КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Леция 9: основные направления организационно-экономического реформирования системы образования (продолжение)Ж. ДӘРІС № 9 ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ 1. Толеранттылыққа тәрбиелеудегі педагогикалық ұстанымдары 2. Толеранттылық тәрбие ережелері. 3. Қазіргі қоғамды дамытудағы толеранттылық; саясат, адам, құқықтары. 1. Толеранттылыққа тәрбиелеудегі педагогикалық ұстанымдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай елімізде интолеранттылық қылықтар көбеюде. Мәселен, біздің еліміздің кейбір қалаларында интолеранттылықтың ең ауыр түрі – терраризм көрініс алуда. Ұлтаралық қақтығыстардың шиеленісуінен туындап жатса, отбасында дау-дамайлар, суицид, балаларға, әйелдерге, т.б. Толеранттылық принциптеріне негізделген білімділікке айрықша көңіл бөлінуі қажет. Оқушының толерантты ақыл-есі өзінің ұлттық, халықтық мәдениетін уағыздай алу үрдісінде және басқа да этностар мен халықтардың мәдениетінің даму және жүру құқығын мойындау үрдісінде қалыптасады. Оның кең көлемде болуы балалардың біртекті этникалық ортада, мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде дамып және өсуіне тәуелді. Орта буыннан алатын болсақ – ол кіші жастағы оқушыларды мемлекеттік тілде тәрбиелеп, оқыту және «..өз мәдениетін терең білу – басқаларға қызығушылық қарым-қатынастың фундаментін қалыптастыру. Ал көптеген мәдениетпен танысу – рухани баю және даму негізі» делінген Қазақстан Республикасының этномәдениетті білімділік концепциясына негізделе отырып, мектептің іс-әрекетінің мақсаты анықталды: этнопедагогика және этнопсихология моральдарының негізінде дүниені тануға қабілетті адамгершілігі мол, рухани бай тұлға қалыптастыру. 1. өзгені түсіне білуді, 2. жақсылық жасауды, 3. өзара қарым-қатынастардың қоғамдық қабылданған нормаларының бағыту 4. бағдарларынан адаспау, дау-жанжалды бейбітшілік жолымен шешу. 5. біліктерін қалыптастыру, 6. баланың дамуына, білім мен дағдыға үйренту ықпалына әсер етуі,қажет. - әрбір оқушының қателікке және мектеп Жарғысының шекарасында жеке бас мінез-құлыққа құқығын мойындау;
Адамгершілікті, иманды, тәрбиелі адам – кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі. Осы мақсатта үкіметіміз мемлекеттік идеологиялық тұжырымдар жасады. - рухани,адамгершілік, - әлеуметтік –патриоттық. - әскери –патриоттық. - спорттық-патриотизмді дене спорты және дене шынықтыру сабақтары арқылы шыдамдылыққа, ерлікке, тәртіптілікке бағытталған. Бұл бағыт құқықтық мәдениет, заңгерлік, саяси және құқықтық өзгерістер,мемлекетпен қоғамдағы өзгерістер, заң орындау,қызмет ету арқылы ықпал етеді. Рухани адамгершілік және мәдени тарихи байланысқа бағытталған. 2. Толеранттылық тәрбие ережелері Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындауда. Өз өзіне қол жұмсауы. Толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы мектеп қабырғасында жетілуі, тәрбиенің негізгі құнарын бағыттау. Толеранттылық мәселесін зерттеп жүрген ғалымдар қатарына Ю.М.Политова, В.Г.Палаткина, Е.Ю.Клепцова, Н.М.Лебедева, Ф.М.Малхозова, А.В.Мудрик, Р.Р.Валитова, В.А.Лекторский, В.С.Кукушин, В.А.Перовскийлерді атауға болады. Отбасындағы толеранттылықты зерттеуге көп көңіл бөлген ғалымдар Л.В.Байбородова, О.С.Ковалева, М.И.Рожков, М.А.Ковальчук, Т.А.Куликова, М.А.Коренева және т.б. Толеранттылықтың жекелеген аспектілері қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне: Г.К.Искакова, М.А.Кучерова, П.И.Мамедова, Б.А.Тұрғынбаева, Ж.Наурызбай, К.Сүюнова, Қ.Қожахметова, Қ.Бөлеев т.б. толеранттылықты қалыптастырудың жалпы мәселелерін қарастырса, С.Әмірғазин еңбектерінде дінаралық толеранттылық мәселелерінің әр жақтары ашылған. Г.А.Уманов ұлтаралық қатынастар педагогикасының теориялық негіздерін қарастырды. Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта. М.И.Рожков пен М.А Ковальчук толеранттылыққа тәрбиелеуде оқушылармен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының сәтті шешу үшін ережелерін ұсынды. Отбасында толеранттылыққа тәрбиелеу ережелері; 1. педагог-психологқа субъектілік, 2. тепе-теңдік, 3. жекелеу, 4. рефлексивтік көзқарас, 5. толерантты орта жасау Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы орта да оқытушыда ықпалын тигізуінің түрлері; · Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, · балаға деген сүйіспеншілік, · баланы түсіну, · құрмет көрсету талап бірлігімен ұштасады. Мұндағы диктат, опека, «араласпау» интолеранттылықтың көрінісін байқататын ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас түрлері болса, ынтымақтастық керісінше толеранттылыққа тәрбиелеудің ең қолайлы қатынас түрі болып саналады. Толеранттылықты қалыптастыру күрделі үрдіс. Яғни тұлғаның толеранттылық деңгейін диагностакалаусыз оны қалыптастыру жұмысын жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан психолог түрлі әдістерді пайдалана отырып тұлға толеранттылығының қалыптасу деңгейін анықтап беруі шарт. қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, толеранттылыққа тәрбиелеуде ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату басты міндетке айналдыру бұл қоғам мүддесі. 3.Қазіргі қоғамды дамытудағы толеранттылық.; саясат, адам құқықтары. Ұлттық мектептерде енгізілген көптілді оқыту бағдарламасы түлектердің жоғары оқу орындарына түсу, толеранттылық сана-сезімді нығайту, оларды қоғамдық-саяси өмірге араластыру белсенділігін арттырады. Қоғамдық келісімді қамтамасыз ету туралы тиімді мемлекеттік саясатты іске асыру ақпараттық кеңістіктегі белсенді жұмысты талап етеді. Аталған бағытта жүйелі түрде 35 этностық газет, «Достық-Дружба», «Менің Елім» журналдары, ресми интернет-ресурс және облыстық әкімдіктер сайттарында арнайы беттер жұмыс істейді. Ақпараттық саладағы жұмысқа этномәдени бірлестік басшыларын, беделді ақсақалдарды, депутаттарды, белгілі қоғам қайраткерлерін, кәсіпкерлерді, шығармашылық зиялы қауым өкілдерін тарту арқылы Ассамблея қызметін кең түрде жариялау мүмкіндігі артты. Президент жолдауында ұсынған 10 бағыттың көпшілігі осы салаға арналып отырғанын айта кеткеніміз абзал. · сапалы білім беруді жақсарту, · ғылыми-инновациялық жұмыстардың өндіріспен байланысын жандандыра түсу, · жастардың жайлы баспанаға қолжетімділігін арттыру · тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі, · білім беру ісіндегі тәрбиенің рөлі · Білім жүйесін жаңғыртуда оқыту үдерісіне озық әдістеме мен технологияларды енгізу · әлемдік білім кеңістігіне еркін енуге болатындығын · халықаралық стандарттарға сай, · Назарбаев Университеті мен интеллектуалды мектептердегі озық тәжірибелерді қазақстандық білім беру жүйесіне кеңінен тарату. Білім беру ісіндегі тәрбиенің орны. ҰлыӘл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім қауіпті» деп айтқандай, білім беру ісі патриотизм, адамгершілік, ұлтаралық келісім, толеранттылық, рухани даму, заңға бағынушылық сияқты құндылықтармен байланыстырады.
Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 1039; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |