Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жеке биомеханика 3 страница




Адам тіп-тіке түрған кезінде ауырлық орталығы, тірек ауданының алдыңғы бөлігінен және бақайлар аймағынан өтеді, соның салдарынан тірек ауданы біркелкі пайдаланылмай қалады. Тік тұрған қалыптың басқа қалыптардан артықшылығы, адам осы күйде оңай жүріп кете алады. Түрегеп тұру қалпының қайсысы болса да бұлшық еттердің жиырылу қызметіне тікелей байланысты.

Отыру қалпынан, түрегеп тұру қалпына ауысуы тыныс есіндегі қозғалысты күшейтіп газ алмасуды тездетеді және ректің минуттық лүһілін арттырады, Дене шынықтыру мен спорт тәжірибесінде бастапқы қалып ретінде тік тұру мен еркін қалыптарының аралықтарында болатын орташа аралық қалып кезінде, тұлға қайқайып тұру қалпы кезіндегідей болмаса да, аз алға шығып тұрады.

Спорттық тік тұруда, бүкіл бұлшық еттер жиырылады, солардың ішінде: арқа, құрсақ және аяқ бұлшық еттерінің әсіресе санның төрт басты бұлшық етінің жиырылуы артады.

Жынысына қарай, ер адамдармен әйелдердің денесінің салмақ орталықтарын салыстырсақ, ер кісілерге қарағанда әйелдердің денесінің жалпы салмақ орталығы төмен орналасқан яғни төзімділік әйелдерге жоғары. Ересек адамдарда дененің салмақ орталығы төмен орналасса, ал жастарда ол жоғары орналасқан, дененің төзімділігі төмен. Аласа адамдарға, қарағанда ұзын адамдарда дененің салмақ орталығының орналасу орнының жоғары келетіндігінен олардың денесі онша тұрақты болмайды.

Бұл жағдайларды білу арқылы, қандай қалыптағы адам яғни ұзын, қысқа, түзу, еңкіш адам, қайсысы өнімді жұмыс атқара алатынын күні бұрын анықтауға болады.

Дененің салмақ орталығы бойы мен жерге перпендикуляр түсірілген сызық ауырлық түзуі делінеді. Дененің тірек ауаны деп екі табан мен олардың арасындағы кеңістікті айтады. Адам денесінің тұрақтылығы, жоғарыда айтылған салмақ орталығынан басқа оның тірек ауданына да байланысты. Тірек ауданы оскен сайын дене тұрақтылығы артады. Екі аяқтың арасы алшақтаған сайын тірек ауданы да артады. Егер тірек ауданы артып, ауырлық түзу сызығы тірек ауданының орталығына жақын орналасса, дене соғұрлым тұрақты болады. Ал ауырлық түзуі тірек ауданынан ауытқып кетсе, дененің тепе-теңдігі бұзылады, тұрақтылығы азаяды. Осы дененің биомеханикасын іске асыратын, буындармен байламдар және бұлшық еттер жәрдемімен болатын түрлі қозғалыстарға тоқталу.

Тірек-қимыл аппаратының биомеханикалық жүйесі, биомеханикалық зерттеуде дене мүшелерінің құрылысымен қызметінің барлық ерекшеліктерін қарастырып жату мүмкін емес. Қозғалысты оқып үйрену үшін дененің үлгісін жасайды Қозғалыс жасау барысында биомеханикалық жүйе өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Биомеханикалық жүйе бұл, адам денесінің жеңілдетілген көшірме үлгісі, сол бойынша қимыл қозғалыстардың заңдылықтарын оқып үйрену.

Биомеханикалык жүйе бұл-тірі мүшелер тобының механикалық қозғалыс заңының жалпы сипаттамасы бойынша қозғалысты басқарады.

Кинематикалық тізбек. Еркін қозғалатын дене бөліктері биокинематикалық тізбек құрайды. Оған қосылған күш сығымдап қозғалысты өзгертеді.

Дене бөліктерінің қосылуы. Биокинеіматикалық жүп-бү і екі бөлек сүйектің бір-бірімен еркін байланысуы, қозғалыс мүмкіндіктеріне қарай бұлшық еттердің басқаруын анықтау. Алдын-ала берілген белгілі бір жүйедегі қозғалыс, енді бірінің мүмкіндіктері шексіз оларды еркін қозғалыс сатысымен суреттейді. Әрбір биомеханикалық жұп көп білікті буын жасап көптеген механикалық жұмыс атқарады.

Биокинематикалық тізбек-бұл биокинематикалық жұптардың бірінен соң бірі тізбектеліп байланысуы. Тұйық тізбекте буын соңы бос болмайды, ашық тізбекте буын соңы бос болады.

Тірек қызметін атқаратын сүйектер тізбек қүұрайды бір бірімен шеміршек арқылы байланысып, ал тізбектер көбінесе жұп құрайды, мысалы 12 жұп қабырға, 2 тоқпан жілік, 2 кәрі жілік, 2 асықты жілік т.б.

Биокинематикалық тізбек бөлігінде қосылған күш оны иін тәрізді қозғалыс жасатады. Сүйек иіндері буындарда еркін байланысқан, қосылған күштің көмегімен қалпын өзгертіп әрі сақтай алады.

Адамның қозғалысының механикадағы 4 алтын заңы. "Иық иініне қосылған күштің жұмысы келесі иыққа ауысады. Бұл жерде күшті ұтудың екі себебі бар, біріншіден - буынға жақып орналасқан /бекіген/, екіншіден-бүұлшық еттердің сүйектің бойымен бұрыш жасай тартылуы. Осыған орай сүйек иіндеріне қосылған бұлшық еттердің тартылу күші қозғалыстың жылдамдығымен үдеуіне едәуір зорлық тудырады.

Жылдамдықты ұту және буындардың қатайуына бұлшық еттердің күші керек.

Дәріс№15.

Бұлшық еттердің биодинамикасы.

Дәріс жоспары:

  1. Бұлшық еттердің биодинамикасы.
  2. Бұлшық ет жұмысының көптүрлілігі.

Бұлшық ет механикалық қасиетіне байланысты физикалық дене болып табылады және тірі мүше ретінде қимыл-қозғалыс жасауда биологиялық қасиеттері бар.

Бұлшық еттің механикалық қасиеті. Салмақтың күшімен бұлшық ет тартылғанда /созылғанда/ бұлшық еттің серпінділігі байқалады. Деформацияға жұмсалатын жұмыс, деформацияның серпінді потенциалды энергиясына айналады. Дене сығымдалғанда жұмсалатын күш тіресуге немесе бұлшы еттің серпінділігіне байланысты бұлшық ет бастапқы қалпын бұзып қозады. Қозу барысында, бұлшық ет жиырылады, жиырылу барысында пайда болған күш, еттің ұзындығын өзгертіп қысқарады. Бұлшық еттің өзгеруі, жиырылуы және тартылуы түскен салмақтың, қозудың көрсеткіштерін анықтайды. Бұлшық еттің қозғыштығы - қалыпты қозуға ауысады, ол өзгеруі арқылы тартылуы немесе серпінділігімен, иілгіштігі арқылы байқалады.

Бұлшық еттің жиырылуы. Қозу арқылы жиырылу яғни түскен салмаққа байланысты бұлшық еттің жиырылуы, ұзындығының қысқаруы.

Бұлшық еттің жұмысының түрлері. Бұлшық еттің тартылуы механикалық анатомиялық физиологиялық жағдайлардың жиынтығына байланысты. Механикалық жағдай бұлшық еттің түскен салмаққа байланысы жиырылуы, тартылуы. Физиологиялық жағдайда тартылған бұлшық еттің қозуымен қажуын анықтайды.

Бұлшық ет жұмысының көптүрлілігі.

Бұлшық ет жұмысының жалпы түрлері ұзындығының қысқаруы, ұзаруы, сақталуы. Бұлшық еттің қозғалыс барысында тіресу жұмысы /динамикалық/, ал тірекке байланысты жиырылуы статикалық жұмысы болады.

Бұлшық еттің әрекеттесу тобы.

Белгілі бір жұмысты жасау үшін бірдей жұмыс жасайтын туынды қаптап жатқан бұлшық еттер синефистер, оған қарама-қарсы жұмыс жасайтын антогонистер. Қатайтушы еттер фиксаторлар.

Бұлшық ет жұмысының белгілі түрлері:

1. Статикалық тәртіп,

2. Динамикалық тәртіп.

3. Биопотенциалды энергияның пайда болуы. Статикалық тәртіп. Дененің қалпын өзгертпей тұрақтылығын сақтауда бұлшық еттің ұзындығы бір қалыпты болып тіресуі. Статикалық жұмыстың тұрақты орны болады да буындары қозғалыссыз қалады.

Динамикалық тәртіпте қозғалыс кезінде бұлшық еттердің ұзындығымен тіресуі өзгеріп механикалық қозғалыс жасайды, қозғалысты басқарады.

Биопотенциалды энергияның пайда болуы. Бұлшық еттерден биопотенциалды энергия:

1. Энергетикалық заттардың қоры химиялық энергияны істелген жұмысқа байланысты потенциалды энергияны айналуы.

2. Бұлшық ет күші үшін, сыртқы жұмыс.

Адамның сымбаты: Сымбат немесе денені ұстай білу тәсілі әр адамда қаңқасының құрылысында бұлшық еттердің құрысуына, жүйке жүйесінің жай күйіне, ішкі мүшелердің, оның ішінде өкпе мен жүректің жұмысына барынша қолайлы жағдай туады. Сымбатты топтастырудың көптеген түрлерінің ішіндегі ең қарапайым екі түрге ғана: жаман және жақсы сымбатқа бөледі. Осы топтастыруға сәйкес, сымбаттың төрт түрі өте жақсы, жақсы, орташа және нашар түрлері болады. Өте жақсы сымбатты адам еркін тұрғанда көкірегі алға шығыңқы, құрсақ ішке тартылған, аяқтары түзу, екі тізе біріне-бірі жанасып тік тұрады. (әйелдерге аршын төс десе де болғандай). Сымбаттың жақсы түрі, аяқ түзу екі тізе бір-біріне жанасады, бірақ көкірекпен құрсақ маңдай жазықтықта бір деңгейде болады. Орташа сымбаттыларда көкірекке қарағанда құрсақ алға шыққан, тізе бір-бірінен алшақ жанаспайды. Нашар сымбатқа, екі иығы алға кетіп арқасы бүкірейіп шығып тұрады, омыртқа бағанасының бел бөлімі алға қарай қайқайып тұрады. Дені сау адамда көпшілік жағдайда сымбаттың екінші түрі, ал сирек жағдайда үшінші түрі кездеседі. Сымбаттың төртінші түрі бұлшық еттерінің құрысуы. Дене жаттығуымен айналыспайтын адамдарда көп кездеседі. Жақсы сымбатты сақтауда омыртқаларды жазатын бүлшық еттерінің маңызы зор. Дене шынықтыру кезінде құрсақ омыртқа етіне мән беру керек.

Жату қалпы. Жату қалпы кезінде дененің тірек ауданы кең болады. Адам ұзақ уақыт тегіс болып шалқасынан жата майды. Еркін жату кезінде дене буындарында ептеп бүгілу қажет болады.

Отыру қалпы. Түрегеп тұрған кезде түлға жамбас арқылы ітан жілік бастарына тіреледі. Отырған кезде дене алдағы тірек бетіне, отырғыш дөңестер арқылы беріледі. Әдетте отырған кезде біз дененің теңсіздік қалпын пайдаланамыз.

Мектеп оқушыларының ұзақ уақыт отырғанынан омыртқа бағанасының майысқаны байқалады. Осы кезден істап белгілі бұлшық еттерді жаттықтыру қажет.

Асылып тұру қалпы. Асылып тұру кезінде дене тұрақты теңдік жағдайында қалдырылған дене бастапқы өз қалпына іследі. Асылып түрудың қол басымен, тақыммен, аяқтың ұшымен, тіспен, иекпен жасайтын және т.б. түрлері бар.

Дене шынықтыру нәтижесінде қол басымен асылып салбырап және бүгіліп жасайтын түрінің маңызы зор.

Қол басымен асылып тұру. Көп жағдайда шығыршықта және бел ағашта орындалады. Бұл кезде тірек ауданы, қол масатын беттен және қол арсында орналасады. Мұнда бүкіл дене бұлшық еттері барынша қатты жиырылады. Бүлшық еттер сақ бүлшық еттері, білек, иық бұлшық еттерінің жиынтығын жауырынның екі ұшы бір-біріне жақындап тұрады.

Тақыммен асылып тұру қалпы. Тірек ауданы иықтан төмен қол арасында болады.

Тірену - қолдың жанасып тұрған қалпы иық белдеуінен іммен орналасады. Тірену кезінде дененің жалпы салмақ алығы қол бастарының сирақ пен немесе шығыршықтармен бетінен және екі қолдың аралықтарындағы кеңістіктен да болған тірек ауданынан біраз жоғарыда орналасады. Шалқадан төрт тағандап тұру (көпір) ауырлық орталығы қол, кібан басының алақан табан бетінен және арадағы кеңістіктен тұрады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 2109; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.019 сек.