Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Калькуляциялау объектісіне не жатады? 1 страница




а) өнімдер немесе өнімдер кешені;

ә) бұйымдар, жартылай фабрикаттар, біркелкі бұйымдар топтары, аттас бұйымдардың сериялары;

б) жұмыстар мен қызметтердің түрлері;

в) шығындар орталығы;

г) өнім, жартылай фабрикат, жұмыс пен қызмет түрлері.

 

8. Шығын есептелетін және калькуляцияланатын объект қай әдіс пайдаланылғанда үйлеседі?

а) шығынды есептеу мен калькуляциялаудың нормативтік әдісін;

ә) шығынды есептеу мен калькуляциялаудың тапсырыстық әдісін;

б) шығынды есептеу мен калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісін;

в) барлық жауаптар дұрыс;

г) алғашқы екі жағдайда дұрыс.

 

9. Шығындарды есептеудің тапсырыстық әдісінде шығын есептеу мен калькуляциялау объектісіне не жатады?

а) жауапкершілік орталығы;

ә) шығындар орталығы;

б) өндірістік тапсырыс;

в) жұмыстардың түрлері;

г) шығын пайда болатын жерлер.

 

10. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құндын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі қайда қолданылады?

а) жаппай және ірі сериялық өндірістерде;

ә) жеке-дара және шағын сериялы өндірісі бар өнеркәсіптік кәсіпорындарда;

б) тапсырыстар жүйесі бойынша жұмыс істейтін ұйымдарда;

в) барлық жауаптар дұрыс;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

 

2-бөлім. Нарықтық экономикасы бар елдерде өндірістік және басқарушылық есепті ұйымдастыру

4-тарау. Басқарушылық есеп жөніндегі жалпы ұғым

 

4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі

 

Қазақстанның шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметінің практикасында бухгалтерлік есеп бұрын қаржы есебі мен басқарушылық есепке бөлінбеген. Мүлік есебінің барлық тараулары, өндіріс пен айналыс, өнім шығару мен оны сату, есеп айырысу мен кредит операцияларының, қаржы нәтижелерінің, қорлар мен резервтердің шығындары бірыңғай бухгалтерлік есеппен қамтылған болатын. Халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары үшін бірыңғай бухгалтерлік есеп пен есептілік ережелері, салалар бойынша – бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары мен оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар пайдаланылды. Алайда ТМД елдерінің ұйымдарында басқарушылық есеп болмады деп айтуға болмайды. Есеп пен бақылау басқару элементі, көзі болып табылады. Есеп жүргізудің деретері өндірісті бақылау мен оны басқару үшін әрқашан пайдаланылады. ТМД елдерінде деректері ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылау, талдау мен басқару үшін пайдаланылған жедел-техникалық есеп қолданылды. Бұл үшін көптеген кәсіпорындарда жедел талдаумен айналысатын және басқарушылық шешім қабылдау үшін ұйымның басшыларын қажетті деректермен қамтамасыз ететін экономикалық талдау бюролары жұмыс істеді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше ондаған жылдар бойы бухгалтерлік есеп қаржы және өндірістік есепке бөлініп келеді. Қаржы есебі сыртқы пайдаланушыларға ұйымның кірістері, шығыстары, пайдасы, сондай-ақ қаржылық жай-күйі туралы ақпарат беруге тиіс. Өндірістік есеп өнім түрлері бойынша шығындардың есебін жүргізу, аяқталмаған өндірісті бағалау, шығарылған және сатылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау үшін қажет болды. Осы ақпарат қаржы есептерін жасау үшін керек..

ХХ ғасырдың 40- шы жылдарының соңы мен 50-ші жылдарының басында бухгалтерлік есеп саласында бірқатар өзгеріс орын алды. Капитал, бәсеке, инфляция шоғырланып, өндіріс шығындары айтарлықтай өскен, трансұлттық корпорациялар құрылып, жұмыс істей бастаған жағдайда дәстүрлі есеп жүргізу әдістері бсқару талаптарына жауап бермеді. Қалыптасқан жағдайда бухгалтерлік есептің жоспарлау, болжау мен шешім қабылдау, бақылау үшін ақпарат жинау мен оны талдап қорытып қалыптастыруға қатысты қосымша функциялары пайда болды. Бухгалтерлік есеп жедел әрі талдамалы есепке айналды. Бухгалтерлер енді өндіріс шығындарының есебін жүргізу мен бақылауға, нақты өндіріс көлемін есептегуе, өндірістік бағдарламаның орындалуын кәсіпорын ғана емес, сонымен бірге оның бөлімшелері бойынша бағалауға ерекше көңіл бөлетін болды.

Бір сөзбен айтқанда есеп бизнестің тіліне айналды. Компаниялар мен фирмалардың жұмысының қорытындысына фирмалардың әкімшілігі мен еңбек ұжымдары ғана емес, сонымен бірге акцияларды ұстаушылар мен ақпаратты сыртқы пайдаланушылар да қызығушылық танытады. Егер фирмалардың әкімшіліктері мен еңбек ұжымдары фирма қызметінің табысын білгісі келсе, акция ұстаушылар мен ақпарат пайдаланушыларды фирма қызметінің түпкілікті нәтижелері мен салынған инвестициялар бойынша дивидендтердің көлемі қызықтырады.

Басқарушылық есеп бақылау мен басқарудың тиімділігін арттыру қажеттілігінен туындады деп айтуға болады. Әр түрлі елдерде «өндірістік есеп» деген терминді басқарушылық есеп деген термин бірте-бірте алмастырды. Сөйтіп, есеп екі шағын жүйеге, қаржы және басқарушылық есепке бөлініп, әрқайсысының өз мақсаты, міндеттері мен функциялары бар қаржы және басқарушылық деп аталатын екі бухгалтерлік есеп құрылды.

Алайда қаржы және басқарушылық есеп бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін білдіретін өзара тәуелді әрі өзара байланысты жеке элементі болып табылады.

Басқарушылық есеп кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері, қызметтері мен бөлімдерінің қызметі туралы ақпараттық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Басқарушылық есептің мәні басқару мақсатттарымен анықталады. Ол әкімшіліктің шешімі бойынша бөлімшелердің басшыларының алдына қойылған мақсатттарға сәйкес өзгеруі мүмкін.

Басқарушылық есеп үшін ақпараттың талдамалылығы маңызды рөл атқарады.

Басқарушылық есептің құрамындағы ақпарат құрылымдық бөлімшелердің қызметінің нәтижесін дұрыс көрсету және ұйымның пайда алудағы олардың үлесін анықтау үшін жиналады, сәйкестендіріліп, зерттеледі.

Басқарушылық есептің мақсаты – нақты өндірістік мақсаттарға жету үшін жауапты менеджерлерді, кәсіпорын басшылығын жалпы ұйым, сонымен бірге оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің нәтижелерін жоспарлау, басқару, реттеу, бақылау мен талдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Өндірістік қызметтің тиімділігі нақты және стандартты шығындар мен жұмсалған шығыстардың нәтижелерін салыстыру арқылы анықталады.

Сөйтіп, басқарушылық есептің мәні – кәсіпорын қызметінің нәтижелерін одан әрі жақсартуға бағытталған жедел басқарушылық шешім қабылдауға арналған ақпаратты жүйеге келтіретін шығындар мен кірістердің, нормалаудың, жоспарлаудың, бақылау мен талдаудың біріктірілген есеп жүйесі.

Бухгалтерлік басқарушылық есеп ұйым мен оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын құрылымдық бөлімшелерінің (сегменттерінің) өндірістік қызметімен айналысады. Қызметі бухгалтерлік басқарушылық есеп болып табылатын бизнестің сегменттері заңды түрде дербес болуы немесе құрылымдық бөлімше құқығында ұйымның құрамына кіруі мүмкін.

Басқарушылық есепте жауапкершілік орталығы деп шығындарды, кірістер мен бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражатты қабылдайтын және бөлімшенің жоспарлы көрсеткіштерді орындауы үшін жауап беретін менеджер басқаратын құрылымдық бөлімшелер аталады. Құрылымдық бөлімшенің басқарушылық есептегі көлеміне қарамастан жауапкершілік орталығының келесі төрт түрі болады:

– шығын орталықтары;

– кіріс орталықтары;

– пайда орталықтары;

– инвестиция орталықтары.

Шығын орталығының жетекшісі тек жұмсалған шығын үшін жауап береді. Шығын орталығы шығындарды қадағалау, бақылау мен басқару, сондайақ оларды пайдаланудың тиімділігін бағалау мақсатында өндіріс шығындарын нормалауды, жоспарлау мен есептеуді ұйымдастыруға мүмкіндігі бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Шығын орталығының жетекшісіне қойылған мақсатқа жету үшін бөлінген ресурстарды пайдалануға қатысты дербес шешім қабылдау мүмкіндігі беріледі және ол қойылған міндеттердің орындалуы үшін жауап береді. Алайда шығын орталығының жетекшілері өндірістің бағасы мен көлемін дербес анықтауға құқықсыз.

Кіріс орталығы – бұл менеджері кіріс алу үшін жауап беретін, алайда өндіріс шығындары үшін жауап бермейтін жауапкершілік орталығы. Осы орталықтың мысалына сауда ұйымының көтерме сауда бөлімін, өндірістік ұйымдардың өткізу бөлімін (комммерциялық бөлімін) жатқызуға болады. Кіріс орталығы жетекшілерінің қызметі әдетте олар әкелген кірістің негізінде бағаланады..

Пайда орталығы – бұл жетекші өзінің бөлімшесінің кірісі де, сондай-ақ шығыны үшін біруақыттта жауап беретін сегмент. Пайда орталығының менеджері тұтынылған ресурстардың саны мен алынатын пайданың көлеміне қатысты шешім қабылдайды. Жауапкершілік орталығы қызметі алынған пайданың көлемі бойынша бағаланады. Пайда орталығының мысалына филиалдар, жеке сауда нүктелері (дүкендер, буфеттер және т.б.) келтіруге болады.

Инвестициялар орталығы – ұйымның менеджерлері шығындар мен кірістерді бақылаумен қатар, оларға инвестицияланған қаражаттың тиімді пайдалануын қадағалайтың сегменті. Инвестициялар орталығының жетекшілеріне меншікті инвестициялық шешім қабылдау, яғни бөлінген қаражатты жекелеген жобалар бойынша бөлу құқығы беріледі, демек, оларға қабылданатын шешім үшін ең көп жауапкершілік артылады.

Бухгалтерлік басқарушылық есепте әр түрлі әдістер, атап айтқанда мына әдістер пайдаланылады:

· бухгалтерлік қаржы есебі әдісінің элементтері (шоттар мен қосарлы жазба, түгендеу мен құжаттама, баланстық талдап қорыту мен еептілік);

· индекстік әдіс (статистикада қолданылатын);

· математикалық әдістер (корреляция, желілік бағдарламалау, ең аз квадраттар және т.б.)

Барлық атап өтілген әдістер мен тәсілдер бірыңғай жүйеге біріктіріледі және ұйымды басқару мақсатында пайдаланылады.

4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы

Ақпарат – бұл жинау, сақтау, өңдеу объектісі болып табылатын қайсы бір нәрсе туралы мәлімет. Әр түрлі басқару деңгейлерінің басшылары үшін арнайы дайындалған есептік ақпарат басқарушылық есептік ақпарат деп аталады.

Басқарушылық ақпарат деректерді көп ішкі және сыртқы көздерден жинау мен өңдеу арқылы қалыптастырылады.

Басқарушылық есепте сандық емес ақпарат та (сыбыс, әлеуметтік сұрақтама нәтижелері және т.б.), сонымен бірге сандық ақпарат та пайдаланылады. Ақпарат есептік және есептік емес, толық және толық емес болады.

Ақпарат пайдалы болуы үшін қисынды, түсінікті, уақытылы, салыстырымды, объективті, сенімді және толық болуы тиіс.

Қисындылық – басқарушылық есеп ақпараты жету үшін қойылған мақсатқа қатысты қисынды (сараланған) болуы тиіс. Қисынсыз ақпаратты пайдалану салдарынан қате шешім қабылдануы мүмкін.

Түсініктілік – ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болмаса, онда ол пайдалы да болмайды. Түсініксіз ақпарат бухгалтерлік ақпараттың мәнін қосымша түсіндіруді қажет етеді.

Уақытылылық – ақпарат белгіленген мерзімдерде табыс етілуге тиіс, кешіктіріп алынған ақпарат пайдалы болмайды.

Салыстырымдылық – басқараушылық есеп ақпараты мысалы, өткен жылдардың тиісті кезеңдерінің, өткен он күннің немесе айдың және т.б. деректерімен, сондай-ақ жоспармен салыстыру үшін жиі пайдаланылады. Сондықтан басқарушылық есепте көрсеткіштердің жоспармен, сондай-ақ мүмкіндігінше өткен кезеңдердің көрсеткіштерімен салыстырымдылығы сақталуы тиіс.

Объективтілік – басқарушылық есеп ақпараты шүбәсіз объективті болуы тиіс.

Сенімділік – ақпарат объективті болуымен қатар белгілі бір мақсат үшін жеткілікті дәрежеде сенімді болуы тиіс. Сенімділік пайыздық дәлдікті міндетті түрде білдірмейді және объектілер жөнінде барлық ойға қонымды түсініктемелерді ескеруді талап етпейді.

Толықтық – ақпарат басқарушылық шешім қабылдау үшін жеткілікті көлемде болуы тиіс. Басқарушылық есеп ақпараты нысаналы, икемді әрі жеткілікті дәрежеде үнемді болуы тиіс.

Нысаналылық – ішк өндірістік ақпараттың ұйымның нақты құрылымдық бөлімшелеріне берілуі тиіс екенін білдіреді.

Икемділік – ақпараттың нақты блогының өзгеретін басқарушылық

ахуалдың әр түрлі жағдайларында немесе өндіріс жағдайларының өзгеруіне байланысты пайдалануға жарамды болуы тиіс екенін білдіреді.

Жеткілікті үнемділік ішкі ақпаратты дайындау жөніндегі шығындар оны пайдаланудан алынатын экономикалық тиімділіктен аспауға тиіс екенін білдіреді.

 

4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.

 

Бухгалтерлік және басқарушылық есептің объектілеріне бүкіл ұйымның да, сонымен бірге оның жекелеген жауапкершілік орталықтарының да шығындары (ағымдағы және күрделі), шаруашалық қызметінің нәтижелері, трансферттік бағалар пайдаланылатын ішкі баға белгілеу, бюджеттендіру мен ішкі есептілік жатады. Сегментарлық есеп басқарушылық есептің ең маңызды құрамдасы болып табылады. Оған ұйымның жекелеген құрылымдық бөілмшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету мен талдап қорыту жүйесі деген анықтама беруге болады. Нарықтық экономикада бизнестің сегменттері бойынша есеп жүргізу маңызды рөл атқарады. Сегментарлық есептің деректері фирма ішіндегі басқарудың ақпараттық көзі болып табылады, ол әр түрлі басқару деңгейдегі жұмыстардың шығындары мен нәтижелерін бақылауға, сегментарлық есептілік жасауға мүмкіндік береді. Сегментарлық есептілікті талдаудың арқасында ұйымның сол немесе басқа құрылымдық бөлімшесінің жұмысының тиімділігінің дәрежесін анықтап, қажетті басқарушылық шешім қабылдауға болады.

Сегментарлық есеп пен есептілік ақпараты барлық деңгейдегі басшыларға қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Бухгалтерлік басқарушылық есептің негізгі міндетіне мыналар жатады:

– шаруашылық қызметтің шығындары мен нәтижелері туралы жауапкершілік орталықтары бойынша бөлінген деректердің есебін жүргізу, жоспарлау, бақылау, талдау;

– ұйым қызметінің қаржы нәтижелерін оңтайландыру мақсатында жедел басқарушылық шешім қабылдау үшін басқарушыларға ақпараттық көмек көрсету;

– ұйымның дамуының ең тиімді жолдарын таңдау.

Бухгалтерлік басқарушылық есептің ең маңызды міндетіне сондай-ақ калькуляциялау жатады. Калькуляциялық есептердің негізінде басқарушылық есеп жүйесінде оңтайлы шешім нұсқасын таңдауға және жедел-тиімді басқарушылық шешім қабылдауға болады.

Соңғы уақытта бухгалтерлік есепте эккаунтинг (accounting) деп аталатын жаңа термин пайдаланылады.

Эккаунтинг – әр түрлі қаржы ақпаратын жинаумен, өңдеумен, жіктеумен, талдаумен және ресімдеумен байланысты функционалдық бизнес саласы. Эккаунтингтің негізі есепшілікке, яғни бухгалтерлік есаепті жалпы қабылданған қағидаларға сәйкес жүргізуге негізделеді. Есепшіліктің негізінде нарықтық экономика жағдайында кез-келген кәсіпкерге қажетті ақпараттық база қалыптастырылады. Есепшілікті жүргізумен және онымен байланысты ақпараттық базаны қалыптастырумен бухгалтерлік есеп мамандары айнылсады[3].

Бухгалтерлік қызметтен жеке жұмыс істейтін жоспарлау бөлімдері жоқ батыс ұйымдарында жедел бухгалтерлік ақпараттың негізінде жоспарлаумен және болжаумен айналысатын бухгалтерлер бар. Ұйымды басқару үшін қажетті бүкіл ақпаратты бухгалтерлер дайындайды, ал осымен байланысты кәсіби қызмет эккаунтинг деп аталады.

Эккаутингке ұйымның есептілігін оның қаржы көрсеткіштерін талдау, жоспарлау жұмысы, ұйым мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылау да кіреді.

Сөйтіп, бухгалтерлік басқарушылық есеп эккаутингтің қажетті бөлігі болып табылады.

 

4.4. Басқарушылық есеп қағидалары

 

Басқарушылық есептің жалпы қабылданған қағидаларына ұйымның үздіксіз қызметі; жоспарлау мен есептеу үшін бірыңғай өлшем бірліктерін пайдалану; ұйымның құрыллымдық бөлімшелерінің қызметін бағалау; бастапқы және аралық ақпаратты басқару мақсатында сабақтас әрі көп рет пайдалану; ішкі есептілік көрсеткіштерін басқару деңгейлерінің арасындағы коммуникациялық байланыстың негізі ретінде қалыптастыру; шығындарды қаржыны, коммерциялық қызметті бюджеттік (сметалық) басқару әдісін қолдану; есеп объектілері туралы толық ақпаратты қамтамасыз ететін толықтық пен талдамалылық; есеп саясатында белгіленген ұйымның өндірістік және коммерциялық циклын көрсететін кезеңділік жатады.

Ұйым қызметінің үздіксіздігі оның өзін-өзі тарату және өндіріс ауқымын қысқарту ниетінің болмауын білдіреді. Осы қағидаға сәйкес бухгалтерлер ұзақ мерзімді проблемалардың шешімін табуға, яғни өнім өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін талдауға, ассортиментті өзгертуге, жаңа өнімдерді игеруге және т.б. ақпараттық қызмет көрсетеді.

Жоспарлау мен есепте бірыңғай өлшем бірліктерін пайдалану олардың арасында тікелей және кері байланысты, жоспарлар мен есеп көрсеткіштерінің салыстырымдылығын жекелеген құрылымдық бөлімшелердің шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтауды қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелері қызметінің нәтижелерін бағалау – басқарушылық есеп жүйесін құрудың бір негізін қалаушы қағидасы. Құрылымдық бөлімшелердің қызмет нәтижелерін бағалауда олардың әрқайсының өндірістен бастап өнім сатуға дейін пайда қалыптастыру үрдістері мен келешегі қарастырылады.

Бастапқы дерек жинау мен оны өңдеу процесінде сабақтастық пен көп рет пайдалану қағидасын сақтау есептеу жүйесін оңайлатып, ақпарат қалыптастыруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Аталмыш қағидаға сәйкес басқару процесінде бастапқы құжаттарда немесе өндірістік есептерде деректерді бір рет жазып, оларды екінші қайтара жазбай, тіркемей немесе есептемей көп рет пайдалану қарастырылады.

Басқарушылық есепте бастапқы есеп деректері бойынша ішкі есептілік деректері қалыптастырылады. Есептік ақпарат алдымен учаскелердің бастапқы деректерінде, есептерінде қалыптастырылады, содан кейін ақпарат өндірістік бөлімшелердің, цехтардың жиынтық құжаттарында топтастырылады. Кейінгі деңгейлерде жиынтық есептік құжаттама зауыт басқармасының функционалдық (бас конструктордың, бас механиктің, өндірістік бөлімнің және т.б.) бөлімдерінде біріктіріліп, қалыптастырылады.

Ең жоғарғы деңгейде функционалдық бөлімдерден (құрылымдық бөлімшелерден) және жасалған жиынтық есептіліктен түсетін ақпарат біріктіріледі. Есептердің мазмұны олардың мақсатты тағайындалуына байланысты болады. Сөйтіп, бастапқы есептің деректері бойынша басқарушылық есеп қалыптастырған ішкі есептілік көрсеткіштері ұйым ішіндегі коммуникация жүйесіне айналады. Ішкі есептілік көрсеткіштері өзіндік құнды талдау, смета жасау, болашақтағы шығындарды жоспарлау, жедел шешім қабылдау үшін пайдаланылады.

Ақпараттың толықтық және талдамалылық қағидасында есепте барлық қажетті көрсеткіштерінің болуы мен олардың талдау үшін ыңғайлы болуы қарастырылады.

Ұйымның өндірістік және коммерциялық циклын көрсететін кезеңділік қағидасында ақпаратты белгіленген кезеңде (күн сайын, күнара, бес күн сайын және т.б.) тапсыру қарастырылады. Бұл үшін, әдетте, басқару аппараты бастапқы құжаттарды жинау, өңдеу мен қорытынды ақпаратты топтастыру кестесін белгілейді.

Шығындарды, қаржыны, өндіріс пен коммерциялық қызметті басқарудың бюджеттік (сметалық) әдісінің қағидасына ерекше назар аударған жөн. Сметалар (бюджеттер) өндірісті, сатуды, бөлу мен қаржыландыруды қамтиды. Сметаларда жалпы ұйымдар мен оның құрылымдық бөлімшелері бойынша өндіріс шығындары, бөлімшелердің, жалпы ұйымның қызмет түрлерінен түсетін табыс, сондай-ақ пайда көрсетіледі.

 

4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы

 

Қаржы және басқарушылық есеп біртұтас бухгалтерлік есептің өзара байланысты құрамдастары болып табылады. Мәселен, екі есеп жүйесінде сол бір шаруашылық операциялары қаралады. Мысалы, қаржы есебі жүйесінде көрсетілетін шығын түрлері туралы деректер сонымен біруақытта басқарушылық есепте те пайдаланылады.

Басқарушылық есеп жүйесінде есептелген өнімнің өндірістік өзіндік құнының деректері қаржы есеп жүйесінде ұйымда жасалған активтерді бағалау үшін пайдаланылады.

Бастапқы есептің деректері қаржы да, сондай-ақ басқарушылық есепте ле пайдаланылады.

Қаржы және басқарушылық есепте дайындалған есептік ақпаратты инвесторлар, менеджерлер шешім қабылдау үшін пайдаланады.

Алайда осымен қатар қаржы және басқарушылық есептің арасында түбегейлі айырмашылықтар да бар. Айырмашылықтарға мыналар жатады:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 870; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.066 сек.