Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ГЛОССАРИЙ. 2 страница




2.Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі қандай салаларға бөлінеді?

3.Синтаксиске қатысты қандай алғашқы зерттеулерді білесіз?

4.А.Байтұрсыновтың «Тіл құралдары» қай жылы шықты?

5.Синтаксис мәселесі қай бөлімінде айтылады?

6.Қ.Жұбановтың қазақ тілінің синтаксисіне қатысты қандай пікірлері бар?

7.С.Аманжоловтың қандай пікірлері бар?

8. «Синтаксис» термині қай тілден алынған және оның білдіретін мағынасы қандай?

9.С.Жиенбаевтың синтаксис саласына қатысты қандай еңбектері бар?

Ұсынылатын әдебиеттер: 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18.

 

Дәріс№2. Сөз тіркесінің синтаксисі. Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формалары

Мақсаты: Сөз тіркесінің зерттеу оъектісі болып табылатын сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары туралы түсінік беріп, оларды ажырата білуге үйрету. Сөз тіркесінің зерттелу тарихынан хабардар ету.

Тірек сөздер: бағыныңқы сыңар, басыңқы сыңар, синтетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл, жалғаулар арқылы байланысу, орын тәртібі, интонация арқылы байланысу, метафоралық тіркестер, тұрақты тіркестер, еркін тіркестер, түйдекті тіркестер, қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.

1.Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын –грамматикалық единицалар – тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары – сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек-бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздің дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамның ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады.

Осындай қарым-қатынасының нәтижесінде әрбір граммтикалық единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.

Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі.

Сөз тіркесі жөнінде пікірлердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылады да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер көп қозғалмайды. Орыс тілінде сөз тіркестерін (СТ) тұңғыш қолға алған В.В.Виноградов СТ түрлері, байланысу формалары және олардың құрылысы Тіл білімінің ең басты бөлімі екенін айтады.

Көптеген ғалымдар, В.В.Виноградов бас болып, СТ номинативті, сөйлемді предикативті деп танитын болды. Осылай СТ «номинатив» деп тану оны «сөз» дегенмен бірдей деп санауға саятындықтан, оған басқаша анықтама, сипаттама берушілер болды. Мысалы, Н.А.Баскаков екі синтаксистік единицаларды (сөйлем мен сөз тіркесін) қарама-қарсы екі түрлі ойлау процесінің тілдегі көрінісі деп табады: абстракциялау, конкреттеу. Солардың бәрі өзара тығыз байланыста, бірінсіз-бірі бола бермейтін екі түрлі синтаксистік тұтастықты екі бөліп оқшаулауға лайықтанған сипаттамалар.

Сөз тіркестерін түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес. Ондай сөз тіркестері тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға болатындары бар. Мысалы, сөз тіркестері құрылымында пайда болған терминдік тұрақты атаулар (қант қызылшасы, қызыл бұрыш, мал дәрігері т.б.).Осындай ауыс мағыналы сөз тіркестерінен біріккен, кіріккен күрделі сөздердің жасалуы олардың екінші рет атауыш (вторичная номинация) дәрежесіне көтерілуі болмақ (қолөнер, ашудас, кәсіподақ).

Кейбір зерттеушілер есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен, олардың басты ерекшелігі бір тұтастығы деп есептеді. Мысалы, француз түркітанушысы Ж.Денидің ізімен А.П.Поцелуевский былай дейді: «логикалық және тұлғалық жақтан бір бүтін болып есептелетін екі немесе одан да көп сөздер сөз тіркесі деп аталады». Осылай сөз тіркесін жеке сөзге балап бір бүтін дейтін себебі –тіркескен сөздердің соңғылары септеледі де, бағыныңқылары орыс тіліндегідей септелмейді. Егер олай болса, лексикалық тіркестерді ғана сөз тіркесі деп тануға болатын тәрізді. Бірақ оның келтірген мысалдарында, сөз тіркестерін топтастыруында ол байқалмайды. А.П.Поцелуевский сөз тіркестерін 1) детерминативті; 2) салалас; 3)сабақтас; 4)сөйлем деп бөледі. Бұл бөлістің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын. Алайда оның сөз тіркесі аясына әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға болады.

Сондықтан Н.К.Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керектігіне ерекше көңіл бөледі: «Сөз тіркесі де, сөйлем де бірнеше сөздер тобынан тұрады. Алайда екеуін біріктіретін принциптер мүлдем басқа. Бастауыш пен баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер тобының бәрі сөз тіркесі болып табылады». Соңғы пікірі біраз дәлелдеуді қажет еткенмен, ғалымның сөз тіркесін сөйлемнен айыру керек екенін айтқанының үлкен мәні бар. Ол сөйлем мен сөз тіркесін олардың білдіретін мағыналарына қарап айыру керек екенін уағыздайды. Сөйлем байымдауды (суждение) білдіреді, сөз тіркесі оны білдірмейді дейді.

Мұндай пікір Н.А.Баскаков мақалаларында да бар. Бұл пікірді құптауға болмайды, өйткені байымдау, біріншіден, грамматикалық категорияларға тән ұғым емес, логика ғылымына тән. Екіншіден, сөз тіркесі болып есептелетін синтаксистік топтар сөйлем сияқты кісінің ойын білдірудің, қарым-қатынас жасаудың да формасы болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.

Сөз тіркестері мен сөйлемнің бір емес екенін мағыналарына қарап та, әлгіндей тұлғалық дәйекші қою арқылы да айыру мүмкін емес. Сөздер тобын сөз тіркесі деп те, сөйлем деп те тануға болатын орайы бар.

Н.К.Дмитриев те, Н.А.Баскаков та «атрибуттық» топтарды ғана (жазық дала) сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А.Баскаков «атрибуттық» сөз тіркесі дегенді кең түрде түсінеді. Сонда анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастағы сөздер тобы байымдауды білдірмесе, сөз тіркесі деп таниды да, білдірсе, сөйлем деп таниды.

Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зерттеудің объектісі еткен кісінің бірі –Е.И.Убрятова. Ол «Исследования по синтаксису якутского языка» деген еңбегінде сөз тіркестерінің түрлерін синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады: сөйте тұрып, сөз тіркесін «бір бүтін мағыналық единица» деп танып, екінші жағынан сөз тіркестерін «предикативті», «предикативті емес» деген тұрғыдан да қарастырады.

Е.И. Убрятова да сөз тіркестерін сөйлем мүшелері мен сөз таптарының басын біріктіріп жан-жақты қарастыруды көздеген. Сондықтан оның зерттеуінде сөз тіркесіне бай материалдар негізінде жасалған дұрыс қортындыларымен қатар лексикаға және сөйлем синтаксисіне тән мәселелерді олармен араластырып алған жайлары да бар. Дегенмен, бұл –құнды еңбектердің бірі.

Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын –сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болумен қатар, грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады.

Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың материалы деп білеміз. Сондықтан сөз –ой құраудың арқауы. Сөздер қажеттіктен өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.

Сөз тіркесіне тән белгілер:

§ Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;

§ Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды,. тек сабақтаса байланысады.

§ Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.

Сөйтіп, синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.

2.Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын негізгі тәсілдер:

1)Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік): кітаптың беті, қаладан келді т.б.

2) Шылаулар(демеуліктер, жалғаулықтар): адам үшін, көрген сайын т.б.

3)Сөздердің орын тәртібі: биік үй, қалың орман т.б.

4)Интонация: Бұл –кітап, Асан –студент т.б.

СТ сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы – синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.

Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу формалары:

Қиысу –бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғалануы: мен келдім, сен айттың т.б.

Матасу –бағыныңқы мен басыңқының бірі ілік жалғауында, бірі тәуелдік формасында тұрып байланысуы: менің анам, ағаштың жапырағы т.б.

Меңгеру – бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде іліктен басқа септік жалғауларының бірінде тұрып байланысуы: есікті ашты, маған келді т.б.

Қабысу –бағыныңқының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысуы, ал енді бір қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап тұрады. Бұл жанасуға жатады.

3. Сөздер синтаксистік топ құрап сөз тіркесі болғанда, олардың құрамына әр алуан сөздер енеді. Олар түрлі морфологиялық тұлғаларда айтылады. Сөздердің ол тұлғалары, лексика-грамматикалық мағыналары тіркескен сөздердің қарым-қатынасына үйлесімді айтылады.

Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Олай болмаған жағдайда стильдік қате болып есептеледі.

Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін әшекейлеуге болады: Асау терек долданып, буырқанып... (Абай). Мұндай тіркестер метафоралық тіркестер деп аталады.

Енді бір тіркестер құрамы мызғымайтын берік болады: жүрегі шайылу, көз қырын салу т.б. Мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз.

Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады: жақсы кісі, жақсы ат, жақсы кітап т.б. Осылардай құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерді еркін тіркестер дейміз.

Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан тұрады: бірі сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі –оның басыңқы сыңары, екіншісі –оған қатысты және тәуелді бөлігі – бағыныңқы сыңары. Мысалы: жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы).

Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған жай болады немесе оның бір сыңары кейде екеуі де сөз тіркесінің құрамында күрделі сөздер және басқа түйдекті тіркестер болады. Түйдекті тіркестер дегеніміз - өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін, яғни лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркестер. Оларға күрделі етістіктер тобы (жүріп келе жатыр), есім мен көмекші етістіктер тобы (жол жүру, қол қою), қосарлы есімдер тобы (жылдан-жылға, ыдыс-аяқ), күрделі есімдер тобы (арбаның қасы), тұрақты тіркестер тобы (үрейі ұшу, есі тану) кіреді.

Сөйлем ішінде СТ екі түрлі ыңғайда құралады:

1)СТ тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатылана байланысады: Азамат кең бөлменің ортасында отыр екен дегенде, кең сөзі бөлме сөзіне бағынып, бір тіркес, бөлменің сөзі ортасы дегенмен байланысып, екінші тіркес, ал ортасында сөзі отыр екен етістігімен тіркескен.

2) Кейде СТ құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады. Кеше мектепте ұстазыммен кездестім деген сөйлемде мынадай тіркестер бар: кеше кездестім, мектепте кездестім, ұстазыммен кездестім.

Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлемдерде басыңқыдан бұрын тұрады, өлеңде керісінше орналасуы мүмкін.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Сөз тіркесі дегеніміз не?

2.Сөз тіркесіне қандай белгілер тән?

3.А.П.Поцелуевский сөз тіркесі туралы қандай пікір айтты?

4.Н.К.Дмитриевтің пікірі қандай болды?

5.Н.А.Баскаков қандай пікірде болды?

6. Е.И.Убрятованың синтаксиске арналған қандай еңбегі бар, онда сөз тіркесіне қатысты қандай пікір айтылады?

7. Сөздердің тіркесу тәсілдері қандай?

8. Сөздердің байланысу формалары дегеніміз не?

9.Сөз, номинативті тіркес, күрделі сөз арасын қалай түсіндіресіз?

10. Түйдекті тіркес дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер: 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 39.

Дәріс №3. Сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркестерін топтастыру принциптері

Мақсаты: Сөз тіркестерін топтастыру принциптерімен таныстыру, СТ сөздердің тіркесу қабілетіне және байланысу формаларына қарай ажыратып талдауға үйрету.

Тірек сөздер: есімді тіркестер, етістікті тіркестер, сын есімді тіркестер, сан есімді тіркестер, есімдікті тіркестер, матаса байланысқан сөз тіркестері, меңгеріле байланысқан сөз тіркестері, қабыса байланысқан сөз тіркестері.

1. Сөз тіркестерін топтастыруды кейбір ғалымдар сөйлем мүшелерінің ыңғайында қарастырады. Олар тіркескен сөзінің өзара мүшелік қатынасына қарай СТ «предикативті», «предикативті емес» деп екіге бөледі де, соңғыдан «толықтауыштық», «анықтауыштық», «пысықтауыштық» сөз тіркестерін шығарады. Бұлай топтастыру сөздердің өзара тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өзара тіркесіне негізделгендік болады. Рас, сөздер бір-бірімен тіркесу нәтижесінде белгілі мүшелік қатынаста айтылады. Бұл жағдай сөз тіркесінің синтаксисінде еленеді, бірақ оның ең басты белгісі бола алмайды.

Сөз тіркесін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің зерттеу объектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерін ашу керек. СТ синтаксисінің негізгі объектісі –сөйлем мүшесі емес, сөз.

2.Сөз тіркесінің синтаксисінде жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен және өзара тіркесу қабілеті, байланысу тәсілдері, сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі қарастырылады.

Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздің бірібасыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады.

Есімді, етістікті сөз тіркесінің құрамдары әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек –сөздердің байланысу формалары. Соған байланысты есімді және етістікті сөз тіркестері бірнеше топқа бөлінеді.

Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады., етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады.

3.1. Сын есімді тіркестер. Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Мұндай синтаксистік тіркестердің құрамы әр алуан болатындықтан, олар әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Олар заттың т ү с і н (ақ қар, қызыл орамал т.б.), заттың к ө л е м д і к сапасын (тар жол, кең бөлме, терең сай), т а б и ғ и күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамның, заттың і ш к і с ы р ы н (жақсы кісі, жаман адам), тамақтың д ә м і н (тәтті тамақ, ащы сорпа, қышқыл жеміс), салмақтың мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл чемодан) білдіреді. Осындай әр үрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен тіркесе бермейді. Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынын білдіреді. Сол сияқты асау сөзін асау ат, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады. Ал асау бала, асау шал деп айтуға болмайды. Өйткені ербір сын есімнің білдіретін лексикалық мағынасы белгілі бір затқа тән сапа болады. Сондықтан мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың сапасы деп айтуға болады.

Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында айтылғанда, сөз тіркесінің бірінші сыңары түбір қалпын өзгертпейді, екінші сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне ешқандай қатысы болмайды. Сонымен қатар ондағы зат есімнің кейде дербестігі болмай, сын есім күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін. Мысалы: үлкен үйдің ортасында тас шам бар (М.Әуезов).

Бірқатар сын есімнің сындық сапасын күшейту үшін оларға басқа сын есімдер қатысты болып та олар күрделі сөз тіркесінің құрамына енеді: тастай қатты ағаш, удай ащы дәрі.

Қатыстық сындарымен зат есімдерден жасалған сөз тіркестері де әр түрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Мұнда туынды сын есімдер қандай сөздерден жасалған болса, сол сөз анықтауыштық сапаның негізі болады: Таусыз,ормансыз дала (С.Мұқанов).

Қатыстық сындар зат есімдерден жасалғанда, олармен басқа зат есімдер не сын есімдер тіркесіп, барлығы жиналып, күрделі есім сөз құрамында айтылуы мүмкін: Бидай өңді, үріп ауызға салғандай келіншек есік алдына шықты (Б.Майлин).

Сан есімді тіркестер. Сан есімдер –зат есімдерге тән, оларды сан жағынан анықтап тұатын, зат есімнің жетегінде айтылатын, өзінің басыңқылық дербестігі жоқ сөздер. Олардың зат есімдермен тіркесуі арқылы қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері жасалады.

Бірқатар зат есімдер конкретті заттардың аты болады да, бірқатары абстракт ұғымының аты болады. Осыған орай, сан есімдер барлық зат есіммен бірдей тіркесей алмайды. Олар абстракт ұғымды білдіретін зат есімдермен тіркеспейді.

Жинақтау сан есімдерден басқа сан есімдердің бәрі де анықтауыштық қатынаста санауға, есепптеуге болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе береді.

Болжалды сандар есімді сөз тіркесінің құрамында заттың сандық сапасын шама мөлшрі ретінде көрсетеді: Олжабек 300-дей жылқыны айдап келеді. 12-13 үйлі Балтабай аулының ық жағына қонды.

Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге және жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі есімді сөз тіркесін құрайды: 10 жасар бала, 6 айлық азық.

Есімшелі тіркестер. Есімшелердің зат есімдермен тіресуі арқылы анықтауыщтық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады: орылған егін, айтар сөз.

Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі кездесетін есімшелер -ған, -ген тұлғалылар. Бұларға қарағанда -атын, -етін, -ар, -ер тұлғалы есімшелер есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде аз айтылады. Оның себебі – есімшелердің білдіретін мағынасында: -ған тұлғалы анықтауыштар қимыл процесінің нәтижесін, оның зат есіммен тығыз мағыналық байланысын білдіреді: көрген кісі, ұшқан құс.

Есімшелер зат есімдермен ғана емес, олардың орнына жұмсалатын басқа есімдермен де тіркесуі мүмкін. Мысалы: келген біреу, тайсалмайтын батыр.

Көреген, сүзеген, қашаған тәрізді ертедегі біраз есімшелер бұл күнде есімшелік мағынасын жойып, сын есім қатарында жұсалады. Мұндай есімшелерден ауысқан сын есімдер де есімді тіркес құрамында айтылады: көреген кісі, қашаған ат.

Есімдікті тіркестер. Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері – сілтеу, сұрау және жинақтау есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады: мына кітап, қандай мәселе?

Есімдіктердің сөз тіркесінің құрамындағы анқтауыштық мағыналары бірдей емес.

Сілтеу есімдіктері заттың айтушыға алыс-жақындық бағдарын нұсқап көрсетіп анықтайды: ол осы өзенді жағалап Кремль жақтағы сонау көк мүйіске қарай серуендемекші еді-ау!

Сұрау есімдіктері ол құрамда заттың сұраулық сапа қатынасын білдіреді, мысалы, қай қала? неше мектеп?

Мұндай құрамда айтылатын сұрау есімдіктері - қабыса байланысатын анықтауыштарға (сын есім, зат есім, сан есім, есімше және сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштарға) қойылатын сұрақтар.

Басқалары қабыса байланысатын анықтауыштардың орнын баспайтындықтан, мұндай құрамда айтылмайды.

Жалпылау есімдіктері есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызмеетінде заттың жинақталған мөлшерлік сапасын білдіреді. Мысалы, барлық жұрт, бүкіл дүние.

Үстеулер қатысқан есімді тіркестер. Үстеулер - өздерінің лексикалық мағыналарына заттың қимылдық сапасын айқындайтын сөздер. Солай болатындықтан лоар көбінесе етістіктерге қатысты болып, етістікті сөз тіркесінің құрамында жиі қоданылады. Үстеулердің есім сөздермен тіркесуі де кездейсоқ құбылыс емес. Қазақ тілінің материалдарына қарағанда, мезгіл үстеулері сөйлем ішінде сын есім, зат есім, сан есім және бар, жоқ сөздеріне қатысты болып, солармен қабыса байланыста көп ұшырамайды. Мысалы, бүгін жайлауда, еді көңілді, қазір жас, ертең жоқ.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 2200; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.052 сек.