Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зілмелілік




Комплементарлы

Жартылай консервативтік

 

3)Антипараллельдік және униполярлық

1) Жартылай консервативті- ДНҚ-ның бастапқы тізбектерінің әрқайсысы жаңа тізбек түзілу үшін матрица болып табылады.

Репликациядан кейінгі әр ДНҚ молекуласындағы екі тізбектің біреуі бастапқы матрицалық тізбек болса,екіншісі –жаңадан синтезделетін тізбек.Олай болса,алғашқы аналық жасушаның бөліну нәтижесінде түзілген әр жас жасушадағы ДНҚ молекуласы бір бастапқы матрицалық тізбектен және бір жаңадан синтезделетін тізбектен тұрады.

2) Комплементарлық- ДНҚ молекуласының жаңа тізбегі комплементарлық принципке негізделіп адениннің тиминмен,гуаниннің цитозинмен байланысуына сай түзіледі.Сондықтан жаңадан синтезделген тізбек бастапқы матрицалық тізбекке комплементарлы болып келеді.

3) Антипараллельдік- ДНҚ-ның жаңа тізбектері бастапқы матрицалық тізбектерге қарама-қарсы бағытта,яғни антипараллельді синтезделеді.Өйткені бастапқы ДНҚ-дагы ақпараттың оқылуы ДНҚ-полимераза ферментінің қатынасуымен 3 1 5 1 бағытында ғана жүреді.

4) Униполярлығы- комплементарлы жаңа тізбектердің синтезделуі тек 5 1 31 бағытында іске асырылады,яғни әрдайым ДНҚ молекуласының 31 ұшы ұзарып отырады.

5) Үзілмелігі -репликация ДНҚ молекуласының бірнеше жерінде бір уакытта басталады.Синтезделген түрлі ұзындықтағы кесіндіілер арнайы лигаза ферменттерінің көмегімен бір-біріне жалғанып ДНҚ молекуласының тұтас тізбегін құрайды.

 

ДНҚ-ның лидерлік және ілесуші тізбектерінің репликациясының сызбасын сызу және түсіндіру.

ДНҚ синтезі спиральдың 51-ұшына қарай жүреді.Репликативтік ашаның бір спиралінде ДНҚ үзіліссіз тізбек синтезделінеді оны лидерлік тізбек, ал екіншісінде үзіліп-үзіліп жүреді,оны ілесуші тізбек деп атайды.

ДНҚ-ның ширатылған тізбектері тарқатылып репликация басталатын учаскеде «репликациялық айыр»

 

деп аталатын арнайы құрылым түзіледі.

Репликация кезінде ДНҚ синтезделу бвғытының қос тізбектің таралу бағытымен сәйкес келуі тек жаңа синтезделген бастаушы тізбекте көрінеді.Екінші,артта қалған тізбек үзік-үзік болыпқысқа Оказаки ферметтері трінде синтезделеді.Нәт. тізбектің екеуі де 51 → 31бағытында ұзарады.

Репликазаның негізгі ферменттері: 1. ДНҚ-полимераза -тізбекті синтездейді.2. Топоизомераза -«репликативтік айырдың» алдындағы ДНҚ-ның аса жоғары ширатылған жерлерін босатады.3. Хеликаза -ДНҚ тізбектерін ажыратады.4. SSB-белоктар- ДНҚ-ның ажыраған тізбектерін тұрақтандырады.5. Лигаза -ДНҚ фрагменттерін жалғап қосады.6. РНҚ-праймаза -ДНҚ-полимеразаға керекті РНҚ-бастауыштарды синтездейді.7. ДНҚ-геликаза- комплементарлы нуклеотидтердің арасындағы сутекті байланыстарды үзеді.

 

ДНҚ молекуласының жарықтылық, қараңғылық және репликациядан кейінгі репарацияның сызбасын сызу және маңызын түсіндіру.

ДНҚ репарациясының типтері:

1. Жарықтық репарация немесе фотореактивация.

1.Қалыпты ДНҚ молекуласы-----Ультракүлгін жарығымен сәулелендіру-----2.Мутантты ДНҚ молекуласы-пиримидиндік димерлердің түзілуі-----Көзге көрінетін жарықтың әсері-----3.Фотолиаза ферментінің синтезі-----4.Димерлердің ажыратылуы-----5.ДНҚ құрылысының бастапқы қалпына қайта келуі.

 

2. Эксцизиялық немесе қараңғылық репарация- жасушадағы жарықтың қатысуынсыз ақ жоя алады. ДНҚ-ның бұзылған учаскесі арнайы ферменттер тобының қатынасуымен кесіп алынып тасталады, оның орнына қалыты нуклеотидтер жалғанады. Келесі сатылардан тұрады:

а)эндонуклеаза ферментінің көмегімен зақымдалған ДНҚ-ны анықтау; б)эндонуклеаза көмегімен зақымдалған аймақты кесіп алу; в)полимераза көмегімен жаңа тізбекті қалыпқа сай синтездеу; г)полинуклеотидлигаза ферментінің әсерінен жаңа түзілген ДНҚ аймағының қосылуы. Мұны эксцизиялық, яғни ”кесумен” жүретін деп атайды.

 

3. Репликациядан кейінгі репарация- егер фотореактивация және эксцизиялық репарация белгілі бір себептерге байланысты жүрмесе, онда тізбектегі зақымдалу дұрысталмайды және жаңа синтезделген тізбекте бос қуыс қалады. Бұл қуыс екінші зақымдалған ДНҚ тізбегінен синтезделген жаңа комплементарлы аймақпен толтырылады. Бір зақымдалмаған тізбек барлық уақытта қалып ретінде қажет.

 

Жасушаның генетикалық материалының ұйымдасуының әртүрлі деңгейлерінің механизмдерінің сызбасын сызу және түсіндіру

Жасушаның генетикалық материалының ұйымдасуының деңгейлері:

1. ДНҚ тығыздалуының бірінші деңгейі – нуклеосомалық жіпше(Фибрилла) – жуандығы 10нм, сыртын орап орналасатын ДНҚ-ның ұзындығы 146ж.н. тығыздалу коэффиценті – 6-7

2. Екінші деңгей – жуандығы 30-нм-лік соленоид жіпшесі; тығыздалу коэфф.- 40

3. Үшінші деңгей – ілмектік домен (хромомера); 60мың ж.н. қамтитын ұзындығы 0,2-0,3мкм, тығ.коэфф.-680

4. Хромосомалық төртінші деңгей; тығ-н хромонемалар ұзындығы 0,1-0,2мкм жуан жіпшелері түзейді, олар жарық микроскопы астында көрінеді, тығыздалу коэфф. - 12×104

5. Хроматидалық және хромосомалық деңгей жарық микроскопы астында анық корінетін хроматин құрылымының жоғары деңгейі болып табылады.

Жасушаның генетикалық материалының митоздық циклда өзгеруінің сызбасын сызу және түсіндіру

Митоз – сомалық жасушаның негізгі бөліну әдісі. Митоз бірінен кейін бірі жүретін 4фазадан тұрады: профаза,метафаза, анафаза,телофаза. Митоз – бұл хроматидтер бір-бірінен ажырап, екі жас жасуша арасында бірдей бөлінетін ядроның бөліну процесі.

1. Профаза – хромасомалар ширатылып,жуандап,қысқарады.Әр хромасома 2хроматидтен тұрады. Олар центромералары арқ.байланысады. Ядрошықтар жойылып,ядро қабығы еріп кетеді. Хромасомалар цитоплазмада бос күйінде қалады.Осы кезде центроильдер жасушаның полюстеріне ажырап,ахроматин жіпшелері пайда болып,бөліну ұршығы қалыптасады.

2. Метафаза – хромосомалар экватор жазықтығында орналасады.Әр хромосома кинетохор арқылы бөліну ұршығының жіптеріне бекінген ұзын бойынан екі хроматидтерге ажырайды.

3. Анафаза – хромосомалар полюстерге тартылуы,жеткенде екі бірдей толық хромосомалар жиынтығын құрайды.

4. Телофаза – жаңа ядрошық пайда болады.Хр-р деспиральданады,жіңішкеріп ұзарады,ахроматин жіп-і жойылады.Артынша цитокинез жүріп,жасуша екіге бөлінеді.

 

Жасушаның мейоздық бөліну үрдісі.н және оның генетикалық маңызының сызбасын сызу және түсіндіру

Мейоз-жыныс бездерінде ерекше сомалық жасушалардың бөлінуі.Нәтижесінде түзілген гаметаларда хромосома жиынтығы гаплоидты болады. Мейоз бірінші және екінші мейоздық бөлінулерден тұрады. Әр бөліну 4-кезеңнен тұрады. Бірінші мейоз:

-Профаза1:

1.Лептотена-хромосомалар ширатылады, жуандайды қысқарады,микроскоппен көрінеді. Генетикалық материал- 2n4c.

2.Зиготена -гомологтық жұп хромосомалар жақындасып ұзынынан бір-бірімен беттеседі.

3.Пахитена -гомологтық хромосомалар қосақталған жұптар құрап биваленттер түзеді. Әр бивалент 4хроматиттерден тұрады Генетикалық материал-2n4c. Коньюгацияланған хромосомалар айқасып, сәйкес бөліктермен алмасады,кроссинговер жүреді.

4.Диплотена -жұптасқан гомологтық хромосомаларда хромотидтер центромера бөлігінде бір-бірімен ажырай бастайды бірақ айқасқан бөліктер хиазмалар арқылы байланыс сақтайды.

5.Диакинез - хромосомалар қатты ширатылады ядро қабығы ериді ядрошық жойылады бөліну ұршығы түзіледі.

-Метафаза1- биваленттер экватор жазықтығына орналасып центромераларымен бөліну ұршығымен байланысады.

-Анафаза1- тұтас хромосомалар 2жақ полюске қарай тартылады. Бұл кездейсоқ процесс Генетикалық материал-n2c.

-Телофаза1- тек хромосомалар ширатылған түрде сақталады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 2466; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.028 сек.