Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кафирун




КАУСАР

МАУН

УРАИШ

ФИЛ

УМАЗА

АСР

ТАКАСУР

АРИ А

АДИЯТ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Қатты ентігіп, шапқан, (1)

(Тұяғынан) от шығарған, (2)

Таң сәріден шабуыл жасаған, (3)

Тозаңдатып, шаңдатқан; (4)

Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт. (5)

Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді. (6)

Өйткені ол, өзі де оған куә. (7)

Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді. (8)

Ал олар білмей ме? Қабірдегілер қопарылып шығарылған кезде. (9)

Көкіректегілер ашыққа шығарылатын сәтте; (10)

Ол күні Раббылары толық хабар алушы. (11)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Зор уақиға, (1)

Ол зор уақиға не нәрсе? (2)

Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе? (3)

Ол күні адам баласы таралған паруанадай болады. (4)

Таулар түтілген жүндей болады. (5)

Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса, (6)

Онда ол, разы болатын бір тіршілікте болады. (7)

Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса, (8)

Онда оның орны «һауия» болады. (9)

Ол һауияның не екенін білесің бе? (10)

Ол, жалындаған от. (11)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сендерді көбейтуде бәсекелесу айналдырды. (1)

Тіпті қабірлеріңе барғандарыңа дейін. (2)

Жоқ олай емес. Тез білесіңдер. (3)

Тағы олай емес. Жуырда білесіңдер. (4)

Жоқ олай емес. Анық білген боласыңдар; (5)

Әлбетте тозақты көресіңдер. (6)

Сонан кейін әрине көзбен көресіңдер. (7)

Сол күні, (дүниеде берілген) әр нығметтен әлбетте сұраққа тартыласыңдар. (8)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Заманға серт. (1)

Негізінен адам баласы зиянда. (2)

Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды. (3)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш! (1)

Сондай мал жиып, оны санағандарға. (2)

Негізінен малы, өзін мәңгі жасатады деп ойлайды. (3)

Олай емес, әлбетте ол «Хұтамаға» тасталады. (4)

«Хұтаманың не екенін қайдан білесің?» (5)

Ол, Алланың жағылған оты, (6)

Сондай жүректерді шалатын. (7)

Расында олар, ол отқа қамалады, (8)

Ұзын діңгектерге байланады. (9)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе? (1)

Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме? (2)

Оларға топ-топ құс жіберді. (3)

Құстар оларға балшықтан жасалған тастар атып; (4)

Сонда оларды желінген топан тәрізді қылды. (5)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Қурәиштың бейбітшілігі үшін, (1)

Олардың қысы-жазы көшу бейбітшілігі, (2)

Сондықтан олар осы үйдің (Кағбаның) Раббына құлшылық қылсын. (3)

Ол, оларды аштықтан тамақтандырып, қауіп қатерден аман қылған. (4)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(Мұхаммед Ғ.С.) Сондай дінді өтіріксінгенді көрдің бе? (1)

Міне сол жетімді қақпайлағанды, (2)

Міскінді тамақтандыруға қызықтырмайды. (3)

Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш! (4)

Олар намаздарын немқұрайлы оқиды. (5)

Олар көрсету үшін оқиды. (6)

Сондай-ақ олар тұтыну заттарына тыйым салады. (7)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(Мұхаммед Ғ.С.) Шын мәнінде саған кәусәрді бердік. (1)

Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал. (2)

Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады. (3)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй Кәпірлер!» (1)

«Сендердің табынғандарыңа табынбаймын;» (2)

«Әрі сендер де менің құлшылық қылғаныма құлшылық қылмайсыңдар.» (3)

«Сірә мен сендердің шоқынғандарыңа шоқынушы емеспін» (4)

«Сондай ақ сендер де менің құлшылық қылғаныма, құлшылық қылушы емессіңдер.» (5)

«Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме тән» де. (6)




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 355; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.