Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Бастауыш




 

Бастауыш — сөйлемнің негізгі, басты, өзекті мүшесі. Ол грамма-тикалық жағынан сөйлемнің басқа мүшелеріне тәуелсіз, бағыныш-сыз болады. Бастауыш — сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі. Ол сөйлемде айтылған ойдың синтаксистік субъектісі. Бастауыш зат есімнен, сын есімнен, сан есім мен есімдіктен жасалады. Есімше мен тұйық рай сияқты етістік тұлғалардан да бастауыш жиі жасала береді.

Бастауыштар құрамындағы сөздің көп-аздығына қарай жалаң, күрделі болып бөлінеді. Қазақ тілінде үйірлі бастауыштар тобы да бар.

Ж а л а ң немесе д а р а бастауыштар бір-ақ сөзден жасалады. Күрделі бастауыш бірнеше сөздер тобынан жасалады. Оның құра-мында ең кемі екі сөз болады. Күрделі бастауыш мына жолдармен жасалады:

1. Кісінің фамилиясы, аты, азамат, жолдас сияқты қосалқы айқындауыштармен тіркесе келіп, күрделі бастауыш жасайды: Ты-ныбаев А л ғ ы р б а й ж о л д а с домбырамен бірнеше күй орындап берді. А з а м а т Қ а ң т а р б а е в Мақажан жақсы істің бастамасын жасап отыр.

2. Ілік септіктің жасырын түріндегі сөз үшінші жақтык, тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесе келіп күрделі бастауыш жасайды: М е к е-ме б а с т ы ғ ы қызметке келді. А м е р и к а Құрама Ш т а-т ы — империалистік мемлекет.

3. Маңы, іші, жаны, қасы, алды, арты, бойы сияқты көмекші есімдермен тәуелдік жалғаулы сөздер тіркесе келіп күрделі бастауыш жасайды: а у ы л д ы ң маңы.терең сай. Балалар шуы су сепкендей басылды.

4. Жіктеу мен өздік есімдіктері тіркесе келіп, күрделі бастауыш жасайды: Ол өзі осыны мойындағалы тұр еді. Мен ө з і м де сізден осыны сұрағалы отыр едім.

Бұл жағдайда жіктеу есімдігіндегі ілік септік ашық, не жасырын түрде тұра береді.

5. Бірнеше сөзден құралған күрделі жалқы есімдер күрделі бас-тауыш қызметін атқарады: Қазақ С С Р О қ у министрлігі биылғы жылдың өзінде ондаған жаңа мектеп ашты. К о м - м у н и с т і к партиязаманымыздың ақыл-ойы, ар-ұяты, дана көсемі.

6. Субстантивтенген есімдер тобы күрделі бастауыш қызметін ат-қарады: Қ а р а б е с т і бәйгенің алдын бермеді. Күрең қ а с қ а аты тұр екен.

7. Негізгі және көмекші,етістіктер тобы мен есімде р бірлесе келіп күрделі бастауыш болады: К ү л е б е р у ыңғайсыз. О н ы ң а й-т ы п о т ы р ғ а н ыорынды мәселе.

8. Кісі аты, не жіктеу есімдігі жинақтау сан есімдерімен тіркесе келіп, күрделі бастауыш жасайды: А с қ а р е к е у і м і з айтып отырмыз. Б і з үшеуіміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз.

Жоғарыда біз сөз еткеннің бәрі грамматикалық бастауыштар. Оларды тұлғалық бастауыштар десе де болады. Ал, сонымен бірге логикалық бастауыштар да болады. Олар тұлғалық жағынан бастауыш емес, бірақ мағыналық жағынан айтылған ойдың иесі, субъектісі сол,

 

мыс.: М е н і ң мұнда келуіме болмайды. Осы сөйлемдегі бастауыш — менің. Бірақ тұлғалық жағынан ол атау септігінде тұрған жоқ және кім? не? деген сұрауға жауап та бермейді. Дегенмен, сөйлемде-гі ойдың түйіні менің деген сөзде. Ондағы іс-әрекеттің иесі де — менің.

Үйірлі бастауыштың қалыпты жай бастауыштардан басты айыр-машылығы өз ішінен мүшелік жіктерге сараланып бөлінетіндігінде, Олар бастауыштың қызметі мен мағынасына бастауыш роліндегі өз анықталушысының түсіп қалуы арқылы ие болған. Әлі жетпегенә құдайшыл (Мұстафин).

Бұл мысалда үйірлі бастауышқа анықталушылық қызмет ат-қаратын адам сөзі түсіп қалған. Сондықтан сөйлемдегі субъектілік мән оның үйірлі анықтауышына көшкен. Үйірлі анықтауыштардың осындай орынбасарлық қасиетінің арқасында ғана анықталушы тү-сіп қалады.

Үйірлі бастауышты аяқтап тұрған есімшелер не жалғаусыз, не көптік, тәуелдік жалғауларының бірінде, кейде екеуінде де айтыла-ды. Жиылып тұрғандардың арасында әлі де ашуы қайтпағандары нұқып кетіп жүр (Мүсірепов).

Бастауыш атау тұлғада тұрады деп жоғарыда айттық. Бірақ ол тек бастауыштың ғана тұлғалық көрінісі емес, атау тұлғалы сөз ма-ғынасына, орнына қарай анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жә-не баяндауыш қызметтерін де атқара береді. Солай болғандықтан да бастауыш қазақ тілінде тек сұрақ қою арқылы, басқаша айтқанда, мағыналық жағынан талдау жүргізу арқылы ажыратылады. Бастау-ышты сөйлемде келген баяндауыш арқылы тауып алуға да болады. Баяндауышпен қиыса байланысқан мүше бастауыш болып табылады.

 

Зат есімнен болған бастауыштар

 

Бастауыш әсіресе атау тұлғалы зат есімнен жиі жасалады, мыс.: Бабай әбден қартайды: аяқ жүруден, көз көруден, құлақ естуден қалды, т і с мүлде түсіп бітті (Толстой). Енді Б а з а р а л ы іле сөйлей жөнелді (Әуезов). Осы жолды өмірлік Л е н и н бізге тас-таған (Жамбыл). Т а б ы с т ы ң к і л т іпартия басшылығы.

К і т а пбілім бұлағы (Горький).

 

Есімдіктен болған бастауыштар

Бастауыш есімдіктің барлық түрінен де жасала береді. Бастауыш ролін атқару есімдіктің лексикалық қасиетінен туатын негізгі синтаксистік қызметі, мыс.: М е н жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). Темір сенбісің? (Әбішев). Бұлкешегі өткен түнгі әңгіме еді (Мұстафин). М е нтауда ойнаған қарт марал (Махамбет). О лжауапты қызметтерде болған қарт коммунист. С е нкешегі баласың («Соц. Қаз.»).

 

Сапалық есімдерден болған бастауыштар

 

Сөйлемде сапалық есімдер (сан есім, сын есім, есімшелер) суб-стантивтеніп барып бастауыш қызметін атқарады, демек, бастауыш қызметінде жұмсалатын сапалық есімдердің мағынасы абстрактыла-на түседі: Ескіні есіңе алмай, жаңа жадыңа түспейді (мақал). Жиырма бес маған тағы қайтып келді. Сәлемін алтын күннің айтып келді (Жамбыл). Бұл екеуі бір-біріне қарап қалды (Горький). Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер (мақал).

 

Әсіресе, ерекше тоқталуды керек ететін есімшеден болған бастау-ыштар. Олардың қасиетін анықтау арқылы сан есім, сын есім, тұйық рай арқылы жасалған бастауыштардың да өзгешеліктері мен ерекше-ліктерін егжей-тегжейлі көрсетуге мүмкіндік аламыз.

 

Есімшелердің бастауыш болуы

 

Есімшелер сөйлемнің бастауышы болғанда, субстантивтеніп кете-ді. Демек, есімшелердің толықтауыш, бастауыш болуының шарты — олардың субстантивтенуі.

Есімшелер бастауыш қызметін атқарғанда, азырақ көмескіленгені болмаса, оның шақтық мәні жойылмайды, сөз меңгеру қасиеті то-лық сақталады.

Есімшелердің өздерінің бастауыш болуымен бірге бастауыш бо-латын тізбектерге катысатыны да болады.

 

Дара және күрделі бастауыштар

 

Есімшенің жалаң өзінен ғана болған бастауыштарды есімшеден болған дара бастауыштар, құрамында есімшеден басқа да сөздері бар күрделі бастауыштарды есімшенің қатысуы арқылы жасалған күрделі бастауыштар деп екіге бөліп қараймыз. Соңғысын құра-мындағы басқа сөздер атымен атамай, есімшенің атымен атауымыздың, яғни есімшелердің қатысуы арқылы жасалғаң күрделі бастауыш деп атауымыздың себебі, мұндай сөз тіркестерінде басты рольді есімше атқарады, оның белсенді элементі болады. Демек, ондай сөз тіркестерінің бастауыш болуының өзі есімшенің синтаксистік қызметінсіз мүмкін емес.

Бастауыш қызметін атқару — есімшенің атрибуттың қасиетінің айқын бір көрінісі. Субстантивтенген есімшелер зат есімдерге тән барлық синтаксистік қызметтерді атқара алады. Демек, ол тек л е к -с и к а л ы қ жағынан ғана емес, синтаксистік жағынан да зат есімнің орнын толық баса алады.

Есімшелер субстантивтенгенде, іс-әрекеттің өзін көрсету мағына-сынан іс-әрекеттің объектісін, не субъектісін көрсету мағынасына көшетіні белгілі. Олар, субстантивтенгенде заттық мағынаны өз ішіне алады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 3939; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.023 сек.