Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

АЛИ ИМРАН 1 страница




ФАТИХА

Кестені толтыр

    Қасиетті кітап туралы дін ғұламалары мынадай тұжырымдар жасайды: 1.Құран Кәрім 23 жыл ішінде түрлі оқиғалар мен сұрақтарға жауап ретінде жеке аяттар немесе сүрелер болып түсіп отырған;
2.Құран-Алладан адамзатқа тура жолды нұсқау үшін Мұхаммед пайғамбарға түскен ең соңғы кітап;
3. Құран-бүгінгі күнге дейін мүлдем өзгермей, бастапқы түскен қалпында жеткен қасиетті кітап;
4. Құранда алғашқы түскен діни парақтар мен кітаптардың мазмұны қамтылған:
5. Құран әрбір заманның кез келген талаптары мен қажеттіліктеріне жауап береді.

 

 

Сабақты бекіту мақсатында

Оқушыларға сұрақтар қойылады. Не білдік? ------------------------------------------------------------------------------------------------

Үйге тапсырма:

 

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (1)

Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән. (2) Аса қамқор, ерекше мейірімді. (3) Қиямет күнінің иесі. (4) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз! (5) Бізді тура жолға сала көр! (6) Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес! (7)

2.БАҚАРА

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

«Әлиф Ләм Мим» (1)Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші. (2)Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады. (3)(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрыңғы түсірілгенге сенеді және ақыретке анық нанады. (4)Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар. (5)(Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді, (6)Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар. (7)Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ақырет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді. (8)Олар (өздерінше) Алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. (9)Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті). Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ оларға өтіріктіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар. (10)Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмаңдар!»,- делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді. (11)Сақ болыңдар! Шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді. (12)Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!», – делінсе, олар: «Ақылсыздарша иман келтірейік пе?»,- дер. Байқандар! Шын мәнінде олардың өздері ақымақ. Бірақ олар білмейді. (13)Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» дер. Әрқашан олар сайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз» дер. (14)Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды. (15)Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Әм олар тура жолды таппады. (16)Олардың мысалы: (Далада) от жағып маңын жарық қылғанда, Алла олардың жарығын өшіріп,қараңғылықтарда қалдырған біреу сияқты, (бұл мысалда, екі жүзді мұнафықтар; жаққан оттары өшіп, тым-тырыс қараңғылықта қалғанға ұқсатылып отыр) олар көрмейді. (17)Саңырау, сақау және соқыр болып бетінен қайтпайды. (18)Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлете құйған жаңбырға ұшырап, найзағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді. Алла кәпірлерді толық баураушы. (19)Олардың көздерін найзағай жұлып әкете жаздайды. Оларға жарық берген сәтте, олар жарықта жүреді де оларға қараңғы болған заманда, олар тұра қалады. Егер Алла қаласа, олардың есту, көру сезімдерін де жояр еді. Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші. (20)Әй Адам баласы! Сондай сендерді де сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боларсыңдар. (21)Ол сондай Алла, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан біле тұра Аллаға шерік қатпаңдар. (22)Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер де со құсаған бір сүре келтіріңдер, Алладан өзге көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас болса. (23)Егер оны істемесеңдер (әзір келтірмесеңдер, келешекте) сірә істей алмайсыңдар. Ендеше, отыны; адамдар, тастардан болып кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар! (24)(Мұхаммед Ғ.С.) иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннәттар бар. Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар да бар. Олар онда мәңгі қалады. (25)Расында Алла шіркейді, одан да зорғыны мысал келтіруден ұялмайды. Ал мүміндер оның Раббыларынан нақ хақиқат екендігін біледі. Ал енді қарсы болғандар: «Алла, бұл мысал менен нені қалайды?»,- дейді. Алла, ол мысал менен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады. (Мысалдарға қарсы келіп адасқандар да, шындық да болады негізінде). Ол тапқандар бұзықтарды ғана адастырады. (26)Олар (иман келтіріп) серт бергеннен кейін Алланың уәдесін бұзады да, Алланың жалғастырылуын бұйырған нәрсесін (жақындық, бірлікті) бөледі. Сондай-ақ жер жүзінде бұзақылық істейді. Міне солар зиянға ұшыраушылар. (27)Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті. Тағы өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді. Сонан соң (қияметте) Оның алдына қайтарыласыңдар. (28)Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші. (29)(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,- деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!»,- деді. (Алла, Адамды топырақтан жаратып оған жан салды. (30)Алла Адам (Ғ.С.) ға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді. (31)Періштелер: «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың» деді. (32)(Алла Т): «Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. Сонда (Адам Ғ.С.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»,- деді. (33)Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды. (34)Және де: «Әй Адам! Сен де жұбайың да жәннәтте тұрыңдар, ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік. (35)сонда Шайтан, екеуін ол жерден тайдырды. Ондағы нығметтерден де шығарды. Оларға: «Бір-біріңе қас болып, түсіңдер: Сендер үшін жержүзінде тұрақ және бір мезгілге дейін пайдалану бар» дедік. (36)Сонда Адам (Ғ.С.) Раббынан сөздер үйреніп алды да жалбарынды. Раббы оның тәубесін қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді. (37)«Жаннаттан бәрің түсіңдер, Менен сендерге бір туралық келсе, кім сонда тура жолыма ерсе, оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды» деген едік. (38)Қарсы келіп аяттарымызды өтірік дегендер, солар, тозақтық болып, олар мәңгі қалады. (39)Әй Израил ұрпақтары! Берген нығметімді еске алыңдар! Уәдемді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар. (40)Жандарыңдағы Тәуратты растаушы Мен түсірген Құранға сеніңдер. Сондай-ақ оған алғаш қарсы келушілерден болмаңдар. Және де аяттарымды аз ғана бағаға айырбастамаңдар (дүниелік үшін бұрмаламаңдар) да Менен ғана қорқыңдар. (41)Хақиқатты бұзықтыққа араластырмаңдар да сондай-ақ біле тұра шындықты жасырмаңдар. (42)Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ (Алланың құзырына) иілушілермен бірге иіліңдер. (43)Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, ойламайсыңдар ма?…. (44)Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді. (45)Ол ынталылар, Раббыларына шын жолығатындықтарын ойлап әрі Оған анық қайталыратындықтарын да біледі. (46)Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді, әм әлемге артық еткенімді еске алыңдар. (47)Біреу үшін ешкім күймейтін, шапағат қабыл етілмейтін, ешкімнен бодау алынбайтын және оларға жәрдем де етілмейтін бір күннен сақтаңындар. (48)Сендерді Перғауынның сыбайластарынан құтқардық. Олар сендерді жаман қинаумен ұстап, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қоятын еді. Міне мұнда сендерге Раббыларыңнан зор сынау бар. (49)Сендер үшін теңізді жарып, құтқардық та, перғауындықтарды суға батырдық. Сендер көріп тұрдыңдар. (50)Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) ға (Тұр тауында Тәурат үйрету үшін) қырық кеш уәде берген едік. Кейін оның артынан, бұзауды тәңір жасап алдыңдар да өздерің залым болдыңдар. (51)Сонан кейін де сендерді шүкірлік етер деп кешірім еттік. (52)және тура жолға келулерің үшін Мұса (Ғ.А.) ға Тәуратты (жақсы-жаманды) айырушы нұсқауды бердік. (53)Сол уақытта Мұса (Ғ.С.): «Әй қаумым! Расында сендер бұзауды тәңір жасап алумен өздеріне қастық қылдыңдар! Ал енді жаратушыларыңа тәубе қылыңдар. әрі өздеріңді түзетіңдер. (Немесе қылмыстыларды өлтіріңдер.) Бұларың сендер үшін жаратушыларыңның қасында қайырлы. Сонда тәубелерңді қабыл етті. өйткені Ол тәубені қабылдаушы, ерекше мейірімді» деді. (54)Сол уақытта сендер: «Әй Мұса! Алланы әшкере көрмейінше саған әсте иланбаймыз» дедіңдер де, сендерді бір ащы дауыс алды. (жасыл түсті) Көріп тұрдыңдар. (55)Соңсоң шүкірлік етерсіңдер деп, өлгендеріңнен кейін қайта тірілттік. (56)үстеріңе бұлтты көлеңке етіп, және сендерге бөдене менен құдырет шекерін (Мәнна, Сәлуаны) түсірдік.«Сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер» (дедік). Олар бізге емес өздеріне ғана қастық қылды. (57)Сол уақытта оларға: “Осы кентке кіріңдер, одан қалағандарыңша жеңдер. Және есіктен бас қойып, (Хытта) “күнәмызды кеш” деп кіріңдер. Қателіктеріңді жарылқап, игілік істеушілердің сауабын арттырамыз” дедік. (58)Сонда залымдар, сөзді өздеріне айтылғаннан басқаға ауыстырды. (Қылмыстарына кешірім тілеудің орнына “Хынта” деп, бидай тіледі.) Сондықтан залымдарға бұзақылықтарының салдарынан аспаннан пәле жаудырдық. (59)Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) қаумы үшін су тіледі. Сонда: “Таяғыңмен тасты ұр” дедік. Сөйтіп, тастан он екі бұлақ жарылып шықты да әр ел өз суатын білген еді. Алланың несібесінен ішіп, жеңдер де жер жүзінде бұзақылық қылып жүрмеңдер. (60)Сол уақытта естеріңе алыңдар! “Әй Мұса! Бір-ақ түрлі тамаққа (Мәнна, Салуаға) сабыр ете алмаймыз. Біз үшін Раббыңа жалбарын, бізге жерден өсетін, көк өнісінен қиярынан, бидайынан, бұршағынан және сарымсағынан шығарсын” дедіңдер. Мұса (Ғ.С.): “Сондай ол сапалы нәрсені, бұл сапасыз нәрселерге ауыстырмақшысыңдар ма? Бір қалаға түсіңдер, онда әрине қалағандарың бар” деді. (Сондықтан) оларға қорлық, жоқшылық жүктеліп, Алла (Т.) ның ашуына ұшырады. Бұл олардың, Алланың аяттарына қарсы келулері және жазықсыз пайғамбарларды өлтірулері сондай-ақ өстіп қарсы келіп, шектен шығулары себепті. (61)Расында сондай иман келтіргендер, Яһудилер, Христиандар және Сабилар болып, кім Аллаға, ақырет күніне сенсе, Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды. (62)Сол уақытта сендерден (Тәуратты қабылдауға) уәде алған едік. Үстеріңе Тұр тауын көтеріп тұрып: “Сендерге берілген (Тәуратты) мықты ұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар” деген едік. (63)Оның артынан тағы қайталаған едіңдер. Сонда сендерге Алланың кеңшілігі, мейірімі болмаса, әлбетте зиянға ұшыраушылардан болар едіңдер. (64)Расында сендерден сенбі күні шектен шыққандарды білесіңдер, сонда оларға: “Маймыл болып, қор болыңдар” деген едік. (65)Сонда ол жазаны, ілгері-кейінгілерге үлгі әрі сақтанушыларға насихат қылдық. (66)Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) қаумына: “Алла, бір сиыр бауыздауларыңды бұйырды” деді. Олар: “Бізді келемеж қыласың ба?”,-деді. Мұса (Ғ.С.): “Надандардан болудан Аллаға сиынамын” деді. (67)Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның не екенін білдірсін” деді. (Мұса Ғ.С.): “Алла, ол сиыр кәрі де емес, жас та емес, соның арасында” дейді. “Ал енді бұйрылғанды орындаңдар” деді. (68)Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның түсін білдірсін” десті. (Мұса Ғ.С.): “Алла, ол сап-сары сиыр, оның өңі көрушілерді сүйіндіреді дейді” деді. (69)

Олар тағы: «Раббыңа біз үшін жалбарыншы, о немене? Бізге білдірсін. Өйткені бізге (басқа сиырға) ұқсас келді. Әрине Алла қаласа тура жолда боламыз» десті. (70)(Мұса Ғ.С.) расында Алла: «Ол сиыр қорлық көрмеген, жер жыртпаған, дін аман онда дақ жоқ дейді» деді. Олар: «Міне, әзір шындықты келтірдің» десті. Сонда олар, істегілері келмесе де оны бауыздады. (71)Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де сол жөнде таластыңдар. Алла жасырғандарыңды ортаға шығарды. (72)Сөйтіп өлікті оның кейбір мүшесімен қағыңдар дедік. Алла осылайша, өлікті тірілтіп сендерге белгілеріне көрсетеді. Әрине ойланарсыңдар. (73)Және содан кейін де жүректерің қатайып, тастай немесе тағы қаттырақ болды. Өйткені тастар жарылып, одан өзендер ағады. Әрі кей тастар қақ бөлініп, одан су шығады. Әрине кей тастар Алладан қорқып, құлайды. Алла істегендеріңнен ғапыл емес. (74)(Мұсылмандар!) Олардың сендерге сенетіндіктерін үміт қыласыңдар ма? Әрине олардың Алланың сөзін (Тәуратты) тыңдайтын бір тобы бар еді. (Ғалымдары) Олар оған түсініп болғаннан кейін (Мұхаммед Ғ.С. ның сипаттарын) біле тұра өзгертті. (75)Ал қашан олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» деп, егер олар бір-бірімен жекелене қалса (бастықтары, адамдарына): «Алланың сендерге ашқан сырын, (Тәураттағы Мұхаммед Ғ.С. ның сипаттарын) Мұсылмандардың сендерге Раббыларыңның қасында дәлелдеулері үшін оларға айтасыңдар ма? Түсінбейсіңдер ма?»,- дейді. (76)Олар білмей ме? Негізінде Алла (Т.) олардың көрнеу, көмес істегендерін біледі. (77)Олардың ішінде надандары да бар. Кітапты білмейді. Олар тек қана үйретіндіні және бос ойларды ғана ойлайды. (78)Сондай Кітапты қолдарымен жазып, сонан соң аз ақшаға (дүниелікке) сату үшін: «Осы Алланың қасынан келгені» дегендерге нендей өкініш! Және олардың қол жазғандарына нендей өкініш! Сондай-ақ олардың табыстарына нендей өкініш! (79)Олар: «Бізді тозақ оты санаулы күндер ғана (азапта) ұстайды»дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Алладан уәде алдыңдар ма? Алла уәдесін сірә бұзбайды. Немесе Аллаға білмегендеріңді айтасыңдар ма?»,- де. (80)Керісінше, кім жамандық істесе, қателіктері оны баурап алса, сонда олар тозақтық болады да олар онда мәңгі қалады. (81)Ал және сондай иман келтіріп, түзу амал істегендер, жұмақтық болып, олар мәңгі қалады. (82)Бір заманда, Израил ұрпақтарынан: «Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар, әке-шешеге жақсылық істеңдер, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге қамқорлық жасаңдар, адамдарға көркем сөз сөйлеңдер, намазды толық орындаңдар және зекет беріңдер» деп ант алған едік. Содан кейін бет бұрдыңдар. Сендерден аз-ақ адам қалды. Өйткені сендер ежелден бет бұрушысыңдар. (83)(Әй Яһудилер!) бір заманда: «Бір-біріңнің қандарыңды төкпеңдер, өз-өздеріңді жұрттарыңнан шығармаңдар» деп, уәде алған едік. Сөйтіп мақұлдап куә болған едіңдер. (84)Содан кейін өздеріңді өлтіресіңдер, бір бөлімдеріңді жұрттарыңнан шығарасыңдар әрі оларға қарсы жауыздық, дұшпандыққа өзара көмектесесіңдер. Егер олар сендерге тұтқын болып келсе, оларға бодау беріп құтқарасыңдар. Негізінен сендерге оларды жұрттарынан шығаруға тыйым салынған. (Алла, олардан бір-бірін өлтірмеске, жұрттарынан шығармасқа, қастандық істемеске, тұтқынға түссе, төлеу беріп құтқаруға уәде алады. Бірақ олар соңғысын ғана орындамақшы болады.) Сендер Кітаптың кейіне сеніп, кейіне қарсы келесіңдер ме? Сендерден кім мұндай істесе, әрине олардың жазасы дүние тіршілігінде қорлық әрі қиямет күнінде қатты қинауға қайтарылады (салынады). Және Алла (Т.) істеген істеріңнен ғапыл емес. (85)осындай ақыретті беріп, дүние тіршілігін айырбастап алғандар, олардан азап жеңілтілмейді де оларға көмек те болмайды. (86)Расында Мұса (Ғ.С.) ға кітап бердік те, одан кейін пайғамбарларды жалғасты түрде жібердік. Және Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.) ға да мұғжизалар беріп, Жебрейіл (Ғ.С.) арқылы қуаттадық. Әрқашан сендерге бір пайғамбар көңілдерің қаламаған нәрсе келтірсе, тәкаппарланасыңдар. Олардың бір бөлімін (Ғиса, Мұса Ғ.С. ды) жасынға шығарып, (Зәкерия, Яхия Ғ.С.) бір бөлімін өлтірдіңдер. (87)Олар: «Жүрегіміз перделі» деді. Жоқ, Алла оларды, қарсы болуларының салдарынан қарғады. Сондықтан азы-ғана иман келтірді. (88)Олардың қасындағы Тәуратты, растаушы Құран келген шақта, олар бұрын (ақыр заман пайғамбары арқылы кәпірлерге) үстемдік тілеген бола тұра өздерінң Тәуратта таныған (Мұхаммед Ғ.С.) келген заманда, қарсы шықты. Қарсы болушыларға Алланың лағынеті болсын.(Мединелік, Яһудилер, ақыр заман Пайғамбары келуден бұрын кәпірлерге: «Біздің дінімізді қостаушы Пайғамбардың келуі жақын» дейтін еді. Бірақ ақыр заман Пайғамбары Израил ұрпақтарынан болмағандықтан қарсы шықты. (89)Олар, Алла (Т.) ның өз кеңшілігінен құлдарынан қалағанына түсіргенін (Құранды) қызғанып қарсы келумен өздерін нендей жаман нәрсеге айырбастайды да олар ашу үстіне ашуға ұшырады. Қарсы болушылар үшін қорлаушы азап бар. (90)Әрқашан оларға: «Алла түсірген (Құран) ге иман келтіріңдер» делінсе: «Өзімізге түсірілгенге, иман келтіреміз» деп, олар оның тысындағы (Құран) ға қарсы болады. Олардың қасындағы Тәуратты растаушы Құран хақ. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер (Тәуратқа) иман келтірген болсаңдар, бұрын Алланың елшілерін неге өлтірдіңдер?», – де. (91)Сендерге Мұса (Ғ.С.) ашық дәлелдер әкелгеннен кейін де бұзауды тәңір жасап алдыңдар. Сендер залымсыңдар. (92)Сол уақытты еске алыңдар. Бастарыңа Тұр тауын көтеріп тұрып: «Сендерге біз берген (Тәурат) ді мықты ұстаңдар да құлақ салыңдар» деп серт алған едік. Олар: «Құлақ салдық, қарсы болдық» деді. Өйткені қарсылықтарының салдарынан жүректеріне бұзау сіңіп алған. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер (Тәуратқа) иман келтірген болсаңдар, имандарың сендерге нендей жаман нәрсені (бұзауға табынуды) бұйырған» де. (93)(Мұхаммед Ғ.С.): «Егер Алланың қасындағы ақырет жұрты, елден ерекше нағыз сендер үшін ғана болса, өлім тілеңдерші! Шыншыл болсаңдар» де. (94)Бірақ олар қолекі істеп, ілгері жіберген қылмыстары себепті сірә өлім тілемейді. Алла залымдарды толық біледі. (95)(Мұхаммед Ғ.С.) Яһудилердің жалпы адамдардан да мүшріктерден де тіршілікке (ұзын өмірге) тым құмар екенін көресің. Олардың әрбіреуі мың жылөмір сүруді арман етеді. Алайда өмір оны азаптан арашаламайды. Алла (Т.) олардың істегендерін толық көруші. (96)(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Кім Жебрейіл (Ғ.С.) ге дұшпан болса, (Алланың дұшпаны) Өйткені ол, Алланың бұйрығы бойынша бұрыңғыларды растаушы. Құранды сенушілер үшін туралық әрі қуандырушы түрде жүрегіңе қондырды. (97)Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ Жебрейіл, Мікәйіл (Ғ.С.) ғе дұшпан болса, әлбетте Алла (Т.) кәпірлерге дұшпан. (98)(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған ап-ашық аяттарды түсірдік. Оған бұзақылар ғана қарсы келеді. (99)(Яһудилер) қай қашан да бір уәде жасалса, олардың бір бөлімі оны бұзып тастамады ма? Бәлкім олардың көбі Тәуратқа да сенбейді. (100)Оларға Алла тарапынан олардың қолындағы Тәуратты растаушы Елші келген шақта, Кітап берілгендердің бір бөлімі, тіпті түк білмегендей Алланың кітабын (Тәуратты) арт жақтарына атты….» (101)(Олар Тәуратты қойып) Сүлейман (Ғ.С.) ның патшалығы заманындағы шайтандар оқыған (сиқыр) ға ілесті. Сүлейман (Ғ.С.) қарсы келмеді. (Сиқыр жасамады.) Бірақ шайтандар, адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. Олар Бабылда «Һарұт, Марұт» атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: «Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар» деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар, екеуінен: Ер-әйелдің арасын айыратынды үйренетін еді. Олар, Алладан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға (Алланың кітабының орнына сиқыр үйренгенге) ақиретте несібе жоқтығын білді. Олар, өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді. (102)Егер олар иман келтіріп, (сиқырдан) сақтанса, әрине Алла жағынан қайырлы сауап болар еді. Егер олар білген болса. (103)Әй мүміндер: «Рағина» деп айтпаңдар. «Ұнзұрна» деңдер. Әрі тыңдандар. Кәпірлер үшін күйзелтуші азап бар. (104)Сондай Кітап иелерінің қарсы болғандары және мүшріктер сендерге Раббыларың жақтан бір игілік түсуін қаламайды. Дегенмен Алла мәрхаметін қалаған кісісіне арнайды. Сондай-ақ Алла (Т.) зор кеңшілік иесі. (105)Бір аятты ауыстырсақ немесе ұмыттырсақ одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз. Әрине Алла (Т.) ның әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе? (106)Білмедің бе? Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Сендер үшін Алладан өзге не дос, не жәрдемші жоқ. (107)Немесе пайғамбарларыңнан, бұрыңғы Мұса (Ғ.С.) дан сұралған тәрізді (жоқтан өзгені) сұрағыларың келе ме? Кім иманын қарсылыққа ауыстырса, расында ол тура жолдан адасқан болады. (108)Кітап иелерінің көбі, оларға шындық айқын болғаннан кейін өз күншілдіктерінінен сендерді иманнан кейін қарсылыққа қайтаруды қалайды. Алла бір әмірін келтіргенге дейін, оларды кешіріңдер, елемеңдер. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге күші толық жетеді. (109)Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Өздерің үшін ілгері бір жақсылық жолдасаңдар, оны Алланың қасында табасыңдар. Шынында Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші. (110)Олар: «Жұмаққа Яһуди немесе Христиан ғана кіреді» деді. Бұл олардың өз ойлары ғана. (Мұхаммед Ғ.С.): «Егер сөздерің шын болса, дәлел келтіріңдер» де. (111)Олай емес, кім жүзін Аллаға жөнелтіп, өзі жақсылық істейтін болса, сонда оған Раббыңның қасында сыйлық бар, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды. (112)Кітапты оқи отырып, Яһудилер: «Христиандар еш нәрсе емес» деді. Христиандар да: «Яһудилер дәнеңе емес» деді. Сондай-ақ білмегендер де олардың айтқанындай айтты. (Араптар да: «Ислам діні еш нәрсе емес» деді.) Сонда Алла (Т.) олардың таласқандарына қиямет күні билік айтады. (113)Алланың мешіттерінде Оның аты зікір етілуіне тыйым салғаннан әрі мешітті бұзуға тырысқаннан кім залымырақ? Олардың мешітке қорыққан түрде ғана кірулері керек еді. Олар үшін дүниеде қорлық, ақыретте зор азап бар. (114)Шығыс, батыс әр тарап Аллаға тән. Сондықтан қай жаққа бет қаратсаңдар да Алланың жүзі (ризалығы) сол жақта. Расында Алла (Т.) өте кең, толық білуші. (Егер қыблаға қарау қауіп-қатерлі болса, бет алдына қарап намаз оқуға болады. (115)Олар: «Алла, бала иемденді» деді. Ол, баладан пәк. Дегенмен көктер мен жердегі нәрселер Оныкі. Олар, түгел Оған бой ұсынады. (116)Ол, көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істің болуын қаласа, сонда тек қана оған «бол» дейді. Ол, бола қалады. (117)Сондай білмегендер: «Алла, бізге ауызекі айтса, немесе бізге бір белгі келтірсе еді» деді. Бұлардан бұрынғылар да бұлардың айтқаны тәрізді айтқан болатын. Олардың жүректері ұқсас. Расында нақ иланатын елге аяттарды ашық баян еттік. (118)(Мұхаммед Ғ.С.) шынында сені қуандырушы, қорқытушы етіп, хақиқат бойынша жібердік, тозақтықтардан жауапкер емессің. (119)(Мұхаммед Ғ.С.) олардың діндеріне ермейінше, Яһуди де Христиан да сірә сенен разы болмайды. Оларға: «Әрине Алланың жолы сол тура» де. Өзіңе мәлімет келгеннен кейін егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Алла тарапынан саған не дос не жәрдемші болмас. (120)Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. (Бұлар Ғабдолла Сәлем Ұлы және Хабаштықтар.) Кім Кітапқа қарсы келсе, сонда олар зиян етушілер. (121)Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді және сендерді әлемге үстем қылғанымды еске алыңдар. (122)Және сондай күннен қорқыңдар. Ол күнде біреу үшін біреу күймейді де ешкімге болысу пайда бермейді. Сондай-ақ олар, ешкімнен көмек көре алмайды. (123)Сол уақытты еске ал! Ыбырайым (Ғ.С.) ды Раббы сөздермен сынады. Сонда ол, оларды толық орындады. Алла: «Әрине сені адамдарға басшы қыламын.» деді. Ол: «Ұрпақтарымнан да ете көр!»,- деді. Алла: «(Ұрпақтарыңнан) залымдар сертіме жете алмайды» деді. (124)Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық. Ыбырайым (Ғ.С.) ның орнынан намаз орны қылып алыңдар. Және Ыбырайым, Ысмайыл (Ғ.С.) екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рүкүғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп, уәде алғанбыз. (125)Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! және оның тұрғындарынан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр» деп, жалбарынды. (Раббы): «Кім қарсы болса, оны да аз (күнгі дүниеде) пайдаландырамын, сонан соң оны (ақыретте) от азабына зорлаймын. Ол, барар орынның жаманы» деді. (126)Сол уақта Ыбырайым мен Ысмайыл (Ғ.С.) үйдің (Қағбаның) ірге тасын көтере: «Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толық білушісің.» (127)«Раббымыз, екеумізді де өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымыздан да өзіңе бой ұсынушы бір үммет қыла көр, әрі бізге хаж амалдарымызды көрсетіп, тәубелерімізді қабыл айла, әлбетте Сен өзің тәубені қабыл етуші, ерекше мейрімдісің!» (128)«Раббымыз ұрпағымыздың ішіне өздерінен, оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың» (деп жалбарынды. Ыбырайым Ғ.С. ның тілегі бойынша Мұхаммед Ғ.С. елші болып келді. (129)Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолынан бет бұрады? Расында оны дүниеде таңдадық әрі күдіксіз ол, ақыретте де игілерден болады. (130)Бір кезде Раббы оған: «Бой ұсын!»,- деді. Ол: «Бүкіл әлемнің Раббына бой ұсындым» деді. (131)Ыбырайым (Ғ.С.) бұны ұлдарына өсиет етті және Яғқұп (Ғ.С.) да: «Әй ұлдарым! Әрине Алла сендер үшін осы дінді ұнатты, сондықтан сендер нағыз Мұсылман болып өліңдер» деді. (132)Яғқұп (Ғ.С.) қа өлім келген сәтте, балаларына: «Неменеге құлшылық қыласыңдар?»,- дегенде, барма едіңдер? Сонда олар: «Сенің Тәңіріңе, аталарыңның Тәңіріне: Ыбырайым, Ысмайыл, Ысхақтың бір-ақ Тәңіріне құлшылық қыламыз. Сондай-ақ Соған бой ұсынамыз» деген еді. (133)Міне солар бір үммет еді, өтіп кетті. Олардың еңбектері өздеріне, сендердің еңбектерің өздеріңе, сендер олардың істегендерінен сұралмайсыңдар. (134)Олар: «Яһуди немесе Христиан болыңдар, тура жолда боласыңдар» деді. (Мұхаммед Ғ.С.) олай емес, Ыбырайым (Ғ.С.) ның тұп-тура жолындамыз, ол ортақ қосушылардан емес еді» де. (135)Және оларға: «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға әрі Ыбырайым, Ысмайыл, Ысхақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ға берілген нәрселерге сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. (Бәріне де сенеміз) және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз» деңдер. (136)Сонда олар, егер сендер сенген сияқты сенсе, онда рас тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар, мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да Алла сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Алла, (Т.) естуші, әр нәрсені білуші. (137)Өң Алланыкі, Өң (беру) де Алладан кім артық? Сондықтан біз Оған құлшылық қыламыз. (138)(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Біздің де сендердің де Раббыларың Алла жайында бізбен таласасыңдар ма? Біздің істегеніміз бізге, сендердің істегендерің, сендерге тән. Біз Аллаға нағыз ықыластымыз» де. (139)Немесе сендер: «Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп және ұрпақтары: Яһуди не Христиан еді» дейсіңдер ме? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендер жақсы білесіңдер ме? Алла жақсы біле ме?»,- де. Жанындағы Алланың куәлігін (Алла білдіргенді) жасырғаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла (Т.) істегендеріңнен ғапыл емес. (140)Олар өтіп кеткен бір үммет, олардың еңбектері оларға, сендердің еңбектерің сендерге тән. олардың істеген істерінен сендер сұралмайсыңдар. (141)Адамдардың кейбір ақымақтары: «Оларды, қарап тұрған қыбласынан не нәрсе бұрды?»,- дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Шығыс та батыс та Аллаға тән. Ол, қалағанын тура жолға салады» де. (142)Осылайша сендерді (артық, кемсіз) орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін. Қарап тұрған қыблаңды, теріс бағынатын біреулерден пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла, тура жолға салғандардан басқаға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақ ерекше мейірімді. (143)(Мұхаммед Ғ.С.) жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз. Сондықтан өзің разы болған қыблаға айналдырамыз. Енді жүзіңді «Месжід Харам» жаққа бұр. (Мүміндер) қай жерде болсаңдар да: Жүздеріңді сол жаққа жөнелтіңдер. Расында өздеріне кітап берілгендер, негізінен қыбланың ауысуын Раббыларынан бір шындық екенін біледі. Алла олардың істегендерінен ғапыл емес. (144)(Мұхаммед Ғ.С.) ол кітап берілгендерге әр түрлі мұғжизаны келтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді (қосылмайды). Ал, сен де олардың қыбласына қосылушы емессің. Сондай-ақ олар да бір-біреулерінің қыблаларына ілеспейді. Өзіңе мұншалық мәлімет келгеннен кейін, олардың ойларына еліктесең, әлбетте сен анық залымдардан боласың. (145)Өздеріне кітап бергендеріміз (Мұхаммед F.C. ды) ұлдарын танығандай таниды. Негізінен олардан бip тобы (ғалымдары) шындықты біле тұра жасырады. (146)(Мұхаммед F.C.) хақиқат Раббыңнан келген. Сондықтан сірә күдіктенуші бола көрме. (147)Әркімнің бip бет алатын қыбласы бар. Сонда жақсылыққа жарысыңдар. Қайда болсаңдар да Алла барлығыңды бір араға жинайды. Күдіксіз Алла (Т.) ның әр нәрсеге күші жетеді. (148)Қайдан (жолға) шықсаң да жүзіңді Месжід Харам жаққа қарат. Өйткені ол, Раббыңнан 6ip хақиқат. Алла (Т.) не істегендеріңнен ғапыл емес. (149)Және қайдан (жолға) шықсаң да жүзіңді Месжід Харам жаққа қарат. (Әй мүміндер!) Қайда болсаңдар да (намазда) жүздеріңді солай қаратыңдар. Адамдар үшін сендерге қарсы бip дәлел болмасын. (Яһудилер: “Бұлар Ыбырайым F.C. ның дінінде болса, неге Кағба жаққа қарамады?” демесін.) Бipaқ олардың залымдары айта бepeдi. Олардан қорықпаңдар. Сендерге нығметтерімді толықтауым және тура жолда болуларың үшін Менен қорқыңдар. (150)Іштеріңе, өздеріңнен аяттарымды оқитын, сендерді тазартатын және сендерге Құранды әpi үкімдерін үйрететін сондай-ақ білмегендеріңді үйрететін Елші жібергеніміз сияқты… (151)Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар. (152)Әй мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла (Т.) сабыр етушілермен бipгe. (153)Алла жолында өлтірілгендерді (шәһиттерді) олар өлі демеңдер, олар тipi, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар. (154Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! (155)Қашан оларға бip қайғы жетсе: “Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз” деді. (156)Miнe соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мәрқамет бар. Әpi олар тура жолдағылар. (157)Негізінде “Сафа, Мәруе” Алланың белгілерінен. Сонда кім хаж немесе умра орындаса, ол екеуін де тауап етудің оқасы жоқ. Кімде-кiм артықша бip қайыр icтece, Алла шүкіршілікті қадырлаушы, толық білуші. (158)Негізінен бiз ап-ашық үкімдерді әpi тура жолды Кітапта адамдарға баян еткеннен кейін жасырғандар, соларға Алла лағынет етеді әpi барлық лағынет етушілер лағынет етеді. (159)Бірақ тәубе еткендер, жағдайларын түзелткендер және шындықты баян еткендер басқа. Міне солардың тәубесін қабыл етуші, ерекше мейірімдімін. (160)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 536; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.