Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 2 страница. Сурет 1. Кластердің жалпы құрылымы




 

Сурет 1. Кластердің жалпы құрылымы

Қазақстанда қалыптасқан аймақтық кластер немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәні Үкіметтің анықтауы бойынша тауарлар мен қызметтерді өндіру және өткізуден пайда алу мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын тұрақты бизнес-құрылымдар. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру мемлекеттік даму институттарымен қатар, жоғары технологиялар мен қаржы ресурстарына кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету жолымен ел аймағының шағын және орта бизнесін қолдау (аймақтық бизнес қауымдастығы) мақсатын көздеп отыр. Олардың коммерциялық корпорациялардан айырмашылығы, алынған пайданы сол аймақтың әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру үшін реинвестициялау болып табылмақ. Қазақстан Республикасында перспективті кластерлерде әрекет ететін шағын және орта бизнестің бірқатар компаниялары үшін даму институттары ұсынған құралдарға қол жеткізілмеді. Бұл, ең алдымен мұндай кәсіпорындардың төмен даму деңгейіне байланыстылығымен, орта және шағын бизнес күткендегідей дәрежеде дамымауынан болып отыр. Кластерді дереу жүзеге асыруда өңірдің даму ерекшеліктерін ескеру қажеттілігі туындайды. Осыған қатысты Президенттің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар желісін құру туралы тапсырмасы тап сол өңірлік бизнес қауымдастықтарын және шағын, орта бизнесті жедел дамытуға бағытталған [9].

Шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерде кластер анықтамасының көп жақты түсінігі мен мәнін ескере отырып, берілген анықтамаларды талдай келе, компаниялардың географиялық бірлікте шоғырлануына қарай бірігуінің мақсаты бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін оларға жаңашыл идеялар қажет. Осыған қарай инновациялық бағдарламалар жасау қажеттілігі пайда болады. Қорытылған тұжырымға сүйене отырып, біздің ойымызша, кластер анықтамасын келесідей дәлірек анықтауға болады: кластерге қатысушылардың және аймақтың бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында дамудың инновациялық бағдарламасымен біріккен бәсекелесуші компаниялар мен ұйымдардың экономикалық қатынастары. Бұл жерде аймақ ретінде қала, облыс, ел және ел одақтары қарастырылады. Осыдан келесі тұжырым туындайды: кеңістіктік түсінігіне кластерлік теориясында жеткілікті көңіл бөлінбеген [10]. Бұл жағдайды соңғы жылдары интеграциялық процестерімен қатар жүрген әлемдік экономиканың трансұлттануы мен ғаламдану процестерімен байланыстыра аламыз. Интеграция тек елдер одағы шегінде ғана емес, сонымен бірге түрлі материктерде орын тепкен түрлі елдердің кәсіпорындары арасында, сонымен бірге түрлі континентте орналасқан елдер арасындағы қатынастарымен жүзеге асырылады. Қандай да бір өндіріс орындарын орналастыруға территориялық мүмкіндігі жоқ көптеген фирмалардың, аралдардың оффшорлық зоналарында тіркелуі интеграцияға бірден-бір дәлел.

Кластерлердің пайда болу себептері ұлттық артықшылықтардың себепшілерімен тікелей байланысты және олардың жүйелік сипатының көрінісі болып табылады. Бір бәсекеге қабілетті сала өзара нығайтушы қатынастар процесінде екінші салалық бәсекеге қабілетілігін жасауға көмектеседі. Мұндай сала көбінесе өзі тауарлар мен қызметтің аса талапшыл сатып алушысы болып келеді. Ондай саланың елде бар болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттігінің өсуін анықтаушы маңызды факторлар болып табылады. Бәсекеге қабілетті жабдықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік туғызады. Олар екіншілерін технологиялармен қамтамасыз етеді, ортақ өндрістік факторлардың дамуын ынталандырады, жаңа өндірушілерді туындатады. Кластер қалыптасқан кезде оның құрамындағы барлық өндірістер бір-біріне өзара қолдау көрсете бастайды. Тиімділік, пайда баланстарының барлық бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның арқасында қосылған кұн тізбесін өсіре түседі.

Сонымен, кластер мәнін бірнеше анықтамалар негізінде сараласақ, компаниялардың ішінара бір –бірімен қызмет жасауы бірнеше ерекшелік сипаттарға қатысты екеніне көз жеткіземіз. Оның сипаттық белгілерімен анықтамаларды төмендегі кестемен топтастыру негізінде, кластердің нышанды белгісі кәсіпорындар арасындағы экономикалық қатынастар екенін байқау қиын емес (кесте 1).

Кесте-1. Кластердің түрлі анықтамаларының сипаттық белгілері бойынша жіктелуі

Авторлар Анықтамасы
   
1. Қамту деңгейі бойынша
Bergman and Feser Аймақтық кластер – әдетте аймақ ішінде географиялық шоғырланған өнеркәсіптік кластерлер. Олар негізгі аудан, еңбек рыногын және басқа функционалды шаруашылық бірліктерін құрайды.
Porter Кластер – жалпылық және өзаратолықтырумен байланысты арнайы облыста географиялық жақын орналасқан өзара қызмет жасаушы институттар мен компаниялардың іскерлік қатынасы.
Маршал Кластер- жеке аймақтарда арнайы салалардың шоғырлануы
АҚШ губернатор ларының ұлттық ассоциациясы Кластер -бір - бірімен нақтыланған қарым ‑ қатынаста компаниялардың географиялық шоғырлануынан (ресурстарды, қызметтерді және жабдықтаушыларды тартуға жеткілікті), бұл кәсіпорындардың өндірісті толықтыру немесе дайындау технологиясында және ресурстарды тұтынуда, өндірілетін өнімде ұқсастықтардың болуы.
Swann and Prevezer Кластер – бір географиялық аймақта орналасқан бір сала шеңберіндегі фирмалар тобы.
Rosenfeld Кластер – қызмет ету масштабы анық немесе айқын болмаса да, географиялық жақындық және өзара тәуелділік есебінен синергиялық тиімділікті өндіруге қабілетті фирмалардың концентрациясы.
OECD Аймақтық кластерлерге географиялық шекте өзарабайланысты фирмалардың шоғырлануы жатады және жергілікті өндіріс жүйесі, маманданған өнеркәсіптік агломерация, индустриалды аудандар тәрізді көнерген концепцияларға нысаналы сөз ретінде қолданылуы мүмкін.
2. Идентификациялық белгі бойынша
M.Porter Кластер - әлемдік бәсекенің қатаң талаптарына төтеп беріп, өмір сүруін сақтап қалуға бейімделген қоғамды өзіндік ұйымдастыру әдістерінің бір түрі
Bergman and Feser Өнеркәсіптік кластер жалпы түрде топ ішінде мүшелікке ие болған әр фирманың жеке бәсекеге қабілеттілігі маңызды болатын, коммерциялық кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдар тобымен анықталуы мүмкін. Кластер сату – сатып алу келісімдерін немесе жалпы технологияларды, жалпы тұтынушылар немесе тарату арналарын, немесе еңбек бірліктерін байланыстырады.  
  1- кестенің жалғасы
   
Ферова И.С. Өнеркәсіптік кластер – бұл инновациялық құраушыларды жинауға қабілетті және нақты деңгейде бәсекеге қабілетті тұтынушылардың немесе ресурстардың жалпы рыногына бағытталған не технологиялық тізбекпен өзара байланысты ғылыми- өндірістік және қаржы компаниялары, бір шеңбердегі кәсіпорындар тобы
3. Еңбек ресурстарына қарай
Bergman and Feser Аймақтық кластер – әдетте аймақ ішінде географиялық шоғырланған өнеркәсіптік кластерлер. Олар негізгі аудан, еңбек рыногын және басқа функционалды шаруашылық бірліктерін құрайды.
Steiner and Hartmann Кластер – еңбек рыногы, өндіріс шығындары, немесе технологиялық қатынастармен байланысты қоғамдық, жеке және жартылай қоғамдық зерттеу институттары мен даму институттарын өзара толықтырушы фирмалар (өндіріс немесе қызмет көрсету секторларында).
Egan Кластер – түпкі өнімдері орталық аймақтан (metropolitan) тысқары рыноктарға шығатын өзара байланысты жеке сектор фирмалары мен қоғамдық сектор мекемелері, жоғары маманданған торапқа тәуелді өнеркәсіптік ұйымдар формасы.
4. Ұжымдану немесе ынтымақтасу сипатына қарай
Schmitz Кластер – бір сектордағы өзара тығыз байланыста болатын кәсіпорындар жиынтығы.
Feser Экономикалық кластер бұл тек байланысты және қолдаушы салалар мен институттар емес, өзара қатынас негізінде бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғарылайтын байланысты және қолдаушы институттардан тұрады.
Crouch and Farrell Кластердің жалпы концепциясы фирмалардың бір-біріне жақын орналасу үрдісіне қатысты болғанмен облыста орналасуы аса маңызды болып есептелмейтін бизнес түрін көрсететін кең мағыналы түсінік.
БабаевБ.Д. Аймақтық кластер аймақтағы кәсіпорындар, өндірушілер, қызмет көрсетуші және көмекші салалардың жұмыс сапасымен өлшеніп дамуға бет алатын ірі салалардың шоғырлануы
Дюсембав А.А. Кластер - шағын территориялық аумағына қарамастан әлем бойынша лидерлік позицияны алатын жеке салалар шеңберіндегі кәсіпорындардың тобының ең алдымен бәсекеге қабілетті болуы.
Ескерту жетекшімен құрылды.

Сала және кәсіпорындар кешені негізінде бәсекеге қабілетті өндірісті жасау әдісі ретінде кластер сипаттамасы өз кезегінде, үлкен экономикалық әлеуетті икемдейді, жеке және мемлекеттік кәсіпорындарға бірлесіп жұмыс істеудің жаңа, мазмұнды өнімді әдісін көрсетеді [11].

Көптеген іргелі еңбектер негізінде кластер теориясы жайлы оның артықшылықтары, қасиеттері мен негізгі бағыттарына тоқталсақ: кластер анықтамасында қатысушы кәсіпорындардың негізгі үш қасиеті маңызды орынды иеленеді:

- Географиялық бір шеңберлілік. Кластер масштабы бір қала немесе аймақтан ел немес елдер қатарына дейін созыла береді.

- Кәсіпорындар арасындағы өзара байланыс. Яғни кластер өзара байланысты кәсіпорындар жүйесінің ерекше формасы болып саналады және бұл қатынастардың тереңдеуі кластердің даму деңгейін сипаттайды.

- Салалардың технологиялық өзара байланысы. Кластерге түрлі салалардың кәсіпорындары қатысады, алайда олар бір-бірімен технологиялық байланыста болады. Әдетте, бұл дайын өнім компаниялары, өндірістің маманданған факторларын жабдықтаушылар, компоненттер, машиналар, сонымен қатар, сервистік қызмет көрсетулер, қаржы институттары, қосалқы өнімдерді өндірушілер және т.б.

Бұл тұжырым бойынша кәсіпорындардың бір аймақта орналасуы, салалардың технологиялық өзара байланысының болуы кластерге қатысушы кәсіпорындардың салааралық қатынасқа негізделетіні анық. Яғни бұл жағдайда, ол вертикалды, горизонталды сипатта болуы мүмкін. Кластерлік дамудың негізгі қатысушылары компаниялар болғандықтан, олардың белсене қатысуымен кластер дамиды және нығаяды. Осы негізде бизнестегі лидерлер бәсекеге қабілетті бола түседі, бірақ олар процестің жалғыз қатысушылары болып саналмайды, сонымен бірге, білім беру орындары да кластерлік дамуда маңызды катализатор болып есептеледі.

Университеттер, мысалы білім беру орындары болғандықтан, кластерге қатысушыларды инновациямен қамтамасыз ете отырып, ҒЗТКӨ дамытуға үлес қосады. Кластердің басқа маңызды қатысушылары ішінен қаржы орталықтары, соның ішінде венчурлық компаниялар, түрлі бизнес қызметтерін көрсететін ұйымдарды атап өтуге болады. Барлық бұл ұйымдар кластердің дамуына маңызды ықпал жасап, оның даму процесін күшейтеді. Кластердің дамуына аса үлкен ықпалды жергілікті билік органдары және басқа институттар мен ұйымдар жасайды.

Кластерді құрудың негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру [12]. Кластер ядросы – басымдыққа ие болған бір немесе бірнеше компаниялардың бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізгеннен кейін, өз жабдықтаушыларынан тауарлар мен қызмет сапасын жоғарылатуды талап ету арқылы, жабдықтаушылардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге ықпал жасайды. Өз кезегінде жабдықтаушылар өздерін қоршаған инфрақұрылым сапасына талаптар қоя бастайды, нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті көтеруге бағытталған талаптар негізінде өзара қатынастар тізбегі пайда болады.

Жалпы кластерлер бәсекеге қабілеттілікке үш бағытта ықпал жасай алатыны зерттелген [13]:

1. Кластерлер фирмалар және салалар өндірісін ұлғайтады: бәсеке кластер ішінде тиімді мамандануды жүзеге асырады, талғамы жоғары тұтынушылардың пайда болуы өндіріс процесінде маманданудың жоғары деңгейі масштабтылық үнемділікті қолдану мүмкіндігін береді, яғни бірлесіп шикізат сатып алу немесе маркетингтік зерттеулер жүргізу, технологияларды, жабдықтаушыларды, маманданған жұмыс күшін, ақпаратты, бизнестік қызмет көрсетулерді және т.б. қолдануға мүмкіндіктің еркін болуы, сараптаманың жоғары деңгейі логистикалық тізбекті жетілдіруі, сонымен бірге, бірлесіп жұмыс істеу және кластерде оқыту (жетілдіру) процесіне ықпал жасауы, кластерлік даму кәсіби, қаржылық және басқа қызмет көрсетулер инфрақұрылымын жетілдіруі.

2. Кластерлер инновациялық және өндірістік ұлғаю үшін мүмкіндіктерге жол ашады: инновация үшін әлуетті жаңа ресурстар табу мақсатында тиімді бірлескен арналарды жасауы, технологиялық үрдістерді алдын-ала анықтауы және болжауы, бұрын болмаған маманданудың (қабілеттің) комбинациясының пайда болуына әкелетін қолайлы жағдайлар жасайтын ортаның болуы, тәуекелділіктерді бөлудің қолайлы алғы шарттарының қалыптасуы.

3. Кластерлер инновацияларды қолдайтын және кластерді кеңейтетін, жаңа бизнесті қалыптастыруды жеңілдетеді және ынталандырады: тез өсуші компаниялардың дамуы мен венчурлық капиталмен айналысудағы озықтылығы, кластер ішіндегі байланыстар мен арналар өзара толықтырушы технологиялардың, субсидиялардың пайда болуына ықпал жасауы, компанияда өзара толықтырушы дағдылардың болуы жеке кәсіпорындар бәсекеге қабілетті бола алмайтын ірі келісім шарттарға қатысуға мүмкіндік туғызуы, жаңа қатысушылардың пайда болуын қолдауы, жаңа идея мен бизнестің пайда болуына ықпал жасаушы әлеуметтік және басқа формалды байланыстардың нығаюы; кластер ішінде қазіргі заманғы ақпараттық ағымдарға жол ашылуы.

Кластердің артықшылықтары, қасиеттері мен негізгі бағыттарына көңіл бөле отырып, оның қалыптасуының екі жолы анықталды:

1. кенеттен пайда болған (немесе өздігінен). Бұл жол өте тиімді болғанмен, өте сирек кездеседі, көп уақытты қажет етеді және экономиканың даму деңгейіне тікелей тәуелді болады.

2. нақты өнеркәсіптік саясат көмегімен саналы түрде қалыптасу. Бұл жағдайда экономикалық жағдайды терең талдау, салааралық байланыстардың мүмкіндіктерін анықтау, соның негізінде кластерлік жобаны жүзеге асыру шаралары жасалады.

Кластердің даму эволюциясын зерттеуде фундаменталды концепция бойынша айырмашылығы бар және кластеризация мәнін зерттеуші төрт қазіргі заманғы экономикалық мектептермен ойлардың қалыптасуы «орналасу теориясының» қалануына ықпал жасады [14]:

1. Салалық аудандар. Салалық аудандар үшін кластердің келесі белгілері тән: қоршаған орта тиімділігі, инновацияның дамуына жол ашушы өзара сенімділік пен «өндірістік атмосфераның» болуы тән деген ойлар жиынтығын қалыптастырады.

2. М.Портер мектебі. Кластердің негізгі белгілеріне қоршаған орта тиімділігі, территориалдық жақындықты нығайту (ресурстарды алу мүмкіндігі, жергілікті тұтынушылармен наразылық білдіру) тұжырымын анықтайды.

3. Солтүстік мектеп. Білімге негізделген, кластердің негізгі белгілеріне білім беру инновациясын және формалды қалыптаспаған білім құндылығына қарай бір шеңберлі процесс ретінде оқып үйрету қажеттілігін негіздеуші көзқарастан туындаған.

4. Калифорниялық мектеп. Негізгі белгілеріне вертикалды интеграция, трансакциялық шығындарды азайту және маманданған жергілікті еңбек рыногын, сонымен бірге, территориалдық шарттар, формалды емес ережелер мен дағдыларды қарастырудан салынға [15].

Осы таңдалып алынған кластерлік әдістердің маңыздылығы, оны дамытуға экономикада алғы шарттардың бар екендігі отандық ғалымдардың еңбектерінде де қарастырылған. Олар қазіргі заманғы экономикада салалардың алатын орнын біртіндеп кластерлер басуы тиіс, олай болмаған жағдайда ұзақ мерзімді перспективада, ғаламдық нарықта елдің және оның аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мүмкін емес, ал интеграцияланған аймақтар уақыт өте келе біртіндеп тізбекті кәсіпорындармен орын алмасулары мүмкін [16].

Сонымен, біздің ойымызша, экономиканы дамытудың қазіргі заманғы шарттары кластерді жүзеге асырудың қажеттігі мен мүмкіндіктеріне жол ашады. Кедергі болатын факторларды жою үшін кластерлік саясатты қалыптастыруда елдің өнеркәсіптік және бәсекелік саясаттарын ескеру міндетті болып саналады.

 

 

1.2 Әлемдік кластерлердің құрылу тарихы мен тәжірибесін талдау

 

Әлемдік кластерді қалыптастыру тәжірибесін талдау, негізгі тәсілі мен әдісін ерекшелеу, оның бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпалын ерекшелеу үшін жүргізілді. Бұл жерде кластерлік саясат негізі экономикалық өсімнің және оның бәсекеге қабілеттілігінің тұрақтылығын қалыптастыруға бағытталған механизмдер мен әдістер жиынтығы ретінде анықталған.

Елдердің экономикасының ғаламдық өзгерістерге ұшырауы кезеңінде кластерлер кеңінен тарай бастады. Олар нарықтық қатынастары дамыған елдердің өнеркәсібінің түрлі салаларында Италия, Германия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, сонымен қатар, дамушы елдерде Латын Америка, Азия, Африка мемлекеттерінде пайда болғанын атап кетуге болады [17].

Шағын кәсіпкерлік желісі мен кластерді дамыту бойынша бағдарламаларды өңдеу және енгізуде жеке сектор мен аймақтық үкіметтің өзара қызметін күшейту үшін ұсыныстар жиынтығы жасалды. Осы уақыт ағымында ұйыммен түрлі дамушы елдердегі: Үндістан, Индонезия, Малайзия, Мексика, Никарагуа, Гондурас, Ямайка, Боливия, Мадагасакар, Мароккода кәсіпорын кластерлерінің қызметінің тиімділігі, техникалық ынтымақтастығы, оларды қалыптастыру әдістері зерттелінді.

Экономикалық теорияда кластерлерді зерттеу 70-80 жылдардағы экономикалық әдебиетте «Үшінші Италия» деген атаумен мәлім, Италияның солтүстік–шығысында тиімді аймақтық экономикалық дамуының феноменіне негізделеді. 70 жылдардың соңында Италияның бай солтүстік-батысы (бірінші Италия) мен оңтүстігі (екінші Италия) экономикалық дағдарысты бастан кешірсе, елдің солтүстік–шығыс және орталық бөліктерінде жоғары экономикалық өсу байқалып, бұл жағдай экономистердің назарын аударды.

Нақты территорияда шоғырланған шағын кәсіпорындар жергілікті және экспортты нарықты дамытуға, үдемелі өсуге, сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтуға қабілетті екенін көрсетті. Секторларда еңбекпен қамту ауыл шарушылығымен байланысты болмаса да, үшінші Италия ерекше өсуге ие болып және елдің басқа бөліктерімен салыстырғанда, қосымша құн тез жоғарылады. 1960 жылы басқа аймақтарға қарағанда миграциялық айырбаста халық санын маңызды көлемде кемітіп алған бұл аймақ, 1970 жылы халық үшін тартымды ауданға айналды.

Үшінші Италияның тез дамуы, әсіресе шағын және орта кәсіпорындарға негізделген салалардың тез өсуі, нақты секторлар мен жергілікті орындарда фирмалардың шоғырлануымен байланысты. Фирма «бұтақтары» (clusters) дәстүрлі тауарлар бойынша аяқ киім, былғары сөмкелер, тоқылған бұйымдар, жиһаз, қыш тақтайшалары, музыкалық аспаптар, тамақ өнімдері, сонымен бірге, осы тауарлар өндірісі үшін құрал-жабдықтармен жабдықтаушы салаларда әлемдік нарықта мықты позицияларды жаулап алуға қабілетті екенін көрсетті. Бұл кезде Германия және Ұлыбританияның ірі кәсіпорындары құлдырау кезеңінде болса, “үшінші Италияның” шағын және орта кәсіпкерлік кластерлері өндіріс пен экспортты ұлғайта алған [18].

Италияда кластерлердің дамуы мемлекет рөліне басым негізделеді: яғни көмек ретінде басқаруды жүзеге асыруы, экспортқа жеңілдіктер мен кепілдемелер беруі, инвесторларды тарту мен қолдау, консалтингтік қызметтер көрсету шаралары дәлел.

Ұзақ жылдар бойы Бүкіләлемдік экономикалық форум (World Economic Forum – WEF) сарапшыларының шешімі бойынша бәсекеге қабілетті көшбасшы ел болып, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания сияқты мемлекеттерді және басқа әлемнің 102 мемлекетін басып озған Финляндия саналды. Фин экономикасының негізгі динамикалық дамуы кластерлермен тікелей байланысты екені көптеген ғалымдардың еңбектерімен дәлелденген.

Кластерлік талдау шеңберінде Финляндия экономикалық саясатты қайта құрумен кешігіп, ол тек 1995 жылы жасалды, дегенмен, фин экономикасы институты жүзеге асыратын «Финляндия артықшылықтары» жоба шегінде ұлттық өнеркәсіптің және басқару шешімдерін ақпараттық қамсыздандырудың келешек мүмкіндіктері анықталды. Сауда және өнеркәсіп Министрлігі директивалар дайындап, оның негізінде Ұлттық өнеркәсіптік стратегия өңделіп, бекітілді, оның көмегімен кластерлік дамуға бағытталған өнеркәсіптік және технологиялық бәсекелік саясатты макроэкономикалық реттеуге өту мүмкіндігін алды.

Қуатты кластер 120 өндірісті біріктіретін, Nokia компаниясының маңында топтастырылатын, телекоммуникациялық құрал-жабдық өндірушісі. Қазір бұл компания Финляндияның алдағы ғылыми – техникалық жетістіктердің алпауыттар қатарына шыққан. Елде ғылыми-зерттеу жұмысына мемлекеттік қаржыландыру көлемі онсызда ең жоғарғысы – 3,6 пайыз ЖІӨ-нен, ал Nokia үлесіне барлық бизнес-инвестицияның бұл сферада 35 пайызы келеді және кәсіпорындар үшін тартымды шеңбер пайда болды: білімнің жоғарғы деңгейі сұранысты және ақпараттық технология өніміне ұсыныс, сонымен бірге сауаттылық деңгейін одан да жоғарылатуға жәрдемдеседі [19].

Өте мықты фин кластерінің тууы табиғи ресурстардың бар болуымен байланысты, мысалы: ағаш, балық және т.б. Финляндияда қоршаған ортаны қорғау туралы кластер, жергілікті өндіріс саласын өңдеушілердің ластауының нәтижесінде құрылды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 1328; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.046 сек.