Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 9 страница




«Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шот дебеті бойынша мына шоттардың кредитімен корреспонденттеледі:

–«Шикізат пен материал» деп аталатын 1310, «Тауарлар» деп аталатын 1330 және «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – жалпы шаруашылықтық және әкімшілік мұқтажға пайдаланылған тауарлық-материалдық запастардың құнына;

– Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (жеткізушілерге, еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға) деп аталатын 3310-330, «Қосымша өндірістер» деп аталатын 3310 шот – жеткізушілердің, мердігерлердің, еншілес қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың, қосалқы өндірістердің әкімшілік және жалпы шаруашылық мақсаттар үшін көрсеткен қызметтерінің құнына;

«Даяр өнім» деп аталатын 1320, «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110, «Қосалқы өндіріс» деп аталатын 8310 және «Тауарлар» деп аталатын 1310 шот – зертханалық талдау, тәжірибе, сынақ және т.б. өткізу үшін пайдаланылған меншікті өндірістің жартылай фабрикаттарының құнына;

– «Жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялардың амортизациясы» деп аталатын 2320 және «Негізгі құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2420 шот – жалпы шаруашылықтағы тағайындалыстағы ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да негізгі құралдары бойынша есептелген амортизацияның сомасына;

– «Өзге материалдық емес құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2740 шот –жалпы шаруашылықтық тағайындалыстағы материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизацияның сомасына;

– «Болашақтағы кезеңдердің шығыстары» деп аталатын 1120 шот – болашақтағы кезеңдердің есепті жылы танылатын шығыстары;

– «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот – әкімшілік қызметкерлері және зауытты басқаратын өзге қызметкерлерге демалыс уақытына есептелетін жалақының, сыйақының, материалдық көмектің сомасына;

–«Әлеуметтік салық» деп аталатын 3150 шот – есептелген әлеуметтік салықтың сомасына;

–«Жер салығы» деп аталатын 3160, «көлік құралдарының салығы» деп аталатын 3170 және 3180 шот – осы салықтар есептелген сомаға;

– «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (жеткізушілерге, еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға) деп аталатын 3310-330, «Қосымша өндірістер» деп аталатын 3310 шот – жеткізушілердің, мердігерлердің, еншілес қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың, қосалқы өндірістердің әкімшілік және жалпы шаруашылық мақсаттар үшін көрсеткен қызметтерінің құнына;

– «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» деп аталатын 1250 шот – әкімшілік-басқару қызметкерелрінің іссапар шығындарына;

– «Жалгерлік жөніндегі қысқа мерзімді дебиторлық берешек» деп аталатын 1260 шот – жалпы және әкімшілік мақсаттарда пайдаланылатын негізгі құралдарды жалға алу жөніндегі шығыстарға;

– «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаты» деген 1030 шот – банк қызметтерін төлеуге;

–«Кассадағы ақша қаражаты» деп аталатын 1010, «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» деп аталатын 1250 шот – өкілдік шығыстарды төлеуге;

–«Қосылған құн салығы» деп аталатын 3130 шот – жеке және заңды тұлғаларға тегін берілген активтердің жетіспейтн құнына есептелген ҚҚС сомасына;

– –«Кассадағы ақша қаражаты» деп аталатын 1010, «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаты» деп аталатын 1030, «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын 3310, «Өзге кредиторлық берешек» деп аталатын 3390 шот – консультациялық, аудиторлық, ақпараттық және басқа да қызметтердің құнына;

– «Өзге кредиторлық берешек» деп аталатын 3310 шот – орталық депозитордың немесе тәуелсіз тіркеушінің акционерлік бірліктің акцияларын ұстаушыларының тізбесін жүргізу және сақтау жөніндегі қызметтерінің құнына.

 

2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу

 

Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстарға мыналар жатады:

–тауар сату (өткізу) бөлімінің қызметкерлерінің жалақысы мен одан аударым;

– сату бөлімінің меншігін сақтандыру жөніндегі шығыстар;

– бөлім ұқызметкерлерінің іссапар шығындары;

– тауар сату кезінде пайдаланылатын негізгі құралдардың амортизациясы мен оны ұстау жөніндегі шығыстар;

– қаладан тыс орналасқан сатып алушыларға жеткізу бекетіне дейін және қала ішіндегі сатып алушыларға жеткізу жөніндегі шығыстар, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарына жұмсалатын шығыстар;

– даяр өнімді қамтамаға салу мен мен орай ол қоймаға тапсырыслғаннан кейін жүзеге асырылған жағдайда, оны даяр өнім қоймасында қаптамаға саул мен орау жөніндегі шығындар;

– өткізу нарығын зерттеу, жарнамаға, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу жөніндегі шығыстар (маркетингке жұмсалатын шығындар);

– сатып алушыларға немесе делдал ұйымдарға тегін берілген және қайтарылмайтын тауар үлгілерінің құны;

– тауар (жұмыс, қызмет) сатумен байланысты басқа да осындай шығыстар.

Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың дебеті бойынша мына шоттардың кредитімен корресонденттелетін «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын аттас 7110 шотта есептеледі:

– «Негізгі құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2420 шот – сату бөлімінің негізгі құралдарына есептелетін амортизациясы;

– «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы» деп аталатын 2740 шот – тауар сату процесінде пайдаланылатын материалдық емес өзге активтердің амортизациясы;

––«Шикізат пен материал» деп аталатын 1310, «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – өнім сату мен қызмет көрсету процесінде пайдаланылған материалдардың құны;

– «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот – өнім сатумен айналысатын қызметкерлерге есептелетін жалақы;

– «Әлеуметтік салық» деп аталатын 3150 шот – әлеуметтік салық есептеу;

– «Қысқа мерзімді кепілді міндеттемелер» деп аталатын 3410 және «ұзақ мерзімді кепілді міндеттемелер» деп аталатын 4210 шот – кепілді міндеттемелер бойынша жасалған резерв;

– «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын 3310-3330 шот – жеткізушілерге, еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өнім (жұмыс, қызмет) сату мен оны жарнамалау жөніндегі қызметтер үшін;

– «Ұйымдарға төленетін сыйлықақы бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3430 шот – өнім сатумен айналысатын жұмысшылардың демалысын төлеу және әлеуметтік салықтың аударымының резервін есептеу;

– «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» деп аталатын 1250 шот – тауар сату (өткізу) бөлімі қызметкерлерінің қызметтік іссапар жөніндегі шығыстары;

– «Жалгерлік жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3360, «Жалгерлік жөніндегі ұзақ мерзімді берешек» деп аталатын 4150 шот– өнім сату мен қызмет көрсету процесінде пайдаланылатын негізгі құралдар бойыншаджалгерлік төлем есептеу;

– «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот – қосалқы қызметтердің қызметтерінің құнына;

– «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаты» деп аталатын 1030, «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын 3390 шот – делдал ұйымдарға төленген (есептелген) комиссиялық жиындар;

–«Даяр өнім» деп аталатын 1320, «Тауарлар» деп аталатын 1330 шот –даяр өнім мен тауарлардың кінәлілер анықталмайтын ысырабы.

Есепті кезеңнің соңында 7110 шотта есептелетін шығындар өтелетін сомалар шегеріліп осы шоттың кредитінен «Жиынтық пайда» (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебетіне кезеңнің шығыстары ретінде есептен шығарылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Материалдық шығындардың құрамы мен олардың сипаттамасы.

2. Материалдарды бағалау әдістері мен олардың сипаттамасы.

3. Есепті бағалардың шығынға жатқызылуға тиіс ауытқуының сомасы қалай анықталады?

4. Материалдың шығыстары өнім түрлері арасында қалай бөлінеді?

5. Энергияның өнім түрлері бойынша шығысы қалай анықталады?

6. Өндіріс қалдықтар мен оның түрлері.

7. Өндірісте материалдардың пайдалануын бақылау тәсілдері мен олардың сипаттамалары.

8. «Жұмысшылардың негізгі жалақысы» деген не? Ол ненің, қай құжаттардың негізінде есептеледі? Ол өнімнің өзіндік құнына қалай кіреді?

10. Үстеме шығындарды сипаттамасы мен құрамы.

11. Өндірісті дайындау мен игеру шығыстары, олардың құрамы, есебі мен оны өнімнің өзіндік құнына кіргізу тәртібі.

12. Жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары, олардың құрамы, есебін жүргізу және есеп объектілері бойынша бөлу әдістері.

13.Өнімнің ақауы, оның түрлері, есебін жүргізу мен есептен шығару тәртібі.

14. Өндірісте бос тұрып қалу, оның түрлері, есебін жүргізу, оның ысырабын анықтау мен есептен шығару.

15. Цехтар мен орталық қоймада запастардың бүлінуі мен жетіспеуінен болатын ысырап, оларды есептен шығару тәртібі.

16. Үстеме шығыстарды бөлу әдістері.

17. Қосалқы өндірістерде шығындардың есебін жүргізу тәртібі мен бөлу әдістері.

18. Аяқталмаған өндіріске не жатады, оны анықтау мен бағалау тәртібі.

19. Өндірістік шығындарды есептеудің жартылай фабрикаттық нұсқасы, оның сипаттамасы мен ұйымдастырудың ерекшеліктері.

20. Өндірістік шығындарды жартылай фабрикатсыз есептеу нұсқасы, оның сипаттамасы мен ұйымдастырудың ерекшеліктері.

21. Жартылай фабрикаттық есептеу нұсқасының артықшылықтары мен кемшіліктері.

22. Әкімшілік шығыстардың сипаттамасы, құрамы мен есебін жүргізу.

23. Өнім сату мен қызмет көрсетудің сипаттамасы, құрамы мен есебін жүргізу.

Тестілер:

1. Негізгі өндірісте жұмсалған материалдық запастардың құны қай шотта көрсетіледі?

а) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

ә) «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» деп аталатын 8210 шоттың дт;

б) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

в) «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1310 шоттың дт;

г) Бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

2. Негізгі өндіріс цехтарының мұқтажына жұмсалған материалдардың құны қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» деп аталатын 8210 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

г) «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 шоттың дт.

 

3. Қосалқы өндіріс цехтарының мұқтажына жұмсалған материалдардың құны қай шотқа жатқызылады?

а) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

ә) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

б) «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» деп аталатын 8210 шоттың дт;

в) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

г) «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 шоттың дт.

 

4. Жөндеу-шеберхана цехы жабдықтарын жөндеуге жұмсаған материалдардың құны қай шотқа жатқызылады?

а) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

ә) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

б) «Өнім сату мен қызмет өкрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 шоттың дт;

в) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

г) «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың дт.

 

5. Цехта даяр өнімді қаптау үшін пайдаланылатын қаптама мен қаптама материалдарының құны қай шотта көрсетіледі?

а) «Даяр өнім» деп аталатын 1320 шоттың дт;

ә) «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың дт;

б) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

в) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

г) «Өнім сату мен қызмет көрсету шығыстары» 7110 шоттың дт.

 

6. Өткізу (сату) қоймасында өнімді қаптау үшін пайдаланылатын қаптама мен қаптама материалдарының құны қай шотта көрсетіледі?

а) «Даяр өнім» деп аталатын 1320 шоттың дт;

ә) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

б) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

в) «Өнім сату мен қызмет көрсету шығыстары» 7110 шоттың дт.

г) «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құны» деп аталатын 7010 шоттың дт.

 

7. Шаруашылық тәсілмен орындалған негізгі өндіріс цехын жөндеуге жұмсалған құрылыс материалдарының құны қай шотта көрсетіледі?

а) «Негізгі құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2420 шоттың дт;

ә) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

г) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт.

 

8. Жөндеу-құрылыс цехы негізгі өндіріс цехының ғимаратын жөндеуге жұмсаған құрылыс материалдарының құны қай шотта көрсетіледі?

а) «Негізгі құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2420 шоттың дт;

ә) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

г) «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың дт.

 

9. Технологиялық мақсаттарға пайдаланылған отынның құны қай шотта көрсетіледі?

а) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

ә) «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» деп аталатын 8210 шоттың дт;

б) «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың дт;

в) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

г) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт.

 

10. Бу-қазандық цехында пайдаланылатын отынның құны қай шотта көрсетіледі?

а) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 841 шоттың дт;

ә) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

б)»Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

в) «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың дт;

г) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт.

 

11. Негізгі цехтағы өндірістік жабдықты жөндеу үшін пайдаланылатын қосалқы бөлшектердің құны қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп талатын 8410 шоттың дт;

в) «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 2930 шоттың дт.

 

12. Жөндеу-механикалық цех негізгі құралдарды жөндеу үшін пайдаланған қосалқы бөлшектердің құны қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2420 шоттың дт;

ә) «Аяқталмаған құрылыс» деп аталатын 2930 шоттың дт;

б) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт

в) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

г) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт.

 

13. Жөндеу-құрылыс цехы зауыт басқару ғимаратын жөндеу үшін жұмсаған құрылыс материалдарының құны қай шотқа жатқызылады?

а) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

ә) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

б) «Негізгі құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2420 шоттың дт;

в) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

г) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт.

 

14. Материалдарды ФИФО әдісі бойынша бағалау тәсілі деген не?

а) қалыптың нақты өзіндік құны;

ә) қалыптың жоспарлы өзіндік құны;

б) қалыптың нормативтік өзіндік құны;

в) уақыты бойынша бірінші сатып алудың өзіндік құны;

г) уақыты бойынша соңғы сатып алудың өзіндік құны.

 

15. Жұмысшының кінәсінен бос тұрып қалудың төлемі өнімнің өзіндік құнына кіре ме?

а) кірмейді;

ә) кіреді,

б) 60% көлемінде кіреді;

в) кәсіподақ ұйымы шешеді;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

16. Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы өндіріс шығындарының құрамында көрсетіле ме?

а) көрсетілмейді;

ә) салық заңнамасына сәйкес;

б) көрсетіледі;

в) ұйымның есеп саясатында қарастырылған жағдайда көрсетіледі;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

17. Ұйымның орталық қоймасындағы тауарлық-материалдық запастардың нормативтіктен тыс ысырабы қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

б) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

в) «Аяқталмаған құрылыс» деп аталатын шоттың 2930 дт;

г) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт.

 

Даяр өнімнің жарнамасымен байланысты шығыстар қада жатқызылады?

а) «Даяр өнім» деп аталатын 1320 шоттың дт;

ә) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

г) «Өнім саты мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 шоттың дт.

19. Жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары қай шотта есептеледі?

а) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шоттың дт;

ә) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

20. Қосалқы өндірістердің қайтарылатын қалдықтары қай шотқа кіріске алынады?

а) «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 шоттың дт;

ә) «Тауарлар» деп аталатын 1330 шоттың дт;

б) «Меншікті өндірістің жартылай фабрикатттары» деп аталатын 8210 шоттың дт;

в) «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың дт;

г) «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шоттың дт.

21. Негізгі өндіріс өнімінің жөнделмейтін ақауынан болатын ысырап есепте қалай көрсетіледі?

а) «Жиынтық пайда (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дт;

ә) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дт;

б) «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» деп аталатын 8210 дт;

в) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

г) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 842; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.122 сек.