Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Фонд оценочных средств 2 страница




V2 Өз басыңқысына тек тұлғалық жағынан тәуелді болатын құрмаластар:
  мезгілдес сабақтас
  себеп бағыныңқы сабақтас
  мақсат бағыныңқы
  амал бағыныңқы
  салыстырмалы сабақтас
  үлестес сабақтас
V2 Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем:
  Үздіксіз жауын жауғандықтан, күн де суып кетті.
  Үздіксіз жауын жауып, күн суып кетті.
  Үздіксіз жауын жауғалы, күн суып кетті.
  Үздіксіз жауын жауса, күн суйды.
  Үздіксіз жауын жауды, әрі күн суып кетті.
  үздіксіз жауын жауған соң, күн суыды.
V2 Көсемшенің -ып, формасы арқылы құрмаласқансебеп бағыныңқылы сабақтастар:
  Тұла бойы түршігіп, денесі бір жылымады.
  Көп бастар шұлғысып, көп сақалдар шошаңдасып қалды.
  Ауылдың жанынан өтіп бара жатып, бақытты балалығым есіме оралды.
  Биыл қар ерте түсіп, егіннің біразын жинап үлгермедік.
  Ол жолда көрген қызықтарын айта отырып, өзі де күліп, бізді де күлдіреді.
  Ауыздарың айтып, арттарың көтерілмейді.
V2 Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем:
  Аяғының сырқырағаны басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырды.
  Күннің ыстық лебі қайтып, кешкі самал жан сергітеді.
  Мал жайғап алмай, ауыл адамдары кешкі асқа отырмайды.
  Мені үнемі есіңе алып хат жазып тұрғаның үшін, рахмет саған!
  Жаңбыр біресе сіркіреп тұрып алады, енді бірде баданадай тамшылар тарсылдай жөнеледі.
  Астық ысырап болмау үшін, совхоз барлық мүмкіндікті жасады.
V2 Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем:
  Қос басына бір май тасыған машинамен келіп түскенімде, күн дәл түстікке тірелген еді.
  Бұл адамды алғашқы кезде ұнатпағаныммен, тілдесе келе тәуір көріп кеттім.
  Шойынқұлақпен бірге істейтін боласың, оның кезектесі жоқ.
  Бір жерің ұнамады бар ғой, айтпады деме, қуып жіберемін.
  Біраз ұзаған соң артыма қарасам, анау сол орында әлі тұр.
  Түннің бір уағы болса да, ұйқым келмеді.
V2 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас:
  Қалжырағанымды сезбеуге қанша тырыссам да, таң атуға екі-үш сағат қалғанда көзім еріксіз жұмыла берді.
  Жан-жағыма көз салсам, айдалып жатқан жер көрінбеді.
  Ұйқы басып әлде қайда лағып кеткенімді сонда ғана ұғып, жүрегім кеудемнен атып шығатындай тарсылдап сала берді.
  Оның әлденеше рет ұрыса айтқан сөзіне тіл қатпап едім, ол сабасына қайта түсе бастады.
  Мен трактордан түстім де үн-түнсіз жүріп кеттім.
  Қос басына мен жеткенде, таң қылаң бере бастады.
V2 Сабақтас құрмалас сөйлем:
  Киімдерінің көпшілігі қысқарып қалып, туыстарының өзінен кіші балаларына кетті.
  Поштаның жабылып қалғаны да жаман болды, өйтпегенде дүрбіні сол арқылы жібере салар еді.
  Сиырдың соңынан еріп, үйге қайтып келе жатып, Бәдиша кепірдің терезесіне көзі түсті.
  Ақырын байқап қарап еді, аржағында күбірлесіп, күйбеңдеген адамдар көрінді.
  Көңіліне күдік кіргені сол, жүрегі мұздап кетті.
  «Кемпірдің немересі аман ба екен?»- деген ой қатты мазалады.
V2 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем:
  Ауылда он жылдық болмаған соң, Манас аудандағы мектепке қатынап оқыды.
  Әрнеге айналысам деп, бүгін ауылға кештеу қайтқан.
  Қыз отырған соң, жігіт жүрісін кәдімгідей жылдамдатты.
  Ауыл сыртындағы бас арыққа келді де, екеуі велосипедтен түсті.
  Манап бастырмалатып бар жатқан соң, Сара су жағасынан жалт бере қашты.
  Жампейістің үйіне барсам, Абылайдан басқа жан жоқ.

 

V2 Келер шақ көсемше формалы (-а, -е, й) етістіктің қатысуымен құралған қарсылықты сабақтас сөйлемдер:
  Әңгіме қыза келе, Елемес маған қарай жылжи түсті.
  Ұлжан қақпадан шығып үлгермей, Шолпан кірді.
  Өдек күйеуіне ақылдаспай, өзі басқарып кетті.
  Жел айдаған өрт бой бермей, ауыл көк түтінге оранды.
  Су тезек жөнді жанбай, үй түске дейін жылынбады.
  Жандары шағын бола тұра, ағайынды екі үй астарын бөлек ішеді.
  Биыл сөзім жерде қалмай, ісім оңға басты.

 

V2 Шартты рай формалы (-са) етістіктің қатысуымен құралған мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемдер:
  Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
  Жас келді десе, балалар бүлдіргенді аңдиды.
  Өзім реттеп бермесем, қолы бос ешкім жоқ.
  Жем сұрасам, шөп жіберіпті.
  Інім болсаң да, айтайын.
  Осыдан бірдеңе білейін деп келсем, кетіп қалыпты.

 

V2 Өткен шақ (-ған) қатысуымен құралған қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемдер:
  Колхоздардың алғаш ұйымдасқанда, алдымен кірген мен емес пе ем?
  Оны жібергенде, сендерді түтіп жейтін еді.
  Сұлтанның қолы жаман мәстекке жеткенде, көршісінің мінгені – «Волга».
  Алшынбай сөйлегеннен, қасқа бас тілмаш аудара бастады.
  Қимыл-қозғалысы шабандау тартқанымен, түсі суық.
  Құнанбай күлгенге, үй-ішіндегі әйелдер де күлді.

 

V2 Қимыл есімі (-у, -ыс) қатысуымен құралған сабақтас құрмалас сөйлемдер:
  Күн шығысымен, бұлт ыдырай бастады.
  Сұлтанмахмұт ертеңгі шайын ішіп болысымен, Ыдырыс қожаныкіне келді.
  Абай Дәркембайдың құшағынан шығысымен өзге екеуді енді таныды
  Азап вагонындағы халді айтудан бұрын, қызыл лагері жайлы біраз сөз айтып өтейін.
  Су тегіс жайылу үшін, сушы оны шелдеп жүргізді.
  Айналаны анықтау үшін, мата қалын қарадық.
  Баласына жақсы білім беру үшін не істемеді?

 

V2 –атын формалы есімшенің қатысуымен құралған сабақтас құрмалас сөйлемдер:
  Апам төркініне баратынында ұзақ дайындалатын.
  Оның келетіні төркіні үшін үлкен мереке еді.
  Сол жазда үй тұрғызатынымда, інім келді.
  Елге жаңалық әкелетін де, оны талқылайтын да патшаның өзі.
  Мен ән айтатынмын да, ағам гармонмен сүйемелдейтін.
  Жігіттер әскерге алынатында, бәріміз бір жиналып едік.
  Әжем немересі келетініне жүрегі жарыла қуанды.

 

V2 –ған формалы есімшенің қатысуымен құралған сабақтас құрамалас сөйлемдер:
  Ербол мен Тоғжанның көріскенін көргенде, қуанды.
  Майданда кездескенде, одан қатаң адамды көрмейсің.
  Әкем отырғанда, бәрі тып-тыныш бола қалды.
  Балалары тып-тыныш отырғанға анам мәз.
  Тамаққа отырғаны сол екен, біреу есік қақты.
  Жүгіріп барып ашқанында, ешкімді көре алмады.
  Біз тыңдауға ынтық болғанмен, ол сыр ашпады.

 

V2 Себептес сабақтас құрмаластар:
  Бұл жігіттерді бөгей алмасын сезініп, олар да ас үйге қарай кетті.
  Алақанына бір ыстық леп тыз етіп өтіп, өн бойын шарпып өткендей болды.
  Жұқа жібектей көгілдір аспанда кең орай қалықтап, жалғыз қара бүркіт жүр.
  Жау жағының өсек аяңы бола ма деп, болыс Бақтығұлды кеңсе қызметіне алған жоқ.
  Шай қойлып, ет асылып жатыр.
  Арада екі-үш күн өтпей жатып, аңшы досы шатырға тағы келді.
  Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғады.
  Енді біразда Жұманның көптен күткен қазаны түсіріліп, жұрт асқа әзірлене бастады.

 

V2 Амал бағыныңқы сабақтас сөйлемдер.
  Аспанды тұтас жапқан бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады.
  Оспан ауылына тағы да бата оқыршы көп келіп, алғашқы он күн ұдайы қонақ күтумен өткен.
  Залда шам сөніп, шымылдық ашылды.
  Есік шалқасынан ашылып, бір топ адам сау етіп кіріп келді.
  Қоңыраулары шылдырап, үлкен күймелер лек-легімен келді.
  Абай қасына он шақты кісі ертіп, Қарамолаға аттанбақ.
  Маған Кәкітайды итере түсіп, өзі соның артын ала жүгірді.
  Күз тым жауынды болып, шаруалар шөптерін мезгілінде жиып ала алмады.

 

V2 Үлестес (мезгілдес) сабақтас сөйлемдер:
  А) Махмұт Тоқашты іздеп, екеуі ертеңіне ревкомға барды
  В) Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті.
  С) Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді.
  Д) Бір үйлерде күй тартылып, енді бір үйлерде ән айтылып жатыр.
  Е) Мырс етіп күліп жібере жаздап, әрең шыдап отыр.
  F) Баласының қолынан етікті алып, есікке қарай лақтырып жіберді.
  G) Сол ертегілерді тыңдай отырып, мен ұйықтап қалам.
  Н) Өңі тершіп, сығыр көздері жұмылып кетіпті.

 

V2 Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер:
  Күлтай болыс болады деп, ешкім ойлаған да жоқ.
  Хабар келіп қала ма деп, күн сайын күтеді.
  Жұрт өсектеп жүрер деп, хатшыны үйінің маңына жолатпады.
  Оқығандарым есте қалсын деп, қайталап жатырмын.
  Біреу артымнан іздеп келді ме деп, Дәмеш күнде есікке алаңдады.
  Оспан осында келеді деп, біз де асығып жеттік.
  Сол өсек өрттей қаулап кетеді деп, біз де ойламадық.
  Киімім жұпыны деп, той-томалаққа да бармайды.

 

V2 Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер:
  Ауылдары алыс болған соң, олар бір-біріне сирек баратын.
  Базаралы келген соң, істің тергеуі басталып кетті.
  Журналисттер келген соң, пікір алысу, сұрақ-жауап басталды.
  Мәди үндемеген соң, журналисттің сұрағына, Әзиза жауап берді.
  Бәрібір айтатын болған соң, қазір айтпайсың ба?
  Келгендер мән-жайды түсіндірген соң, үйге кірдік.
  Жел басылған соң, жаңбыр тамшылай бастады.
  Хабар алған соң, бармай бола ма?

 

V2 Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер:
  А) Әкем келмей, бәріміз іштей қорқып отырдық.
  В) Әкем келмей, ешкім дастарханға қол салмайды.
  С) Жылқыларды әкемді күтпей-ақ арқандап келдім.
  Д) Алған қарызын уақытында қайтармай, ол енді ешкімнен ақша ала-алмады.
  Е) Сөз бұйдаға сала бермей, осы істі тезірек шешейік.
  F) Ол бұл сұраққа не дерін білмей, күмілжіп қалды.
  G) Жолақысын алдын-ала төлемей, машинам бір адым да қозғалмайды.
  Н) Сәулетшінің жобасы еш жерге қабылданбай, талай жердің табалдырығын тоздырды.

 

V2 Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшеліктері:
  бірінші компонент баяндауышы –са формасында, екінші компонент баяндауышы келер шақ формасында
  бірінші компонент баяндауышы –са формасында, екінші компонент баяндауышы осы шақ формасында
  бірінші компонент баяндауышы –са формасында, екінші компонент баяндауышы өткен шақ формасында
  бірінші компонент баяндауышы болымсыз етістіктің –й формасында, екінші компонент баяндауышы келер шақ формасында
  бірінші компонент баяндауышы болымсыз етістік формасы, екінші компонент баяндауышы осы шақ формасында
  бірінші компонент баяндауышы болымсыз етістіктің -й формасында, екінші компонент баяндауышы болымсыз етістіктің өткен шақ формасында
  бірінші компонент баяндауышы бұйрық рай формасында, екінші компоненті келер шақ формасында
  бірінші компонент келер шақ формасында, екінші компонент бұйрық райдың өткен шақ формасында

 

V2 Екі түрлі аталып жүрген, бірақ бір мағыналы қатынасты білдіретін сабақтас құрмаластар:
  Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
  Шартты бағыныңқылы сабақтас
  Себеп бағыныңқылы сабақтас
  Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
  Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
  Салыстырмалы сабақтас
  Мақсат бағыныңқылы сабақтас
  Амал бағыныңқылы сабақтас

 

V2 Сатылы көп бағыныңқы сабақтас құрмаластар:
  Арбадағы сабан шашылса да, құлып жоғалса да, мал қорадағы есіктердің бір топсасы шығып кетсе де, қатты кейиді.
  Қазақ аулына барғанда, көмір бар ма, күміс бар ма деп, сұрай бастасаң, қауіптеніп бастарын шайқайды.
  Сол қызу өрлеген сайын, сандырақ молайып, көбінше есін білмей жатты.
  Нағима шошыған кісідей ұйқысынан оянғанда, қараңғы түнді таң жарығы жеңіп, терезе бозара бастап еді.
  Кеш батып, үй іші қараңғы болса да, Ділдә от жақпапты.
V2 Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер:
  Шынға келсең, мен айтайын, Балағаз тиылмайтын болса, ендігі отқа сен күйерсің.
  Олар үнсіз ғана орындарынан тұрды, біз үнсіз ғана арбаға міндік те, ауылға бірге қайттық.
  Қазір де алакөлекеңде кәрі әжесі байқап отыр: ән тоқтай қалса, кішкентай қыз қарақаттай қап-қара көздерін ашып алады.
  Күн кешке айналып бара жатқан кез еді, дала әлі де жарық, желсіз түнгі жаз даласын білесің ғой, қандай керемет!
  Сол қауіппен бойымды жинақырақ ұстадым да, атымды тыныстатайын деп, тізгінін тежеңкіреп, қалтамдағы орамалыммен екі көзін сүрттім.
V2 Көп компонентті құрмалас сөйлемдер:
  Рая мендегі өзгерісті байқап, қас арасы қыртыстана қалды да, жол бұрылып кетті.
  Суықтап қаласың ғой, кабинаның әйнегін көтеріп қояйық.
  Қылмысты нәпсі істесе, шындықты жүрек істейді.
  Адам ағаттық істегенде, сағы сынып, одан әрі былғана береді немесе болаттай суырылып қатесін қайтсе де түзейді.
  Осы екі жол іштей егескенде, есім ауып-ауып кете жаздайды.
V2 Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер:
  Бұл Құнанбай баласында алтын да көп, атта көп, ас та көп.
  Көзінен жас парлап, иегі иегіне тимей сақылдап, тұла бойы қалтырап барады.
  Шалқар деген кең төскей, мол жайлау құлпырып тұр екен.
  Өзені тұнық, бұлағы тастай суық, көгалы ұшан-теңіз, ұзыны мен көлденеңі бірдей, құнан шаптырымдай.
  Тау басына бүркітін алып Тұрғанбай жеткенше, Баймағамбет қорым тасты қағуға кіріспей, бір орнында жым-жырт шыдап, Қарашолақтың томағасы тартылғанын тосып тұр екен.
V2 Аралас құрмаласты сөйлемдер:
  Әліде қала ішінде қоштасатын жерлеріміз көп сияқты еді, ол баяғы басқа күндердің елесі екен, енді ешнәрсеге мойнымыз бұрылар емес.
  Мал-жан көп, бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғанмен, әлі жаңа қыстау сала алмай, ескілеу тар қораға сия алмай, күннің көзі жылынысымен киіз үйге шықғыпты.
  Мына үйлер «там» десе дерлік үйлер екен: бәрі балшықтан соғылған тапалтақ, әйнектері кішкене, төбелері жайпақ.
  Үстің шаң дегем жоқ, шаң құшағына кіріп кеттім, шеше қуанышы сол да.
  Ералин жуынып шықты, сосын қорасына ойлы көзбен қарап тұрғанда, есіктен басын ғана қылтитып, қарт анасы шықты.
V2 Абай ақырын сәлем беріп, жасаулы отауға кіргенде, аққұба жеңге төсек жанында тұр екен де, Тоғжан жерде көрпе үстінде отыр екен. Сөйлем:
  үш компонентті
  төрт компонентті
  көп басыңқылы сабақтас
  көп бағыныңқылы сабақтас
  көп құрамды салалас
  аралас құрмалас

 

V2 Шалбары қара санына дейін су болыпты, сыртына шөп-шалам, балдыр жабысқан, ал аяғының басын көкшіл лай қаптаған. Сөйлем:
  төрт компонентті
  үш компонентті
  көп құрамды салалас
  көп басыңқылы сабақтас
  көп бағыныңқылы сабақтас
  аралас құрмалас

 

V2 Көзінен жас парлап, иегі иегіне тимей сақылдап, тұла бойы қалтырап барады. Сөйлем:
  көп құрамды салалас
  көп басыңқылы сабақтас
  көп бағыныңқылы сабақтас
  аралас құрмалас
  бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
  әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан

 

V2 Мәлике бұдан көз алмай үнсіз қарап тұрды да, кенет екі бетінің ұшына түймедей тамшы қызыл шеңбер пайда болып, ол тез арада жайыла бастады. Сөйлем:
  бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
  әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
  көп құрамды салалас
  көп басыңқылы сабақтас
  көп бағыныңқылы сабақтас
  аралас құрмалас

 

V2 Сәдір өзі ат үстінде, найзалы қолында, қасында Есеней жіберген Кенжетай бар. Ол да салт. Сөйлем:
  аралас құрмалас
  көп құрамды салалас
  көп басыңқылы сабақтас
  көп бағыныңқылы сабақтас
  бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
  әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
V2 Үй маңында басқа байлық көрінбейді, қоңыр үйдің төменгі жағына киіз жетпеген соң, туырлық орнына ши ұстап қойыпты. Сөйлем:
  бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
  әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
  компоненттері себептесе, себептесе құрмаласқан
  компоненттері ыңғайласа, себептесе құрмаласқан
  көп құрамды салалас
  көп бағыныңқылы сабақтас
  көп басыңқылы сабақтас

 

V2 Сенің беделің бар, жолдастарың сөзіңді жерге тастамайды, Бибіханның жайын әріптестерің күні бұрын құлаққағыс қып қойсаң қайтеді? Сөйлем:
  көп құрамды салалас
  көп басыңқылы сабақтас
  көп бағыныңқылы сабақтас
  аралас құрмалас
  компоненттері ыңғайласа, себептесе құрмаласқан
  компоненттері себептесе, себептесе құрмаласқан
  бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан

 

V2 Күн еңкейіп, кешкі жел суытыңқырап, ол көде түптерін жұлқылай бастады. Сөйлем:
  көп басыңқылы сабақтас
  көп бағыныңқылы сабақтас
  көп құрамды салалас құрмалас
  аралас құрмалас
  жарыспалы байланысқан
  сатылай байланысқан
  әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан

 

V2 Көп күліп жатқанда, біреу сазарып отырса, оның жаны жұмбақ қой. Сөйлем:
  көп құрамды салалас
  көп басыңқылы сабақтас
  көп бағыныңқылы сабақтас
  аралас құрмалас
  жарыспалы байланысқан
  сатылай байланысқан
  бір ыңғайлас қатынаста құрмаласқан

 

V2 Қартқожа қайтып келсе, бір топ жігіт жиналып, ортасында біреу ән шырқап жатыр екен. Сөйлем:
  көп құрамды салалас
  көп басыңқылы сабақтас
  көп бағыныңқылы сабақтас
  аралас құрмалас
  компоненттері шарттаса (0-2), мезгілдесе (2-3) құрмаласқан
  компоненттері мезгіл мәнінде (0-2), амалдық (2-3) қатынаста құрмаласқан
  компоненттері шарттаса (0-2), амалдық (2-3) қатынаста құрмаласқан

 

V2 Дуылдаған той басталып, жақсы тілек білдірген талай тостар айтылып, тамақ ішіліп, енді ойын-сауық пен биге кезек келгенде, Әсет бой жазып, салқындап қайту үшін тысқа шықты. Сөйлем:
  бес компоненттен құралған
  алты компоненттен құралған
  алғашқы компоненттер қимыл-сын, соңғылар мезгілдік қатынаста құралған
  алғашқы компоненттер мезгілдес, соңғының мезгілін білдіру қатынасында құралған
  көп компонентті салалас
  көп басыңқылы сабақтас
  аралас құрмалас

 

V2 Көп құрамды салалас сөйлем белгілері:
  предикаттық бөліктері тек тиянақты
  предикаттық бөліктері тиянақсыз, тиянақсыз, тиянақты
  предикаттық бөліктері тиянақты, тиянақсыз, тиянақты
  предикаттық бөліктері тиянақсыз, тиянақты, тиянақты
  компоненттері бір ыңғайлас немесе әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
  компоненттері жарыспалы немесе сатылай байланысқан
  компоненттер саны үш немесе одан да көп
  әр предикаттың өз субъектісі қатысады

 

V2 Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем белгілері:
  предикаттық бөліктері тек тиянақты
  предикаттық бөліктері тиянақсыз, тиянақсыз, тиянақты
  предикаттық белгілері тиянақты, тиянақсыз, тиянақты
  предикаттық белгілері тиянақсыз, тиянақты, тиянақты
  компоненттері бір ыңғайлас немесе әр ыңғайлас қатынаста құрмаласқан
  компоненттері жарыспалы немесе сатылай байланысады
  әр предикаттың өз субъектісі мен предикаты болады
  компоненттер саны үш және одан да көп болады

 

V2 Көп басыңқылы сабақтас сөйлем белгісі:
  предикаттық бөліктері тек тиянақты
  предикаттық бөліктері тиянақсыз, тиянақсыз, тиянақты
  предикаттық белгілері тиянақсыз, тиянақты, тиянақты
  предикаттық белгілері тиянақты, тиянақсыз, тиянақты
  компоненттері соңғы компонентпен жарыспалы байланысады
  компоненттері соңғы компонентпен сатылай байланысады
  компоненттер саны үш және одан да көп болады
  компоненттер арасындағы мағыналық қатынас түрлі-түрлі
V2 Аралас құрмалас сөйлем белгілері:
  предикаттық бөліктері тек тиянақты
  предикаттық бөліктері тиянақсыз, тиянақсыз, тиянақты
  предикаттық белгілері тиянақсыз, тиянақты, тиянақты
  предикаттық белгілері тиянақты, тиянақсыз, тиянақты
  компоненттері соңғы компонентпен сатылай байланысады
  компоненттері соңғы компонентпен жарыспалы байланысады
  компоненттер саны үш және одан да көп болады
  компоненттер арасындағы мағыналық қатынас әр түрлі

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 425; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.046 сек.