Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Орытынды. Сонымен, лизингтік қызмет нарығы, лизингтік қатынастар жағдайын зерттеп, талдау жасау арқылы біз лизингтің еліміздегі




 

Сонымен, лизингтік қызмет нарығы, лизингтік қатынастар жағдайын зерттеп, талдау жасау арқылы біз лизингтің еліміздегі кәсіпкерлік қызмет саласын, жалпы ел экономиканы дамытуда ерекше маңыздылығына көз жеткіздік. Әлемдік тәжрибеге сүйене отырып, лизингтің жалпы қаржық қатынастардағы үлесінің басымдылығын көруімізге болады, ал ол лизингтің жоғары тиімді және икемді қатынас екендігіне айқын дәлел. Сондықтан, еліміздегі лизингтік қатынастардың дамуына қолайлы жағдай жасауымыз керек. 2000 жылы Қазақстан Республикасында 5 лизингтік компания жұмыс жасады. Олардың жасаған лихингтік операциялар көлемі де шамалы болды.

Бүгінгі таңда лизинг нарығында 20 шақты компания бар, олардың 15-і лизингттік компания ғана емес, сонымен бірге коммерциялық банктер болып табылады. Олар лизингтік нарықта белсенді қызмет жасауда.

Халықаралық қаржы корпарациясының көрсеткіштері бойынша 2002 жылы негізгі құралдарға жасалған инвестиция көлеміндегі лизингтің үлесі 0,3 пайыз болған. 2003 жылы бұл көрсеткіш 1 пайызға дейін өсіп 85 млн. АҚШ долларын құраған. Ал осы жылы Халықаралық қаржы корпарациясының мамандарының айтуы бойынша бұл көсеткіш 170 млн. АҚШ долларына дейін өседі деген болжам бар, нетижесінде 257 млн. долларды құрайды.

Бұл айтылған өсімдер тек мемлекеттің қолдауының нәтижесінде ғана емес, халықаралық қаржы институттарының қолдауы мен жасалады (Дүние жүзілік банк IFC және АҚШ-тың Халықаралық даму агентігінің USAID).

Бұл инвестициялық құралмен көптеп кәсіпкелер пайдалануда, өйткені кәсіпкер өзіне қажетті құрал жабдықты, сыртқы ұзақ мерзімді қаржылндыру

есебінен алады.

Лизинг артықшылықтарын кәсіпкерлер көптеп түсіне бастады. Егер 2002 жылы 291 келісім жасалған болса, ал 2003 жылы жасалған келісімдер саны 722 –ге жеткен, 2004 жылы келісімдер саны 2,3 есеге дейін жеткен. 2003 жылы орташа лизингтік келісім 169 мың АҚШ долларын құраған. Лизингке берілген мүліктің минималды құны 1,4 мың АҚШ доллары, ал макималды құны 5,873млн доллор.

Лизингтік қызметті пайдаланушы кәсіпкерлер осыған дейін пайыздық сыйақылардың жоғарылығы және лизинг мерзімінің тым ұзақтығы жайында айтып келеді. Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг» туралы заңына 2004 жылы, 10-наурызда жасалған толықтырулармен өзгерістер, аталғам мәселелер шешімін тапты. Яғни (пайыздың және мерзім өзгерістерін жазу).Жасалған өзгерістер лизинг алушының да, лизинг берушінің де қажетін бір шама қанағаттандырады. Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизингі» туралы заңы ТМД елдері ішіндегі лизинг қызметінің дамыуына ең тиімді заңнамалық актісі болып табылады.

2003 жылдың халықаралық қаржы карпарацясының Орта Азияда лизингтің даму бағдарламасы жұмыс жасайды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты лизинг алушы, беруші заңды немесе жеке тұлғаларға кеңес беру, оларды оқыту, сонымен бірге қаржыландыру болып табылады.

Лизингтік қызымет нарығындағы шешілмеген мәселе лизингтің Республикамыз аймақтарында, облыстарда бірдей дамымау, мәселесі. Лизингтік қатынастар негізінде Астана, Алматы қалалаыры төңіріндегі басым. Лизингтідамыту бағдарламасы аясында сол аймақтарда түсіндіру, оқыту жұмыстарын жүргізу, лизингтік кампаниялардың филиалдарын көптеп ашу жұмыстарын жүргізуіміз қажет.

Атап кетуіміз қажет елімізде лизинг дамуына қолайлы жағдай жасалған. Ол аз кезегінде лизингтік қызмет саласында бәсекелестерді арттырып, көрсетілетін қызмет сапсын, пайыздық сыйақыларды төмендетеді. Лизингтік қызмет нарығы инвесторларға да, өндірушілерге де тартымды, қызықты болып отыр.

Елімізде қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған. Шағын және орта бизнес саласында аталған мәселелер шешімінің басты механизмі – лизинг болып табылады. Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға лизинг маңызды орын алады. Бұрынғы постсоциалистик елдердің барлығында барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі. Өндірісте жоғары ғылыми техникалық құрал жабдықтарды негізе отырып, шығаратын өнім сапасын, оның бәсекелестік қабілетін арттырамыз. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңында, отандық өндіріс орындары мен кәсіпорындардың өндірген өнімдері, халықаралық сапа талаптарына жоғары бәсекеге төтеп беруі қажет. Міне бұл мәселелерді шешудің бірден бір тиімді жолы – лизинг арқылы шешуге болады.

Еліміздегі лизингтік қызметпен айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау жасауда. Ол бір жағынан лизингтік компания өз қызметін жандандыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс бастылық мәселелерін шешсе, екінші жағынан лизинг беруші компаниялардың қызметін пайдалану арқылы, еліміздің көптеген кәсіпорындары өз құрал жабдықтарын жаңартуға және сол арқылы өз қызметін дамытуға мүмкіндік алды.

Лизингке әр түрлі салықтық жеңлдіктер жасалған. Лизинг беруші мен мпортталған негізгі құрал мүліктері қаржы лизингі үшін, және оны лизинг алушыға жалға беру, қосымша құн салығынан босатылады. Лизинг алушы өзіне қажетті құрал жабдықтарды біршама арзан бағамен импортауға мүмкіндік алды. Тікелей өзі импорт жасайтын болса, онда қосымша құн салығы қосылады. Импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын негізгі құрал тізімі тікелей Қазақстан республикасында Үкіметімен бекітілген. Сондай-ақ лизинг бойынша сыйақы да қосымша құн салығынан босатылады.

Лизингік қатынас дамыған және дамушы елдерде қолдану аясы кеңейуде. АҚШ және Европа елдеріндегі лизинг ең тиімді, жоғары икемді қаржы механизмі ретінде қарастырылады. Лизинг механизімінде өзіндік артықшылықтар бар. Лизингтік қатынастың дамуы жалпы экономиканың дамуына бірнеше бағытта әсер етеді:

Лизинг шағын және орта бизнес субьектісінің дамуына сәер етеді, яғни өз негізгі құралдарын жаңартуға қосымша қаржысы болмаған жағдайда.

Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың бір түрі болғандықтан, капиталған салымдар көлемін көбейтеді.

Лизинг негізгі құралдарды тез арада жаңартудың бір түрі (қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігі арқасында)

Лизинг қаржылық қызмет көрсету нарығында қосыша бәсекелестік туғызады. Лизингтің пайда балуы мен қаржыландыру бағасы төмендейді, қарылық қызмет нарығы кеңейеді. Лизинг көбінесе банк несиесінің баламасы болып табылады. Кәсіпорындарға банк алдындағы міндеттемесінің көбеймеуіне жол береді.

Сондай-ақ лизинг, өндірушілер үшін өндірген өнімдерін өткізудің бір жолы болып табылдаы.

Лизинг қосымша қасиеттерінің артықшылығы бұрынғы Аристотель кезіндеде мойындалған, яғни оның айтуы бойынша: «Байлық пайдаланудан құралады, оған меншік құқығынан емес», басқаша айтқанда пайда табу үшін міндетті түрде меншігінле болуы қажет емес, тек пайдалну құқығы болуы қажет. Ал пайдалну құқығы - бұл лизинг бастысы қасиетінің бірі.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі өнеркәсіптік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойды. Олар жоғары бәсекелестік жағдайға үйрену, төлемдердің уақтылы жүрмеуі, тауарға бағаның жоғарлануынан өткізу нарығының қысқаруы, шикізат материалдарды жабдықтаушыларды іздеуідегі қиындықтар және қаржы ресурсатарының шектеулілігі. Мұндай жағдайда кәсіорындардың өміршеңдігін сақтап қалу мақсатында мынадай қасиеттерге ие болуы керек: жоғары икемділік, ассортиментінің тез өзгеру қабілеттілігіне. Қазақстан нарықтық экономикаға өте дағдарысты жағдайда өтті. Яғни, олар инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, бағаның өсуі және инфлияциялың жоғары қарқыны, өндіріс көлемінің төлемдері, сондай- ақ сауда экономикалық байланыстың үзілуі.

Ең басты мәселелердің бірі, негізгі құралдардың физмкалық, моральдік тұрғыдан тозуы, оның ішінде Қазақстанның басты салаларындағы негізгі құралдардың тозуы. Қазіргі кезде Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шет елден жаңа техникамен жарақтануға мүдделі болып отыр. Жоғары саплы, бәсеке қабілетті өнім шығаруға техникалық құрал жабдықтары ескірген. Кәсіпорндар да оны жаңартуға қаржы тапшылығын сезінуде.

Бұл мәселердің ең тиімді жолдарының бірі лизинг болып табылады. Экономикамыздың барлық салаларында физикалык- моральдік тозған негізгі құралдарды тез арада жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық Қаржы корпарациясының қабылдаған «Лизингті дамыту» бағдарламасының негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелсін шешуде лизингтің маңызды роль ойнайды.

Пайдаланған әдебиет көздері:

ҚР «Қаржы лизинг туралы» заңы, 2004 ж. 10- наурыз

ҚР азаматтық кодексі және салық кодексі

ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы 2004 ж., №9

ҚР Президенті мен Үкіметінің актілер жинағы 2002 ж.,№26

Егеменді Қазақстан 2004ж., 16 наурыз

Ресми газет, 2004 ж., наурыз

Промышленность Казахстана, 2004 ж.,№12

Промышленность Казахстана, 2004ж., №6

Бухгалтер Бюллетень «МФСО» 2004ж., №1-6

10)Аль Пари, 2004 ж., №4

11) Транзитная Экономика 2004ж., №6

12) Бухгалтер Бюлетень 2004 ж.,№21

13) Қаржы қаражат 2004 ж., №2

14) Қаржы қаражат, 2003 ж., №6

15) Аграрлық нарық проблемалары 2004 ж., апрель-июнь

16) Лизинг как механизм развития инвестиций и предринемательство

Василев Н.М, М: Дека, 1999 г

17) Газман В.Д. Финансовый лизинг: Учеб. пособ. М.: ГУВШЭ; 2003г

18) Гормешыкин В.А., Оснавы технологий лизинговых операции, М.: Ось-

89, 2000 г.

19) Джуха В.М. Лизинг- Ростов Н/Д: Феникс, 1999г.

20) Лешенко М.Н. Основы лизинга: Учеб. пособ. – М.: 2001г.

21) Анализ финансовый состояни и инаестиционной привлекательностьи,

М.:Финансый и статистика 2003г

22) Лизинг: Экономические правовые и организционые основы под редакции Тавасиева23) Горемыкин В.А. Лизинг: Учеб. – М.: Дашков 2003 г.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 657; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.028 сек.