Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ислам гылымхалы 16 страница




деу. Магынасы: «Аллантан басқа тэңір жоц. Ол - жалгыз, серігі жоц. Барлыц иелік оныкі және күллі мадац оган тэн. Оның барлыц нэрсеге цүдіреті жетеді».

7. Ер кісілердің Сафа мен Мэруа жолында жасыл белгі-лер орналастырылған екі діңгектің арасында адымдарын жиі-жиі алып, тез-тез жүрулері, бұған «һэруалэ» делінеді. Әйелдер һэруалэ жасамайды.

8. Сағи жасау кезінде тэкбір, таһлил айтып, дұға жасау.

 

Саги калай жасалады?

Тауап жасағаннан кейін Сафа төбёсіне барып, Хажарул-Әсуэдке (қара тас) сэлем бергеннен кейін қажылық болса қажылық сағиі үшін, умра болса умра сағиі үшін ниет етеді. (Алланым, мен сенің ризалыгың үшін Сафа жэне Мәруа тө­белерінде жеті рет қажылық (немесе умра) сагиін жа-сауды ниет еттім. Бұны маган жеңілдет және менен қа-был ал!) Тэкбір, таһлилдермен қоса зікір айтып, дұға жасап, Мэруа төбешігіне қарай жүреді. Сафадан Мэруаға төрт рет бару және Мэруадан Сафаға үш рет қайтумен сағиді аяқ-тайды. Ер кісілер Сафа мен Мэруа жолындағы жасыл белгі-лер орнатылған діңгектердің ортасында жиі-жиі қадамдар-мен жылдам-жылдам жүреді. Жасыл белгілерден өткеннен кейін ақырын жүреді. Әйел адамдар болса тез жүрмейді. Сағи қажылық үшін бір рет, умра үшін бір рет жасалады. Нэпіл сағи жасалмайды.

 

Шаш алу немесе қысқарту

(қажылықтың төртінші уэжібі)

Шашты ұстарамен түгелдей алу немесе қайшымен қыс-қарту - қажылық жэне умра уэжіптерінің біреуі. Аллаһ Та-ғала Кұран Кәрімде «Одан кейін (шаштарыңды, тырнақ-тарыңды алып) кірлеріңді кетіріңдер...»,362 - дейді. Әнас (Аллаһ одан разы болсын) былай деп риуаят жасады: «Пай-гамбарымыз (с.а.у.) жәмрага келіп, шайтанга тас лақтыр-ган соң, Минадагы орнына барып қүрбан шалды. Одан кейін ұстарашыга «шашымды ал» - деп, алдымен оң жагына, со-сын сол жагына ишарат етті. Сосын оны адамдарга бере бастады»?ьъ Шашты түгелдей ұстарамен алғызу - қайшы-мен қысқартудан абзал. Әйелдердің шаштарын тақырлап алғызулары мэкрүһ. Шаштарының ұшынан кішкене қыс-қартса жеткілікті.

362 Хаж 22/29. 363 Муслим, Хаж, 323(1305). 364 Харам аумағы: Өсімдіктерін жұлуға жэне аңдарына, жалпы жан- жануарларына зиян тигізуге тыйым салынған Мекке жэне оның айналасындағы қасиетті, мүбәрак жерлер.

Имам Әбу Ханифа және Имам Мұхаммед бойынша, қа-жылық жэне умра үшін шашты Харам аумағында364 алғызу немесе қысқарту - уэжіп. Харам аумағынан басқа жерде ал-ғызып немесе қысқартқан жағдайда жаза ретінде құрбан шалынады.

 

Шаш алгызудың, ңысңартудың мөлшері ңанша?

Шаштың төртте бірін тақырлатып алғызып немесе төртте бірінің ұшынан қысқартқан жағдайда, бұл міндет атқарыл-ған болып, ихрамнан шығады.

 

Шашты алгызу мен қысқартудың басқа қажылық амалдары арасындагы орындалу реті

Пайғамбарымыз (с.а.у.) соңғы қажылығында кұрбан айты-ның алғашқы күні Муздэлифэдан Минаға келіп, Ақаба жэм-расына (Үлкен шайтан тасқа) тас лақтырған соң, кұрбанын шалды, сосын шашын алғызды жэне зиярат тауабын жаса-ды. Міне, сондықтан Имам Әбу Ханифа бойынша тэматтуғ немесе қиран қажылығын ниет еткендердің айттың алғашқы күні Үлкен шайтанға тас лақтырған соң құрбан шалып, со-сын шаш алғызып немесе қысқартулары уэжіп. Яғни тәмат-туғ жэне қиран қажылығында Үлкен шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу жэне шаш алдыру, яки қысқарту амалдарын рет-ретімен орындау - уэжіп. Ал, ифрад қажылығында Үл-кен шайтанға тас лақтырғаннан кейін шаштарын алғызула-ры немесе қысқартулары - уэжіп. Бұларды рет-ретімен орындамаса, жаза өтеледі. Зиярат тауабын осы міндеттерді орындағаннан кейін істеу - сүннет. Шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу жэне шаш алғызудан бұрын немесе бұлардың араларында зиярат тауабын істеу сүннетке сай орындалма-ғаны үшін мэкрүһ, бірақ жаза өтеу керек емес.

Имам Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, қажылықта шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алу міндет-терін рет-ретімен орындау уэжіп емес, сүннет. Рет-ретімен орындалмаса да жаза өтелмейді.


Шаш алгызу яки ңысңартудан кейін ңандай өзгерістер болады?

Шашты алғызу немесе қысқарту арқылы ихрамнан шыға-ды. Ихрамды уақытта харам етілген этірлену, шаш, сақал бояу сияқты барлық нэрселер қайтадан халал болады. Бірақ эйелімен жақындасу - шашты алғызып немесе қысқартып, зиярат тауабын жасағаннан кейін ғана халал.

 

Қоштасу (уадағ) тауабы

(қажылықтың бесінші уэжібі)

Қопгтасу (уадағ) тауабы - қажылықтың соңғы амалы. Алыстан келген қажылардың отандарына қайтпас бұрын ихрамнан шыққан соң қоштасу тауабын жасаулары - уэжіп.

 

 

Қоштасу тауабының уәжіптігінің шарттары

1. Қажылықтың басқа міндеттерін атқарған болуы

2. Қажының Әфақи (сырттан келуші) болуы. Миқат ше-караларының ішінде Харам аумағында тұратындарға уэжіп емес.

3. Әйелдердің хайыз жэне нифас болмаулары. Хайыз жэ-не нифас күйінде Меккеден қайтқандар ушін қоштасу тауабы міндеттен түседі. Меккеден шықпас бұрын хайыз жэне нифастан тазаланса, қопгтасу тауабын жасау міндетті-ліктен түспейді. Умра ғибадатын орындаушыларға қоштасу тауабын жасау уэжіп емес.

Қоштасу тауабын дүрыс орындаудың шарты мен уаңыты

Зиярат тауабының жасалған болуы. Зиярат тауабын орындамай түрып жасалған қопгтасу тауабы дүрыс бол-майды. Бүл тауапты миқаттан шыққанға дейінгі кез-келген уақытта істей алады. Меккеден шығар кезде қоштасу тауа-бын жасау - абзал. Бірақ одан да бүрын жасауға болады. Егер бүрын жасалып қойса, Меккеден шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауабын жасаған соң Қағбаға ба-рып, намаз оқып, нэпіл тауап жасауға болады. Бүндайда ең соңғы жасаған нэпіл тауабы - қоштасу тауабы ретінде есеп-телінеді.

Қажылың сүннеттері

Қажылықтың парыздары, уэжіптері сияқты сүннеттері де бар. Сүннеттерді орындау - үлкен сауапты іс. Ал, себепсіз орындамау - мэкрүһ. Бірақ істелмеген жағдайда жаза талап етілмейді. Қажылық ғибадатының қалай атқарылатынын Пайғамбарымыз (с.а.у.) іс жүзінде көрсеткен жэне «Қажы-лық мэнасикіні* менен үйреніңдер, менің істегенім сияқты істеңдер»,365 - деп бүйырған. Міне, сондықтан кэміл қажы-лық сүннеттердің де қалдырылмай толық орындалуы арқы-лы жүзеге аспақ. Қажылыктың сүннеттері «негізгі сүннет-тер» жэне «тармақ сүннеттер» болып екіге бөлінеді. Тармақ сүннеттер қажылықтың парыздары мен уэжіптеріне байла-нысты болғандықтан, кажылықтың парыздары мен уэжіпте-рімен бірге қарастырылды. Қазір қажылықтың негізгі сүн-неттерін ғана жазамыз.

 

1. Қадум тауабы

Қадум (араб тілінде) - бару, жету сияқты мағыналарды білдіреді. Қадум тауабы - Меккеге келген уақытта Қағбаға


 


 
 


сәлем ретінде жасалатын алғашқы тауап. Миқат шекарала-рының сыртынан келетін ифрад және қиран қажылықтарын орындайтын қажылар үшін қадум тауабы - сүннет.

Умра немесе тамматуғ қажылығын орындайтындар, ми-қат шекарасының ішінде түратындар, ифрад қажылығын орындаушысы бола түра Меккеге келместен Арафат тауына шыққандар, хайыз, нифас сияқты жағдайларға байланысты бұл тауапты жасай алмай Арафатқа шыққан эйелдер қадум тауабын кейін жасамайды.

Қадум тауабы Меккеге келген уақыттан бастап, Арафат-та уақфа жасағанға дейінгі уақыт аралығында жасалады. Қадум тауабы зиярат тауабы сияқты орындалады.

 

2. Қажылық хүтпалары

Қажылықта үш жерде хүтпа оқылу - сүннет. Біріншісі, Арафа күнінен бір күн бұрын Харам-Шәріфте366 бесін нама-зынан кейін, екіншісі, Арафа күні түстен кейін Нэмира ме-шітінде намаздыгер уакьітында қосьшып, бірге оқылатын бесін жэне намаздыгер намаздарынан бұрын, үшіншісі, айт-тың екінші күні бесін намазынан бұрын Минада «Масжи-дул-Хайфада» оқылады.

 

3. Арафаға қараған түнді Минада өткізу

Қажылардың зилхижжаның 8-інші күні күн шыққаннан кейін Минаға қарай бет алып, сол күнгі бесін, намаздыгер, ақшам, кұптан және Арафа күнінің таң намазын Минада оқып, күн шыққаннан кейін Арафатқа баруы - сүннет.

 

4. Қүрбан айтқа қараған түнді Муздәлифәда өткізу

Арафа күні күн батқаннан кейін қажылардың Арафаттан Муздэлифэға барып түнеп, таң намазынан кейін жарық түсе Минаға қарай жүрулері сүннет.

5. Айт күндерінде Минада қалу

Айт күндерінде яғни, зилхижжаның 10,11,12-інші күнде-рі Минада қалып түнеу - Ханафи мэзһабында, сүннет, қал-ған мэзһабтарда - уэжіп.

 

Қажылың әдептері

1. Қажылық ғибадатын адал еңбекпен тапқан қаржымен орындау. Харам ақшамен орындалған қажылықпен парыз мойнынан түссе де, бұндай қажылықтың сауабы болмайды.

2. Мойнында кісі ақысы367 болса өтеу, иелерімен халал-дасу.368 Уақыты келмеген қарыздарды өтеу шарт емес.

3. Қажылыққа рухани дайындалу. Қажылыққа бармас бұ-рын істеген күнэлары үшін шын жүрекпен тэубе етіп, қаза болған намаз, оразалары болса, мүмкіншілігіне қарай өтеу.

4. Қажылық ғибадатының қалай орындалатыны жайында білетіндерден толық сұрап, үйрену.

5. Қажылық ғибадатымен басқаларға мақтану, біреуге көрсету, пандану сияқгы сезімдер мен жаман пікірлерден сақтанып, эрқашан кішіпейіл, ықьшасты болу.

6. Жақсы адамдармен қажылыққа бірге бару.

7. Жолға шығарда жэне үйге қайтар кезде екі рэкат намаз оқу

8. Бос уақыттарды зікір, дұға, тэсбих, салауат айтып, Құ-ран оқып өткізу.


 


 

Масжидул-Харам.


' Елдің қарыздары, жалпы адамдарға байланысты хақтар. ' Кешірім сұрап, риза қылу.



Қажылық ғибадатының бастан-аяқ толық орындалу барысы

1. Ихрам

Қажылық амалдары ихрамға кіру арқылы басталады. Их-рамға кірмес бұрын тырнақтарын жэне қолтықтың, ұятты жердің түктерін алып, мүмкіншілік болса ғұсыл369 кұйы-нып, болмаса дэрет алады. Денеге байланысты осы атал-мыш дайындықтарды атқарғаннан кейін ер кісілер эдеттегі киімдерін шешіп, рида370 жэне изар371 деп аталатын екі бө-лік матамен оранады. Бастарына еш нэрсе жабуға бол-майды. Аяқтарына тэпішке киеді. Ал эйелдер эдеттегі киім-дерін ауыстырмайды. Оларға тігілген киім, жабық аяқ киім, шұлық киюлеріне болады. Тек қана беттерін жаппайды. Ер кісілер де, эйел кісілер де мэкрүһ уақьгг болмаса, екі рэкат «ихрам намазын» оқиды. Бүл намаздың бірінші рэкатында «Кафирун» сүресін, екінші рэкатында «Ықылас» сүресін оқиды. Одан кейін ниет етіп, тэлбия айтып, ихрамға кіреді.

 

Ифрад кажылыгын орындайтындар

«Алланым, сенің ризалыгың үшін кажылыц гибадатын орындауга ниет еттім, цажылыцты маган жеңілдет және оны менен цабыл ал» - деп, тек қана қажылыққа ниет етіп, артынан «ЛэббайкАлланумма лэббайк, лэббайка лэ шэри-ка лэкэ лэббайк, инналхамда уанни 'мэтэ лэкэ уалмулка лэ шэрика лэк», - деп тэлбия айтады.

 

 

Денені толық жуу.

Рида: Белден жоғары қарай жабылатын сүлгі яки мата. Изар: Белден төмен қарай жабылатын сүлгі яки мата.


 
 

Тэматтуг қажылыгын орындайтындар

«Алланым, сенің ризалыгың үшін умра жасауды ниет еттім. Умраны маган жеңілдет және менен оны кабыл ал»

—деп, тек қана умраға ниет етіп, артынан тәлбия айтады.

 

Қиран қажылыгын орындайтындар

«Алланым, сенің ризалыгың үшін умра және қажылық гибадатын орындауды ниет еттім. Қажылық пен умраны маган жеңілдет және оларды менен қабыл ал» - деп, қажы-лық пен умраға бірге ниет етеді. Сосын тэлбия айтады.

Ниет және тэлбия айту арқылы ихрамға кіреді. Ихрамға кіргеннен кейін ихрамда тыйылған барлық тыйымдар баста-лады. Қағбаға жеткенге дейін жол бойы тэлбия: «Лэббай-кАлланумма лэббайк, лэббайка лэ шэрика лэкэ лэббайк, инналхамда уаннигмэтэ лэкэ уалмулка лэ шэрика лэк» жэне тэкбір: «Аллану экбар, Аллану экбар лэ иланэ иллал-лону уАллану экбар, Аллану экбар уэ лилланилхамд» және тэһлил: «Лэ илэнэ иллаллону уахдану лэ шэрика лэк, лэ-нул-мулкууэ лэнул-хамду уэ нуа а'ла кулли шайин қадир»

- дұғалары жэне Пайғамбарымызға салауат айтылады.

Әсіресе, жоғары шыққан уақытта, төмен түскен уақытта, басқа қажылармен кездескен уақытта, намаздардың соңын-да жалпы эр мүмкіншілікті осындай қасиетті зікірлерді айтумен өткізу керек.

Тэлбия қажылықта құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтанга (Ақаба жэмрасына) тас лақтыруды бастаған уа-қытта, умрада Мэсжидул-Харамның есігіне жеткен уақытта тоқтатылады.

Меккедегі түратын үйіне немесе қонақ үйіне барғаннан кейін, мүмкіндік болса, ғұсыл болмаса дэрет алып, Мэсжи-дул-Харамға тэлбия айтып барады. Байтуллаһты (Қағбаны) көрісімен үш рет тэкбір жэне тэһлил айтып, дұға жасалады. Парыз намазы оқылып жатпаса, дереу тауапқа бастайды.

2. Тауап

Мәсжидул-Харамда тауап жасау «тахйиатул-мэсжид» (мешітке сэлем беру) намазы ретінде жүргендіктен, егер па-рыз намазы оқылып жатпаса, дереу тауапты бастайды.

Ифрад қажылығында алғашқы жасалатын тауап - «қадум тауабы», ал тэматтуғ жэне қиран қажылығында болса - ум-ра тауабы.

Ифрад қажылығын орындау үшін ихрамға кіргендер: «Алланым, сенің ризалыгың үшін қадум тауабын жасауды ниет еттім. Қадум тауабын маган жеңілдет және оны менен кабыл ал», - деп ниет етіп, тауапқа бастайды. Ара-фаттан қайтқаннан кейін зиярат тауабының артынан жаса-латын қажылық сағиін қадум тауабынан кейін де жасауға болады. Қадум тауабынан кейін жасалған жағдайда, зиярат тауабынан кейін жасалмайды. Егер қадум тауабынан кейін қажылық сағиін жасауды қаласа, бұл тауапта «изтиба»372 және <фэмэл»373 жасалады. Әйелдер изтиба жасамайды.

Қадум тауабынан кейін қажылық сағиі жасалмайтын болса, тауапта изтиба және рэмәл жасалмайды. Тауап жаса-ған соң намаз оқи алатындай орын тапса, Ибраһим мақа-мында, ал, егер қатты тығыз болып, орын болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рэкат тауап намазы оқылып, артынан тауап дұғасы жасалып, зэмзәм суы ішіледі. Сосын қаласа тэматтуғ жэне қиран қажылығын орындаушылар умра са-ғиін, ифрад қажылығын орындаушылар қажылық сағиін жа-сауларына болады. Ифрад қажылығын орындайтындар қа-жылық сағиін жасау арқылы ихрамнан шықпайды. Ихрам-ды күйде қажылықтың қалған амалдарының орьгадалатын күндерін күтеді.

Тәматтуғ қажылығын орындайтындар миқатта тек қана умра үшін ниет еткендіктері үшін: «Алланым, мен сенің ри-залыгың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім, умра тауабын маган жеңілдет және менен цабыл ал», - деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, екі рэкат тауап намазын оқығаннан кейін зэмзэм суын ішеді. Сосын умраның сағиін жасау үшін Сафа төбесіне барып, умра сағиін жасап, ша-шын алғызып яки қысқартып ихрамнан шығады. Қажылық-қа ниет етіп, қайтадан ихрамға кіретін зилхижжаның сегі-зінші күніне дейін Меккеде ихрамсыз күйде болады. Зил-хижжаның сегізінші күнінде: «Алланым, сеніц ризалыгың үшін қажылық гибадатын орындауга ниет еттім. Қажы-лықты маган жецілдет және оны менен қабыл ал», - деп ниет етіп, тэлбия айтып, қайтадан ихрамға кіреді. Нэпіл тауап жасап, артынан зиярат тауабынан кейін жасалатын қажылық сағиін жасауға болады. Нәпіл тауаптан кейін қа-жылық сағиі жасалған жағдайда зиярат тауабынан кейін екінші рет жасалмайды.

Қиран қажьшығын орындайтындар миқатта ихрамға кі-рер кезде умрамен бірге қажылық ғибадатын да орындауды ниет еткендіктері үшін: «Алланым, сенің ризалыгыц үшін умра тауабын жасауды ниет еттім. Умраны маган жеңіл жаса және оны менен қабыл ал», - деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, артынан тауап намазын оқиды. Сосын зэм-зэм суын ішіп, Сафа жэне Мэруа төбелеріне барып, умра-ның сағиін жасайды. Умра сағиін жасаған соң шаштарын алғызуға, қысқартуға болмайды. Ихрамнан шықпайды.

Біраз уақыт дем алғаннан кейін қадум тауабын жасап, тауап намазын оқыған соң қаласа, қажылық сағиін жасаула-рына болады. Тамматтуғ және қиран қажылықтарында умра тауаптарынан кейін умраның сағиі орындалатындықган тауапта изтиба және алғашқы үш айналымында «рэмэл» жа-салады.

Қажылықтың ифрад, тэматтуғ, қиран түрлерінің кайсы-сын орындаса да, барлық қажылар зилхижжаның сегізінші күні Меккеден шығып, Минаға барып түнеп, ертесі Арафат-қа барады немесе сегізінші күні тікелей Арафатқа барады. Бүдан кейін барлық қажылардың орындайтын амалдарында еш өзгеріс жоқ.

 

1. Тәруия күні (зилхижжаның 8-інші күні)

Барлық қажьшар тэруия күні (зилхижжаның 8-інші күні) таң намазын Меккеде оқиды. Күн шыққаннан кейін тэлбия, тэкбір, таһлил айтып, Минаға қарай бет алады. Өйткені, Тэруия күні бесін, намаздыгер, ақшам, құптан жэне арафа күнінің таң намазын Минада оқу - сүннет. Бірақ қазіргі кез-де оңай болсын деп Минаға бармай бірден Арафатқа бару-да.

 

2. Арафа күні (зилхижжаның 9-ыншы күні)

Қажылар арафа күні таң намазын Минада оқып, күн шыққаннан кейін Арафат тауына қарай бет алады. Түске дейін Арафатқа бару - сүннет. Арафатта түске дейін шатыр-ларда ғибадат жасап, дем алады. Түстен кейін мүмкіншілік-ке қарай ғұсыл немесе дэрет алады. Бесін жэне намаздыгер намаздарын бесін уақытында бірге қосып, Намира мешітін-де немесе шатырда оқиды. Намаздан кейін Арафа тауының «Жэбалул-рахма» деген жерінде немесе Арафа тауының кез келген жерінде уақфа374 жасайды. Кэрі кісілер уақфаны өз-дерінің орналасқан шатырларына жақынырақ жерде жаса-ғандары абзал. Өйткені, шатырлар бір-біріне қатты ұқсас жэне көп болғандықтан адасып кетулері эбден ықтимал. Күні бойы күн батқанға дейін тэлбия, тэкбір, таһлил, зікір айтып, дұға жасап, Аллаһ Тағаладан күнэларының кешірі-луін сүрап, жалбарынып тілек тілейді.

Ғибадат мақсатымен Арафат тауында тұру.

Қажылар күн батқаннан кейін ақшам намазын оқымастан Муздэлифэға қарай бет алады. Ақшам және қүптан намаз-дарын кұптан уақыты кіргеннен кейін Муздэлифэда бірге қосып оқиды (Муздэлифэ уақфасына қараңыз). Құрбан айтқа қараған түн Муздэлифэда тэлбия, тэкбір, таһлил, зікір жэне истиғфар айтып, ғибадатпен жэне дем алып, тынығу-мен өткізіледі. Шайтанға тас лақтыруда қолдану үшін Муз-дэлифэдан 70 тал тас жинап алу абзал. Әрине, басқа жерден жинауға да болады.

 

3. Қүрбан айттың бірінші күні (зилхижжаның 10-ыншы күні)

Таң атқаннан кейін Муздэлифэда таң намазы оқьша-ды.Таң намазынан кейін Муздэлифэ уақфасы жасалады. Жерге жарық түскенге дейін дүға етіліп, тілек тіленеді. Со-сын қажылар күн шықпай Минаға қарай бет алады.

Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға тас лақтыру үшін Үлкен шайтанға (Ақаба жэмрасына) барады. Құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жэмрасына) жеті тас лақтырылады. Әр тасты:

 

«Бисмиллани, Аллану экбар, рагман лиш-шайтани уа хизбин» деп айтып, лақтырады. Мағынасы: «Аллаһтың атымен! Аллаһ ұлы, шайтан жэне оған ергендер қаламаса да». Алғашқы тас лақтырылғанда тэлбия айту тоқтатылады.

Үлкен шайтанға жеті тас лақтырғаннан кейін тэматтуғ немесе қиран қажылығын орындаушылар Харам аумағы-ның кез-келген жерінде мойындарына уэжіп құрбандарын шалады немесе басқа біреуді өкіл жасап шалдырады. Ифрад қажылығын орындаушыларға құрбан шалулары уэжіп бол-мағандықтан нэпіл құрбан шалуларына болады.

Ифрад қажылығын орындаушылар Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жэмрасына) тас лақтырғаннан кейін, ал, тэматтуғ жэне қиран қажылығын орындаушылар құрбандарын шал-ған соң, шаштарын алғызып немесе қысқартып ихрамнан шығады. Ихрамда харам болған нэрселердің бэрі қайтадан халал болады. Тек қана эйелдерімен барғандар зиярат тауа-бын жасағанға дейін жыныстық қатынас жасай алмайды.

Ихрамнан шыққаннан кейін, Меккеге барып зиярат тауабы жасалады. Бұл тауап былай жасалады: Жақсылап дэ-рет алып, бар ықыласпен Мэсжидул-Харамға қарай зікір ай-тып, баяу жүріспен барады. Ер кісілер тауапты бастамас бұ-рын ридаларын (дененің үстіңгі жағына оралатын ихрам ма-тасы) оң қолтықтарының астынан өткізіп, сол иықтарының үстінен тарта орайды. Риданы бұлай орауды «Изтиба» дейді. Әйелдер изтиба істемейді. Тауапқа байланысты осы эзірліктерді істегеннен кейін «Алланым, мен сенің ризалы-гың үшін зиярат тауабын жасауды ниет еттім. Зиярат тауабын маган жеңіл ет және менен кабыл ал» - деп ниет етеп, Рукнул-Йэмани жағынан қара тастың қарсысына бара-ды. Мүмкіндік болса, тэкбір жэне таһлил айтып, қара тасты сүйеді. Ал егер мүмкін болмаса, қолмен ишарат етіп, сэлем-деседі. Қара тастың орналасқан бұрышында тауаптың бас-талатын жерін білдіретін қоңыр сызық бар. Міне, осы сы-зықтың тұсынан тауап басталады. Егер тауап бұл сызықтың яғни, қара тастың дэл қарсысынан емес кішкене алдыңғы жағынан басталынған жағдайда айналым толық болмай қа-лады. Қағбаны сол жағына алып, оң жағымен тауапты бас-тайды. Әр айналымның басында қара тасқа сэлем береді. Барлық айналымдарда Рукнул-Йәмәни мен Рукнул-Хажа-рул-Әсуэдтің арасында мына дұға оқылады:

ь;,/^Н\ £і і^ііо^і! з 0іЗі із) і'_/Н\ ^ 3 *£-£• с&л ^ &т {о^иіі £-»3 \і,'$* \і 'у.? «Раббэна ээтина фид-дуниээ хасанатан уа фил-ээхи-рати хасэна, уа кина а'азабэн-нар. Уа адхилнал-жэнната ма'ал-абрар, Иа А 'азизу иа Ғаффар. Иараббал-а'аламин». Мағынасы: «Раббымыз бізге бұл дүниеде де, ақыретте де тек жақсылығыңды беріп, бізді от азабынан сақта! Бізді жақсы, игі құлдарыңмен бірге жэннатқа кіргіз. Уа, А'азиз, уа, аса кешірімді Ғаффар, уа, бүкіл элемнің Раббысы»

Алғашқы үш айналымда ер кісілер адымдарын жиі-жиі алып иықтарын сілкіген бойда, жылдам-жылдам жүреді. Бү-лай істеуге «рэмэл» делінеді. Рэмэл істеу - сүннет, істелін-беген жағдайда тауаптың дүрыстыгына зиян келтірмейді. Тауап аяқталғаннан кейін мүмкін болған жағдайда, Ибра-һим мақамында, болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рэкат намаз оқып, дұға жасалады. Сосын зэмзэм суын іше-ді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 551; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.071 сек.