Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арай топталуы 1 страница




 

Қыстырмалар адамның объективтік емірге, басқа адамдарға де-ген әр қилы реальдық қатынасын білдіретін болғандықтан, олардың мағыналық қызметтері де әр алуан болады. Осыған қарай қыстыр-малар мынадай топтарға бөлінеді: 1) сөйлеушінің айтылған ойды түрліше эмоциялық тұрғыдан бағалауын білдіретін; 2) айтылған ойға. күмәндылық немесе сенімділікті білдіретін; 3) хабардың кімнің тарапынан екенін көрсететін; 4) тыңдаушының назарын аудару үшін қолданылатын; 5) айтылған ойдың желісін, ретін көрсететін қыстыр-малар.

I. Қыстырмалар сөйлеушінің айтылған ойды эмоциялық жағы-нан қалайша бағалағанын, яғни өкінгенін, қуанғанын, т а ң д а н -ғ а н ы н, р а з ы болғанын т. б. білдіреді. Бұл топқа жататын қыстырмалар, негізінен, мыналар: қ айтейін, не шара, амал қанша, амал не (амал нешік), өкінішке орай, сорына (сорыма, сорына) қарай, соры қайнағанда, бақытыма (бақытымызға, бақытына) қа-рай, не керек, бәсе.

Балтабек оған іштей қайғырады, бірақ, амалы қанша, істер шара жоқ (Мұқанов). Масқаралап мені тағдыр қылды мазақ, не шара... Досың-ақпын тағдыр араз Толғанамын, қайтемін...; Қазақ~орыс қатыны бір сүлуды Әкеліп ем, қайтейін, оны тағи ал...Әзелде тағдыр иеден қожам сенсің, не к е р е к (Абай). Б ә с е, жігер шығар жұртымнан, осындай ақыл да шығушы еді ғой (Әуезов).

II. Сөйлеуші айтылған хабарға өзінің к ү м ә н д ы-к ү м ә н с ы з-дығын, оны қостайтын-қостамайтындығын қоса білдіреді. Мұны білдіретін қыстырмалар мыналар: сірә, тегі, асылы, зады, әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, шынында, шынын айтқанда (айтса? айтсақ), кім біледі, бәлкім, ұмытпасам, жаңылмасам, мүмкін.

Даусы сенімді шықпады, әрине (Мүсірепов). Рас, Кәлен, кісі мойнында кегін жібермейтін жау (Нұрпейісов). Биені жақында байлаған-ау, з а д ы?деп ойлады ол. Т е г і, бір үлкен орынга келін боп түскен адаж-ау деймін (Мұқанов). К і м б і л е д і, бүдан кетсе Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас (Майлин). Мен сені қайтіп, с і -р ә, ұмытармын (Аманжолов). Келмесең егер сен бізге Сау болмас па ем, ә л б е т т е? (Абай).

III. Қыстырмалар айтылған хабардың кімнің тарапынак (айтуы, ойлауы бойынша) екенін көрсетуі мүмкін. Оларға жататындар: меніңше, сеніңше, біздіңше, оларша, оның айтуынша (ойлауынша), пәлен адамның айтуынша (хабарлауынша), әлі есімде.

Менің аңғаруымша, сіз тарихқа көп ат салысқан сияқтысыз (Әуезов). Кенжетайдың айтуынша, ол мұрнын көкке көтерген тәкаппар (Мұқанов). Ай, Аристодим, ешбір адам бар ма, сенің бі- луіңш е, қылған өнерлері себепті адам таңырқауға лайықты (Абай). Бұлар, елдің ойлауынша, Әжігерей қайда болса, сонда болуы керек (Майлин). Рас, [Нүрдәулеттің] атын біле бермес, ал түсін тани-тындар, б і з д і ң ш е, көп табылуға тиіс (Иманжанов).

IV. Бірқатар қыстырмалар тыңдаушының назарын аудару ү ш і н қолданылады. Олардың негізгілері мыналар: айтпақшы айтқандай, әне, міне (мінеки), кәне, мұның үстіне, олол ма, бұлбұл ма, өздеріңізге мәлім, көріп отырсыз, білем, білесің бе, байқайсың ба, байқаймын т. б.

О ло л ма, каналдың басы боларлық иін Сырдарияның бұл

 

аралап өткен тұсынан табыла ма, жоқ па? (Мұқанов). О л — о л б о л с ы н, жә, мынау көргеніміз қай мазағымыз! (Әуезов). Азырқан-дың, білемін, ақсақал шал (Абай). Б а й қ а й с ы ң д а р ма, күн бұзылып барады. Байқаймын, менен жасыратын бір сырларың бар секілді (Нұрпейісов). Е, айтпақшы, мынау әлгі конезоводтың бригадирі Оспанқұл ғой! (Әуезов). Айтшы, к ә н е, өз тобыңның алдында (Мүсірепов). Тыңдаңдар, м і н е, қаладан хабар естіп отырмын. Шынында, осы кезде Бөкенші асуының жотасынан бері қарай шапшаң құлдилап келе жатқан қалың шоғыр көрінді (Әуезов). Бенде өлмейді арманнан, мінеки, мен де өлмедім (Абай).

Ә н е, қос қанатты инеліктер ұшып жүр. Оған, міне, екі жыл (Мұқанов).

V. Сөйлеуші айтқалы отырған ойының ретін, желісін қыстырма-лар арқылы көрсете алады, мұндайда сөйлем ішіндегі кейбір ойлар айқындала түседі, немесе ойдың түйінделетіндігі ескертіледі. Қыстырмалардың бұл тобына жататындар: мысалы, қысқасы, негізінен, жалпы алғанда, керісінше, біріншіден, ең алдымен,әуелі, екіншіден, үшіншіден,... демек, сөйтіп, айталық, қайта, бір сөзбен айтқанда, былайша айтқанда, бір жағынан,... қорыта келгенде, ақыры, ақырында, жоғарыда айтқандай, жоғарыда көрсетілген-дей, әйтеуір, ендеше, көбінесе т. б.

Абай, бір жағынан, Әбіштей баласының орысша кең, мол тәрбие алғанына қызыға қарайды. Екіншіден, Россияның бар жаңа хабарына ынтығады. Әбішке ана боп отырып, оның ой-ниетін білуінде ешбір өрескелдік жоқ. Қайта, аса орынды, (Әуезов). Өйт-кені, Сағит, бір жағы, ертегішіл, екінші жақтан, бір кеңесті бастап берсе, толық ұғып алуға тырысып, содан көп сұраулар тудырады. (Мұқанов). Былайша айтқанда, Дәмелінің көркемдігі қуаныштың көркемдігі екен (Ерубаев). А қ ы р ы, Раушанды қайда көріп, қалай танысқаным есіме түсті (Иманжанов). Әйтеуір, әді-лет қой іздегенің (Мүсірепов). Айнала айтқанда, құдай сана берсін десейші (Майлин). Жалпы алғанда, қазақ эпостарының көпшілі-гінде-ақ бас қаһарманытәңірден тілеп алған жалғыз ұл (Жұмалиев). Сөйтіп, қонақтан Қаражан үйі сейілгенде, өздері оңаша сөйлеспек боп, екі абысын ғана қалды. Соры ма, ырысы ма, ә й т е у і р, тағы бір өзгешелгктері бойынша намысқор кісілер (Әуезов).

Сөйлемнің с ұ р а у л ы қ немесе әр түрлі экспрессивтік мәнін күшейте түсу үшін де қыстырма сөздер қолданылады. Олар көбінесе, не, немене, осы, мына тәрізді есімдіктерден де болады.

Қалай, құлағың ашылды ма? (Әуезов). Қалай, ешкім қашқан жоқ па? (Нұрпейісов). Мен, н е м е н е, ана емес дейсіңдер ме? (Иманжанов). О с ы, үріп ауызға салғандай. Біз, о с ы, қайтеміз? (Майлин). Әй, сен, о с ы, не деп отырсың? (Әуезов). Қалай, дұрыс айттым ба, бала?деді Нәзір (Мұқанов). Н е м е н е, сорлыны енді мында да тыныш жатқызбайын дедің бе? (Майлин).

Морфологиялық тұлғасы жағынан қыстырма сөздер біркелкі бол~ майды, олар әр түрлі сөз таптарынан жасалып әр алуан тұлғада тұ-рады. Қыстырма сөздердің бірсыпырасы қазіргі әдеби нормада қыс-тырма сөз ретінде қалыптасқан тұлғалар (әрине, сірә, тегі, мысалыг қысқасы т. б.) болса, басым көпшілігі белгілі бір контексте ғана қыс-тырма ретінде келіп, басқа бір контексте сөйлем мүшесі болатын сөздер болады.

Рас, (Нұрдәулеттің) атын жұрт біле бірмес. Мүмкін, ол да шу дегенде байқай алмай, таныстығы қазір ғана есіне түсіп қараған шығар (Иманжанов), Еламан аға, білем, бізге өкпелісің (Ңұрпе-

йісов). Бұл сөйлемдерде рас, мүмкін, білем деген сөздер қыстырма ретінде қолданылып тұрса, мына төмендегі сөйлемдерде олар сөйлем мүшесі ретінде қолданылған:

Біздің хал солай екені рас (Әуезов). Ол түгіл, өзіңді де жақсы б і- л е м і н (Мүсірепов). Кешке қарай жаңбыр жаууы мү м к ін.

Қыстырма сөздер морфологиялық құрылымы, тұлғасы жағынан мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Модальдық мәндегі есім тектес сөздер: ә рине, рас, мүмкін, бәлкім (бәлки), сірә, әлбетте. Тегі, асылы, мысалы, қыс-қасы, ақыры, шамасы, тәрізі, зады (заты) дегендер III жақтық тәуелдік жалғаулы есім түбірлес қыстырма сөздер. Бұлар жатыс сеп-тігінде де тұрып, қыстырма сөздің қызметін атқарады: расында, те-гінде, ақырында, задында; осы модельде жасалған шынында, шын-дығында, дұрысында сияқты сөздер де есім тұлгалы қыстырмаларға жатады. Әуел баста есім түбірлі болганымен, қазіргі тілімізде бірқа-тар қыстырма сөздер осы қызметте жұмсала келе өзінің белгілі бір затты, құбылысты білдіретін лексикалық мәнінен айрылып, таза мо-дальдық сөздер тобына ауысқан. Оларға сірә, әрине, бәлкім, әлбетте, тегі, асылы, қысқасы, ақыры, зады, сөйтіп, демек, мысалы, біріншіден, екіншіден, үшіншіден... деген сөздер жатады.

2. Модальдық мәндегі етістік түбірлі сөздер: қ айтейін, ұмытпасам, жаңылмасам, білем, білесің бе, айтпақшы, айтқандай, байқаймын, байқайсыз ба, демек, сөйтіп, айталық.

а) Мүның ішінде ашық райдан жасалғандары: білем, білесің бе, байқаймын, байқайсың ба. Бұлар үш жақта бірдей, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде қыстырма сөз болып қолданылуы мүмкін, бірақ қазіргі әдеби нормада қыстырма сөз ретінде, көбінесе, осы берілген тұлғалары пайдаланылады. Ашық рай тұлғасындағы етіс-тіктердің қыстырма сөз ретінде қолданылуы орыс тілінің әсерінен туып, таза калька жолымен жасалып, қалыптасып келе жатыр.

ә) Шартты рай тұлғасындағы ұмытпасам, жаңылмасам тәрізді сөздер де қыстырма қызметін атқарғанда үш жақта, жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрде қолданыла береді: ұ мытпасаң, ұмытпасаңыз, ұмытпасақ т. б. Бұлар да калька жолымен жасалған норма.

б) Бұйрық, қалау райындағы қ айтейін, айталық (айтайық) сияқты етістіктер қыстырма сөздің қызметін, көбінесе, осы тұлғалар-да тұрып атқарады.

в) Етістік түбірлі қыстырмалардың ішінде демек, айтпақшы, айт-қандай, сөйтіп дегендері қазіргі күнде таза қыстырма сөздерге айна -лып бара жатқандар.

3. Үстеу тұлғалы қыстырма сөздер: біріншіден, екіншіден,... меніңше, сеніңше... керісінше, алдымен, әуелі, қайта, әйтеуір, ендеше, көбінесе.

4. Есімдік тұлғалы қыстырма сөздер: әне, міне, кәне, не, немене, осы, мына, ана.

Алдыңғы үш сөз әнеки, мінеки, кәнеки түрінде де қыстырма сөз болып келе береді.

 

Қыстырма сөз тіркестерінің грамматикалық құрылысы

 

Қыстырма сөз тіркестері де морфологиялық сипаты жағынан есім түбірлі және етістік түбірлі болып келеді.

Есім түбірлілеріне зат есім мен есімдіктің (не шара, амал қанша, амал не, амал нешік, бір жағы, бір жағынан), есім мен шылаудың (бақытымызға қарай, сорыма қарай, өкінішіне орай), есім мен үстеудің (әлі есімде), есім мен бейтарап сөздердің (сөз жоқ, не ке-

 

рек), үстеу мен үстеудің (ең алдымен, ең әуелі), сан есім мен зат есім-нің (бірінші жақтан, екінші жақтан) тіркестерінен жасалған қыстырмалар жатады.

Етістік түбірлілеріне есім (және үстеу) мен етістіктен (кім біледі, соры қайнағанда, шынын айтқанда, жалпы алғанда, бір сөзбен айтқанда, былайша айтқанда, жоғарыда айтқандай т. б.) және етістік пен етістіктен (көріп отырсыз, қорыта айтқанда, қорыта келгенде т. б.) жасалған қыстырмалар жатады.

Қыстырма сөз тіркестерінің ішінде бірсыпыра тұрақталған түрлері және жақтық, шақтық, жекеше-көпшелік жағынан қ ұ б ы л м а л ы немесе басқа түсіндірме сөздермен жайылып кете алатын тұрақсыз т і р к е с түрлері болады. Тұрақты қыстырма сөз т і р к е с т е р і н е: сөз жоқ, не шара, амал қанша, амал не, амал нешік, не керек, ең алдымен, ең әуелі тәрізділер жатады. Құбылмалы қыстырма сөз тіркестері: қ орыта келсек, (қорытып келгенде, қорыта айтсақ, қорыта айтсам т. б.), сорыма қарай (сорыңа қарай, сорына қарай, сорымызға қарай), оның айтуынша (жұрттың айтуынша, сенің айтуыңша т. т.), өздеріңізге мәлім (бұрыннан өздеріңізге мәлім, өздеріңізге жақсы мәлім, өздеріңізге мәлім болар т. б.), шынын айтқанда (шынымды айтайын, шынын айтсақ, шынын айтса, шынымды айтсам т. т.).

Қыстырма сөйлемдер

 

Қыстырма сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналық қызметтерін қыстырма сөйлемдер де атқарады, яғни сөйлеушінің айтылған ойға әр алуан қатынасын білдіретін сөйлем қыстырма ретінде негізгі сөй-лемнің ішіне енгізіледі. Ондай қыстырма сөйлемдер бастауыш, баян-дауышы және, көбінесе, тұрлаусыз мүшелері де бар толымды, то-лымсыз жалаң, жайылма, жақты, жақсыз жай сөйлемдер болып келеді.

С і з білмейсіз ғой, бізбен ағайын, жасы менімен түйдей құрдас Әбдірахман деген болды (Майлин). Тәтті дүние көңілімнен кетті менің, н а н маған (Абай). Шынымды а й т а й ы н, осы адамға деген менде бір ерекше құрмет сақталған (Иманжанов). Амалың бар ма, ақылы жоқ болғасын (Мұқанов).

Сөйлем түріндегі қыстырмалардың бірқатары ықшамдалып то-лымсыз жалаң сөйлем түрінде (тек қана баяндауышы сақталып) ке-леді: сіз байқайсыз ба, сен білесің бе, мен білем, мен байқаймын, сіз көріп отырсыз.

Қыстырмалар жазуда сөйлемнің басқа мүшелерінен үтірмен ажыратылады. Кейде екі мағынаны білдіретін екі түрлі қыстырма қатар келіп қалғанда, олар бір-бірінен де үтір арқылы бөлінеді:

Қ ы с қ а с ы, н е к е р е к, сол науқас турасында мені емдеп жүрген сол доктор маған әзір үйленуге болмайды дейді. Р а с, м е - н і ң байқауымша, сіздің халықақын халық (Әуезов).

Қыстырма сөздер сияқты, сөйлем мүшелерімен синтаксистік бел-гілі тәсілдер арқылы байланыспайтын, сөйлем мүшелерінің сұрақта-рына жауап бермейтін оқшау сөздердің тағы бір тобы бар. Олар: 1) қойылған сұрақты тура құптауды немесе айтылған ойға келісуші-лікті білдіретін я (ие, иә), құп, жақсы, жарайды, жөн, мақұл деген сөздер; 2) қойылған сұраққа тура қарсы жауап болып табылатын не-месе келіспеушілікті білдіретін жоқ, қой сөздері; 3) амандасу, қош-тасу, кешірім сұрау, алғыс айтуды білдіретін сөздер: сәламатсыз ба, аман ба, есенсіз бе, қош, қош болыңыз, сау тұрыңыз, қайыр, шүкір; кешіріңіз, ғафу етіңіз, рахмет т. б.

 

Бұлар, көбінесе, көркем әдебиетте, диалогтарда қолданылады да, қыстырма сөздер сияқты, сөйлемнің басқа мүшелеріңен үтір арқылы бөлінеді (бұлар сөйлемнен бөлініп, я өз алдына жеке тұрғанда, жеке сөйлем сияқты нүкте, көп нүкте, леп белгісі қойылады).

Я (ие, иә), құп, жарайды, жақсы, жөн, мақұл деген сөздер қойыл-ған сұрақты тура құптау немесе айтылған ойға келісушілікті біл-діреді.

Құнанбаев! а-а, әлгі ел бүлдіргіш Құнанбаев сіз бе?

— Я, сол менмін, Ваіие превосходителъство (Әуезов).

Ж а р а й д ы, ж а р а й д ы, ел қамқоры болган соң, солай болу керек (Майлин).

Жақсы, мен барайын,деді ректор (Қабдолов).

Болады, оқиын!деп мен уәде бердім (Майлин).

Я (ие, нә) сөзі әрдайым қойылған сұрақты тікелей құптау бола. бермей, айтылған ойды нықтай, беркіте түсу үшін де жиі қолданлады.

— Я, халайық, бұл бір асыл мереке болды, шын қуаныш, қалт-қысы жоқ халық қуанышы (Әуезов).

Қалашыға, сірә, бер жағы, ғой қиыны.

И ә, бергі жол ауыр соқты (Нұрпейісов).

Жоқ, қой сөздері қойылған сұраққа тура қарсы жауап болады немесе келіспеушілікті білдіреді де, көбінесе, сөйлемнің басында қолданылады. Осы мағынада жо, жоға, жоға деймін, қойшы әрі (сөйлеу тілінде) сөздері де келуі мүмкін.

Шұғаның белгісі дегеніңіз не нәрсе, тау ма?

Ж о қ, әшейін бір обашық (Майлин).

Жарайды, Абай аға, қаршыға жайында ма?

Жоқ, қаршыға емес (Әуезов).

Ж о, мен нағылайын! Абай ағам өзі бірдеңе етер (Әуезов).

Қ о й, күдік айтудың не лайығы бар (Мүсірепов).

Жоқ сөзі де, я сияқты, айтылған ойды күшейте түсу үшін де қолданылады, онда да оқшау тұрады:

Кәдімгі тастан жасаған құман ба?

Ж оғ а т ә й і р і,деді Түрке,шойын құман (Мұқанов).

Амандасу, қоштасу, алғыс айту, кешірім сұрау т. б. үшін қолда-

нылатын сөздер түрліше болады. Олардың көпшілігі сөз тіркесі болып келеді: сәлем, сәлематсыз ба, есенсіз бе, амансыз ба, күйлісіз бе, қош болыңыз, сау бол, сау тұр, қайыр, қайыр қош, шүкір, кешіріңіз, кешір, ғафу етіңіз, айып етпеңіз, рахмет т. б.

Көркем әдебиетте амандасудың арма, армысың, армысыз, бар бол, жол болсын, жолай болсын, ассалаумағалайкүм, уағалайкүм уәсәлам сияқты түрлері де кездесуі мүмкін.

— Амансың ба, Қарауылдың қыз-жігіті!

Есенсіз бе, Ақан аға!

Аманбысың, Ақтоқты! (Мүсірепов).

Хош к е л і п с і ң, Әбішжан! — деген сан тілеулес жүрек-терден шыққан ыстық сөздер (Әуезов).

Ғ а ф у ет, кетіппін. ғой қиялға еріп. Оқушым, р ұ қ с а т ет,. қиял құсым, шарықтап барып келсін, солай таман (Аманжолов).

Еліңді қыстан шығардың ба, бала?

Шүкір, шығардым (Майлин).

Асығыс ем, рахмет (Мұқанов).

Жантық: Армысыз, жеңеше!

Мақпал: Бар бол, қайным!

Қозы: Жол болсын, құрбым!

 

Баян: Жолдамақ с е н е н б о л с ы н, жас ноян! (Мүсірепов).

Ассалаумәликім, Абай аға! (Әуезов).

Е с к е р т у. Амандасқанда айтылатын сұраулы сөйлемдердің оқшау сөздерден айырмашылығы сол — олар белгілі бір жауап беруді тілейді. Сондықтан олар «оқшау сөз емес, кәдімгі сұраулы сөйлемдер болып табылады.

Әбіш аға, д е н і ң і з с а у ма? А м а н-с а у ж е т т і ң і з б е? Т ү с і ң і з н е г е ж ү д е у?

Д е н і м с а у, Кәкітай (Әуезов).

Аман-есен о р а л д ы ң б а?

Өз үй ішіңіз де есен бе түгел?

Т е г і с е с е н...

Өзіңіздің жүрген жерлеріңіз аманшылық п а ес к е н?

Ш ү к і р, Жұмеке, шүкір, К ө п е й бәйбішенің д е н і -қ а р н ы сау м а? (Мүсірепов).

Бірақ мұндай сөйлемдерден кейін іле-шала жауал берілмеуі де мүмкін. Сондықтан амандасқанда айтылатын сұраулы сөйлемдердің бірқатары тұрақталып, амандасу сөздеріне айналып бара жатыр. А.мансыз ба, есенсіз бе тәрізді оқшау сөздер осындай сұраулы сөйлемдерден ықшамдальш жасалған.

Ескертпе сөйлемдер

 

Қыстырма сөйлемдер сияқты, сөйлем мүшелерімен синтаксистік қарым-қатынасы жоқ, бірақ мағынасы жағынан негізгі сөйлемдегі айтылған ойға жол-жөнекей әр түрлі ескертпелер жасайтын қосымша (сынамалы) сөйлемдер (кейде жеке сөздер мен сөз тіркестері) болады. Олардың шын мәніндегі қыстырмалардан айырмасы — бұлар сөйлеушінің айтылған ойға қатынасын білдірмейді, сөйлемнің тұтас өзіне немесе оның ішіндегі кейбір сөздерге қосымша түсінік (мәлімет) береді немесе ондағы оқиғаның мекені мен мезгілін, себебін т. б, дәлдей, анықтай түседі. Сондықтан оларды қыстырма сөйлемдерден ажырату үшін ескертпе сөйлемдер деп бөліп қараған дұрыс.

Жә, біздің ауылдың кісілері! Ахкем үйінде қонақ болдың, ішер асыңды іштің (А х к е м д е п о л қайнағасы Т ә к е-жанды айтатын), енді қайтыңдар (Әуезов). Көп кешікпей Асқар Арысқа шейін (Ташкент п е н Т ү р к і с т а н қ а л а л а р ы н ы ң а р а- с ы н д а) абақты вагонында ртырып кеп... одан Шу өзеніне айдалды (Мұқанов). Мұрат енді аялдай алмады (о л е к і н ш і с м е н а д а оқитын), жалма-жан қалтасындагы 20 тиынды қолына алды. да, столға төнді (Иманжанов). Бұрынғы және сол кездегі елдің билері, батырлары ру ұранының астында күресіп келсе (б ұ л бір кездерде Исатайдың өз б а с ы н д а болуы д а мүмкін), Исатай оның орнына басқа күрестіпатша, хан, сұл-тандарға қарсы күрестіүндейді (Жұмалиев).

Көркем әдебиетте біреудің сөзін (тұтас төл сөзді) бөліп жібермес үшін сол төл сөздің иесіне қатысы жоқ кейбір сөздері ескертпе ретінде қолданылады:

— К ел, Серғазы, мұнда! (С е р ғ а з ы т ү р е г е п к е л д і). Жер шарының құрғағы нешеге бөлінеді?

Бері кел, Сағит! (С ағ и т к е л д і). Россияның патшалығы тұратын қаланың аты не? (Мұқанов).

Ескертпелердің бірқатары жеке сөздер немесе сөз тіркестері бо-лып та келеді; олар сөйлем ішіндегі бір сөзді ғана айқындай, дәлел-дей түседі, кейде оның аудармасы, синонимі т. б. болып келеді. Олардың ескертпе сөйлемдерден және қыстырма сөздерден айырмасы сол — ескертпе сөздер қай сөзді айқындап тұрса,

сол сөзбен, көбінесе тұлғалас, қызметтес, сұрақтас келеді. Мұндай ескертпе сездер меж сөз тіркестері әсіресе ғылми, педагогикалық және публицистикалық стильдерде жиірек қолданылады:

Кәлен... самауыр құйып отырған жас келіншектің (А л д а б е р

г е н н і ң б ы л т ы р үйленген ү ш і н ш і ә й е л і н і ң) жанына, тері тулаққа тізе бүкті (Нұрпейісов). Байжан бұрынғы Ақмола облысының Қызылжар (Петропавл) уезіндегі бір аулында... туған (Мұқанов).

 

Одағай сөздер

 

Сөйлеуші айтылған ойға өзінің қатынасын тек қыстырма сөздер (және қыстырма тіркестер мен сөйлемдер) арқылы емес, одағайлар арқылы да білдіреді. Сонымен қатар одағайлардың бірсыпырасын сөйлеуші басқа адамға (немесе адамдарға және хайуанаттарға) қара-та әрқилы мақсатпен айтады. Сөйтіп, одағайлардың қай-қайсысы да сөйлем мүшелерімен белгілі синтаксистік тәсілдер арқылы қарым-қатынасқа түспейді, сөйлем мүшелерінің белгілі сұрақтарына жауап бермейді, демек, сөйлем ішінде оқшау тұрады (одағайлар туралы беттерді қара)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1279; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.42 сек.