Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Йінді бетiн тегiстеу

Тема 6. Профессиональная пригодность и психологический отбор персонала

В тетрадях для самостоятельной работы студентам необходимо:

1. написать определения понятий: карьера, должность, индивидуальные свойства, индивидуальный стиль деятельности, профпригодность, работоспособность, функциональные состояния.

2. выбрать правильный вариант ответов из перечисленных ниже. Студентам следует из перечисленных определений выбрать то, которое характеризует «карьера»:

a) это совокупность специальностей;

b) это процессе развития профессиональных спососбностей;

c) успешное продвижение в области служебной, социальной, научной и другой деятельности; продвижение вверх по служебной лестнице.

3. заполните пробелы:

a) Эффективное развитие карьеры основано на ….

b) Мотивация карьеры включает в себя ….

4. ответьте на вопросы:

a) Что понимают под мотивацией карьеры?

b) Что понимают под карьерной концепцией?

 

Үйінділеу жұмыстары бiткеннен кейiн құнарлы топырақты төгу алдында үйінді бетi тегiстеледi де, үйінді беткейлерi кесiлiп еңiстетiледi. Осы жағдайда рекультивацияланатын үйінді беттерi мен беткейлерiнде ауыл және орман шаруашылық техникалары жұмыс iстеу мүмкіншiлiгi пайда болады, тағы да үйіндінiң ұзақ мерзiмде тұрақтылығы сақталып су эрозиясы әсер етпейтiн жағдай туады. Үйінді бетiнiң бедерiне және де оның келешекте қай бағытта рекультивациялануына байланысты тегiстеудiң мынадай әдiстерi қолданылады: тұтас, iшiнара және террасалап тегiстеу (15.6 сурет). Тұтас тегiстеу кезiнде үйінді бетi толық тегiстеледi. Дала дақылдарын өсiру үшін тұтас тегiстеуде үйінді бетiнiң еңiстiгi 10-тан аспайды (кейбiр жағдайда 2-30), ал ағаш егу үшін - 3-50 шамасында болуы керек.

 

 

15.6 сурет. Үйінді бетiн тұтас, iшiнара және террасалап тегiстеу

 

Iшiнара тегiстеуде үйінді бетiндегi қырқалар кесiлiп, енi 8-10м алаңдар жасалынады, сонда ағашты механикалындырылған әдiспен отырғызуға мүмкіншiлiк туады.

Террасалап тегiстеу кезiнде әр түрлі абсолют биiктiктегi тегiстелген алаңдар жасалынады. Мұнда көлденең еңiстiк жоғары биiктiкте орналасқан террасаға қарай 1-20 болуы тиiс.

Үйінді бетiн тегiстеу мен беткейiн кесiп еңiстету жұмыстары үйінді үю барысында жасалынғаны жөн (22.7 сурет). Тау жыныстарды үйіндінiң бiрiншi қабатына үйіп бола салысымен беткейiн кесiп, жобадағы қабылданған бұрыш шамасына дейiн еңiстеткен дұрыс. Осыдан кейiн үйіндінiң шөгу процесi тоқталған соң рекультивация жұмыстары одан әрi жүргізiле берiледi.

 

 

15.7- сурет. Үйінділеу кезiндегi бiр мезгiлде қөғалдандыру схемасы

Үйінді беткейлерiн кесiп еңiстету схемалары

 

Үйінді беткейiн халық шаруашылығында пайдалану үшін, оның тұрақтылығы мен жел, су эрозиясына шыдамдылығын арттыру мақсатымен ол кесiп еңiстетiледi және терассаланады. (15.8-сурет).

 

15.8- сурет. Үйінді ернеуiн кесiп еңiстету технологиялық схемасы

 

Беткейдi кесiп еңiстету жұмыстар көлемi:

бiр қабатты үйіндіде

 

Vк, м3 (15.3)

 

бiрнеше қабатты үйіндіде

 

Vк= , м3 (15.4)

 

мұндағы К­беткейдi кесiп еңiстету коэффициентi (жоғарыдан төмен қарай кесiп еңiстеткенде к =0,125, ал төменнен жоғарыға - к=0,5); h-үйінді қабатының биiктiгi, м; a1-беткейдiң кесiп еңiстетiлгеннен кейiнгi бұрышы, град; a=табиғи беткейдiң бұрышы, град.; Р­үйінді периметрi, м; n-үйіндінiң қабаттар саны.

Үйінді беткейiн кесiп еңiстету екi әдiспен орындалуы мүмкін: жоғарыдан төмен қарай кесiп еңiстеткенде тау жыныстары беткейдiң жоғарғы жиегiнен төменгi жиегiне бульдозер немесе экскаватормен жылжытылады (15.9-сурет). Бұл кезде үйіндіге арналған жер көлемi көбейетiн болады. Егерде беткейдi жоғарыдан төмен қарай кесiп еңiстету мүмкіншiлiгi болмаса, онда еңiстету төменнен жоғары қарай жүргізiледi.

15.9- сурет. Үйінді беткейiн электробульдозермен және бульдозермен кесiп еңiстету:

1-элктробульдозер; 2-тарту құрылғысы; 3-якорь

 

Үйінділердiң дамуының ықтимал схемалары

Үйінді алаңының толтырылуы бiр кезеңдi және көп кезеңдi (15.10 сурет), ал үйіндіде жұмыс жасау биiктiгi - тұрақты және өзгергiш болуы мүмкін. ¶Үйіндінiң планда дамуының мынадай бағыттары бар: бiр жақты бойлай және көлденең, екi жақты бойлай және көлденең, верлi, орталықты, шеттiк.

Үйінділердi осылайша жiктеу жердiң бұзылу және рекультивациялау тәртiбiн айтарлықтай сипаттайды. Үйінділер еңкiштеу жерлерде орналасқанда үйінді үюдiң бастапқы кезеңiнде жердiң бұзылуы жоғары қарқынды болады. Үйінді дамыған сайын оның биiктiгi өседi де, үйінділеу жұмыстарының жер сыйымдылығы­азаяды. Жазық немесе аз ойлы­қырлы жерлерде үйінді үю кезiнде жұмыс зонасының биiктiгi тұрақты болған жағдайда жер бұзылу тәртiбi бiрқалыпты болады.

Үйінді алаңын көп кезеңдi жолмен толтыру кезiнде жердiң бұзылуы мен рекультивациялау тәртiбiн реттеу мүмкіншiлiгi туады. Үйінді алаңын учаскелерге бөлген уақытта үйінді үюдiң бастапқы кезеңiн ең аз жерсыйымдылықты болуына тырысу керек. Жерсыйымдылығы жоғары жерлер ең соңында үйілуi тиiс. Әрбiр нақты жағдайда үйіндінiң бiр кезеңнен екiншi кезеңге өтуi және олардың саны техникалық-экономикалық есептеулермен дәлелденуi керек.

Үйiлетiн тау жыныстар көлемi бiрдей болған жағдайда едәуiр жерде үйілген үйіндінiң жерсыйымдылығы бытыраңқы үйінділермен салыстырғанда аз болады.

Мысалы ұш үйіндіге 40м биiктiкпен 150 млн.м3­тан тау жыныстарын биiктiгiн өзгертпей бiр ғана үйіндіге үйетін болсақ, үйінді үшін 40га жер көлемi аз керек болады. Сондықтан барлық уақытта көлемдi үйінді жасау ашық кен жұмыстарын жүргізу кезiнде жердiң бұзылуын азайту жағынан өте тиiмдi.

Үйіндінiң барлық қабаттарын бiр мезгiлде толтырған кезде үйіндідегi рекультивация жұмыстарының басталу ұзақтығы үйіндінiң параметрлерiне және ең алғашқы үйінділердiң тәртiбiне байланысты. Ең алғашқы үйінділеудi жобадағы үйінді биiктiгiмен бiрдей салғанда (15.11 сурет) рекультивация басталу ұзақтығы мына формуламен анықталады.

 

t у= tа+ tф+ tш, (15.5)

 

мұндағы tа- алғашқы үйінділеу мерзiмi; tф- үйіндінiң жоғарғы қабатында рекультивация жұмыстарын жүргізуге қажеттi алаңды дайындау мерзiмi; tш- үйіндінiң шөгу мерзiмi.

15.10 сурет. Үйінді көпкезеңдi қалыптастыру схемасы:

а, б, в, г, д, е, з – варианттар; I, II, III ­ толтыру тiзбегi

15.11 сурет. Екiқабатты үйіндінi қабаттарды бiр мезгiлде қалыптастыру схемалары:

а ­алғашқы үйменi үйінді биiктiгiне дейiн үйгенде; б ­алғашқы үйменi қабаттап үйгенде

Сөйтiп үйіндінiң барлық қабаттарын бiр мезгiлде тау жыныстарымен толтырғанда топырақ қоймаларын жасау қажеттiлiгi азаяды. Құнарлы топырақтар мен жарамдылығы шамалы тау жыныстарын үйіндінiң беттерi мен беткейлерiне бiрден тасымалдап төгудiң мүмкіншiлiгi туады. Сонда тау жыныстарды үйіндіге сұрыптап төгуге жағдай жасалынады және де үйінділеуге жердi бөлу мен оны рекультивациялап ауыл шаруашылығына қайтару мерзiмi қысқарады.

 

Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көмiп тастау технологиясы

Минералдық шикiзаттарды ашық әдiспен өндiруде бұзылатын жер көлемiн мүмкіндiгiнше азайтудың бiр жолы ­ карьердiң қазылған кеңiстiгiн аршыма тау жыныстарымен толтыру болып табылады. Үйінділеу жұмыстарын барынша жеңiлдету және тау жыныстарын тасымалдауға аз шығын жұмсау үшін карьердi тау жыныстарымен толтыруды жер бетiнен қазылған тереңдiкке дейiн жүргізген қолайлы. Алайда осындай технологиялық схеманың қолданылуы толтырылатын карьердiң тереңдiгi мен үйінділетiн тау жыныстарының физикалық­механикалық қасиеттерiне байланысты болады. Егерде үйіндінiң орнықты қабатының биiктiгi карьердiң тереңдiгiне тең болса, онда карьер бiр кемерден толтырылады. Карьердiң тереңдiгi қабаттың орнықты биiктiгiнен көп болған жағдайда, iшкi үйіндінi қалыптастыру орнықтылық жағынан барынша биiк кемерлермен жасалынады.

Тереңiрек, үйінді кемерлерi жылдамырақ жылжитын және жоғарғы алаңында ауыр тау­кен көлiк жабдықтары орналасқан жұмыс iстеп тұрған карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырған кезде, жұмыс қауiпсiздiгi сақталуы үшін және орнықтылық коэффициентiнiң молдығын көбейту мақсатымен iшкi үйіндінiң төменгi жағынан тау жыныстарының жылжуына кедергi болатын тiреуiштер жасау керек. Бұл жағдай iшкi үйіндінiң төменгi жиегiнiң карьердiң қарама­қарсы кемерiне тiрелуiмен немесе арнайы қатты тау жыныстарынан төгiлген призмамен қамтамасыз етiледi.

Iшкi үйіндінiң табанындағы тiреуiш призмалар автокөлiктермен тасымалданылған қатты тау жыныстарынан бульдозермен жасалынады. Олардың енi үйінді тiлмесiнiң енiне сәйкес болуы керек. Кейбiр жағдайда осы призмалар бiр­бiрiне жақын 3-не одан да көп автокөлiктен төгiлген тау жыныстары конустарынан да құрылады.

Ашық кеннiң қазылған кеңiстiгiн қалпына келтiрудiң ең жалпы шешiмi оны тау жыныстарымен толтырып көмiп тастау болып табылады. Карьердi жер бетiне дейiн тау жыныстарымен толтырғанда оны ауыл шаруашылығында пайдалану мүмкінiшiлiгi туады. Ол үшін оның бетiне құнарлы топырақ төгiлуi тиiс.

Терең карьердi толтырып көмiп тастау технологиясы (1.12 сурет) тау жыныстарын төменнен жоғары қарай үйінділеп, барлық үйінді қабаттарын бiр мезгiлде қалыптастыруды қамтиды.

 

15.12 сурет. Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көму технологиясы

 

Үйінді қабаттарының үйілу бағыты карьер кемерiнiң қарама­қарсы жақтарынан карьер алаңының ортасына қарай дамиды, бұл кезде әрбiр келесi қабаттың биiктiгi бұрынғы қабаттан артығырақ болып отырады. Карьердi толтырып көмудiң жүйелiлiгi схемада көрсетiлген.

Карьердiң қазылған кеңiстiгiн толтырып көму ең негiзгi шара болып табылады, өйткенi ол кен орнын ашық әдiспен игергенде жер қорларын тиiмдi пайдалануға мүмкіндiк туғызып қана қоймай, тағы да пайдалы қазындыны қазуға кететiн шығындарды кемiтедi. Терең карьерлердiң қазылған кеңiстiгiнде тау жыныстарын жайғастыру жүк тасымалдау қашықтығын азайтып және сыртқы үйінділермен жер бұзылуын болдыртпайды. Осыған орай бiр­бiрiне жақын орналасқан кендердi игерудiң ретiн шешу қажет, өйткенi оларды бiр мезгiлде игеру экономикалық жағынан тиiмсiз. Мұнда карьердiң игерiлген кеңiстiгiн келесi карьердiң аршыма тау жыныстарын үю үшін пайдалану мүмкіндiгi туады. Бұл мәселенi шешу кен орнын игерудiң тиiмдi вариантын таңдауға әсер ететiн барлық факторларды ескере отырып, нақты жағдай үшін техникалық-экономикалық есеп жүргізудi талап етедi.

Әдебиеттер: 1 нег.[ 132-157]

Бақылау сұрақтары:

1. Үйінділерді кен-технологиялық рекультивациялаудың ерекшеліктері және есептері;

2. Тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді биологиялық рекультивациялаудың мәні.

3. Рекультивациялық жұмыстардың түрлерi

4. Бұзылған жерлердi қалпына келтiруге қолданылатын бағыттар

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тема 5. Профессиональная пригодность и психологический отбор персонала | Теоретическая часть. Тема: Расчёт предотвращённого ущерба от отработанных газов судовых энергетических установок (СЭУ) при работе на разных видах топлив
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 796; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.04 сек.