздік соғымның қақ жарымын көтертіп, біздің үйшікке бүгін тағы жіберді. Көп айтып тоқтата алмадым. Саған сәлем айтты. «Ден саулығынан басқаны ойламасын, дәл осылай айт!» деп тапсырды. Бірақ, Ынтықбайдың қайда барғанынан әлі хабар жоқ. Біздің үйлерден де хат келді, аман екен. Ол жақ әлі де қыспақ көрмегендей. Тұрмыстары жақсы сияқты. Биғазы аға мұнда келіп қайтпақ екен. Келмей тұра тұруларын айтып, хат жазып жібердім. Хал-жайымыз расында да жаман емес. Көшеден сатып алуға табылмағанымен мектептің өзі тауып, қамдап тұр. Нәсілді сиыр фирмасы да бар ғой, Асқарға деп күніне бір литр сүт жаздырдым, әр күні өзі келіп тұрады...

Мақпалдың ішіп-жем жағынан қиналмай тұрғандығын естіген соң, бұл жөнінен менде де «қиыншылық жоқтығын» айтып мақтандым. Заң орнынан біреудің келіп тергеп, анықтау ниетін білдіріп қайтқаны да айтылды.

Асқардың аузыма конфет тықпалап сөйлетпей тұрғанына шешесі үлкен көзін кең ашып, елжірей қарады. «Мырзаның» өзіне басқа біреудің берген, базарда жоқ, аяулы конфеті екен.

– Бұл да қатты сағынды!– дегенде іркіліп тұрған көз жасы ыршып кетті.

– Гүлниса барып тұра ма?– ойын бөлмек болған бұл сұрауыма шошына қарады Мақпал.

– Оның атын ата ма!... Асқан жүректі қыз екен, көшеге наразылық қағаз жапсырып, қарсы ұран жазып жүргенін білдім. «Сізге енді келсем, кесірім тиеді» деп өзі ескертіп кетті. Бізге жақын жүргені ашылса, үлкен пәлеге қаламыз!... Ал, Қапия абақтыдағы қыспақтан жынданып кетті. Үстіндегі бар киімін жыртып, көшеге шығып кетіпті. «Қапас!... Қапас!» деп айқайлайды екен. Қазір нерві шипаханасында жатыр дейді. Біраз сауықса үйіне қайтармақ болғанын айтып жүр.

– Ал, өз үйшігің қандай, жауын-шашын көп, күн суып кетті ғой?

– Біреуі құлап қалды!– дегенде Мақпалдың жүзі төмендеп кетті. – Ол үйге, кітаптан босап қалған шкафтарыңды қойып едік, үйдің төбесі ортасына бір-ақ түсіп, күлпаршасын шығарыпты. Сенің садақаң болсын деп қоя салдық. Өз отырған үйшігіміз аман. Сенімдірек болған соң өзіміз сонда жатып жүргенбіз. Жаңа үй бітіп қалды. Тездетіп сонда көшіріп шығарамыз дейді. Қазіргі маған ең қиын тиіп тұрған іс, некеден ажырайсың деп қыстауында болып тұр!

– Олай болса, уақытша ажырай сал, мені тосатындығыңа сенімім толық қой, одан қысылатын не бар!

– Оны сен де айтпа маған! – Мақпалдың жүзі күреңітіп, көзі от ала қалды. – Уақытша ажырай тұрсақ, қанша жыл өтсе де арамызға ешкім кіре алмайтындығын өзім де білемін! Бірақ, маған намыс керек! Уақытша ажырасқан болсақ та басқа некелілерге оның кесірі тиеді. Қазір бізді үлгі етіп ажыраспай күтіп отырған әйелдер көп!... Өлсем де ажырату сөзін қабылдай алмаймын!

– Екінші бір пікір,– дедім мен. – «Баламды үлкен үйге тапсырып беріп келейін» деп рұқсат алып қайтта келмей, Дөрбілжінге орналасып тұр, иә, тауға шығып ал, онда да оқытатын бауырларың көп!... Жақын жылдардан бергі тіршілігіміз бізге мынадай шүбәсіз ақиқатты үйретті: ғылым мен сана жағынан жалпылап өспеген шағын ұлт халқына қашан да теңдік жоқ екен. Отаршылар алдап біріне-бірін байлатады. Біріне-бірін кісен қып салып құлданады екен. Оқытушылық кәсіптің бірден-бір міндеті халықты жаппай сауатты – еркі күшті, саналы халыққа айналдыру. Осыны ұмытпағайсың! – Қарап тұрып, Мақпалым бас изеген соң ғана жалғастырдым сөзімді. – Сен осында режим астында оқытушылық істесең, «екіні екіге қосқанда Маужушидың қамқорлығымен төрт болады» деп оқытуға мәжбүр боласың. Ал, өз жеріңе барып еркін оқытушы болсаң «екіні екіге қосқанда Құдайдың қамқорлығынсыз-ақ төрт болады» деп шындығын оқыта аласың! – Бұл сөзіме Мақпал күлді де, оған еріп Асқар сақылдады. Мұның «әулекілігіне» екеуіміз қосыла күлдік. Әлгі екі пікірімді қайталап тұжырдым сонсоң. – Биғабілдан ажырадым деп жариялай тұрсаң, қорықпай, осында да солай оқыта алар едің. Бірақ, бұл жерде тұрғанда қорқуың қажет!... Әлгіндей жолмен қайтып кетуді ойлан!... Үй жабдығың Күләннің меншікті үйінде сақталып тұра береді. Қайда апарса да босап шығысымен сені таппай тоқтамаймын!...

Қақпа басқарушының ишарасынан көрісу уақытымыздың толғанын білген Мақпал велосипетіне жүгіріп барып, сумка көтеріп әкелді. Тамақ пен киім-кешек екен. Маған мұнан соң келмей, қисыны табылғанда хат жазып қана тұруын, тамақ жіберуді мүлде тоқтатуын мықтап тапсырып, Күләнға да осыны шындап өтінген сәлем жолдап қайтардым.

Екеуіміз де бекем сияқты едік. Менен айрылғанда Асқардың «әке-әкелеп» жылай қайтқанынан екеуіміз бір-бірімізге қарай алмай, сырт айланып өксідік. «Әке, әке, жүй, жүй!... Әке!...әке!..»– қос қолын маған соза жайып шырылдай шықты қақпадан.

– Бізге алаң болма, денсаулығыңды ғана ойла! –деп Нұрияшым бір ғана қайрылып дауыстай алды.

Сол күннің кешінде жортуылға тағы дайындалдық. Автомобиль қақпасына тағы бардық. Маған үйірлесіп қалған жасама меңді сары келіншек, ымырт түсе жорғақ қағып тағы жетті қасыма.

– Бүгін бек шаршадым!– деп иығыма қолын аса бере, Лаужяу түрмесінде екендігін енді сезгендей, жиыла қойды.

– Неден шаршадыңыз?

– Жырақ жол бастық, табылмай,– дей сала сыбырға көшті. – Бір идараның құмы әрең табылды. Бес алты жеке тасқаушы шал–кемпір, Жанұптен келген мүсәпір ұқсайды, бір қойнаудың құмына бүгін ғана түсіпті. Оған ертең бармасақ, машинамызды бүгін толтыра алмайды!

Осы хабарынан ойыма бір сұмдық келе қалып, басқаларға байқатпай, иегінен шымшып қойдым. Мойнын жыға жымиды. Төменгі алыс ағында жортып жүрген Құйынсоққанның группасы кетісімен біз де шықтық автомобильге. Жоғары Санпаку жолымен өрлеп барып, келіншектің әлгі айтқан мекеме құмын да тақырлап алып қайттық.

Ашынышты жорыққа ертеңіндегі кеште тағы шықтық. Шал-кемпірлер құмды бүгін де тасқап, молайтып қойған екен. Жүрерімізде «ерке келіншек» тағы да сыбырлап соны айтты. Бұл рет бөксесінен шымшыдым. Бұлтың ете түсіп, үнсіз күлді. Маған жамандық ойламайтын болғанын соңғы рет сынауым еді бұл.

Кешегі жолмен ұзағырақ жүрдік бүгін. Тауға баратын үлкен жол, өзен арнасынан алыстап кеткендіктен автомобиліміз жолсызбен тоңқалаңдады. Шырақты өшіре салып, ылдиға сырғытқанда мотор үні де өшті. Жақын-жақын үйілген бес-алты үйме құмның дәл тұсынан түсіппіз. Күн көру үшін қаңғып жүрген мүсәпірлерден сақшы қорықсын ба, шоферымыз машинасын бейғам айдап әкеліп, екі үйменің арасына тоқтатты. Мен тез ыршыдым кузовтан. Артымыздағы сақшы түсе қоймай есінеп, керіліп-созылып тұрғанында темір сапты үскіні артқы қос дөңгелектің бірінің «жұқашабынан» бойлата сұқтым. Суырып ала жөнелгенімде жел пыс ете түсіп қана тоқтап қалды. Жүгі ауырлағанда, «күш келгенде күйеудің де осыратыны» белгілі ғой. Бір үйме құмның сыртына ыршып өтіп барып дабыстадым ұрыларыма. Үйткен бас келіншек кабинадан түсіп, маған қарап құшағын жая керілді де, шофер мотор қақпағын ашып, бердемесіне тұқжыңдап жатты.

Екі үйме құм лезде тиеліп болды. Үскі сұғылған дөңгелек мыңқ етпей жылжып, үшінші-төртінші үйме құмға барды. Олар да тиеліп, кузов лық толды. Оның үстіне лап беріп бес ұрым шықты. Құралды сақшы жар қабақтан қарап тұр. Дөңгелектен ысылдап жел шыға бастағанын ести сала кузовқа мен де ыршыдым. Машина бір «осырып» алып, жылжи жөнелді. Келгенде түскен қыратқа күшене өрледі. Мен тыңдап отырған қос дөңгелектің бірі шаңқ етіп қатты атылды да бірі бырс ете түсті. Автомобиліміз сол өрде шоңқия қалды. Шырақ та өшті, үн де өшті.

Қисайған жағынан секіріп-секіріп түстік. «Ванлы!»[69] деді шофер, үдірейе қарады бізге. Қымырламастай шоңқиған автомобилді таң атқанша әкетіп үлгермесе, қолға түскені ғой! Алақтап әрқайсымызға бір қараған шофер сақшы, жетіп келген құралды сақшыға бұйырды.

– Сен жүгір, запас дөңгелек алып, дереу трактор келсін!... Тез бармасаң... таң атып кетеді!

– Өзің бар!... Менің міндетім,– деп құралды сақшы иегімен бізді нұсқады. Шофер қол сағатын нұсқады.

– Мен, жарылған дөңгелекті босатып, дайындап тұрмасам болмайды! Бұларды да айдай кет, жұмысшы ұсталардан төрт-бесеуін жіберсін!

– Зу! – деді құралды сақшы бізге қарап.

Алдыға түсіп лыпылдай жөнелді ұрылар. Үйткенбас келіншек былай шыға ақсап, ілесе алмай қалды да, сақшыға сыбырлап, шаршаған жөнін айтты. Таңды атыра әрең жететін сылтау табылғанына қуандым. Алдыдағыларға жүгірмей жүруді сақшы бұйырды да «арамыздағы жалғыз әйелді қинамай» жай жүруді мен күбірледім. Үйткенбас білегіме асыла шойнаңдады. Артымыздағы сақшыға естіртпей күле қиқаңдады. «Дөңгелекті кембағалдардың қарғысы атты ма екен?»– деп маған күбірлеп қояды. Менің қылмысымды сезгендігін білдіргені еді бұл сөзі...

Түрмемізге расында да таң ағарғанда жеттік. Бір ұйықтап қана ояндым. Күн шығып, көтеріліп қалған екен. Жарыса шаңқылдаған екі кемпірдің дауысын естіп сыртқа шықсам, түндегі құм тиеген автомобилімізді қоршап, алты аларман жалақтап тұр. Ақыларын артығымен алмай қайтпайтын «қандары сұйылған жау» екендігін райларынан тани қойдым. Соңдарынан ерткен аш-арық балалары бар, көктен тоналып түскендей сыпыра жалаң аяқ-жалаңбас, сіңірлері бадырайған шидей сирақ-білектері қалтырап, тістерін сақылдата кіжінеді. Менің үскімнен де өткір тілдері сақшының ішек-қарнынан сау тамтық қалдырар емес. Мұндай «жиянгерлерге» бастықтарымыздың басын жемей тойым қайда!...

Әділетті тергеушім, сол рақымсыз үскіні сұғып жіберген менің қылмыскер қолымды кесетін кезіңіз келген-ақ шығар. Әйтеуір, үкіміме ат қойып – айдар тағып кесесіз ғой. «Халыққа қарсы, халық үкіметіне қарсы, пролетарият дектатурасына қарсы, нақ кері төңкерісші» деп жазарсыз әрине!

 

ІІІ

 

Осы оқиғадан соң жортуылға бізді шығармады. Атыз жұмысына да шығармай, жаз, күз бойына «зор секіріп» жүріп тапқан құрылыс материалдарын жапқыштап-тыққыштап жасыру жұмысына салды. Өйтетіні, жоқ іздеушілер көбейіпті. Жалаңаш «жиянгерлердің» ұстаған ұрысын, киімді, знак–таңбалы «жиянгерлер» де естіген көрінеді. Қара қақпаға әр түрлі, әр сиықты адамдар келіп кимелеп, кей бір «ұятсыздары» тіпті түрме басқармасына дейін баса көктеп кіріп жүрді. Ал, бастықтарымыз солардың өшін бізден үйткен басты әйелдерден алғандай тебітіп, тыныштық бергенді қойды. Лапас астына үйіліп, қалың жабылған избес пен цементті де түкпірдің түкпіріне тасытты.

Басқармамыздың жазығымыз белгілі ғой, цемент пен аппақ известің нендей қылмыстары барын түсінбей, өзіме ыңғай сүйкене жүретін болған шолғыншы келіншектен сұрап та біле алмадым. Ол, тек, цемент завоты мен извес қымданынан да жоқ іздеуші келіп жүргенін көрген екен...

Лаужяу күн сайын көбейе түсті. Біріміздің үстімізге бірімізді жатқызса да симағандықтан түрме ауласына шатыр тіктіріп жатқызып еді. Аулаға шатыр симай бара жатқанда «дұң гөби», «ши гөби» деп атап, жұңғар шөлінен жаңадан ашқан жаза майдандарына бөліп-бөліп айдады. Қыс түсіп кетсе де ол құмды сахарадан өздеріне баспана қаздырып жатқызу қиын емес сияқты.

Үрімжіде қар қалың жауғанымен қалғанымызға да жұмыс тауып «тәрбиелеу» қиын болмады. Мекеме – қоғам орындарынан үй көтеріп алып салдырды. Үйге мұқтаж орындардың құрылыс материалдары жетпесе де ақшасы жетсе болғаны ғой, «қамқорлық етіп» жаздағы жоғалғандарын өздеріне қыста сатып, үй жасап бере беретін болыппыз. Өз еттерін өздеріне сатып жегізуден шебер «зор секіру» бар ма!

Ондай көше жұмысына шыға алмай, түрме дәретханасындағы қазынаны атызға тасып жүрген бізге «үлкен жексембі» бола қалды бір күні. Көрісуге алдымен мен шақырылдым. Жүгіріп барсам, Мақпал да, Күлән да емес, көне түбіт сәлі жамылған, мол пәлтелі кемпір қарсы жүрді маған. Амандассам да аңыра қарап тұрып қалыппын.

– Қазір біреуі келіп сұрай қалса, Шәуешектен келген әпекем» дей салыңыз!– деп, амандасу бейнесімен күбірледі. Үңіле түстім. Орта жастағы әжімді ақсұр әйел. «Кемпір» дей алмайтын себебім, отты қара көзі ойнақши қарап жасаурады. – Танылам ба екен?– деп күбірледі Күлімсірегенінен үні де танылды.

– Гүлниса!... Көзің мен даусыңнан әрең таныдым! Мұның не? – Сыртқа сыр бергім келмесе де таңданыспен үдірейе қараппын.

– Таңданыс білдірмей, күлімдей қарап тыңдаңыз! – бұл режиссорлығына сүйне күлімсіредім. – Мақпал мен Асқарыңыз аман. Тұрмыстарында басқалардай қиыншылық жоқ. Ажыраспаймын деген қалпында оңшыл қалпағымен қалыпты. Пармен жылитын жаңа үйге түсіпті. Мұғалімдік қызметін істеп жүр. Үйіне өзім кіргенім жоқ. Қасындағы бір қызметтес әйелден сұрап білдім. Ол менің досым, қастық қылмайды. Күлән апай да солай, аман! Әкелген бұл хабарымда жаңсақтық жоқ, рас. Оларға алаң болмаңыз!

– Рахмет!... Бірақ, өзіңнің мына жүрісің қатерлі ғой, қолға түсесің ғой бір күні!

– Менен де алаң болмаңыз, қорғаушыларым – тілектестерім бар!... Тек, осылай әртүрлі формада жүрмесем болмай қалды. Жасырын, ізіме түсушілер бар!

– Қайда, не кәсіппен шұғылданып жүрсің?

– Бұрынғы кәсібімдемін қалпақты мықтап кигізген. Тек, осындай қауіптірек сапарға шығарымда ғана өзгеріп аламын. Ал, аман болыңыз, орайын тауып келіп тұрамын, менің тез қайтып баруым керек! Тегінде Советке шығып кеткіңіз келсе, жол табылады. Мақпал не дер екен ойластыра жүріңіз! Ол жақ сізді сөзсіз қабылдайтындығын естідім. Сұрастырып жүргендер де бар!– деді де қолындағы сумкасын беріп, қолымды қатты қысты да шыға жөнелді. – Аман көрісерміз!

Соңғы сөзі қатты ойландырып кетті: «араларынан қыл өтпейтін, социалистік екі ел, бірі дұспанға шығарған адамды бірі дос көріп өзіне тартпаушы еді ғой?» –басымды қаси ойландым. – «Е... бә..се, бұл Жүндібайдың[70] осыншалық соқыр тәуекелмен бәсеке жариялап «секірген» секірісі әрқандай досқа да секем алдырмай ма!... Сәкең[71] бұл досының пәлендей адал интернационализмші дос бола алмайтындығын білген екен ғой, дұрыс!... Бұл науқанды қалпақ кигізіп, қас жауға айналдырғандарының нағыз коммунистер екендігін де білгені!... Мына қыз мұндағы Совет елшілігімен байланыса қойған ба, қалай?... Анықтап сұрап – білуім қажет екен!

Дүйжаң сары бізді әтіретті соның ертеңіне көшіре жөнелді. Бізге де бір көтерме құрылыс жұмысын тауып демалдырған екен. Қаланың ішкері жағындағы биік дауалды бір ауланың ортасына үш шатыр тіктірді де төрт бұрышына құралды төрт күзет тұрғыза қойды.

Көнерген бес-алты ауыз үйді бұзып, орнына терең іргелік қазудан басталды жұмысымыз. Таспен күйдірілген кірпіш бұрын тасылып болған екен. Өз түрмемізден тасылатын материалдар дүйжаңның өз сенімділеріне тапсырылыпты. Сөйтіп, сыртқа шығып-кіріп тұру орайынан мүлде айырылыппыз. Ең қиыны қайда кеткенімізді сырттан ешкімнің білмей қалуында болды. Іздеушілерге табылмай, жап-жақын жерде тұрып-ақ көрісуден қалдық. Неше рет хат жазсақ та жауап жоқ. Өз семьямдағы сағыныштыларым ғана емес, енді Гүлниса да қатты сағындырды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 365; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.061 сек.