Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Баяндауыш 6 страница




 

ғ а ұлық қаққанға (Абай). Алдыңғы сөйлем құрамындагы өзі жоқта үйірлі пысықтауышы тек бастауыш пен баяндауыштан ғана құралган болса, соңғы сөйлемдегі арқаға ұлық қаққанға үйірлі пысықтауыш құрамында олардан басқа тұрлаусыз мүше де (арқаға) бар.

Пысықтауыштар мағыналық жағынан, негізінен, алты топқа бө-лінеді. Олар: мезгіл, мекен, мақсат, амал, себеп, мөлшер пысықтау-ыштар.

 

Мезгіл пысықтауыш

 

Мезгіл пысықтауыш мүше істің істелген, істелетін мезгілін, немесе істің басталған мерзімін, әлде бітетін мерзімін әр түрлі мағыналық мәнерін білдіреді. Мезгіл пысықтауыштардың бір тобы ешқандай конкреттігі жоқ мезгіл-мерзімді білдірсе, енді бір тобы бір шама дәл мерзім-уақытты білдіреді. Ол кеше келді. Ол сағат бесте келді дегенде кеше сөзінен гөрі сағат бесте дейтін тіркестің біршама дәл уақытты білдіретіні айқын. Кеше — кез-келген күн болуы да мүмкін және оның қай мерзімі екендігі де белгісіз. Сағат бесте деген болса, онда дәл қай мерзім екендігін көрсете алады.

Мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер әр алуан және ол сөздерді осы қызметке икемдейтін грамматикалық формалар да әр түрлі. Ең алдымен мезгіл пысықтауыш болатын сөздер, әрине, мезгіл үстеулері. Сонымен қатар бұл қызметте мезгіл мәнді зат есім-дер, қимыл-процесті білдіретін сөздер, көсемшелер, сын есімдер, не-гізгі сөздер мен көмекші сөздер тіркесі, т. б. қолданыла алады.

Мезгіл үстеулерінің біразы конкретсіз мезгіл-мерзімді білдіретін мезгіл пысықтауыштар жасайды, мыс.: Оқыста сыртқы есік ашылды да, Мағышқа тура қарама-қарсы қарап, үйге кіріп келе жатқан Абай көрінді... (Әуезов).

Кейбір мезгіл үстеулері біршама анық, біршама шектелген мезгіл-мерзімді білдіретін пысықтауыш жасайды, мыс.: ...комендант жаздай құрғақ айқаймен жүрді де, қыс түскесін үні өшті (Еруба-баев). Қ а р а ң ғ ы іңірде өзеннің арғы бетінен таныс белгі беріл-ген дауыс естілді (Мүсірепов).

Мезгіл үстеулерінің ешбір конкретсіз уақытты, әлде біршама шектелген, біршама анық мезгілді білдіруі олардың этимология-сымен ұштасып жатады. Оқыста, қапелімде, жөппелдемеде тәрізді сөздер ешбір конкретсіз мерзімді білдіретін болса, жаздай, қыстай, күздей тәрізді сөздер олармен салыстырғанда біршама айқын мерзімді білдіретіні белгілі.

Мезгіл үстеулерінің мағынасын конкреттеп, дәлдеудің, сөйтіп біршама айқын мерзімдік үғым берудің бір тәсілі — оларды өз ара тіркестіріп қолдану болады. Мұндай реттерде жалпы мағыналы сөз-ден соң біршама шағын мерзімді білдіретін сөз қолданылады, мыс.; Б ы л ты р а л а ж а з д а й серілік құрып ел қыдырып, қыз-келін-шекпен сауық-сайран салмадым ба (Әуезов). Жүмыскерлерді кеше кешке қонақ етіп, бүгін қоштасып қалғалы тұр (Мүсірепов). Е р- т е ң таңертең тағы сол күй басталды ( Әуезов).

Мезгіл пысықтауыш қызметінде жиі кездесетін сөздер — зат есімдер. Мұндай қызметте мезгіл мағыналы зат есімдермен қатар әр түрлі құбылыс, процесс аттары болатын зат есімдер де қолданыла алады.

Мезгіл мәнді зат есімдерге мысалдар: Көктемде бұл жел игілік желі (Әуезов). Жас уақытта көңіл гүл (Абай). Осы к ү з г е Құнанбай тағы да бір топ жанды қырына алыпты... Бұл күніңнен мынадай алдамшылық, қиянаткерлік, зұлымдыққа барған соң,

88

ілгеріде кім боласың (Әуезов). Құбылыс, процесс аттары, әлде абстрактілі ұғым беретін зат есімдер, көбінесе, жатыс септікте тұрып мезгіл пысықтауыш болады. Мысалдар: Егесте сойыл соғар, е с е д е құм қабар (мәтел). Ж а у ы н д а... басқалар жатса да, малшы жатпайды (Мұстафин). Таршылықта қайраңдап, К еңшілікте ойраңдап, Көп батырға қалдыңыз (Абай). Мұндай сөздер кейде өз «анықтауышымен» бір топ құрап барып мезгіл пысықтауыш болады, мыс.: Ал, Инеш болса бұл с а б а қ т а алдыңгы столға отырғысы келді (Шаймерденов). Қ ы с қ ы кү й з е л і с т е Игілік кіресіне ілесіп көшіп келген....мына боранда қашып құтылғылары келеді (Мүсірепов). Бұл сөйлемдер ішіндегі мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалған сөз тіркестері бұл сабақта, қысқы күйзелісте, мына боранда. Негізгі мән зат есімдерде (сабақ, күйзеліс, боран) болса да, дәл осы қызметте оларды «анықтауыштар-дан» бөліп, дара қарастыруға келмейді. Жатыс, кейде көмектес септік жалғауларында келіп кейбір сапалық сан есімдер де мезгіл пысықтауыш болады. С а л қы н д а әлсіреп, өздігінен өліп қырыла бастайды (Әуезов). Қараңғыда қорқытқан күшті дүрсілді жарық- т а көзімен бір көргісі келіп артына қарады Жамал (Мұстафин). Бірінен бірі қызық романдарды күндіз оқуға тоймай, түн ж а р ы - ғ ы м ен де оқығысы келеді (Әуезов).

Жатыс септікте -ған, -ар тұлғалы есімшелер мен сан есімдер де мезгіл пысықтауыш қызметінде қолданыла алады. Қазір қоштасар-да мен саған осыны ғана айтып қалармын (Мүсірепов). Т уғанда дүние есігін ашады өлең (Абай).

Есімшелік тұлғалар бұл қызметте өзіне бағынышты сөздермен бір тіркесте тұрып та қолданылады: Бет-аузын с ө з сөйлерде жүз құбылтып қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ (Абай). Сусап ж ү р г е н д е көзіміз қайта-қайта түскен (Мүсірепов).

-ғалы, -а (-е, -й) тұлғалы көсемшелер де сөйлем құрамында мезгіл пысықтауыш болады. Бұл қызметте олар, көбінесе, өзіне бағынышты есім сөзбен бір тіркесте қолданылады, мыс.:

Онда, Байжеке, сен сол маңға к ө з байланбай жетіп, жолдың бұрау-бұлтарысы мен талы, қалың бергі жарқабақтың астын байқай берсең қайтеді (Мүсірепов). Қорықтан күн шыға атқа мінейік (Әуезов). К ө з і к е т к е л і жұрттың көбін аяқ басысы-нан, тіпті есік жабысынан, адам көңілін сөз әуенінен танитын (Мұстафин).

Мезгіл пысықтауыш болатын сөздердің үлкен бір тобы — көмек-ші есімді және демеулі түйдекті тіркестер.

Мезгіл пысықтауыш болатын көмекші есімді түйдекті тіркестер, көбінесе, жатыс, шығыс септік жалғауларында тұрады, мыс.: Е т артынан Сүйіндіктің көптен сауғызып отырған қысырларының сары қымызы да келді (Әуезов). Заводты жүргізіп жібер деген Ушаковтың хабары. да осы борандардың а л д ы н д а келді (Мүсірепов). Қадірбай бұл м ә ж і л і с т е р тұсында даңғыл жолға түскендей боп жазылып кетті (Әуезов). Адам қуаныш ү с-т і н д е қайғырып, қайғы ү с т і н д е қуана алмайды (Мүсіре-пов). Бір көңіл аударарлық жәй — осы түйдекті тіркестердің құра-мында. Мезгіл мағынасын беретін мұндай көмекші есімді түйдекті тіркестердің бірінші сыңары болып күй-қалыпты, процесті білдіре-тін сөздер, әлде белгілі мерзімге тән құбылыс аттары ғана жұмсала алады.

Мезгілдік мән туғызып, сөйлем құрамында мезгіл пысықтауыш қызметін атқаратын тіркес жасайтындар, көбінесе, үсті, арты, алды, түсы және таман, жақын (егер мезгіл мағыналы сөздермен тіркессе) көмекші есімдері ғана.

 

Негізгі сөздер мен кейін, бері, бұрын, бастап, соң, сайын демеуле-рінің тіркесі де мезгіл пысықтауыш қызметінде жиі қолданылады. Бұл мәнде аталған демеулермен тіркесетін негізгі сөздер: мезгіл ма-ғыналы зат есімдер (апрельдің он бесіне дейін, сол күннен кейін), құ -былыс пен процесті білдіретін зат есімдер (соғыстан бұрын, айтыстан кейін) -ған есімшелері, -у тұлғалы қимыл есімдері (сөйлеуден бұрын, келген соң), модаль сөздер, т. б.

Сондықтан ат Амантайдың алып ұшқан көңіліне серік болмай, аттаған сайын сүрініп зорға жетті (Мұқанов). Неміс армиясы күн сайын бөгеліске көбірек ұшырап, ілгері аттай алған жоқ; Бірақ әр айқастан кейін бір жағы жеңіске, бір жағы жеңіліске жақындай береді (Мусірепов). Үш бала биыл көктемнен б е р і бір кішілеу қайыққа ие болыпты (Әуезов). Бекітуден бұрын өз ара бір сөйлесерміз,деп Ушаков бір уәде аңғартып қалды (Мүсірепов).

Көмекші есімдермен, демеулермен келген түйдекті тіркестер жа-нама толықтауыш, немесе мекен пысықтауыш қызметтерінде де жұмсалуы мүмкін. Олардың мұндай функциялық әр қилылығы, көбінесе, олармен тіркесетін негізгі сөздердің мағыналарына байланысты болады. Егер көмекші есім, не демеу конкретті зат атауларымен, немесе мекен-көлемдік мәні бар сөздермен бір тіркесте жұмсалса, онда не жанама толықтауыш, немесе мекен пысықтауыш мүшелердің бірі болыл қолданылар еді.

 

Мекен пысықтауыш

 

Мекен пысықтауыш іс-қимылдың бағытталған мекенін, шығар жерін, тірелер пунктін білдіреді.

Мекен пысықтауыш қызметінде қолданылатын арнаулы сөздер мекен үстеулері: кейін, әрі, әріде, жоғары, төмен, алдан, артта(н), үске, іште, әлдеқайдан, тысқары, осында, сонда, мұнда, т. б. Мысалдар: Дәл шаңқай түс кезінде Қүнанбай шарт киініп, Байсал, Майбасарды ертіп тысқа шығып... (Әуезов). Аяңдап кеткенде алдымызда отыратын Семен Зонин еңбектегенде ең артта қалды (Мүсірепов). Ж о ғ а р ы, т ө м е н үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Полк і л г е р і жүріп кетті (Мүсірепов).

Мекен пысықтауыш қызметінде, сонымен бірге, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларында тұрған есім сөздер де жұмсалады, мыс.: 1944 жылдың 24 февралі күні штабқа ишқырып алып,... Қызыл жұлдыз орденін табыс етті... 1954 жылы Самар-қанд қаласында тері аурулары жөнінен кандидаттық диссерта-ция қорғайды... Конференцияға Қазақстаннан бес делегат қатысты (газеттен). Тағы бір кезде Ғабитхан әдейілеп тұрып Қ арашоқыға,

К ү н к е н і ң ауылына барып, екі қоржын басы кітап әкелді (Әуезов).

Барыс жалғаулы есімдер істің, қимылдың бағытталған не тірелер мекенін білдіреді де, жатыс жалғаулы есімдер іс-қимыл болған мекенорынды көрсетеді. Ал, шығыс жалғаулы сөздер іс-қимыл басталған кезін, мекенін білдіреді. Сөйтіп, септік жалғауларының ауысуымеи бірге мекен пысықтауыштардың мән-мәнері де өзгеше больш отырады.

Осымен байланысты еске салатын бір жәй — мекен пысықтауыш болатын сөздердің лексикалық мағынасы. Кез келген сөз барыс, шы-ғыс, жатыс, көмектес септіктерінде тұрып мекен пысықтауыштық; мәнге ие бола алмайды. Мекен — көлемдік мәні жоқ сөздер аталған септік жалғауларында келіп тек қана жанама толықтауыш болатын-дығы бұдан бұрын әңгімеленген. Ал, осы жалғауларда тұрып мекен пысықтауыш болатындар жер-су аттары, қалайда болса мекендік мәні бар, біршама үлкен аумақ-көлемді білдіретін сөздер ғана. Дегенмен, қазақ тілінде кейбір сөздердің әрі толықтауыштық, әрі пысықтауыштық мәнде жұмсалуы кездесіп отырады. Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінде болсын, көркем әдебиетте болсын ол жыл-қыда істейді, ол малға кетті (ол жылқы фермасында істейді, ол мал қыстайтын жерге кетті деудің орнына) тәрізді қолданыстар кездесе береді. Мұндағы жылқыда, малға сөздерін қалайда мекен пысықтауыш деп тануға тура келеді. Бірақ осылар немесе осыған ұқсас сөздер бар уақытта, мекен пысықтауыштық мән береді деп қағида шығаруға негіз бола алмайды. Дұрысында, мұндай сөздер жанама толықтауыштык, мән береді. Тек кейбір реттерде ғана синтаксистік қоршауға байланысты меңгеруші сөздің әсерімен іс бағытталған пунктті, не істің болатын мекенін білдіріп, мекен пысықтауыштық қызмет атқарады.

Мекен пысықтауыш қызметінде қ арай, таман демеулерімен және алды, қасы, басы, жаны, түбі, маңы, бойы, арасы тәрізді көмекші есімдермен келген түйдекті тіркестер де жұмсалады. Көмекші есім-дермен және демеулермен келген тіркестер басқа сөздерге қарағанда мекен-орынды біршама анығырақ, дәлірек көрсетеді. Бұл ерекшелік, әрине, демеулер мен көмекші есімдердің грамматикалық қасиетінен туып жатады, мыс.: Түнге қарай жауынгерлерімді көпірдің алдына қойсам, күндіз ж о л б о й ы н өрлей, әр с а й д ы ң қ а б а ғ ы н а қоям (Мүсірепов). Қалың топбата оқыршы шанқай түс кезінде сансыз көп салт атты боп күнбатыстағы Жәнібекке қ а р а й тартты... Салиқа қыз... осы Балқыбек б а с ы н д а болатын (Әуезов). К ө з а л д ы м а тұмсығын қарға тығып өлген су тышқандай бүкшиіп жатқан манағы жау капитаны келеді... Бірақ М ос к в а түбінен жау армиялары оқыс шегінгенде, мрамор біздің қолға түсіп қалыпты (Мүсірепов). Мұндай қызметте қолданылатын түйдекті тіркестердің бірінші компоненті болып жер-су аттары, мекен-көлемдік мән бере алатын басқа сөздер жұмсалады. Егер бірінші компонент қызметінде басқа мағыналық топқа жататын сөздер қолданылса, онда мұндай тіркестер мекен пысықтауыш та бола алмас еді.

Көмекші есімді түйдекті тіркестер бұл қызметте шығыс, жатыс, барыс, көмектес септіктерде тұрып жұмсалады. Басқа септік жалғау-ларында мекендік мән бере алмайды. Мыс.: — Гитлер енді М о с к- в а маңын көре алмайды, бұл анық,дейді тағы да Ревякиннің даусы (Мүсірепов). Осы сөйлемдегі Москва маңын тіркесі табыс септікте келіп, тура толықтауыштык, мәнге ие болған.

Сонымен, көмекші сөзді түйдекті тіркестердің мекен пысықтауыш болуы олардың бірінші компоненті қызметіндегі негізгі сөздердің лексикалық мағынасына және көмекші сөздің грамматикалық тұлға-сына байланысты болып отырады.

 

Амал пысықтауыш

 

Пысықтауыштың бұл түрі істің, қимыл-әрекеттің сапасы мен бел-тісін, сынын және істің, қимылдың істелу тәсілін, амалын білдіреді. Мағыналық жағынан бұларды екі топқа істің сын-сапасын және белгісін білдіретін пысықтауыштар және істің істелу тәсілі мен амалын білдіретін пысықтауыштар деп бөліп қарастыру мақұл. Бұл екі топта жұмсалатын сөздердің характерлері де осыны қажет етеді.

Сын-сапаны, белгіні білдіретін пысықтауыштар қызметінде жұм-салатын сөздер, әрине, үстеулер. Олар: едәуір, оншама, шапшаң, әлінше, пәрменінше, біржолата, тікелей, іле-шала, әрең-әрең, дереу, жедел, жатпай-тұрмай, ашықтан-ашық, т. б. Мысалдар: Жақын

ауылдарға тегіс шапшаң кісі шаптырыңдар. Ұйқысы қатты еді, әрең ояттым (Әлімқұлов). Теңіз тағы да ала й-түл е й долдана-тын болар,дейді Володя (Мүсірепов).

Осы қызметте -ша/-ше жұрнағы арқылы есімдерден жасалған ту-|ынды үстеулер де қолданылады, мыс.: „..Әнді сүйсең, менше сүіі (Абай). Турникке ойнағанда ол ұршықша үйірілетін (газеттен). Құмырысқадай қаптаған сұрғылт түсті жауға қарсы Совет адамдары е р л е р ш е күресті.

Іс-қимылдың қимылдық сапасын, белгісін білдіріп, амал пысық-тауыш қызметінде жиі жұмсалатын сөздер сын есімдер. Бұл қызмет- те негізгі сын есімдер де, сонымен қатар басқа сөз таптарынан жұр- нақтар арқылы жасалған туынды сын есімдер де кездеседі, мыс: Мирошник с ы п а й ы ғ ан а езу тартты да, қолымды қысып отыруға нұсқады... Сол біраз қалжыңмен талай күнгі азап ауырлығын жуып тастағандай, жауынгерлерім ж е ң і л жүріп келеді... Жалғыз зар қаққан домбыра үні ә л с і з сарнады (Мүсірелов). Ж а қ с ы айтты-ау... Салтанаттың алтынды шолпысы бірде жіңішке шыңғыр салып, бірде сылдырай түседі (Әуезов). Туынды сын есімдердің ішінде, әсіресе, көп жұмсалатын-дары -дай/-дей аффиксі арқылы жасалған сын есімдер. Қазір-ақ үсті-басымыз малмандай болып, жаураған қ о й д а й бүрсиеміз-ау (Мүсірепов)... Бірақ мына суретте сол жарастық шымыр денсаулыққа арманшыл көңіл күйіне жалғасып тұрғанын айтқанда, Лиза әлденеден ұ я л ғ а н д а й қызарып кетті (Әлімқұлов).

Сын-сапалық пысықтауыш қызметінде -ып/-іп және -а (-е, -й) тұлғалы көсемшелер де жиі қолданылады. Жапырақ көгермей солды, жастық г ү л д е н б е й өлді... Осындай бір қол босағанда еске алсақ, күн асқаи сайын к ү ш е й е түседі (Мүсірепов). Нелла Борисованың өзі жақтауын пісіре түс дегендей ш а л қ и жадырап, үй ішінде киетін кең қара жібек шалбарын сусылдатып, әрі-бері кө-леңдеп өтті (Әлімқұлов).

Көсемшелердің амал пысықтауыш мәнін беруі олардың баяндау-ыштың тікелей алдында келуіне байланысты.

Істің істелу тәсілі мен амалын, орындалу ерекшелігін білдіріп, амал пысықтауыш қызметін атқаратын сөздер щырын, жай, жал-ма-жан, шапшаң тәрізді үстеулер, мыс.: Көкіректегі байлаулы арыс-тан қозғалып, бостандықты ойлап ақырын қимылдайды (Сей-фуллин).

-ша жұрнағы немесе басқа да тәсіл арқылы жасалған кейбір ту-ынды үстеулер де істің істелу тәсілін, орындалу ерекшелігін білдіре-ді: Кісі мінезіне жүйрік Әйгерім ө з і н ш е оқшау сын жасаған (Әуезов). Батыраш көк арбаны орталап салып алған шөптің үстінде шалқасынан жатыр да, екі жігіт оны ұстап отыр (Мүсірепов).

Көмектес, шығыс, жатыс септікті кейбір есім сөздер де етістік баяндауышқа қатысты болып, амал пысықтауыш қызметін атқара алады, мыс.: Басына т о б ы қ т ы ү л г і с і н д е тымақ та тігіп берген еді (Әуезов). Ж ү р е к т е н сүйіп еліңді, жұрт мейірін қан-дырдың (Сыздықов). Чиновникке тұңғиық қара көк көздерін кейіс- пен бұрды. Абайға соншалық м е й і р л і жүзбен, к ө з қ иығымен бір қарап, бетін басып төмен иілді (Әуезов).

Амал пысықтауыштық қызметте жұмсалатын мұндай сөздер, кө-бінесе, дерексіз зат атаулары болып келеді. Оның үстіне, олардың көпшілігі-ақ көмектес септік арқылы ғана амал пысықтауыш болады. Жатыс, шығыс септік жалғауларында тұрып мұндай функцияға ие болатын сөздер әлдеқайда аз. Бұл айтылғандардан басқа, шығыс септікті мына тәрізді сөздердің амал пысықтауыш қызметінде жұмсалуы кездеседі, мыс.: Бұл үйдің адамдары...

92

бірін-бірі қабагынан, е р н і н і ң емеурінен таниды. Біраз бұрын ел отырғаны ә л і к ө н е р е қоймаған ү й орындарынан ғана білінеді (газеттен). Мұндай сөздер осы мағынада арқылы көмекші сөзімен келген тіркестерге синоним болады. Жоғарғы мысалдарды... үй орындары арқылы ғана білінеді,....қабағы арқылы таниды деп өзгертіп айтуға болар еді. Онда сөздердің қолданылу ерекшелігі айқындалып мән-мағынасы күдік туғызбас еді. Алайда, осы тәріздес сөздердің барлығы бірдей шығыс септікте амал пысықтауыш бола алмайды. Олардың көпшілігі осы тұлғада толықтауыш қызметінде жұмсалуға әлдеқайда бейім, лексикалық мағыналары да соған сай.

Есімдердің амал пысықтауыш қызметінде жұмсалуына байла-нысты айтыла кетуге тиіс бір жәй — сондай есім сөздердің екі жақ-тылығы. Осыдан бұрын толықтауышқа байланысты ескертілгендей, кейбір есім сөздер көмектес септік тұлғасында екі түрлі түсінілуі мүмкін: жанама объектілік мәнде, немесе амал пысықтауыш мәнде. Дерексіз зат атауларын былай қойғанда, конкретті зат есімдердің өз-дері де көмектес септік тұлғасында екі түрлі сұраққа (немен? қалай?) жауап беруі мүмкін. Ол ауылға а т п е н келді. Осы сөйлемдегі ат-пен сөзіне қалай? деп те, немен? деп те сұрақ қоюға болар еді. Дегенмен, сөйлем құрамында өзінің бұрынғы заттық мәнінен ажырамаған сөздер жанама толықтауыш деп, ал, дерексіз зат есімдер және бұрынғы заттық мәнінен сөйлем құрамында ажырап қалған сөздер амал пысықтауыш деп танылғаны жөн (кейіспен бұрылды, жақтырмаган қабақпен қарады).

Есімдер мен арқылы, құрлы шылау сөздерінің тіркесі де амал пысықтауыштық мән береді. Елеңдей қарасып,ақтар да тілмаш ар-қылы бұл хабарды есітіп, апыл-құпыл аттана жөнелді (Сейфуллин).

Несі бар, жаман Несіпбай қ ұ р л ы істей алмас дейсің бе? (Майлин).

Кейде сөйлем құрамында тәрізді, сияқты, сықылды сөздерінің есімдермен тіркесі де етістік баяндауышқа қатысты болып, амал пы-сықтауыштық мән туғызады: Тыңдаған жұртқа ол к е к е ш с и я қ- т ы көрінді. Есіктен кірді де, цалжыраған а д а м т э р і зд і отыра кетті босағаға («Қазақ әдебиеті»).

Осы қызметте қ арай, бойынша сөздерімен келген тіркестер де амал пысықтауыштық қызметте қолданыла алады: Бастықты бағы-ныштылары түріне қарай бағаламайды, тындырған ісіне қ а р а й бағалайды... Оның жыл бойғы істеген ісі, бітірген шаруасы, келтірген пайдасы жылдық қ о ры т ы н ды б о й ы н ш а сарапқа салынып, әділ бағасын алуы керек (газеттен). Дегенмен, бұл тәрізді тіркестер әр уақытта амал пысықтауыштық қызметте жұмсалады деп қорытындылауға болмайды.

Тіркестің бірінші сыңары болатын негізгі сөздің лексикалык мәніне және синтаксистік қоршауға қарай олардың сөйлем ішіндегі функциясы да құбылып отЫрады.

Бұл қызметте ең жиі жұмсалатындар — еліктеуіш сөздер. Елік-теуіш сөздер сөйлем құрамында, көбінесе, етістік баяндауышқа қа-тысты болады да, іс-қимылдың істелу ерекшелігін, тәсілін білдіріп, амал пысықтауыш мәнін береді. Дон өзені шұрқ-шұрқ тесіліп, қайта тасып кетті... Сөйткенше болған жоқ, төбеден тасталған екі граната ішке түсіп, гүрс-гүрс қатар жарылды (Мүсірепов). Жүректен тиген қатты тепкіден Нұрғаным талықсып барып сылқ құлап түсті (Әуезов).

Еліктеуіш сөздер және кейбір есімдер е, де көмекші етістіктері-мен, немесе басқа бір көмекші етістікпен тіркесіп,тұтас тіркес күйін-

 

де амал пысықтауыштық қызмет атқарады. Жұқа көкше мұз сынған айнадай жалт-жалт етіп сумен бірге атылып, сыңғырап келіп жағаға түсіп жатыр. Өткелді ө т к е л д е п сұрау керек (Мүсі -репов).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 2045; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.038 сек.