Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ХУЖУРАТ 5 страница




Көктер мен жерде болған нәрселер; өзіне тән болған Аллаға, барлық мақтау лайық. Әрі ақыреттегі мақтау да Оған лайық. Ол, хикмет иесі, толық хабар алушы. (1)

Ол, жерге кіргенді, одан шықанды әрі көкге шыққанды, одан түскенді біледі. Ол, тым мейірімді, аса жарылқаушы. (2)

Қарсы болғандар: “Бізге қиямет келмейді” деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Олай емес, көместі білетін Раббыма ант етемін! Әлбетте сендерге ол мезгіл келеді. Көктердегі, жердегі тозаңның түйірінің салмағындай нәрсе Одан тасаланбайды. Сондай-ақ одан үлкені де, кішкенесі де белгілі бір Кітапта жазулы” де. (3)

(Ол күні) иман келтіріп, ізгі іс істегендерге сыйлық берілуі тшін. Міне солар үшін; жарылқау, көркем несібе бар. (4)

Ал аяттарымыз жайында оны күшінен қалдыруға тырысқандар, міне соларға жаман бейнетті азап бар. (5)

Өздеріне білім берілгендердің, саған Раббыңнан түсірілгеннің хақ екендігіне және мақтаулы, үстем Алланың жолына салатындығына көздері жетеді. (6)

Сондай қарсы болғандар, (өзара): “Қашан сендер бөлшектеліп, тозаңға айналғаннан кейін, шын жаңадан жаратылатындарыңнан сендерге хабар беретін адамды көрсетейік пе?”,- деседі. (7)

“Ол, Аллаға байланысты өтірік жала қоя ма? Немесе оның жындылығы бар ма?” Жоқ олай емес. Ақыретке сенбегендер, азапта және ұзақ адасуда. (8)

Олар, көктен және жерден алды-артындағы нәрселерді көрмей ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызамыз не үстеріне көктен кесектер түсіреміз. Рас мұнда Аллаға берілген әр құл үшін ғибрат бар. (9)

Расында Дәуіт (Ғ.С.) ке өз жанымыздан ізгілік бердік: “Әй таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар” (дедік). Және оған темірді жұмсаттық. (10)

“Кең сауыттар жаса, оны тоқығанда мөлшерле. Оң істеңдер. Әрине не істегендеріңді толық көрушімін.” (11)

Сүлеймен (Ғ.С.) ге де ерте кетуі бір айлық, кешке қайтуы бір айлық (жол алатын) желдерді бағындырдық. Ол үшін еріген мыстан бұлақ ағыздық. Я, Раббының бұйрығымен оның алдында жұмыс істейтін жындарды да бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса, оған жалындаған азаптан таттырамыз. (12)

Олар, Сүлеймен (Ғ.С.) нің қалауынша, құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді. “Ей Дәуіт (Ғ.С.) тің үй-іші! Шүкірлік етіңдер!” Құлдарымнан шүкір етуші аз. (13)

Біз оның (Сүлеймен Ғ.С. нің) өліміне үкім берген заманда, жындарға оның өлімін; оның таяғын жеген бір жердің кұрты ғана көрсетті. Сонда ол жығылган сәтте, жындарға аян болды. Егер жындар, көместі білген болса еді, олар, ауыр машақатта қалмас еді. (14)

Расында Сәбә елдерінің қоныстарында бір ғибрат бар. Оңнан, солдан екі бақша (бар еді. Оларға): “Раббыларыңның несібесін жеңдер де Оған шүкір етіңдер. Бір көркем қала, Раббыларың да аса жарылқаушы” (делінді).(15)

Олар бас тартты. Сондықтан оларға күшті сел жібердік те, ол бақшаларын ащы мәуелі, жыңғылды бір азғантай жеміс ағашы бар; екі бақшаға айналдырдық. (16)

Өстіп оларды нәсүкірліктері себепті жазаландырдық. Қарсы келгендерді ғана жазаландырамыз. (17)

Оларменен сондай біз берекет берген кенттер арасында көрініп тұрған ауылдар бар. Онда кезілетін жер белгіледік: Ол жерде күндіз-түні аман-есен кезіңдер.” (18)

Сонда олар: “Раббымыз! Сапарларымыздың араларын ұзақтастыр!”,- деп, өздеріне кесірлері тиді. Сонда оларды аңызға айналдырып, быт-шыт қылып, мүлде тозғындыққа ұшыраттық. Сөз жоқ, бұнда әр сабыр етуші, шүкір етушілерге үлгі бар. (19)

Расында оларға деген Ібілістің ойы шынға шығып, бір-ақ топ мүміндерден басқасы саған ілесті. (20)

Негізінде Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақыретке сенген кісімен, одан күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы. (21)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Алладан өзге, көктерде де, жерде де тозаңның салмағындай түкке ие бола алмайтын, екеуінде де бір ортақтығы жоқ. Сондай-ақ Аллаға олардың ешбіреуі көмекші де емес. Тәңір деп ойлағандарыңды шақырыңдар” де. (22)

Алланың қасында, рұқсат берілген біреуден басқаның шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде, өзара: “Раббың не айтты?”,- десе: “Хақты айтты” деседі. Ол Алла, аса жоғары, тым үлкен. (23)

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан: “Сендерге көктерден және жерден кім несібе береді?”,- деп сұра да: “Алла” де. Негізінде біз немесе сендер әлбетте тура жолда не ашық адасудамыз. (24)

Оларға: “Біздің кесірімізден сендер сұралмайсыңдар да, сендердің істегендеріңнен біз сұралмаймыз” де. (25)

Оларға: “Раббымыз арамызды қосып, сосын арамызға шындықпен үкім етеді. Ол, қара қылды қақ жарған, аса білгіш” де. (26)

“Оған ортақтар етіп, қосқандарыңды маған көрсетіңдерші. Әсте мүмкін емес. Әрине Ол Алла, өте үстем, аса дана” де. (27)

Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп қана жібердік. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (28)

Олар: “Егер шыншыл болсаңдар, осы құқайлаған уәделерің қашан?”,-дейді. (29)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерге уәде етілген бір күн бар. Одан бір сәтке кейін қалмайсыңдар да, ілгері кете алмайсыңдар” де. (30)

Сондай қарсы келгендер: “Біз әсте бұл Құранға сенбейміз әрі бұның алдындағы (кітап) ларға да сенбейміз” деді. Ол залымдарды, Раббыларының құзырында тұрғызылып, бір-бірлеріне сөз қайтарып тұрғанда бір көрсең: Езілгендер; өздерін ірі санағандарға: “Сендер болмасаңдар, иман келтіретін едік” дейді. (31)

Өздерін ірі санағандар, езілгендерге: “Сендерге тура жол келгеннен кейін, сендерге біз бөгет болдық па? Керісінше өздерің күнәкар едіңдер” дер. (32)

Езілгендер, өздерін ірі санағандарға: “Күндіз-түні қулықпен, Аллаға қарсы келуімізді, Оған теңеулер жасауымызды әмір етуші едіңдер” дер. Сондай-ақ азапты көрген кезде, ішінен өкінеді; қарсы келгендердің мойындарына боғаулар жасадық. Оларға істегендерінің ғана жазасы беріледі. (33)

Бір кентке ескертуші жіберген болсақ, әсіресе олардың байлары: “Рас сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз” деді. (34)

Сондай-ақ олар: “Біздер, көп малдар, балаларға иеміз. Сондықтан да азапқа душар болмаймыз” деді. (35)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сөз жоқ, Раббым әлде кімге тілесе, несібесін кеңітіп, тарайтады; бірақ адамдардың көбі түсінбейді” де. (36)

Малдарың да, балаларың да сендерді жанымызға жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғары орындарда болады. (37)

Сондай-ақ аяттарымызды күшінен қалдыруға тырысқандарға келсек, міне солар; азапқа душар болатындар. (38)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Рас Раббым, несібені құлдарынан кімге қаласа; кеңітеді де оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жүмсасаңдар, сонда Алла, тағы есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы” де. (39)

Ол күні, Алла оларды тұтас жинайды. Сосын періштелерге: “Осылар, сендерге табынушы ма еді?”,- деп сұрайды. (40)

(Періштелер): “Сен пәксің! Біздің иеміз олар емес, Сенсің. Бәлкім олар жынға табынатын еді. Олардың көбі соларға сенуші еді” дейді. (41)

Бүгін бір-бірлеріңе пайда, зиян тигізу күшіне ие емессіңдер. Залымдарға: “Жасынға айналдырған тозақтың азабын татыңдар” дейміз. (42)

Оларға түсінікті аяттарымыз оқылған кезде, олар: “Бұл адам, сендерді аталарың табынған нәрселерден тыюды ғана қалайды” деді. Және: “Бұл Құран, жасанды бір өтіріктен басқа дәнеңе емес” деді. Сондай-ақ өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: “Бұл ашық бір жады ғана” деді. (43)

Оларға оқитын бір кітап бермедік те өздеріне сенен бұрын бір ескертуші жібермедік. (44)

Олардан бұрынғылар да жасынға шығарған еді. Бұлар, оларға бергеніміздің оннан біріне де жеткен жоқ. Сонда да олар, елшілерімді жасынға шығарды. Менің соққым қалай екен? (45)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Шын мәнінде сендерге бір үгіт беремін; Алла үшін екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар да сосын ойланыңдар. Жолдастарыңда бір жындылық жоқ. Ол, сендер үшін келетін қатты азапты алдын ала ескертуші ғана” де. (46)

Оларға: “Сендерден ақы тілемедім. Ол сендердікі болсын. Менің ақым Аллаға ғана тән. Ол әр нәрсеге куә” де. (47)

Оларға: “Негізінде шындықты Раббым ортаға атады. Ол, көместерді толық білуші” де. (48)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Шындық келді. Енді бұзықтық бастамайды да қайтып келмейді” де. (49)

“Егер адассам, шын мәнінде адасуым өз зияныма болады. Ал егер тура жолда болсам, сонда ол, Раббымның уахи еткенімен болады. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса жақын” де. (50)

Олардың үрейленіп қашар жер жоқ, жақын жерден ұсталғанын бір көрсең. (51)

“Оған иман келтірдік” дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына қалайша келеді? (52)

Расында олар, оған бұрын қарсы келген еді. Олар ұзақ жерден көрмей сілтейді. (53)

Олармен олардың қалаған нәрселерінің арасына кедергі түседі. Бұрын ұқсастарына да сөйтілген еді. Сөз жоқ, олар шәк ішінде күдіктенуші.(54)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Көктерді және жерді жасаған сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Алла (Т.) ға барлық мақтау лайық. Ол, жаратуда қалағанын арттырады. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші. (1)

Алла (Т.) ның адам баласына берген мәрхаметін тосушы жоқ. Алланың тосқан нәрсесін артынан жіберуші жоқ. Ол аса үстем, тым хикмет иесі. (2)

Әй адам баласы! Алла сендерге берген ырысын еске алыңдар: Сендерге көктен, жерден несібе беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сонда қалай тентіреп, бара жатырсыңдар? (3)

(Мұхаммед Ғ.С.) олар сені жасынға шығарса, расында сенен бұрынғы елшілер де жасынға шығарылған еді. Барлық іс Аллаға қайтады. (4)

Әй адам баласы! Сөз жоқ, Алланың уәдесі хақ. Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын. Сондай-ақ аса алдағыш та сендерді Алла туралы алдамасын. (5)

Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан тұтыңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады. (6)

Сондай қарсы болғандар, оларға қатты азап бар. Ал иман келтіріп, оң іс істегендер, олар үшін жарылқау әрі ірі сыйлық бар. (7)

Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсы көрген біреу (жақсымен тең бе?) Алла қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады. Ендеше (Мұхаммед Ғ.С.) оларға қайғырып, өзіңді жойма. Әрине Алла, олардың қылған істерін толық біледі. (8)

Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол; Бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Және жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты. (9)

Кім кұрмет көксесе, негізінде бүкіл кәдір-құрмет Аллаға тән. Көркем сөз Алла жаққа шығады. Сондай-ақ жақсы амал оны көтереді. Ал сондай жамандықтың тәсілін істегендер, олар үшін қатты азап бар. Олардың тәсілдері ол, өзінен-өзі жоқ болады. (10)

Алла (Т.) сендерді топырақтан сосын мәниден жаратып, кейін сендерді жұп-жұп қылды. Ешбір ұрғашы Алланың білімінен тыс жүкті болмайды да, тумайды. Алланың Кітабында жазылған өмір ұзартылмайды да, қысқартылмайды. Әрине бұл Аллаға оңай. (11)

Екі теңіз тең емес. Бұл – тәтті, шөл қандырады, ішілуі сүйкімді. Ол – тұзды, ащы. Әрбірінен жас ет (балық) жейсіңдер әрі тағатын сәндік-бұйымдар (інжу-маржан) шығарасыңдар. Сондай-ақ Алланың кеңшілігінен несібе іздеу үшін; кеменің теңізде суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине шүкір етерсіңдер. (12)

Ол Алла, түнді күндізге кигізіп, күндізді де түнге кигізеді. Сондай-ақ ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар, Раббыларың Алланікі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес. (13)

Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мүбада олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандықтарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді. (14)

Әй адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар. Алла (Т.) Ол, әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы. (15)

Қаласа сендерді жоқ етеді де, жаңа ел әкеле алады. (16)

Я, бұл Аллаға қиын емес. (17)

Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді. Күнәсы ауыр болған біреу көтеруге шақырса, егер жақыны болса да оған еш нәрсе жүктелмейді. (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандарды, намазды орындағандарды ғана үгіттей аласың. Ал кім күнәдан тазарса, өзі үшін тазарады. Және барар жері Алла жақ. (18)

Соқыр мен көруші тең емес. (19)

Қараңғылық пен жарық тең емес. (20)

Көлеңке мен ыстық тең емес. (21)

Тірілер мен өліктер тең емес. Рас Алла (Т.) әлде кімді қаласа, естіртеді. (Мұхаммед Ғ.С.) сен, қабірлердегі біреулерге естірте алмайсың. (22)

Сен, бір ескертуші ғанасың. (23)

Сөз жоқ, сені шындықпен қуантушы, қорқытушы етіп жібердік. Негізінде бір ескертуші болмаған бір үммет жоқ. (24)

Егер сені жасынға шығарса, расында бұлардан бұрын мұғжизалар, нұсқаулар және нұрландырушы Кітап келтірген пайғамбарларды да жасынға шығарған. (25)

Сосын қарсы келгендерді қолға алдым. Сонда соққым қалай екен! (26)

Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе? (27)

Адамдардан, құрт-құмырсқа және ірі жәндіктерден түрлі-түстегілер осындай. Шын мәнінде құлдарынан ғалымдары; Алладан қорқады. Рас Алла өте үстем, аса жарылқаушы. (28)

Әрине Алланың Кітабын оқып, намазды толық орындағандар және өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес түрде тиісті орынға жұмсағандар, еш түгемейтін бір сауда (сауап) үміт ете алады. (29)

Өйткені Алла, олардың сыйлықтарын толық беріп, әрі өз кеңшілігінен артылтып береді. Әрине Ол, өте жарылқаушы, аса қадыр білуші. (30)

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай саған біз уахи еткен Құран, ол хақ. Алдынғыны растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31)

Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесір тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйырығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет. (32)

Олар, ғадын жаннаттарына кіреді. Онда алтын және інжу білезіктермен безенеді де олардың онда киімдері жібектен болады. (33)

Олар: “Барлық мақтау бізден қайғыны жойған Алла (Т.) ға лайық. Әрине Раббымыз аса жарылқаушы, қадыр білуші” дейді. (34)

“Ол өз кеңшілігінен бізді тұрақты орынға орналастырды. Бізге бұл жерде шаршау да жалығу да болмайды” (деп бата қылады). (35)

Ал енді қарсы келушілер үшін тозақ оты бар. Оларға өлім үкімі берілмейді. Олардан азап жеңілдетілмейді. Әрбір қарсы келушілерді өстіп жазалаймыз. (36)

Олар тозақта: “Бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан басқа жақсы амал істейік” деп шыңғырады. “Сендерге; үгіт алғысы көлген кісі, үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар залымдар үшін ешбір көмекші жоқ” (делінеді). (37)

Әрине Алла (Т.) көктер мен жердің көмесін біледі. Шәксіз Ол, көңілдердегіні де біледі. (38)

Ол сондай Алла сендерді жер жүзінде орынбасар қылды. Сонда кім қарсы келсе, қарсылығының обалы өзіне. Қарсы болушылардың қарсылығы Раббыларының ызасынан басқаны арттырмайды әрі қарсы болушылардың қарсылы зиянды ғана арттырады. (39)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Алладан басқа табынған ортақтарыңды көрдіңдер ме? Маған көрсетіңдерші. Олар, жер жүзінде не жаратты? Немесе олардың көктерде бір одақтығы бар ма? Не Біз оларға кітап беріп, олар бір дәлел үстінде ме? Жоқ олай емес. Залымдар бірін-бірі алдауды ғана уәде етеді” де. (40)

Рас Алла (Т.) көктер мен жерді бұлжытпай ұстайды. Мүбада екеуіне бір зауал болса, Одан кейін оны ешкім ұстап тұра алмайды. Шәксіз Ол, тым жұмсақ, аса жарылқаушы. (41)

Олар, өздеріне ескертуші келсе, әлде бір үмметтен көрі тағы туралықта болатындықтарына Аллаға шынымен ант қылған. Бірақ, оларға ескертуші келген заман, олардың жиренулерін ғана қоздырды. (42)

Олар жер жүзінде паңсып жаман тәсіл жасады. Негізінде айлакерліктің кесірі иесіне ғана болады. Олар, бұрынғылардың жолынан басқаны күте ме? (Олардың басына келгенді ғана күтеді.) Алланың жолынан әсте бір өзгеріс таба алмайсың да Алланың жолынан бір бұрылыс көре алмайсың. (43)

Олар, жер жүзінде кезбей ме? Сонда олар, өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын көрер еді. Тіпті олардың күші, бұлардан артық еді. Көктердегі және жердегі нәрселер Алланы осалдата алмайды. Шексіз Ол, толық білуші, аса күшті. (44)

Егер Алла (Т.) адам баласын қылықтары себепті қолға алатын болса, жер жүзінде ешбір жәндік қалдырмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктірді. Қашан олардың мезгілі жетсе, сонда Алла құлдарын толық көреді. (45)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Иа Син. (1)

Терең сырлы Құранға серт. (2)

(Мұхаммед Ғ.С.) Шәксіз сен анық елшілерденсің. (3)

Тура жолдасың. (4)

Өте үстем, ерекше мейірімді Алла түсірген (Құран жолы). (5)

Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін. (6)

Расында олардың көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (7)

Рас олардың мойындарына боғаулар салдық. Сонда ол, иектеріне дейін; сондықтан олардың бастары кекжиіп қалған. (8)

Олардың арттарынан да бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді. (9)

(Мұхаммед Ғ.С.) Оларға ескертсең де ескертпесең де бәрі бір. Олар иман келтірмейді. (10)

Шын мәнінде сен, үгітке еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Ал оларды жарылқау және құрметті сыйлықпен қуант! (11)

Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық. (12)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға, елшілер келген кент халқын мысал көрсет. (13)

Оларға екі елші жібердік. Сонда олар екеуін жасынға шығарды. Үшінші елшімен қуаттадық. Сонда елшілер: “Рас сендерге елшіміз” деді. (14)

(Кент халқы): “Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар. Сендерге Рахман, еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар” деді. (15)

(Елшілер): “Раббымыз біледі. Расында сендерге елшіміз.” (16)

“Бізге ашық түрде жалғастыру ғана міндет” деді. (17)

Олар: “Расында сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақ сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер” деді. (18)

(Елшілер): “Сәтсіздіктерің өздеріңмен бірге (Өз қылықтарыңнан). Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер” деді. (19)

Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: “Әй қаумым! Елшілерге ілесіңдер” деді. (20)

“Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда.” (21)

“Өзімді жаратқанға неге құлшылық қылмаймын? Және сендер де Соған қайтарыласыңдар.” (22)

“Одан өзге тәңірлер етіп алайын ба? Мүбада Алла маған зиян келтіргісі келсе, Олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді де олар мені құтқара алмайды.” (23)

“Сөз жоқ, онда мен ашық адасуда боламын.” (24)

“Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. Енді маған құлақ салыңдар.”(25)

“Жаннатқа кір” делінді де ол: “Әттең! Елім білген болса еді;” (26)

“Раббымның мені жарылқап, ардақтылардан еткенін” деді. (27)

Одан кейін оның еліне, көктен бір әскер түсірмедік әрі түсіруші де емеспіз. (28)

Ол бір ғана дауыс еді. Сонда олар сөніп, жоқ болды. (29)

Өздеріне келген елшіні ұдайы мазақ қылған құлдарға нендей өкініш! (30)

Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді; олардың бұларға қайтып келмейтінін көрмей ме? (31)

Біртұтас барлығы алдымызға жиналады. (32)

Оларға өлі жер; бір белгі. Оны жандандырып, одан дән шығарамыз да сонда олар одан жейді. (33)

Сондай-ақ онда құрмалардан, жүзімдерден бақшалар қылып, онда бастаулар ағыздық. (34)

Оның жаратқан өнімінен әрі өздері қолекі істеген нәрселерінен жесін. Сонда да шүкір қылмай ма? (35)

Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын. (36)

Оларға түн бір белгі. Одан күндізді ажыратамыз. Сонда олар, қараңғылықта қалады. (37)

Сондай-ақ күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі. (38)

Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін. (39)

Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түн де күндізден ілгерлемейді. Әрбірі көкте жүзеді. (40)

Олардың нәсілдерін толы кемеде (Нұх кемесінде) тасуымыз, олар үшін бір белгі. (41)

Әрі олар үшін сол сияқтыдан мінетін көліктер жаратуымыз (да бір белгі). (42)

Қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға болысушы да жоқ, олар құтқарылмайды да. (43)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 406; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.081 сек.