Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Алай жылыну керек 5 страница




Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.


 

Табиғатқа шығар кезде
Жыланның шағуы Сыртқы көрінісі Алғашқы көмек
Шаққан кезде жақын орналасқан екі жара, қастарындағы майда жара және ұлы емес тістердің ізі қалады Кез келген жыланның шағуынан кейін удың қанға кетпеуіне шара қолдану керек. Уды тез арада сорып, түкіріп тастау қаже. Бұл 10-15 минут бойында жалғасады. Зардап шегушіге тыныштық жағдайын жасаңыз. Шаққан кезде қолды жұмулы қалыпта ұстаңыз. Аяқты шаққан кезде бірінші аяқты келесісіне таңып тастаңыз. Сұйықтықты жиі ішіп (шәй, минералды немесе күнделікті су), ауруды бәсеңдететін бір-екі дәрі ішу қажет. Таңу құралын шаққан жерден жоғары тағуға болмайды, тек қана шаққан жерді таңып немесе кесіп, отпен күйдіру қажет.
Кененің шағуы Кене теріге еніп, оның сілекейі денені салдандырып тастайтын қасиетке ие, сондықтан оны тез анықтауға болады. Терінің нәзік жерлеріне тексеру жасау керек. Кененің сорған жерін келесі жолдармен жояға болады: кененің арқасына кез келген өсімдік майының тамшысын тамызады, одан кейін ақырын қысқашпен қасып, жай қозғалтып алып тастайды. Қысқаш болмаған жағдайда, жай жіпті алап, адамның денесі мен терінің ортасынан айналдырып қысады. Шаққан жерді иод тұнбасымен, спиртпен немесе зеленкамен сүртеді. Шаққан жерді кесіп немесе күйдірудің қажеті жоқ. Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін емханаға алып бару артықтық қылмайды.
Улы өрмекшілердің шағуы Шаққан жер қатты ауырады, ісік пайда болады, теріде ақшыл сұйықтыққа толы құтылар пайда болады. Кене шаққан кездегі профилактика Шаққан жерді сабынмен сулап жауып, салқан нәрсе қойыңыз. Шаққан жарді байлап тастаңыз. Ауруды бәсеңдететін дәрі ішу керек. Сұйықтықты көбірек ішіңіз.
Араның шағуы Ісік, қызару, қышу. Бұның барлығы екі күнге созылуы мүмкін. Жүректің айнуы мен әлсіздіктің пайда болуы да мүмкін. Егер жарада тікені қалса, ақырын қысқышпен алып тастаңыз, жараға жартылай спиртті компресс жасап, бал жағыңыз, супрастин немесе димидрол таблеткасын ішіңіз. Егер ара шағуына аллергияыңз болса, тез арада дәрігерге көрініңіз.
Үлкен аралардың шағуы Теріде ісік пайда болып, әлсіздік байқалады. Шаққан жерді сірке қышқылы (су+сірке қышқылы) немесе спирт қосындыларымен сүртіңіз.

 

Масаның шағуынан пайда болған қышуды, шаққан жерге нашатыр спиртін (нашатырспирті мен судың тең қосындысы) не болмаса ас содасының ерітіндісін жағуға болады.

· Егер құлағыңызға жәндік кіріп кетсе, оны келесі жолдармен алып тастауға болады: құлаққа жылы суды сыртына шыққанға дейін құясыз. Сонымен қатар, құлақты ақырын артқа және жоғары созасыз. Басқа, жеңіл әдісі: міндетті түрді құлақ судың ішінде қалатындай етіп, ваннаға жату керек.

 


 
 

Алғашқы медициналық көмек.

Кездейсоқ жағдайларда, зақымданғанда, ауырып қалған кездерде зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу шаралары:

Алғашқы медициналық көмек көрсету:

· Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету);

· Зардап кезеңдерін анықтау;

· Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;

· Талаптарға сай көмек көрсету.

 

Көп таралған зақымданулар және алғашқы көмек көрсету.

Травматикалық шок: Көбінесе травма немесе күйіктен болады.

Керек:

· Зардап шеккен адамды арқасымен жатқазып, құсқан кезде басын жанына қарату;

· жүрегі соғып тұрғандығын тексеру керек. Егер соғып тұрса – реанимацияны бастау қажет.

· қан кетуді тез арада тоқтатып, сынған жерлерді қауіпсіздендіру.

· ауруды бәсеңдететін таблетка дәрі. Егер жоқ болса, 50-70г. ішімдік беру қажет.

Болмайды:

· қатты зардап шегушіні таңусыз орнын ауыстыруға;

· күйіктен кейін жабысып қалған киімін шешуге;

· іші ауырған кезде су беруге.

 

Қатты қан кету

Керек:

· зақымданған тамырды қолмен қысу;

· зақымданған аяғын қатты бүгіп, тізесіне қою немесе мата орандысымен таңу;

· қатты қан кеткен кезде, жараны стерильді салфеткамен жабу немесе бинтпен орау.

Естен танып қалу

Керек:

· зардап шегушіні арқасымен жатқызу;

· жағасын, белін босату (шешу);

· қолын, арқасын, кеудесін спиртпен, арақпен, одекалонмен сүрту;

· ыстық суға батырылған матаны маңдайына қою;

· нашатыр спиртін иіскету.

 

Болмайды:

· ауыстыруға, көтеруге, отырғызуға;

· басын салқын матамен орауға.

 

Аяқ-қол саусақтарының сынуы

Керек:

· таяқ, қамыс бөлігін қойып, орап тастау;

· сынған қолды немесе аяқты жоғары көтері тастау;

· салқын компресс қою;

· ауруды бәсеңдететің таблетка беру.

Болмайды:

· сынған сүйекті дұрыстаймын деп тырысуға;

· сүйек шығып тұрған жерге таяқшалар қоюға;

· керек емес жағдайда киімін және аяқ киімін шешуге.

 

Жүректің қатты ауыруы

Керек:

· отыру немесе жату;

· валидол немесе интроглицерин таблеткасын тілдің астына қою.

 

Болмайды:

* дене қозғалысын қажет ететін жұмыстарды істеуге;

дәрі қабылдамастан ауруды жеңуге тырысуға.

 

Іштің қатты ауыруы

Керек:

· жату;

· ішке салқын нәрсе қою.

 

Болмайды:

· ішке жылы нәрсе қоюға;

· клизма жасауға;

· су ішуге;

· ауруды қойғызатын шараларды қолдануға.

Бастың қатты ауыруы

Керек:

· отыру немесе жату;

· бас аурудың таблеткасын ішу

 

Болмайды:

· басты жылы орауға;

· наркотик, седуксен, эленциум және т.б. транквилизаторларды қыбылдыуға.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 303; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.