Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 7 страница. Әдетте барлық адамның дауысы бірдей емес




Әдетте барлық адамның дауысы бірдей емес. Дыбыстың құбылып, түрліше болып шығуы: көмекейдің пішіні мен мөлшеріне, дыбыс саңылауына, мұрын, ауыз қуыстарына, тіл, ерін, тістеріне байланысты. Көмекей - ауаны өткізуге, дыбыс шығаруға көмектеседі. Көмекейдің төменгі бөлімі кеңірдекке жалғасады.

Кеңірдек - көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бірімен-бірі сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдек қабырғасының қабысып қалмай, ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 ауатамырға тармақталады. Ауатамыр (гр. bronchus — тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті сілемейлі қабықшамен қапталған. Ауатамырлар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары ауатамырлық тармақшалар (бронхиола) (гр. bronchioli - кішірею) деп аталады. Ауатамыр тармақшаларының ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршік-терімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (лат. alveolus - ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2-0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас қылтамырлар торлап жатады. Қылтамырлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан оттегі қанға өтеді. Қылтамырлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газ өкпе көпіршігіне өтеді.

 

Негiзгi әдебиет: 1[349-352], 4[155-172], 5[92-110]

Қосымша әдебиет: 2[73-80]

Бақылау сұрақтары:

1. Сөйлеу процестерiн эксперименттi зерттеудi өткiзудің қажеттiлiктері.

2. Сөйлеу процестерiн эксперименттi зерттеудi өткiзудің негiзгi әдiстерi.

3. Сөйлеу процестерiне зерттеу өткiзуде жасанды таңдай қолдану.

 

2.4 Тәжірибелік сабақтардың жоспарлары

 

№ 1-шi тәжірибелік жұмыс

Адамның басына түсетін соққы әсерін есептеу.

 

Жұмыстың мақсаты:

Адамның басына түсетін екпiндi жүктемелердiң ықпалын зерттеу.

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас жарақаты әр түрлі болады: оқ тіген, кесілген, шаншылған, шабылған, тістелген, скальптелген және т.б. Бас жарақаты ашық және жабық болып бөлінеді, терең және онша терең кірмейтін, доғал және тесіп өтетін, жалғыз және көптеген, аралас болуы мүмкін.

Жұмыстың орындалу ретi

Бас сүйектің жабық зақымдануларын негізгі екі топқа бөледі:

1. Сүйектер зақымданбаған – мидың шайқалуы, мидың жаншылуы және бас сүйек ішінде гематомалар қалыптасатын (эпидуральды, субдуральды, ми ішіндегі, қарынша ішіндегі), субарахнойдальды қан құюлулары жатады.

2. Сүйектердің зақымдануы, соның ішінде тұйық сүйектен басталып, бас сүйектің жан жағына таралатын мидың базальды бөліктерінің, бағанасының, болмаса жаншылған немесе жарықшақтана сынған жердегі, сондай-ақ қашықтағы, соққыға қарсы жер тұсындағы мидың үстіңгі қабатының контузиясы қабаттаса жүретін бас сүйектің көптеген жарықшақтары жатады.

Мидың шайқалуы кезінде мидың қызметі уақытша өзгереді ешқандай органикалық өзгерістер болмайды, аздаған гематомалар, мидың ісуі пайда болады.

Мидың жаншылуы ауыр жарақатқа жатады, мидың бір бөлігі жаншылады, ісіді, қанталайды. Аурудың белгісі – мидың қай бөлігі жаншылуына байланысты. Зардап шегуші ес-тусінен айрылады, ұмытшақтық (амнезия) байқалады, кейде көзі көрмей, құлағы естімей қалады, орталық жүйке тамырлары зақымдалады, сондықтан сырқаттың жарақаттан қарама қарсы жағы тартылып, аяқ-қолы сал тартады.

Мидың қысылуы миға қанның құйылуларына байланысты. Зардап шегушінің жағдайы қанның аққан мөлшеріне, ұзақтығына, мидың қан құйылатын бөлшегіне байланысты. Мидың қысылуы ауыр жарақатқа жатады. Аурудың белгісі ес-түсінен айрылады, қарама қарсы жағында аяқ-қолы тартылады, жансызданады, сал тартады, ауыр жағдайда сырқат мүгедек болып қалады.

Бас сүйек пен мидың ашық зақымданулары – снарядтар мен оқ тию, пышақтар, балталар, қылыштар салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл болған жарақаттар көбіне үлкендігі мен түрі әр түрлі: жыртылған, сұғылған, соғылған болады. Мұндай жағдайда тек жұмсақ ұлпалар ғана емес, сонымен қоса сүйектер, ми қабықтары және ми зақымдалады. Кесілген, сұғылған және скальптелген жарақаттар өте сирек кезігеді. Бас сүйек пен мидың оқ тиюден болатын жарақаттарының сипаттары да әр түрлі: жарықшақтық және оқ тиген (шарикті, жебе тәрізді, жабық, жырып кеткен, тесіп өткен және шоршып тиген тәрізді).

Бұлар өздерінің орналасқан жағынан күмбездің бас сүйек түбінің жарақаттары, оңнан да солдан да пайда болуы, жалғыз-жарым, көптеген, басқа мүшелер мен жүйелерді зақымдаған, аралас, құрама және басқа жарақаттар болуы мүмкін.

 

Негiзгi әдебиет: 1[11-20]

Қосымша әдебиет:2[6-8]

Бақылау сұрақтары:

1. Екпiндi жүктемелердiң қауiп-қатерлік деңгейiн бағалау не үшiн қажет?

2. Бас сүйектерінің қосылу қасиеттері.

3. Бас сүйектерінің берiктік және серпiмдiлік сипаттамалары.

 

№ 2-шi тәжірибелік жұмыс

Жасанды жүрек биомеханикасының мәселелері.

 

Жұмыстың мақсаты:

1. Жасанды жүректi (ЖЖ) жасаудың мәселелерімен танысу.

2. Жасанды жүректi (ЖЖ) жасаудың негізгі жолдарымен танысу.

 

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі —қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

Жұмыстың орындалу ретi

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. бұл жақтаулы қақпақшалар.

Құлақша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады. адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жүрек екі камералы – бір жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Жүрекшенің қабырғасы жұқалау, ал қарыншанікі – біршама қалыңдау келеді. Балықтар жүрекшесінің маңында вена қолтығы, ал қарыншасының жанында артерия конусы (шеміршекті балықтарда), ал сүйекті балықтарда қолқа жуашығы болады. Дөңгелекауыздылардың, балықтардың жүрегі арқылы вена қаны ағып өтеді, олардың қан айналымы бір шеңберден ғана тұрады. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне сәйкес жүрек үш камералы (екі жүрекше, бір қарынша), әрі қосымша кіші қан айналым шеңбері (немесе өкпелік шеңбер) пайда болған. Бауырымен жорғалаушылардың да жүрекгі үш камералы, бірақ қарыншасы жартылай жұқа перде арқылы екіге бөлінгендіктен қарыншада қан онша араласпайды. Тек қолтырауында жүрек толық 4 камераға (екі жүрекше, екі қарынша) бөлінген. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі 4 камералы (екі жүрекше және екі қарынша). Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшық ет арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады. Сүтқоректілердің ұрығының дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің арасы сопақша тесік (боталлов өзегі) арқылы байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге келген соң ол бітеліп қалады. Адамның жүрегі, негізінен, кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады. Өте сирек жағдайда жүректің ауытқып орналасуы да кездеседі. Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады. Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды.

 

Негiзгi әдебиет: 1[75-85]

Қосымша әдебиет:2 [6-58], 2[65-78]

Бақылау сұрақтары:

1. Жасанды жүректi жасаудың қажеттiлiктері.

2. Жасанды жүректi жасаудағы негiзгi мәселелер.

3. Жасанды жүректiң негiзгi сипаттамалары.

 

№ 3-шi тәжірибелік жұмыс

Электр кардиостимуляторларының электродтары.

 

Жұмыстың мақсаты:

1. Жүректiң электростимуляциясын қолданудың негiзгi жолдарымен танысу.

2. Электр кардиостимуляторларды қолданудың әдiстерiн игеру.

3. Электр кардиостимуляторларды жасауды зерттеудің әдістерін игеру.

 

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі —қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

 

Жұмыстың орындалу ретi

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Құлақша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады. адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жүрек екі камералы – бір жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Жүрекшенің қабырғасы жұқалау, ал қарыншанікі – біршама қалыңдау келеді. Балықтар жүрекшесінің маңында вена қолтығы, ал қарыншасының жанында артерия конусы (шеміршекті балықтарда), ал сүйекті балықтарда қолқа жуашығы болады. Дөңгелекауыздылардың, балықтардың жүрегі арқылы вена қаны ағып өтеді, олардың қан айналымы бір шеңберден ғана тұрады. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне сәйкес жүрек үш камералы (екі жүрекше, бір қарынша), әрі қосымша кіші қан айналым шеңбері (немесе өкпелік шеңбер) пайда болған. Бауырымен жорғалаушылардың да жүрекгі үш камералы, бірақ қарыншасы жартылай жұқа перде арқылы екіге бөлінгендіктен қарыншада қан онша араласпайды. Тек қолтырауында жүрек толық 4 камераға (екі жүрекше, екі қарынша) бөлінген. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі 4 камералы (екі жүрекше және екі қарынша). Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшық ет арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады. Сүтқоректілердің ұрығының дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің арасы сопақша тесік (боталлов өзегі) арқылы байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге келген соң ол бітеліп қалады. Адамның жүрегі, негізінен, кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады. Өте сирек жағдайда жүректің ауытқып орналасуы да кездеседі. Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады. Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды. Жүрек үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық етті қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты – эндокард деп аталады. Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей қоршап жатады. Қарыншалардағы бұлшық ет талшықтарының қабаттары (сыртқы және ішкі) екі қарыншаны да тұтасымен қоршап, ал ортаңғы қабаты әрбір қарыншаны жекелей қоршап жатады. Сол қарыншаның миокард қабаты оң қарыншаның миокард қабатынан 2 – 3 есе қалың.

 

Негiзгi әдебиет: 1[118-119, 131]

Қосымша әдебиет: 2[11-14, 54-56]

Бақылау сұрақтары:

1. Электростимуляторларды қолданудың қажеттiлiктері.

2. Стимуляцияның түрлерi.

3. Электростимуляторларды жасауда қолданылатын материалдар.

 

№ 4-шi тәжірибелік жұмыс

Жасанды қан айналдыру аппараттары.

 

Жұмыстың мақсаты:

1. Жасанды қан айналдыру аппараттарын қолданудың негiзгi жолдарымен танысу.

2. Жасанды қан айналдыру аппараттарын қолданудың әдiстерiн игеру.

3. Жасанды қан айналдыру аппараттарын жасау жолдарын зерттеудің әдістерін игеру.

 

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

Ересек адам организмінде шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі клетка аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

 

Жұмыстың орындалу ретi

Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі организм үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмірқышқыл газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.

Қан келесі қызмет атқарады:

1. асқорту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

2. бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдері шығарады;

3. тыныс алу - өкпе мен ұлпалардыңарасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

4. регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін аңықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бесеңдетеді)

5. қорғаыш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар - антиденелер болады, олар ұлы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да олардың бөліп шығарады.

6. терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.

Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат — тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.

Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок — фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген белок — фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан тканьдер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальции тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан клеткалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі.

Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан гөрі баяуырақ ұйиды.

Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы мүмкін.

Қанның ұйуы дегеніміз организмді қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады.

 

Негiзгi әдебиет: 1[118-119, 131]

Қосымша әдебиет: 2[11-14, 54-56]

Бақылау сұрақтары:

1. Жасанды қан айналдыру аппараттарын қолданудың қажеттiлiктері.

2. Жасанды қан айналдыру аппараттарына қойылатын негiзгi талаптар.

3. Жасанды қан айналдыру аппараттарының негізгі сипаттамалары.

 

№ 5-шi тәжірибелік жұмыс

Буындар және сiңiрлер эндопротездерiндегi

композиттер мен полимерлер.

 

Жұмыстың мақсаты:

1. Буындар және сiңiрлерге эндопротездерді қолданудың негiзгi мәселелерімен танысу.

2. Буындар және сiңiрлердiң эндопротездерiн жасаудың әдiстерiн игеру.

3. Буындар және сiңiрлердiң эндопротездерiн жасау жолдарын зерттеудің әдістерін игеру.

 

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

Ортан жіліктің мойны мен басын металл протезге ауыстыру. Жамбас сүйегіне керамикадан немесе полиэтиленнен жасалған буын беті қойылады, ал ортан жілікке аяқшасы ұзын мойнында шар тәрізді басы бар бөлігі салынады. Шар тәрізді басы да керамикадан жасалады. Протездің басы тегіс болады, сонда ортан жілікке арнайы цементпен бекітіледі, сонымен қатар өздігінен цементсіз бітісіп кету үшін бос қалдырылады. Цементсіз түрі кәрі науқастарға тиімсіз, өйткені негізгі асқынуы – ятрогенді остеомиелит болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 856; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.077 сек.