Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ГЛОССАРИЙ. 1 страница




III Лабораторные работы

 

Раздел № 2. Центробежные насосы и вентиляторы.

 

Тема 2.1 Лабораторная работа № 1. Устройство и принцип действия рабочего колеса центробежной машины.

Объясните устройство и принцип действия рабочего колеса центробежной машины

 

Лабораторная работа № 2. Устройство и принцип действия подводов и отводов центробежных колес

Объясните устройство и принцип действия указанных рисунков

 

 

Айқындауыш орыс. приложение, аппозиция –сөйлемде белгілі бір мүшенің заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз не сөз тіркесі. А. айқындайтын сөзімен тұлғалас, қызметтес болып келеді. А.құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1.қосалқы (Жамбыл ақын); 2. қосарлы (телефон-автомат); 3. оңашаланған (Мәкіш өз туысына, інісіне, тамашалай қарады).

Анықтауыш орыс. определение – зат есімдерден немесе олардың орнына жүретін басқа сөздерден болған сөйлем мүшелерінің әр түрлі сынын, сапасын, меншіктілігін білдіретін тұрлаусыз мүше.

Анықтауыштық қатынас орыс. определительное отношение –субстантивті сөз тіркестеріндегі зат есімдер мен заттың сапалық немесе қатыстылық белгілерін көрсететін сын есім, есімдік, есімше, үстеу және септік жалғаулы анықтауыштар арасындағы қатынастар. Мыс.: оқыған бала, қызыл кітап т.б.

Аралас құрмалас сөйлем орыс. смешанное сложное предложение – құрамындағы компоненттері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем.Мыс.: Шарды түбінде елбасылар салып болған соң, санайтын ұлықтардың өзі болмайды, оны осы мынау столда отырған екі тілмаштың бірі санайды( М.Әуезов).

Атаулы сөйлем орыс. назывное предложение – бастауыш-баяндауыштық қатынастан тұрмайтын, бірақ зат есімді не есімді тіркестерді атау арқылы білдіретін, айрықша интонациямен айтылатын бір құрамды сөйлем. Мыс.: Қыс.Түн.Боран.

Бағыныңқы сөз орыс. зависимое слово – сөз тіркесі немесе сөйлем құрамында басқа бір сөзге тәуелді, бағынышты болып келетін сөз. Мыс.: оқушының кітабы, кітап оқу т.б.

Бағыныңқы сөйлем орыс. придаточное предложение – сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз тұлғада аяқталған алғашқы компоненті

Бастауыш орыс. подлежащее – сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, сөйлемде айтылатын ойдың негізі, баяндауыш арқылы айтылған қимыл-әрекеттің иесі (субъектісі).

Басыңқы сөз орыс. главное слово – тірек сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем құрамындағы ұйтқы сөз, басқа сөзді өзіне бағындырып тұратын сөз. Мыс.: оқушының кітабы, кітап оқу т.б.

Басыңқы сөйлем орыс. главное предложение – құрамындағы бағыныңқы сөйлемді өзіне бағындырып тұратын сабақтас сөйлемнің тиянақты компоненті. Мыс.: Жығылған ағаштар жолымызды бөгеп, оларды айналып өтіп әлек болдық (Ә.Нұршайықов).

Баяндауыш орыс. сказуемое – сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, грамматикалық жағынан бастауышқа бағынып, оның іс-әрекет, қимылын, түрліше дәрежедегі заттық, сапалық қасиеттерін білдіріп тұратын негізгі мүше.

Белгісіз жақты сөйлем орыс. неопределенное-личное предложение – грамматикалық бастауышы ерекше айтылмайтын, істелген іс-әрекет белгісіз бір субъектілерге тән болып ұғынылатын жай сөйлем, яғни баяндауышы жақты болғанмен, бастауышы белгісіз жақты сөйлем. Мыс.: Нарларды көбіне жүкке пайдаланады (Ы.Алтынсарин).

Бұйрықты сөйлем орыс. побудительное (повелительное) предложение – қимыл-әрекетке итермелеу мақсатында айтылған сөйлем. Б.с. баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады.

Гипотаксис (грек. hypo астында, taxsis орналасу) –синтаксистік қатынастардағы бір элементтің басқа элементке бағыныштылығы.Сабақтаса байланысу.

Есімді сөз тіркестері орыс. именное словосочетание – басыңқы сыңарыесім сөздерден жасалған тіркестер. Мыс.: темір күрек, жусаннан биік т.б.

Етістікті сөз тіркестері орыс. глагольное словосочетание – грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркестері. Мыс.: іске кірісті, кеш келді т.б.

Жай сөйлем орыс. простое предложение – қарым-қатынас қызметін атқаратын, өзіне тән семантикалық құрылымы бар, бір предикативтілік бірліктен тұратын сөйлем. Мыс.: Жаз. Шаңқай түс мезгілі (М.Әуезов).

Жайылма сөйлем орыс. распространенное предложение –құрамында бастауыш, баяндауыш, басқа тұрлаусыз мүшелер қатысқан жай сөйлем. Мыс.: Сабаққа әзірленіп отырған оқушылар әр бөлмеден кездеседі (М. Иманжанов).

Жақты сөйлем орыс. личное предложение – грамматикалық бастауышы бар не ерекше айтылмайтын, бірақ оны баяндауышы арқылы тауып алуға болатын жай сөйлем.

Жақсыз сөйлем орыс. безличное предложение – бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлем. Мыс.: Мына жұмысшыларды пәледен құтқармай болмайды (Ә.Сәрсенбаев)

Жалаң сөйлем орыс. нераспространенное предложение –тұрлаулы мүшелерден құрылған жай сөйлем. Ж.с. бір тұрлаулы мүшеден де жасалуы мүмкін. Мыс.: Қар жауып тұр. Түн. Жазық дала.

Жалғаулықсыз құрмалас сөйлем орыс. безсаюзное сложное предложение –жалғаулықсыз байланысатын құрмалас сөйлем.

Жалпылама жақты сөйлем орыс. обобщенно-личное предложение – баяндауышы 2-жақтық жіктік тұлғасында айтылған сөйлемдердің бастауышы болмай, үш жаққа бірдей ортақ мағынада айтылған сөйлем. Мыс.: Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай ( мақал).

Жанама толықтауыш орыс. косвенное дополнение – барыс, шығыс, жатыс және көмектес септіктерінің бірінде тұрған немесе туралы, жөнінде, жайында деген септік шылауларымен айтылатын толықтауыштар.

Жанасу орыс. примыкание – синтаксистік байланыс түрлерінің бірі,сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, кейде іргелес, кейде алшақ тұру арқылы байланысуы.

Жарыспалы көпбағыныңқылы сабақтас орыс. сложноподчиненное предложение с несколькими придаточными прямого подчинения – сөйлемдері басыңқы компоненттермен өз беттерінше тікелей байланысатын көп бағыныңқылы сабақтастың бір түрі.

Контекст (лат. contextus қосылу,араласу) –аяқталған тиянақты ойды білдіретін ауызша немесе жазбаша тілдік құрылым.

Күрделі синтаксистік бірлік орыс. сложное синтаксическое целое – негізгі бір ойдың төңірегіне топтасып, тұлғалық және құрылымдық жағынан бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмсалатын дербес сөйлемдердің жиынтығы.

Қабысу орыс. примыкание - синтаксистік байланыс түрлерінің бірі,сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, іргелес тұру арқылы байланысуы. Мыс.: алтын сағат, жалт бұрылу.

Қиысу орыс. согласование – сөйлемдегі бағыныңқы мүше басыңқы мүшенің грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғаланып байланысуы. Мыс.: мен айттым, сен айттың т.б.

Қосарлы айқындауыш орыс. необособленное предложение – өзі қатысты сөзден кейін тұрып, оның мазмұнын дәлелдеп тұратын сөз. Мыс.: инженер-технолог, батыр-ұшқыш т.б.

Құрмалас сөйлем орыс. сложное предложение – құрамындағы екі немесе одан да көп жай сөйлемдердің тұлғалық, мағыналық, предикаттық қатынас негізінде және интонациялық жағынан өзара тығыз байланыста жұмсалып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлем.

Мәтін (лат. textum–қосылу, бірігу) орыс. текст – тілдік таңбалардың тұлғалық және мағыналық байланысы негізінде түзілген жүйелі тізбесі. Мәтіннің құрылымдық тұлға бірліктеріне сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, абзац жатқызылып жүр.

Меңгеру орыс. управление – сөз тіркесіндегі бағыныңқы және басыңқы сыңарлардың атау мен іліктен басқа септік жалғауларында тұрып байланысуы. Түрлері:есімді, етістікті, ортақ меңгеру.

Модальдылық (лат. modalis модальды, modus шама, тәсіл) орыс. модальность – айтылған пікірдің шындық болмысқа, сонымен қатар оған сөйлеушінің әр түрлі субъективтік бағасын білдіретін функционалды-семантикалық категория.

Номинативтік сөйлем орыс. номинативное предложение – баяндауышы атау септігіндегі зат есімнен жасалған бір құрамды сөйлем.

Паратаксис (грек. parataxis қатар тұру) –сөйлем құрамындағы бір-біріне формалық жағынан бағынышты емес элементтердің қатар орналасуын білдіретін синтаксистік қатынас тәсілі. Салаласа байланысу.

Парцелляция (франц. parcelle бөлшек, бөлшектену) –стильдік-экспрессивтік мақсатта сөйлемді ерекше интонация арқылы әдейі жеке бөлшектерге, фразаларға бөліп айту.

Предикат (лат. praedicatum айтылған (сөз) -1. баяндауыш деген мағынада; 2. предикацияның (қ.) мағынасын айқындайтын ойдың объектісі.

Предикативтілік орыс. предикативность –айтылған пікір мазмұнының сөйлемнің негізі ретінде шындыққа қатысын білдіруі.

Предикация –шындық өмірдегі жағдайда, оқиғаны дербес сөздермен білдіру мақсатында ойдың тәуелсіз заттарға қатынасын білдіруі.

Пунктуация – тыныс белгілері.

Пысықтауыш орыс. обстоятельство –сөйлемде етістік баяндауыштың жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын айқындайтын тұрлаусыз мүше.

Риторикалық сұрақ (грек. rhetorikos шешендік өнер) риторический вопрос – жауап күту мақсатында айтылмай, бір нәрсенің жайын сөз жарыстыра қақпайлап, шешендік сипатта хабарлайтын сұрақ.

Сабақтас құрмалас сөйлем орыс .сложноподчиненное предложение –компоненттері бағыныңқы және басыңқы сөйлемдер ретінде айтылып, алғашқысының тиянақсыз формадағы баяндауышы арқылы басыңқыға тәуелді болып, бағына жұмсалған құрмалас сөйлем.

Салалас құрмалас сөйлем орыс. сложносочиненное предложение –синтаксистік компоненттерінің алғашқысының баяндауышы тиянақты тұлғада аяқталуымен байланысты өзара тең дәрежеде жұмсалатын құрмалас сөйлем.

Синтаксис (грек. syntaxis құру, тәртіп, амал-тәсіл) –сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің байланысын, заңдылықтарын, сөйлем құраудың амал-тәсілдерін зерттейтін грамматиканың бір саласы.

Сөздердің байланысу тәсілдері орыс .способы связи слов -әрі мағыналық, әрі синтаксистік бірліктегі сөздерді өзара байланыстыратын амалдар.

Сөздердің байланысу формалары орыс .формы связи слов – сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын тәсілдер негізінде туып, қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесі.

Сөз тіркесі орыс. словосочетание – синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобы.

Сөйлем орыс. предложение – предикаттық қатынас негізінде құрылып, біршама аяқталған ойды білдіретін синтаксистік тұтастық.

Сөйлем мүшелері орыс .члены предложения – құрылымдық-семантикалық және синтаксистік жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері орыс. главные члены предложения – өзара предикативтік қатынаста жұмсалып, сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшелері. Оған бастауыш пен баяндауыш жатады.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері орыс. второстепенные члены предложения – сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасында орналасып, оларды айқындап тұратын, сөйлем құруда қосымша қызмет атқарып, оны күрделендіре түсетін сөйлем мүшелері: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

Сөйлемнің үйірлі мүшесі орыс. развернутые члены предложения, имеющие в своем составе предикативный компонент –бастауыш-баяндауыштық қатынаста тұрып, сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын, интонациямен бөлінбейтін сөздер тобы. Мыс.: Білегі жуан бірдіжығады, білімі толық мыңды жығады (мақал).

Толықтауыш орыс .дополнение – сөйлемде баяндауышқа тән іс-қимыл процесінің нысанын білдіретін немесе іс-қимылдың ықпалына ұшырайтын тұрлаусыз мүше. Т.мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай тура және жанама болып бөлінеді.

Толымды сөйлем орыс. полное предложения –айтайын деген ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылатын сөйлем.

Толымсыз сөйлем орыс. неполное предложения –айтайын деген ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылмайтын олқы сөйлем.

Тура толықтауыш орыс .прямое дополнение – табыс септігіндегі толықтауыш. Т.т. сабақты етістіктерден болған қимыл-әрекетке тікелей қатысты болып, оған мағына және форма жағынан тәуелді болады.

Түйдекті тіркес орыс. цельное сочетание – сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын лексика-грамматикалық сөздер тобы.

Хабарлы сөйлем орыс .повествовательное предложение –бір нәрсенің не бір істің жайын хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлем.

4.ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Дәріс №1. «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» курсының мақсаты, зерттеу обьектісі, салалары. Синтаксис мәселелерінің зерттелуі

Мақсаты: синтаксистің зерттеу объектісі, салалары туралы түсінік беру, оның зерттелу тарихына шолу жасау.

Тірек сөздер: синтаксис, сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлем синтаксисі, мәтін синтаксисі, сөйлем мүшелері, сөз формалары, сөздердің тіркесу қабілеттілігі.

 

 

1.«Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» пәнінің басты мақсаты – студенттерге қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік конструкциялардың түрлері мен жасалу жолдары, оның құрамы мен басты қағидалары туралы жүйелі білім беру. Қазақ тілі синтаксисі ғылымының туу, даму, зерттелу тарихынан хабардар қылу.

2.Синтаксис гректің syntaхіs құрастыру, құрау деген сөзінен шыққан. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай төрт салаға бөлінеді:

§ Сөз және оның формаларының синтаксисі.Сөзді өзіне тән ерекшеліктері тұрғысынан қарастырады.

§ Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.

§ Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.

§ Мәтін синтаксисі.

Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарайды.

Сөз сөз тіркесінің негізгі материалы болса, сөз тіркесі сөйлем құраудың материалды негізі, ал сөйлем кісінің ойын айтудың негізгі формасы және мәтіннің негізгі материалы. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық-синтаксистік категория ретінде тексереді.

3.Синтаксис грамматиканың бір саласы ретінде біздің жыл санауымыздың II жартысында-ақ қарала бастады. Синтаксисті грамматиканың бір саласы деп түсініп, оны алғаш сөз еткен адам –б.з.ІІ ғ. өмір сүрген Александрия тіл зерттеушілерінің көрнекті өкілдерінің бірі –Аполлони Дискол. Ол синтаксистің объектісін айқындау, сөйлем, сөйлем мүшесі дегендерді ғылыми тұрғыда шешу тәрізді мәселелермен айналыспаған, сөздердің байланысын, байланысудың жолдарын қарастырған.

Ал XIX ғ. тіл біліміндегі қисындық бағыт өкілдері синтаксисті сөйлем туралы ілім деп бағалап, оны мүшелерге жіктеумен ғылыми тұрғыда айналысқан.

Қазақ тіл білімінде синтаксистің зерттеліп, сөз болуы А. Байтұрсыновтан басталады. 1920 ж. шыққан «Тіл құралдары» (3 кітап) оқу орындарында оқулық есебінде жұмсалған елеулі еңбек болды. Онда грамматикалық атаулар мен дыбыс, буын, сөз, сөйлем құрылыстары жайында жүйелі мағлұматтар берілген. Синтаксиске қатысты бастапқы мағлұмат үшінші «Тіл құралында» баяндалады. Одан соңғы синтаксисті зерттеуде, терминдерін, ережелерін қалыптастыруда еңбек еткен Қ. Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Қ.Есенов тәрізді лингвист ғалымдар.

1930-1940жж. қазақ тілінің бірнеше грамматикасы шықты. Оларда жай және құрмалас сөйлемдер синтаксисінің негізгі мәселелері сөз болады да, сөз тіркесінің синтаксисі атаусыз қалады. 1939ж. Қ.Жұбановтың, С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың бірігіп жазған оқулықтары шықты. Бұларда да синтаксистің еленбей жүрген саласы сөз тіркесі екені, оның жекелеген мәселелерін де ол авторлар зерттеу нысаны ретінде танымайды. С.Аманжоловтың жоғарыда аталған кітабында «сөздердің тізбектері» деген тақырып бар. Онда лексикалық және тұрақты тіркеске қатысты мысалдарды екі бөліп баяндайды.

Қ.Жұбанов қазақ тілінің грамматикасын жаңаша құрастырып, бірқатар грамматикалық атауларды жаңаша атап, көптеген мәселелерді өзінше дұрыс бағдарлауға тырысты. Осы бағытта орта мектепке арнап 1936ж. грамматика оқулығын шығарды, соған байланысты «Ауыл мұғалімі» журналында «Жаңа грамматиканың жаңалықтары» деген мақала жариялады. Қазақ тіл білімінде проф. Қ.Жұбанов синтаксистің анықтамасын бере отырып, сөз тіркесін де сөйлем сияқты синтаксистің негізгі объектілерінің бірі деп қарастырады.

Мектеп тәжірибесінен ұлғайған ой-пікірлер проф. С.Аманжоловты да «Қазақ тілінің қысқаша курсын» жазуға итермеледі. Бұл студенттер үшін жазылған бірінші оқу құралы болғандықтан және автордың синтаксис мәселелерін ғылыми тұрғыдан баяндау мақсатын көздегендіктен, кезінде филолог-студенттердің қажетіне жарады. Бірақ автор сол кездегі «жаңа ілім» қағидаларын қазақ тілі синтаксисімен ұштастырмақ болды. Сөйтемін деп синтаксистің біраз мәселелерін қате түсіндірді. Дұрыс қорытқан пікірлері де болды. Олар соңғы жылдары басқа авторлармен бірігіп жазған мектеп оқулықтарынан орын алды.

Сөйтіп, қазақ тілі оқулығында «сөз тіркесі» деген термин 1950ж. кейін оқта-текте аталады, бірақ авторлардың оны қай мағынада жұмсап отырғандығы аян емес, оған берген анықтамалары мүлдем басқа жайды меңзейді.

Қазақ тіліне елеулі еңбек сіңірген ғалым С.Жиенбаев болатын. Оның жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында сөз тіркесі бөлек талданбайды. Бірақ «үйірлі мүше» деген атпен қай сөздің қандай сөзбен топ құрай алатындығы жөнінде айтқандарының сөздердің толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін айыру жөніндегі дәлелдерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне қатысы бар.

1954ж. «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді кітап шықты. Бұл кітап –қазақ тіл білімінің фонетика, лексика, грамматика мәселелеріне жан-жақты мағлұмат беретін елеулі табысы. Ол кітаптың синтаксис саласындағы бір жаңалығы –сөз тіркесі синтаксисін жай сөйлем синтаксисінен бөліп алып, өзіндік өзгешеліктері бар мәселелер ретінде қаралуы.

М.Балақаев өзінің алғашқы еңбектерінде сөз тіркесі әрі сөз таптарының, әрі сөйлем мүшелерінің тіркесі ретінде салаласатын, сабақтасатын байланыстағы сөздер деп, жай сөйлемге арналған еңбегінде синтаксистің бірден-бір зерттеу объектісі сөйлем деп қарастырады. Кейінгі зерттеулерінде «сөз тіркесі –сөйлем мүшелерінің тіркесі емес, сөз таптарының тіркесі, сөз тіркесіндегі сөздер тек сабақтаса байланысады, салаласа байланысатын бірыңғай мүшелер сөз тіркесі деп есептелмейді, олар жай сөйлем синтаксисінде қаралу керек» деп пікірін жөндейді. Бұл туралы Т.Қордабаев басқаша пікір білдіреді: «сөз тіркесі синтаксистегі басты тұлға емес, сөйлемнің бір бөлшегі ретінде ғана қаралуы тиіс», – дей келіп, «синтаксистің негізгі объектісі боп есептелетін 3 нәрсені қарастырады: 1) жай сөйлем синтаксисі, оның құрамы, структуралық, мағыналық түрлері, 2) сөздер тіркесі, ерекшеліктері, 3)сөйлемдер тіркесі».

Осындай біршама ұзақ тарихында синтаксис грамматиканың бір саласы ретінде қаралып келеді. Оның негізгі зерттеу объектісі сөйлем деп қалыптасқан болса, XX ғ. бастап синтаксистің тағы бір объектісі сөз тіркесі деген пікірлер айтыла бастады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Синтаксистің зерттеу нысаны не?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 2173; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.071 сек.