Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Каз Пульмонология 2 страница




С) жедел пневмония

D) экссудативті плеврит

Е) бронхоэктаз ауруы

42.М. атты 55 жастағы науқас қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. Бронхоөкпелік дертпен 15 жыл. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен демді шығарудың ұзарғаны естіледі. неғұрлым мүмкін диагноз:

А) пневмония

В) бронхиальды астма

С) бронхоэктаз ауруы

D) созылмалы іріңді бронхит

+Е) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

43.Науқас 28 жаста, стационарда сол жақ өкпенің т/б пневмониясымен ем алып жатыр. Емделудің 8 күні ентігуі және кеуде қуысының ауырлауы күшейді, субфибрилді температура сақталады. Науқаста қандай асқыну дамыды:

А) абсцедирлеу

+В) экссудативты плеврит

С) пневмоторакс

D) ӨАТЭ, инфаркт пневмония

Е) плевра эмпиемасы

44.Т., науқасы 68 ж, шағымдары үдеген ентігуге, Тексергенде: ЭТЖ-55 мм/с,. Рентгенде: плевралды сұйықтық. Плевралды пункция кезінде 900 мл геморрагиялық сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра құысында сұйықтық қайта жиналуы байқалады. Диагнозды анықтау үшін қандай әдіс тиімді:

А) компьютерлі томография

В) трансбронхиалды пункция

С) онкомаркерларға зерттеу

D) магнитты-резонансты томография

+Е) экссудаттың цитологиялық зерттеуі

45.45жастағы ошақты пневмониямен ауыратын науқаста, ауруының 9-күні қан арасқан ірінді қақырық пайда болды, оң жақ жауырын астынан ылғалды ұсақкөпірішікті сырылдар естіледі, дене қызуы 39-40 С. Рентгенде деструкция ошақтарымен қараюы. Науқаста қандай асқыну:

А) құрғақ плеврит

В) плевра эмпиемасы

С) бронхоэктаздар

D) ошақты туберкулез

+Е) өкпенің іріндеуі

46.Өкпе абсцесімен ауыратын науқаста күшті жөтелден кейін кенеттен оң жақ кеуде торшасында ауру сезімі мен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: тыныс алғанда кеуде торшасы сол жақ бөлігінің қалыңқырауы мен қабырғааралық ісінуі, перкуторлы – тимпанит анықталды. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін:

А) ателектаз

+В) пневмоторакс

С) өкпе инфаркты

D) өкпе эмфиземасы

Е) экссудативті плеврит

47.48 жастағы К. атты науқасты 10 жыл тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамасы беротекпен басылады, 3 жыл бойы полькортолон қабылдаған. Соңғы 3 күнде тұңшығу ұстамалары жиілеп кетті, түнде 3-4 ретке дейін, тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 51%. Неғұрлым тиімді терапия:

А) эуфиллин к/т

В) атровент

С) небулайзер арқылы беротек

D) сальмотерол

+Е) к/т преднизолон

48.Антибиотиктердің үлкен дозасымен емделіп жүрген науқаста ірінді-шырышты қақырықты жөтел, қалтырау, ыстығынын көтерілуіне мазалайды. Аускультативті аздаған тұрақсыз ылғалды және құрғақ сырылдар. Рентген қорытындысында - өкпе түбіріндегі өкпе суретінін кушеюі және ауыспалы ошақты инфильтраттар. Қақырықта Сandida табылды. Сіздің шараларыңыз

А) интроконазол

В) нистатин

С) амфетерицин

+D) флюконазол

E) кетоконазол

49.Ж. атты 48 жасар ӨСОА-мен ауыратын науқас өкпенің ыдыраусыз ошақты туберкулезімен ауруханада емделуде. Клиникалық жақсарудан кейінгі соңғы 3 күнде өнімсіз жөтелмен дене қызуы 38оС дейін көтерілгені байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауының себебін анықтау үшін неғұрлым тиімді зерттеу әдісі:

А) томография

В) бронхоскопияны

С) БК қақырық анализі

D) атипті клеткаларға қақырық анализі

+Е) қақырықты микрофлора сезімталдығына егу

50.Т., атты 66 жастағы науқас қиын бөлінетін шырышты-ірінді қақырықты жөтелге, үдемелі ентігуге, физикалық жүктемеде күшеюінде, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннекенеттен ауырған. Күніне 25 темекі тартады, анамнезінде созылмалы бронхит. Аускультация кезінде әлсіреген везикулярлы тыныс, шашыраған құрғақ сырылдар екі жақта, оң жақта жауырын астында – ылғалды ұсақкөпірішікті сырылдар. Сол жерлерде перкуторлы – тұйықталған дыбыс. Рентгенде: оң жақ өкпенің т/б көптеген инфильтративты көлеңкелер, көлемі 1-2 см. Лейкоциттер – 14 мың., ЭТЖ - 22 мм/с. Қандай диагноз ықтимал:

А) созылмалы ірінді бронхит, өршуі

В) ӨСОА, орташа ауырлықта, өршуі

С) созылмалы бронхит, жеңіл ағым, өршуі, оң жақ өкпенің т/б пневмониясы

D) созылмалы бронхит, орташа ауырлықта бронхоэктаздармен, өршуі

+Е) ӨСОА, орташа ауырлықта, өршуі, оң жақ өкпенің т/б пневмониясы.

51.64 жастағы көп жыл бойы ӨСОА-мен ауыратын науқас суықтаудан кейін пайда болған дене қызуының көтерілуі, шырышты-іріңді қақырықты жөтел, ентігу, әлсіздік, терлегіштікке шағымданады. Рентгенде: оң жақ өкпе тінінің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталаған. Цефазолин және линкомицин тағайындалған. Емделудің 3 күні қақырық анализінде кандидалар табылды. Сіздің тактиканыз:

А) тетрациклин + метрогил + лазолван

В) амоксиклав + гентамицин + бромгексин

С) цефазолин + преднизолон + бромгексин

D) пенициллин + амброксол + сальбутамол

+Е) флюконазол+ амброксол + ипратропиума бромид

60.Б. атты науқас 56 жаста, шағымдары: тәулігінде 5-6 рет болатын тұншығу ұстамаларына, көбік тәрізді шырышты жөтелге, тұншығу ұстамалары түн сайын мазалайды. Об-ті: ТЖ-28 мин. Тыныс шығару шыңы – 52%. Қандай диагноз

А) бронх демікпесі, орташа ауырдықта, өршуі, ТЖ II

В) бронх демікпесі, ауыр ағым, өршуі, ТЖ II

С) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, өршуі, ТЖ II

D) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, өршуі, ТЖ III

+Е) бронх демікпесі, ауыр ағым, өршуі, ТЖ III

62.

Халыќаралыќ консенсус бойынша пневмонияныѕѕ келесі тїрлерін ажыратады:

+A) Ауруханадан тыс

B) Ошаќты

C) Зоонозды

D) Атипті

E) Крупоздыќ

63.Өкпе тінінің деструкциясын аныќ кґрсетеді:

A) Шарко-Лейден кристалдары

B) Лейкоциттер

+C) Эластикалыќ талшыќтар

D) Куршман спиралдары

E) Эритроциттер

64.Астмалыќ статусты емдеуге кґрсетілген:

A) Атропин

B) Сальбутамол

C) Интал

+D) Преднизолон

E) Мукалтин

65.Катаральды жјне іріѕді бронхиттіѕ дифференциальды диагностикасына еѕ аќпаратты болып табылады:

А) Жалпы ќан анализі

В) Ќан биохимиясыныѕ жедел фазалы кґрстекіштері

+С) Ќаќырыќты жалпы талдау

D) Коагулограмма

Е) Ќанныѕ бактериальды екпесі

66.Ќўлап бара жатќан Тамшы дыбысы ґкпе торынан келесі жаєдайда естіледі:

A) Крупозды пневмония

B) Ошаќты пневмония

C) Ґкпе ісінуі

D) Пневмоторакс

+E) Гидропневмоторакс

67.Бронх демікпесінің ұстамасы және демікпелік статустың бірінші сатысы арасында ажыратпа диагноз жүргізгенде неғұрлым маңызды белгі:

A) айқын цианоз

B) экспираторлық тұншығудың ауырлық дәрежесі

C) науқастың мәжбүрлік қалпы

D) эуфиллинді көк тамырға енгізудің нәтижесіздігі

+E) бета 2-агонистерге рефрактерлік

68.Бронхоэктаз ауруымен ауыратын науқас қатты жөтелгеннен кейін кенеттен кеуде клеткасының оң жағында ауырсыну және ентігу пайда болды. Қарағанда: оң жақ кеуде клеткасы тыныс алуда қалыңқы және қабырға аралықтары томпайған; перкуссияда - тимпанит. Неғұрлым мүмкін асқыну:

A) Өкпе ателектазы

+B) Пневмоторакс

C) Өкпе инфаркты

D) Өкпе эмфиземасы

E) Экссудациялық плеврит

69.48 жастағы науқасты мөлшері тәулігіне 50 мл дейінгі шырышты іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, аурудың өршуі соңғы 2 жылда жылына 3-4 ретке дейін жиілеген. Өкпесінде әлсіз тыныс, барлық алаңында құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Пневмония

B) Өкпе туберкулезі

C) Бронхоэктаз ауруы

D) Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы

+E) Созылмалы іріңді бронхит

70.Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтрациялық көлеңкелер, тез оң нәтижелі динамика неғұрлым тән:

A) Саркоидозға

B) Пневмокониозға

+C) Ошақты пневмонияға

D) Милиарлы туберкулезге

E) Инфильтрациялық туберкулезге

71.Әйел адам, 25 жаста, жүктіліктің 8-10 аптасы, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37° дейін көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Сол жақ жауырын аралығында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

A) Ципрофлоксацин, амброксан

B) Метрогил, гентамицин

+C) Лазолван, теплое питье

D) Амоксиклав, бронхолитин

E) Бромгексин, тетрациклин

72.Науқас 53 жаста, жоғарғы бөліктің пневмониясы диагнозы қойылған. Қақырықта алтынды стафилококк анықталған. 2 апта өткенде науқастың қызуы көтеріліп, мөлшері 100 мл дейінгі жағымсыз иісті қақырық шыға бастаған. Рентгенде оң жақ өкпенің барлық жоғарғы бөлігін қамтыған деструкциялық үдеріс анықталған. Оң жақ өкпенің зақымданған бөлігінің резекциясы жасалынған. Опреациядан кейінгі кезеңде неғұрлым тиімді препарат:

A) Эритромицин

B)Пенициллин

C) Метронидазол

+D) Левофлоксацин

E) Амоксициллин

73.Өкпе тінінің іріңді-деструкциялық ыдырауы, қабырғасы жұқа ішінде сұйықтығы жоқ қуыстардың пайда болуы тән пневмонияның қоздырғышы:

A) Микоплазма

B) Клебсиелла

C) Аденовирус

D) Пневмококк

+Е) Стафилококк

74.М. атты науқас, 38 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, әлсіздікке, дене қызуының 38°С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 ай бұрын ЖРВИ болған. Қарағанда: мойын, қолтық асты, шап аймағы лимфа түйіндері 1,5 см дейін үлкейген, ауырсынбайды. Кеуде клеткасы терісінде – түйінді эритема. Рентгенде бронхопульмональды және медиастинальды лимфотүйіндердің үлкейгендігі анықталады. Қанда: ЭТЖ-35 мм/сағ, АЛТ– 128 ед/л, АСТ–78 ед/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

+A) Саркоидоз

B) Өкпе амилоидозы

C) Ауруханадан тыс пневмония

D) Фиброздаушы альвеолит

E) Өкпенің қатерлі ісігі

75.Науқас 55 жаста, кезеңді тұншығу ұстамаларына, айқын әлсіздікке, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» симптомдары, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорапты өкпелік дыбыс, аускультацияда – әлсіз везикулярлы тыныс. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Пневмония

B) Пневмоторакс

C) Жіті бронхит

+D) Өкпе эмфиземасы

E) Созылмалы бронхит

76.Ауыр дәрежелі бөлікті пневмония анықталған 72 жастағы науқастың жоғары температурасы тез түскендекенеттен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағының шуылдауы, жүрек айнуы, құсқысы келу сезімі пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйық, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының күрт нашарлауының неғұрлым мүмкін аебебі:

A) Сепсис

B) Кардиогенді шок

C) Өкпе артерияларының тромбоэмболиясы

+D) Инфекциялық-токсикалық шок

E) Жіті респираторлық дистресс-синдром

77.Науқас 72 жаста, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен көп жылдан бері ауырады, дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке, шағымданады. Бұл шағымдары суық тигеннен кейін пайда болған. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Тетрациклин + метрогил + лазолван

B) Амоксиклав + гентамицин + бромгексин

C) Кларитромицин + преднизолон + бромгексин

+D) Кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид

E) Цефуроксим + амброксол + ипратропиума бромид

78.Науқас 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде сыздап ауырсыну, жағымсыз иісті іріңді көлемді қақырықпен жөтел мазалайды. ТЖ – минутына 26 рет, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық тыныс. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігініңрентгенограммасында қуыс анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Ампициллин + гентамицин

B) Плазмаферез курсы + цефтриаксон

+C) Ошақты санациялау + қуысқа моксифлоксацин енгізу

D) Өкпе бөлігінің резекциясы + цефтриаксон

E) Левофлоксацин + инфузиялық терапия

79.43 жастағы науқаста 4 ай бұрын субфебрильді лихорадка, аз өнімді жөтел, баяу үдейтін ентігу, әлсіздік пайда болған. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: лейкоциттер-10,5 мың, ЭТЖ-23 мм/сағ. Пенициллинмен емдеу барысында науқастың ентігуі күшейіп, жағдайы нашарлаған. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу: рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігінің белгілері. Неғұрлым мүмкін этиологиялық фактор:

A) Вирус

+B) Саңырауқұлақ

C) Токсин

D) Паразит

E) Бактерия

80.Компьютерлік томография кезіндегі ұялы өкпе суреті мен «күңгірт әйнек» типі бойынша екі жақты өзгеру анағұрлым тән:

+А) Фиброздаушы альвеолитке

В) Екі жақты пневмонияға

С) Милиарлы түберкүлезге

D) Өкпе амилоидозына

Е) Өкпе саркоидозына

81.Бронх демікпесінде сыртқы тыныс алу қызметін зерттеуде ең маңызды зерттеу тәсіл:

+A) Спирография

B) Компютерлік томография

C) Рентгенография

D) Бронхоскопия

E) Пневмотахометрия

82.Бронхтардың обструктивті өткізгіштігінің бұзылысы кезінде жиі сезімтал зерттеу тәсілі:

A)Плетизмография

B) Пневмотахометрия

C) Оксигемометрия

+D) Пикфлоуметрия

E) Өкпе рентгенографиясы

83.Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы кезінде сыртқы тыныс қызметінің өзгерістері көрінеді:

A) Өкпенің өмірлік сыйымдылығының төмендеуімен шектеледі

+B) Үдемелі қайтымсыз обструкциямен

C) Бронхообструктивті бұзылыстар ұстамасымен

D) Үдемелі дамитын рестрикциямен

E) Сальбутамол ингаляциясынан кейін жойылатын рестрикциямен

84.49 жастағы ер адам түңгі уақытта пайда болатын тыныс шығарудың қиындауымен тұншығу ұстамасына; арақашықтықта естілетін сықырықты сырылдарға шағымданады. Объективті: аускультация кезінде патологиялық шуларсыз везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі минутына 19. Бронхоскопия кезінде жоғары тыныс алу жолдарының сілемей қабатының ісінуі және гиперемиясы анықталған. ФГДС-да: өңештің үштен бір бөлігінің маңайында біріккен эрозиялар, гиперемия. Бронхообструкцияның мүмкін болатын себебі қайсы?

А) Бронхты демікпе

B) Трахеобронхиальды дискинезия

C) Жүрек демікпесі

D) Паразитоз

+E) Гастроэзофагеальды рефлюксті ауру

85.Анамнезінде пансионаттарда, қонақ үйлерде кондиционерлермен, жуынатын бөлмелерді қолдану, диареямен, жөтелмен, айқын интоксикациямен фебрильді қызба; лимфоцитопениямен лейкоцитоз анағұрлым тән пневмония:

А) Хламидиялық

+В) Легионеллездік

С) Микоплазмалық

D) Пневмококтық

Е) Стафиллококтық

86.63 жасар науқас қалтыраумен 390Сдейін дене температурасының көтерілуімен жедел ауырды. Екі күннен кейін тыныс алу кезінде кеуде қуысында ауырсынулар, «тотық түсті» қақырықтың бөлінуімен жөтел мазалай бастады. Объективті: сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, везикулярлы тыныстың әлсіреуі тындалады, крепитация. ТАЖ – минутына 28. Рентгенограммада сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің қараюы анықталды. Осы жағдайда қандай антибактериалды препарат тиімдірек:

А) Пенициллин

В) Азитромицин

+С) Цефуроксим

D) Гентамицин

Е) Имипинем

87.Казармада тұратын 19 жасар әскер қызметкері құрғақ жөтелге, қалтырауға, 38о С дейін температуранаң көтерілуіне, артралгия мен миалгияға шағымданады. Рентгенологиялық өкпелік суреттің күшеюі, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің айқын емес анық қараюы анықталды. Пенициллин мен цефалоспориндермен емдеу тиімсіз. Науқасқа келтірілген препараттардың қайсын тағайындау қажет:

А) Имипинем

В) Амоксиклав

С) Цефуроксим

D) Гентамицин

+Е) Азитром ицин

88.Бронх демікпесімен сырқаттанатын 22 жастағы науқас қабылдау бөліміне жеткізілген. Обективті: эмоциялық қозған, дене температурасы 36,7°С, ЖЖЖ минутына 120, тынс алу жиілігі минутына 24.Аускультация кезінде: тынысы тез әлсіреген, бірлі құрғақ сырылдар. Анамнезіне: тәулік бойы нәтижесізберотекпен 10 ингаляция алған. Жедел жәрдем дәрігері көктамырға 10 мл 2,4% эу­филин ерітіндісін енгізген. Шұғыл көмектің алғашқы қадамы қандай?

А) Симпатомиметиктердің мөлшерін жоғарылату

B) Регидратация

+C) Кортикостероидтарды қолдану

D) Эуфиллин мөлшерін жоғарылату

E) Өкпенің жасанды вентиляциясы

89.28 жастағы науқаста балалық кезінен жөтелу, жиі суықтап ауыру болған. Физикалық дамуы қалған, тері жамылғылары бозарған, саусақтары «дабыл таяқшасы» түрінде, аускультацияда тынысы қатқыл, төменгі бөліктерінде орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Бронхографияда: бронхтың төменгі бөліктерінде бірдей емес қапшықтық кеңеюлер. Науқастағы болжам диагноз:

A) созылмалы обструкциялы бронхит.

+B) бронхоэктаз ауру.

C) трахеобронхиальді дискинезия.

D) бронхылық демікпе.

E) бөліктік пневмония.

90.Науқаста көп жылдан бері шырышты қақырықты жөтел мазалайды, темекі шекпейді, ыстық цехта жұмыс істейді. Қарағанда: кеуде клеткасы өзгермеген, аускультацияда: қатқыл тыныс, құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі. Рентгенде: патологиялық өзгерістер жоқ. Науқастағы болжамды диагноз:

A) бронхоэктаз ауру.

B) өкпе туберкулезі.

+C) созылмалы катаральды бронхит.

D) созылмалы обструктивті бронхит.

E) жіті ошақты пневмония.

91.Науқас құрылысшы болып жұмыс істейді, көп жыл темекі шегеді, қиын бөлінетін қақырықты жөтел, шамалы физикалық күштемеден кейін ентігу, дем шығарудың қиындауымен, жұмысқа қабілетінің төмендеуі мазалайды. Қарағанда: кеуде клеткасы кеңейген, өкпесінде әлсіреген тыныс, өкпенің барлық бөлімдерінде құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі. Рентгенде: өкпе суреті күшейген, өкпе түбірі кеңейген, көк ет төмен түскен. Науқастың болжам диагнозы:

A) өкпе обыры.

B) бронхоэктаз ауруы.

C) өкпе туберкулезі

D) созылмалы катаральды бронхит.

+E) өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-14; Просмотров: 820; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.1 сек.