Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 4 страница




Бүгінгі Қазақстан үшін кластер мен экономика бір-бірімен тығыз сала ретінде бейнеленеді. Экономиканың мұнайлық емес секторындағы кластер үстірт түрде сипатталуда, ол кәсіпорындарда бұрынғы Кеңестік экономикалық емес әдістердің пайдаланумен, яғни бірнеше салаға бөлініп қызмет атқаруға негізделген. Бірнеше жағымды мысалдарға қарамастан, еліміз жеке кәсіпкерлік саласында тәжірбиесі өте аз, басқарудағы әлсіз әдістерді пайдалану мен әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттіліктің шектеулі мүмкіндіктеріне ие. Қазақстандағы бизнесті жүргізудегі жоғары қабілеттілікті дамытудағы мақсатты бағдарламалардың іске асырылып және табысты қызмет етуі еліміздегі қалыптасқан кластерлер үшін қолайлы жағдай туғызады және жаңа түрлерінің пайда болуына өз әсерін тигізеді.

Экономикалық жүйеде кластерлік келісті жүзеге асыруда мемлекеттік реттеу принциптері тек кейбір экономикалық зерттеулерде қарастырылған. Мемлекетаралық сараптамалартәжірибесіне сәйкес, мынадай негізгі принциптер мемлекеттік кластерлік саясатты құруда ескеріледі:

- кластерлерді қалыптастыру шаралары мемлекет тарапынан жүзеге асырылмай, нарықтық құрылымдардың көмегімен қалыптасуы;

- мемлекеттік саясат жеке салаларды, компанияларды қаржыландырумен және нарықтық бәсекелестікті арттыруға ғана бағытталмауы;

- мемлекет өз кезегінде кластерлерді жүзеге асыруда лидер болуға ұмтылмауы қажет, ол өз қызметін қолдаушы немесе делдал ретінде атқару тиіс: инновациялық жүйенің болуын, инфрақұрылымның ең тиімдісін қолдану, соның негізінде кластерлік үрдістерді күшейту.

- кластерлік саясаттың бағыты тек қалыптасқан кластерлерге ғана бағытталмауы қажет және шағын, не енді ғана қалыптасып жатқан кластерлерге өзінің кері әсерін тигізбеуі.

Кластерлік саясат жургізудің мән жайын талқылай келе елімізде бірқатар кластерлік, үлгілі, жұмыстар жүргізіліп жатқан туризм саласына тоқтала кетейік.

Туристік саланың дамуы, оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы туризм саласында жүзеге асырылатын тиімді мемлекеттік саясатқа тәуелді болуына қарай Қазақстанда бірқатар нормативті-құқықтық заңдылықтардың қабылданған. Яғни 2001 жылы «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заң қабылданды, 2002-2006 жылдары оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, бұл Заңмен туризм саласында мемлекеттік ұйымдар мен шаруашылық субъектілердің қызметтері реттеледі [26]. «2001-2005 жылдарға Қазақстан Республикасында туризмді дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламада» туристік саланы дамыту бойынша нақты шаралар қарастырылған. Туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы 2001 жылы 13 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» (2002-2006 жылдардағы өзгерістер мен толықтырулармен) Заңға сәйкес жасалған және экономиканың басымды секторы ретінде саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі проблемаларды қамтығанымен, нарықтық экономика жағдайында туристік индустрияның дамуына кедергі жасаушы кейбір факторлардың назардан тыс қалуы шағын және орта бизнес субъектілерін ойландырмай қоймайды. Осы жерде қолайсыз жағдайлардың шешімін табу мақсатында үкімет пен бизнес арасындағы байланысты екінші тарауда сипатталған нарықтың динамикалық түрде қызмет көрсетуін және нарықтық тиімсіздігін төмендету шараларын қамтамасыз етуге бағдар ұстанатын төмен–жоғары принципімен орнатудың тиімділігін алға тартамыз. Яғни, бизнес субъектілерімен көкей тесті мәселелердің мемлекеттік органдармен бірлесіп шешілуі туристік саланың дамуына өз септігін тигізеді.

2001 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту Концепциясы» [27]: республикада туризмді дамыту проблемалары мен жағдайы, оның әлеуеті, туризмді дамытудың негізгі бағыттары мен саясаты көрсетілген. Концепцияда бірінші қатарлы игерілетін негізгі аудандар мен орталықтар анықталған:

1. Іле жағалауы (Алматы қ, с.Түрген, Есік қ,Талғар қ, Қаскелең қ, с. Ұзынағаш, Қапшағай қ);

2. Солтүстік -Тяньшань (с.Кеген, с.Нарынқол, с.Жалаңаш, с.Шұнжа, с. Құлжа);

3. Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ, с.Көктал, с.Басшы, Текелі қ, Талдықорған қ, курорт Жаркент-Арасан);

4. Балхаш (Балхаш көлі, Балхаш с.);

5. Солтүстік-Жоңғар (Алакөл көлі, с. Лепсі, курорт Арасан-Қапал, Сарканд қ, Көктүм с);

6. Жамбыл (Тараз қ, с. Мерке, Мойынқұм ауданы);

7. Түркістан (Түркістан қ, с. Тұрбат, с. Отырар, Кентау қ, с. Баба-Ата және басқалары);

8. Сайрам-Шымкент (Шымкент қ, Арыс қ, Шардара қ, Сары-Ағаш қ және басқалары);

9. Жоғары-Бұхтарма (с. Қатон-Қарағай, курорт Рахман кілттері, Марқакөл көлі, с. Берел).

Дегенмен, игерілетін аймақтар саны Концепция бойынша шектелмеуіне туризм саласында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатында қабылданған кластерлік жобалардың жүзеге асырылуы өз ықпалын тигізіп, дәл қазіргі уақытта Маңқыстау, Қарағанды облыстарындағы өңірлерді игеру жұмыстары қолға алынғанын атап кетуге болады.

Бұған қоса, Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігі үкіметке 5 ірі туристік кластер құру арқылы 2020 жылға дейін республиканың туризм саласын дамыту тұжырымдамасын ұсынды. Онда туристік индустрияны қалыптастыру процесін тежейтін кедергілерді жою шараларын және проблемаларын зерттеп, туристік саланың даму жағдайына талдаулар жүргізілді тапсырды.

"Бұл ұлттық жобалардың жүзеге асырылуы елдің экономикасына үлес қосуға, мемлекеттің, сондай-ақ бизнес пен қызметкерлердің табысының артуына ықпал етеді. Өйткені жүздеген мың жұмыс орны ашылады", деп күтілуде. Әр туристік кластер шеңберінде ұлттық жобалар болмақ, олардың ішінде аймақтық жобаларды дамыту көзделген.

Сонымен қорыта келе елімізде кластерлік даму кеңес одағы кезінен бастау алып жанама түрде сала аралық қатнастарда көрініс тапқан, қазіргі таңда отандық туристік кластерлер аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып құрылған кластерлік жобалар негізінде инфрақұрылымды дамытып отыр.


 

3. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК – РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТЫҢ КЛАСТЕРЛІК ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

 

2.1 Қазақстан Республикасында туристік саланың жағдайы және туристік кластерді қалыптастырудың алғышарттары

 

Еліміз бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдай отырып, алғы қатарлы дамыған елдердің қатарына ену мақсатын көздейтіндігін Елбасының халыққа Жолдауынан байқаймыз. Соның шегінде туризм кластерінің шикізатты емес салалар арасында бірінші орынға қойылуы, бәсекелік артықшылыққа ие болуда тартымдылық мүмкіндігінің жоғарылығын көрсеткендей.

Туристік кластерді дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру мен жобалаудың негізгі міндеті-туристік қызметтің аймақтың кірісін қалыптастырудың маңызды механизмі және аймақтың туристік әлуетінің басты құрылымдық элементі болып есептелетін жоғары дамыған аймақтық туризм индустриясын жасау.

Туристік индустрия-бұл орналастыру мен көлік құралдарының, тамақтану, көңіл көтеру, танымдық, іскерлік, сауықтыру, спорттық және басқа мақсаттағы объектілер, туристік қызметті жүзеге асырушы ұйымдар, сонымен бірге, экскурсиялық және аудармашы - гидтік қызмет көрсететін ұйымдар жиынтығығын білдіретіні мәлім [28]. Сонымен бірге, туризм саласы қоғамның экономикалық және әлеуметтік ұйымдастырылуында маңызды орын алады. Аталмыш саланың функциялануы өндіріс пен тұтынуға, халықтың еңбек ету жағдайы мен тұрмыс деңгейіне әсер етеді. Қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің ажырамас құрама элементі бола тұра, туристік қызметтер, қоғамның басты өндіргіш күші, ұдайы өндіріс процесінің объектісі мен субъектісі-адамның қалыпқа келуінде, еңбек, оқу және тұрмыстық белсенділік барысында жұмсалған нақты және рухани күштерін қалпына келтіруде аса үлкен рөл атқарады [28, 12 – 13].

«Туризмді» адамдардың тұрақты мекен-жайларынан тыс жерлерде уақытша тоқталуы немесе саяхат жасауы нәтижесінде пайда болатын қатынастар жүйесі ретінде анықтағанмен, бұл аталмыш құбылыстың әлеуметтік және экономикалық аспектілерін қозғамай, бейнелеумен ғана шектеледі. Қазіргі заман ғалымдарының ішінен алғашқылардың бірі болып, туризмге экономикалық құбылыс ретінде назар аударған П.Ротоу, елдер дамуындағы экономикалық кезеңдердегі туризмнің даму ерекшеліктері арасындағы корреляцияны анықтау арқылы ұсынған үлгісі бүгінгі күнге дейін экономистермен мойындалуда. Халықаралық нарыққа туристік қызметпен шығу, экономикалық әлуеті жоғары, дамыған елдер үлесіне тисе, онда туризм «орта кластың» өркендеу белгісіне және жаппай тұтыну өніміне айналған. П.Ротоудың болжамына сәйкес, нарық жолына түскен дамушы елдерде, ал бұған біз өз кезегімізбен Қазақстанды енгіземіз, қызметтер аясындағы мультипликативті табыс құралы, тұрғылықты халықты жұмыспен қамту және инфрақұрылымның даму құралы болатын, ішкі туризмнің дамуына жағымды әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туындап отыр. Теориялық тұжырымдар мен жорамалдарға сүйенбей, статистикалық мәліметтерге жүгінетін, бүгінгі күнгі туризм саласының ел экономикасына ықпалын бейнелейтін үлгілер, экономикалық тұрғыдан ғана ұсынылып, әлеуметтік жағы назардан тыс қалған.

Дегенмен де, сол экономикалық әсерін талдап көрелік.

Кесте -3. Туристік қызметтер көлемі.

Бағыты Барлығы (мың,теңге) соның ішінде
визалық қызметтер экскурсия-қ қызметтер орынды сақтап қою бойынша өзге де қызметтер
2010 жыл
Барлығы 13448927,3 483608,2 418313,8 12421701,0 125304,3
келу туризмі 1454114,8 218089,4 11003,3 1211549,2 13472,9
шығу туризмі 10981041,1 265508,8 - 10644413,6 71118,7
ішкі туризм 1013771,4 10,0 407310,5 565738,2 40712,7
2011 жыл
Барлығы 15486551,6 585768,0 534438,4 14038964,3 327380,9
келу туризмі 963010,9 280705,8 53803,6 570558,5 57943,0
шығу туризмі 13607635,6 305062,2 178911,4 12919908,7 203753,3
ішкі туризм 915905,1 - 301723,4 548497,1 65684,6
2012 жыл
Барлығы 17512325,4 564011,8 614329,5 16188627,8 145356,3
келу туризмі 805041,6 259130,0 45695,9 431999,5 68216,2
шығу туризмі 15468879,9 304881,8 139114,2 14954,034,8 70849,1
ішкі туризм 1238403,9 - 429519,4 802593,5 6291,0
2013 жыл
Барлығы 14832562,6 625072,7 401839,9 13483682,7 321967,3
келу туризмі 1016447,2 322700,3 29855,7 601900,7 61990,5
шығу туризмі 12863843,3 302372,4 98725,2 12230553,6 232192,1
ішкі туризм 952272,1 - 273259,0 651228,4 27784,7
2014 жыл
Барлығы 15347599,6 708246,8 480682,0 13734134,0 424536,4
келу туризмі 1037114,7 308221,3 40839,5 561798,5 126255,1
шығу туризмі 13314123,3 400025,5 83997,5 12605784,2 224316,1
ішкі туризм 996361,6 - 355845,0 566551,3 73965,3

 

Туристік саланың даму серпіні туризм индустриясы көрсеткіштерінің орнықсыз өсуімен сипатталады. Айталық, 2014 жылдың қорытындылары бойынша келушілер саны 2013 жылмен салыстырғанда 3,4% - ға өсті, сыртқа шығушылар туризмі 3,5% -ға өсті, алайда ішкі туризм көлемі 4,6 %-ға артты. Салыстыра қарасақ, 2013 жылғы тиісті көрсеткіштің төмендеуі 2012 жылға қарағанда 18 %-ды құраған [29].

Негізгі көрсеткіштердің төмендеп - көтерілуі әлемдік экономикадағы жағдаймен түсіндіріледі.

Экономикалық және қаржылық дағдарыс сырттан келушілер туризміне де әсер етті, оның көлемі соңғы екі жылда 4,7 млн. туристен 5,6 млн. туристке дейін немесе 20,6 %-ға көтерілді. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2014 жылы жүргізілген статистикалық зерттеулер қорытындысымен, жалпы республикада туристік индустрияның дамуының позитивті үрдісін келесі мәліметтерден көруге болады.

Сурет 1. Туристік индустрияның дамуының позитивті үрдісі (мың адам).

 

Бұдан байқауымызша, 2014 жылы шығу туризмі – 391,4 адамды құрап, 2010 жылғымен салыстырғанда шығушы туристтер саны айтарлықтай көбейген. Отандық ішкі туризмнің де дамып келе жатқанын статистикадан көреміз. Дегенмен де бұл туризмнің басым бөлігін Қазақстандықтар үшін Туркия, Қытай, Германия, Біріккен Арап Әмірліктеріне сұраныс жоғары болған. Қазақстандық туристтердің шығуының негізгі мақсаттары: бос уақытты өткізу немесе демалыс, іскерлік, коммерциялық (шоп-турлар), таныстармен туысқандарға бару, емдік, діни қажылық және өзге де мақсаттар төңірегінде.

Сырттан келушілер туризмі статистикасының деректері де сапар мақсаттары бойынша келушілерді бөлу сияқты көрсеткіштердің төмендегенін көрсетіп отыр, соның ішінде бос уақыт пен демалыс үшін сапарлар 2013 жылмен салыстырғанда 9,2 %-ға төмендеген. Ал, сатылған жолдамалардың саны жағынан 87156 бірлікке немесе 42,3 %-ға артқан.

Экономиканың тиімді дамуының маңызды индикаторы кіру туризміне тоқталсақ, есептік жылда Қазақстанның туристік фирмалар қызметін әлемнің 90 елінен 36096 туристтер тұтынып, келушілердің басым бөлігін алыс шетелдердің азаматтары Қытай - 128312 адам, Германия – 67725 адам, Түркия – 60728 адам, АҚШ – 21463 адам, Ұлыбритания – 26330 адамды құраған және мақсаттары бойынша талдау туристердің Қазақстан Республикасында жиі өткізілетін түрлі конгрестер мен конференцияларға қатысуға, демалыс мақсатымен, оның ішінде: аңшылық және балық аулау үшін, таныстары мен туысқандарының шақыруымен, коммерциялық мақсатпен келетінін көрсетті [29, 16 – 17 бет].

Туризм индустриясы кәсіпорындарының шаруашылық қызметтеріндегі оңды өзгерістерге қарамастан, кіру туризмі көрсеткішінің төмендігі, шетелдіктерді қызықтыра алатындай табиғаты мен тарихи-мәдени орталықтарына бай Қазақстанда заманға сай туристік қызмет инфрақұрылымын құру және істі жоғары дәрежеде ұйымдастыруды қолға алу қажеттілігін көрсетеді

Сонымен қатар, туристерге қызмет көрсететін туристік фирмалар санының жылдан жылға артып келе жатқанын көруге болады.

Сурет 2. Туристік фирмалар саны

2014 жылы қызмет көрсеткен туристік фирмалар саны 2013 жылғымен салыстырғанда 25,6% - ға өстіп 1567 құрады, қонақ үйлер және басқа да орналастыру орындарының саны 3,2% - ға өсті, 677-ден 692-ге дейін өсті.

Бұл мәліметтер осы салаға инвестиция жасауға, технологияны жетілдіруге және қызмет ету сапасын жақсартуға деген мотивациялық механизмдерді қалыптастыруға септігін тигізетін бәсеке ортасы ретінде байқалатын, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын көрсетеді.

Бүгінде Қазақстандық туристік нарықтағы ұйымдардың 67%-ынан астамын шағын кәсіпорындар құрап отырса, жұмыскерлер саны 250 адамға жететін орта кәсіпорынның үлесі 23%-ды және ірі кәсіпорындар 10%-ды көрсетеді. Туристік нарықта шетелдің қатысуымен қызмет көрсететін ұйымдардың саны 70-ке жетіп отыр және мәліметтерден туристік фирмалардың көпшілігі Алматы және Астана қалаларында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқаны айқын көрінеді.

Облыстарымыз бойынша мәліметтерге сүйенсек, туристерге қызмет көрсету бойынша көрсеткіштер Алматы облысы, Астана, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан қалаларында басым (сурет 2).

 

Сурет 2. Облыстар бойынша қызмет көрсетілген туристер

Отандық экономикадағы қолайлы жағдайлар, мемлекет тарапынан салаға көрсетіліп жатқан қолдау шаралары жыл сайын туристер санының өсу үрдісін сақтауға кепілдеме бере алатыны 2010-жылға дейін ғана өз нәтижесін берген.

Соңғы екі жылда көрсеткіш керісінше болғанын байқау қыйын емес, оны келесі диаграммамен көрсетемиз.

Сурет 3. Жылдар бойынша қызмет көрсетілген туристер саны

Суреттен көріп отырғанымыздай, жыл сайын туристер саны көбейіп келе жатыр, туристердің көпшілігінің келу сапары демалыс және іскерлік туризммен анықталып отыр.

Туризм индустриясының негізгі буыны болып табылатын қонақ үй шаруашылығына келсек, қонақүйлердің негізгі саны Алматы, Астана қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында орналасқанын көре аламыз. Қазақстан аймағында мұндай объектілер саны 2010 жылы – 385, 2011 жылы – 465, 2012 жылы – 469, 2013 жылы - 528, 2014 жылы - 562 құрады [29, 64 - бет].

Туризм мен туристік нарықтың дамуы көптеген мәселелерді шешуге бейімділігін сипаттай келе, кез келген елдің экономикасының қатысуына қарай туристік нарық екі циклдік сипатқа ие болады (сурет 3).

Туристік нарық
Жоғары дамыған нарық
Әлсіз дамыған нарық
Туристік қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті көлемі
Туристік қызметтер мен тауарларды өндірудің жоғары деңгейі
Туристік индустрияның қалыпты дамуына және көтеруге қажет капитал көлемінің жеткіліксіздігі
Туристік қызметтер мен тауарларды өндірудің төмен деңгейі  
Туристік индустрияға қажет инвестиция
Жоғары кіріс
Туристік индустрияға инвестицияның аз көлемі
Кірістің аз деңгейі
Үлкен көлемде ақша жинағы
Ерекше сапалы туристік өнімдерге жоғары сұраным
Аз көлемде ақша жинағы
Туристік өнімдерге төмен сұраным
Экономиканың басқа салаларына инвестиция
А  
Б

 

 


А- бай мемлекет циклі

Б- кедей мемлекет циклі

 

Сурет 3. – Туристік нарықтың екі циклі.

Суретте көрсетілген А- бай мемлекет циклі бойынша талдау жүргізсек, туристік индустрияға қажет инвестицияның болуы, сұранымның жоғары деңгейі, жоғары сапалы туристік өнімдерге сұраным осы нарықта бәсекеге қабілетті өнімді өндіру қажеттігін туындатады.

Туризм индустриясы, бүгінде, кеңестік және қазақстандық реформалау үлгілерінің барлық кемшіліктерінің ықпалын сезінген нарықтық алаң болып отыр. Мұнда бастыға қол жеткізілді – туризм аясында белгілі негіз – жеке, мемлекеттік және аралас меншік формаларын білдіретін элементтері бар нарық құрылымы қалыптасты. Қазіргі зерттеулер, туризм аясындағы мемлекеттік емес сектордың нарықтық ортаны қалыптастыру белгілеріне ие екендігін көрсетеді. Мемлекеттік емес меншік формаларының кәсіпорындары айналым қаржыларының жылдамдығы, пайдалылық, өтімділік көрсеткіші, еңбекақыны төлеу, еңбек етуге деген тұрақты мотивацияны құру бойынша өзінің артықшылықтарын алға тартады. Бірақ, жеке компаниялар мен ұйымдардың бірқатарының қызмет көрсету сапасының деңгейі жоғары деп айтуға болмайды. Бұл шетел инвестициясын тарту жолында тұрған бірден-бір мәселе. Мұнда Үкімет тарапынан еліміздің туризм саласына инвестиция салғысы келген шетелдік компанияларға кепілдік беріліп отырғандығын айта кету керек. Мысалы, көптеген шетелдік фирмалар Іле Алатауының баурайына тау шаңғысына арналған курорт салуға қызығушылық білдірген, біршама жұмыстар басталып та кетті. Қазақстанның басқа түкпірлеріндегі туризм тұрғысынан қызығушылық танытатын жерлерге де инвестиция салу ұсынысы болса ұтатынымыз анық [30].

Дәл қазіргі уақытта мемлекеттік деңгейде туризмді дамыту маңыздылығы мойындалып, Қазақстанда осы бағытта бірнеше шаралар реті қабылданған: туризмнің заңдылық базасы қалыптаса бастады, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге және Қазақстанға шетел туристерінің сапарға келуі жеңілдетілді, туризм аясында жеке кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияларды тарту үшін нақты жағдайлар жасалды, туристік саланы басқару үшін мемлекеттік және жергілікті органдар ұйымдастырылды.

1990 жылдардың соңы 2000 жылдың басында экономикалық және саяси тұрақтану нәтижесінде, Қазақстанның әлемдік туристік бірлестікке интеграциялануының нақты мүмкіндіктері барын көрсете отырып, қызмет көрсетудің халықаралық нарықтарда лайықты болу қабілетінің негізінде, осы салада табиғи ортаның көріктілігі, табиғи ландшафтың экзотикалығы, ауа-райының жағымдылығы, аң мен балық аулау мүмкіндігінің болуы және т.б. секілді аумақтың табиғи құндылығы спортты туризм үшін негіз құраса, онда Қазақстанда туризмнің бұл түрінің дамуына барлық алғышарттар жасалынған демекпіз.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 4098; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.056 сек.