Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Баяндауыш 7 страница. Еліктеуіш сөздерден жасалған көсемше етістіктер де іс-қимыл-дың тәсілін




Еліктеуіш сөздерден жасалған көсемше етістіктер де іс-қимыл-дың тәсілін, істелу ерекшелігін білдіреді. Абылғазының көңлі жүй -ріктігіне сүйсініп кеткен Абай с а қ ы л д а п күліп жіберді (Әуезов).

Кейде бірге көмекші есімімен келген түйдекті тіркестер де амал пысықтауыштық мән береді: Жұқа көкше мұз сынған айнадай жалт -жалт етіп, с у м е н б і р г е атылып, с ы ң ғ ы р а п келіп жағаға түсіп жатыр (Мүсірепов).

 

Мақсат пысықтауыш

 

Мақсат пысықтауыш іс-қимылдың арналған мақсатын, көздеген ойын білдіреді.

Мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалатын арнайы сөздер әдейі, әдейілеп, арнайы, жорта, қасақана тәрізді мақсат мәнді үстеулер. Кейде ешбір тұспал сөз, тілек, сылтау Әйгерім жағынан тумаса да, Абай үншіл жүйрік домбыраны ә д е й і Әйгерім үшін тартатын (Әуезов). Ол қ а с а қ а н а қырыс сөйледі.

Мақсат пысықгауыш қызметін атқаратындар -ғалы тұлғалы көсем-шелер. -Ғалы көсемшелері сөйлем құрамында, негізінен, екі түрлі мәнде (мақсаттық және мезгілдік мәндерде) ғана қолданылады. Со-ның ішінде, мақсатты білдіруі — бұл көсемшелердің басты мағы-насы болса керек. Ал, мезгілді білдіруі — тіркесетін сөздің ықпалымен синтаксистік қоршауға байланысты беретін мағынасы. Мен оның кескінін к ө р г е л і қанша үңілсем де, қарауытып кеткен жүзіне, бетіне батып кеткендей көзіне жарық дұрыстап бір түспей қойды (Мүсірепов).

Осы қызметте кейде -а, -е, -й және -п тұлғалы көсемшелер де жұмсалады. Сығырайған білте шамның қылп-қылп еткен жарығымені лейтенант қағазын жазып отыр да, мен мінезін танығым кеп қ а д а л ы п тұрмын (Мүсірепов). Лосовский арқылы бір үміт бола ма деп к е л і п едім. Бағанағы топ артынан А б а й -д ы ң х а б а ры н б і л е келген екен (Әуезов).

-а, -е, -й және -п тұлғалы көсемшелер мақсат пысықтауыш қыз-метінде дара жұмсалмайды, жоғарғы сөйлемдердегідей өздеріне қа-тысты, бағынышты сөздермен қосарлана, тұтас топ болып қолданы-лады. Бұндай реттерде әлгі көсемшелерге қатысты сөздер тек қана есімдер емес, кейде бұйрық, қалау рай тұлғалы етістіктер де болуы мүмкін, мыс.: баламды медресеге б і л д еп бердім (Абай).

Мақсат пысықтауыш қызметінде барыс септік жалғаулы қимыл есімдері де жұмсалады. Қазір біз сол маңайды барлап қайтуға келеміз. Бөлек-бөлек, жеңіл-жеңіл топтар деревняның әр тұсынан қадалуға кетіп барады (Мүсірепов). Енді ыңыршағымды арқалап, кезбені қойып, мынадай ел арасына байыздауға келдім (Әуезов).і

Қимыл есімдері үшін, мақсатымен, ниетімен сөздерімен тіркесіп келіп те мақсаттық мән туғыза алады. Колхозшылар алдағы жылы; егіннен мол өнім алу ү ш і н қажырлы еңбек етуде (газеттен). Жұмыста мұндай кемшіліктерді енді қ а й т а л а т п а у м а қ- с а т ы м е н басқарма арнаулы қаулы қабылдады. Әкесі баласын қалайда к ө н д і р у н и е т і м е н келіп еді.

Себеп пысықтауыш. Пысықтауыштардың енді бір тобы — іс-қимылдың болу себебін, не сол қимыл-әрекеттің болу-болмауына турткі болған жағдайды, белгіні білдіреді. Мұндай пысықтауыштар қимыл-әрекеттің болу-болмауына қатысты себеппен қатар, іс-әрекеттің нәти-

 

жесінен, салдарынан болған ерекшеліктерді де білдіруі мүмкін. Мы-салы: Ол қысылғаннан қызарып кетті, Ол аурулы себепті жиналыс-қа қатыса алмады. Егер алдыңғы сөйлем құрамындағы цысылғаннан дегең сөзді цызарып кетті баяндауышының себебі деп танысақ, соңғы сөйлемдегі аурулық себепті тіркесі әрі қ атыса алмады дейтін баяндауыштың себебі есебінде, әрі оған дейінгі басқа бір күй-қалып, процестің салдары болып ұғынылады. Сөйтіп, кейде себептік мән мезт салдарлық мән бір-бірімен астасып жатады. Себептік мән туғызатын үстеулер қазақ тілінде көп емес. Сөйлем құрамында себеп пысықтауыш болып, себептік мән туғызатын үстеулер мыналар: босқа, құр босқа, бостан бос, амалсыздан, лажсыздан, амал жоқтықтан, шарасыздан, әншейін, құр әншейін, жәй, жәйдан жәй.

Талайының үйіне жаңағы сөзді амалсыздан қосып хат та жаздым (Мүсірепов).

Себептік мәнде жиі қолданылатындар -дық тұлғалы қимыл есім-дерінің шығыс септік тұлғасы. Осы күйлерді сезгендіктеи Абай әдейі үндемей кетті (Әуезов). Балға солай дәніккендіктен Қайыркенің «араның ұясын таптым» деген сөзіне иландым да, соңына ердім (Мұқанов).

-ған тұлғалы есімшелер де шығыс септікте тұрып себеп пысық-тауыш қызметін атқарады. Председателъ қысылғаннан абдырай қалды да, жөнді жауап қата алмады (газеттен).

-ған есімшелері соң, үшін, себепті көмекші сөздерімен тіркесіп келгенде де себеп пысықтауыштық қызмет атқарады. Әке-шешем кешке дейін тосады да, келмеген с о ң әкем өрген жагына жаяу іздеп кетеді (Мұқанов). Мұғалім сабақ б і л м е г е н і ү ш і н бала-ға қатты ұрысты.

Себеп пысықтауыш қызметінде шығыс жалғаулы көңілшектік, жеңілтектік, жалқаулық, кедейлік, байлық тәрізді абстракт зат есім-дер де жұмсалады. Кедейлігінен бе, дәуірлері жүріп түрған кезінде тізелерін батырғандықтан ба, бүл елде төре атаулыдан жексұрын кісі жоқ (Мұқанов). Кедейліктен қол қысқа, шырағым,деді шаруа (Ертегілер).

Кейде көсемшелер де өз айналасындағы сөздермен бірге себеп пысықтауыш қызметін атқарады. Бірақ осылай деп қыздың бағын байлап отырғаны болмаса, қалың малын да түгендемей, ұрын да келе алмай, өз әйелінен аса да алмай шырмалып жүр екен (Әуезов). Әрине, көсемшелермен келген осындай тіркестерді кейде амал пысықтауыш деп талдауға да болатын тәрізді. Бірақ, соларды баяндауыш мәнімен салғастырып, сонымен байланыста қараса, баяндауышта айтылған іс-әрекеттің себебі екендігін байқауға болады. Солай екендігі оны синтаксистік синонимімен салыстырғанда бірден көзге түседі. Жоғарғы сөйлемдердегі көсемшелі тіркесті ә йелінен аса алмағандықтан шырмалып жүр екен деп айтатын болса, себептік мәні айқындалар еді.

 

Мөлшер пысықтауыш

 

Мөлшер пысықтауыш іс-қимылдың мезгілдік созылу, көлемдік таралу мөлшерін, немесе істің қайталану дәрежесін, істі істеуге объектілердің қатыс дәрежесін білдіреді.

Мөлшер пысықтауыш қызметінде үзақ, қысқа сын есімдері мен көп, аз модаль сөздері, тегіс, жаппай, онша, сонша, бірен-саран, он-дай, екеулеп, аз-аздан, азғантай, азды-көпті, едәуір, бастан-аяқ, талай, бірталай, түгел, бірқыдыру, біртіндеп тәрізді сан-мөлшерлік мәндегі үстеулер, сан есімдер және сан есімдер мен зат есімдер тіркесі, т. б.

жұмсалады. Ұмытып барады екем: шайды мен шешеме еріп недәуір іштім...Әрқайсысына жүздеп жылқы, мыңдап қой б-теді (Мұқанов). Біздің өзбек халқы ө м і р б о й ы су ішінде жүреді (Мүсірепов). Ол туралы Дәркембай қысқа айтты (Әуезов).

Мөлшер пысықтауыш етістік баяндауышты пысықтап, соның сан-мөлшерлік дәрежесін білдіреді. Мән-мағынасы жағынан ол анық-тауыштың кейбір топтарына ұқсас. Мөлшер пысықтауыш қызметін-дегі кейбір сөздерді есімнен болған мүшеге қатыстырып айтса, олар анықтауыш та болады. Мысалы, жоғарғы сөйлемдегі қысқа сөзін есіммен тіркестіріп, қысқа жіп ыңғайында қолданса, ол анықтауыш болар еді. Сөйтіп, мөлшер пысықтауыштың жасалуы етістік баян-дауышқа қатысты болып, соған бағыныштылық қатынаста айтылуына байланысты болып отырады.

Мөлшер пысықтауыштар мағыналық жағынан үш түрлі топқа ойысады. Бір тобы — іс-әрекеттің мерзімдік созылуын, қанша уақыт болғанын білдіреді де, екінші бір тобы — іс-әрекеттің көлемдік, ме-кендік таралу, жайылу дәрежесін білдіреді. Мөлшер пысыңтауыш-тардың үшінші бір тобы — баяндауыштың мәнін таза сан-мөлшер жағынан пысықтай айқындайды.

Іс-әрекеттің мерзімдік созылуын, мерзімдік жайылуын білдіретін мөлшер пысықтауыш қызметінде ұзақ, қысқа, аз, көп сөздері мен едәуір, тез, бірталай, сонша, қанша, лезде үстеулері жұмсалады.

Осы елдің өзінен шыққан жігіт болғандықтан, ұлықтың қасына ерген болса да, мынау айтылғанды т е з аңғарды (Әуезов)... Сергей тырс-тырс етіп тұрған тістерін қанша қатты басқанмен, тыр -сылдағын қойдыра алар емес (Мүсірепов).

Осы мәнде сан есім мен мезгіл мәнді зат есімдердің тіркесі де қолданылады. Мұндай тіркестер атау, барыс, жатыс септік тұлғалы болады. Базаралы тағы екі күн болыпты...Жатақтың мынау қазір жалаңаш қалған, баспанасыз қалған үйлерінің бәрін де бірақ сәтте көтеріп көшіріп әкетіпті (Әуезов). А л т ы а й л ы қ қысқа алатын ақымелу сом (Мұқанов).

Сонымен қатар, бойы көмекші есімімен және дейін, шейін, бері демеулерімен келген тіркестер де мерзімдік созылуды білдіруге икем. Он шақты күннен б е р і Абай Семейде каталашкада отыр (Әуезов). Менің творчестволық жолым бірталайдан б е р і окоп, айқастар арқылы өтті ғой (Мүсірепов). Өмір бойы болса қайтеді,дейді Қайырке.Сиыр бағып өткен кісі бізден кем емес. Сиырлар түске ш е й і н жайылғаннан кейін, мерзімді уақытында көлдің жағасына жусаттық (Мұқанов).

Сан есімдер мен мезгіл зат есімдердің тіркесі, бері, дейін (шейін) демеулерімен және бойы көмекші есімімен келген тіркестердің мөл-шерлік мәні мезгілмен ұштасып жататыны айқын. Бірсыпыра оқу-лықтарда бұндай синтаксистік топтарды мезгіл пысықтауыш деп талдауға да сол себеп болса керек. Бірақ бұлар айқын мерзім-уақытты білдірмей, солардың сандық мөлшерін ғана білдіре алады.

Мөлшер пысықтауыш қызметінде бір бие сауым, сүт пісірім, көз-ді ашып-жұмғанша, қас қаққанша, қас пен көздің арасында тәріздес мөлшерлік мәнде айтылатын тұрақты тіркестер де жұмсалады.

Іс-қимылдың көлемдіқ таралу, жайылу дәрежесін білдіретін мөл-шер пысықтауыш қызметінде сан есімдер мен мөлшер, көлем мәнді зат есімдердің тіркесі жұмсалады: Машина а л п ы с к и л о м е т р жүрді. Бала б і р ш ақыры м жүгірді.

Көлем мәнді зат есімдер мен дейін (шейін) демеулерінің тіркесі де осындай мағына береді. Шыңғыс сыртындағы Бақанас, Байқош-қарға дейін көшіп барыспақ (Әуезов).

 

Мөлшер пысықтауыштардың ушінші бір тобы, жоғарыда айтыл-ғандай, баяндауыштың мағынасын сан-мөлшер жағынан пысықтай-ды. Мұндай пысықтауыштар бірде істің қайталану дәрежесін білдіреді: Сол арыз көршілес Жетісу мен Семейдің екі жандаралы-ның да кеңсесін көп аралаған екен. Найман өзінің малын б ір қуса, крестьян начальнигінің кегін және қуыпты (Әуезов).

Қимылдың мөлшерлік шегін білдіреді. 1960 жылы электр энер-гиясын жылына ү ш т р и л ли о н ғ а д е й і н өндіруге болады ( газеттен). Іс-қимылға объектілердің қатысу дәрежесін білдіреді: Ба-ғанағы Абаймен келген жатақтар да т е г і с осында жүр. Бұл шырайдың артынан мынау үйде көп отырмай, Байкөкше, Шөке, Баймағанбеттер біртіндей сусып, Абайды іздесіп шығып кетті (Әуезов). Іс-қиылдың сапалық мөлшерін білдіреді: Әйеліммен кездесудің бұл түрі онша ұнамайды да, ішімнен «отставить» деп, басқа бір түрін ойлап қараймын (Мүсірепов). Сондай-ақ, шана-шана, қора-қора, уыс-уыс, тай-тай тәрізді мөлшер мәнді қос сөздер көмекші етістіктермен бір тіркесте келіп сөйлем құрамында мөлшер пысықтауыш болады: Су сіңіп борсыған балшықты... далаға шана-шана қылып төктірді (Мүсірепов).

 

СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ МЕН ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗДЕР

 

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

 

Бірыңғай мүшелер мәселесі — синтаксис саласындағы күрделі, өзекті тақырыптың бірі. Грамматикалық ережелердің біразы осы мә-селеге тікелей және тығыз байланыста қаралады.

Сөйлемде бірыңғай бір-ақ мүшенің қызметін атқарып, бір-ақ сұ-рауға жауап беретін және бір-ақ сөзбен ғана байланысатын біркелкі тұлғалар болады. Олардың логикалық мағына жағынан да біркелкі-лігі байқалады. Бұлар сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады. Басқаша айтқанда, олар қайталанып, қайталақтап айтылған сөйлем-нің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Бірыңғай мүшелер бірыңғай тұлғада және көбінесе бір сөз табынан жасалады. Мұндай сөздер са-намалы үнмен бөлініп-бөлініп айтылады. Басқаша айтқанда, олар сөйлемдегі басқа мүшелер сияқты бірсыдырғы, бір-біріне ұласа ай-тылмайды. Бірыңғай мүшелер өз ара салаласа, бір-бірімен тең байла-нысады. Олар бірін-бірі іліп-шалып, бағындырып, бағынып жат-пайды. Бірыңғай мүшелердің синтаксистік қызметі де біркелкі, бірдей болады. Сол себепті де олар бірыңғай мүшелер деген терминмен аталады. Бірыңғай мүше, басқаша айтқанда, біркелкі мүше деген сөз болыл шығады.

Бірыңғай мүшелер жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Оның бір сөзден құралғанын жалаң, бірнеше сөздер тобынан құрал-ғанын жайылма дейміз. Олар үлкен-үлкен теңдерді шешіп, қ ы м -- б а т к і л е м, ә с е м т ү с к и і з, а л а ш а, көрпелерді алды (Әуезов).

Бірыңғай мүшелерді сөйлем аясында шұбалаңқы етпей, ықшам-дап, ыңғайлы, оңтайлы етіп айту үшін жалғаулықтар мен көмекші элементтер олардың бәріне ортаң етіліп бір-ақ рет жұмсалады, мыс.: Медеубек, Балтабек сияқты жұмысшылар керемет күш көрсетіп, үлкен серік болды. Бір тілек, берік ынтымақ, қажырл ы, а д а л еңбектің алмайтын қамалы жоқ екенін көз көрді ( Мүсірепов). Айшаның... мұңайған кер көзі оның қалың о й д а, ауыр қайғыда екенін білдіретін (Сейфуллин).

Бірыңғай мүшелер бірнеше жай сөйлемнің қысқарып сыйысуынан пайда болған деген пікір бар. Мысалы: Мына мектепте, Асқар

97

 

оқиды. Мына мектепте Асан оқиды. Мына мектепте Үсен оқиды. Осш үш жай сөйлемді «Мына мектепте Асқар, Асан, Үсен оқиды» деп қысқартуға да болады. Сөйлем мазмұнында ешбір өзгеріс болған жоқ. Тек бастауыштары бірыңғайластырып санамалау арқылы берілген,

Бірыңғай мүшелер, көбінесе, тұлғалас болғандықтан, оларды ық-шамды етіп айту мақсатымен грамматикалық тұлғалар мен көмекші сөздерді ең соңғысына жалғаймыз: Әркім күрек, сүймен зембілдерін ала барады (Сланов). Бай балалары... қызыл кілем барқыт к ө р п е- л е р д і ң үстіне жатады (Сейфуллин).

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері басқа бір сөзбен өз ара бірдей се-мантика-синтаксистік қатынаста болады. Олардың тағы бір ерекшелігі — бір-бірімен тең байланысады. Бірыңғай мүшелер арасына салаластық мағыналы жалғаулықты қоюға болады. Ондай жалғаулықты: қоя алмайтын жағдайда бұлар бірыңғай мүше болып танылмайды.

Бірыңғай мүшелер арасы интонация арқылы да байланысады, Бірыңғай мүшелер арасындағы интонация тарихи жағынан алғанда жалғаулықты шылаулардан анағұрлым көне және оның қолданылу, жұмсалу өрісі жалғаулықтардан анағұрлым кең. Мұндай интонация екі топқа бөлінеді: а) санамалы үнмен айтылатын интонация; ә) қа-рама-қарсы қою интонациясы.

Интонацияның күші сөйлем ішінде антонимдер мен болымсыз етістіктер болған жағдайда едәуір арта түседі. Бірінен кейін бірі не қатар жарыса болған іс-әрекетті білдіретін бірыңғай баяндауыштың алдыңғылары -п, -ып, -іп көсемшесіне бітеді: Оқушылар орындары-нан тұрып, к и і н і п, қора ішінде өз ара сөйлесіп, к ү л і с і п, қаннен-қаперсіз жүруші еді («Соц. Қаз.»).

Бірыңғай баяндауыштан кейін көмекші етістіктердің қайтала-нып айтылып отыруы мүмкін, біраң міндетті түрде емес: Адам тәр-. тіпті де, кішіпейілді де, қабілетті де болуға тиіс.

Кейде бірыңғай мүше болмайтын, бірақ оған қатты ұқсайтын,, соның дәл өзіндей көрінетін тіркестер де болады. Анықталатын зат-тың әр қилы, жан-жақты сапасын білдіретін кейбір анықтауыштар бірыңғай мүше бола алмайды. Анықтауыштардың сын есім, есімдік, есімше т. б. сөз таптарынан болып нәрсенің әр алуан сапасын, белгі-сін, қасиетін, ерекшелігін көрсететін түрлері бірыңғай мүше болмай-ды, мыс.: ¥зын қоңыр сақалына араласқан күміс реңді ақ талдар ғана айқын көрінеді (Әуезов). Айналасына әжім жиналған мұңды көзін кейде қысыңқырап қарайды (Мұқанов).

Бірыңғай мүшелерді ажыратуда интонацияны да есепке алу ке-рек. Бірыңғай мүшелер арасында кідіріс елеулірек, молырақ болады, нәтижеде бірыңғай мүшелер сөйлемдегі басқа сөздерден оқшаула-нып, ерекшеленіп тұрады. Ал, бірыңғай мүше болмайтын жағдайда кідіріс байқалмайды. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен екі түрлі жолмен, яғни не жалаң интонациямен, не жалғаулықтар арқылы салаласа, бір-бірімен тең байланысады. Мыс.: Ол б і р д е ақын, б і р д е п р о з а и к, б і р д е с ы н ш ы, б і р д е ж у р н а л и с т, бірде драматург. Артқы топА қ ы л б а й, М а ғ ы ш, К ә к і - т а й, Д ә р м е н (Әуезов). Көк жүзінің шарбы бұлты әлде қайда тарап, с і ң і п, ж о қ б о л ы п жатыр (Майлин). Қ а л а, д а л а, о й м е н қ ы р... Төгілген көктен алтын нұр (Жамбыл).

 

Бірыңғай мүшелердің байланысу жолдары

 

Бірыңғай мүшелер бір-бірімен өз ара жалғаулық арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді, мыс.: Мақсаторыс тілінде қатесіз с ө й л е у, қ а т е с і з ж а з у (Мұқанов). Бұ лардың ар-

тында Ербол мен Баймағамбет бір бөлек келеді (Әуезов). Айтар қо- рытындым д а, қ о я р т і л е г і м д ебіреу-ақ (Әбішев). Махаббат, мейрім, ән мен күй, Ойын-күлкі наз келді (Жамбыл). Бірыңғай мүшелер өз ара бірі екіншісімен салаласа, басқа мүшелермен сабақтаса байланысады. Оларды бір-бірімен сала-ластыра байланыстыратын амал-тәсілдер интонация меи жалғаулық-тар. Жалғаулықтар арқылы байланысқан бірыңғай мүшелер арасын-да кейде екпін кідірісі, пауза болмайды. Олардың арасын кей жалғаулық тығыз байланыстырып, жымдастырьш жібереді, Бірыңғай мүшелер кейде екі-екіден жалғаулық арқылы байланысып, жұптасып айтылады. Бұлай ету бірыңғай мүшелерге екпін түсіре, күшейте айтудың бір жолы болып табылады: Олардың бұтақтары-нап алма мен ал-мұрттың, өрік пен інжірдің, шие мен шабдалының неше сорттарын кездестіресің (Мұқанов). Мұндай жағдайда бірың-ғай мүшелерді санамалап айту тұйықталмайды, оңы әрі қарай соза беруге болады. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысы бәрінің бір тұлғада тұруынан көрінеді, яғни тұлғалық, жағынаң біркелкіліктен ғана байқалады.

Бірыңғай бастауыштар бірінші, екінші жақтағы есімдіктерден болғанда, баяндауыш олардың ең жақын тұрғанымен жақтаса байла-нысады: не,мен, не сен барарсың. Не сен, не мен барармын. Не сен; не ол барар. Не ол, не сен барарсың. Яки мен, яки сен айтарсың. Яки сен, яки мен айтармын. Яки сен, яки ол айтар. Яки ол, яки сен айтарсың. Бұл бастауыштар талғаулық мәнде қолданылып тұр.

 

Бірыңғай мүшелердің арасында келетін жалғаулықтар

 

Қазақ тілінде бірыңғай мүшелердің арасында қолданылатын жалғаулықтар біраз бар. Олар: да, де, та, те және; мен (бен, пен), бірақ, дегенмен, әйтсе де, сонда да, я, не, немесе, әлде, алайда т. б. Бұл жалғаулықтардың беретін мағынасы әр түрлі болатындығы сияқты; шығу тарихы да әр түрлі. Олардың бірі өте ертеде пайда болса, кейбірі соңғы кезде, басқа толық мағыналы сөздер негізінде туып өрбіген;

Бұл жалғаулықтардың біразы тек бірыңғай мүшелерді ғана емес, дербес сөйлемдерді де бір-бірімен байланыстыру үшін қолданыла-ды. Олар сөйлемдік құрамның мағыналық мазмұнын неше саққа жүгірте құлпыртып, оны мәнерлеп, тігісін жатқызатын тұлғалар. Бұл жалғаулықтар бірыңғай мүшелерді байланыстыруда беретін мағынасына қарай мына төмендегідей үш топқа бөлінеді: ыңғайластық, қарсылықты, талғаулықты.

Ыңғайластық жалғаулықтарға: және, мен, бен, пен, менен, тағы, да, де, та, те, әрі жатады, мыс.: Бұл әрі құдыққа мал түсіп кетпеуді, әрі судың таза болуын ойлаған ұқыпты адамдардың ісі екенін көрсетіп тұр. Ел сөзі әрі мақтан, әрі міндет (Әбішев). Жақсылық та, Баршагүл де, Қайырбек те, Мұхит та қуаң қағып, шапшаң бұрылып төңірекке көздерін жіті жүгіртеді (Сланов). Бұл жалғаулықтардың бірыңғай мүшелер арасында қойылуында өзіндік ерекшелік бар. Олар жалпы алғанда, бір топқа жатқанымен (ыңғай-ластық жалғаулықтар болып) әрқайсысының қолданылуында өзгешеліктер болады. Және, мен жалғаулықтары сөйлем шеңберінде қайталамайды. Сөйлемде бірыңғай мүше көп болса, және жалғаулы-ғы оның ең соңғысының алдында ғана келеді, мыс.: Біздің бүгін сатып әкелген заттарымыз мыналар: кітап, қаламсап, қарандаш және қаламұш (Оқу кітабынан).

Тағы(да) жалғаулығы қайталақтанып айтылатын бірыңғай басгау-ыштардың, не баяндауыштардың арасына қойылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 2163; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.059 сек.