Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

АЛИ ИМРАН 4 страница




Расында сендер өлімге кездесуден бұрын оны тілеуші едіңдер. Ал енді оны көрдіңдер де, қарап тұрсыңдар. (143)Мұхаммед (Ғ.С.) бір елші ғана, одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе не өлтірілсе, сендер сонда өкше (із) леріңе айналасыңдар ма? (Қайта кәпір боласыңдар ма?) Кім өкше ізіне қайтса Аллаға ешбір зиян келтірмейді. Сондай-ақ Алла, шүкір етушілерді сыйлайды. (144)Алланың бұйрығы болмайынша ешкім өлмейді, ол жазулы бір мерзім. Кім дүниенің пайдасын тілесе, оған одан береміз. Ал кім ақырет пайдасын қаласа, оған одан береміз. Сондай-ақ шүкірлік етушілерді сыйлаймыз. (145)Қаншалаған пайғамбар онымен бірге көптеген құдайшылдар соғысқан болатын; сонда бастарына келгенге олар босамады да осалдамады. Сондай-ақ именбеді. Алла қажырлыларды жақсы көреді. (146)Ал олардың сөздері: «Раббымыз! Күнәларымызды, ісіміздегі орынсыздықтарымызды кеше көр әрі табанымызды мықтап, кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!»,- деу ғана еді. (147)Сондықтан Алла (Т.) оларға дүние пайдасын беріп, ақырет пайдасының ең көркеміне бөледі. Алла жақсылық істеушілерді сүйеді. (148)Әй мүміндер! Егер кәпірлерге бой ұсынсаңдар, сендерді кері қайтарады. Сонда зиян етушілерге айналасыңдар. (149)Әрине иелерің Алла, Ол нұсрат берушілердің жақсысы. (150)Ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға ортақ қосулары себепті кәпірлердің жүректеріне қорқу саламыз. Сондай-ақ олардың орындары от. Залымдардың орны нендей жаман! (151)Расында Алла, сендерге деген уәдесін шындыққа айналдырып, Оның бұйрығымен оларды өлтіре бастадыңдар. Дегенмен Алла өздеріңе сүйген нәрселеріңді көрсеткеннен кейін, осалдық қылып, берілген әмір жайында таластыңдар да қарсы келдіңдер. Сендерден біреулер дүниені қалайды да біреулер ақыретті қалайды. Сонсоң Алла сендерді сынау үшін олардан беттеріңді қайтарды да онымен қатар кешірім етті. Алла мүміндерге кеңшілік иесі. (152)Сол уақытта Пайғамбар арттарыңнан шақырса да ешкімге қайрылмай ұзап бара жаттыңдар. Алла, сендерді қолдарыңнан кеткенге де бастарыңа келгенге де кейімеулерің үшін қайғыға ұшыратты. Алла (Т.) не істегендеріңді толық біледі. (153)Сонсоң (Алла) сендерге қайғыдан кейін тыныштық ұйқысын жіберді де сендердің бір бөлімдеріңді баурап алды. Және бір топтың, жандары қайғы болып, олар Аллаға орынсыз надандық ой ойлады. Олар: «Бұл істе бізде не ерік бар?»,- десті. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Барлық іс Алланың еркінде» деп айт. Ал олар іштеріңде жасырған нәрселерін саған әшкерелемейді. Тағы олар: «Іс біздің еркімізде болса еді, осы жерде өлтірілмес едік» дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер сендер үйлеріңде болсаңдар да өлтірілуі жазылғандар, әрине өлтірілетін жерлерінде болар еді» деп айт. Алла көкіректеріңдегіні сынау және жүректеріңдегіні тазарту үшін өстіді. Сондай-ақ Алла көкейлеріндегіні толық білуші. (154)Шын мәнінде (Ұхыт соғысы күні) екі топ кездескен сәтте, сендерден бет бұрғандарды кейбір қылықтарының салдарынан шайтан мүлде тайдыра жаздады. Расында Алла оларды кешірім етті. Шәксіз, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (155)Әй мүміндер! Кәпірлер сияқты болмаңдар! Олар жер жүзінде кезіп жүрген немесе соғыста болған туыстары үшін: «Егер олар жанымызда болса еді, өлмес те өлтірмес те еді» деді. Алла бұны олардың жүректеріңе қасірет қылу үшін өстіді. Алла тірілтеді де, өлтіреді. Сондай-ақ Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші. (156)Егер Алла жолында өлтірілсеңдер немесе өлсеңдер, әрине Алланың жарылқауы әрі мәрхаметі олардың барлық жиған-тергендерінен жақсы. (157)Егер өлсеңдер не өлтірілсеңдер де әрине Алланың алдына жиналасыңдар. (158)(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан қарар берсең, Аллаға тәукел ет. Негізінен Алла тәуекелшілерді жақсы көреді. (159)Егер Алла сендерге нұсрат берсе, сонда сендерге үстем келуші болмайды. Ал егер Алла сендерді тастаса, (жәрдем қылмаса,) одан кейін сендерге кім жәрдем етеді? Сондай-ақ мүміндер Аллаға тәуекел етсін. (160)Бір пайғамбар үшін олжаға қаралық істеуі мүмкін емес. Ал егер кім қаралық істесе, қиямет күні қаралық істеген нәрсесімен келеді. Сонсоң әркімнің еңбегі толық беріледі. Сондай-ақ олар зұлымдыққа ұшырамайды. (161)Алланың ризалығын іздеген кісі, Алланың ашуына ұшырап, орны тозақ болған кісімен тең бе? Ол нендей жаман орын. (162)Олар Алланың қасында түрлі дәрежелерде болады. Сондай-ақ олардың не істегендерін толық көруші. (163)Расында Алла (Т.) мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді. (164)Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға, өздерін ұшырағандықтан: «Бұл қайдан келді?»,- дедіңдер. (Ұхытта Мұсылманнан жетпіс кісі шейіт болған болса, Бәдірде кәпірден жетпісі өліп, жетпісі қолға түскен еді.) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Ол өз пиғылдарыңнан» деп айт. Шәксіз Алланың әр нәрсеге күші жетуші. (165)Ал және сендерге (Ұхытта) екі топ қарсыласқан күнгі тиген соққы, Алланың бұйрығымен мүміндерді байқау үшін еді. (166)Сондай-ақ мұнапықтарды да байқау үшін… Ал оларға: «Келіңдер, Алла жолында соғысыңдар, не қорғанысқа тұрыңдар» делінсе, олар: «Егер соғысуды білсек, әрине арттарыңнан ерер едік» деді. Олар ол күні иманнан көрі қарсылыққа жақынырақ еді. Олар жүректерінде болмағанды ауыздарымен айта береді. Негізінде Алла, олардың жасырын нәрселерін жақсы біледі. (167)(Мұхаммед Ғ.С.) өздері отырып, туыстарына: «Егер тілімізді алса еді, олар өлтірілмес еді» дегендерге: «Сөздерің шын болса, өлімді өздеріңнен кетіріңдер» деп айт. (168)Алла жолында өлтіргендерді өлі деп ойлама, әрине олар тірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөлендіріледі. (169)Олар Алланың кеңшілігімен өздеріне берген нәрселеріне мәз-мейрам болады да, әзірше өздеріне қосылмай арттарында қалғандарды да: «Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды» деп шүйіншілегілері келеді. (170)Тағы олар Алладан болған нығметке, кеңшілікке қуанады. Шынында Алла мүміндердің сауабын жоймайды. (171)Өздері соққы жегеннен кейін де Алла және Елшісінің нұсқауларын қабылдағандар сондай-ақ олардың жақсылық істеп, тақуа болғандары үшін зор сыйлық бар. (172)

Оларға адамдар: «Сендер үшін ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар» деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды да олар: «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы ие» деді. (173)(Ұхыт соғысының келер жылы Мекке кәпірлері Мединеге келіп: «Соғысуға жиналып жатыр» деген хабарды алған Мұсылмандардың жігері қайнап, жолға шыққанда, жау қорқып, қайтып келіп, Мұсылмандар аман-есен пайдаланып қайтады.) Сондықтан олар Алланың нығметі және кеңшілігімен бір сәтсіздікке ұшырамай Алланың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Алла (Т.) зор кеңшілік иесі. (174)Негізінен шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан олардан қорықпаңдар да Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар. (175)(Мұхаммед Ғ.С.) олардың қарсылыққа жарысулары сені кейітпесін. Өйткені, олар Аллаға әсте зиян келтіре алмайды. Алла оларға ақыретте бір несібе бермеуді қалайды. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар. (176)Негізінен сондай иманның орнына қарсылықты айырбастағандар, олар да Аллаға ешбір зиян бере алмайды және олар үшін күйзелтуші азап бар. (177)Ал және сондай қарсы болғандар, негізінен оларға мұрса беруімізді, өздеріне қайырлы деп әсте ойламасын. Шын мәнінде күнәларын арттырсын деп қана орай береміз. Сондай-ақ олар үшін қорлаушы қинау бар. (178)Алла, мүміндерді осы сендер болған күйде, жақсыдан жаманды айырмай қоюшы емес. Әрі сендерге көместі де білдірмейді. Бірақ елшілерінен қалағанын таңдап, соған білдіреді. Ендеше, Аллаға, елшілеріне иман келтіріңдер егер иман келтіріп, тақуа болсаңдар, Сонда сендер үшін зор сыйлық бар. (179)Алланың кеңшілігінен өздеріне берген нәрселеріне сараңдық істегендер, олардың сараңдық қылған нәрселері, қиямет күні өздерінің мойындарына оралады. Сондай-ақ көктер мен жердің мирасы Алланікі. Әрі Алла олардың не істегендерін толық біледі. (180)Әрине олардың: «Алла кедей, біз баймыз» деген сөздерін Алла естіді. Олардың айтқандарын және жазықсыз пайғамбарларды өлтіргендерін жазамыз да, оларға: «Күйдіруші азапты татыңдар!»,- дейміз. (181)Бұл қолекі істегендеріңнің сазайы. Шәксіз Алла, құлдарына зұлымдық қылушы емес. (182)Сондай: «Расында Алла (Т.) бізге от жеп кететін бір құрбан келтірмейінше, ешбір пайғамбарға иман келтірмеуімізге серт берген» дегендерге (Мұхаммед Ғ.С.): «Сендерге менен бұрынғы пайғамбарлар ашық дәлелдерді сондай-ақ айтқандарыңды келтірген еді. Егер сөздерің рас болса, оларды неге өлтірдіңдер?»,- деп айт. (183)(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар сені мойындамаса, сенен бұрыңғы ашық дәлелдер, нұсқалар және түрлі кітап келтірген пайғамбарларды да мойындамаған еді. (184)Әркім өлім татады. Шын мәнінде қиямет күні ақыларың толық төленеді. Сонда кім оттан құтқарылып жұмаққа кіргізілсе, рас құтылды. Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі. (185)Малдарың және жандарың жайында әрине сыналасыңдар; сондай-ақ сендерден бұрыңғы кітап берілгендерден және мүшріктерден де көптеген реніш естисеңдер. Егер сабыр етсеңдер әрі сақсынсаңдар; шәксіз бұл маңызды істер. (186)Сол уақытта Алла (Т.) Кітап берілгендерден: «Әлбетте оны адамдарға түсіндіріңдер, жасырмаңдар» деп, сенім алған. Дегенмен олар, оны арт жақтарына тастады. Әрі олар оны аз бір бағаға айырбастап алды. Сонда олар нендей жаман нәрсе сатып алды. (187)(Мұхаммед Ғ.С.) сондай істегендеріне мәз болып, істемегендерімен де мақтауларын сүйгендерді есепке алма. Сондай-ақ оларды азаптан құтылады деп әсте ойлама. Өйткені олар үшін жан түршігерлік азап бар. (188)Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Алла (Т.) ның әр нәрсеге толық күші жетеді. (189)Шәксіз көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар. (190)Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!» (191)«Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ.» (192)«Раббымыз! Біз: Раббыларыңа иман келтіріңдер (деп) шақырған шақырушыны естіп, иман келтірдік. Раббымыз! Енді күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды жасыр. Және жақсылармен бірге өлім бер!» (193)«Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер. Сондай-ақ бізді қиямет күні қорлама. Күдіксіз Сен уәдеден айнымайсың» (деп тілейді) (194)Сонда олардың Раббылары тілектерін қабыл етті: «Шын мәнінде Мен сендерден еркек, әйел амал істеушілердің амалын зая қылмаймын. Бір-біріңненсіңдер. (Бәрің бірдейсіңдер.) Және сондай босқандардың, жұрттарынан шығарылғандардың және Менің жолымда жапа шектірілгендердің, соғысқандардың, өлтірілгендердің жамандықтарын жасырамын. Сондай-ақ оларды астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземін. Сыйлық Алланың қасынан. Әрине сыйлықтың жақсысы Алланың қасында.» (195)(Мұхаммед Ғ.С.) қарсы болғандардың, мемлекеттерде айналып (кезіп) жүруі сені алдамасын. (196)Аз бір пайдаланудан кейін олардың орны тозақ, нендей жаман орын. (197)Бірақ сондай Раббыларынан қорыққандар, олар үшін астарынан өзендер ағатын бақшалар бар. Олар Алла тарапынан қонақ үйлерде қалады. Алланың қасындағылар игілерге жақсы. (198)Шын мәнінде Кітап иелерінен Аллаға иман келтіріп, сендерге түсірілген әрі өздеріне түсірілген нәрселерге Алладан қорыққан түрде сенетіндері де бар. Сондай-ақ олар Алланың аяттарын аздаған бағаға сатпайды. Міне солар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Алла (Т.) тез есеп көруші. (199)Әй мүміндер! Әр нәрсеге сабырлы, жауға шыдамды және қорғанысқа дайын болыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар әрине құтыласыңдар. (200)

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 327; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.