Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тестілер 4 страница




3. Материалдарды бағалаудың қолданылатын әдістері мен олардың сипаттамасы.

4. «Дәл мерзімінде» деп саталатын сатып алу жүйесінің мәні.

5. Кепілді жалақы деген не, жұмысшылардың кепілді және нақты кесімді жалақысының арасындағы айырма қай шотқа жатқызылады?

6. Мерзімнен тыс уақыт пен түнгі уақыттағы жұмыс қай шотта көрсетіледі?

7. Ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен зейнетақы қорына аударылатын жарналары қай шотта көрсетіледі?

8. Сараланған жалақы төлеу жүйесінің мәнін сипаттаңыз.

9. Жұмысшыларға сыйлықақы есептеу әдістері.

10. Жұмыс күшінің тұрақтамауы деген не, ол қалай анықталады?

11. Еңбек өнімділігі деген не, оның маңызы қандай, еңбек өнімділігі коэффициенті қалай анықталады?

12. Үстеме шығыстар, оның түрлері мен құрамы.

13. Өндірістік емес үстеме шығыстар, оны сипаттамасы. Олар қайта есепке шығарылады?

14. Үстеме шығыстарды бөлу әдістері.

15. «Үстеме шығыстардың біртұтас ставкасы» деген не?

16. Жекелеген шығын орталықтары үшін үстеме шығыстарды бөлу ставкаларын есептеу процедурасы.

17. Үстеме шығыстарды бөлудың нормативтік ставкасының мәні қандай?

18. Нормативтік және нақты үстеме шығыстардың арасындағы айырма қайда жатады?

Тестілер:

1. Басқарушылық есепте қосалқы материалдар қай шотқа жатқызылады?

а) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дт;

ә) «Негізгі өндірістер» деп аталатын 8110 шоттың дт;

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дт;

в) «Жиынтық пайда (жиынтық залал) деп аталатын 5010 шоттың дт;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

2. Үстеме шығыстарды нормативтік ставкалар бойынша бөлген кезде нақты үстеме шығыстардың нормативтік ставкалар бойынша үстеме шығыстардан ауытқуы қай шотқа есепке шығарылады?

а) негізгі өндірістің шығынына (7010 шоттың дебеті);

ә) сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құнына (7010 шоттың дебеті);

б) өнім сату қызмет көрсету жөніндегі шығыстарға (7110 шоттың дебеті);

в) жиынтық пайдаға (жиынтық залалға) (5010 шоттың дебеті);

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

3. Басқарушылық есепте қызметкердің кінәсінсіз бос тұрып қалу қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі өндірістер» деп аталатын 8110 шоттың дебеті;

ә) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дебеті;

б) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дебеті;

в) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дебеті;

г) «Жиынтық пайда (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебеті.

4. Басқарушылық есепте мерзімнен тыс жұмыс үшін төленетін қосымша ақы қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі өндірістер» деп аталатын 8110 шоттың дебеті;

ә) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дебеті;

б) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дебеті;

в) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дебеті;

г) «Жиынтық пайда (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебеті.

 

5. Басқарушылық есепте түнгі уақытта істеген жұмыстың қосымша ақысы қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі өндірістер» деп аталатын 8110 шоттың дебеті;

ә) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дебеті;

б) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дебеті;

в) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дебеті;

г) «Жиынтық пайда (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебеті.

 

6. Басқарушылық есепте мерзімне тыс уақыт пен түнгі уақытта тапсырысшының өтінімі бойынша орындалатын жұмыс үшін төленетін қосымша ақы қай шотқа жатқызылады?

а) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дебеті;

ә) «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 шоттың дебеті;

б) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дебеті;

в) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дебеті;

г) «Жиынтық пайда (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебеті.

 

7. Басқарушылық есепте жұмысшылардың кепілді және нақты жалақысының арасындағы айырма қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі өндірістер» деп аталатын 8110 шоттың дебеті;

ә) «Жиынтық пайда (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебеті.

б) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дебеті;

в) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дебеті;

г) «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шоттың дебеті.

 

8. Басқарушылық есепте нормативтік және нақты үстеме шығыстардың арасындағы айырма қай шотқа жатқызылады?

а) «Негізгі өндірістер» деп аталатын 8110 шоттың дебеті;

ә) «Болашақтағы кезеңдердің шығыстары» деп аталатын 1620 шоттың дебеті;

б) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дебеті.

в) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дебеті;

г) «Жиынтық пайда (жиынтық залал)» деп аталатын 5610 шоттың дебеті.

 

9. Басқарушылық есепте көлік-дайындау шығыстары қай шотқа жатқызылады?

а) «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың дебеті;

ә) «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың дебеті;

б) «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 шоттың дебеті;

в) «Негізгі өндірістер» деп аталатын 8110 шоттың дебеті;

г) «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дебеті.

 

7-тарау. Өндіріске жұмсалатын шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

Өндіріске жұмсалатын шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің басқарушылық есепте қолданылатын жалпы қабылданған жіктемесі әзірге әзірленбеген. Жекелеген экономистер оларды келесі үш белгі бойынша топтастыруға болады деп санайды:

Есептеу объектілері бойынша: процестік және тапсырыстық әдістер;
Шығындарды есептеудің толықтығы бойынша: толық өзіндік құнды калькуляциялау мен толық емес өзіндік құнды калькуляциялау;

Шығындардың есебі мен оларды бақылаудың жеделдігі бойынша: нақты өзіндік құнды есептеу мен нормативтік шығындарды есептеу.

 

 

7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі

Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі бірдей өнім процесс деп аталатын өндіріс сатылары арқылы белгілі ретпен өтетін өнім сериямен шығарылатын кейбір өнеркәсіп салаларында, мысалы, химия, цемент, мұнай өңдеу, лак-бояу, радио-техника, металлургия, тау-кен өнеркәсібінде қолданылады.

Осы әдісті бүкіл өндіріс процесі тұрақты қайталанатын операцияларға бөліп, әр түрлі бұйымдар жасайтын басқа салалардың кәсіпорындарында да пайдалануға болады.

Осы шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі пайдаланылатын өндірісте өнімнің өндірістік процесі аяқталғанға дейін өнім бір процестен (бөлімшеден) екіншіге өтеді.

Әр бір өндірістік бөлімше жалпы өндіріс процесінің қайсы бір бөлігін жүзеге асырады және осы операциядан кейін өңдеу үшін келесі бөлімшеге жібереді. Өндірістік процесс аяқталғаннан кейін соңғы бөлімшеде өнім даяр өнім қоймасына жіберіледі.

Тікелей және үстеме шығыстардың есебі әр бір бөлімше (процесс) бойынша жүргізіледі және бір бөлімшеден екінші бөлімшеге жіберілетін өніммен бірге бағытталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі шығын,ды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісінің жартылай фабрикаттық нұсқасына ұқсайды. Алайда процестік әдісте жекелеген өнім бірліктерінің өзіндік құны анықталмайды.

 

Бір процестен екіншіге (бір бөлімшеден екіншіге) көшкенде өзіндік құнның артуы 7.1-суретте көрсетілген.

 

 

А процесс Б процесс

           
     


Материалдар - 25000 А процестен Б процеске жіберілді

Еңбек шығындары- 22000 60000 60000 В процесс -90000

Үстеме шығыстар

13000 материалдар - 2000

еңбек шығындары -18000

60000 теңге үстеме шығыстар -


90000 теңге


В процесс Даяр өнім


Б процестен қоймаға жіберілді В процестен жіберілген даяр өнім

90000 - с процесс В

материалдар – 3000 128000

еңбек шығындары – 20000

үстеме шығыстар –


 

7.1-сурет. Шығынлдарды есептеудің процестік әдісінде өзіндік құнның өзгеруі

Ескерту*: мұнда іс жүзінде орын алуы мүмкін процестер бойынша (бөлімшелер бойынша) есепті кезеңнің басы мен соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдықтары көрсетілмеген.

 

Өндіріс процесінде шарасыз ысырап болады, оалр әдетте нормаланады (жоспарланады), сол себептен нормативтік ысырап деп аталады және осы нормалардан тыс ысырап болады, ал нормативтік ысырап өнімнің өзіндік құнына кіреді. Нормативтіктен тыс ысырап кінәлілерден өндірілуі мүмкін, ал кінәлілер болмаған жағдайда, ысырап кезеңнің шығыстары ретінде пайда мен залалдың шотына есептен шығарылады.

1-мысал: Өндірісте құны 408000 теңге 5000 литр сүт пайдаланылды. Өңдеу кезінде нормативтік шығындар 4 % көлемінде қарастырылған, өнімнің күтілетін шығуы 4800 литрді құрауға тиіс, ал нақты шыққан сүттің көлемі 4700 литрді құрады.

Сүттің күтілетін шығуының бір литрінің өзіндік құны мына орфмула бойынша мынаны құрауға тиіс:

Өндірістің өзіндік құны / Күтілетін шығу =

408000 теңге / 4800 литр = 85теңге

 

 

Осы процесс өндіріс шотында мына тәртіппен көрсетіледі:

  Шығындар: Өнімнің шығуы мен ысырап
  Литр саны Баға, теңге Сома, теңге   Саны Баға, теңге Сома, теңге
Сүтке жұмсалатын шығын   81-60   Нормативтік ысырап Нормативтіктен тыс шығыстар Өнімнің шығуы     -     -    
   
                 

 

Сөйтіп, өнімнің өзіндік құнына нормативтіктен тыс ысырап кірмейді. Нормативтіктен тыс ысырап пен ақау есепті кезеңнің соңында пайда мен залалдың шотына жатқызылады.

Ақаулы өнім әдетте өнімнің өзіндік құнынан төмен бағамен сатылады, сондықтан нормативтік ақаудың (ысыраптың) сату бағасына өндіріс шоты кредиттеледі, кассаның шоты, сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді берешегі дебеттеледі. Нормативтіктен тыс ысырап пен ақаулы өнімнің саты бағасына ысырап пен ақаулы өнімнің нақты өзіндік құны азаяды, олардың нақты өзіндік құны мен сату құнының арасындағы айырма пайда мен залалдың шотына жатқызылады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 715; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.04 сек.