Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 8 страница




– «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 және «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот –қосалқы өндірістердің өндірісте материал ретінде пайдаланылатын өнімнің және т.б. құнына;

– «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 шот – көлік цехының өнім тиеу қызметтерінің құнына;

– «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210, «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 және «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот –қосалқы өндірістердің негізгі құралдарды жөндеу жөніндегі қызметтерінің құнына, осы мақсатта резерв құрылмаған жағдайда;

– «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3440 шот– қосалқы өндірістердің негізгі құралдарды жөндеу жөніндегі қызметтерінің құнына, егер осы мақсаттарға резерв құрылса;

– «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шот– қосалқы өндірістердің көлік қызметтерінің құнына;

– «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот– қосалқы өндірістердің цехтар мен учаскелерге көрсеткен көлік қызметтерінің құнына;

– «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 және «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – қосалқы цехтар мен учаскелердің сатып алынған немесе дайындалған материалдарды қоймаға жеткізу жөніндегі көлік және басқа да қызметтерінің құнына;

–«Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110, «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210, «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 және «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот – қосалқы өндірістердің сату (өткізу) бөлімінің ғимараттарын, құрылыстары, негізгі және қосалқы өндірістердің цехтары мен учаскелерінің әкімшіліктерін жарықпен, жылумен, суықпен, суық және ыстық сумен және т.б. қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердің құнына;

–«Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 293 шот – қосалқы өндірістердің шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылатын құрылысқа көрсететін қызметтердің құнына;

–«Активтердің істен шығуы жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7410 шот – негізгі құралдарды таратумен байланысты қызметтердің құнына;

– «Өзге шығыстар» деп аталатын 7470 шот – табиғи зілзалалардың салдарын жоюмен байланысты қызметтердің құнына;

– «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» деп аталатын 7010 шот– бөгде ұйымдарға көрсетілген қызметтердің құнына,

– «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – қосалқы өндірістердің кіріске алынған қалдықтарының құнына.

 

2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау

 

Аяқталмаған өндіріс деп технологиялық процесте көзделген барлық сатылардан (фазадан, бөлуден), өңдеуден өтпеген өнім, сондай-ақ жинақталмаған, сынау мен техникалық қабылдаудан өтпеген бұйымдар аталады.

Аяқталмаған өндіріске жөндеуге болмайтын ақаулы жартылай фабрикаттар (бөлшектер), сондай-ақ өңдеу процесінен өтпеген шикізат, материал, жартылай фабрикат пен даяр бұйымдардың құрамдастары аталады.

Аяқталмаған өндірістің құрамында сондай-ақ толықтай жойылған тапсырыстарға жататын бөлшектер мен басқа да жартылай фабрикаттар болуы мүмкін емес. Аяқталмаған өндірістің қалдығының болуы мен оның мөлшері технологиялық процестің сипаты мен ұзақтығына, өнімнің ерекшеліктері мен оның шығарылатын көлеміне байланысты. Мысалы, электр энергетикасы мен өндіру өнеркәсібінің көп салаларында (көмір, мұнай және т.б.) аяқталмаған өндіріс мүлдем болмайды.

Ұзақ өндірістік циклда күрделі өнім жасалатын машина жасауда аяқталмаған өндіріс қалдықтары айтарлықтай болады. Өндірісте жартылай фабрикаттардың (бөлшектердің) қозғалысының есебі өндірістегі жартылай фабрикаттар (бөлшектер) мен аяқталмаған өндіріс қалдықтарының қозғалысын бақылау, ақауды жасыруға жол бермеу, сондай-ақ жетіспеуді, артық жазуды болдырмау қамтамасыз етіліп ұйымдастырылуға тиіс.

Өндірісте жартылай фабрикаттардың (бөлшектердің) қозғалысын ұйымдастыру тәртібі өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, шығарылатын жартылай фабрикаттардың (бөлшектердің) номенклатурасына, орындалған жұмыстарды ТББ қызметкерлерінің қабылдау тәртібіне, операциялар арасындағы босалқы дайындамаларды сақтау тәртібіне байланысты.

Аяқталмаған өндірістің есебі жедел және бухгалтерлік есепке бөлінеді.

Жедел есепті цехтарда жоспарлау-диспетчерлік қызметттің қызметкерлері бухгалтерияның бақылауымен жүргізеді.

Машина жасау, металл өңдеу және басқа да өнеркәсіп салаларында өндірісте жартылай фабрикаттардың қозғалысының жедел есебін жүргізудің бөлшектік-операциялық және бөлшектік деп аталатын екі түрі қолданылады.

Бөлшектік-операциялық есеп сериялық өндірістерде олардың көмегімен жартылай фабрикаттар мен бөлшектердің өндірімі ғана емес, сонымен бірге олардың операциялар арасындағы қозғалысы есептелетін бағдар парақтары пайдаланылатын сериялық өндірістерде қолданылады.

Бөлшектік есеп, әдетте, тасқынды-жаппай өндіріс жағдайында қолданылады. Бұл жағдайда дайындау цехында дайындалатын бөлшектердің саны өндірімді есептеу жөніндегі құжаттардың негізінде анықталады.

Бөлшектерді өңдеуге беру жүкқұжатпен, лимитттік-босату картасымен, ал жинауға беру – жинақтау ведомостерімен ресімделеді.

Жартылай фабрикаттар мен бөлшектердің қозғалысының есебін оңайлату, сондай-ақ құжат айналымын қысқарту үшін жартылай фабрикаттар мен бөлшектерді цехтан цехқа беруді айлық карталар бойынша жүзеге асыруға болады (материал босату жөніндегі лимит карталарына қатысты).

Аяқталмаған өндіріс қалдықтары туралы деректердің дұрыстығын бақылау мақсатында оны кезең-кезеңмен түгендеу жүзеге асырылуға тиіс.

Аяқталмаған өндірісті түгендеу кезінде:

– өндірістегі босалқы дайындама (бөлшектердің, тораптардың, агрегаттардың) мен жасау мен жинау аяқталмаған бұйымдарды, сондай-ақ толықтай жинақталмаған және қоймаға тапсырылмаған даяр өнімнің нақты санын анықтау;

– есептелмеген ақауды табу;

– аяқталмаған өндірістің (босалқы дайындаманың) нақты жианқталуы мен жинаудың бөлшектермен қамтамасыз етілуін анықтау;

– жойылған тапсырыстар бойынша аяқталмаған өндірістердің, сондай-ақ орындау кідіртілген тапсырыстар бойынша қалдықтарды анықтау керек.

Жұмыс орындарында өңделмеген тауарлық-материалдық запастар аяқталмаған өндірістің тізбесіне кірмеуі, жеке тізбелерде тіркелуі мүмкін.

Біркелкі емес масса немесе қоспа болып табылатын аяқталмаған өндіріс бойынша түгендеу тізбесінде, сондай-ақ салыстыру ведомостерінде екі сан көрсеткіші: осы массаның немесе қоспаның саны мен оның құрамына кіретін шикізат пен материалдардың (жекелеген атаулар бойынша) саны келтіріледі. Шикізатттың немесе материалдың саны өндірістің ерекшеліктері ескерілген техникалық есептермен анықталады.

Түгендеу кезінде аяқталмаған өндірістің нақты болуының бухгалтерлік есеп деректерінен айырмашылығы: артық– кіріс болып танылады және «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 немесе «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дебетіне «Жиынтық пайда» (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың кредитнен тиісінше кіріске алынуға тиіс. Аяқталмаған өндірістің табиғи кему нормаларынан тыс жетіспеуі мен ысырабы кінәлі адамдардың есебінен өтелуге тиіс, бұл жағдайда «Қызметкерлердің қысқа мерзімді кредиторлық берешегі» деп аталатын 1250 дебеттеледі және «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шот немесе «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот, жетіспеу қай жерде болуына сәйкес кредиттеледі.

Аяқталмаған өндіріс қалдықтары калькуляциялық шығыс баптарына бөлініп ақшамен бағалануға тиіс (әдетте нақты өндірістік өзіндік құн бойынша). Ақаудан болатын ысырап (ысырап нақты тапсырысқа жатқызылатын жеке және ұсақ сериялық өндірістерді қоспағанда), өндірісті дайындау мен игеру шығыстары, өзге арнайы шығыстар бағаланбайды.

Аяқталмай қалған бөлшектерді, тораптар мен өнімді жасауға жұмсалған шикізат пен материалдар аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына толықтай кіреді. Өндірістік жұмысшылардың жалақысы екі түрлі тәсілмен, яғни тиісті өңдеу операциялар бойынша жинақталған бағалау қорытындысынан не болмаса бөлшек өңдеудің осы цехта қолданылатын бағасының 50% көлемінде және бұрынғы цехтарда бөлшек өңдеу үшін төленген жалақының сомасы қосылып есептелуі мүмкін. Жалақыдан аударым негізгі жалақыны белгіленген аударым пайызына көбейту арқылы анықталады.

Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына үстеме шығыстардың тиісті үлесі кіреді. Олар даяр өнім мен аяқталмаған өндірістің арасында осы ұйымда қабылданған үстеме шығыстарды бөлу әдістемесіне сәйкес бөлінеді. Бұл жағдайда үстеме шығыстардан аяқталмаған өндіріске қатысы жоқ шығындар алдын-ала алынып тасталуға тиіс.

Үстеме шығыстар аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына: нақты жұмсалған шығыс көлемінде үнем бар болған жағдайда, ал шығыс артық жұмсалған жағдайда –жоспарда белгіленген көлемде кіреді. Аяқталмаған өндіріс қалдықтары шамалы немесе тұрақсыз жекелеген өнеркәсіп салалары ұйымдарының практикасында олар тура шығыстың сомасы бойынша немесе өңдеу аяқталмаған шикізатттың, негізгі материалдар мен жартылай фабрикаттардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

Сондай-ақ технологиялық циклы қысқа өндіріс цехтарында аяқталмаған өндіріс өңдеудегі шикізаттың, материалдар мен жартылай фабрикаттардың құны, ал кейбір салаларда (домна өндірісі, нан пісіру) аяқталмаған өндіріс мүлдем бағаланбайды.

Аяқталмаған өндірісті бағалау техникасы өндірістік шығындардың есебін жүргізудің қабылданған әдісіне (жартылай фабрикаттық немесе жартылай фабрикатсыз) байланысты қолданылады. Жартылай фабрикатсыз нұсқада ол нормативтік калькуляцияның немесе технологиялық карталардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда әр бір цехтың бөлшектерді (тораптар мен бұйымдарды) жасауға белгіленген шығын баптары бойынша қатысу үлесі ескеріледі.

Аяқталмаған өндіріс әр бір цехтағы нақты бар бөлшектер мен тораптар бойынша бағаланады. Цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс жөніндегі деректер жалпы ұйым бойынша әр бір цехтары шығындары жеке бөлініп талдап қорытылады. Осы деректер жалпы ұйым бойынша аяқталмаған өндірістің шығындарымен әр бір цехтың оған қатысу үлесін көрсетеді.

Жартылай фабрикаттық бағалау нұсқасында бөлшектер, тораптар мен т.б. өздері орналасқан цехтар бойынша бағаланады. Бұл жағдайда шығын баптары номенклатурасына бөлшектер, тораптар басқа (бұрынғы) цехтарда жасалған шығындар бойынша анықталған олардың өзіндік құны көрсетілетін «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» бабы кіреді.

Типтік бухгалтерлік есеп жоспарының қолданыстағы шоттарына сәйкес аяқталмаған өндірістің қалдықтары есепті кезеңнің соңынла өндірістік шоттың (8110 және 8310) кредитінен «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың дебетіне, ал келесі есепті кезеңнің басында «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың кредитінен 8110 және 8310 шоттың дебетіне тиісінше керу көшіріледі.

Іс жүзінде кейбір бухгалтерлер осы жазуды артық санап, есепті кезеңнің соңында аяқталмаған өндірістің қалдықтарын тиісті шығын шоттарында (8110 және 8310) өндіріске есептеуді жалғастыра береді.

 

2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі

Өндірістің барлық шығындарын даяр өнім мен аяқталмаған өндірістің арасында бөлу және өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін цехтар мен осы шығындар бөлінетін және пайда болатын басқа жерлер бойынша калькуляциялық баптарға бөлінген өнім түрлері бойынша есептелген барлық шығындар есепті кезеңнің басы мен соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары ескеріліп қосылады және одан есептелген шығарылған түпкілікті ақаудың өзіндік құны, жетіспейтін сомалар мен басқа да есептен шығарылған сомалар шегеріледі. Шығындарды осылай талдап қорыту өндіріс шығындарының жиынтық есебі деп аталады. Бұрын атап өтілгендей, егер жеке-дара және шағын сериялы өндірістерде есеп пен калькуляция объектісіне жекелеген өнім түрлері жататын болса, жаппай және ірі сериялық өндірістерде даяр өнім ғана емес, сонымен бірге егер олар әр түрлі бұйымды жинау үшін пайдаланылса немесе ішінара бөгде тараптарға сатылса, онда жартылай фабрикаттар да калькуляциялануы мүмкін. Сондықтан жиынтық есеп жартылай фабрикаттық немесе жартылай фабрикаттық емес нұсқада жүзеге асырылуы мүмкін.

Өндірістік шығындардың есебін жүргізудің жартылай фабрикаттық нұсқасы. Өндірістік шығындардың есебін жүргізудің жартылай фабрикаттық нұсқасында даяр бұйымдардың ғана емес, сонымен бірге әр түрлі даярлық дәрежесіндегі жартылай фабрикаттардың да өзіндік құны есептеледі. Бұл жағдайда шығындардың есебі цехтар (бөлу) бойынша жүргізіледі. Әр бір цехтың (бөлудің) өнімі барлық шығындардың сомасы бойынша бағаланады және бухгалтерлік есептің шоттар жүйесінде жартылай фабрикаттардың қозғалысының барысы бойынша аударылады. Сөйтіп, жартылай фабрикаттық нұсқада әр бір кейінгі цехтың (бөлудің) өнімінің өзіндік құны меншікті шығындары мен «Меншікті өндірістің жартылай фабрикатттары» бабы бойынша көрсетілетін өткен цехтардың жартылай фабрикаттарының өзіндік құнының сомасын білдіреді. Бұл жағдайда шығындар «жинақталады» және өнім шығаратын цехта даяр өнімнің өзіндік құны анықталады. Жартылай фабрикаттардың талдамалы есебі жартылай фабрикаттардың барлық түрі мен сақтау орындары бойынша жүргізіледі. Жартылай фабрикаттарды қоймаларға табыс ету мен өндіріске беру қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді. Жартылай фабрикатты бір цехтан екінші цехқа беру «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дебеті мен кредиті бойынша көрсетіледі. Егер жартылай фабрикат өндіруші цехтың қоймасына берілсе, онда «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» деп аталатын 8210 шот дебетттеледі және «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шот кредиттеледі. Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттарының есебі мен оны бір цехтан екінші цехқа беру, әдеттте, нақты өзіндік құн бойынша жүзеге асырылады. Меншікті өндірістің жартылай фабрикаты, сондай-ақ ағымдағы тәртіппен жоспарлы (нормативтік) өзіндік құн бойынша кейін олардың жоспарлы (нормативтік) өзіндік құндары нақты өзіндік құнға дейін жеткізіліп есептелуі мүмкін.

Бұл нұсқа жағдайында аяқталмаған өндіріс шығындары босалқы дайындама мен жартылай фабрикаттар орналасқан жер бойынша есептеледі және бұл олардың болуын бақылауды жеңілдетеді.

Аяқталмаған өндірісті бағалаған кезде материалдар мен жартылай фабрикаттарға жұмсалған шығындар толықтай, ал өңдеу жөніндегі шығындар – жартылай фабрикаттың даярлық пайызы есептеліп алынады.

Кейбір өнеркәсіп салаларында аяқталмаған өндіріс қалдықтары өңдеудің бірінші сатысында – шикізат пен материалдардың өзіндік құны бойынша, ал кейінгі сатыларда – өткен өңдеу сатыларының жартылай фабрикаттарының (жартылай өнімдерінің) өзіндік құны бойынша, ал бөлу жөніндегі шығындар осы бөлуде өңдеу аяқталған өнімге толық жатқызылады.

Шығындардың жиынтық есебінің жартылай фабрикаттық нұсқасының артықшылығына мыналар жатады:

–қызметкерлердің бөлшектер мен тораптардың сақталуы үшін жауапкершілігі күшейеді;

– аяқталмаған өндірістің қалдықтары өндіріс орналасқан жерде бағаланады;

– аяқталмаған өндірістің қалдықтары мен өнімнің ақауын бағалаудың оңайлығы;

– менеджерлердің цех қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілігі артады;

– цех (учаске) шығаратын өнімнің көлемін есептеу үшін бөлшектер мен тораптарды беру туралы есеп дереутері пайдаланылады.

Осы нұсқаның кемшілігі ретінде мыналарды атап өтуге болады.

– меншікті өндірімнің өңдеудің өткен сатыларының жартылай фабрикаттары кейінгі өңдеу сатыларының жартылай фабрикаттарының немесе даяр өнімдерінің өзіндік құнына кешенді баппен кіреді. Сондықтан даяр өнімнің өзіндік құнының құрылымын анықтау үшін кейін жартылай фабрикаттардың өзіндік құнын бірқатар калькуляциялық есеп жасап, оның құрамдастарын жіктеу (шығын баптары бойынша) керек;

– есепте өндірістегі жартылай фабрикаттардың қозғалысын жүйелі түрде көрсету қажет, бұл есеп жұмысының еңбек сыйымдылығын арттырады,

–аяқталмаған өндірістің қалдықтарында оған кіретін баптарға түсінік берілмеген «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» бабының болуы. Жартылай фабрикатсыз есеп нұсқасы Жартылай фабрикатсыз нұсқада даяр өнім шығарылғанға дейінгі өндіріс шығындары осы шығындар өндірісмиен байланысты жартылай фабрикаттар (бөлшектер) басқа цехқа одан әрі өңдеуге берілген жағдайда да, өнім түрлері, шығын баптары, өздері пайда болған жерлер (цехтар немесе учаскелер) бойынша есептеледі. Пайда болған жерлері бойынша есептелген шығындар өндірістің талдамалы есебінің тиісті шоттарынан «Даяр өнім» деп аталатын 1320 шоттың дебетіне даяр өнімді шығару шамасына қарай тікелей есептен шығарылады. Сөйтіп, аяқталмаған өндірісте даяр өнім шығарылғанға дейінгі шығындар өздері пайда болған жерлер бойынша есептеледі.

Жартылай фабрикаттарды (бөлшектерді) бір операциядан екіншіге, бір цехтан екінші цехқа немесе цех арасындағы қоймаға беру бухгалтерлік есеп жазбаларында көрсетілмейді, оларды қозғалысы тек жедел есептің көмегімен бақыланады. Осының барлығы бухгалтерлік жазбалардың санын қысқартады, демек, есептің еңбек сыйымдылығын төмендетеді.

Сөйтіп, жартылай фабрикатсыз нұсқада даяр өнімнің өзіндік құны осы өнімнің құрамына кіретін бөлшектердің өзіндік құны есептелмей, оны шығаруға қатысқан барлық цехтардың шығындары есептеліп калькуляцияланады. Калькуляцияның осы тәсілі цехтардың қатысу үлесіндегі даяр өнімдердің өзіндік құнының калькуляциясы деп аталады.

 

2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу

 

Әкімшілік шығыстарға жалпы кәсіпорын мен ұйымды басқарумен байланысты шығындар: ұйымды басқару аппараты қызметкерлерінің жалақысы мен жалақының аударымы; іссапар шығыстары; өкілдік шығыстар; қызмет бабында жол жүру мен жеңіл көлікті ұстау шығыстары; кеңсе, баспахана, пошта-телеграф шығыстары; жалпы зауытта (жалпы фирмада) пайдаланылатын негізгі құралдардың амортизациясы, оны ұстау мен пайдалану шығыстары; сынақ, тәжірибе, зерттеу жүргізу шығыстары; өнертабыс пен техникалық жетілдіру шығыстары; жалпы зауыт (жалпы фирма) мақсаттары үшін жұмсалатын еңбекті қорғау шығындары; кадр даярлау шығындары жатады. Жұмыс күшін ұйымдастырып жинау; өзге жалпы шаруашылық шығыстары; салықтар, жиындар мен өзге де міндетті аударымдар мен шығыстар; сыртқы себептер бойынша бос тұрудан болатын ысырап; зауыт қоймаларында сақатаған кезде материалдар мен өнімнің бүлінуінен болатын ысырап; зауыт қоймаларында материал мен өнімнің жетіспеуі; өзге өнімсіз шығыстар, сондай-ақ жалпы және әкімшілік сипаттағы басқа шығыстар кіреді.

Әкімшілік шығыстар «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 аттас актив шотта есептеледі.

Олардың есмебін келесі, бұрыннан қолданылатын шығыс баптары бойынша жүргізген орынды:

–жалпы зауыт қызметкерлерінің жалақысы;

– іссапарлар мен ауысуға жұмсалатын шығыстар;

– күзет ұстау;

– негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

–жалпы зауытта пайдаланылатын ғимараттарды, құрылыстар мен құрал-саймандарды ұстау мен жөндеу;

– сынақ, тәжірибе, зерттеу жүргізу, жалпы зауыт зертханасын ұстау, өнертабыс мен техникалық жетілдіруге жұмсалатын шығыстар;

– еңбекті қорғау;

– өзге шығыстар;

– салықтар, жиындар мен өзге міндетті аударымдар мен шығыстар;

– бос тұрып қалудан болатын ысырап;

– зауыт қоймаларында сақтаған кезде материалдар мен өнімнің бүлінуі мен жетіспеуінен болатын ысырап;

– өзге өнімсіз шығыстар.

Салық заңнамасы бойынша «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шотта есептелетін кейбір шығыстар атап айтқанда: табыс алумен байланысты емес шығыстар; мемлекеттік бюджетке енгізілуге тиіс (енгізілген) айыппұлдар мен өсім; салық төлеушілер тегін берген мүліктің, орындаған жұмыстың, көрсеткен қызметтердің құны; табиғи монополиялар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалардан болатын ысырап; іссапарда болған уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормадан тыс төленетін тәуліктік ақы; банкет, демалыс, сауық немесе демалыс ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормадан тыс өкілдік шығыстар; белгіленген нормалардан тыс басқа да шығыстар салық салынатын табысты анықтаған кезде шегерілмеуге тиіс. Оларды «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың жеке қосалқы шотында есептеген орынды. Олар есепті кезеңнің соңында осы шоттың кредитінен «Жиынтық табыс» (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебетіне есептен шығарылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 2236; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.052 сек.