Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

МУДДАССИР 1 страница




ЖЫН

АЛАМ

ТАХРИМ

ЖУМА

САФФ

ХАШР

ХАДИД

УАКИА

РАХМАН

АМАР

ТУР

ЗАРИЯТ

АФ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Қаф. Биік дәрежелі Құранға серт. (1)

Керісінше кәпірлер өздеріне араларынан бір ескертуші келуін: “Бұл бір ғажайып нәрсе” десті. (2)

(Және былай десті): “Біз өліп топырақ болған кезде (қайта тірілеміз бе)? Бұл қайту ақылдан ұзақ.” (3)

Расында жердің олардан нені кеміткенін білеміз. Жанымызда әр нәрсені сақтаушы бір Кітап бар. (4)

Әрине олар, ақиқат келген сәтте, жасынға шығарды. Сондықтан олар, бір дағдарыста. (5)

Олар үстеріндегі аспанға қарамай ма? Оны қалай жасап, безедік. Оның ешбір сызаты жоқ. (6)

Жерді төсеп, онда әр түрлі көркем нәрселерді өсірдік. (7)

Әрбір бейім құл үшін; бір белгі және үгіт. (8)

Аспаннан берекетті жаңбыр жаудырып, сонда ол арқылы бақшалар және орылатын астық өсірдік. (9)

Қауашақтары шоғырланған ұзын құрма ағаштарын өсірдік; (10)

Құлдарға қорек үшін. Сондай-ақ жаңбырмен жансыз жерге жан бердік. (Қайта тіріліп,) Шығу да сол тәрізді. (11)

Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) қауымы, Рәс халқы және Сәмүд елі де жасынға айналдырған болатын. (12)

Ғад, Перғауын және Лұттың ағайындары да. (13)

Әйкеліктер және Тұббағ елі, барлығы пайғамбарларды жасынға айналдырған. Сондықтан уәде шынға айналған (азапқа ұшыраған). (14)

Алғашқы жарату Бізді шаршатты ма? Жоқ, олар жаңа жаратылыстан күмәндануда. (15)

Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз. (16)

Оның оңынан да, солынан да екі байқаушы отырады. (17)

Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын. (18)

Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің. (19)

Сұр үріледі. Осы уәделі күн. (20)

Әркіммен айдаушы және куә бірге келеді. (21)

“Расында осыдан кәперсіз едің. Ал енді сенен шымылдықты аштық. Сондықтан бүгін көзің өткірлесті” (делінеді). (22)

Жанындағы (періште): “Міне мендегі дайын” дейді. (23)

“Бүкіл қарсы болған қиқарды, тозаққа салыңдар” (делінеді). (24)

“Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы және күмәнданушы”, (25)

“Бұлар сондай Алламен бірге тәңір жасап алған. Енді оны қатты азапқа салыңдар!” (26)

Оның сыбайласы (шайтан): “Раббым! Оны, мен аздырмадым. Дегенмен өзі де ұзақ адасуда еді” дейді. (27)

(Алла): “Менің алдымда тартыспаңдар. Сендерге алдын ала уәдені білдірген едім” дейді. (28)

“Менің алдымда сөз ауыстырылмайды. Сондай-ақ құлдарыма әділетсіздік істемеймін.” (29)

Ол күні, тозаққа: “Толдың ба?”,-дейміз. Ол: “Тағы да бар ма?”,-дейді. (30)

Пейіш, тақуаларға жақындатылады, алыс болмайды. (31)

“Міне, уәде етілген нәрселерің; бүкіл тәубешіл, сақтанушылар үшін.” (32)

Кім көрместен Рахманнан корықса, бейім жүрекпен келсе; (33)

“Жұмаққа аман-есен кіріңдер. Бұл мәңгілік күні” (делінеді). (34)

Пейіште олар не тілесе бар. Сондай-ақ жанымызда артығы да бар. (35)

Олардан бұрын өздерінен орасан мықты, мемлекеттерді кезген нәсілді жоқ еткен едік. Құтылар жер бар ма? (36)

Шүбәсыз бұнда (сезімтал) жүрегі барға немесе құлақ салып, әзір болғанға бір үгіт бар. (37)

Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселерді алты күнде жараттық, шаршамадық. (38)

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Раббыңды күн шығудан бұрын әрі батудан бұрын мақтай дәріпте. (39)

Түннің бір бөлімінде және намаздардан кейін Оны дәріпте. (40)

Жақын жерден бір айғайшының шақыратын (Сүр үрілетін) күніне құлақ сал. (41)

Олар ол күні ащы дауысты анық естиді. Ол, (қабірден) шығатын күн. (42)

Расында тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ қайтар орын Біз жақ. (43)

Сол күні жер жарылып, олар тезінен шығады. Осы жинау Бізге оңай. (44)

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың не дегендерін жақсы білеміз. Сен оларға зорлаушы емессің. Кім азаптан қорықса, Құранмен үгіт бер. (45)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Соғып ұшырушы желдерге, (1)

Мол жаңбыр көтеруші бұлттарға, (2)

Жеңіл жүруші кемелерге, (3)

Істі бөлуші періштелерге серт! (4)

Шын мәнінде сендерге уәде етілген қиямет әрине рас. (5)

Әлбетте қиямет болады. (6)

Жолдары бар аспанға серт! (7)

Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер. (8)

Шындықтан бұрылған бұрылады. (9)

Ой жорушылар құрысын. (10)

Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылуда. (11)

Олар: “Қиямет қашан?” деп сұрайды. (12)

Ол, олардың отқа жағылатын күні. (13)

Оларға: “Азаптарыңды татыңдар! Асығып, тілегендерің осы” (делінеді). (14)

Шәксіз тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады. (15)

Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар, бұдан бұрын жақсылық істеуші еді. (16)

Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді. (17)

Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді. (18)

Олардың малдарында; сұрағанға да сұрамағанға да тиесі бар. (19)

Жер жүзінде нақ сенушілерге дәлелдер бар; (20)

Сондай-ақ өздеріңде де бар. Көрмейсіңдер ме? (21)

Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте. (22)

Көк пен жердің Раббына серт. Шүбәсыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас. (23)

(Мұхаммед Ғ.С.) саған Ыбырайым (Ғ.С.) ның ардақты қонақтарының (періштелердің) әңгімесі келді ме? (24)

Олар Ыбырайым (Ғ.С.) ға кіргенде: “Сәлем” десті. Ыбырайым (Ғ.С.) да оларға: “Сәлем, бөгде қауым” деді. (25)

Дереу үйіне барып, семіз бір бұзау әкелді. (26)

Оны оларға жақындатып: “Жемейсіңдер ме?”,-деді. (27)

Олардан тіксініп, қорықты. Олар: “Қорықпа!”,- деді де оны білгіш бір ұлмен куантты. (28)

Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды да: “Баладан қалған бір кемпірмін” деді. (29)

Олар: “Осылайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол, аса дана, толық білуші” десті. (30)

(Ыбырайым Ғ.С.): “Әй елшілер! Бұйымтайларың не?”,- деді. (31)

“Шынында біз қылмысты бір елге жіберілдік.” (32)

“Оларға балшықтан пісірілген тас жаудыру үшін!” (33)

“Раббың тарапынан, шектен шығушылар үшін белгіленген” (деді). (34)

Ол жерден мүміндерді шығардық. (35)

Дегенмен ол жерде Мұсылманнан бір үйден басқа таппадық. (36)

Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір ғибрат қалдырдық. (37)

Мұса (Ғ.С.) да да (ғибрат) бар. Оны ашық мұғжизалармен жіберген уақытта: (38)

Перғауын сыбайластарымен теріс айналып: “Жады немесе жынды” деді. (39)

Сондықтан оны әрі ләшкерлерін қолға алып, оны өзіне сөгіс берген түрде теңізге тастадық. (40)

Ғад елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға зиянды қатты дауыл жібердік; (41)

Ол, тиген нәрсесін мүлде шіріген сүйектей етіп тастайды. (42)

Сәмүд елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға: “Бір мерзімге дейін пайдалана тұрыңдар” делінді. (43)

Сонда олар, Раббыларының әміріне қарсы келді. Сондықтан олар, қарап түрғанда найзағай түсті. (44)

Сонда олардың тұруға да шамалары келмеді, әрі жәрдем де көрмеді. (45)

Бұрын Нұх (Ғ.С.) елін жоқ еттік. Өйткені олар, бұзақы ел еді. (46)

Аспанды құдыретімізбен жасадық. Шын мәнінде күшіміз жетеді. (47)

Сондай-ақ жерді төседік. Не деген жақсы төсеушіміз. (48)

Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық. (49)

(Мұхаммед Ғ.С. оларға): “Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсіз мен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін” (де). (50)

“Алламен бірге басқа тәңір қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық ескертушімін” (де). (51)

Міне осылайша олардан бұрынғылар да пайғамбар келгенде, оларды: “Мүлде жады немесе жынды” деген. (52)

Олар бұл жөнде өзара келіскен бе? Жоқ, олар шектен шыққан қауым. (53)

(Мұхаммед Ғ.С.) олардан бет бұр. Сонда сөгіске ұшырамайсың. (54)

Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді. (55)

Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым. (56)

Олардан бір несібе тілемеймін әрі олардың Мені тамақтандыруларын да қаламаймын. (57)

Шүбәсыз Ол Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие. (58)

Сөз жоқ. Сондай зұлымдық қылғандардың, жолдастарының күнәлары тәрізді күнәлары бар. Сондықтан Менен асығып тілемесін. (59)

Өздеріне уәде етілген күнге қарсы келгендерге нендей өкініш! (60)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Тұр тауына, (1)

Жазулы Кітапқа, (2)

Теріге жазулыға, (3)

Толықсыған үйге, (4)

Көтерілген төбеге, (5)

Және ыстық теңізге серт! (6)

Сөзсіз Раббыңның азабы болады. (7)

Оны тойтарушы жоқ. (8)

Ол күні аспан қатты теңселеді. (9)

Таулар ұшып жүреді. (10)

Сол күні өтірік деушілерге нендей өкініш! (11)

Олар, сондай орынсыз сүңгіп ойнағандар. (12)

Олар сол күні, тозаққа итеріліп, тасталады. (13)

“Міне! Сендер өтірік деген тозақ!” (14)

Ал осы бір сиқыр ма? Немесе сендер көрмейсіңдер ме? (15)

“Тозаққа кіріңдер. Шындасаңдар да шындамасаңдар да сендерге бәрі бірдей. Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар! (16)

Әрине тақуалар жұмақтарда ырысқа бөленеді. (17)

Раббыларының өздеріне берген нәрселерінің қызығын көреді. Оларды Раббылары тозақтың азабынан қорғаған. (18)

“Істеген амалдарың себепті жеңдер, ішіңдер. Сіңімді болсын.” (19)

“Тізілген дивандарға сүйенген түрде” (делінеді). Оларды бота көз хұрлармен үйлендіреміз. (20)

Сондай иман келтіргендер, олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол ұрпақтарына қосамыз. Сондай-ақ олардың амалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркім істегенінің бодауына ұсталады. (21)

Оларға пейіште қызығатын ет пен жемісті молайтамыз. (22)

Олар пейіште тостағанға таласады. Онда бір орынсыз сөйлеу де күнәкарлықта болмайды. (23)

Оларға сәдептегі інжу тәрізді жастар айналып, қызмет етеді. (24)

Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады: (25)

“Расында біз, бұрын (дүниеде) семьямызда да қорқушы едік” деседі. (26)

“Сондықтан Алла бізге игілік етті де заһарлы азаптан қорғады.” (27)

“Расында біз, бұрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол, игілік істеуші, ерекше мейірімді” (деседі). (28)

(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді үгіттей бер. Өйткені сен Раббыңның нығметі арқасында бақсы да, жынды да емессің. (29)

Немесе олар сені: “Ол бір ақын. Сондықтан оған жаман заманның болуын тосамыз” дейді. (30)

Оларға: “Күтіңдер. Мен де сендермен бірге күтемін” де. (31)

Немесе оларға бұны ақылдары әмір ете ме? Не олар азғын бір ел ме? (32)

Я, болмаса олар: “Кұранды өзі жасап алды” дей ме? Жоқ, олар иман келтірмейді. (33)

Ендеше, егер олар шыншыл болса, Құран сияқты бір сөз келтірсін. (34)

Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме? (35)

Яки олар, көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды. (36)

Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Я, олар игеруші ме? (37)

Немесе, олардың шығып тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың тыңдаушылары ашық бір дәлел келтірсінші! (38)

Немесе қыздар Алланікі де ұлдар сендердікі ме? (39)

(Мұхаммед Ғ.С.) не сен олардан ақы тілеп сондықтан олар ауыр борышқа жығылды ма? (40)

Немесе олардың қасында ғайыптың мәліметі бар да олар соны жаза ма? (41)

Не болмаса, олардың бір әдіс қылғылары келе ме? Сонда қарсы болғандардың өздері тұзаққа түседі. (42)

Әлде олардың Алладан басқа тәңірі бар ма? Алла олардың қосқан теңеулерінен пәк. (43)

Олар аспаннан түсіп келе жатқан бір кесек көрсе де: “Шоғырланған бұлт” дейді. (44)

(Мұхаммед Ғ.С.) енді оларды жоқ болатын күндеріне жолыққандарына дейін қойып қой. (45)

Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді, әрі оларға көмек те етілмейді. (46)

Шүбәсыз ондай залымдарға одан өзге де азап бар. Бірақ олардың көбі түсінбейді. (47)

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның үкіміне сабыр ет. Өйткені сен көз алдымыздасың. Орныңнан тұрған шақта, Раббыңды мақтай дәріпте. (48)

Түннің бір бөлімінде және жұлдыздар батар кезде де дәріпте. (49)

53. НӘЖМ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Батып бара жатқан жұлдыздарға серт. (1)

Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С.) адаспады да, ауытқымады. (2)

Ол өз ойынан сөйлемейді. (3)

Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана. (4)

Оған оны өте күшті (Жебрейіл Ғ.С.) үйретті. (5)

Ол қуат иесі (Жебрейіл өз бейнесінде) тура тұрды. (6)

Ол, жоғары көк жиекте еді. (7)

Ол, жақындап төмендеді. (8)

Тіпті садақтың екі басындай әлде жақынырақ. (9)

Сонда Алла, құлына уахи ететін нәрселерін көкейіне салды. (10)

Оның көзінің көргенін көңлі жалғанға шығармады. (11)

Ал енді оның көрген нәрсесіне сендер таласасыңдар ма? (12)

Расында ол, Жебрейілді екінші рет көрді. (13)

Тұрақтау ағашының жанында. (14)

Оның қасында Мәуа жаннаты бар. (15)

Сол уақытта ағашты қаптаған нәрсе қаптады. (16)

(Мұхаммед Ғ.С.ның) көзі таймады да, үстірт қарамады. (17)

Расында ол, Раббының ірі белгілерін көрді. (18)

Лат пен Ғұззаны көрдіңдер ме? (19)

Үшінші басқа Менатты? (20)

Еркек сендердікі де, ұрғашы Алланікі ме? (21)

Онда бұл, орынсыз бір бөліс. (22)

Бұл, сендер және аталарың қойған құр аттар ғана. Алла оларға байланысты бір дәлел түсірген жоқ. Олар ойларына көңілдері қалағанына ғана ереді. Расында оларға Раббыларынан туралық (Пайғамбар) келді. (23)

Немесе адамзатқа көксегені бола бере ме? (24)

Негізінде ақырет, дүние Алланың иелігінде. (25)

Көктерде қаншалаған періште бар. Алла қалап, разы болған кісісіне рұқсат бермейінше, олардың шапағаты еш нәрсеге жарамайды. (26)

Шынында сондай ақыретке иман келтірмегендер, періштелерді (Алланың қыздары деп) әйел атымен атайды. (27)

Негізінде оған байланысты бір мәліметтері жоқ. Ойға ғана ереді. Шын мәнінде құр ой, шындық жағынан еш нәрсеге тұрмайды. (28)

(Мұхаммед Ғ.С.) үгітімізден жалтарып, дүние тіршілігін ғана қалаған кісіден бет бұр. (29)

Міне олардың білімі осыған-ақ жетеді. Шынында Раббың жолынан адасқан кісіні де жақсы біледі. Және тура жолға түскенді де жақсы біледі. (30)

Көктердегі әрі жердегі нәрселер Аллаға тән. Сондай жамандық істегендер, істегендерімен жазаланады да жақсылық істегендерді жақсылыққа бөлейді. (31)

Сондай күнәлардың үлкенінен және арсыздықтан сақтанғандардың аздаған кінәлары болса да шәксіз Раббыңның жарылқауы кең. Сендерді жерден жаратқанда және аналарыңның қарнында шикі өкпе кездеріңді де жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді өздерің ақтамаңдар. Ол, кім тақуа екенін жақсы біледі. (32)

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай бет бұрғанды көрдің бе? (33)

Ол, аз берді, тоқтатты. (34)

Оның жанында құпия білім болып, шындықты сол көре ме? (35)

Оған Мұса (Ғ.С.) ның нұсқаларындағы нәрселер білдірілмеді ме? (36)

Сондай-ақ әмірді орындаушы Ыбырайым (Ғ.С.) ның да. (37)

Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді. (38)

Адамзат; еңбегіне жарай ғана табысқа ие болады. (39)

Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді. (40)

Сонсоң оған еңбегінің бодауы толық беріледі. (41)

Күдіксіз Раббыңа тиянақтайды. (42)

Шын мәнінде күлдірген де, жылатқан да Ол. (43)

Өйткені, өлтірген де, тірілткен де Ол. (44)

Шүбәсыз Алла, ер, әйелді жұп жаратқан. (45)

Тамызылған бір тамшы “мәни” суынан. (46)

Шәксіз екінші жасау да Оған тән. (47)

Сөз жоқ, байытқан да, өркендеткен де Ол. (48)

Расында Ол, “Шығра” жұлдызының Раббы. (49)

Күдіксіз бұрынғы Ғад елін жоқ етті. (50)

Сондай-ақ Сәмүд елін де қалдырмады. (51)

Одан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымын да. Өйткені олар өте залым, тым жолдан шыққан еді. (52)

Төңкерілген кентті жермен-жексен етті. (53)

Сонда оларды апат қаптаған сайын қаптады. (54)

Ал енді Раббыңның қай нығметтерінен күмәнданасыңдар. (55)

Бұл Пайғамбар бұрынғы ескертушіден бір ескертуші. (56)

Қиямет жақындады. (57)

Оны Алладан өзге әшкерелеуші жоқ. (58)

Ал енді сендер осы сөзге таңырқайсыңдар ма? (59)

Күлесіңдер, жыламайсыңдар. (60)

Сендер кәперсізсіңдер. (61)

Ал енді Аллаға сәжде қылып, құлшылық істеңдер. (62)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Қиямет жақындады, ай жарылды. (1)

Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: “Жалғасты түрдегі бір сиқыр” дейді. (2)

Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар. (3)

Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды. (4)

Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес. (5)

(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше, олардан бет бұр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады. (6)

Олар, қабірлерінен көздерін сүлмейтіп, таралған шегіртке құсап шығады. (7)

Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: “Бұл ауыр күн” дейді. (8)

Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымы да өтірік деген. Құлымызды жасынға шығарып: “Жынды” деген, әрі жәбірленген еді. (9)

Сонда ол, Раббына: “Күдіксіз мен жеңілдім, маған нұсрат бер” деп, жалбарынған. (10)

Сондықтан көктің есігін құйылған жаңбырмен аштық. (11)

Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі әмір бойынша қосылды. (12)

Оны (Нұхты) шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық. (13)

Қарсы келгендерге жаза түрінде Нұх (Ғ.С.) тың кемесі көз алдымызда жүріп бара жатты. (14)

Расында оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма? (15)

Азабым, ескертуім қалай екен? (16)

Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма? (17)

Ғад елі де жасынға айналдырған. Азабым ескертуім қалай екен? (18)

Өйткені, оларға сәтсіз күнде; үздіксіз куілдеген боран жібердік. (19)

Адамдарды түбінен қопарылған құрманың ағашындай жұлып, әкететін еді. (20)

Азабым, ескертуім қалай екен? (21)

Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сонда түсінуші бар ма? (22)

Сәмүд елі ескертушіні жасынға айналдырды: (23)

“Өзімізден бір адамға ерейік пе? Әрине ол уақытта біз адасуда, әрі есі алаң боламыз” деді. (24)

“Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол, мүлде өтірікші, өзімшіл” деді. (25)

Олар ертең-ақ кімнің барып тұрған суайт, құж екенін біледі. (26)

Расында аруананы оларға сын үшін жібердік. Сондықтан оларды байқа, сабыр ет. (27)

Оларға: “Су араларында кезекті; әркім ішу кезегінде әзір болсын” деп түсіндір. (28)

Сонда олар жолдастарын шақырды да сонда ол, қылышын алып, түйені өлтірді. (29)

Сонда азабым, ескертуім қалай екен? (30)

Дұрысында оларға бір қатты дауыс жібердік те, олар шарбақ қораның ұматылган қу жапырағындай болды. (31)

Шүбәсіз Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане сонда түсінуші бар ма? (32)

Лұт елі де ескертуді жасынға айналдырған. (33)

Дұрысында оларға тас жаудырған боран жібердік. Бірақ Лұт (Ғ.С.) тың семьясын таңменен құтқардық. (34)

Бізден бір нығметке бөленеді. Осылайша кім шүкірлік етсе, сыйлық береміз. (35)

Расында (Лұт Ғ.С.) оларға, апатымызды ескертті. Дегенмен олар, ескертуге күмәнмен қарады. (36)

Расында олар Лұт (Ғ.С.) тың қонақтарынан дәме қылды. Сондықтан олардың көздерін соқыр қылдық: “Ал азабымды, ескертуімді татыңдар.” (37)

Расында оларға таңертең ерте бір азап келді. (38)

“Ал азабым, ескертуім қалай екен?” (39)

Әрине Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане түсінуші бар ма? (40)

Расында Перғауындықтарға да ескертуші келген еді. (41)

Олар мұгжизаларымыздың бәрін жасынға айналдырды. Сондықтан оларды өте күшті қолға алумен қолға алдық. (42)

Сендердің қасарысуларың олардан артық па? Немесе сендер үшін кітаптарда бір ақтама бар ма? (43)

Не олар: “Біз өш алушы бір топпыз” дей ме? (44)

Ол топ, таяуда жеңіліске ұшырап, арттарына бұрылып қашады. (45)

Әлбетте оларға уәде етілген қиямет, ол; үрейлі, тым ащы бір мезгіл. (46)

Шәксіз күнәкарлар, адасуда және құтыруда. (47)

Ол күні, олар, тозақта етпетінен сүйреледі: “Тозақтың азабын татыңдар” (делінеді). (48)

Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық. (49)

Әміріміз бір-ақ қас қаққандай. (50)

Расында сендер сияқтыларды жоқ еткен едік. Ал сонда түсінуші бар ма? (51)

Олар істеген әр нәрсе дәптерде бекітілген. (52)

Үлкен-кіші әр нәрсе жазулы. (53)

Күдіксіз тақуалар, пейіштердегі өзен жағасында. (54)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 382; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.167 сек.