Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

МУМИНУН 2 страница




Алланың нығметтеріне шүкір етуші еді. Алла, оны таңдап, тура жолға салды. (121) Оған дүниеде жақсылық бердік. Сондай-ақ ол, ақыретте де әлбетте игілерден болады. (122) (Мұхаммед Ғ.С.) Сонан соң саған, хаққа бейім Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолын қууыңды уахи еттік. Ол серік қатушылардан болған емес. (123) Шын мәнінде сенбі; ол жайында таласқандарға (мереке) күні қылынды. (Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың, қиямет күні, олардың араларындағы таластарға үкім береді. (124)Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың Ол, тура жол тапқандарды да жақсы біледі. (125)Егер дұшпанға жаза берсеңдер, өздеріңе істелген тәрізді ғана істеңдер. Егер сабыр қылсаңдар, әрине Ол, сабырлылар үшін қайырлы болады. (126)(Мұхаммед Ғ.С.) сабыр ет! Сабыр етуің Алланың ғана мәрхаметі. Оларға кейіме де олардың істеген мекерлеріне тарылма! (127)Шынында Алла, тақуалармен, сондай-ақ жақсылық істеушілермен бірге. (128)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші. (1)Мұса (Ғ.С.) ға Кітап бердік те оны Исраил ұрпақтарына: “Менен өзгені ие тұтпаңдар!”,-деп жолбасшы қылдық. (2)Әй Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеге) түсіргендеріміздің ұрпақтары! Күдіксіз ол, шүкір етуші бір құл еді. (3)Кітапта Исраил ұлдарына: “Әрине жер жүзінде екі рет бұзғыншылық қылып, өте тәкаппарланасыңдар” деп ескерттік. (4) Екі уәденің алғашқысы келген кезде, оларға, қатты жауынгер құлдарымды жібердік те олар үйлердің араларына дейін кірді. Бұл орындалатын уәде еді. (5) Сонсоң сендерді оларға үстем қылдық. Әрі сендерді малдар, балалар арқылы қуаттап, сан жағынан да молайттық. (6) Егер игілік істесеңдер, өздерің үшін; Жамандық істесеңдер тағы өздеріңе тән. Екінші уәделі мезгіл келген кезде; беттеріңді бұзып, қынжылту үшін және алғашқы кіргендеріндей Месжід Ақсаға кіріп, тас талқан қылулары үшін (жібердік). (7) Мүмкін Раббыларың мәрхамет етер. Егер қайталасаңдар, Біз де қайта жазалаймыз. Сондай-ақ жаһаннамды кәпірлерге зіндан қылдық. (8) Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді. (9) Рас ақыретке сенбегендер үшін күйзелтуші азап әзірледік. (10) Адам баласы жамандықты жақсылық тілегендей тілейді. Негізінен адам баласы тым шыдамсыз. (11) Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп, күндізді; Раббыларыңның кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардың санын; заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені ашық баян еттік. (12) Әр адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі. (13) “Кітабыңды оқы. Бүгін есеп беру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің” (делінді) (14) Кім тура жолда жүрсе, шын мәнінде өзі үшін тура жолда жүреді. Ал кім адасса, сонда ол өз зиянына ғана адасады. Ешкім басқаның күнәсін көтермейді. Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз. (15) Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (үкім) шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз. (16) Нұх (Ғ.С.) тан соң ғасырлар бойы қаншалағанды жоқ еттік. (Мұхаммед Ғ.С.) Раббың құлдарының қылмыстарын білу, көруде жетіп асады. (17) Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз Сонсоң оны жаһаннамға саламыз. Ол, оған қорланып, мәрхаметке зақ болған түрде кіреді. (18) Ал кім мүмін болған түрде, ақыретті қалап, сол үшін тырысса, міне солардың тырысулары шүкірге (қабылдануға) лайық. (19) (Мұхаммед Ғ.С.) дүние тілеген бұларға да ақырет тілеген оларға да Раббыңның мәрхаметінен береміз. Негізінен Раббыңның берері тыйылмайды. (20) Олардың кейбіреулерін, кейбіреулерінен қалайша үстем қылғанымызға қара! Әрине ақырет, дәрежелер тұрғысынан тағы ірі, артықшылық жағынан да тағы зор. (21) Алламен бірге басқа тәңір жасама! Онда қорланған түрде отырып қаласың. (22) Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. (23) Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”,-де. (24) Раббыларың іштеріңдегі нәрселерді жақсы біледі. Егер игілерден болсаңдар, негізінде Алла, бойсұнушыларды жарылқайды. (25) Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар. (26) Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббыңа өте қарсы. (27) Раббыңның мәрхаметін іздеп, үміт еткен түрде жалтақтасаң, (қолыңда болмағандықтан бере алмасаң) онда оларға сыпайы сөйле. (28) Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа (өте сараң болма да бір-ақ берме). Онда сөгіске ұшырап, таршылықта қаласың. (29) Шынында Раббың қалаған кісісіне несібесін кеңітіп, тарылтады. Күдіксіз Ол құлдарынан толық хабар алушы, көруші. (30) Бір де кедейшіліктен қорқып, баларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да сендерді де қоректендіреміз. Расында оларды өлтіру зор қателік. (31) Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және жаман жол. (32) Алла, арам еткен кісіні өлтірмеңдер! Бірақ тиісті болса өлтіріледі. Ал біреу жазықсыз өлтірсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік. Өлтіруде шектен аспасын. Өйткені, оған жәрдем етіледі (өш әперіледі). (33) Жетімнің малына жоламаңдар. Бірақ ол, ержеткенге дейін жақсылап шығысуға болады. Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады. (34)

Өлшегенде тура өлшеп, тура таразымен тартыңдар! Осы қайырлы нәтиже тұрғысынан да жақсы. (35) Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады. (36) Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың. (37) Осы барлық жаман нәрселер, Раббыңның қасында жек көрілген. (38) (Мұхаммед Ғ.С.) міне осы, Раббыңның саған уахи еткен хикметінен; Алла мен бірге басқа тәңір жасама: Сөгіс берілген, мәрхаметтен қуылған түрде тозаққа тасталасың. (39) Раббыларың сендерге ұлдарды арнап, өзіне періштелерден қыз етіп алды ма? Шынында әлбетте ауыр сөз сөйлейсіңдер. (40) Расында бұл Құранды насихат үшін қайта-қайта баян еттік. Дегенмен олардың жиреніштерін ғана арттырды. (41) (Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Алла мен бірге олардың айтқандарындай тәңір болса еді, онда әрине ғаршының иесіне бір жол іздер еді. (42) Алла (Т.) олардың айтқан нәрселерінен пәк, үстем, ірі. (43) Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар. Шынында Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы. (44) (Мұхаммед Ғ.С.) сен қашан Құран оқысаң сенімен ақыретке сенбегендердің арасына көмес бір перде жасаймыз. (45) Олардың жүректеріне Құранды түсінулеріне кедергі және құлақтарына қаға беріс жасадық. Құранда Раббыңды бір ғана деп еске алған кезіңде, олар жирен түрде арттарына бұрылып кете береді. (46) Біз, олар сені тыңдағанда, қайтып тыңдағандарын және өзара сыбырласқанда залымдардың: “Сендер, жадыланған біреуге ғана ілесесіңдер” дегендіктерін жақсы білеміз. (47) Қара! Олар қандай мысалдар берді (ақын, сиқыршы, бақсы, жынды деді). Олар, сөйтіп адасты. Олар енді жол таба алмайды. (48) Олар: “Біз, сүйектер және қоқыс болған кезде, жаңа бір жаратылыспен қайта тірілеміз бе?”,-деді. (49) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Тас болыңдар” де. (50) “Әлде тіпті ойларыңдағы ең зор жаратылыс болыңдар (қайта тірілтілесіңдер). ”Сонда олар: “Бізді кім қайта тірілтеді?”,-дейді. “Жақында болатын шығар” де. (51) Сендерді шақырған күні, Оны дәріптей қабылдап, (қабірде) аз ғана жаттық деп ойлайсыңдар. (52) Құлдарыма айт! “Ең сыпайы түрде сөйлесін. Өйткені, шайтан араларына бұзақылық салар. Расында шайтан адамдар үшін ашық дұшпан”. (53) Раббыларың сендерді жақсы біледі. Қаласа, мәрхамет етеді де қаласа, азап етеді. Сені оларға қорғаушы етіп, жібермедік. (54) Раббың көктер мен жердегі әркімді жақсы біледі. Расында пайғамбардың біреулерінен, біреулерін артық қылдық. Сондай-ақ Дәуітке Зәбүрді бердік. (55) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Алладан өзге (тәңір деп) ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың, қиыншылықтарыңды айықтыруға, сендерден бұрып, жіберуге шамалары келмейді” де. (56) Олардың сиынғандары; Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде Раббыңның азабы сескенуге тиісті. (57) Біз қиямет күнінен бұрын жоқ етпеген немесе қатты азапқа ұшыратпаған ешбір кент болмас. Бұлар, Кітапта (Лаухыл Махфұзда) жазулы. (58) Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаны жасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмүд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде мұғжизаларымызды үрейлендіру үшін ғана жібереміз. (59) (Мұхаммед Ғ.С.) бір кезде саған: “Негізінде Раббың адамдарды баураған” деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді және Құрандағы қарғалған ағашты адамдарға бір сынақ қылдық (өйткені, Миғраж уақиғасына да, тозақтағы Заққұм ағашына да сенбеген). Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырады. (60) Сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар!”,-дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай: “Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?”,-деді. (61) Ібіліс: “Осы, менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте ұрпақтарыңның өте азынан басқасын қырыма бір аламын” деді. (62) (Алла): “Кет! Енді олардан кім саған ерсе, сонда рас жазаларың жаһаннам болады. Толық бір жаза” деді. (63) “Олардан шамаң келгенін даусыңмен әуліктір. Және оларға, атты, жаяу түрде келіп, байбаламдап, дүрліктір. Сондай-ақ олардың малдарына, балаларына (арамдық араластырып) ортақ бол. Оларға жалған уәде бер.” Негізінде шайтан оларға алдаудан басқа уәде бере алмайды. (64) “Шынайы құлдарым болса, оларға ықпалың жүрмейді. Раббым уәкілдікте жетік.” (65) Раббыларың сондай Алла; өзінің кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін теңізде кеме жүргізеді. Өйткені, Ол, сендерге өте мейірімді. (66) Сендер теңізде бір қиыншылыққа душар болған сәтте, Алладан басқа сиынғандарың жоқ болады. Ал енді сендерді құтқарып, қырға шығарса, жалт бересіңдер. Негізінде адам баласы тым нәсүкір. (67) Алланың құрылықта да сендерді жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты боран жіберуінен қауіпсізсіңдер ме? Соңыра өздеріңе бір болысушы таба алмайсыңдар. (68) Не сендерді қайтадан теңізге қайтарып, қарсылықтарыңның салдарынан бір құйын жіберіп, суға батыруынан бейбітсіңдер ме? Сонда сендерге болысып, бізді қуалаушы таба алмайсыңдар. (69) Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық. (70) (Мұхаммед Ғ.С.) бір күні бүкіл адам баласын бастықтарымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оңынан берілсе, міне солар, кітаптарын оқиды. Оларға қылдай қиянат болмайды. (71) Бұл дүниеде шындықты көрмегендер, ақыретте соқыр әрі жолдан адасқан болды. (72) (Мұхаммед Ғ.С.) олар сені, саған уахи еткенімізден басқа нәрсені, бізге жала жапсыртып бұзуға жақындады. Сол уақытта олар, сені дос тұтады. (73) Егер біз сені бекемдемесек еді, әрине оларға біраз бейімдеуге жақындар едің. (74) Егер ондай болса, саған тіршілікте де, қайтыс болғаннан кейін де әлбетте еселеп азап таттырар едік. Сосын өзіңе, бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің. (75) (Мұхаммед Ғ.С.) олар сені, түрткі салып, жерден (Меккеден) шығара жаздады. Сонда олар, сенен кейін өте аз тұрады. (76) Расында сенен бұрын жіберген елшілерімізде де жол осы еді (елшілерді қуғандар, опа таппаған еді). Біздің жолымызда ешбір өзгеріс таппайсың. (77) Түс қиғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы (бесін, екінті, ақшам және жашыйық намаздары). Әрі таң намазын оқы. Күдіксіз таң намазына періштелер де қатынасады. (78)

(Мұхаммед Ғ.С.) Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі. (79) (Мұхаммед Ғ.С.): “Раббым! Мені (кірер жеріме) шындықпен кіргіз де (шығар жерімнен) шындықпен шығар. Әрі маған өз қасыңнан жеңіс көмек ет” де. (80) “Ақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады” де. (81) Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі. (82) Біз адам баласына нығмет берген кезде, жалтайып, бір жағына қыңырайып алды. Қашан оған бір сәтсіздік жетсе, мүлде күдер үзеді. (83) (Мұхаммед Ғ.С.): “Әркім өз жөн көргенін істейді. Сонда Раббың, кімнің тура жолда екенін жақсы біледі” де. (84) (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен (рух) жан туралы сұрайды: “Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді” де. (85) Әрине қаласақ, саған уахи еткен Құранды алып алар едік. Кейін Бізге қарсы бір жар таба алмас едің. (86) Бірақ Раббыңның мәрхаметі бойынша қалдырдық. Өйткені, саған, Раббыңның кеңшілігі тым зор. (87) (Мұхаммед Ғ.С.): “Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар, бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды” де. (88) Расында Біз бұл Құранда адам баласы үшін әр нәрсенің мысалын ашалап, баян еттік. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді. (89) Олар: “Бұл жерден сен бізге, бастау ағызғанға дейін саған әсте сенбейміз” деді. (90) “Немесе сенің құрмадан, жүзімнен бір бақшаң болсын. Сонда оның араларынан өзендер ағызып қоярсың”. (91) “Не ойлағаныңдай аспанды үстімізге кесек түрінде түсірерсің. Яки Алланы, періштелерді бетпе-бет келтірерсің.” (92) “Не болмаса, алтыннан бір үйің болсын. Яки аспанға шығарсың. Сонда да бізге оқитын бір Кітап түсірмейінше, көкке шыққандығыңа әсте сенбейміз” деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Раббымды пәктеймін! Мен бір адам баласы Пайғамбар ғанамын” де. (93) Адам баласына Пайғамбар, тура жол (Құран) келтірген кезде, олардың: “Алла адамды пайғамбар қылып, жіберді ме?”, – деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгет болды. (94) (Мұхаммед Ғ.С.): “Егер жер жүзінде бейбіт жүргендер, періштелер болса еді, әрине оларға көктен періште елші жіберер едік” дегенді айт. (95) Оларға: “Алла сендер мен менің арамда куәлік тұрғысынан жетіп асады. Шын мәнінде Ол, құлдарынан толық хабар алушы, аса қырағы” де. (96) Алла кімді оңғарса, сонда ол тура жолда. Алла кімді адастырса, оған Алладан өзге жәрдемші таба алмайсың. Біз оларды қиямет күні, бетімен жер басқан, сақау және саңырау түрде жинаймыз. Орындары тозақ, толастаған сайын оларға жалынын арттыра түсеміз. (97) Бұл олардың сазайы. Өйткені, олар аяттарымызға қарсы келді. Және: “Біз сүйектер тіпті қоқым топырақ болып кеткен кезде; жаңадан жаратылып, тірілеміз бе?”, – деді. (98) Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың; өздері сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар үшін бір белгілі мерзім жасаған; онда әсте шек жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, мүлде қарсы келді. (99) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер сендер Раббымның рахметінің қазынасына ие болсаңдар, сол уақытта да оның жұмсалып кетуінен қорқып, әрине үнемшілік істер едіңдер. Өйткені, адам баласы тым сараң” де. (100) Расында Мұса (Ғ.С.) ға тоғыз ашық мұғжиза берген едік. (Мұхаммед Ғ.С.) Исраил ұрпақтарынан сұра: Мұса оларға келген кезде, Перғауын: “Әй Мұса! Әрине сені сиқырлаған деп ойлаймын” деген еді. (101) Мұса (Ғ.С.): “Расында сен бұлардың; көктер мен жердің Раббы түсірген көрнеу мұғжизалары бар екенін білесің. Әй Перғауын? Шын мәнінде мен, сені типыл болады деп ойлаймын”, – деген еді. (102) Ақыр (Перғауын) Исраил ұрпақтарын мемлекеттен шығарғысы келді. Сонда оны, онымен бірге болғандарды суға батырып жібердік. (103) Одан кейін Исраил ұрпақтарына: “Бұл жерге (Мысырға) орналасыңдар. Қашан қиямет уәдесі келсе, сендерді жинап әкелеміз” дедік. (104) Біз Құранды шындықпен түсірдік. Ол, шындық бойынша түсті. (Мұхаммед Ғ.С.) сені қуанту, ескерту үшін ғана жібердік. (105) Біз Құранды адамдарға тоқырап оқуың үшін бөлімдерге айырып, аз-аздап түсірдік. (106)“(Мұхаммед Ғ.С.): Құранға мейлі сеніңдер мейлі сенбеңдер; бұдан бұрын өздеріне ғылым берілгендер, оларға Құран оқылған заман, етпеттерінен сәждеге жығылады. (107) Олар: “Раббымызды пәктейміз. Әрине Раббымыздың уәдесі орындалады” дейді. (108) Олар жылап, етпеттерінен түседі. Бұл олардың ықыласын арттырады. (109) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Мейлі Алла деп немесе Рахман деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән” де. Намазда жариялап та, құпиялап та оқыма да осының арасындағы жолды ұста. (110) “Барлық мақтау, бала иемденбеген әрі мүлкінде еш серігі болмаған сондай-ақ әлсіздіктен көмекшісі болмаған Аллаға лайық” де. Және Оны, өте ұлықта. (111)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Барлық мақтау құлына (Мұхаммед Ғ.С. ға) Құранды түсірген Аллаға тән. Онда ешбір қыңырлық қылмады. (1)Өте түзу Құран; Алланың қасынан; Қатты азаппен үрейлендіру, түзу іс істеген мүміндерге, көркем сыйлық барлығын сүйіншілеу үшін (түсірілді). (2)Олар, онда (жаннатта) мәңгі тұрады. (3)Сондай-ақ: “Алланың баласы бар” дегендерді ескерту үшін (түсірді). (4) (Алланың баласы болуына байланысты) не өздерінің не аталарының мәліметі жоқ. Ауыздарынан шыққан сөз тым үлкен. Негізінде олар мүлде өтірік айтады. (5) (Мұхаммед Ғ.С.) енді олар бұл Құранға сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың. (6) Біз адам баласының қайсысы жақсы амал істейді деп сынау үшін жер үстіндегі нәрселерді жердің көркі қылдық. (7) Күдіксіз, біз, жер жүзіндегі нәрселерді, әлбетте мүлде шөл топырақ ете аламыз. (8)(Мұхаммед Ғ.С.) үңгірдегілерді және жазуды, таңырқарлық белгілерімізден деп ойладың ба? (9) Сонау заманда жігіттер үнгірге бекінді де: “Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле” деді. (10)

Сонда олардың құлақтарына үңгірде неше жыл бойы перде қойдық. (11) Сосын екі жақтың қайсысы олардың жатқан мезгілін есептегендігін анықтау үшін оларды ояттық. (12) (Мұхаммед Ғ.С.) Біз саған олардың хабарын шынайы түрде баян етеміз. Олар Раббыларына шын сенген жігіттер еді де оларға туралықты арттыра түстік. (13) Олардың жүректерін бекемдедік. Сол уақытта олар, тіке тұрып: “Раббымыз, көктер мен жердің Раббы. Одан өзге тәңірге әсте жалбарынбайымыз. Әрине сол уақытта рас көкіп сөйлеген боламыз” деді. (14) “Мына еліміз, Алладан өзге тәңір тұтты. Бұлар, оған байланысты ашық дәлел келтірсе еді? Енді Аллаға өтірік жала қойғаннан залымырақ кім бар?”, – деді. (15) (Олар, өзара): “Әйтеу елдеріңнен де олардың Алладан өзге табынғандарынан да айрылдыңдар; енді үңгірге бекініңдер. Сендерге Раббыларың рахметін шассын! Сондай-ақ сенде үшін істеріңде оңайлық әзірлесін”. (16) (Мұхаммед Ғ.С.) қарасаң; күн шыққан сәтте, үңгірлерінің оң жағынан ауытқығанын, күн батқан сәтте оларды сол жақта қалдырғанын көрер едің. Олар үңгірдің кең бір жерінде. Бұл Алланың белгілерінен. Алла кімді оңғарса, сол тура жолда. Ал кімді адастырса, сонда оған әсте көмекші, жетекші таба алмайсың. (17) Олар, ояу деп ойлайсың; негізінен олар ұйқыда еді. Оларды оңға, солға аунататын едік. Иттері, екі аяғын көсілген бойда босағада. Егер оларды көрсең, олардан ішіңе қорқу толып, бұрылып қашар едің. (18) Осылайша оларды, өзара бір-бірінен сұрасулары үшін ояттық. Олардан бір айтушы: “Қанша жатып қалдыңдар?”,-деді. Олар: “Бір күн немесе күннің бір бөлімі жатып, тұрдық” деді. “Қанша жатып, тұрғандарыңды Раббыларың жақсы біледі. Мына ақшаларыңмен біреуіңді қалаға жіберіңдер. Сонда тамақтың қайсысы жақсы, көріп, сендеге одан қорек келтірсін. Сондай-ақ сыпайылық істеп, сендерді ешбіреуге сездірмесін” десті. (19) “Өйткені, егер қала халқы сендерге ықпал жүргізсе, не сендерді таспен атады немесе діндеріне қайтарады. Ол уақытта үнемі құтыла алмайсыңдар…” (20) Осылайша, Алланың уәдесінің шындығын, қияметтің шәксіздігін әлемнің білуі үшін оларды, бұларға мәлімдедік. Сол кезде бұлар; өзара олар жөнінде тартысуда еді. Кейі: “Олардың үстіне үй салыңдар ” деді. Раббылары оларды жақсы біледі. Ал бұлардың іс басындағылары: “Әрине олардың үстіне мешіт жасап алайық” деді. (21) Бұлар көрмей-ақ мөлшерменен: “Олар үшеу, төртіншісі иттері” деп, кейі: “Олар бесеу, алтыншысы иттері” деп, кейі: “Жоқ, олар жетеу, сегізіншісі иттері” дейді. “Олардың санын Раббым жақсы біледі. Адамдардың өте азы ғана біледі” де. Оның үшін олар жайында тартысып, олар үшін ешбіреуінен дәнеңе сұрама. (22) Еш нәрсені: “Осыны ертең істеймін” деп айтпа. (23) Бірақ: “Алла қаласа (жасаймын)” (де). Ұмытқан заман “Раббыңды есіңе ал да туралыққа жақынырақ жолға салуынан үміткермін” де. (24) Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Тоғыз (жыл) арттырды. (25) “Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер мен жердегі көместі білу Оған тән. Ол нендей толық көруші, естуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды” де. (26)Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі Одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың. (27) (Мұхаммед Ғ.С.) таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ Біз; жүрегін, Бізді еске алудан кәперсізденген, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба. (28) “Бұл ақиқат (Құран) Раббыларыңнан” де. Сонда кім қаласа сенсін. Расында Біз, залымдар үшін дуалдары қоршап алатын тозақ оты әзірледік. Егер олар су сұрап жалбарса, еріген Кен тәрізді беттерді қуыратын бір су беріледі. Ол нендей жаман сусын, әм нендей жаман орын. (29) Иман келтіріп, дұрыс іс істегендердің және жақсы амал істеген кісінің еңбегін жоймаймыз. (30) Міне, олар үшін астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаты бар. Олар онда алтыннан білезіктермен безенеді; олар жұқалы-қалыңды жасыл жібектен киімдер киеді де олар онда, диванға сүйенеді. Нендей жақсы сауап, нендей әлбет жастанатын орын! (31) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға екі адамның мысалын баян ет: Біреуіне жүзімдерден екі бақша қылдық. Әрі екі бақшаның арасын құрма ағаштарымен қоршап; екі бақшаның арасына егіндер өндірдік. (32) Екі бақша да жемістерін берді. Одан ешнәрсе кемітпеді. Араларынан бұлақ ағыздық. (33) Оның басқа кірімі де бар еді. Сонда ол, жолдасымен сөйлескенде: “Мен сенен мал жағынан молшылықта, әм бас жағынан да үстеммін” деді. (34) Ол өзіне зұлымдық еткен түрде бақшасына кірді де: “Тіпті бұны жоқ болады деп ойламаймын” деді. (35) “Әрі қияметтің болатындығын да ойламаймын деді. Мүбада Раббыма қайтарылсам, әрине бұдан да орын табамын” (деді). (36)Жолдасы оған сөйлесіп тұрып: “Сені топырақтан, сонан кеін бір тамшы судан жаратып, сонан соң Адам еткен Аллаға қарсы келесің бе?”,- (деді). (37) “Бірақ, менің Раббым, Ол Алла; Раббыма ешбіреуді серік қоспаймын”. (38) “Өз бақшаңа кірген сәтте; Бұл Алланың қалауы, Алладан басқа ешбір қуат жоқ неге демедің? Тіпті мені мал және бала жағынан өзіңнен кем көрсең де”. (39) “Раббымның: Маған сенің бақшаңнан жақсырағын беруі, сенікінің үстіне көктен апат жіберіліп, мүлде қақ топыраққа айналуы мүмкін”. (40) “Немесе бақшаңның суы тартылып, оны әсте іздеп таба алмассың”. (41) Оның еңбектері еш болып, бақшасына өкініп, екі алақанын ұйқалауға айналды да: “Әттеген-ай! Раббыма ешкімді серік қоспасам еді” деді. (42) Оған Алладан өзге жәрдем етер бір топ жоқ. Сондай-ақ өзін де құтқара алмады. (43) Сол жерде иелік шынайы Аллаға тән. Ол, сыйлық беру тұрғысынан жақсы әрі нәтиже жағынан да қайырлы. (44) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға дүние тірлігінен мысал бер: (Дүние тірлігі) көктен біз жаудырған жаңбыр арқылы жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырып, одан құрғақ үгіндіге айналып, оны желдер ұшырып кеткен тәрізді. Сондай-ақ Алла, әр нәрседен үстем күш иесі. (45) Мал мен балалар, дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар болса, Раббыңның қасында; табыс бойынша да жақсы әрі үміт тұрғысынан да жақсы. (46) Қиямет күні, тауларды жүргіземіз де жерді жап-жазық көресің. Және де Адам баласын; олардан ешкімді тастамай жинаймыз. (47) Олар, Раббыңның құзырына қатарланып келтіріледі. Оларға: “Бастапта жаратқанымыз тәрізде келдіңдер, тіпті сендерге бір уәделі мерзім белгілемедік деп, ойладыңдар” (делінеді). (48) Амал дәптері алдарына қойылады. Сонда күнәкарладың одан қорыққанын көресің. Олар: “Абырым-ай! Бізге нендей өкініш! Мына кітапта кішкенені де, үлкенді де тастамай-ақ түгендепті” дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды. (49)(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар” деген едік. Ібілістен басқа бүкіл періштелер сәжде қылған еді. Жыннан болған ол, Раббының әмірінен бас тартты. Сонда да Менен өзге оны және ұрпақтарын дос етіп, аласыңдар ма? Олар болса, сендерге дұшпан. Залымдар үшін нендей жаман өзгеріс! (50) Мен жер, көкті жаратқанда және олардың өздерін жаратқанда, оларды керек қылмадым. Сондай-ақ ешқашан аздырушыларды көмекші еткен емеспін. (51) Қиямет күні (Алла кәпірлерге): “Өздеріңнің, Менің серіктерім деп ойлағандарыңды шақырыңдар” дейді. Сонда оларды шақырады. Бірақ олар өздеріне жауап бермейді. Сондай-ақ олардың араларына бір кәтерлі орын жасаймыз. (52) Күнәкарлар тозақ отын көріп, сонда өздерінің оған түсетіндіктерін сезеді. Бірақ, одан бұрылар жер таба алмайды. (53) Расында осы Құранды Адам баласы үшін әр нәрсені ашық-ашық баян еттік. Ал Адам баласы, көп нәрселерде жанжалшыл. (54) Қашан да Адам баласына тура жетекші келсе, оларды иман келтірулеріне және Раббыларынан жарылқау тілеулеріне кедергі болған нәрсе, бұрынғыларға келген апаттың өздеріне келуін немесе азаптың қарсы алдарына келуін тосулары. (55) Негізінде елшілерді қуандыру, қорқыту үшін ғана жібердік. Кәпірлер, бос нәрселер арқылы шындықты төмендетуге жағаласады. Әрі апаттарымызды және ескерткен нәрселерімізді тәлкекке алады. (56) Раббыларының аяттары арқылы үгіттеліп, одан бет бұрған және бұрынғы өз қолымен істегендерін ұмытқан кісілерден кім залымырақ? Расында олардың жүректеріне оны түсінбейтін қалтқы және де құлақтарына кереңдік пайда қылдық. (Мұхаммед Ғ.С.) оларды туралыққа шақырсаң да әрине мүлде жолға келмейді. (57) Раббың өте жарылқаушы, мәрхамет иесі. Егер оларды қылықтарының салдарынан қолға алатын болса, әрине оларға азапты тездетер еді. Дегенмен олар үшін белгілі бір мерзім бар. О заман олар, Алладан өзге паналайтын жер таба алмайды. (58) Олар зұлымдық еткен заманда, сол кенттерді жоқ еттік. Солардың жоқ етілулері үшін де мерзім белгілеген едік. (59) Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) жігітіне: “Екі теңіздің қосылған жеріне дейін тоқтамаймын. Немесе жүріспен жылдар өткіземін” деді. (60) Екеуі екі теңіздің құйғанына жеткен кезде, балықтарын ұмытты. Сонда балық, сырғып барып, теңізден жол алды. (61) Екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса (Ғ.С.) жігітіне: “Азығымызды әкелші; әрине осы сапарымызда шаршадық” деді. (62) “Көрдің бе? Тасқа дем алғанда, балықты ұмытқан екенмін. Маған оны айтуды шайтан-ақ ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізде жол алды” деді. (63) (Мұса Ғ.С.): “Міне іздегеніміз осы” деп, екеуі ізінше қайта қайтты. (64) Сонда екеуі; өз тарапымыздан игілік беріп, өз қасымыздан ғылым үйреткен құлдарымыздан бірін тапты. (65) Мұса (Ғ.С.) ол кісіге: “Саған үйретілген даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерейін бе?”,-деді. (66) “Расында сен менімен бірге болуға шыдай алмайсың” деді. (67) “Ішкі сырын толық білмейтін нәрсеге қалай сабыр ете аласың?”,-(деді). (68) (Мұса Ғ.С.): “Алла қаласа, мені сабырлы табарсың. Сондай-ақ саған ешбір істе қарсы келмеймін” деді. (69) “Ал онда маған ілессең, саған айтпайынша, менен еш нәрсе сұрама” деді. (70) Сөйтіп, екеуі жолға шықты да кемеге түсіп, оны тесе бастады. (Мұса Ғ.С.): “Кемедегілерді суға батыру үшін тестің бе? Рас орынсыз істедің” деді. (71) (О кісі): “Мен саған менімен бірге әсте сабыр ете алмайсың демедім бе?” деді. (72) (Мұса Ғ.С.): “Ұмытқан нәрсемді есепке алма. Маған ісімде қолайсыздық тудырма” деді. (73) Екеуі тағы жолға шықты. Бір ұл бала кездесіп еді, (о кісі) оны өлтірді. (Мұса Ғ.С.): “Кісі өлтірмеген жазықсыз біреуді өлтірдің бе? Рас жаман іс істедің” деді. (74) “Сен менімен бірге жүруге әсте шыдай алмайсың демедім бе?”, – деді. (75) “Егер бұдан кейін бір нәрсе сұрасам, тіпті мені жолдас қылма. Рас менен саған сылтау табылды” деді. (76) Сонда екеуі тағы жүріп, бір Кент халқына барып, тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар, екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі, ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп, оны жөндеді. (Мұса Ғ.С.): “Егер қаласаң, бұған жалақы алар едің” деді. (77) “Міне осы, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Ал енді саған сабыр ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын” деді. (78) “Кеме теңізде кәсіп істеген кембағалдардікі еді. Оны ақаулы еткім келді. Өйткені, ар жақтарында, әр (мықты) кемені тартып алатын патша бар еді”. (79) “Ал баланың мүмін әке-шешесі бар еді. Оның, әке-шешесін бас тарттыруға, қарсылыққа зорлауынан қорықтық”. (80) “Раббылары, оның орнына өздеріне одан тағы таза, тағы мәрхаметті бір бала беруін қаладық”. (81) “Ал енді там; бұл қаладағы екі жетім баланікі болып, оның астында ол екеуіне тән қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісі болғандықтан Раббың, ол екеуі ержетіп, қазыналарын шығарып алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мәрхамет еді. Сондай-ақ бұны мен өздігімнен істемедім. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істерің”. (82)(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен Зұлқарнайынды сұрайды: “Сендерге оның жайын түсіндірейін” де. (83) Негізінде Зұлқарнайынды жер жүзінде күшке ие қылдық. Өзіне әр істе қолайлық бердік. (84) О да бір шара қолданды. (85) Тіпті күн бататын жерге жеткен сәтте, оны қара балшықты бұлаққа батқан түрде көрді. Сондай-ақ сол маңнан бір ел тапты. “Әй Зұлқарнайын, не (ол елді) азаптарсың немесе оларға жақсылық істерсің” дедік. (86) Оларға: “Енді кім зұлымдық қылса, оны жазаландырамыз. Сосын Раббына айдалып, Раббы оған қатты жаза береді” деді. (87) “Ал енді кім иман келтіріп, түзу іс істесе, оған жақсы сыйлық бар. Сондай-ақ жеңіл іс бұйырамыз”. (88) Бұдан кейін (шығысқа қарай) шара қолданды. (89) Тіпті күн шығатын жерге жеткен кезде, оның бір елдің үстінде туғанын көрді. Ол елге күннен өзге перде жасамаған едік. (90) Осындай еді. Расында оның не істегенін толық білеміз. (91) Содан кейін тағы да бір шара қолданды. (92) Тіпті екі таудың арасына жеткен кезде, сөзді түсіне алмайтын бір ел тапты. (93) Олар: “Әй Зұлқарнайын! Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?” деді. (94) Зұлқарнайын: “Раббымның маған бергені бес артық. Сендер маған күш көмегін қылыңдар да сендер мен олардың арасына бір бөгет жасайын” деді. (95) “Маған темір тақтайлар әкеліңдер” деді. Екі беттің арасы теңелген кезде: “Көріктеңдер” деді. Ол от болған сәтте: “Маған еріген мыс әкеліңдер, үстіне құяйын” деді. (96) Сонда олар, оны аса алмады да тесе алмады. (97) (Зұлқарнайын): “Бұл Раббымнан бір мәрхамет. Қашан Раббымның уәдесі (қиямет) келсе, оны жермен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымның уәдесі хақ” деді. (98) Қиямет күні, оларды бір-біріне қосылған түрде қоямыз да Сұр үріліп, оларды тұтас жинаймыз. (99) Ол күні тозақты кәпірлерге айқын көрсетеміз. (100) Олар насихатымнан көздері перделі және құлақтары ести алмайтындар. (101) Кәпірлер, Мені қойып құлдарымды ие етуді ойлай ма? Расында тозақты, кәпірлерге қонақ үй етіп, әзірледік. (102) (Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерге қылығы бойынша зиянға ұшыраушылардың хабарын берейін бе?”, – де. (103) Олар дүниедегі еңбектері зая кеткендер. Өздері болса: “Рас жақсы іс істедік” деп ойлайды. (104) Міне олар, Раббыларының аяттарына, әрі Раббыларына жолығуға қарсы келгендер. Сондықтан еңбектері еш болған. Сонда оларға қиямет күні еш мән бермейміз. (105) Олар қарсы келіп, аяттарымызды, елшілерімізді тәлкекке алғандықтары себепті жазалары тозақ. (106) Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Пердәуіс жаннаты, қонақ үй болады. (107) Олар онда мәңгі қалады да, өздері одан ауысуды қаламайды. (108) (Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Раббымның сөздері (жазылу) үшін теңіз сия болса, тағы бір сондайды көмекке әкелсек те, әлбетте Раббымның сөздері таусылудан бұрын теңіз таусылар еді” де. (109) “Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уәһи етілуде. Сондай-ақ кім Раббына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббына істеген құлшылығында; Оған ешкімді ортақ етпесін” де. (110)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 480; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.023 сек.