Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тыныс белгілері




Тыныс белгілері туралы түсінікТыныс белгілерінің түрлері мен қызметтеріСөйлем соңында келетін тыныс белгілеріСөйлем ішінде келетін тыныс белгілері.

Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы. Ол – тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әрқайсысының қызметін қарастырады. Тыныс белгілер мағынаға және интонацияға негізделеді., екінші сөзбен айтқанда, сөйлемнің грамматикалық құрылысына, мағынасына, интонациясына қарап қойылады.

Қазақ пунктуациясының негізгі қызметі – тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлеуді сөйлемдерге, сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау.

Тыныс белгісін қоюда басшылыққа алынатын ұстанымдар:

Грамматикалық ұстаным. Грамматикалық ұстаным дегеніміз тыныс белгілерін грамматикалық ережелер негізінде қою.

Мағыналық ұстаным. Мағыналық ұстаным дегеніміз сөйлемнің тыныс белгісін синтаксистік категориялар мен синтаксистік тұлғалардың мағынасына негіздей қою.

Инотнациялық ұстаным. Интонациялық ұстаным дегеніміз сөйлемнің тыныс белгісін синтаксистік категориялар мен синтаксистік тұлғалардың сазына, нақышына келтіріп айтуына және естілуіне қарай қою.

Қазіргі кезеңде тілдерде кездесетін тыныс белгілеріне тән тағы бір қасиет – олардың интернационалдығы. Тыныс белгілері – түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен қызметтері жағынан да тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді.

Қазқ тілінің пунктуациясы кенжелеп туып, кеш дамыды. Қазақ төңкерісіне дейін белгілі бір жүйеге келтірілген, көпшілікке танылған пунктуациялық заң-ережелер болған жоқ. Ол уақыт үшін пунктуациялық ережелердің болмауының өзі де табиғи нәрсе еді. Өйткені тыныс белгісі баспасөз үшін керек. Республикамызда баспасөздің дамуы, оның бүкіл халық игілігіне айналып, оқушылар санының артуы, жазу мәдениетінің, сауаттылықтың шешуші бір саласы болып табылатын пунктуация мәселесін ғылыми негізде қалыптастырып реттеу міндетін қойды. Тіліміздің пунктуациялық белгілерін қалыптастырып, олардың мағыналары мен қызметтерін айқындауда орыс тілі графикасының табыстары басшылыққа алынды.

Тіліміздегі тыныс белгілері сан жағынан онша көп болмағандарымен, мағыналары, қолданылатын орындары жағынан алуан түрлі болып келеді.

Сөйлем соңында келетін тыныс белгілері

Біршама аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейін олардың мағыналарына, айтылу саздарына қарай нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады. Сондықтан тыныс белгілерінің бұл үш түрі сөйлем соңында келетін тыныс белгілер деп аталады.

Сөйлем соңында келетін белгілердің әрқайсысы, негізгі екі түрлі мағынада, екі түрлі қызметте қолданылады: біріншісі – сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп көрсету, екіншісі – сөйлемнің қандай мақсатта, қандай мағынада айтылғандығын байқату. Бұл екеуі – сөйлем соңында қолданылатын тыныс белгілерінің қай-қайсыларының да ең негізгі мағыналара мен қызметтері. Сонымен бірге, олардың әрқайсысының кейде сөйлем ішінде тұрып та атқаратын қосымша қызметтері мен қосымша мағыналары болады.

Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері

Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілерінің атқаратын негізгі қызметі – оқушыларға сөйлемнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралғандығын, ол бөлшектердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен қызметтері жағынан да алуан түрлі.

Үтір. Үтір – тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бай белгі. Үтірдің қолданылатын орындары мен атқаратын қызметтері төмендегідей:

а) Үтір құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірінен бөліп көрсету үшін қолданылады. Мысалы:

ә) Үтір сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір-бірінен бөліп тұрады. Мысалы:

б) Үтір оқшау сөздерді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұрады: Мысалы:

Арылма, өлең, арылма

Домбырам, күйден жаңылма!(Жамбыл)

в) Үтір оңашаланған мүшені сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру үшін қолданылады. Мысалы: Абай соңғы күндерде, әсіресе осы соңғы түнде, өзіне бұрын дағдылы болмаған бір халде (Әуезов).

г) Үтір хабарлы сөйлем түрінде айтылған төл сөзден кейін, автор сөзінің алдында қойылады. Мысалы: “Таулы жер бұлақсыз, сулы жер құрақсыз болмас”,-дейді халық мақалы.

2. Нүктелі үтір. Нүктелі үтір–хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі. Мұның мәні, дәрежесі нүктеден төменірек те, үтірден жоғарырақ. Бұл-аралары үтірмен бөлінген сөйлемнің күрделірек бөлшектері арасында да, мағыналары өзара байланысты, ортақ немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі (әсіресе баяндауышы) бар талдап, санамалап, пункттеп баяндау түрінде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қолданылады.

Нүктелі үтір тек жай сөйлемдер арасында ғана емес, сонымен қатар мағыналары өзара жақын, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдер арасында да қойылады. Мысалы: Кімді-кім өзін сынаудан қорықса, оның әлсіздігі; кімде-кім өз мінін көтере алмаса, оның саяздығы (Әбішев).

3. Қос нүкте. Қос нүкте мынадай орындарында қолданылады:

а) Соңғы жай сөйлемі алдыңғы жай сөйлемдегі пікірді талдап, саралап ашып түсіндіретін құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері арасына қойылады. Мысалы: Кісі Қызылорда елінің екі ісіне қайран қалады: бірі-кетпен шабу, бірі-егін ору (Мұқанов).

ә) Бірыңғай мүшелер алдында келген жалпылауыш сөзден кейін қойылады. Мысалы: Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың төрт сирағы, төрт жылқы, бір жылқы (Мұқанов).

б) Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін қолданылады. Мысалы: Шалабайдың бойынан табылған документ, құралдарға қарап отырып:- қағаздағы аты-жөніңіз басқа екен ғой?-деді Аман. Біздің ауылдың мөрін кім басқан?

Көп нүкте. Көп нүкте аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің бірер сөзінің түсіп қалғандығын білдіреді. Көп нүкте көркем шығармалардың кейіпкерлерінің сөздерінде жиі кездесіп отырады. Оларда, негізінде, сөйлеушінің қуанғаннан немесе қысылып ұйалғаннан сөзі аузына түспей, сөз таба алмай мүдіргенін, сасқалақтағанын, сөз, сөйлем аралығында ұзақ кідіріс болғандығын білдіру үшін қойылады. Мысалы:

-Тақсыр … қарағым… шырағым-ау… Арғы атам Арғынбайдың шаңырағына мініп келген … - дей бергенде, Аман келді де, қолтықтап апарып скамейкаға отырғызды (Мұстафин).

Сызықша. Үтір сияқты, сызықша да мағынаға, фуекцияға орасан бай тыныс белгісі. Мұның мағынасы мен функциясы үтірден де көп. Сызықша сөйлеудің белгісі бір бөлшектерін басқа бөлшектерден бөлу үшін де, жақындастыру, қосу үшін де, сөздердің арасындағы мағыналық, синтаксистік қатынастарды айқындау үшін де қолданылады. Мұндай функцияда қолданылғанда, сызықша кейде қосарлы, кейде дара болып келе береді.

а) Сызықша бастауыш пен баяндауыш мүшелер арасына қойылады. Бұл орында ол бұл екі мүше арасында азды – көпті кідіріс барын білдіріп, ол екеуін сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмауға жәрдемдеседі. Мысалы: Адам – ардақты ат.

ә) Өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған айқындауышты бөлу үшін қойылады.

б) Бірыңғай мүшелердің кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады да, соңғының жинақтауыш сөз екендігін, мағыналық жақтарынан олардың мәндестігін білдіру, қызметін атқарады. Мысалы: Керуен көшетін сауда жолдары,ұлы базарлар,атақты қалалар, су жолдары-барлығы да бүгін айрықша керек болған.

в) Төл сөз бен автор сөзін бір-бірінен бөліп тұрады: Сөйтіп отырып шын жылады ол:

-Аманжан, тез қайта көр!-дейді аузы кемсеңдеп.

-Жеңеше, мұнау теңеуіңіз қандай оңды!-деді де Аман бұл сөзінен дереу қайтты (Мұстафин).

г) Сызықша мезгілдік, мекендік шаманы, шекті білдіретін сөздер арасында қолданылады. Мұндай орынның кейбіреуінде ол түсіріліп қалдырылған шығыс жалғауының орнына қолданылады және соның функциясын атқарады. Мысалы: Біздің бригада күнделікті жоспарын 150-200 проценттен кем орындап көрген емес.

д) Сызықша тетелесе болған әрекеттерді білдіретін кейбір шарт мәнді құрмалас сөйлемдер мен жалғаулығы түсіріліп қалдырылған қарсы мәнді құрмалас сөйлемнің компаненттеріарсында қолданылады. Бардым, -жолыға алмадым. Айтудай-ақ айттым, - көнбеді.

Тырнақша. Тырнақшаның қойылуы кідіріске, интонацияға немесе сөйлеудің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Сондықтан ол шын мәнісіндегі тыныстық белгі де емес. Тырнақшаның мағынасы да, функциясы да алуан түрлі, ол бір жағдайда тырнақшаларға қоршалған сөздің немесе сөйлемнің бөгде біреудікі екенін білдірсе, екінші бір жағдайда тырнақшаның ішіндегі сөздің, сөздер тіркесінің өзінің тура мағынасында қолданылмай тұрғандығын, болмаса бірдемелердің шартты атаулы екендігін білдіреді. Дәлірек айтқанда, тырнаша мынадай функцияларда қолданылады.

а) Цитат түрінде келтірілген біреудің сөзі тырнақшаға алынып жазылады.

Мұндай орынды тырнақша қоршауындағы сөздердің, сөйлемдердің автордың өзінікі емес, бөгде біреудікі екендігін білдіреді. Мысалы: ”Сырдария да көріне бастады. Нысаналы жерге жақындадым”,- деп жазды да, жас инженер мелиатор Бектасов автомат қаламын стол үстіне қоя сап, орнынан түрегелді (Мұқанов).

ә) Кері мағынада, ажуа, сықақ, кекесін түрінде айтылған сөздер тырнақшамен қоршалады.

б) Газет-журналдардың, әдеби шығармалардың, кемелер мен самолеттердің, шахталар мен рудниктердің, фабрикалар мен заводтардың, колхоздар мен совхоздардың, машина маркаларының т.б. аттары тырнақшаға алынып жазылады. Мысалы: Кеменің ” Қазақстан ” деген аты маған көп ой салып келе жатты.

Жақша. Жақшаға алынатындар, негізінде, сөйлем мен тікелей байланысы жоқ, оның мүшелерімен граматикалық қатынаста тұрмайтын, жазушының айтқанын айқындай түсу үшін қолданылатын кейбір ескертпе сөздері мен сөйлемдері. Мысалы:

- Ә, Амантайка (Амантайды ол солай атайды) ман? (Мұқанов).

Осылар тәріздес, авторлық ескертпе, драмалық шығармаларда кездесетін ремаркалар да жақшаға алынып жазылады. Мысалы:

Байназар (Тоқаға): Бас, бас аяғыңды жылдам!

Цитаттың қайдан, кімнен алынғандығын автор өз сөзімен айтып жатпай, одан кейін иесін немесе цитат алынған еңбектің атын ғана атаса, ол жақшаға алынады. Мысалы: “Жаман дос - көлеңке, басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың” (Абай).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 9336; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.033 сек.