Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе. 1.Дәрілік заттардың химиялық құрылымы, физико-химиялық және физикалық қасиеттері

ЖОСПАР

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім:

1.Дәрілік заттардың химиялық құрылымы, физико-химиялық және физикалық қасиеттері.

2.Дозаның түрлері, концентрациялар.

3.Дәрілік заттарды қайталап қолдану.

4.Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі: фармакологиялық және фармацевтикалық.

ІІІ.Қорытынды

ІY.Пайдаланылған әдебиеттер

 

Бұл жұмыста дәрілік заттардың әсерлерінің көрінуіне ағзаның қасиеттеріне байланысын өз бетімше білу, дәрілік заттардың химиялық құрылымы, физико-химиялық және физикалық қасиеттері, доза мен концентрациясы, дәрілік заттарды қайталап қолдану және өзара әсерлесуі туралы жазып отырмын.Ағзағаға дәрінің қандай әсері бар екенін қарастыра отырып оның химиялық құрылымының қаншалықты пайдалы және зиянды екенін де жазылып кетті.

 

Дәрілік заттардың химиялық құрылымы, физико-химиялық және физикалық қасиеттері.

Белгілі бір заттың рецепторлармен байланысуы үшін,оған дәрілік препараттың сондай жақсы түрі керек, ақырында рецептор мен заттың тығыз байланысуы үшін. Зат пен рецепторлардың тығыз байланысуы молекулааралық байланысты жақсартады. Рецепторлар мен белгілі бір заттың байланысын аралық кеңістік көп әсер етеді.Бұл стериоизимерлердің активтілігін жоғарылатады.

Көптеген заттардың сапалық әсері олардың физикалық және физика-химиялық құрылымдарымен де байланысты(су мен майлардағы ерігіш қасиеттері,порошок тәрізді заттардың еруі,ұшқыш заттардың-ұшқыштық қасиеті т.б.)

Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде,олардың химиялық құрылысына, функционалдық белгілі топтастардың бар болуына, олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты болады. Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесуі үшін оның рецепторымен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін, дәрілік заттардың құрылымы қажет.Заттың рецептормен жақындасу дәрежесінен, молекулааралық байланыс берік болады.Сонымен иондық байланыс кезінде, 2 әртүрлі аттас зарядтардың электростатикалық тартылыс күштері,олардың арасындағы аралықтардың квадрытына кері пропорционал,ал вандерваальстік күштер даралықтың 6-7 дәрежесіне кері пропорционал.

Зат рецепторлармен өзара әсерлесу үшін, олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі,яғни олардың комплементарлығы өте маңызды.Бұл стериоизомерлердің белсенділігінің ерекшеленуімен байланысты.Осылайша,D(+) адреналин артериялық қысымға әсер етуі бойынша L(-) адреналинге қарағанда белсенділігі төмен.Бұл қосылыстар молекуланың құрылымдық элементтерінің кеңістікте орналасуымен ерекшеленеді,олардың адренорецепторларымен өзара байланысуына шешуші маңызы бар.

Егер заттардың бірнеше функционалды топтастары болса,онда олардың арысындағы аралықтыескерген жөн.Осылайша бис-4-шілік аммонилік қосылысы(CH3)3-N-(CH2)n-N(CH3)3*2X қатарындағы ганглиоблокаторлық әсер үшін n=6,ал жүйке – бұлшықеттің берілуді тежеу үшін n=10 және 18 оптималды болып табылады.Бұл төртіншілік азот атомының иондық байланысы жүретін н-холинорецепторлардың аниондық құрылымдары арасындағы белгілі бір аралық жөнінде мәліметтейді.Осындай қосылыстар үшін катиондық топтастарды біріктіретін молекула құрылысының да үлкен маңызы бар.

Заттың химиялық құрылысы және олардың биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Сонымен қатар, бірдей типті әсерлі әртүрлі топтардың қосылыстары үшін оптималдық құрылысын сәйкес келтіру берілген дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде белгілі бір мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Заттар әсерінің көптеген сандақ және сапалық сипаттамалары физико-химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты.Диссоциациялану дәрежесінің маңызы зор. Мысалы құрылымы бойынша екіншілік және үшіншілік аминдерге жататын миорелаксанттар толық иондалған төртіншілік аммонилік қосылыстарға қарағанда азарақ иондалған және белсенділігі де аздау.

Дәрілік заттардың ішкі белсенділігінің болуына байланысты оларды бөледі: агонистерге, антагонистерге және агонист – антогонистерге. Дәрілік заттардың әсер ету түрлері: жергілікті және резорбтивті; тікелей және жанама; жалпы және таңдамалы; негізгі және жағымсыз; қайтымды және қайтымсыз; емдік және уытты әсерлер және т.б.

 

Дозаның түрлері, концентрациялар.

Дәрігерлік заттардың әсері көп дәрежеде, олардың мөлшерімен анықталады. Мөлшерге (концентрация) байланысты әсерінің даму жылдамдығы, оның айқындығы, ұзақтығы, кейде сипаты өзгереді. Әдетте мөлшердің (концентрацияның) жоғарлауымен латентті кезеңі азаяды және әсерінің айқындығы мен ұзақтығы ұлғаяды.

Бір рет қабылдауға арналған дәрінің санын мөлшер деп айтады (әдетте бір реттік мөлшер сияқты белгіленеді). Тек бір рет қабылдауға (pro dosi) есептелген ғана мөлшер емес, сонымен бірге тәуліктік мөлшер (pro die) жөнінде де хабардар болу қажет.

Мөлшерді граммен немесе грамм үлесімен белгілейді. Препаратты өте дәл есептеу үшін олардың мөлшерін дененің 1 кг. Салмағына есептейді (мысалы,мг/кг,мкг/кг).Жекелеген жағдайларда затты мөлшерлегенде,дене беткейінің көлеміне (1 квадрат метріне) сүйенуді қажет етеді.

Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін тудыратын минималдық мөлшерді табалдырық немесе минималдық әсер етуші деп атайды.Практикалық медицинада орташа емдік мөлшерді бәрінен жиі қолданады, бұл науқастардың басым көпшілігінде препараттардың қажетті фармакотерапиялық әсерін көрсетеді.Егер оларды тағайындаған кезде әсеоі жеткілікті айқын болмаса, онда мөлшерді жоғарғы емдікке дейін жоғарылатады.Сонымен қатар, заттар ағза үшін қауіпті уытты әсерлер шақыратын уытты мөлшерге және летальды мөлшерге бөледі.

Кейбір жағдайларда препараттың мөлшері курстық емге көрсетіледі (курстық мөлшер). Бұл әсіресе микробтарға қарсы химиотерапиялық заттарды қолданғанда маңызды.

Егер ағзада дәрілік заттардың жоғары концентрациясын жылдам түзу қажет болса, онда бірінші мөлшер (соққы) соңғылардан жоғары болады.

Ингаляциялық жолмен енгізілетін дәрілер үшін (мысалы, наркозға арналған газ тәрізді және ұшқыш заттар) тыныс алатын ауада олардың концентрациясының негізгі маңызы бар (көлемдік процентпен белгіленеді).

 

 

Дәрілік заттарды қайталап қолдану.

Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда,олардың әсері жоғарылау жағына да төмендеу жағына да өзгеруі мүмкін.

Бірқатар заттардың әсерінің ұлғаюы олардың, кумуляциялану қабілетіне байланысты болады.Материалдық кумуляция деп ағзада фармакологиялық заттардың жинақталу түрін айтады.Бұл ұзақ әсер ететін препараттарға тән,олар аз бөлінеді немесе ағзада тұрақты байланысады.Оларды қайталап тағайындағанда заттардың жинақталуы уытты әсерлердің себебі болуы мүмкін. Осыған байланысты, бұндай препарттардың кумуляциялануын ескере отырып, біртіндеп мөлшерін азайтып немесе препараттың қабылдау арасын ұлғайта отырып мөлшерлеу керек.

Функционалдық деп аталатын кумуляцияның мысалдары белгілі,бұл кезде зат емес, әсер жинақталады.Алкоголизм кезінде ОЖЖ-сі функциясының үдемелі өзгеруінде маскүнемдік елірме дамуына әкелуі мүмкін.Бұл кезде этил спирті жылдам тотығады және тіндерде іркілмейді. Оның тек нейротропты әсерлері жинақталады.МАО-ның тежегіштерін қлданғанда функционалдық кумуляция пайда болады.

Заттарды қайталап қолданғанда әсерінің төмендеуі –бейімделу яғни толеранттылық деп аталады.Әртүрлі препараттарды қолданғанда байқалады.Ол заттың сіңуін азаюына, оның инактивациялану жылдамдығының ұлғаюына немесе қарқынды шығуының жоғарылауына байланысты болады.Бірқатар заттарға бейімделудің пайда болуы оларға рецепторлық құрылымдардың сезімталдығының төмендеуімен немесе олардың тіндерде тығыздығының азаюымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Бейімделудің ерекше бір түрі тахифилаксия болып табылады,бұл өте жылдам пайда болатын бейімделу, кейде затты 1 рет енгізгеннен кейін пайда болады.Эфедринді 10-20 минут аралығымен қайта қолданғанда,бірінші инъекцияға қарағанда,артериялық қысымның аз көтерілуін байқатады.

Кейбір заттарға (нейротроптылар) оларды қайталап енгізгенде дәріге тәуелділік дамиды.Ол дәріні қабылдауға деген ұмтылысты жеңе алмауымен көрінеді,әдетте көңіл-күйді жоғарылату,жағымсыз қайғыруды және сезінуді тоқтату мақсатында,сонымен бірге дәріге тәуелділік шақыратын дәріні тоқтатқанда болады.

 

Дәрілік заттарды қайталап еңгізгенде келесі әсерлерді шақырады: кумуляция: а) материалдық, б) функционалдық; сенсибилизация; бейімделу; әуестену (дәріге тәуелділік) – а) психикалық, б) физикалық.

 

 

ДӘРІГЕ ТӘУЕЛДІЛІК

ПСИХИКАЛЫҚ ФИЗИКАЛЫҚ

Препараттарды енгізуді Препаратты қабылдауды тоқ- тоқтатқанда тек эмоцияналдық татқанда ауыр жағдай шақыра-

жайсыздық тудырады.(кокаин, ды,ол психиканың кенет өзгері-

галлюциногенді) сінен басқа,ағзаның көптеген

жүйелерінің бұзылысына байла-

нысты өлімге дейін әкелетін әр-

түрлі жиі қауіпті соматикалық

бұзылыстарымен көрінеді.

 

Дәріге тәуелділіктің алдын-алу мен емдеу медициналық және әлеуметтік күрделі мәселе болып табылады.

 

Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі: фармакологиялық және фармацевтикалық.

Медицина практикасында бірнеше дәрілік заттарды бір уақытта жиі қолданады.Бұл кезде, олар негізгі әсердің айқындығы мен сипатын және оның ұзақтығын өзгерте отырып, сонымен қатар жанама және уытты әсерлерін күшейте немесе әлсірете отырып, бір-бірімен өзара әсерлесуі мүмкін.

Фармакокинетика және фармакодинамикаға әсер ететін факторлар:

1. Дәрілік заттардың қасиетімен және олардың қолданылу ерекшеліктерімен негізделген факторлар;

2. Ағзаның физиологиялық ерекшеліктерімен және функционалдық жағдайымен (негізделген ішкі факторлар) факторлар.

3. Сыртқы ортаның әсер етуінен болатын факторлар.

 

Дәрілік заттрадың өзара әсерлесуін келесі түрде жіктеуге болады:

І. Фармакологиялық өзара әсерлесуі:

1.дәрілік заттардың фармакокинетикасының өзгеруіне негізделген;

2.дәрілік заттардың фармакодинамикасының өзгеруіне негізделген;

3.дәрілік заттардың ағза ортасында химиялық және физико-химиялық өзара әсерлесуіне негізделген;

ІІ. Фармацевтикалық өзара әсерлесуі.

І.Фармакологиялық өзара әсерлесу.

Бұл бір заттың, қоспаның басқа компоненттерінің фармакокинетикасын немесе фармакодинамикасының өзгертуіне байланысты болады.Фармакокинетикалық өзара әсерлесу түрі сіңудің, биотрансформацияның, тасымалданудың, қорға жиналудың және заттардың біреуінің шығарылуының бұзылуына байланысты болуы мүмкін.Фармакодинамикалық өзара әсерлесу түрі рецепторлар, жасушалар,ферменттер, мүшелер немесе физиологиялық жүйелер деңгейінде заттардың тікелей немесе жанама әсерлесуінің нәтижесі болып табылады.Бұл кезде негізгі әсер сандық немесе сапалық өзгеруі мүмкін.Бұдан басқа заттарды қосып қолданғанда химиялық немесе физико-химиялық өзара әсерлесу болуы мүмкін.

Медицина практикасы үшін пайдалы әсерлерді күшейту үшін немесе үйлестіру үшін әртүрлі дәрілік заттарды жұптастыруды жиірек қолданады.Мысалы, кейбір психотропты заттарды опиоидты анальгетиктермен қосып қолдана отырып,соңғысының ауыру сезімін басатын әсерін айтарлықтай жоғарылатуға болады.Сонымен бірге дәрілерді бірге қолданғанда жағымсыз әсерлерде пайда болуы мүмкін,ол дәрілік заттардың сәйкессіздігі деп аталады.Сәйкессіздік фармакотерапиялық әсерлердің әлсіреуімен,толық жойылуымен немесе сипатының өзгеруімен,не жанама немесе уытты әсердің күшеюімен көрінеді. Бұл екі немесе оданда көп дәрілерді қосып қолданғанда болуы мүмкін(фармакологиялық сәйкессіздік деп аталады).Мысалы, дәрілік заттардың сәйкессіздігі қан кету, гипогликемиялық кома, тырысулар,гипертензиялық криз,панцитопения және т.б.Сәйкессіздік сондай-ақ жұптастырылған препараттарды дайындау және сақтау кезінде болуы мүмкін(фармацевтикалық сәйкессіздік).

Фармакокинетикалық өзара әсерлесу тіпті заттың сіңуі кезеңінде болуы мүмкін,ол әртүрлі себептерге байланысты өзгереді.Атап айтқанда,ас қорыту жолында заттар адсорбциялаушы заттармен (активтелген көмірмен, ақ саз топырақпен) немесе анион алмастырушы шайырмен байланысуы мүмкін.

Асқорыту жолының перистальтикасының өзгеруі заттың сіңуіне әсерін тигізеді.Осылай ішек перистальтикасының холиномиметиктермен жоғарылатқанда жүрек гликозиді – дигоксиннің сіңуі төмендейді,перистальтиканы азайтатын холиноблокаторлар – атропин дигоксиннің оңтайлы сіңуіне әкеледі.Ішектің шырышты қабаты арқылы олардың тасымалдану деңгейінде заттардың өзара әсерлесуінің мысалдары белгілі (мысалы,барбитураттар саңырауқұлақтарға қарсы зат-гризеофульвиннің сіңуін азайтады).

Фармакодинамикалық өзара әсерлесу заттардың фармакодинамикалық ерекшеліктеріне негізделген өзара әсерлесуін көрсетеді.Егер өзара әсерлесу рецептор деңдейінде жүзеге асатын болса, онда ол негізінен әртүрлі типті рецепторлардаң агонистеріне және антогонистеріне байланысты болады.Бұл кезде бұл қосылыс басқаның әсерін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін.Синергизм жағдайында заттың өзара әсерлесуі соңғы әсердің күшейумен қатар жүреді. Синергизм тікелей (егер екі қосылыста 1 субстратқа әсер етсе) немесе жанама (олардың әсері әр жерде орналасқанда) болуы мүмкін.Бір заттың қандай да бір дәрежеде басқаның әсерін азайтатын қабілетін, антагонизм деп атайды. Синергизмен ұқсастығы бойынша тікелей немесе жанама антагонизмге бөледі.

Сонымен қатар, синергоантагонизм деп аталатындарға бөледі, бұл кезде біріктірілген заттардың кейбір әсерлері күшейеді,ал басқалары әлсірейді.Мысалы, α-адреноблокаторлардың әсері кезінде адреналиннің тамырлардың α-адренорецепторларына ынталандырғыш әсері азаяды,β-адренорецепторлаға айқындау бола түседі.

Ағза ортасында заттардың химиялық және физико-химиялық әсерлесуін дәрілік заттардың көп мөлшерін енгізгенде немесе жедел уланғанда өте жиі қолданады. Мысалы, асқорыту жолынан заттың сіңуін қиындататын адсорциялаушы заттардың қабілеті бұрын ескертілген болатын.Антикоагулянт гепаринді артық мөлшерде енгізгенде оның антидоты-протамин сульфатын тағайындайды,ол электростатикалық өзара әсерлесу гепаринді инактивациялайды.Бұл физико-химиялық әсерлесудің мысалы болып табылады.

Комплексондардың түзілу химиялық өзара әсерлесудің мысалы бола алады.Атап айтқанда,этилендиаминтетра сірке қышқылының динатрий тұзы (трилон Б;Na2ЭДТА) кальций иондарын; қорғасын,сынап, кадмий, кобальт, уран иондарын – тетацин-кальций(CaNa2ЭДТА);пенициламин-мыс,сынап,қорғасын,темір, кальций иондарын байланыстырады.

 

ІІ.Фармацевтикалық өзара әсерлесу.

Фармацевтикалық үйлеспеушілік жағдайлары болуы мүмкін, бұл кезде препарттарды дайындау және оларды сақтау барысында, сонымен қатар бір шприцте араластырғанда, қоспалар компонентінің өзара әсерлесуі болады және өзгерістің болатыны соншама, нәтижесінде препарат практикада қолдануға жарамсыз болып қалады.Бұл кезде бастапқы компонентте болған фармакотерапиялық белсенділік төмендейді немесе жойылады.Кейбір жағдайда жаңа, ал кейде жағымсыз қасиеттер пайда болады.

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Совершенный человек в исламе | Здесь использованы идеи Разумной жизни
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 5331; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.029 сек.