Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе

Қоғамдық денсаулық бұл тұрғындардың физикалық, психикалық және әлеуметтік аман-есендігінің кешенді сипаттамасы, азаматтардың салауатты өмір салтын сақтау, аурулар мен жарақаттардың алдын алу, сонымен қатар қоршаған орта қолайсыз факторлары әсерінің алдын алудағы қоғамның күш салуын көрсетеді.

Қоғамдық денсаулықтың қозғалмалылығы және патология типтерінің өзгеруі, медицина саласының бірі және оқу пәні ретінде қоғамдық денсаулықтың алдына жаңа мақсаттар мен міндеттерді қойды, оны жаңа формациядағы болашақ мамандар шешуі тиіс.

2.2 Пәннің мақсаты: денсаулықты популяциялық деңгейде басқара алатын, қоғамдық денсаулықты кешенді бағалау және статистикалық сараптау әдісін меңгерген денсаулық сақтаудың болашақ мамандарын дайындау.

2.3. Оқыту міндеттері:

· қоғамдық денсаулықты басқару және бағалау әдістері мен әдіснамасына үйрету

· қоғамдық денсаулықты сараптауда жүйелілік тәсіліне оқыту

· қоғамдық денсаулық мәселелерін шешуге дайын болуды қалыптастыру

 

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студенттерде білімді қалыптастыру:

· денсаулық пен аурудың әлеуметтік, экономикалық және медициналық маңызын;

· қоғамдық денсаулықтың теориялары мен концепцияларын;

· қоғамдық денсаулықтың көпфакторлық детерминациясын;

· өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес халық денсаулығының көрсеткіштері мен тенденцияларын;

· денсаулық статистикасының теориялық және әдістемелік негіздерін: демографиялық статистиканың негіздерін, аурулық статистикасын, жарақаттану, мүгедектік және физикалық даму, халық денсаулығының көрсекіштерін;

· Қазақстан тұрғындары денсаулығының қазіргі жағдайы;

· тұрғындар аурулығы мен өлімінің құрылымын;

· аурулардың басымдылық кластарының әлеуметтік-медициналық маңызын;

· тұрғындар денсаулық жағдайын есепке алудағы қазіргі ақпараттық жүйелер

· халық денсаулығын қорғаудағы басымдылықтар

Студенттерде тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру:

· әлеуметттік-экономикалық жағдайларға сай халық денсаулығы жағдайының көрсеткіштерін есептей және бағалай білу;

· халықтың аурулығы мен демографиялық үрдістері туралы мәліметтерді жинауды және талдауды, оларды компьютерлік техника мен технологияларды қолдану арқылы статистикалық өңдеуден өткізуді;

· қоршаған ортаның факторларына сәйкес халық денсаулығының статистикалық сараптау нәтижелерін бағалай және талдай білу;

· негізгі себеп-салдарлық байланысты анықтау, халық денсаулығына әсер ететін факторлардың әсер ету дәрежесі мен бағытын;

· халық денсаулығын зерттеуде медициналық-стаститикалық әдістерді қолдана білу;

· медициналық құжатты толтыра білу;

· қолайсыз факторлар әсерін жою үшін және халық денсаулығын нығайту бойынша ұсыныстар жасай білу.

Студенттерде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру:

· Курстастарымен жақсы өзара қарым-қатынасты құру;

· Басқа студенттердің көзқарасын сыйлу;

· Қарым-қатынаста/араласуда шынайылық таныту;

· Кішігірім топтармен жұмыс істей білу;

Студенттерде құқықтық дағдыларды қалыптастыру:

· ҚР азаматтарының денсаулығын қорғаудағы құқықтық негіздерін анықтайтын заңнамалық актілердің негізгі ережелерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Студенттерде өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру:

· Жұмыста аналитикалық зерттеу әдістерін қолдану;

· Компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану;

· Өз бетімен оқу барысында интернет қорларын белсенді;

· Өзін жетілдіруге арналған on-line оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды және т.б. қолдану;

· Нормативтік-анықтамалық әдебиеттермен, статистикалық жинақтармен, зерттеудің заманауи әдістеріне қатысты өзіндік жұмыс дағдыларына баулу.

 

2.5. Пәннің алғы реквизиттері: Информатика, экология,саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері, экономикалық теория негіздері, медицина тарихы, биостатистика.

2.6. Пәннің соңғы реквизиттері: Қоршаған орта және денсаулық,маркетинга және менеджмент негіздері, жұқпалы аурулар, дәлелді медицина негіздері, коммунальды гигиена, эпидемиология, тағамтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы

2.7 Пәннің қысқаша мазмұны

Қоғамдық денсаулық: анықтамасы, пәні, зерттеу объектісі, пәннің тарихы. Қоғамдық денсаулық және медицина мен денсаулық сақтаудың жалпы теориялық концепцияларының зерттеу әдіснамасы. Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері және репродуктивті денсаулық. Халық аурушылығы және зерттеу әдістері. Физикалық даму. Мүгедектік. Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоғамдық денсаулықты жақсартудың негізгі бағыттары.

2.8 Тақырыптық жоспар: әрбір сабақтың (дәрістердің, практикалық, семинарлық, өзіндік жұмыстың) тақырыбы, өткізу формасы және ұзақтығы.

 

Барлық сағатар саны Дәрістер Практикалық сабақтар СОӨЖ СӨЖ Семестр Бақылау түрі
          5-6 емтихан

Дәрістердің тақырыптық жоспары

 

Тақырыбы Өткізу формасы Дәріс ұзақтығы
  Қоғамдық денсаулық ғылым және оқыту пәні ретінде Презентация  
  Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері Презентация  
  Халық аурушылығы Презентация  
  Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қоғамдық денсаулықты жақсартудың негізгі бағыттары Презентация  
  Барлығы    

 

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Тақырыбы Өткізу формасы Сабақ ұзақтығы
  Қоғамдық денсаулыққа кіріспе. Қоғамдық денсаулықтың зерттеу әдістемелері. Қоғамдық денсаулықтың құқықтық-ұйымдастырушылық негіздері Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия  
  Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері. Репродуктивті денсаулық Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия  
  Халық аурушылдығы. Халық денсаулығын кешенді бағалау Медициналық-статистикалық құжаттар Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия  
  Жас-жыныстық топтардың денсаулығы: балалар мен жасөспірімдер, ересек топтар. Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, блиц-сұрау, презентация, жеке тапсырмалар, пікір алмасу, дискуссия  
  Аралық бақылау Жазбаша бақылау, тестілеу  
  Барлығы    

Студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысының (СОӨЖ)

тақырыптық жоспары

Дни Тақырыбы Өткізу формасы Сабақ ұзақтығы
  Денсаулыққа байланысты өмір сапасы. Денсаулық деңгейлері. Алматы декларациясы – ХХ – ғасырдағы денсаулық сақтау ұлы хартиясы. Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау  
  Халықтың табиғи қозғалысын талдау. Репродуктивті денсаулық және тұрғы Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау  
  Физикалық (дене) дамуы. Мүгедектік. Аурушылдықты жеке және жинақты тіркеу Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау  
  Денсаулықтың валеологиялық аспектілері. Ақпараттық- әдістемелік материалдармен аудиторлық жұмыс жүргізу және талдау  
    Барлығы    

 

Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптық жоспары

Тақырыбы Өткізу формасы Сабақ ұзақтығы
  Жанұя денсаулығы. Бала денсаулығы Талқылау, презентация.  
  Медицина және денсаулық сақтау ілімдері Талқылау, презентация.  
  Қазіргі кезеңдегі медицинаның қоғамдық денсаулықпен байланысты этикалық мәселелері. Талқылау, презентация.  
  Халық статикасы мен миграциясын талдау Талқылау, презентация.  
  Қарт адамдардың денсаулығы Талқылау, презентация.  
  Аурулықты зерттеудің таңдамалы және жалпылама әдісі Талқылау, презентация.  
  Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауындағы денсаулық тақырыбы Талқылау, презентация.  
  Қазақстан үшін мыңжылдықтың даму мақсаттары Талқылау, презентация.  
  Барлығы    

 

2.9 Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмасы:

Жеке тапсырмаларды орындау, ұсынылатын әдебиеттерден мән жазба жазу, ситуациялық есептерді шешу, тартылып берілген материалдармен жұмыс, персональды компьютермен жұмыс, іскерлік ойындар, курстық жұмысты орындау, студенттің оқу-зерттеулік жұмысы, типтік бақылау тапсырмаларын орындау, глоссарий құрастыру, текст дайындау, сөзжұмбақ ойлап табу. 1 кредитте (45 сағат) студент өз таңдауымен СӨЖ бір тақырыбын орындайды.

2.10. Негізгі және қосымша әдебиеттер:

Қазақ тіліндегі әдебиет:

Негізгі әдебиет:

1. Биғалиева Р., Исмаилов Ш. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару. – Алматы, 2001. – 371 б.

Орыс тіліндегі әдебиет:

Негізгі әдебиет:

1. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение. – 2-е изд., перераб. и доп.. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с.

2. Общественное здоровье и здравоохранение / Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – М.: МЕДпресс-информ, 2003. – 528 с.

3. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. - С.-Петербург, 2000.- 914 с.

Қосымша әдебиет:

1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001. – 100 с.

2. Девятко В.Н., Аканов А.А. Здоровье народа и здравоохранение Казахстана в переходный период: опыт, уроки, проблемы. – Алматы, 1999. – 140 с.

3. Максимова Т.М. Современное состояние, тенденции и перспективные оценки здоровья населения. – М.: ПЕР СЭ, 2002. – 192 с.

4. Медик В.А. Заболеваемость населения: история, современное состояние и методология изучения. – М.: Медицина, 2003. – 512 с.

5. Медик В.А. Руководство по статистике здоровья и здравоохранения. – М.: Медицина, 2006. – 528 с.

6. Медик В.А., Юрьев В.К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. – В 3-х частях. – М.: Медицина, 2003.

7. Муминов Т.А., Камалиев М.А. Анализ здравоохранения с позиций социального маркетинга. – Алматы, 2003. – 170 с.

8. Муминов Т.А., Камалиев М.А., Аязбаева А.Г., Шахиева А.М. Медико-социальные и эпидемиологические аспекты здорового образа жизни. – Алматы, 1999. – 170 с.

9. Шарманов Т.Ш. Мировое здравоохранение до и после великой Алма-Атинской конференции. – Алматы-Вашингтон-Женева, 2003. – 143 с.

10. Тульчинский Т.Х., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999. – 1049 с.

 

Ағылшын тіліндегі әдебиет:

Негізгі әдебиет:

Tulchinsky T.H., Varavikova E.A. The New Public Health: An Introduction. – Jerusalem, 1999. – 1049 p.

2.11 Оқу және оқыту әдістері:

Дәрістер: шолу, тақырыптық және мәселелік.

Тәжірибелік сабақтар: ақпараттық мәліметтермен жұмыс, ауызша сұрау, тестік тапсырмаларды орындау, жағдаяттық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу

Оқытушы жетекшілігімен бірге студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ): оқытушының белсенді кеңесімен пәннің тақырыптарын өз бетімен орындау

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ): жеке тапсырмаларды орындау, ұсынылатын әдебиеттерден мән жазба жазу, ситуациялық есептерді шешу, тартылып берілген материалдармен жұмыс, персональды компьютермен жұмыс, іскерлік ойындар, курстық жұмысты орындау, студенттің оқу-зерттеулік жұмысы, типтік бақылау тапсырмаларын орындау, глоссарий құрастыру, текст дайындау, сөзжұмбақ ойлап табу.

2.12 Студенттердің білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:: (әр деңгейдегі білімді бағалау критериі мен шкаласы).

Құзыреттілікті бағалау

  Сабақ тақырыбы Бағаланатын құзыреттіліктер
Когнитивті (білім) Операционалды (тәжірибелік дағдылар) Аксилогиялық (комму-никативті дағдылар) Құқықтық (құқықтық компетен.) Үздіксіз оқыту және өзін жетілдіру
  Қоғамдық денсаулыққа кіріспе. Қоғамдық денсаулықтың зерттеу әдістемелері. Қоғамдық денсаулықтың құқықтық-ұйымдастырушылық негіздері Оқулықтармен және оқу құралдарымен жұмыс жасау, сұрақтар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды шешу     ҚР азаматтарының денсаулығын қорғаудағы құқықтық негіздерін анықтайтын заңнамалық актілердің негізгі ережелерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.   Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау
  Демографияның медициналық-әлеуметтік аспектілері. Репродуктивті денсаулық Оқулықтармен және оқу құралдарымен жұмыс жасау, сұрақтар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды шешу Жағдаяттық есептерді шешу. Демографиялық көрсеткіштерді есептеу және таллау әдістемесі     Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау
  Халық аурушылдығы. Халық денсаулығын кешенді бағалау Медициналық-статистикалық құжаттар Сұрақтар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды шешу Жағдаяттық есептерді шешу. Аурушылдық көрсеткіштерді есептеу және таллау әдістемесі Топта жұмыс істей білу; жағдаятты үлгілей білу.   Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау
  Жас-жыныстық топтардың денсаулығы: балалар мен жасөспірімдер, ересек топтар. Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру Оқулықтармен және оқу құралдарымен жұмыс жасау, сұрақтар бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды шешу       Студенттердің әр сабаққа дайындаған өзіндік жұмысын бақылау

* 1 кредитте студент өз таңдауымен СӨЖ бір тақырыбын, 2 кредитте СӨЖ екі тақырыбын орындайды.

*Бағаланатын құзыреттіліктер саны 9+1 аралық бақылау

 

Пәннің қорытынды рейтингі/бағасы 100 баллға тең.

Күнделікті бақылау:

- ауызша сұрау;

- жазбаша бақылау;

- тестілеу;

- жағдаяттық есептердің шешімін тексеру;

- ұсынылған рефераттар, баяндамалар, презентациялардың қорғауын бағалау.

Қорытынды бақылау: нәтижелерді кешенді бағалау:

- білімін күнделікті бақылау;

- тестілеу;

- ауызша әңгімелесу.

 

Студенттердің білімін бақылауды ауызша жүргізу технологиясы

Күнделікті бағалау t – біліктіліктің қалыптасуын бағалау деңгейі

t = (Z+N+K+P+S+R)/n мұнда

n – барлық біліктілік бойынша тапсырма саны

Z: z1+z2+…+zn - білімнің бағасы

N: n1+n2+…+nn - тәжірибелік дағдылар бағасы

K: k1+k2+…+kn - коммуникативті біліктіліктің бағасы

P: p1+p2+…+pn - құқықтық біліктіліктің бағасы

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бағасы

R-аралық бақылау

 

t – күнделікті бақылау = орта баға оқытудың бес біліктілігі бойынша: білім, тәжірибелік дағды, құқықтық біліктілік, коммуникативті біліктілік, өзін жетілдіру дағдыларына қатысты бағаланады.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Давление света | Білім - максималды 100 балл 1 страница
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 2508; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.067 сек.