Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Баяндауыш 5 страница




Шыныңды айт!

Айтқызарсың!

Болымсыз тұлғадағы сөйлемдердің барлығы болымсыздық мағына бере бермейді, болымсыз сөйлемге тән дейтін тұлғалар арқылы да болымды сөйлемдер жасалады.

Мысалы: Ендеше, қорықпаңыздар.

Қуанышын жасырып тұра алмады.

Өміріңде ерінген емес.

Әдемі қыздар да аз болған жоқ.

Жай сөйлемнің құрылымдық типтері

Жай сөйлемнің құрылымдық типтеріЖақты, жақсыз сөйлемдер. Арнаулы, ауыспалы, белгісіз, жалпылама жақты сөйлемдер. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарыЖалаң, жайылма сөйлемдерТолымды, толымсыз, ықшамдалған сөйлемдерАтаулы сөйлемБір негізді, екі негізді сөйлемдер

Жақты, жақсыз сөйлемдер, түрлері

Жақты сөйлемге қойылатын негізгі критерий – бастауыштың болуы және ол сөйлемге қатыспай тұрса да, баяндауыш формасының сол сөйлемде бастауышты қойып айтуға мүмкіндік беруі. Грамматикалық бастауышы бар, егер бастауышы болмаса, оны баяндауыш формасы арқылы тауып алуға болатын жай сөйлемнің түрі – жақты сөйлем. Бір ғана жақты сөйлемдер тобына жататын сөйлемдер өз ішінде бір-бірінен ерекшелігі бар топтарға бөлінеді.

Арнаулы жақты сөйлем. Бастауышы мен баяндауышы белгілі бір жақта қиысқан сөйлем. Мен студентпін.

2. Ауыспалы жақты сөйлем. Арнаулы жақты сөйлемде жақтық мағына сол жақтың өзіне қаратылса, ауыспалы тұрғанымен, мағынасы сол жақтың өзіне қаратылмай, басқа жақтың мағынасында айтылады.

а) І жақ көпше формасы І жақ жекеше ІІ жақтың орнына: Біз бұл мақаламызда мына мәселеге тоқталмақпыз. (І жекеше)

ә) ІІ жақ анайы, сыпайы түрлері І жақ мағынасында.

Бөлмені аштық. Қараңғылығы соншалық – ешнәрсе көре алмайсың. Ексең егін, ішерсің тегін (жалпылама жақтық сөйлем)

б) формасы ІІІ жақта тұрса да, мағынасы І не ІІ жақта тұрады. Шіркін, көлге барар ма еді!

3. Белгісіз жақты сөйлем. Бастауышы ерекше айтылмайды да, істелген іс-әрекет бір белгісіз субъектіге тән болады. Бұл сөйлемнің ерекшелігі – 1) бастауышы айтылмайды, бірақ қажет жағдайда оны қойып айтуға болады, 2) баяндауышы ІІІ жақта тұрады.

Сібірде көлікке итті де жегеді. Бұрын 13-те қыз айттыратын.

Бастаушы жоқ және оны баяндауыш формасы арқылы тауып алуға болмайтын бір құрамды сөйлемнің түрі жақсыз сөйлем деп аталады.

Оның жақты сөйлеммен айырмашылығы, біріншіден, грамматикалық бастауышқа байланысты, 2-ден, баяндауыштың жасалу жолы мен формасына байланысты. Ескеретін жайт: жақты сөйлем баяндауышы дара, күрделі болып, өз бастауышымен қиыса байланысса, жақсыз сөйлем баяндауышы тек қана ІІІ жақ жіктік жалғауы формасында тұрып құрамы жағынан үнемі күрделі болып келеді. Жақсыз сөйлемнің негізгі белгілері:

Грамматикалық бастауышы мүлде болмайды.

Іс иесі-субъект ілік не барыс септігінің тұлғасында болып, сөйлемде анықтауыштың не толықтауыштың қызметін атқарады.

Баяндауышы негізінен күрделі болады.

Қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады.

а) Күрделі баяндауыштың І сыңары барыс септігінде тұйық етістік + бол, тура келу, рұқсат, Маған кіруге рұқсат па?

ә) –қы/-кі, -ғы/-гі+кел. Ұшқыш болғым келеді.

б) түбір тұлғалы не барыс септігіндегі тұйық етістік керек, қажет.

Бізге көп оқу керек.

в) тәуелдік жалғаулы тұйық етістік + мүмкін, тиіс. Менің баруым мүмкін.

г) баяндауышы бастауышы – баяндауыш қатынасында тұрғандай болып көрінген, бірақ сөйлем мүшесіне ажыратуға келмейтін кейбір тұрақты тіркестер: берекесі кетті, іші пысты, ішек-сілесі қатты, ашу-ызасы келді, быт-шыты шықты, тауы шағылды, қарны ашты, қолы тимеді т. б.

Жалаң және жайылма сөйлемдер

Жай сөйлем құрамына қарай жалаң және жайылма болып бөлінеді. Жай сөйлем сөйлемнің негізі болып табылатын тек қана тұрлаулы мүшелерден құралса, онда ондай жай сөйлемдер жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: Ақбала тоқтай қалды (Нүрпейісов). Әңгіме үзіліп кетті (Әуезов).

Тұрлаулы мүшеден басқа тұрлаусыз мүшенің бірі немесе бірнешеуінен құралған сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы: Күздің таңы баяулап атып келеді екен (Әуезов). Мөңке бұл күні балықтан кеш қайтты (Нүрпейісов).

Толымды, толымсыз, ықшамдалған сөйлемдер

Қазақ тілінде толымды, толымсыз сөйлемдерді ажыратуға түрліше критерийлер қойылып келді.

Дербес айтылғанда, мағыналық мазмұны толық берілген сөйлем толымды деп аталады. Ал дербес айтылғанда мағыналық мазмұны толық берілмеген, ой олқылығы сезілетін сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз. Толымсыз сөйлемнің екі түрі бар: 1. Контекстік толымсыз сөйлемдер; 2. ситуациялық толымсыз сөйлемдер.

Мысалы: Биік лауазымға жетер жол кейде тым жақын көрінгенімен, аса жауапты әрі қатерлі. Жауаптысы – соңында халық. Олардың бары мен жоғы, бағы мен соры сенің қолыңда. Осындағы соңғы сөйлемді контекстен тыс алсақ, мағынасы, әңгіменің не туралы екендігі түсініксіз. Алайда тіліміздегі толымды, толымсыздық дегенді шартты түрде түсінуіміз керек, өйткені бір оқиға не кейіпкер жайлы толық ұғым алу үшін кейде бір кітап та жеткіліксіз болуы мүмкін.

Тіл білімінде толымды, толымсыз және ықшамдалған (кейде эллипсис сөйлемдер деп те атайды) сөйлемдерді ажырату мәселесінде қиындықтар туындап отырғаны рас. Өйткені бұл сөйлемдер (толымсыз және ықшамдалған) бір тілдік заңдылықтың – тілдік үнемдеу заңдылығының – нәтижесінде туындаған. Бірақ сөйлемнің толымды-толымсыздығын ажыратуда мағыналық ұстаным, ықшамдалу-ықшамдалмауын ажыратуда құрылымдық ұстаным межеге алынуы тиіс. Сонда тіліміздегі сөйлемдер мағынасы жағынан да толымды, құрылымы жағынан ықшамдалмаған – нақ толымды сөйлемдер; мағынасы жағынан толымды, бірақ құрылымы жағынан ықшамдалған сөйлемдер; мағынасы жағынан толымсыз, әрі құрылымы жағынан ықшамдалған сөйлемдер болуы мүмкін.

Мысалы: - Қиын... (1) Өте қиын...(2) Бірақ сен мені тыңда, балам, - деді қария (3) Адамды ойша өлтіре көрме, тіпті қарғыс атқыр ұрыны да. (4) Осындағы 1,2 - сөйлемдер – мағынасы жағынан толымсыз, әрі құрылымы жағынан ықшамдалған сөйлемдер; ал 3 - сөйлем – мағынасы жағынан да толымды, құрылымы жағынан ықшамдалған – нақ толымды сөйлем; 4 - сөйлем – мағынасы жағынан толымды, бірақ құрылымы жағынан ықшамдалған сөйлем болады.

Атаулы сөйлем

Грамматикалық құрылымы жағынан жай сөйлемнің ерекше түрі – атаулы сөйлем. Сөйлемнің өзге түрлерінен ерекшелігі – құбылысты, болмысты, белгілі бір заттың ісін, сынын баяндамай, солардың өзін ғана атап қояды. Бірақ атаулы сөйлемге қандай сөйлемдер жататындығы жөнінде ғалымдар арасында пікір алшақтығы жоқ емес. Орыс тіл білімінде атаулы сөйлем жөнінде 2 түрлі көзқарас бар: біріншісінде атаулы сөйлемге газет, журнал аттарын және мекеменің маңдайшасында жазылған атауларды, мақаланың бас тақырыбын жатқызады. Екіншісі – бұл аталғандары атаулы сөйлем емес, тек зат атаулары ғана деп есептейді.

Профессор Н. Дмитриевтің пікірінше, тақырып жазылып одан соң оның мазмұны берілген жағдайда ғана ол атаулы сөйлем болады. Атаулы сөйлем болу үшін сол арқылы тек аталып көрсетілген құбылыс болмысты әрі қарай баяндайтын, мазмұнын ашатындай басқа сөйлемдер немесе контекст болу керек.

Мағынасына қарай атаулы сөйлемді бірнеше топқа бөлуге болады.

Мекен атаулы сөйлем. Оған жалпы және жалқы есімді мекен атаулары жатады. Тоғай, Егін. Шалғын. Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жоны ғана көрінеді.

Мезгіл атаулы сөйлем. Мезгіл мағынасын білдіретін атаулары жатады. 1999 жыл. Қыркүйек айы. Сабақ басталған кез. Алматы көшесі.

Зат атаулы сөйлем а) табиғат құбылысының атаулары. Қуаңшылық. Ыстық.

ә) Үй жиһазы, оқиғаға байланысты басқа да заттар, адамдар атауы. Бөлме іші. Ортада стол. Оның үстінде шашылған қағаздар.

б) Кітап-журнал сыртына жазылған атаулар. Газет аттары, бас тақырыптары мен тақырыпшалар, хабарландыру, сілтеме, кітап, журнал, газет атаулары. Ә. Абілқаев бұған сан атаулы сөйлемді қосады. Ол тілде сирек кездеседі.

Жай сөйлемдер құрылымдық ерекшелігіне қарай екі негізді сөйлем және бір негізді сөйлем болып бөлінеді. Құрылымында екі негізгі мүше – бастауыш, баяндауыш мүше болып, сөйлем соларды тірек етіп құрылған сөйлем екі негізді сөйлем деп аталады. Мысалы: Мұндайда ол өзінен-өзі қатты ашуланып жүреді (Исабеков).

Сөйлемдерде бір-ақ негізгі мүше болып, құрылым сол мүшені ғана тірек етіп құрылған болса, олар бір негізді сөйлем болып танылады. Тыныштық. Оны бұзуға болмайды. Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі болады. Бір түрі арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Сақтық жасамаса болмайды. Екінші түрі бастауыш деп те, баяндауыш деп те тануға келмейтін тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады. Мидай дала. Жарқыраған ай.

Бір негізді және екі негізді сөйлемдер

Құрамында екі бас мүше де (бастауыш пен баяндауыш) бар сөйлем түрі екі негізді сөйлем деп аталады. Мысалы: Судың тасуын өзен бойындағы ел ылғи күтіп тұрады (Мұстафин).

Ал бастауыш пен баяндауыш құрылымды емес, сөйлемде бір ғана бас мүше бар сөйлем бір негізді деп танылады. Мысалы: Бұл судан балық аулауға болмайды. Сөйлемнің бір негізді немесе екі негізді болуы, олардың синтаксистік құрылымына байланысты болғандықтан да, оларды ажырататын меже ретінде предикативтік белгіні ғана алу заңды құбылыс болып табылады.

Коммуникативтік аспект тұрғысынан ең көп қолданылатыны – екі негізді жай сөйлем түрі. Олар баяндауышының қай сөз табынан жасалуына қарай есімді және етістікті болып бөлінеді. Мысалы: Айналамыздың бәрінде уыз мұнар кілкиді. Далада да, үйде де мүлгіген тыныштық. Түнімен диірмен тартып шыққандай киімдері аппақ шаң (Исабеков).

Екі негізді сөйлемдер тұрлаусыз мүшелермен қатынасына қарай жалаң және жайылма болып сипатталады: Күн ашылды. Бұлттар көше бастады. Осындай жалаң сөйлемнің құрамына кемінде бір тұрлаусыз мүше қосылса, онда ол жайылма екі негізді жай сөйлем болады: Аласапыран көктемнің кезі еді. Шай төмен жақтан келетін (Исабеков).

Құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем туралы түсінік

Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысаны

Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары мен зерттелу тарихы

Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері

Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері

Құрмалас сөйлемнің түрлері

Құрмалас сөйлем-сөйлемдердің құрылымдық бір түрі. Құрмалас сөйлем

деп екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді айтады. “Құрмалас” деген атау қазақ тіл білімінде өткен ғасырдың 20-жылдардан бері қарай, А. Байтұрсынұлының 1925 жылы жарық көрген “Тіл құралы” атты оқулығынан бастап қолданылып келеді. Ол - “құра, құралу” деген етістіктер негізінде қалыптасқан туынды сөз. Бұл-тек тіл білімінде ғана қолданылатын лингвистикалық термин. Құрмалас сөйлем жалпы сөйлемнің құрылымдық бір түрі болғандықтан, оның синтаксис саласындағы орны да жалпы сөйлемдермен біртұтас болады. Ал жалпы сөйлем атаулының синтаксистегі орны, синтаксистің нысаны деген мәселе-грамматиканың негізгі, түйінді нысандарының бірі.

Синтаксис ғылымының басқа да салалары сияқты құрмалас сөйлем синтаксисінің де зерттейтін өзіндік күрделі нысаны бар. Адам сөйлегенде бір-біріне байланыссыз жеке сөйлемдерді ғана айтпайды, оның сөйлеуі бір-біріне жалғасып, өзара ұштасып жататын сөйлемдер тізбегі түрінде болады. Тізбек құрамындағы сөйлемдердің бір-бірімен жалғасуында қалыптасқан мағыналық және құрылымдық заңдылықтар бар. Құрмалас сөйлем синтаксисінің міндеті-осы заңдылықты ашып айқындау, яғни жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара ұласып, күрделі бір сөйлемге айналуы, сол арқылы бір ойды екінші ойға жалғастырып, күрделі бір ойды білдірудің жолдарын, амал-тәсілдерін зерттеу. Бұл жағынан алғанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің жай сөйлем синтаксисінен елеулі өзгешелігі бар: жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымды білдіретін сөздердің өзара тіркесіп, сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін сөйлемдердің бір-бірімен ұласып, құрмалас сөйлем болу жолдарын, құрмалас сөйлемнің өзіндік сипаттары мен түрлерін тексереді. Демек, бірінің зерттеу нысаны - ұғымдар тіркесі болса, екіншісінің нысаны - ойлар тіркесі, яғни сөйлемдер тіркесі. Құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлемдердің өзара бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем болуын ғана зерттемейді, сонымен бірге бірнеше сөйлемдер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысанын құрмалас сөйлем және күрделі синтаксистік бірлік деп екі топқа болуге болады. Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты құрмалас сөйлемдердің өзіне тән қалыптасу, даму жолы, тарихы бар. Тілдік категориялар ішінде ойды білдіретін бірден-бір көрсеткіш-сөйлем. Сондықтан да сөйлемге “біршама аяқталған ойды білдіреді” деп анықтама береміз. Сөйлем мен ой - бірі форма, екіншісі - соның мазмұны ретінде өзара тығыз байланыста, берік бірлікте болатын категориялар. Құрмалас сөйлем адамның ой өрісінің, дүние тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып, дамуына байланысты, сол ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған. Тіл дамуының қазіргі дәуірінде тілдерді, соның ішінде қазақ тілінде де құрмалас сөйлемдердің неше алуан күрделі түрлері кездеседі. Қазіргі әдеби тіліміздің барлық жанрында қолданылатын құрмалас сөйлемнің қалыптасып дамуы бір күннің жемісі емес. Бұл жөнінде

Т. Қордабаев: “Көрнекті ғалымдардың айтуына қарағанда, тіл дамуының көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын қазіргі дәнекерлер, тәсілдер болмаған. Ол уақыттағы сөздер, сөйлемдер арасында қазіргі тіліміздей бірі екіншісіне меңгеріліп, жетектеліп бірі екіншісін меңгеріп, жетектеп, өзіне тәуелді етіп тұру сияқты байланысу тәсілдерінің анағұрлым берік түрлері болмаған. Сөздер, сөйлемдер байланысындағы бұл тәсіл олардың тұрған орындарына мағына желілерінің жақындықтарына қарай бір-бірімен қабыса, іргелесе байланысу тәсілі болған. Сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің бір-бірімен арақатынасы тығыз, берік болмағандықтан, оларда дербестік, бір-біріне тәуелсіздік күшті болған” – дейді. Тіл дамуының көнерек заманында сөздердің де, сөйлемдердің де арасында дербестіктің, бытыраңқылықтың басым болғандығын үнді-европа тілі синтаксисін зерттеген ғалымдар да көрсеткен. Үнді-европа тілдерін салыстырмалы түрде зерттеуге арналған еңбегінде А. Мейе сөйлемдер бір-бірімен ешқандай дәнекерсіз, бірінен соң бірі қатар қойылғанын айтады. Көне заманда сөздер мен сөйлемдер байланысының нашар болғандығын А. Рифтин де “Құрмалас сөйлем дамуының 2 жолы туралы” деген мақаласында айтқан. Осы мақаласында А. Рифтин тетелес тұрған екі жай сөйлемнің салаласу негізінде бір-біріне қосылуы, бірігуі құрмалас сөйлем дамуының бірінші жолы дегенді айтады. Құрмалас сөйлемнің мұндай түрі – яғни компоненттері бір-бірімен ешқандай қосымша дәнекерсіз, тек мағына жақындықтарына қарай іргелес, қабыса айтылулары арқылы байланысатын түрі – паратаксис деп аталады. Ғалымдардың айтуынша, алдымен салалас құрмалас пайда болған да, соның негізінде сөйлемнің әртүрлі дәнекерлер арқылы байланысатын түрлері, соның ішінде сабақтаса байланысатын түрлері де тіл дамуының кейінгі дәуірлерінде пайда болған. Бұл пікірдің дұрыстығын қазақ тілі жазба ескерткіштер фактілері де дәлелдейді. Мұны “Құрмалас сөйлем және олардың даму жолдары” деген мақаласында Н. Сауранбаев та айтқан еді: “Жеке сөйлемдердің бір-бірімен байланысуы түркі тілдерінің ескі дәуірлерінде басталған, яғни сөздердің бір-бірімен байланысуы сияқты жеке сөйлемдер де өзара байланысатын болған”.

Құрмалас сөйлемнің бастапқы түрі болып саналатын көне заманғы салалас құрмалас сөйлемді қазіргі тіліміздегі салалас құрмалас сөйлеммен тең дәрежеде қарауға болмайды. Ол кездегі сөйлеммен салыстырғанда тіл құрылысы күрделеніп, жаңалану үдерісінен өткеніне көз жеткізуге болады.

Құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түрі болып табылатын паратаксистен кейінірек келе жай сөйлемдердің бір-бірімен сабақтаса құрмаласатын гипотаксис деп аталатын түрі пайда болған. Тіл дамуында, алдымен, сөздерді, жеке сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын дәнекерлер пайда болмайды, керісінше, алдымен, сол дәнекерлерді керек ететін мұқтаждық пайда болып, соның қажет етуінен барып, әртүрлі жалғаушы дәнекерлер пайда болған. Сөйтіп әрқайсысы өз дербестіктерін толық сақтап компоненттері бір-бірімен нашар байланысатын құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түрінің орнына компоненттері бір-бірімен тығыз байланыстағы жаңа түрі пайда болады. Құрмаластың ең бастапқы түрі болып табылатын паратаксис пен оның негізінде туған гипотаксистің бір-бірінен өзгешелігі тек байланыстырушы дәнекерлерде ғана емес, сонымен бірге олардың әрбір жеке компоненттерінің ішкі құрылысындағы жаңалықтарында.

Қорыта айтқанда, құрмалас сөйлемнің алғашқы түрі бір-бірімен мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да нашар байланысқан жеке, дербес жай сөйлемдердің өзара салаластық негізде байланыса айтылуынан пайда болған да, кейінірек келе сол салаластың негізінде компоненттері әртүрлі дәнекерлер арқылы бір-біріне бағына байланысатын сабақтас сөйлемдер қалыптасқан.

Қазақ тілі құрмалас сөйлемін ана тілімізде зерттеу А. Байтұрсынұлы оқулығынан басталады. 1924 жылы “Тіл құралы” деген атпен Орынборда баспадан шыққан еңбегінде автор “Қазақ тілі сөйлемдері арасында екі түрлі жақындық болады: оның бірі – мағына желісі жағындағы жақындық та, екіншісі – сөйлемдердің сыртқы қисын жағынан жақындығы. Мұның алдыңғысы, яғни тек ой іргесі, ой желісі жағынан ғана жақын болатын іргелес сөйлем (Күн ашық. Торғайлар шат.), ал әрі ішкі мағына, әрі сыртқы қисын жақындығы бар сөйлем құрмалас деп аталады” – дейді. Құрамына енетін жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысу түріне қарай автор құрмаласты салалас құрмалас, сабақтас құрмалас сөйлем деп екіге бөледі. Бұл екеуінің бір-бірінен өзгешелігі – салаласта оның құрамына енген жай сөйлемдер өзара тең байланыста болады да, сабақтаста тең болмайды, бірі екіншісінен кем болып келеді дейді. Құрмалас сөйлемнің салалас түрі мен сабақтас түрлерінің, олардың құрамына енген компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай өз ішінен әртүрлі салаларға жіктеу де тұңғыш рет А. Байтұрсынұлы оқулығында кездеседі. Терминдік жағындағы өзгешелігі болмаса, әдеби тілімізде кездесетін салалас, сабақтас сөйлемдер түрлері толыққа жуық қамтылған. Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастарын сөйлем мүшелерінің атымен бастауыш бағыныңқы, анықтауыш бағыныңқы деп бөлуі де ғалы еңбектерінен бастау алады. А. Байтұрсынұлының құрмалас сөйлемге қатысты жазғандары кейінгі зерттеулерден, әсіресе

Н. Сауранбаев, С. Аманжолов еңбектерінен берік орын алды, мол пайдаланылды.

Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің ортақ жақтары да, өзіндік ерекше сапа қасиеттері де бар. Қызметі жағынан алғанда, құрмалас сөйлем де, жай сөйлем де сөйленіс бірлігіне жатады. Қарым-қатынас үдерісінде, сөйленіс кезінде ол екеуі де бірдей қатысымдық қызметте жұмсалады. Олардың әрқайсысы интонациялық тиянақтылыққа, мағыналық аяқталғандыққа ие.

Ең алдымен, құрмалас сөйлем мен жай сөйлем бір-бірінен құрылыс жағынан ерекшеленеді. Жай сөйлем бір ғана предикативтік бірлікке ие болса, құрмалас сөйлем екі не одан да көп предикативтік бірлікке ие. Мысалы: Ушаков үйінде болмай, Бұланбай қайтып кетті (Мүсірепов). Кеше күні бойғы әңгімеде Абай өз әкесі туралы үлкен кісілердің аузынан ең алғаш сын сөздерін есітті (Әуезов). Алғашқы сөйлем екі предикативтік орталығы бар құрмалас сөйлем болса, екінші сөйлем соншама көп сөзден жасалғанымен, онда бір ғана пердикативтік орталық бар, сондықтан ол жай сөйлем болады.

Екіншіден, құрмалас сөйлем оны құраушы бірліктердің сипаты жағынан ерекшеленеді. Жай сөйлемнің компоненттері сөз тұлғалары мен сөз тіркестері болса, құрмалас сөйлемнің компоненттері предикативтік бірліктерден тұрады. Үшіншіден, құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің білдіретін грамматикалық мағыналары бір емес. Жай сөйлемнің грамматикалық мағынасы – модальдық, жақтық, шақтық категориялар арқылы берілетін предикативтік мағына болса, құрмалас сөйлем бөліктері арасынан нақты мағыналық қатынастар туындайды: мезгілдік, себеп-салдарлық, шарттылық, қарсылықты т.б. Осылар құрмалас сөйлемнің грамматикалық мағыналарын құрайды. Демек, құрмалас сөйлем оқиғалардың арасындағы қарым-қатынасты білдіруге қызмет етеді, сол үшін пайда болған. Мысалы: Көктем келді. Жерде әлі қар бар. Құстар ұшып келе бастады. Көктем келгендіктен, жерде әлі қар бар болса да, құстар ұшып келе бастады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 6354; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.