Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Биік андыз (Jnulae helenium, девясил высокий)




Сипаттамасы:

Биіктігі 1,5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде-тамызда гүлдейді.

Таралуы:

ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан.

Дайындалуы:

Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы 10-15 см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С – тан артпайтын температурада кептіреді.

Шикізаттың сапалық көрсеткіштері:

Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді.

Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% - дан артпау керек.

Химиялық құрамы:

Шикізаттың құрамында 40%-ға дейін инулин болады, эфир майлары және сапониндер бар.

Қолданылуы:

Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан-ішек жарасын емдегенде қолданылады.

Дәрілік препараттары:

Қайпатпа, «Аллантон», «Девять сил» сусына

Бүргелі бақажапырақ (Semina Psyllii, подорожник блошный).

Сипаттамасы:

Бір жылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 40 см-ге дейін. Сабағы күшті бұтақталған, тамырсабағы үлкен емес, үршық тәрізді болады. Жапырақтары ұзынша, түк басқан, қарама-қарсы орналасқан, жиектері бүтін. Гүлдері үсақ, масақ тәрізді гүлшоғырын құрады. Жемісі эллипс тәрізді, қостұқымды қорапша.

Таралуы:

Шығыс Закавказьеде, Түркменияда өседі. Қазақстанда кездеспейді. Таудың етегінде өседі.

Дайындалуы:

Бүргелі бақажапырақ шөбін өсімдік гүлдеген кезде жинайды, орып алады да, жинап кейінгі 24 сағаттың ішінде зауытқа жібереді. Ұрықтарын жеміс піскенде жинайды. Шөбін орып алады да, кептіріп, бастырады.

Шикізаттың сапалық көрсеткіштері:

Шөбі:

Өсімдіктің жер үсті бөліктері бұтақталған, жапырақталған, мамық басқан ұзындығы әртүрлі сабақтардан тұрады. Жапырақтарының ұзындығы 7 см-ге дейін, жиектері бүтін, қарама-қарсы орналасқан, ұзынша келген, гүлдері үсақ. Шөптің түсі сұрғылт-жасыл. Иісі жоқ, дәмі сәл ашылау.

Ылгалдығы 70%-дан кем болмау керек. Табиғи түсін өзгерткен шөптің бөліктері 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспарлары 2%-дан артпау керек. Минералдық қоспарлар 1%-дан артпау керек.

Дәндері:

Дәндері ұзынша-сопақтау, қайықша тәріздес, ішіне қарай қайырылған. Бір жағы дәңес, екінші жағы ойық. Дәндер жылтыраған, тегіс. Ұзындығы 1,7-2,3 мм, ені 0,6-1,5 мм. Иісі, дәмі жоқ.

Химиялық құрамы:

Шөбінде шырышты заттар, терпеноидтар мен флавоноидтар, иілік заттар бар.

Дәндерінде шырышты заттар, гликозид аукубин, белоктар, майлар бар.

Қолданылуы:

Шөбінде бақажанырақ сөлін алады. Бұл сол антацидті гастриттерде, созылмалы колиттерде қолданылады.

Дәндерінің тұндырмасы іш айдайтын препарат ретінде және колиттерде бүркен қаптайтын препарат ретінде қолданылады.

 

 

 

Кәдімгі өрік (Armeniacae vulgaris, абрикос).

Сипаттамасы:

Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады.

Таралуы:

Жабайы түрде Орта Азияда, Солтүстік – Шығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі.

Қазақстанның таулы аудандарын теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі.

Дайындалуы:

Шайырлар өріктің діңгегінде, бұтақтарында ағып жиналды. Орта Азияда кейбір ағаштардан 0,5 кг-дан 1,5 кг-ға дейін жинап алуға болады. Қағаз бетіне жайып қойып, жақсы желдетілетін бөлмелерде кептіреді

Химиялық құрамы:

Өрік шайырының құрамына 16% глюкурон қышқылы, 44%-ға дейін галактоза, 41%-ға дейін арабиноза кіреді, белоктық заттар 0,6%-дан аспайды.

Шикізаттың сапалық көрсеткіштері:

Өрік шайырының кесектерінің үлкендігі әртүрлі болады, сыртқы формалары да әртүрлі: майдалары тамшы және сүңгі тәріздес, ірілері шар және жентек тәріздес болады. Жаңа жиналып алған шайыр ақшыл-сары түсті, мөлдір болады, ескі кесектері Сары – қоңыр түсті болады, мөлдір болмайды.

Қолданылуы:

Эмульгатор ретінде эмульсиялардың ондірісінде қолданылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1391; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.