Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ХУЖУРАТ 10 страница




(Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерді Алла тірілтеді сосын өлтіреді. Сосын сендерді болуы шәксіз қиямет күнінде жинайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді” де. (26)

Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қиямет-қайым болған күні, я сол күні; бұзық құмарлар зиянға ұшырайды. (27)

(Мұхаммед Ғ.С.) барлық үмметті жүгінген түрде көресің. Әр үммет амал дәптеріне шақырылады да: “Бүгін қылмыстарыңның бодауы беріледі.” (28)

“Бұл Кітабымыз сендерге шындықты сөйлейді. Өйткені, сендердің істегендеріңді жаздырушы едік.” (29)

Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сонда оларды Раббылары мәрхаметіне бөлейді. Міне сол айқын қол жеткендік. (30)

Қарсы болғандарға: “Сендерге аяттарым оқылмап па еді? Сонда тәкаппарландыңдар. Сондай-ақ қылмысты ел, сендер едіңдер.” (31)

“Расында Алланың уәдесі ақиқат әрі қияметтің келуінде шәк жоқ” делінген уақытта: “Қияметтің не екенін білмейміз. Бір ой жору ғана деп ойлаймыз. Сондай-ақ біз анық нанушы емеспіз” (дер едіңдер). (32)

(Дегенше) істеген істерінің жамандықтары әшкереленіп, олардың мазақтаған нәрселері бастарына жетті. (33)

Оларға: “Сендер осы күнге жолығуды ұмытқандай сендерді Біз де ұмытамыз. Орындарың от. Сондай-ақ сендер үшін бір жәрдемші болмайды” делінеді. (34)

Бұларың, Алланың аяттарын мазақтағандықтарыңның салдарынан. Әрі сендерді дүние тіршілігі алдады. Сондықтан олар тозақтан шығарылмайды да, ғұзырлары қабыл етілмейді. (35)

Барлық мақтау, көктер мен жердің және әлемдердің Раббы Аллаға тән. (36)

Сондай-ақ Көктерде, жерде ұлықтық Оныкі. Ол тым үстем, аса дана. (37)

46. АХҚАФ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Ха Мим. (1)

Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынан түсірілді. (2)

Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындық бойынша, бір мерзім белгілеп қана жараттық. Ал сондай қарсы болғандар, ескертілген нәрседен жалтаруда. (3)

(Мұхаммед Ғ.С.) Оларға: “Алладан өзге шоқынған нәрселеріңді көрдіңдер ме? Олар жер жүзінде не жаратты, маған көрсетіңдерші. Немесе олардың көктерде ортақтығы бар ма? Егер шыншыл болсаңдар, маған бұдан бұрынғы бір кітап яки ғылыми деректер келтіріңдер” де. (4)

Алладан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім залымырақ? Әрине табынғандары олардың жалбаруларынан хабарсыз. (5)

Адамдар жиналған кезде, оларға табынғандары дұшпан болып, олардың өздеріне құлшылық қылғандықтарына қарсы шығады. (6)

Оларға ап-ашық аяттарымыз оқылған кезде, сондай өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: “Мынау ашық бір сиқыр” дейді. (7)

Немесе олар: “Оны өзі жасады” дей ме? (Мұхаммед Ғ.С.): “Мүбада өзім жасаған болсам, сонда мені Алладан еш қорғай алмайсыңдар. Алла, ол жөнде не көкігендеріңді жақсы біледі. Сондай-ақ Ол, мені мен сендердің арамызға куәлікте жетіп асады. Және Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді” де. (8)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Мен елшілердің тұңғышы емеспін. Сондай-ақ маған әрі сендерге не істелетінін де білмеймін. Өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Және ашық бір ескертуші ғанамын” де. (9)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Көрдіңдер ме? Егер де Құран Алланың қасынан болып, сендер оған қарсы болсаңдар; сондай-ақ Израил ұрпақтарынан бір куә, осы сияқты (Тәурат) ға куә болып, кейін иман келтірсе де сендер менменсісеңдер, күдіксіз Алла залым елді тура жолға салмайды.” (10)

Сондай қарсы келгендер, иман келтіргендер үшін: “Егер (бұл дінде) игілік болса еді, олар бізден озбас еді. (Алдымен біз Мұсылман болар едік)” деді. Онымен де тура жол таппағандықтан: “Бұл көне бір өтірік” деседі. (11)

Құраннан бұрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мұса (Ғ.С.) ның кітабы бар еді. Міне осы Құран зұлымдық қылғандарға ескерту, жақсылық істеушілерді қуанту үшін арап тіліндегі растаушы бір Кітап. (12)

Күдіксіз сондай: “Раббымыз Алла” деп, сосын тұп-тура кеткендер, оларға; қауіп-қатер жоқ. Әрі олар күйінбейді. (13)

Міне осылар жаннаттық. Амалдарының бодауы түрінде онда мәңгі қалады. (14)

Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: “Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын” деді. (15)

Міне бүлар, Біз жақсы амалдарын қабыл етіп, жамандықтарын кешіретін жаннаттықтардың ішінде болады. Бұл, оларға етілген шынайы уәде. (16)

Ал енді әлде кім, әке-шешесіне: “Түһ! Екеуің де мені қайта тірілтіп, шығумен қорқытасыңдар ма? Расында менен бұрын қаншалаған нәсілдер өтіп кетті. (Олар тірілмеді)” деді. Әке-шешесі Аллаға жалбарынып: “Саған нендей өкініш! Иман келтір. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ” дегенде, ол: “Бұл, бұрынғылардың ғана ертегісі” деді. (17)

Міне осылар, бұрынғы өтіп кеткен, өздеріне делінген сөз бойынша азапқа душар болған жындар мен адамдар тобынан болады. (18)

Әркімнің амалы бойынша дәрежелері бар. Сондай-ақ өздеріне амалдарының бодауы толық беріледі де, оларға әділетсіздік етілмейді. (19)

Сондай қарсы болғандар, отқа төндірілген күні: “Дүние тіршілігінің қызығын көріп, одан пайдаландыңдар. Ал енді бүгін жер жүзінде орынсыз менменсіп, бұзақылық қылғандықтарың себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар” (делінеді). (20)

(Мұхаммед Ғ.С.) Ғад елінің туысын (Һұд Ғ.С. ды) есіңе ал; сол уақытта Ахқафтағы еліне ескерткен еді. Расында одан бұрын да, кейін де ескертушілер өткен еді. Ол еліне: “Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге (келетін) зор күннің азабынан қорқамын” (деді). (21)

Олар: “Сен, бізді тәңірлерімізден айныту үшін келдің бе? Мүбада шын айтушылардан болсаң, дереу бізге, бопсалаған нәрсеңді келтір” деді. (22)

“Шын мәнінде мәлімет Алланың қасында. Мен сендерге менімен жіберілген нәрсені жалғастырып, отырмын. Дегенмен сендерді надан ел көремін” деді. (23)

Сонда олар, апатты, ойпаттарына қарай жайылып, келе жатқан бұлт түрінде көрген сәтте: “Бұл бізге жаңбыр жаудыратын бұлт” деді. (Һұд Ғ.С.): “Жоқ, ол, сендердің асыға тілегендерің; ішінде жан түршігерлік азабы бар бір боран” (деді). (24)

Раббыңның әмірімен әр нәрсені тас-талқан қылады. Сонда олардың жұрттарынан басқа еш нәрсе көрінбей қалады. Қылмысты елге осылай жаза береміз. (25)

Расында оларға, сендерге берген мүмкіншілікті берген едік. Сондай-ақ оларға есту, көру және ойлау қабілетін берген едік. Бірақ олардың құлақтары, көздері және жүректері ешбір пайда бермеді. Өйткені олар, Алланың аяттарына қарсы келетін еді. Олардың мазақтаған нәрселері бастарына жетті. (26)

Расында маңдарыңдағы кенттерді жоқ еттік. Райдан қайтуларың үшін аяттарды егжей-тегжейлі түсіндірдік. (27)

Сонда Алладан өзге, Оған жақындық үшін жасап алған тәңірлері өздеріне неге болыспады. Керісінше олардан ғайып болып кетті. Осы, олардың өтіріктері және жасандылары. (28)

(Мұхаммед Ғ.С.) Сол уақытта саған жындардан Құран тыңдайтын бір топты келтірген едік. Олар жетіп келген сәтте: “Үндемеңдер” десті. Сонда оқылуы біткен кезде, елдеріне ескертуші болып қайтты. (29)

Олар: “Әй еліміз! Шын мәнінде біз Мұса (Ғ.С.) дан кейін түсірілген алдынғыны растаушы, сондай-ақ шындыққа және тура жолға салатын бір Кітап тыңдадық” деді. (30)

“Әй халқымыз! Алланың шақырушысын (Мұхаммед Ғ.С. ды) қабылдаңдар. Және Аллаға иман келтіріңдер. Күнәларыңды жарылқап, күйзелтуші азаптан қорғайды…” (31)

Әлде кім Алланың шақырушысын қабылдамаса да жер жүзінде Алланы осалдата алмайды. Әрі оған, Одан өзге болысушы да болмайды. Міне осылар ашық адасуда. (32)

Олар көрмей ме? Шәксіз Ол сондай Алла, көктер мен жерді жаратты. Сондай-ақ оларды жаратқанда болдырмаған Алланың өліктерді тірілтуге шамасы келеді. Әрине Оның әр нәрсеге күші толық жетуші. (33)

Сондай кәпірлер, отқа әкелінетін күні, оларға: “Осы шындық емес пе екен?”,- (делінеді). Олар: “Әрине Раббымызға серт” дейді. Сонда оларға: “Қарсы келгендіктерің себепті азапты татыңдар” делінеді. (34)

(Мұхаммед Ғ.С.) пайғамбарлардан майталмандар, сабыр еткендей сабыр ет. Олар үшін асықпа; олар өздеріне уәде етілгенді, көрген күні, дүниеде күндізден бір дем ғана тұрғандай білінеді. Бұл бір ұқтыру. Бұзақы ел ғана жоқ етіледі. (35)

47. МУХАММӘД

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сондай қарсы болып, Алланың жолынан тосқандардың, Алла амалдарын босқа жібереді. (1)

Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендердің сондай-ақ Мұхаммед (Ғ.С.) ке Раббы тарапынан ол шындықпен түсірілгенге иман келтіргендердің Алла, жамандықтарын жойып, жағдайларын түзелтті. (2)

Бұның себебі: Шынайы қарсы болғандардың бос нәрсеге ілесіп анық иман келтіргендердің Раббыларынан келген ақиқатка ілескендіктері. Осылайша Алла адам баласына өз мысалдарын келтіреді. (3)

Соғыста кәпірлермен кездессеңдер, мойындарына шабыңдар; оларды жаныштағанға дейін. Сонда берік байлаңдар (тұтқынға алыңдар) да, сосын қамқорлық қылып (қоя беріңдер). Немесе бодау алыңдар; Соғыс құралдарын қойғанға дейін (сөйтіңдер). Егер Алла қаласа, олардан өш алар еді. Бірақ біріңді-бірің арқылы сынау үшін. Сондай Алла жолында өлтірілгендер болса, Алла олардың амалдарын әсте зая қылмайды. (4)

Оларды тура жолға салып жағдайларын түзелтеді. (5)

Оларды өздеріне таныстырылған жаннатқа кіргізеді. (6)

Әй мүміндер! Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді. (7)

Сондай қарсы келгендерге келсек, олар жанышталсын. Алла олардың амалдарын зая қылды. (8)

Бұның себебі: Шынында олар Алланың түсірген нәрсесін жек көрді. Сондықтан Алла олардың амалдарын жойды. (9)

Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғылардың соңдарының қалай болғаның көрмей ме? Алла оларды талқандаған. Кәпірлер үшін сол тәрізді болады. (10)

Өйткені Алла, иман келтіргендердің иесі. Шынында кәпірлердің иесі жоқ. (11)

Шәксіз Алла иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер ағатын жаннатқа кіргізеді. Ал қарсы болғандар, (дүние тіршілігінен аз ғана) пайдаланып, хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны тозақ оты. (12)

(Мұхаммед Ғ.С.) сені шығарған кентіңнен тағы күшті қаншалаған кентті жоқ еттіқ. Сонда оларға болысушы болмады. (13)

Ал сонда Раббы тарапынан ашық дәлелде болған біреу, өзіне жаман амалы әдемі көрсетіліп, әуестеріне ерген біреумен тең бе? (14)

Сондай тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы: Онда еш бұзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге дәмді арақтан өзендер және балдан өзендер, сондай-ақ онда оларға әр түрлі жеміс әрі Раббыларынан жарылқау бар; (бұлар,) тозақта мәңгі қалып, қайнар су ішкізіліп, ішектері туралған біреумен тең бе? (15)

Олардың ішінен саған құлақ асқандар да жоқ емес. Ақыр қасыңнан шыққан кезде, өздеріне ғылым берілгендерден: “Әзір не айтты?”,- деп сұрайды. Міне бұлар, Алла, жүректерін бітеп қойған, әуестеріне ергендер. (16)

Ал сондай тура жол тапқандар, Алла, олардың туралықтарын арттыра түсіп, оларға тақуалық береді. (17)

Олар қиямет мезгілінің өздеріне кенеттен келуін ғана күте ме? Расында оның белгілері келді ғой. Қиямет келіп болғанда, үгіт алулары неге жарайды? (18)

(Мұхаммед Ғ.С.) енді біл! Шын мәнінде Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Өзіңнің әрі мүмін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле! Алла, айналған әрі тұрақтаған жерлеріңді біледі. (19)

Иман келтіргендер: “Бір сүре неге түсірілмейді?”,- дейді. Ішінде соғыс баян етілген, ашық түсінікті бір сүре түсірілген кезде, (Мұхаммед Ғ.С.) жүректерінде дерті барлардың, саған; өзін өлім есірігі басқанның қарауынша қарағанын көресің. Оларға өлім артық. (20)

Бой ұсыну және дұрыс сөз керек еді. Іс бекіген сәтте, егер Аллаға опа қылса, әрине олар үшін қайырлы болар еді. (21)

Егер іс басына келетін болсаңдар, (немесе бет бұрсаңдар,) сендерден жер жүзінде бұзақылық істеу, жақындық байланысын үзу ғана үміт етілмей ме? (22)

Олар, Алла, лағынет етіп, саңырау және көздерін соқыр қылғандар. (23)

Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма? (24)

Шынында өздеріне туралық айқындалғаннан кейін арттарына қайтқандардыкін шайтан жақсы көрсетіп, оларға үміт берді. (25)

Өйткені олар, Алланың түсіргенін жек көргендерге: “Сендерге кейбір істе бағынамыз” деді. Алла олардың сырларын біледі. (26)

Періштелер, олардың беттеріне, арқаларына ұрып, жандарын алғанда қалай болар еді?! (27)

Бұл шынында олар Алланы ашуландыратын нәрселерге еріп, Оның разылығын жек көргендіктен Алла, олардың амалдарын жойды. (28)

Немесе Жүректерінде дерті болғандар, Алла олардың кектерін әсте ашыққа шығармайды деп ойлады ма? (29)

(Мұхаммед Ғ.С.) егер қаласақ, мұнафықтарды саған көрсетер едік те, оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңғарынан танисың. Алла істегендеріңді біледі. (30)

Әлбетте сендерден жауынгерлер мен сабырлыларды анықтағанымызға дейін сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз. (31)

Шынында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар әрі өздеріне туралық әшкереленгеннен кейін Пайғамбармен таласқандар, Аллаға ешбір зиян келтіре алмайды. Алла олардың амалдарын жояды. (32)

Әй иман келтіргендер! Аллаға бой ұсыныңдар әрі Пайғамбарға бағыныңдар. Сондай-ақ амалдарыңды бұзбаңдар. (33)

Расында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар, сосын кәпір күйінде өлгендер, оларды Алла, әсте жарылқамайды. (34)

Сондықтан босамаңдар, келісімге шақырмандар, сендер үстемсіңдер. Алла сендермен бірге. Әсте амалдарыңды зая қылмайды. (35)

Дүние тіршілігі бір ойын, ермек қана. Егер иман келтіріп, сақсынсаңдар, Алла сыйлықтарыңды береді. Сендердің малдарыңды сұрамайды. (36)

Егер сендерден оны (тұтас жұмсауларыңды) сұраса еді, онда сендерге ауыр тиіп, сараңдық қыларсыңдар да, өштіктерің ортаға шығар еді. (37)

Негізінде сендер сол Алла жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса, өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты ауыстырады. Сосын олар сендер сияқты болмайды. (38)

48. ФӘТХ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(Мұхаммед Ғ.С.) Сөзсіз сені ашық жеңіске ие қылдық. (1)

Алла, өткен әрі келешектегі күнәңды жарылқау, саған деген нығметін тамамдау және саған тура жол көрсету үшін. (2)

Тағы саған үстем бір нұсрат берер. (3)

Ол сондай Алла, мүміндердің иманын арттыра түсу үшін олардың жүректеріне тоқтау салды. Көктердегі және жердегі ләшкерлер Алланікі. Сондай-ақ Алла толық білуші, зор хикмет иесі. (4)

Мүмін ерлер мен әйелдерді астарынан өзендер ағатын жаннаттарға мәңгі қалатын түрде кіргізу үшін жамандықтарын жояды. Міне осы, Алланың қасында зор табыс. (5)

Аллаға байланысты жаман ой ойлаған мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдерді, мүшрік ерлер мен мүшрік әйелдерді азапқа ұшыратады. Жамандық өздеріне болсын. Алла оларға ашуланды, оларды лағынеттеді де, оларға тозақ дайындады. Нендей жаман барар жер. (6)

Көктер мен жердің әскерлері Алланікі. Әрине Алла, тым үстем, зор хикмет иесі. (7)

(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде сені куә, қуантушы және ескертуші етіп жібердік. (8)

Аллаға, Елшісіне иман келтіресіңдер. Оны қуаттайсыңдар, Оны ұлықтайсыңдар және ертелі-кеш Оны дәріптейсіңдер. (9)

(Мұхаммед Ғ.С.) саған биғат қылғандар, (қол бергендер,) әрине Аллаға қол берген болады. Алланың қолы олардың қолдарының үстінде. Сондықтан кім сертін бұзса, сонда өз зиянына ғана. Ал және кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді. (10)

Бәдеуилерден соғыстан қалып қалғандар, саған: “Бізді малдарымыз, семьяларымыз айналдырды. Сондықтан біз үшін жарылқау тіле” дейді. Олар, жүректерінде болмаған нәрсені тілдерімен айта береді. Оларға: “Егер Алла, сендерге бір зиян қаласа немесе бір пайда қаласа, сонда сендер үшін Аллаға біреу не істей алады? Олай емес. Алла сендердің не істегендеріңді толық біледі” де. (11)

Бәлкім сендер, Пайғамбарды, мүміндерді семьяларына мүлде қайта алмайды деп ойладыңдар. Бұл жүректеріңде әдемі көрсетілді. Сондай-ақ жаман ой ойладыңдар да жоғалуға лайық ел болдыңдар. (12)

Ал әлде кім Аллаға, елшісіне иман келтірмесе, сонда қарсы болғандарға жалындаған тозақ дайындадық. (13)

Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, қинайды. Сондай-ақ Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (14)

Ол соғыстан қалып қалғандар, сендер олжа алу үшін кеткен кезде: “Бізді қоя беріңдер, сендерге ерейік” дейді. Олар Алланың сөзін ауыстыруды қалайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Әсте бізге ермейсіңдер. Сендер үшін Алла, бұрыннан осылай айтқан” де. Сонда олар: “Олай емес. Сендер бізді көре алмайсыңдар” дейді. Олар өте аз түсінеді. (15)

(Мұхаммед Ғ.С.) соғысқа бармай қалған бәдеуилерге: “Сендер жақында аса күшті бір елге шақырыласыңдар да олармен соғысасыңдар. Немесе олар Мұсылман болады. Егер бұл әмірге бағынсаңдар, Алла, сендерге жақсы сыйлық береді. Ал егер бұрын бет бұрғандай бет бұрсаңдар, Алла, сендерді күйзелтуші азаппен қинайды” де. (16)

(Соғысқа қатынаспауда) соқырға бір оқасы жоқ. Ақсаққа да ештеңе жоқ. Және ауруға да кінә болмайды. Кім Аллаға, Елшісіне бағынса, ол, астарынан өзендер ағатын жұмаққа кіргізіледі. Ал кім жалтарса, ол, жан түршігерлік қинаумен қиналады. (17)

Расында Алла, мүміндерден ағаштың астында саған серт берген сәтте, разы болды да олардың жүректеріндегіні біліп, оларға тоқтау салды. Сондай-ақ оларға таяуда бір жеңіс нәсіп етті. (18)

Және оларға көптеген алатын олжаларды нәсіп етті. Алла тым үстем, хикмет иесі. (19)

Алла сендерге көптеген алатын олжаларды уәде етті. Мүміндерге бір белгі болуы және сендерді тура жолға салуы үшін осы жеңісті тезінен беріп, сендерден адамдардың (суық) қолын тосты. (20)

Одан басқа да әлі күштерің жетпеген, бірақ Алла, оларды толық игеруіне алған жеңістер де бар. Өйткені, Алланың әр нәрсеге толық күші жетеді. (21)

Егер кәпірлер сендермен соғысса, әрине арттарына бұрылып қашар еді. Содан кейін олар; бір дос не жәрдемші таба алмайды. (22)

Алланың бұрынннан келе жатқан жолы осы. Алланың жолында ешбір өзгеріс таба алмайсың. (23)

Ол сондай Алла, сендерді оларға өктем еткеннен кейін Мекке ойпатында олардың қолдарын сендерден тыйып, сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші. (24)

Олар сондай кәпірлер, сендерді Месжіт Харамнан және тостырылған құрбандықты орнына барудан тыйды. Бірақ егер Меккедегі сендер білмеген, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді сендер жаныштап, білместіктен обалына қалмайтын болсаңдар еді. (Соғысқа жол қойылар еді). Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлеу үшін (осылай істеді). Мүбада мүміндер бөлінген болса еді, олардан қарсы келгендерді күйзелтуші азаппен қинар едік. (25)

Кәпірлер, жүректеріндегі надандық қасарысуымен сірескен кезде, Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды да оларға тақуа сөзін жүктеді. Олар бұған лайығырақ және қабілетті еді. Алла әр нәрсені толық білуші. (26)

Расында Алла, Пайғамбарының түсін ақиқат бойынша тура шығарды. Алла қаласа, аман-есен әлбетте Месжіт Харамға шаштарыңды алдырып, не қысқартып бейбіт кіресіңдер. Алла сендердің білмеген нәрселеріңді білген еді. Сондықтан бұдан өзге бір жақын жеңіс нәсіп етті. (27)

Ол сондай Алла, дінін бүкіл діндерден үстем қылу үшін Пайғамбарын туралық әрі хақ дінмен жіберді. Куәлік тұрғысынан Алла жетіп асады. (28)

Мұхаммед (Ғ.С.) Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рүкұғда, сәждеде көресің. Олар Алладан мәрхамет әрі ризалық тілейді. Олардың жүздерінде сәжделердің ізінің дерегі бар. Олардың Тәуратта да сипаттары, Інжілде де сипаттары бар; бұл бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл (мысал) егіншілерді таңырқатып, онымен кәпірлерді ызаландыру үшін. Алла, олардан иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті. (29)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әй мүміндер! Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. Және Алладан қорқыңдар. Шүбәсыз Алла, аса естуші, толық білуші. (1)

Әй мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір – біріңе дауыстағандай Пайғамбарға дабырлап сөйлеспеңдер. Амалдарың жойылып, аңғармай қаласыңдар. (2)

Шынында Пайғамбардың жанында дауыстарын бәсеңдеткендер, міне солар, Алла жүректерін тақуалық үшін сынағандар. Оларға жарылқау әрі зор сыйлық бар. (3)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 340; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.08 сек.