Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 6 страница






 

Ниса, 4/101.


бар. Яғни, төрт рэкат парыз намаздар екі рэкат етіліп, оқы-лады. Ақшам мен таң намазы қысқартылмайды.

 

Жолаушыльщ үкімі кай жерден басталады?

Тұрған мекенінің (қала, ауыл) соңғы үйлерінен өткен уа-қыттан бастап жолаушы саналады. Қаламен бітісе орналас-қан ауылдар да қала саналып, олардан өткен кезде ғана жо-лаушылық үкімі жүреді. Яғни, намаздарын қысқартып оқи алады. Қала біткеннен кейін кездесетін бірең-саран үйлер есепке алынбайды.

Жолаушы өз жерінен бөгде жерге барып, сол жерде он бес күн, яки одан да көп мерзім қалуға ниет етсе, түрғын са-налып, жолаушылық үкімінен шығады. Егер де он бес күн-нен аз қалуға ниет етсе, намаздарын қысқартып оқиды. Жо-лаушы үйіне қайтып келгенге дейін жолаушы саналады. Не-гізгі тұрған жерінен көшіп, басқа жерге толық орналасқан-нан кейін, көшкен жеріне он бес күннен аз мерзім үшін қайта келсе, намазын қысқартып оқиды. Жолаушылық үкі-мінің тоқтауы үшін 15 күн түруды ниет еткен жер - бір жер болуы керек. Егер бөлек-бөлек жерлерде жалпы 15 күн қа-луды ниет етсе, жолаушылық үкімінен шықпайды. Мысалы, 10 күн Атырауда, 5, яки 14 күн Қарағандыда болуды ниет етсе, жолаушылығы бітпегендіктен намаздарын қысқартып оқи береді. 15 күн қалу ниеті бірден ниет етілу керек. Егер 7 күн қаламын деп ниет етіп, жеті күн өткеннен кейін кейбір себептерге байланысты тағы да 10 күн қалуды ниет етсе, қалған күндерінің жалпы саны 17 күн бола түра жолаушы-лық үкімі тоқтамайды. Өйткені, уақыттар бөлек-бөлек ниет етіліп, белгіленіп отыр. Жолаушьшық уақыты бітпесе де бір жерде 15 күн түруды ниет ету арқылы жолаушылық үкімі тоқтайды. Намаздарын қысқартпастан толық оқиды.

Жолаушы 85-90 шақырым жол жүргеннен кейін, жарты жолдан үйіне қайтуды ниет етсе, үйіне келгенге дейін жо­лаушы саналады. Яғни, тек қана үйге қайту ниеті жолаушы-лықтан шығармайды.

Намаз жамағатпен оқылғанда түрғын - жолаушыға, жо-лаушы - тұрғынға ұюына болады. Бірақ тұрғын адам жо-лаушыға ұйығанда, екі рэкаттан кейін жолаушы имамның сэлем беруін күтеді. Жолаушы имам екі жаққа сәлем берген кезде, тұрғын сэлем бермей, орнынан тұрып қалған екі рә-катын толықтырып оқиды. Ал егер жолаушы тұрғынға ұйы-ған жағдайда, намазын төрт рәкат етіп, толық оқиды. Имам-ға бағыну шарт. Жолаушылық кезде қаза болған намаздар-дың қазасын кейін жай уақытта оқыған жағдайда да екі рэ-кат қылып қысқартып оқиды. Сол сияқты жай уақытта қаза болған намаздардың қазасын жолаушы болған уақытта оқы-са, қысқартпай толық оқиды.

 

 

Қателік сәждесі

(сэһу сэждесі)

Қателік сэждесі намазда жасалынған кейбір қателіктер-дің түзетіліп, намаздың дұрыс болуы үшін намаздың соңын-да жасалатын қосымша екі сэжде. Адам намазда жаңылы-сып намаздың бір парызын кешіктірсе, немесе артық істесе, яки бір уэжіпті ұмытып тэрк етсе, кешіктірсе, намаздың ақырында қателесу сэждесін жасайды.

 

Қателік сәждесі қалай жасалады?

Бұл сэждені жасайтын адам соңғы отырыста әт-тахиятты оқығаннан кейін екі жаққа сэлем беріп, қайта «Аллаһу эк-бар» деп, екі рет сэждеге барып, қайта отырады. Одан кейін эрі қарай қайтадан «эт-тахият» дұғасын, салауат, «Рәббәнә ээтина» дұғасын оқып, екі жаққа сэлем береді. Егер Имам қателессе, тек қана бір жағына сэлем беріп, екі сэжде жа­сайды. Екі жаққа сэлем беретін болса, жамағат намаз бітті деп ойлап қалып, тұрып кетуі ықтимал.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бьшай дейді: «Кімде-кім намазда шүбәланса, дұрысы қайсысы екенін ойлап, намазын қана-гатшанган ойына қарай толықтырсын. Сосын сәлем берсін де, қателік сәждесін жасасын, ягни жаңылганы үшін екі сәжде жасасын» 26. Басқа бір хадисте: «Кімде-кім нама-зын төрт рәкат па, әлде үш рәкат па оқыганына шүбэлан-са, шүбэсін тастап, анық білгенімен намазын толықтыр-сын. Соңгы сэлемді бермей екі сэжде жасасын. Егер бес рә-кат оқыса, сэжделер намазына шапагатшы болмақ. Ал егер намазын толық оқыган болса, сәжделер шайтанның алыстауына себеп болады»266.

 

Сэну сэждесін ңажет ететін жагдайлар:

1. «Фатихадан» кейін қосымша сүре оқымастан рүкүғқа бару. Рүкүғте түрған кезде есіне түссе қайта қиямға барып, қосымша сүрені оқып рүкүғке барады. Намаздың соңында сэһу сэждесін жасайды.

2. ¥мытып «Фатиха» сүресін екі рет оқу.

3. ¥мытып үтір намазының тэкбірін жэне қүныт дұға-сын оқымау.

4. Төрт рэкатты намаздарда екі рэкат оқығаннан кейін отыруды ұмытып, үшінші рэкатқа тұру. Яғни алғашқы оты-рысты ұмыту. Бұндай жағдайда егер үшінші рэкатқа толық, яки (тізелері ашылып) қиямға жақын тұрып қойса, намазын эрі қарай жалғастырып, соңында сэһу сәждесін жасайды. Ал, егер отырысқа жақынырақ күйде болса, үшінші рэкатқа тұрмай отырады. Сэһу сэждесін жасамайды.

5. Бірінші отырыста «эт-тахият» дұғасын оқығаннан кейін дереу тұрмай «салауат» жэне басқа дұғаларды оқу яки намаздың бір рүкіні (парызы) орындалатындай уақыт оты-

 

Бухари, Салат, 31. Бухари, Сэһу, 6-7.

ру. Егер салауаттан бір сөйлемдей оқып қойса сэһу сэждесі істеледі. Мысалы, «Аллаһумма салли а'ла Мухаммад» сияқ-ты. Ал егер бір сөйлемнен аз болса сэһу сэждесі қажет емес.

6. Төрт рэкатты парыз намаздардың соңғы рәкатынан кейін отырмай шатасып, дереу бесінші рэкатқа тұрған жағ-дайда, егер элі бесінші рэкаттың сэждесін жасамаған болса, дереу соңғы отырысқа отырады. «Әт-тахият» дұғасын оқы-ғаннан кейін сэлем беріп, сэһу сэждесін жасайды. Өйткені парыз болған сонғы отырыс кешіктірілді. Ал егер бесінші рэкаттың сэждесін жасап қойған болса, тағы бір рэкат қо-сып, алты рэкат қылып тамамдайды. Бұл алты рэкаттық на-мазы парыз емес, нэпіл намазға айналып кеткендіктен па-рызды қайтадан оқиды.

7. Төрт рэкатты парыз намаздардың соңғы рэкатынан кейін отырып «эт-тахият» дұғасын оқығаннан кейін немесе оқитындай уақыт отырғаннан кейін шатасып, бесінші рэкат-қа тұрған жағдайда, егер элі бесінші рэкаттың сэждесін жа-самаған болса, дереу отырып, «эт-тахият» дұғасын оқыған-нан кейін сәһу сэждесін жасап, намазын тэмамдайды. Ал егер бесінші рэкаттың сэждесін жасап қойған болса, тағы бір рэкат қосып оқиды. Бұл алты рэкаттық намаздың төрті парыз ретінде екеуі нэпіл ретінде жүреді. Намаздың соңын-да сәһу сэждесі жасалады. Парызды қайтадан оқу қажет емес. Өйткені, төртінші рэкаттан кейін «эт-тахият» дұғасы оқылғандықтан, яки оқьшатындай уақыт отырғандықтан па-рыз болған соңғы отырыс орындалып отыр. Уэжіп болған сэлем беру кешіктірілгендіктен алтыншы рэкаттың соңында сэһу сэждесі жасалады.

8. Жария оқылатын намаздарды құпия, ал құпия оқыла-тын намаздарды жария оқу. Мысалы, бесін намазында «Фа-тиха» сүресі мен қосымша сүрені дауыстап оқып, ақшам на-мазында құпия оқу сияқты. Бұлай оқылған намазда сэһу сэждесі жасалады. Намаздағы тэсбих, тэкбірлерді жария айту сэһу сэждесін қажет етпейді.

9. Намазда бір рүкін яғни, намаздың ішіндегі бір парыз орындалатындай уақыт ойлану. Мысалға, үш рэкат оқыдым ба, жоқ элде төрт рэкат оқыдым ба деп, бір рүкін орындала-тындай уақыт ойлануы немесе «Фатихадан» кейін қай сүре-ні оқитынын бір рүкін орындалатындай уақыт ойлану сэһу сэждесін қажет етеді.

 

Ескерту:

Намазда сэһу сэждесін қажет ететін бірнеше қате үшін бір сэһу сәждесі жеткілікті.

Имамға кейіннен қосылған адам өзі оқыған рэкаттарда қате жасаса, сол қатесі үшін сәһу сәждесін жасайды.

Намазда оқып тұрған сүрені жалғастыра алмай, басқа сү-реге өтетін болса, сэһу сэждесі қажет емес.

Оқып жатқан намазының рэкаттарының санында жаңылы-сып, күмэнданған адам, егер бүндай жаңылысу мен күмэн бі-рінші рет болып түрса, намазын қайтадан оқиды. Ал егер бүн-дай күмэн жиі-жиі кездесіп түратын болса, жүрегінің басымы-рақ таңдағанына қарай намазын жалғастырады. Мысалы, таң намазының «бір рэкатын оқыдым ба, жоқ элде екі рәкатын оқыдым ба?» - деп күмэнданып, бір рэкат оқығанына көңілі толып, жүрегі үкім берсе, тағы бір рэкат оқып, намазын тэ-мамдайды. Күмәнданып, кідіргені үшін артынан сэһу сэжде-сін жасайды. Керісінше екі рэкат оқығанына көңілі толып, жү-регі үкім берсе, тэшэһһудке отырып, сәлем бергеннен кейін сэһу сэждесін жасайды. Бір рэкат оқығаньш немесе екі рэкат оқығанын басымырақ етіп тандай алмай, көңілі толмаған жағ-дайда, ең азын негізге алып, намазын жалғастырады. Мысалы, таң намазының бір рэкатын оқыдым деп, тағы бір рэкат қосып, оқиды. Бірақ күмэнданған бірінші рәкатынан соң, тэшэһһудке отырғаннан кейін ғана екінші рэкатын қосып оқиды. Өйткені, бірінші рэкаты екінші рэкат болып қалу ықтималы болған-дықтан, екінші рэкаттан кейін ақыргы отырысқа отыру - па-рыз. Екінші рэкатты қосып оқьгғаннан кейін, сәһу сәждесін жасайды.

Тиләуәт сәждесі

Құранда он төрт жерде сэжде аяты бар. Бұларды оқыған, естіген адамның сэжде етуі - уэжіп. Тилэуэт сэждесін жа-сайтын адамның дэреті, эурет жерінің жабық болуы тиіс. Ниет етіп, құбылаға қарап, қолдарын көтермей «Аллаһу эк-бар» деп сэждеге барады. Үш рет «субхана раббиал-ала» дегеннен кейін қайта «Аллану әкбар» деп орнынан тұрады. Бұлай істеу - сүннет. Бірақ артынан «Ғуфранака рәббәнә уа иләйкал-масир» деу - мұстахап. «Аллаһым! Кешірімінді ті-леймін. Сөзсіз саған қайтамыз».

Кісі бір жерде тұрып, бір сэжде аятын бірнеше мэрте қайталаса, бәріне бір сэжде жеткілікті. Бірақ бір жерде әр түрлі сэжде аятын оқыса, әрқайсысына жеке-жеке сэжде қажет. Аятты радио, телеарнадан естуі мен жаныңдағы адамнан естуі арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Хайыз бен нифастағы эйелдерге сэжде аяты уәжіп емес.

Сәжде аяттары: Ағраф, 7/206, Рағыд, 13/15, Нахыл, 16/50, Исра, 17/109, Мэриям, 19/25, Хаж, 22/18, Фурқан, 25/60, Нэмл, 27/25, Сэжде, 32/15, Сад, 38/24, Фүссилэт, 41/37, Нэжм, 53/62, Иншиқақ, 84/20, Алақ, 96/19.

 

Шүкір намазы және сәждесі

Бір қиыншылықтан құтылған уақытта немесе жетістікке, яки нығметке бөленген уақытта шүкір ретінде екі рэкат на-маз оқу немесе сэжде жасау - сүннет. Ислам дұшпаны Әбу Жэһил өлтірілген уақытта Пайғамбарымыздың (с.а.у.) екі рэкат намаз оқығаны жайлы риуаят бар.

Ал шүкір сэждесі тилэуат сэждесі сияқты жасалады. Құ-былаға қарап, қолын көтермей тэкбір айтып сэждеге бара-ды. Сэждеде мадақ, тэсбих, шүкір айтқаннан кейін тэкбір айтып тұрады.

 

Шагымдануга еш қақымыз жоқ

Бір адам Мэулана Жэлэладдин Румидің алдына келіп, өзінің кедейлігін айтып шағымданады. Ғұлама одан: «Егер саған, денеңнің бір мүшесін кесіп алып, орнына мың алтын ұсынса, разы болар ма едің?»,- деп сұрайды. Жаңағы кісі: «Жоқ, разы болмас едім»,- деп жауап береді. Сол кезде Мэулана оған ойлана қарап: «Бауырым, олай болса, неге өмір қиыншылықтарын айтып шағымданасың? Ешқандай алтынның құны жетпейтін осыншама мүшелерің орнында, денің сау бола тұра, соларды саған тегін берген Аллаһ Таға-лаға шүкіршілік етудің орнына «кедеймін» деп мұң шағу дұрыс па екен?!» деп төмен қаратқан екен.

Аллаһ Тағаланың «Егер құлым қолындағы ырыстың шү-кірін өтесе, оның ырысын арттыра түсемін» деген сөзін ұмытпау керек.

***

 

Жаназа намазы

Өлім - негізінде жоқ болу, мэңгілік есінен танып, шіріп кету деген нэрсе емес. Өлім - рухтың тэннен айрьшып, ғұ-мырдан арғы бетіне өтуі. Әһли сүннет бойынша, рух өлмейді, жоғалмайды.

Абай атамыздың айтқанындай:

Өлсе өлер табигат, адам өлмес,

Бірац ол ойнап, күліп, цайта келмес,

«Мені» мен «Менікінің» айрылганын

Өлді деп ат койыпты өңкей білмес.

Денеден шыққан жан фэни мен бақи элемнің арасындағы қабір атты күту элеміне кетеді. Жақсы мен жаман бір емес. Екеуінікі екі бөлек дүние. Жақсылар жэннатқа ұқсас элем­де, жамандар жаһаннамның бір шұқырына түсіп, қайта ті-рілгенше рухы азап шегеді. Шейіттер болса, мүлдем басқа ғажайып элемде өмір сүреді. Олардың қабір элеміндегі адамдардан ең басты айырмашылығы - өлілер өздерінің өл-гендерін біледі, шейіттер бұл фэниден өткенін білмейді. Өз-дерін тірі деп ойлайды. Құранда Аллаһ Тағала: «Аллаһ жо-лында өлгендерге (шейіт) «өлЬ> демендер. Керісінше, олар тірі. Бірақ сендер сезе алмайсындар», - дейді.

 

Өлім тақаганда жасалатын нәрселер

Соңғы сэт таянғанда кісіні оң жағымен жатқызып, құбы-лаға қарату керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) Қағба жайында: «Өлі мен тірілердің цүбыласы»268, - деген. Өлім аузындағы кісінің аузына қасық немесе саусақпен су беріле-ді. Науқас қатты қиналса, оған жақындары көмектесуі ке-рек. Оның жанында тұрып, «шэһадат кэлимасын» қайталап, оның айтуына көмектесу - сүннет. Бірақ бұл сөзді зорлап айтқызуға болмайды. Өйткені, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ескерт-кен: «Лэә иланэ ил-лалланты» айтуга көмектесіңдер. Өлім сәтінде оны айтцан жанды осы сөз жананнамнан цүтца-рады». «Ацыргы сөзі «Лэә иланэ ил-лаллан» болған адам жэннатқа кіреді»269.

Кісі қайтыс болған кезде аузы жабылып, таза шүберек-пен таңылады. Бір матамен басын байлайды. Көздерін жұ-мады. Қолдары жанына қойылады. Одан кейін өліктің үстін матамен жабады. Өлген кісінің жанында жуылғанға дейін Кұран оқу - мэкрүһ.

 

Бақара, 2/154.

Әбу Дэәуд, Уэсайэ,10.

Муслим, Жанаиз, 1-2.

Жаназаның жуылуы

Жаназаның жуылуынан көмілуіне дейін жасалатын істер-ге - «тәжһиз» (эзірлеу) дейді. Исламда өлген адамның ең қысқа мерзімде жуылып, кебінделіп, жаназа намазы оқылып көмілуі керек. Бүл - мұстахап.

Мэйіттің жуылуы: Мэйітті жоғары бір жерге шалқалап жатқызып, эурет жері жабылады. Ер кісіні - ерлер, эйел за-тын - эйелдер жуады. Мэйітті жуған бір кісіге тағы бір кісі су төгіп көмектеседі. Мэйіттің басы мен денесінің басым көпшілігі бар болса жуылады. Егер де басы болмай тек қана жартысы болса, немесе кеудесінің басым көпшілігі жоқ болса, жуылмайды. Кебінделмейді, намаз да оқылмайды. Бір матаға орап көміледі. Мэйітті жуу - оған ғү_сыл мен дэ-рет алдыру. Ғүсыл алуды білетін адам өлікті жуа алады.

Жуатын адам қолына бір мата орап, мэйіттің эурет жерін жуып, тазалайды. Осыдан кейін мэйітке дэрет алдырады. Дэрет алдырған уақытта аузына, мүрнына су құймайды. Тек қана саусақтарымен мэсіх етіп сүртеді. Бетін жэне қолда-рын жуып, басын мэсіх етеді. Аяқтарын жуады. Осьвдан кейін мэйіттің үстіне су төгіп, басы мен денесін сабындал-ған сумен тазалап жуады. Оң мен солына кезек-кезек ауыс-тырып жуады. Әр мүшені жуған кезде үштен аз жумау -сүннет. Осыдан кейін жаназаны отырғандай етіп, өзіне тар-тып, қарнын басады. Астынын бір нэрсе шықса, тек сол жерді ғана жуып тазалайды. Қайта дэрет алдырудың қажеті жоқ. Бэрі біткен кезде мэйітті сүлгімен сүртіп, кебіндейді. Одан кейін басына, жүзіне, сақалына этір жағады. Мэйіттің шаш пен тырнақтары алынбайды. Мэйітті жабық жерде жуу керек. Мэйітті өзіне ең жақын адамның немесе жаназа жууды жақсы білетін адамның жуғаны жақсы. Әйел ерін жуа алады. Бірақ эйелді жуатын эйел кісі болмай қалған жағдайда ері өлген эйеліне тек қана тэйэммүм алдыра ала-ды. Қатты ісіп кетіп жарылғалы түрған немесе жуылуы мүмкін емес мэйіттің үстіне су төгілсе, жеткілікті. Жуатын де, жамандар жаһаннамның бір шүқырына түсіп, қайта ті-рілгенше рухы азап шегеді. Шейіттер болса, мүлдем басқа ғажайып элемде өмір сүреді. Олардың қабір элеміндегі адамдардан ең басты айырмашылығы - өлілер өздерінің өл-гендерін біледі, шейіттер бұл фэниден өткенін білмейді. Өз-дерін тірі деп ойлайды. Құранда Аллаһ Тағала: «Аллаһ жо-лында өлгендерге (шейіт) «өлі» демендер. Керісінше, олар тірі. Бірақ сендер сезе алмайсындар», - дейді.

 

Өлім такаганда жасалатын нэрселер

Соңғы сэт таянғанда кісіні оң жағымен жатқызып, құбы-лаға қарату керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) Қағба жайында: «Өлі мен тірілердің құбыласы»26*, - деген. Өлім аузындағы кісінің аузына қасық немесе саусақпен су беріле-ді. Науқас қатты қиналса, оған жақындары көмектесуі ке-рек. Оның жанында тұрып, «шэһадат кәлимасын» қайталап, оның айтуына көмектесу - сүннет. Бірақ бұл сөзді зорлап айтқызуға болмайды. Өйткені, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ескерт-кен: «Ләә иланә ил-лалланты» айтуга көмектесіңдер. Өлім сәтінде оны айтқан жанды осы сөз жананнамнан құтқа-рады». «Ақыргы сөзі «Ләә иланә ш-лаллан» болған адам жәннатқа кіреді»269.

Бақара, 2/154. Әбу Дәәуд, Уэсайэ.Ю. Муслим, Жанаиз, 1-2.

Кісі қайтыс болған кезде аузы жабылып, таза шүберек-пен таңылады. Бір матамен басын байлайды. Көздерін жұ-мады. Қолдары жанына қойылады. Одан кейін өліктің үстін матамен жабады. Өлген кісінің жанында жуылғанға дейін Кұран оқу - мэкрүһ.

 
 

Жаназаның жуылуы

Жаназаның жуылуьшан көмілуіне дейін жасалатын істер-ге - «тэжһиз» (эзірлеу) дейді. Исламда өлген адамның ең қысқа мерзімде жуылып, кебінделіп, жаназа намазы оқьшып көмілуі керек. Бұл - мұстахап.

Мәйіттің жуылуы: Мэйітті жоғары бір жерге шалқалап жатқызып, эурет жері жабылады. Ер кісіні - ерлер, эйел за-тын - эйелдер жуады. Мэйітті жуған бір кісіге тағы бір кісі су төгіп көмектеседі. Мэйіттің басы мен денесінің басым көпшілігі бар болса жуылады. Егер де басы болмай тек қана жартысы болса, немесе кеудесінің басым көпшілігі жоқ болса, жуылмайды. Кебінделмейді, намаз да оқылмайды. Бір матаға орап көміледі. Мэйітті жуу - оған ғұсыл мен дэ-рет алдыру. Ғұсыл алуды білетін адам өлікті жуа алады.

Жуатын адам қолына бір мата орап, мэйіттің эурет жерін жуып, тазалайды. Осыдан кейін мэйітке дэрет алдырады. Дэрет алдырған уакьітта аузына, мұрнына су құймайды. Тек қана Саусақтарымен мэсіх етіп сүртеді. Бетін жэне қолда-рын жуып, басын мэсіх етеді. Аяқтарын жуады. Осыдан кейін мэйіттің үстіне су төгіп, басы мен денесін сабындал-ған сумен тазалап жуады. Оң мен солына кезек-кезек ауыс-тырып жуады. Әр мүшені жуған кезде үштен аз жумау -сүннет. Осыдан кейін жаназаны отырғандай етіп, өзіне тар-тып, қарнын басады. Астынын бір нэрсе шықса, тек сол жерді ғана жуып тазалайды. Қайта дэрет алдырудың қажеті жоқ. Бэрі біткен кезде мэйітті сүлгімен сүртіп, кебіндейді. Одан кейін басына, жүзіне, сақалына этір жағады. Мэйіттің шаш пен тырнақтары алынбайды. Мэйітті жабық жерде жуу керек. Мэйітті өзіне ең жақын адамның немесе жаназа жууды жақсы білетін адамның жуғаны жақсы. Әйел ерін жуа алады. Бірақ эйелді жуатын эйел кісі болмай қалған жағдайда ері өлген эйеліне тек қана тәйэммүм алдыра ала-ды. Қатты ісіп кетіп жарылғалы тұрған немесе жуылуы мүмкін емес мэйіттің үстіне су төгілсе, жеткілікті. Жуатын кезде жууға ниет етіп, «бисмиллаһ» деп бастайды. Жуған уақытта «ғуфранака иа Рахман», «Аллаһым кешір» деген дұғана қайталап отырады. Егер су табылмаса тэйәммүм жа-салады. Бөтен еркектер арасында өлген эйел мен бөтен эйелдер арасында өлген еркектерге тәйэммүм жасалады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Әйел өзінен баска әйел болмай еркектер арасында өлсе, еркек те өзінен басца еркек болмай әйелдер арасында өлсе, екеуі де тәйәммүм жасалып көміледі. Екеуінің жагдайы да су табылмаган бо-лып саналады».

 

Шейіт жайында

Соғыс кезінде кэпірлердің қолынан өлген шейіттер жуылмайды. Тек қана кебіндікке лайық көйлекпен кебінде-леді. Олар қандарымен қоса көміледі. Яғни, қандары жуыл-майды. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Шейіттер жуылмайды. Өйткенң, әрбір жарасы мен эрбір қаны қиямет күні айналага миск секілді жайылады. Аллаһ Елшісі Ухуд шейіттерін қандарымен қоса жерледі. Оларды жумады эрі намаздарын да оқымады. Ханафилар бойынша, жаназа намазы окылады. Шейіттерге жаназа на-мазы оқылмауының хикметі - жаназа намазы өлілерге оқы-лады. Шейіттер болса тірі. Құранда оларға: «Аллаһ жо-лында өлтірілгендерді (шейіттерді) өлі демендер, олар тірі, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар»271, - деп айты-лады.

 

Жаназаның кебінделуі

Мэйіт жуылғаннан кейін кебін суланбау үшін кұрғатыла-ды. Ер адамның кебіні үшеу:




Әуелгі екеуі: «Изар» мен «Лифафэ» бастан аяққа дейін ұзын болады. Лифафэ ең үстінде, бас пен аяқ үштарынан буылатындықтан изардан ұзын тұрады.

Ақырғысы: «Қамис». Мата екі қабатталып барып, орта-дағы тұйық жерден бас сыярлықтай жыртылады. Бас шыға-рылатын жыртық екі иыққа қарай жыртылған жөн. Үзынды-ғы мойынның түбінен аяққа дейін.

Әйел адам үшін орамал мен кеуде жамылғыш қосылған-дықтан әйелдің кебіні - бес қабат.

 

Жаназа намазы

Бұл - жуылып тазаланған мэйіт үшін мұсылмандардың дэрет алып, құбыла жаққа қарап, түрегеп тұрып оқыған на-маз бен мэйіт үшін жасайтын дұға. Жаназа намазы - кифая парыз. Яғни, бір аймақта бірнеше мұсылман жаназы нама-зын оқыса жетіп жатыр. Егер оқымаса, барлығы бірге жауапкер жэне күнэлі. Жаназа намазының шарты - ниет. Бұл ниетте мэйіттің ер немесе эйел, ер бала немесе қыз бала екені білдіріледі. Имам Аллаһ ризалығы үшін жаназа нама-зын окуға жэне сол мэйітке дұға етуге ниет етіп, «Аллаһу экбар» деп тэкбір алып, намазды бастайды. Жамағат та ниет етіп, имамға үйиды. Мэйіт еркек болса, «Мына ер үшін», эйел болса, «Мына эйел үшін» деп ниет етеді. Балалар үшін де осы түрде ниет етеді. Жамағаттан бір адам мұны біле ал-маса, имаммен бірге намаз окуға ниет қылады.

Жаназа намазының парызы - тэкбірлер мен қиям. Бұл на-мазда рукуғ, сэжде, Құран оқу, тэшэһһүд жоқ. Шарттары алты:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 742; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.334 сек.