Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ХУЖУРАТ 3 страница




Кім бір жақсылық келтірсе; оған одан жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе; ол жамандықты істегендерге, істегендерінің ғана сазайы беріледі. (84)

(Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз саған Құранды міндетті қылған Алла, әрине сені қайтар жеріңе (Меккеге) қайтарады. “Раббым, туралық келтірген кісіні де ашық адасудағы кісіні де жақсы біледі” де. (85)

Саған Кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ Раббыңның мәрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды сүйемелдеме! (86)

Алланың аяттары саған түсірілгеннен кейін олар сені одан (аяттарға амал қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да әсте серік қатушылардан болма! (87)

Алла мен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның өзінен басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар. (88)

29. АНКӘБУТ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әлиф Ләм Мим. (1)

Адамдар: “Сендік” деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма? (2)

Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі. (3)

Немесе жамандық істегендер, Бізден қашып құтыламыз деп, ойлай ма? Олар нендей жаман үкім береді! (4)

Кім Аллаға жолығуды үміттенсе, әрине Алланың белгілі мезгілі келеді. Ол, аса естуші, толық білуші. (5)

Біреу игілік үшін күрессе, сөзсіз өзі үшін күреседі. Әрине Алла, әлемнен бай. (6)

Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің жамандықтарын әлбетте жоямыз да өздерін істегендерінен көрі жақсырақ сыйлыққа бөлейміз. (7)

Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. Егер екеуі саған білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуыңа тырысса, онда ол екеуіне бағынба. Қайтар жерің Мен жақ. Сол уақытта сендерге не істегендеріңді түсіндіремін. (8)

Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендерді игілерге қосамыз. (9)

Адамдардың кейбірі: “Аллаға иман келтірдік” дейді де олар Алла жолында жапа тартса, адамдардың кесірін, Алланың азабындай көреді. Әлбетте Раббыңнан бір нұсырат келетін болса: “Әрине біз сендермен бірге едік” дейді. Алла әлемдегілердің көңілдеріндегіні жақсы біледі емес пе? (10)

Әлбетте Алла иман келтіргендерді де біледі. Әрине мұнафықтарды да біледі. (11)

Сондай кәпірлер, иман келтіргендерге: “Біздіқ жолымызға ілесіңдер, қателіктеріңді біз көтерейік” деді. Негізінен олар, бұлардың күнәларынан еш нәрсе көтеруші емес. Расында олар суайт. (12)

Әрине олар, өз жүктерін де онымен бірге басқа жүктер де көтереді. Әлбетте олар қиямет күні, жасама істерінен сұраққа тартылады. (13)

Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда олардың ішінде тоғыз жүз елу жыл тұрды. Сол уақытта оларды топан басып алды, олар; залым еді. (14)

Оны және кемедегі жолдастарын құтқарып, ол уақиғаны әлемдерге ғибрат қылдық. (15)

Ыбырайым (Ғ.С.) ды да. Сол уақытта еліне: “Аллаға құлшылық қылыңдар да Одан қорқыңдар. Егер білсеңдер, оларың сендер үшін қайырлы” деді. (16)

“Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризык бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар.” (17)

“Егер сендер жасынға шығарсаңцар, расында бұрынғы үмметтер де жасынға айналдырған. Пайғамбардың міндеті ашық жалғастыру ғана.” (18)

Олар көрмеді ме? Алла жаратуды қалай бастайды, сосын оны қайтарады. Расында бұл Аллаға оңай. (19)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Жер жүзінде кезіңдер де жаратуды қалай бастап, сосын екінші жасауды да жасайды. Көріңдер! Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді” де. (20)

Кімді қаласа, азап қылады да кімді қаласа, мәрхамет етеді. Сондай-ақ Сол жаққа бұрыласыңдар. (21)

Сендер жерде де көкте де Алланы әлсірете алмайсыңдар. Сондай-ақ сендерге Алладан өзге не дос не жәрдемші жоқ. (22)

Сондай Алланың аяттарына әрі өзіне қауышуға қарсы келгендер; міне солар, рахметімнен күдер үзді. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар. (23)

Сонда елінің жауабы: “Ыбырайымды өлтіріңдер немесе оны өртеңдер” деу ғана болды. Алла оны оттан құтқарды. Сөз жоқ, бұнда сенген елге ғибраттар бар. (24)

(Ыбырайым Ғ.С.): “Шын мәнінде сендер дүние тіршілігінде өзара достық үшін Алладан өзге пұттар жасап алдыңдар. Сосын қиямет күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар да орындарың тозақ болып, сендерге ешбір жәрдемші болмайды” деді. (25)

Сонда Лұт (Ғ.С) оған иман келтірді. (Ыбырайым Ғ.С.): “Шын мәнінде мен Раббым жаққа жөнелемін. Күдіксіз Ол, үстем, хикмет иесі” деді. (26)

Оған Ысхақты, Яғқұпты бердік те оның ұрпақтарына кітап, пайғамбарлық мәрхамет еттік. Әрі өзіне дүние сыйлығын бердік. Әрине ол, ақыретте де ізгілерден. (27)

Лұт (Ғ.С.) қа да (пайғамбарлық бердік). Сол уакытта еліне: “Рас өздеріңнен бұрын әлемде ешкім істемеген арсыздықты істедіңдер” деді. (28)

“Рас сендер еркектерге жақындасасыңдар да жол кесіп, және мәжілістеріңде жамандық істейсіңдер ме?”. Сонда елінің жауабы: “Егер шыншылдардан болсаң, қане бізге Алланың азабын келтірші” дегеннен басқа болмады. (29)

(Лұт Ғ.С.): “Раббым! Бұзақы елге қарсы маған жәрдем бере көр!”,- деді. (30)

Елшілеріміз (періштелер), Ыбырайым (Ғ.С.) ға шүйіншімен келген сәтте: “Осы халқы залым болған кентті рас жоқ етеміз” десті. (31)

(Ыбырайым Ғ.С.): “Әрине онда Лұт та бар” деді. (Елшілер): “Ол жерде кімнің болғанын жақсы білеміз; кейін қалушылардан болатын қатынынан басқа өзін де үй-ішін де әлбетте құтқарамыз” деді. (32)

Елшілеріміз Лұт (Ғ.С.) қа келген сәтте, олардың салдарынан қынжылып, көңлі тарайды. Олар: “Қорықпа да кейіме. Сөз жоқ, кейін қалушылардан болатын жұбайыңнан басқа өзіңді де семьяңды да құтқарамыз” деді. (33)

“Бұл кент халқына бұзықтықтарының салдарынан көктен пәле жаудырамыз.” (34)

Расында ойлаған елге; одан ашық өнеге қалдырдық. (35)

Мәдянға туыстары Шұғайып (Ғ.С.) ты жібердік те: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар да ақырет күнінен үміт етіңдер. Жер жүзінде бұзақылық істеп, жүрмеңдер” деді. (36)

Сонда елі оны жасынға шығарды. Сондықтан жер қатты сілкініп, жұрттарында типыл болды. (37)

Сондай-ақ Ғад, Сәмүд (елі де жоқ болған). Расында сендерге олардың жұрттарынан-ақ байқалады. Шайтан олардың қылықтарын әдемі көрсетіп, оларды жолдан тосты; олар көріп, біліп тұрса да. (38)

Қарұн, Перғауын және Һаманды да (жоқ еттік). Расында Мұса (Ғ.С.) оларға ашық белгілер келтірген еді де олар жер жүзінде дандайсыған еді. Сонда да олар қашып құтыла алмады. (39)

Олардың күнәларының салдарынан кейбіреулерін; үстіне тас жаудырып, кейбіреулерін; ащы дауыспен, кейбірлерін; жерге жұттырып және кейбіреулерін де суға батырып, бәрін қолға алдық. Алла оларға зұлымдық етпеді. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті. (40)

Алладан өзгені ие етіп алғандар; ұя жасап алған өрмекшінің мысалы сияқты: Шын мәнінде үйлердің ең осалы өрмекшінің ұясы. Егер олар білетін болса. (41)

Сөз жоқ, Алла (Т.) олардың өзінен өзге кімге жалбарынғанын біледі. Ол, өте үстем, хикмет иесі. (42)

Міне осы мысалдарды адамдар үшін көлтіреміз. Бірақ оларды білгендер ғана түсінеді. (43)

Алла көктер мен жерді ақиқат бойынша жаратты. Расында бұнда иман келтіргендер үшін бір дәлел бар. (44)

(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла (Т.) не жасағандарыңды біледі. (45)

Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. Оларға: “Бізге түсірілгенге де, сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Тәңіріміз де, сендердің Тәңірлерің де біреу-ақ. Біз Оған бой ұсынғандармыз” деңдер. (46)

(Мұхаммед Ғ.С.) осылайша саған Кітап түсірдік. Сондықтан өздеріне кітап бергендеріміз оған сенеді. Және осылар (араптар) дан да оған сенетіндер бар. Аяттарымызға кәпірлер ғана қарсы келеді. (47)

Сен бұдан бұрын бір кітап оқымаған едің де оны қолыңмен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бұзықтар күдіктенер еді. (48)

Олай емес. Негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді. (49)

Олар: “Оған Раббынан неге мұғжизалар түсірілмейді?”,- десті. “Мұғжизалар; Алланың ғана жанында. Шын мәнінде мен ашық ескертуші ғанамын” де. (50)

Әрине оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? Сөз жоқ. Құранда, иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар. (51)

Алла, мені мен сендердің арамызда куәлікте жеткілікті. Өйткені Ол, көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай бос нәрсөлерге сеніп, Аллаға қарсы келгендер, міне солар; зиянға ұшыраушылар. (52)

(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен азапты тездетіп тілейді. Егер мерзім белгіленген болмаса, әлбетте оларға апат келер еді. Әрине, олар сезбеген түрде азап келеді. (53)

Олар, өзіңнен апаттың жедел келуін сұрайды. Сөз жоқ! Тозақ кәпірлерді әрине орап алады. (54)

Сол күні апат, оларды төбелерінің үстінен де, аяқтарының астынан да қоршап алады да: “Қылықтарыңның дәмін татыңдар” дейді. (55)

Әй иман келтірген құлдарым! Әрине жерім кең. Сондықтан Маған ғана ғибадат қылыңдар. (56)

Әрбір жан иесі өлімді татады. Сосын Біз жаққа қайтарылады. (57)

Иман келтіріп, ізгі іс істегендер, әлбетте оларды жаннаттың астынан өзендер ағатын жоғарғы орындарына орналастырамыз да олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің сыйлығы нендей әйбет. (58)

Сондай сабыр етіп, Раббыларына тәуекел етеді. (59)

Қаншалаған жан-жануар бар; қорегін көтеріп жүрмейді. Алла (Т) оларды да сендерді де қоректендіреді. Ол тым естуші, білуші. (60)

Егер олардан: “Көктер мен жерді кім жаратты және күн мен айды кім іске қосты?”,- деп сұрасаң, әлбетте: “Алла” дейді. Сонда олар қайда лағып барады. (61)

Алла құлдарынан кімді қаласа, несібесін кеңітеді де тарылтады. Күдіксіз Алла әр нәрсені толық біледі. (62)

Ал егер олардан: “Көктен жаңбыр жаудырып, онымен жерді өлімнен кейін жандандырған кім?”,-деп сұрасаң, әлбетте: “Алла” дейді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Барлық мақтау Аллаға лайық” де. Бірақ олардың көбі түсінбейді. (63)

Бұл дүние тіршілігі бір ойыншық, ермек ғана. Күдіксіз ақырет жұрты анық тіршілік. Әттең! Олар білсе. (64)

Қашан олар кемеге отырса, дінін Аллаға арнаған түрде жалбарынады да, оларды құтқарып қырға шығарса, сол уақытта олар; Аллаға серік қосады. (65)

Өздеріне берген нәрселерімізге қарсы бола тұрсын әрі олар пайдалана тұрсын. Бірақ жедел олар біледі. (66)

(Мекке халқы) маңындағы адамдар қағып әкетіліп тұрғанда, Меккені ардақты және бейбіт орын еткенімізді көрмеді ме? Сонда бос нәрсеге сеніп Алланың нығметіне нәсүкірлік қыла ма? (67)

Аллаға жасанды жала жапқаннан немесе келген шындыққа қарсы болғаннан залым бар ма? Кәпірлердің орны тозақ емес пе? (68)

Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз. Рас Алла жақсылық істеушілермен бірге. (69)

30. РҰМ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әлиф Ләм Мим. (1)

Рұм жеңілді. (2)

Ең жақын жерде олар жеңілгеннен кейін жедел жеңіске ие болады. (3)

Бірнеше жылдың ішінде. Іс бұрын да кейін де Алланың еркінде. Сол күні мүміндер де қош болады. (4)

Алланың жәрдемімен. Ол, кімді қаласа, жәрдем етеді. Ол аса үстем, ерекше мейірімді. (5)

Бұл Алланың уәдесі. Алла уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (6)

Олар дүние тіршілігінен көрініп тұрғанын біледі де өздері ақыреттен кәперсіз. (7)

Алла (Т.) Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындықпен белгілі бір мерзім үшін жаратты. Өздері жайында ойламай ма? Шынында адамдардың көбі Раббыларына жолығуға қарсы келеді. (8)

Олар жер жүзінде кезіп, өздеріне бұрынғылардың соңының не болғанын көрмей ме? Негізінен олар, бұлардан күштірек еді де олар, жерді қопарып, олар оны; бұлардың дамытуынан көрі көбірек дамытқан еді. Оларға ашық дәлелдер мен елшілер де келген еді. Сонда Алла, Оларға зұлымдық еткен емес. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті. (9)

Сосын жамандық істегендердің соңы; Алланың аяттарын жасынға шығарып, оны мазақ қылғандықтары үшін жаман болды. (10)

Алла (Т.) баста жаратады да сосын қайтаратын да өзі. Және Ол жаққа қайтарыласыңдар. (11)

Қиямет-қайым болған күні күнәкарлар күдер үзеді. (12)

Оларға, Аллаға қосқан ортақтарынан шапағатшы болмайды да өздері ортақтарына қарсы шығады. (13)

Қиямет-қайым болған күні, сол күні; (Кәпір, Мұсылман) айрылады. (14)

Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер; бір бақшада сыйланады. (15)

Ал енді сондай қарсы келіп, ақыретте Маған жолығуды жасынға шығарғандар, міне солар; тозаққа әзір түрде қойылады. (16)

Ендеше түнеген мезгілде әрі таң атырған уақытта Алланы пәктеңдер. (17)

Көктер мен жерде, кешке және түскі уақытқа кіргенде, барлық мақтау Аллаға лайық. (18)

Ол, өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендер де (қабірден) шығарыласыңцар. (19)

Оның белгілерінен бірі; сендерді топырақтан жаратуы. Сосын сендер адам болып, тарқаласыңдар. (20)

Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар. (21)

Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің түстеріңнің, қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар. (22)

Күндіз-түнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерін де, Оның белгілерінен. Күдіксіз бұларда тыңдаған қауым үшін белгілер бар. (23)

Сендерге үрейлену, дәмету түрінде найзағайды көрсетуі, көктен жаңбыр жаудырып онымен өлгеннен кейін жерді жандандыруы да Оның белгілерінен. Рас бұлар да ақыл жұмсаған халыққа үлгілер бар. (24)

Көк пен жердің Оның әмірінде тұруы да Оның белгілерінен. Сосын сендерді жерден бір шақырумен шақырған сәтте, дереу сендер шыға келесіңдер. (25)

Көктер мен жердегі әркім Онікі. Тұтас Оған бой ұсынады. (26)

Сол, сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. Бұл Оған оңай. Әрі көктер мен жердегі жоғары сипат Оған тән. Ол өте үстем, хикмет иесі. (27)

Ол, сендерге өздеріңнен мысал келтіреді: Сендерге Біз берген несібе де қол астарыңдағы құлдар да сендер мен тең ортақ болып, олардан өздеріңнен жасқанғандай жасқанасыңдар ма? Осылайша аяттарымызды ақыл жұмсаган елге егжей-тегжейлі баян етеміз. (28)

Әрине залымдар, білмесе де көңілдері тартқан жаққа кеткен. Алла адастырған кісіге кім тура жол көрсетеді. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ. (29)

(Мұхаммед Ғ.С.) бәрінен бет бұрып, жүзінді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (30)

Аллаға бой ұсынған түрде Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар. (31)

Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандар. (32)

Қашан адам баласына бір бейнет жетсе, олар Раббыларына ықыласпен жалбарынады. Сосын Алла, қашан оған өз тарапынан бір мәрхамет таттырса, сонда олардың кейбіреулері, Раббыларына ортақ қосады. (33)

Бұны, оларға берген несібемізге нәсүкірлік ету үшін істейді. Я енді пайдалана тұрыңдар, таяуда түсінерсіңдер. (34)

Немесе оларға, Аллаға ортақ қатуларын айтатын бір дәлел түсірдік пе? (35)

Қашан адам баласына бір жақсылық татырсақ; сонда ол, оған мәз болады да егер өздерінің қолекі істегендерінің салдарынан бір жамандық келсе, сонда олар күдер үзеді. (36)

Расында Алла қалаған құлына несібесін кеңітіп, тарайтқанын көрмей ме? Күдіксіз бұнда сенген қауымға белгілер бар. (37)

Ендеше жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға хақысын бер. Алланың ризалығын көксегендер үшін осы жақсы. Міне солар құтылушылар. (38)

Сендердің адамдардың малына берген өсімдерің Алланың қасында өспейді де Алланың ризалығын тілеп берген зекеттерің өседі. Ал сонда, міне солар; артықша сауапқа бөленушілер. (39)

Ол Алла, сендерді жаратып, сосын ризық береді, одан кейін өлтіреді, соңыра тірілтеді. Ал сендердің Аллаға қосқан ортақтарыңнан, осылардан бір нәрсе істейтін кім? Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк әрі жоғары. (40)

Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын татыру үшін құрылықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар, бағыттарынан қайтар. (41)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Жер жүзінде кезіңдер де бұрынғылардың соңы не болды көріңдер” де. Олардың көбі Аллаға серік қосушы еді. (42)

Алладан тойтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді тұп-тура дінге жөнелтіп, мықты тұр. Ол күні олар айрылады. (43)

Кім қарсы болса, қарсылығы өзіне. Ал және кім түзу іс істесе, сонда ол өзі үшін рахат орын әзірлеген болды; (44)

Өстіп Алла иман келтіріп, түзу іс істегендерге өз кеңшілігінен сыйлық береді. Рас Ол, қарсы келгендерді жақсы көрмейді. (45)

Сендерге игілік татыру үшін қуантушы самалдар жіберуі, кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін өз әмірімен кемені жүргізуі Оның белгілерінен. Әрине шүкір етерсіңдер. (46)

Әрине сенен бұрын да олардың елдеріне елшілер жібердік; Оларға дәлелдер келтірді. Сонда олардың күнәкарларының сазайын тарттырдық. Сондай-ақ мүміндерге жәрдем ету бізге міндет. (47)

Ол сондай Алла, желдерді жібереді де бұлттарды жүргізіп, оны қалауы бойынша аспанда жаяды. Және бұлтты бөлшектейді. Сонда оның араларынан жаңбырдың шыққанын көресің. Сонда ол, жаңбырды құлдарынан қалағанына жеткізеді. Сол уақытта олар қуанышқа ие болады. (48)

Негізінен олар өздеріне жаңбыр келуден бұрын әлде қашан күдер үзген болатын. (49)

Алланың рахметінің әсерлеріне қара. Жер жүзі өлгеннен кейін оны қалай жандандырды. Рас Ол, өлілерді тірілтеді, Оның әр нәрсеге күші толық жетеді. (50)

Әлбетте бір жел жіберсек те сонда егіннің сарғайғанын көрсе, әрине олар, одан кейін қарсы шығады. (51)

(Мұхаммед Г.С.) рас сен өліктерге естірте алмайсың. Сондай-ақ бет бұрып, кетіп бара жатқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың. (52)

Соқырды да адасқан жағынан тура жолға сала алмайсың. Аяттарымызға иман келтіріп өздері бой ұсынған кісілерге ғана естірте аласың. (53)

Ол сондай Алла; сендерді әлсіз жаратып, сосын әлсіздіктен кейін күш беріп, сосын күштен кейін нашарлатып, кәртейтті. Ол, қалағанын жаратады. Сондай-ақ Ол, аса естуші, тым күшті. (54)

Қиямет-қайым болатын күні, күнәкарлар, (өлгеннен қияметке дейін) бір сағаттан басқа тұрмадық деп, ант ішеді. Осылайша олар, (дүниеде де алданып,) адасқан еді. (55)

Ал ғылым және иман берілгендер: “Расында Алланың жазуындағы тірілетін күнге дейін тұрдыңдар, тірілетін күн осы. Бірақ сендер білмейтін едіңдер” дейді. (56)

Енді сол күні, зұлымдық қылғандардың сылтаулары пайда бермейді. Олардан бір игілікте күтілмейді. (57)

Расында бұл Құранда адам баласы үшін әр түрлі мысал бердік. Оларға бір белгі келтірсең де қарсы келгендер: “Сендер бұзушы ғанасыңдар” дейді. (58)

Осылайша Алла, білмегендердің жүректерін бітейді. (59)

(Мұхаммед Ғ.С.) енді сабыр ет. Алланың уәдесі хақ. Сенбегендер сені оңай көрмесін. (60)

31. ЛҰҚМАН

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әлиф Ләм Мим. (1)

Міне бұл, хикметті Кітаптың аяттары. (2)

Тура жол; мәрхамет, жақсылық істеушілер үшін. (3)

Сондай олар намазды толық орындап, зекет береді. Сондай-ақ олар ақыретке толық нанады. (4)

Міне солар, Раббылары тарапынан тура жолда, сондай-ақ олар құтылушылар. (5)

Адамдардың түк білмесе де Алланың жолынан адастыру және тәлкекке алу үшін ертегіге айырбастап алғандар бар. Міне солар үшін қорлаушы азап бар. (6)

Оған аяттарымыз оқылған сәтте, оны естімегендей тіпті құлақтарында тығын бардай паңсып теріс айналады. Оны күйзелтуші азаппен қуандыр. (7)

Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендер, олар үшін нығметі түгемейтін бақшалар бар. (8)

Онда олар мәңгі қалады. Алланың уәдесі хақ. Ол, өте үстем, хикмет иесі. (9)

Сендер, тіреусіз көрген көкті жаратты да сендерді теңселтеді деп, жер бетіне асқар тауларды қойды. Сондай-ақ бүкіл жандықты өргізді де көктен жаңбыр жаудырып, онда әр түрлі көркем парымен өсімдіктерді өсірдік. (10)

Бұл Алланың жаратқаны. Ал Алладан өзгенің не жаратқанын Маған көрсетіңдерші! Әрине залымдар ашық адасуда. (11)

Рас Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік. Кім шүкір етсе, өзі үшін шүкір етеді. Ал кім нәсүкірлік етсе, сонда да Алла мұңсыз, мақтауға лайық. (12)

Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: “Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық” деді. (13)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 320; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.079 сек.