Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Арай топталуы 4 страница




Бірінші, екінші мысал мысқылмен, сенімсіздікпен айтылған. Осыған орай сөйлемдегі предикат мүше сәл созылыңқы айтылады. Үшінші мысалда сөйлем таңдану, масаттануды білдіреді. Мағынасы-на қарай сөйлем тиісті интонациялық кейіп алып отыр.

Сөйлемге экспрессивтік мән беруші сөздер қатысқанда, сол сөз-дерге екпін түсіріле айтылады. Бұл интонацияға ерекше қалып қо-сады.

Бізді қайбір маңдайымыздан сипап отыр. Жүздерін ж ы р т а - ж ы р т а айтамын (Майлин).

Бірақ эмоцияны білдіру сөйлемге интонация арқылы жамау қал-пында көрініп қана қоймайды. Эмоцияны білдіру — коммуникатив-тік мақсаттың басты элементі. Сондықтан ол сөйлемнің белгілі структуралық түрлерін өзіне бейімдейді. Лепті сөйлемдер эмоцияны білдіру міндетіне екі жақтан бейімделген: а) құрамы жағынан; ә) баяндауыш мүшенің формасы жағынан.

Құрамы жағынан бейімделген лепті сөйлем

1.Атаулы сөйлем формасы — ойға эмоцияны қоса білдіруге жақсы бейімделген тіл амалдарының бірі. Эмоцияны білдіруге арналған атаулы сөйлемдер ылғи изафеттік тіркестен құралады, мыс.:

Жаздың ыстығы-ай! Я, сенгенім! Сенің жоқ жерде кісімситінің-ай!

Бұл типтес атаулы сөйлемдер синтаксистік құрамы жағынан бас- тауыш-баяндауыш болып мүшеленбегенімен 12, логикалық мазмұнында субъект-предикат қатынасы анық танылады. Субъект мүшені ілік септіктегі сөз білдіргенде, предикаттық мазмұнды тәуелдеулі сөз білдіріп тұрады.

Эмоцияны білдіруге арналған атаулы сөйлемдердегі негізгі мү- ше — предикативтік мағынаны білдіруші мүше. Бұл мүше сын есім,| үстеу сөзден, -тын, -тін, -ған, -ген формалы есімше, тұйық рай етіс- тік сөзден жасалады.

Бұл лепті сөйлемде негізгі мүше атау септікте тұрады. Сондықтан оны басқа формадағы атаулы лепті сөйлемдерден ажыратып тану үшін номинативтік атаулы сөйлем деп атадық.

-ғ а н, -г е н формалы лепті сөйлемдер: Күні бойы сарылып үйде отырғаны! Жай отырмайды, бірдемені жасап отырады (Тілегенов). Жүгіріп зорға жеткенім!

-т ын, -т ін формалы лепті сөйлемдер: Әй, осы сенің сенбейтінің-ай! Қолыңа түскен нәрсені рәсуа қылатының-ай. Қиында амал табатының-ай!

-у ы-а й формалы лепті сөйлемдер: Мынаның ең кінсуі-ай! Мына құстың шарықтауы-ай!

Бұл құрамдағы атаулы сөйлемдер эмоцияны білдіруге бейім фор -ма ретінде жұмсалады да, эмоцияның конкретті мағынасы сөйлемніқ лексикалыұ құрамынан, контекстен көрінеді.

-ған, -ген формалы есімше қатысқан атаулы сөйлемдер кейде сықақты, нанбаушылықты қосабілдіреді. Оған мысалды ілгеріде келтіргенбіз.

Бұл атаулы сөйлемдердің қалыптасуына үлгі болған — тәуелдеулі сын есімді сөйлем: Қап, мына қыздың қорлығы-ай! Етістік сөзден құралған атаулы сөйлемдер осы үлгімен қалыптасады. Бұл үшін тіл есімше сөздердің субстантивтену қасиетін, тұйық рай етістіктің атау болу мүмкіншілігін тірек еткен. Есімше, тұйық рай етістіктер субстантивтеніп, тәуелденіп іс-әрекетті заттандырып субъектіге тән қасиет ретінде танытады. Бұл лепті атаулы сөйлемдердің құралу логикасы осы ретпен қалыптасқан.

Сын есім, үстеу сөздер негіз болған лепті сөйлемдердің шақтық мағынасы ситуацияға сүйеніп көрінеді. Олар субъектіге осы шақта коммуникация үстінде тән болған сапаны білдіреді.

Осы жай формалы етістіктің жұмсалуына да тән.

-тын, -тін, -ған, -ген формалы есімшелер шақтық мағынасынан ажырамайды. Шақтық мағына субстантивтенген күйде де сөздердің бойында сақталады. -ған, -ген ө ткен шақта болған іс-әрекетті атайды, бұл оның бастапқы мағынасы. -тын, -тін бұл конструкцияда ауыспа -лы — осы шақ мағынасын танытып,

12 Атаулы сөйлемдердің құрамындағы негізгі сөз синтаксистік, морфологиялық сипаты жағынан бастауыш мүше тәрізді болганмен, оны бастауыш мүше ретінде тануға болмайтынын көп тілшілер, логиктер мойындап жүр. Бұндай атаулы. сөйлемдер де бастауыш-баяндауыштық грамматикалық қатынастан тыс, ерекше структу-рада құрылған. Бұл жөніндө В. А. Кириллованың «К вопросу о логической структуре односоставных предложений» деген мақаласын қараңыз. «Логико-грамматические очөрки», М., 1961, 181-бет.

 

субъектіге тән тұрақты қасиетті, сапаны білдіреді.

формалы етістік, кейде, ғой шылауын қатыстырып (-уым ғой) лепті сөйлем жасайды. Мұндайда лепті сөйлем тілек, өкініш мағына-сын үстеп білдіреді. Мыс.:

Жолға ерте шығуың ғой! Сол жерде айтуың ғой!

Номинативтік атаулы сөйлемдер предикативтік қатынас негізінде құрылған күрделі баяндауыштардың ауызекі тілде ықшамдалуынан пайда болып отыр. Тілдегі алуың керек еді тәрізді предикативтік не-гізде құрылатын тіркестер атаулы сөйлемдерге теңелу процесіне түсіп ықшамдалады. –уың ғой формалы атаулы сөйлем бұл жағынан -тыны-ай, -ғаны, -уың-ай формаларының қалыптасу ізін қуған. Бұл сейлемде предикативтік ұғымды білдіретін мүшені құрауға қатысатын екінші бір элемент бар. Ол — ғой шылауы. Бұл элемент — саң ғой (алсаң ғой) типті конструкциядағы қызметіне сүйеніп қатынасып отыр. Жаңа құрылып отырған конструкцияның мағынасының жуықтағы еліктеу объектісін де тауып беріп отыр.

Ауызекі сөйлеу тілінде эмоцияны білдіруге бейімделген тағы бір тип атаулы сөйлем бар. Ол сөйлемдердің ерекшелігін мына мысал-дардан көруге болады.

Өзеннің ағысының қаттысын-ай! Саған күтпеген жерден жолық - қанымды-ай! Үйіне барсам, кірпідей жиырылатынын-ай!

Бұл атаулы сөйлемдер құрамы жағынан номинативтік атаулы сөйлемдерге үқсас. Бұлар да изафеттік тіркес негізінде құралған. Өзгешелігі — предикатив мағынаны білдіретін мүше атау септікте емес, табыс септікте тұрады. Сол форма ерекшелігіне қарай бұл тип атаулы сөйлемдерді объектілік атаулы сөйлем деп атаймыз.

Мысалдардан көріп тұрсыздар. Бұл атаулы сөйлемдерде де негізгі мүшеге -ай шылауы қатысады. Бірақ шылаудың объектілік атаулы сөйлемдердің түр-түріне қатысу міндеті бірдей емес. Келер шақ есімше сөздер (-атынын-ай), I, II жақ өткен шақ есімше (-қанымды-ай) шылауды міндетті түрде қатыстырады. Шылау қатыспайынша, сөйлем формасын тиянақтай алмайды. Сын есім, тұйық рай етістік сөздерге шылау факультативті элемент ретінде қатынасады.

Объектілік атаулы сөйлемдер де ренішті, менсінбеу сияқты эмо-цияны білдіру үшін жұмсалады.

Өзі үлкен қызметкер, қиналған жерінің сиқын! Неге қоямын, мүләйімсуін! (Нұрманов).

Сонымен бірге объектілік атаулы сөйлемнің номинативтік атаулы сөйлемнен ерекшелейтін қызметі бар. Ол — аса қатты жиіркеніш, менсінбеу, өкініш сияңты эмоцияны білдіру. Осы эмоциялық мазмұи объектілік атаулы сөйлемдердің жұмсалуына әсер етеді. Диалог үс-тінде атаулы сөйлем жақтық мағынаға сай өзгермей, барлық жағ-дайда тек Ш-жақта жұмсала беретіні жиі ұшырайды. Тіпа, адыра қал! Адам болып сөйлеуін!

Бұл жағынан объектілік атаулы сөйлем кейде репликаға жақын келетіні болады.

Объектілік атаулы сөйлемдер де... есім сөзден құралған атаулы сөйлемге теңесу процесінің әрекетінен пайда болған. Тілімізде эмо-цияны білдіруге бейімделген мына типтегі сөйлем бар: Күлгір дұш-панның сөзін қарашы! Бұл сөйлемдерде қарашы бастапқы конкретті мағынасын солғындатып, негізінен эмоцияны білдірудің амалы бо-лып қалған. Кейін тілде атаулы сөйлемге теңелу процесі пайда бол-ғанда, қарашы түсіп қалып, сөйлем атаулы форма алды. Бірақ тілі-мізде қ арашы қатысып, тұрлаулы мүшелер негізінде құралған сөй-лемдер әлі де қатар жұмсалып жүр. Осы генезис объектілік атаулы

 

сөйлемнің тілден номинативтік сөйлемдермен қатар орын алуына

себеп болды.

Баяндауыш мүшенің формасы арқылы қалыптасқан

лепті сөйлем

 

Тұрлаулы мүшелер негіз болып құралатын лепті сөйлемдер баян- дауышының құрамы жағынан сұраулы сөйлемдер тәріздес. Бұл сөй- лемдердің баяндауыштары, негізінен, мына формада келеді.

1. Лепті сөйлем құрамында ең көп жұмсалатын -ғаны. бар ма формалы баяндауыш. Бұл баяндауыш өткен шақ есімше бар сөзімен предикативтік қатынаста тұрып, үстіне ма шылауын қосып жасалған

Олардың түрлері де көзіме ыстық көрінгені бар ма! (Момышұлы).

2. -месі бар ма формалы баяндауыш мүше де лепті сөйлем құрауға қатысады.

Шөптібай жетіп к е л м е с і б а р ма! (Нұрманов).

Бұл формада предикативтік қатынастағы тіркес -масы, бар, -месі, бар -ға шылау ма қосылып құралған. Предикативтік қатынастағы тіркестің бірінші компонентінің морфологиялық құрамы мынандай; -ма (етістіктен есім жасайтын жұрнақ), -сы (тәуелдік жалғау). Өзі тәріздес предикативтік тіркестерден (-ғысы бар, -ғаным бар) өзгешелігі — бұл форма тек ма шылауын қосып жұмсалып, лепті сөйлем құрамында ғана ұшырайды.

3. Келер шақ есімше (болымды түрі) ма, ме шылауын қосып (- ар ма) лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде жұмсалады. Даусы мұнша з о р б о л а р ма! Аңқау басым әлгі машинесінің артын міне қоярмын ба! (Нұрманов).

-ар, -ер формалы есімше сөздер ренішті, таңдануды білдіретін лепті сөйлемдердің баяндауышын жасауға қатысқанда, өздерінің келер шақтық мағынасын жоғалтып, өткен шақта болған істі білдіреді. Оны ілгергі мысалдардан байқауға болады.

4. Келер шақ есімшенің болымсыз түрі па, пе шылауын (мас п а) қосып лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде жұмсалады. Бұлформадағы баяндауыш қатысқан лепті сөйлем өкінішпен айтылған арманды білдіреді.

Бәкеннің нашарлығы ғой, болмаса қақаңдатып қойғанша осы қатынды тіліп-тіліп салмас па! Әкім болған соң кәрленген күйімен жүрмес пе! (Майлин). Не амал болсын, білсе айтпас па?

Бұл баяндауыш жақсыз лепті сөйлем құруға көп қатысады.

5. Бұйрық рай етістігінің болымсыз түрі ба, бе шылауларын қа- тыстырып (-масын ба, -майын ба) лепті сөйлемнің баяндаушы ретінде жұмсалады.

Жантаев қызуланып Есіркептерді өз қолынан атпақ болып, нага- нын суырып а л м а с ы н ба! Сол Тұрсын... үйіне айлап ақы алатынды шығармасын ба! Қасқырдан бөлтірік т у м а с ы н ба! (Майлин).

Соңғы мысал лепті сөйлемге тән баяндауыштың генезисін жақсы танытады. Алдыңғы мысалдар лепті сөйлем баяндауышының форма- сының бастапқы төркінінен қаншалықты қашықтап, алшақтағанын байқатады.

6. Шартты рай формасындағы етістік сөз ма, ме шылауын қосып лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде қызмет етеді.

Сенің түбіңе жетпесем бе! Сені бүгін жеткізіп тастамасам ба!

-сам ба формалы баяндауыш қатысқан лепті сөйлемді сөйлеуші өзінің мақсатын орындауға бел байлағанын эмоциямен білдіру үшін жұмсайды.

 

7. Келер шақ есімше сөз шылау ма, ме, көмекші етістік еді-мен бірігіп (-ар ма едім) 13 лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде жұмсалады. Осындай суықта бір ыстық б о л а р м а еді.

 

Үстемелеу амалы арқылы жасалған лепті сөйлем

 

Кейде сөйлемде бір мүше сұраулык; шылаудың көмегімен үстеме-леніп айтылады. Мысалы: сен бе, сен оңбайсың! Былай үстемелеу ой екпіні түсетін мүшені даралау, әрі эмоцияның соған қатысты екенін білдіру үшін пайдаланылады. Сондықтан да үстемелеуді лепті сөй-лем құраудың бір амалы деп білуіміз керек.

Сөйлемдерге тек екі мүше үстемеленіп айтылады. Ол — бастау-ыш пен толықтауыш.

Ол ма, ол, неден болса да құтылып шығады. Сені ме, сені мен қайтсем де оқытам!

Шылау ма, ме үстемелеу, екпін түсіру амалы ретінде -масам ба формасына қатысқанын біз ілгеріде көргенбіз І4. Шылаудың бұл қыз-меті, біздің ойымызша, айқындағыш сұрақ негізінде қалыптасты. Айқындағыш сұрақ формасының екпін түсіру үшін пайдаланылуы арқылы шылау жаңа қызметте жұмсалатын болды. ІПылаудың бұл қызметі дараланып, ерекшеленіп, ма, ме кейін реплика-сөйлем құрауға қатысатын болды. Шылау ма, ме-ге тән бұл қызметтің одан әрі дамуы оның Келдің бе, іске кіріс деген сияқты сөйлемге қатысуынан байқалады.

Байқап отырсыздар, лепті сөйлем құрайтын баяндауышта, көбіне, форма жағынан сұраулы сөйлем жасайтын синтаксистік формаларға ұқсас. Бұл ұқсастық лепті сөйлем баяндауыштарының генезисін байқатады. Бұлар бір форма емес. Синтаксистік қызмет, ситуация оларды грамматикалық омоним ретінде саралап қалыптастырды.

Лепті сөйлем құрау үшін қызмет ететін баяндауыштардың фор-масы, негізінен, риторикалық сұрақтардың эволюциясына сүйеніп, содан дамып қалыптасты. Баяндауыштардың -ғаны бар ма, -ар ма, -мас па, -масын ба деген формалары осылай шыққан. Бұл форма-лардың бөлек, сұраулы сөйлем формаларынан дербес екенін қосымша дәлелдейтін бір жай бар. Ол — лепті сөйлем баяндауыш-тарының өз бетімен аналогия беріп, сұраулы сөйлемде кездеспейтін форма құрайы. -масы бар ма — сұраулы сөйлемдерде кездеспейді. Бұл форма лепті сөйлемдердің өз аясында -ғаны бар ма-ға. аналогия ретінде шықты.

Бірқатар формалар шылау ма, ме екпін түсіруші амал ретінде қатысып қалыптасқанын біз ілгеріде айттық.

 

Реплика ретіндегі лепті сөйлем

 

Бірқатар лепті сөйлемдер конкретті хабар айтпай, сөйлеушінің реакциясын білдіру үшін қызмет етеді. Сөйлеушінің реакциясын ту-дыратын екінші жақтың сөзі, әрекеті.

Мысалы: 1. — Сен оған бүгін жолығасың ба?

Жолықпай н е м е н е!

2.Сен топты жұрттың үстіне осы түріңмен барасың ба?

Бармағанда ше!

Бұл тәрізді сөйлемдерді реплика ретіндегі лепті сөйлемдер дейміз. Репликалардың тек мағына жағынан ғана емес, структура жағынан да ерекшелігі бар. Көпшілік репликалардың құрамындағы сөздер

13 Қазіргі қазақ тілі, 1954, 373-бет.

14 Еңбектің.. 126 бетін қараңыз.

 

бастапқы өз ара синтаксистік қатынасын әлсіретіп, тұтас репликаға тән элемент ретінде ғана қатысады. Бұл жағынан репликалар фразео- логиялық тіркестерге жуық. Мысалы, десе дегендей, несі бар, ол ол- ма деген репликалардың құрамындағы сөздер бастапқы мағынасын, бастапқы синтаксистік қатынасын танытпайды. Бастапқы мағына-сын жоғалтып, бұлар құрамын бөлшектеуге келмейтін тұтас бір синтаксистік тұлға ретінде жаңа мағынаға ие болған.

Қорытып айтқанда, реплика-сөйлемдер сөздердің өз ара синтак- систік байланысына сүйеніп құралмайды. Олар белгілі функцияға бейімделген тұтас синтаксистік қалып ретінде ұйымдасқан. Бұл қа- лыптың кейбірі диалогтік мазмұнына сай жеке лексикалық элемент- терін құбылта алады, кейбірі ылғи бір ғана лексикалық құрамда ке- леді (десе дегендей). Осынысына орай реплика-сөйлемдерді екі топқа бөлуге болады.

1. Қалыпты реплика-сөйлемдер: десе дегендей, несі бар, т. б.

2. Босаң қалылты реплика-сөйлемдер: келмегенде ше, не сұрай-тыны бар, айтпай немене т. б.

Реплика-сөйлемдер — ауызекі сөйлеу тіліне тән синтаксистік құ-былыс. Ол диалог үстінде жұмсалады. Жұмсалуы сөйлеушінің өз реакциясын эмоциямен білдіру максатына байланыста болғандықтан реплика-сөйлемдер ылғи леппен айтылады.

Реплика сөйлемдерді мағынасына қарай мынандай топқа бөлуге болады.

1.Сөйлеушінің шешімін,тәуекелін білдіретін реплика-

сөйлемдер.

Бұл реллика-сөйлемдер мына формада келеді.

а) Болымсыз өткен шақ есімше сөз ше шылауын қосып реплика ретінде жұмсалады.

Несіне күлесің!

Күлмегенде ше!

Ағаңды да шақырасың ба!

Шақырмағанда ше!

ә) -ғанда формалы есімше сөз бен қандай бірігіп реплика құ-райды.

Апырмай, солай ма екен?

С о л а й болғанда қ а н д а й!

Сақыптың айтқаны тура шықты ма?

Т у р а болғанда қ а н д а й!

б) Болымсыз көсемше сөз бен немене бірігіп реплика-сөйлем ретінде жұмсалады.

Осыны аузың барп қалай айтасың!

Айтпай немене!

Осы шаңқай түсте барасың ба?

Бармай немене!

в) Келер шақ есімше сөз (болымды, болымсыз түрі) бен несі бар бірігіп реплика құрайды.

Әлима" Айттым ғой өзіңе. Тіл табысса, менің қарсылығым жоқ. Қалауы білсін.

Ережеп: Қ а л а у ы-ж а л а у ы дейтін несі бар! Ү йлі - жайлы болған соң асықпай оқуға да болады (Мұхамеджанов).

2. Сұраулық есімдік не, тәуелдеулі келер шақ есімше, бар болып та реплика құралады.

Сұрап алайын деп ем.

Не сұрайтыны бар!

Несі бар жеке келіп те реплика ретінде жұмсалады.

Ал, балалар, жұмысқа шығамыз ба?

Н е с і б а р, шығамыз.

Ренішті білдіретін реплика-сөйлем

 

Бұл топқа мына репликалар жатады: о не дегенің, о несі екен, о несі маған, қойшы әрі.

Бұл реплика-сөйлемдер тек осы сөздерді қатыстырады, осы лек-сикалық құрамда ғана құралады.

Ренішті білдіретін реплика-сөйлемдердің ішінде тек мына форма-лар ғана диалогтік ситуацияға сай құбылып айтыла алады. Ол фор-малардың бірі былай құралады: тәуелденген өткен шаң есімше + не-сі (не).

Қайтсаң қайтеді?

Қайтқаның н е, әдейі келіп тұрып!

Бұл мысалда қайтқаның не екінші жақтың сөзіне реакция ретін-де айтылып отыр. Мұнда сұрақ мағынасы жоқ.

Осы қалыппен диалогтік ситуацияға сай реплика басқа сөздерді катыстырып құрала береді.

Ережеп:...Ертең өтетін бастықты танушы ма едіңіз?

Жақан: Танымағаныңыз не, ағайынбыз ғой! (Мұхамеджанов).

Келтірілген мысалдарға ңарағанда, бұл формадағы реплика-сөй-лемдер тек ренішті емес, ситуациясына қарай екінші жақтың сөзін олқысынуды да білдіретін сияқты.

Олқысынуды бір есімше сөздің предикативтік қатынас негізінде қайталақтап келуі арқылы құрылған (бұл келген келген бе тәріздес) реплика-сөйлемдер білдіреді.

Звеношы бұл жолы жеңіліп қалды!

Б ұ л жеңілген жеңілген бе! Оның көрері әлі алда.

Қазақ тілінде осы амалмен жасалып көп жұмсалатын олол ма, бұлбұл ма деген реплика-сөйлемдер бар.

Б ұ лбұл ма! Әлі тоқтай тұрыңдар.

Кереев: Олол ма! Осы ауылға шығатын күні әлгі сіздің сілтеуіңзбен бір келіншекті ала кетіп едім ғой... (Майлин).

Екінші жақтың сөзін олқысынуды, оған қатысты ренішті білдіру үшін не қылған басқа тәрізді репликалар да жұмсалады. Бұл тәрізді реплика тұрақты элемент не қылған -ға есім, өткен шақ есімше сөз (не қылған + есім сөз (есімше) қосылып құралады.

Ей, ол алған менің балам емес, басқа бала!

Н е қ ы л ғ а н б а с қ а бала! Мен өз көзіммен көрдім.

Осы топқа үй салу сенің неңді алған типті реплика да жатады.

Бұл репликада тұрақты, негізгі қалыпты элемент неңді алған (несін алған). Осы элементтің алдына есім, тұйық рай етістік сөз қосылып (есім сөз + неңді алған) реплика құралады.

Мен ракетчик боламын!

Ракета сенің неңді алған! (Мұратбеков).

Ілгеріде аталған репликалар диалогтік ситуацияға сай құбылтып тұратын элементі бар типтерге жатады. Бұлардан бөлек өзгермейтін, құрамы тұрақты, барлық ситуацияда бір қалыпта жұмсала беретін реплика — сөйлемдер бар. Олар: о не дегенің, о несі екен (о. несі екен-ай маған), қойшы әрі, олол ма, бұлбұл ма, т. б.

Шаң шығарып көрсін, жанын қоса шығарайын. Құдағи емес, құдай келетіндей, о н е с і е к е н-ей мағ ан! (Мұхамеджанов).

 

Сес білдіретін реплика-сөйлем

 

Бұл мағынаны білдіретін реплика табыс септік зат есім (есімдік) + шылау ма, ме құрамында жасалады. Кейде атаулы сөз қайгалақтап келеді (атаулы сөз — шылау — атаулы сөз).

 

Осыдан келерсің үйге, с е н і м е сені! О с ы н ы м а, осыны! Сенд-ерді ме!

Сонымен, реплика-сөйдемдер сөйлемдердің функциялық бейімде-луі негізінде пайда болған. Бұл олардың структуралық қалпыңа әсер етті. Соның өзінде реплика-сөйлемдер құралу қалпы жағынан бірдей емес. Бір топ репликалар тек бір лексикалық құрамда ғана жұмсала-ды, ал, кейбір реплика-сөйлемдер жеке элементін өзгертіп, құбылып жұмсалады. Осы сипатына орай реплика-сөйлемдерді екі топқа бөл-дік. Реплика-сөйлемдер диалог үстінде дара да жұмсалады. Кейде олар толық мағыналы сөйлемнің құрамына қыстырылып та жұмсала береді. Оны ілгеріде келтірілген мысалдардан байқауға болады. Мұндайда ол бүкіл сөйлемге леп түсіреді.

 

АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ

 

Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің бір түрі. Ол өзінің құрылысы мен мағынасы жағынан жай сөйлемнің бірде-бір түріне ұқсамайды: а) атаулы сөйлем тұрлаулы мүшеге талданбайды, басқаша айтқанда, оған үйытқы, тірек болып тұрған сөзді бастауыш не баяндауыш деп тап басып айтуға келмейді. Негізінде зат есімнен болып, атау септік-те тұруы жағынан ғана оны бастауыш ыңғайындағы тұрлаулы мүше деп жалпы жорамал жасалынып жүр, бірақ оны сыртқы ұқсастығына қарап айтқанымыз болмаса, бастауышпен тепе-тең дәрежедегі мүше деп есептеуге келмейді; ә) атаулы сөйлем оқиғаға қатысты затты, құ-былысты, болмысты атап қана көрсетеді, онда жай сөйлемнің басқа түрлеріндегі сияқты баяндау қасиеті болмайды. Солай бола тұрса да, атаулы сөйлемде интонация, оқиғаның, құбылыстың шындық өмірге, шаққа қатыстығы сияқты сөйлемге тән айрықша белгілері болады. Атаулы сөйлем, негізінде, хабарлау интонациясымен, кейде лептік интонациямен айтылады. Бірақ интонацияның қай түрімен айтылсада, атаулы сөйлемдегі интонационалық рең тұрлаулы мүшелері бар басқа сөйлемдердің хабарлы не лептік интонациясы-на сәйкес келмейді, дауыс ырғағында қандай да бір өзгешелік сезіліп тұрады. Мысалы: Дала. Егін д а л а с ы. Егін даласы рақат құшағында (Әбішев). Алғашқы екі сөйлемнің айтылу әуені соңғы сөйлемнің айтылу әуенінен басқаша екені анық сезіледі. Дала деген атаулы сөйлем қалпындағы айтылуын оның бастауыш не баяндауыш қызметін атқарып тұрғандағысымен немесе диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің баяндауышы болып тұрған қалпымен салыстырсақ, дауыс әуенінде өзгешелік байқалады: баяндауыш қызметін атқарғанда (Бұлдала.; — Мынау не?Дала.), дала сөзі дауыс қарқынының бәсеңдеуі жағдайында айтылып, тиянақты интонацияға ауысады; бастауыш қызметін атқарғанда (Даламидай жазық.), көтеріңкі әуенмен ай-тылып, интонация жағынан тиянақсыз болады; қаратпа сөз ретінде; келгенде де (Тыңда, дала, Жамбылды!), ол жалпы қаратпа сөзге ла-йық әуенмен айтылады. Дала сөзінің атаулы сөйлем болып тұрғанда-ғы әуені баяндауыш қызметіндегі әуенінен гөрі сәл көтеріңкі болады да, жеке сөздің өзін айтқандағы әуенге жуықтайды. Атаулы сөйлем-нің интонациялық ерекшелігін эксперимент жолымен зерттеу арқылы ғана толық сипаттауға болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1823; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.103 сек.