Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 2 страница




Әйел адамдар мешітке барып жамағатпен бірге намаз оқуларына болады. Бірақ үйде оқулары абзал. Пайғамбары-мыз (с.а.у.) бүл жайлы: «Әйелдердің мешітке баруларына бөгет болмаңдар. Бірац үйлері олар үшін мешітке барула-рынан да абзал», - дейді.

 

Жамагат намазда саптың реті

Екі адам намаз оқыған уақытта біреуі имам болып, екін-шісі оң жағына түрып, аяғының өкшесі имамның аяғының өкшесінен кейін түру керек. Бір адамның имамның артына немесе сол жағына түруы - мэкрүһ. Имамға ұйыған адам әйел кісі болса, имамның артына тұрады. Жамағат екеу яки одан да көп болса имамның артына тұрады. Жамағаттың біреуі ер кісі, екіншісі эйел болса, ер кісі имамның оң жағы-на, эйел арт жағына түрады. Имамнан басқа екі ер кісі жэне бір әйел кісі болса, ер кісілер имамның артына, эйел ер кісі-лердің артына тұрады. Екі адам жамағат болып намаз оқып жатқан уақытта, үшінші адам келіп, имамның оң жағында-ғы адамды артқа тартып, имамның артында бірге намаз оқу-ларына рұқсат.

 

Имамдыңтың шарттары

Имамның жасы балиғатқа жеткен, ақыл-есі түзу жэне мұ-сылман болуы шарт. Иманға теріс кейбір күпір сенімі бар адамның артында намаз окуға болмайды. Имам кісінің ер кісі болуы керек. Әйел заты ер кісілерге имам бола ал-майды. Бірақ эйел адамның өз араларында имам болуы мэк-рүһ жолымен рұқсат. Әйел имам болған уақытта басқа эйел-дермен бір сапта тұрады. Имам болған эйелдің алдыға шы-ғуы - мэкрүһ.

Имам кісінің намазды дұрыс оқи алатындай жэне оқитын Құран сүрелерін жатқа білуі қажет. Үзірлі адам имам бола алмайды.

 

Намаздың жамагатпен оқылу үлгісі

Жамағаттың әрбірі имамға ұюға ниет етеді. Мысалы: «Бүгінгі бамдат намазының парызын өтеуге ниет еттім. Үйыдым имамға». Одан кейін имам қолдарын көтеріп, жа-рия түрде «Аллану экбар» деп намазға бастайды. Жамағат қолдарын көтеріп, кұпиялай «Аллану әкбар» деп, имаммен бірге намазға бастайды. Имам мен жамағат «субханаканы» жасырын оқиды. Имам кұпиялай әузу мен Бисмиллаһты оқып, эрі қарай жариялай «Фатиха» жэне қосымша сүре оқиды. Имам бамдат, ақшам жэне құптан намазының алғаш-қы екі рэкатында және үтір намазының үш рэкатында, жұма мен айт намазының барлық рэкаттарында «Фатиха» мен оған қосымша аяттарды жамағат еститіндей жария оқиды. Жэне тэкбірлер мен «сами' Аллаһу лимэн хамидаһты» жэне де сэлемді жария айтады. Ақшам намазының үшінші жэне құптан намазының үшінші, төртінші рэкаттары мен бесін, намаздыгер намаздарының барлық рэкаттарындағы тэкбір-лер мен «сами' Аллану ли мән хамидан» сөзін жэне сэлем-дерді жария түрде, ал «субханака» мен кырағатты кұпия оқиды.

Имам бамдат намазының алғашқы рәкатындағы аяттар-ды, екінші рэкатта оқитын аяттардан екі есе көп оку керек. Бұл - сүннет. Жамағаттың алғашқы рэкатқа жетуіне көмек-теседі.

Жамағат тэкбірлерді құпия айтады. Имам рүкүғтен тұр-ған кезде жариялай «сами' Аллану лимән хамидан» деп, құ-пиялай «Раббэнэ уэ лэкэл-хамд» дейді. Имам Ағзамның басқа бір риуаятында имам «Раббэнэ лэкэл-хамдты» айт-пайды. Жамағат кұпиялай «Аллаһумма Раббэнэ уэ лэкэл­хамд» немесе «Раббәнә уэ ләкәл-хамд» дейді. Одан эрі рү-күғ пен сэждеде бэрі бірге кұпиялай тәсбихтарды айтады.

Имам сәлемді-жария түрде, жамағат-құпия түрде береді. Имам да, жамағат та «эмиңці» құпиялай айтады.

Имам сэлем бергеннен кейін мына дұға оқылады.

 

«Алланумма энтэс-сэлээм уэ минкэс-сэлээм тэбээрак-тэ иэзэл-жэлээли уэл-икрээм» дейді. Мағынасы: «Алланым! Сен-сэлемсің. Сэлем сенен. Сен күллі нұқсандыц атаулыдан пәксің. Дүние мен ацырет сәлеметі мен бейбіт-шілігі сенің көмегіңмен гана болады. Нагыз цасиетті - Сен-сің. Ей, цүдірет пен жомарт иесі Раббым»

Бұнан кейін имам мен жамағат құпиялай - «Аятул-күрсі-ні» оқиды да, отыз үш рет «Субханаллаһ», отыз үш рет «Әл-хамдулиллэһ», отыз үш рет «Аллаһу экбар» тәсбихатын жа-сайды.

Бұдан кейін:

{>І ^ Зг ^ > 3 і^іі іі) Ыіи'і Ц іі 'ч 4^3 &і» ііі «Лээ илэнэ иллАллану уахдану лээ шэрикэ лэн. Лэнул-мулку уэ лэнул-хамду уэ нуэ а'лэ күлли шэй'ин қадиир»

дұғасын оқып, имам мен жамағат дұға жасайды. Мағынасы: «Аллантан басца қүдай жоц. Ол - жалгыз. Оның теңдесі мен серігі жоц. Күллі мүлік иесі - Ол гана. Мадац Оган лайыц. Ол барлыц нэрсеге күші жетуші, аса қүдіретті». Жеке намаз оқығандар да осыны оқи алады.

 

Имамға кешігіп үйыған адам намазын қалай жалғастырады?

Имамға намаздың ортасында немесе аяғында, мысалы, бір, екі яки үш рэкаттан кейін ұйыған адамға «мэсбуқ» делі-неді.

Мэсбуқ, имамға жария оқылған намазда үлгерсе, субхана-ка дұғасын оқымастан имамға құлақ асады. Сосын үлгермей қалған рәкаттарын жалғастыру үшін тұрған уақытта субха-нака дұғасын оқиды.

Таң намазының екіншірэкатына үлгерген жагдайда...

Имамға таң намазының екінші рәкатыңца үлгерген адам ифтитах (намазға бастау) тэкбірін алғаннан кейін ары қарай имамды тыңдайды. Соңғы отырыста тек қана «эт-тэхият» дұғасын оқиды. Имам екі жаққа сэлем бергеннен кейін дереу тұрып, үлгермей қалған бірінші рэкатын жалғастырады. «Субханака» дұғасы мен «ә'узу мен бисмиллаһты», сосын «Фатиха» мен қосымша сүрені оқығаннан кейін рүкүғ, сэж-де, соңғы отырыс жасап, намазын аяқтайды.

Аңшам намазының екінші рэкатына үлгерген жагдайда...

Имамға ақшам намазының екінші рэкатында ұйыған адам үлгермей қалған бірінші рэкатын тура таң намазының екінші рэкатына үлгерген адам сияқты оқиды.

Аңшам намазының соңгы рэкатына үлгерген жагдайда...

Ақшам намазының соңғы рэкатына үлгерген адам ифти-тах (намазға бастау) тэкбірін алғаннан кейін «субханака» дұ-ғасын оқып, ары қарай сол рэкатты имаммен бірге тэмам-дайды. Имам сэлем бергеннен кейін тұрып «субханака» дұ-ғасы мен «э'узу мен бисмиллаһты» сосын «Фатиха» мен қо-сымша сүре оқып, рүкүғ жэне сэжде жасап отырады. Бұл отьфыста тек қана эт-тахият дұғасын оқып, қайта тұрады. Бисмиллаһтан кейін «Фатиха» жэне қосымша сүре оқып, рү-күғ жэне сэжде жасағаннан кейін соңғы отырысқа отырады. Бұл жерде «эт-тэхият», «салауат», «раббанэ этина» дұғала-рын толық оқып, сэлем беріп, намазын аяқтайды. Ақшам на­мазының екінші рэкатына үлгерген адам үш рет тэшэһһүдке отырады. Бірақ екінші рэкаттың соңында қателесіп, отырмай қалса, сэһу сэждесі қажет емес.

 

Төрт рэкатты намаздың соңгы рэкатына үлгерген жагдайда...

Төрт рэкатгы намаздың төртінші рэкатында имамға ұйы-ған адам имам екі жаққа сэлем бергеннен кейін тұрып, «суб-ханака» дұғасы мен «э'узу мен бисмиллаһты» жэне «Фати-ха» мен қосымша сүре оқып, рүкүғ жэне сэжде жасап отыра-ды. Бүл отырыста тек қана «эт-тахият» дұғасын оқып, қайта тұрады. «Бисмиллаһтан» кейін «Фатиха» жэне қосымша сү-ре оқып, рүкүғ, сэждеге барып соңғы рэкатқа түрады. Бис-миллаһтан кейін тек қана «Фатиха» сүресін оқып, рүкүғ, сэждеге барып, сонғы отьфысқа отырып, «эт-тэхият», «салауат», «раббанэ этина» дүғаларын толық оқып, сэлем беріп, намазын аяқтайды.

 

Төрт рәкатты намаздың үшінші рәкатына үлгерген жагдайда...

Төрт рэкатты намаздың үшінші рэкатында имамға ұйыған адам имам соңғы отырысқа отырған уақытта тек қана «эт-тэ-хият» дұғасын оқиды. Имам сэлем бергеннен кейін тұрып, «субханака» дұғасы мен «ә'узу мен бисмиллаһты» жэне «Фатиха» мен қосымша сүре оқып, рүкүғ, сэжде жасап қайта тұрады. Бисмиллаһтан кейін «Фатиха» жэне қосымша сүре оқып, рүкүғ, сэждеге барып, соңғы отьфысқа отырып, «эт-тэхият», «салауат», «раббана этина» дұғаларын толық оқып, сэлем беріп, намазын аяқтайды.


Төрт рәкатты намаздың екінші рәкатына үлгерген жағдайда...

Төрт рэкатты намаздың екінші рэкатында имамға ұйыған адам, имам соңғы отырысқа отырған уақытта тек қана эт-тэ-хият дұғасын оқиды. Имам сэлем бергеннен кейін тұрып, «субханака» дұғасы мен «аузу мен бисмиллаһты» және «Фатиха» мен қосымша сүре оқып, рүкүғ, сэжде жасап, соң-ғы отырысқа отырады. Бүл жерде «эт-тэхият», «салауат», «раббана этина» дүғаларын толық оқып, сэлем беріп, нама-зын аяқтайды.

Имамға рүкүғда үлгерген адам сол рэкатқа үлгерген сана-лады. Имамға сәжде немесе отырыста үлгерген адам дереу ифтитах (намазға бастау) тэкбірін алып, имамға үйиды.

 

Сахаба Муаздың имамдыгы

Хазіреті Муаз бірде халыкқа «Бақара» жэне «Ниса» сүре-лерін оқып, имамдық жасап, бүның арты жамағаттың ша-ғымдануына экеліп соғады.

Пайғамбарымыз осыған байланысты Хазіреті Муазға мы-надай ескерту жасаған: «Му'аз! Сен халықты жалықтырып, арадан кейіс, наразылық тудырғың келе ме? Сенің істегенің дұрыс емес. Намазды «Сэббих-исмэ-раббикэ» немесе «Уэш-шэмси, уэд-духаһэ» сияқты қысқалау сүрелермен оқығаның абзал», - деп ескерту жасаған.

***

Жүма намазы

Жұма намазы - дінімізде өте маңызды саналатын, жама-ғатпен орындалатын апталық ғибадат. Жұма күнінің ежелде еврей жэне христиандар үшін апталық ғибадат күні болған-дығы, кейіннен еврейлер бұл күннің орнына сенбі күнін, христиандар жексенбі күнін апталық ғибадат күні ретінде өзгертіп қабьщцағаны жэне Ислам діні келгеннен кейін ұмыттырьшған қасиетті бұл күннің мұсылмандарға қайта-дан оралуы жайлы Пайғамбарымыз (с.а..у) былай дейді: «Біз - бұрынгы кітап берілгендерге қараганда, ец соңгысы-мыз. Қияметте—ең алга өтеміз. Олар Аллантың өздеріне парыз еткен осы жұма намазы күні жайында қарама-қайшы пікірге түсті. Аллан оны бізге көрсетті. Басца адамдар бүл туралы бізге багынады. Жұма күнінің ертеңі — янудилердікі, одан кейінгі күн — христиандардікі»2 2. Пай-ғамбарымыздан (с.а.у.) бұл күннің неліктен жұма аталуы-ның себебін сұрағанда, былай деп жауап қатты: «Күмэнсіз, экеңіз Адамның жаратылысы сол күні жиналды. Қиямет сол күні болады. Қайта тірілу мен адамдардың есеп беруі үшін ұсталулары да - сол күні болады. Жұма күнінің үш са-гатының соңында бір сэт бар. Сол сэтте дұга еткеннің дұгасы кабыл болады»,223 — дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа бір хадисте «Мен дұгалар-дың қабыл болатын сагатының кай уақытта екенін білуші едім, бірақ Қадір түні сияқты бұл да маган ұмыттырыл-ды», — деп жұма күнінде дұғалардың қабыл болатын арнайы бір сэттің бар екенін айтады. Міне, сондықтан мүмкіншілік болса жұма күнін толықтай қүран оқу, намаз оқу, тэсбих, салауат айту сияқты ғибадатпен өткізу керек. Жұма күні та-заланып, мешітке ертерек барып, хұтба тыңцап, артынан на-маз оқыған адамның алдыңғы жүма мен сол жұманың ара-


 


 
 


сында жасаған күнэларының кешірілетіні жайлы Пайғамба-рымыздың хадистерінде сүйінші хабар бар.

Жүма күні мұсылмандардың апталық айты, мейрамы болғандықтан бейсенбі күні ақшамнан бастап, заттық жэне рухани тазалыққа басқа күндерге қарағанда көбірек көңіл бөлу керек. Заттық тазалықтың ең басында ғүсыл алу, тыр-нақ алу, таза киім кию, хош иісті этір себу келеді. Рухани тазалық ретінде жүмадан бүрын күнэларына тэубе етіп, кө-бірек зікір, салауат айтып, дүғаның қабыл болатын қүпия сағатына тура келуді үміт етіп, көбірек дүға етуге тырысу керек.

Мұсылмандардың жүма намазды оқу үшін бір жерге жи-налулары жұма намазының осылай аталуына бірден-бір се-беп болған. һижреттен бұрын, яғни, Меккеде жұма намазы жоқ еді. Аллаһ Елшісі «Ақаба» сертінен кейін Мус'аб ибн Умейрді Мэдинаға мұғалім етіп жіберді. Оған сол жерде бе-сін уақытында екі рэкат намаз оқуын эмір етті. Міне, сон-дықтан мұсылмандар Әсад ибн Зурараның Мэдина сыртын-дағы үйіне жиналып, жұма намазын оқи бастады. Негізінде жұма намазына байланысты аяттың Мэдинада түскенін жэ-не Аллаһ Елшісі алғаш жүма намазын һижрет кезінде Са-лим ибн Ауф тайпасына тиісті Рануна қойнауында оқыға-нын ойлап қарасақ, Әсадтың оқыған екі рэкат намазы жұма намазының парыздығынан бұрын болып, оқыған намазда-рының бесін намазы екенін аңғаруға болады.

 

Жүма намазының үкімі - парыз. Парыздыгы Қүран мен сүннетке сүйенеди

Кұраннан дэләл: «Ей, иман еткендер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Аллаһты еске алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауда жасауды сол уақытта доғарындар»224. Сүннет дэлеліне келсек: Пайғамбарымыз

(с.а.у.) былай дейді: «Жұма азанын естіген жандарга-жү-ма намазы парыз225.

 

Жүма намазының парыздыгының шарттары

Жұма намазының кімге парыз екені жайлы Пайғамбары-мыз (с.а.у.) былай дейді: «Алланца ждне ацырет күніне сен-гендерге - жүма намазы парыз. Бірац жолаушы, цүл, бала, әйел Ждне науцастар бүдан тыс». Яғни бұлардан басқа барлық мұсылмандарға жұма намазы парыз.

1. Ер кісі болу: Жұма намазы эйелдерге парыз емес. Бі-рақ намазды мешіттегі жұма жамағатына қатысып, оқыған жағдайда қайтадан бесін намазын оқу қажет емес.

2. Азат болу: Азаттығы болмаған тұтқын мен қапаста жатқандарға жұма күні бесін намазын жұманың орнына оқулары жеткілікті.

3. Тұрғын болу: Жолаушыға жұма намазы парыз емес. Себебі, жолаушыда жалпы жол қиыншылықтары бар. Оған жеңілдік жасалған.

4. Науқас немесе белгілі себептер болмау: Намазға бар-са, ауруының асқынуынан қорыққан жандарға - жұма нама-зы парыз емес. Сол секілді науқасқа қараушы, элсіз кәрі, кө-зі көрмейтін, мүгедек жэне кезектегі сақшылар секілді себе-бі болғандарға бесін намазы жетіп жатыр. Бірақ жұма нама-зын оқи алса, бесін намазын оқудың қажеті жоқ.

 

Жүма намазының дүрыс орындалу шарттары

1. Жұма оқылатын жердің қала немесе қалаға лайық болуы қажет. Бұл жайлы Хазіреті Әли: «Жүма намазы, тдшриц тдкбірлері, Рамазан ждне Қүрбан айт намаздары нөпір цала немесе аймацтарда оцылады», - дейді. Имам Ағ-


 
 

Жұма, 62/9.


зам осыған қарап, үкім шығарған. Яғни, оның көзқарасы бойынша, экімі, көшесі, базары, бар отырықты жер-«нөпір қала» болып саналады. Әбу Юсуп бойынша, халқы үлкен мешітке сыймайтындай қарақұрым болған жерлерді қала санаса, Имам Мұхаммед басшьшардың қала санаған жерле-рін қала деп есептейді.

Жүма намазы шағын отырықшы жерлерде де оқыла ала-тыны жайлы дэлелдер бар. Әбу һурайра Бахрейнде қызмет етіп жүрген кезінде Хазіреті Омардан жұма намазы жайлы сұрайды. Ол «Жұма намазын қайда болсандар да оқыңдар» деп жауап қатады. Ибн Аббас жұма намазын Мэдинадағы Пайғамбар мешітінен кейін алғаш рет Бахрейндегі «Жууаса» деген ауылда оқылғаны жайлы хабар береді227.

2. Жұма оқитын имамның үкімет тарапынан рұқсаты болуы керек. Ханафи құқықшылары бойынша, жұма нама-зы үшін де солай. Олар мына хадиске сүйенеді: «Кімде-кім жүма намазын мен өмірде болган кезімде немесе менен кейін дділ немесе залым бір имам (басшы) болганда, оны мі-се түтпай немесе терістеп, оны тәрк етсе, Аллан оган бе-рекет бермесін жэне ісін ілгері бастырмасын»228. Міне, осы хадисте жұма яамазының парыз болуы үшін эділ бол-сын, залым болсы. бір басшының болуы қажет екенін айт-қан. Өйткені үкім; ген рұқсат алмаса, бүлік шығу ықгама-лы бар. Бірақ басш ііілар жүмаға мэн бермесе ңемесе себеп-сіз мұсылмандардың намаз оқуына кедергі жасаса, мұндай жағдайда, мұсылмандар бір имамның артына тұрып, жұма намазын оқуларына болады. Имам Мүхаммед мына дэлелге сүйенеді: Хазіреті Осман Мэдинада қоршауда қалған кезде сырттағы сахабалар Хазіреті Әлидің артына түрып, жұма намазын оқыған229.

3. Жұма намазы дұрыс болуы үшін, Әбу Ханифа бойынша, имамнан тыс ең аз үш адам, Әбу Юсуп жэне имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, екі ер кісінің бо-луы шарт. Дэлелдері «Аллаһтың зікіріне (жүма намазы-на) үмтылыңдар» 30 аятындағы «үмтылыңдар» етістігі көпше түрде қолданылған. Әбу Ханифа-үш, қалған екеуі-екі адамды көп ретінде қабыл еткен. Бұл жерде бір қалада бірнеше жердё жұма намазының оқылуын айта кеткен жөн. Әбу Ханифа жэне Имам Мұхаммед бойынша, бір қалада бірнеше жерде жұма намазын окуға болады. Бұған дэлел Хазіреті Әлидің Хазіреті Осман қоршауда қалған кезінде жұма намазын сыртта оқығаны секілді айт намаздарын да Мэдина сьгртында сақарада оқьгған. Сол жерге келе алмаған элсіз, кэрі жандар намаздарын қала орталығында оқыған.

4. Жұма намазы оқылатын жердің халыққа ашық болуы. Өйткені, жұма намазы - Исламның рэмізі, дін ерек-шеліктерінің бірі. Имам есігін құлыптап, жұма оқыса, нама-зы дұрыс болмайды.

5. Уақыт. Жұманың уақыты-бесін намазының уақыты. Әнас ибн Маликтің бізге: «Аллан Елшісі жүма намазын күн батыска ауа бастаганда оқитын»231— деген сөзі жеткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Му'саб ибн Умейрді һижреттен бұ-рын мұғалім етіп, Мэдинаға жіберген кезінде оған күн ба-тысқа ауа бастағанда жұма намазын оқуын айтқан.

6. Хұтпа. Жұма сүресіндегі «Аллаһтыц зікіріне үмты-лыңдар» аяты - жұма намазы мен хұтпасы. Хазіреті Пай-ғамбар хұтпасыз ешқандай жұма намазын оқымаған. Хүтпа шарт болмағанда кейде оны тэрк ететін еді. Жамағаттың ал-дында хұтпа оқылуы керек. Хұтпа оқылып жатқан кезде жа-мағат болмай, біткеннен кейін келсе, намаздары дұрыс бол-майды. Жамағаттың хұтпаны естулері шарт емес. Жалпы сол жерде болса жеткілікті. Хұтпа кезінде жолаушы болса


Бухари, Жума, 11. Ибн Мажэ, Иқама, 7& эл-Касани, 1. 261.

 

Жұма, 62/9. Бухари, Жума, 16


да, жалпы ғибадат етумен міндеттелген бір ер кісінің болуы жеткілікті.

Әбу Ханифа бойынша, хұтпаның шарты Аллаһты зікір етуден тұрады. Сол себепті, хұтпашы хұтпаға ниет етіп, «Әлхамду липләһ» немесе «Субханаллаһ» немесе «Лээ иләһэ ил-лАллаһ» десе, жеткілікті. Өйткені, «Аллаһты зікір етуге асыгыңдар» аятында зікірдің аз болуы мен көп болуы жайыңда мэселе қозғалмаған. Хазіреті Осман халифа кезін-де алғаш жұма хұтпасында «Әлхамду лиллэһ» дегеннен кейін қобалжып, тілі тұтылып, мінбеден түсіп, жұма нама-зын оқығаны осыған дэлел.

Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, хұтпа - хұтпа делінетіңцей айтылуы керек. Бұл - әт-тәхият, мадақ жэне салауат пен мұсылмандарға дұға ететіндей көлемде болмақ.

 

Хүтпаның уәжіптері

1. Хұтпаны тік тұрып жэне адамдарға қарап оқу.

2. Кіші жэне үлкен дэретсіздіктен таза болу.

3. Әурет жері жабық болу.232

 

Хұтпаның сүннеттері

1. Хұтпаны екіге бөлу. Екі хұтпаның арасында бір тэс-бих және үш аят оқитындай уақыт отыру. Сол себепті, бүны «хұтпа» деп атайды.

2. Бұл екі хұтпаның эрбірі - шэһадат сөздерін, салауат-ты қамту керек.

3. Бірінші хұтпа - бір аят жэне насихатты, екінші хұтпа мұсылмандар жайлы дұғаны қамту керек. Екінші хұтпада хұтпашының даусы - бірінші хұтпадан төмен болуы керек. Бүлар хұтпаның сүннеті.

4. Екі хұтпаны ұзатпау.

 

 

Білмен, 157.

5. Хұтпашы мінберге шыққан кезде оның алдында азан-шы азан оқиды. Хазіреті Пайғамбар заманында оқылған азан осы.

6. Хұтпашы азаннан кейін тұрып, құпиялай эғузуды оқып, жариялай Аллаһ Тағалаға мадақ айтып, хұтпасын жа-мағатқа қарап оқиды.

7. Хұтпа біткен кезде қамат айтылады.

Жұма намазы ауылдық жерлерде де оқылатыны жайлы бүрыннан рүқсат берілген. Бір ауылда түратын адам қалаға келіп, жүма уақытына дейін қалуды ниет етсе, оған жұма намазы - парыз. Бірақ жұмадан бұрын кетуге ниет етсе, па-рыз емес. Жұма уақыты кіргеннен кейін шығуды ниет етсе, басым көпшіліктің көзқарасы бойынша, парыз болмайды. Ауылға көліктің ерте кетіп, басқа бір көліктің болмауы се-кілді себептерге байланысты, жұманы күтпесе де болады. Бесін намазын оқыса, жетіп жатыр. Жұма күні жолға шығу-ға болады. Бірақ түстен кейін жұма намазын оқымай шығуы - мэкрүһ. Жұма күні тэкбір айту, жуыну, хош иіс жағу, ми-суак қолдану, жақсы киім кию - мұстахап. Жұма күні азан оқылған кезде себепті жағдайы болмағандардың істерін тоқтатып, мешітке дереу баруы - уэжіп. Жұма күні мешітке ерте бару, екі рәкат намаз оқу, «Кэһф» сүресін оқу немесе тыңдау - мэндүп.

Хұтпашы мінберге шыққан кезде, жамағаттың тыныш-тық сақтауы, сэлем алып, сэлем бермеуі, нэпіл намаз оқымауы керек. Жұманың екі сүннетін оқып қойса, қалға-нын тезірек уэжіптерін бұзбай бітіру қажет. Тіпті хұтпада Пайғамбарымыздың (с.а.у.) аты айтылса да салауат айтпай үнсіз қалу - абзал. Бірақ Әбу Юсуп бойынша, іштей салауат айтылады.

 

Жүма намазының сүннеттері

Жұма намазының алды мен соңында төрт рэкаттан нэпіл намаз оқылады. Яғни, жұма намазы - бас-аяғы он рэкат на­маз. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұмадан бұрын төрт рэкат намаз оқыған. Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім жұма намазын оқыса, артынан қосым-

233 ~ •

ша төрт рэкат окысын», - деиді.

 

Айт намаздары

Айт - арабшадан тілімізге өткен «мейрам» деген мағына-ны біддіреді. Айт намаздарының уэжіптігі Құран мен сун-нетке сүйенеді. Біріншісі - Рамазан айты, екіншісі - Құрбан айт. Мәдинадағы бір ансар-сахаба Исламнан бұрын тойлай-тын екі күннің болғаны туралы Пайғамбарымызға (с.а.у.) айтқанда, ол: «Аллан сол екі күннің орнына сендерге олар-дан элдеқайда жақсысын берген. Біреуі - Құрбан айт, екін-шісі - Рамазан айт», 234 - дейді. Аллаһ Елшісі екі айт нама-зын оқығаны жайлы хабар «тэуатүр» (бұлтартпас, анық) жолмен бізге жеткен. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алғашқы оқыған айт намазы - һижреттің екінші жылындағы Рамазан айт намазы. Бұны ибн Аббас айтады: «Аллан Елшісі (с.а.у.) Әбу Бәкір, Омарлармен бірге Рамазан айт намаздарына қа-тыстым. Барлыгы да айт намазын хұтпадан бұрын оқы-ды».




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1148; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.08 сек.