Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 1 страница. Таблица 2 Филиал Платежи Поступления США Бельгия: - Нидерланды: - Норвегия: - Италия: - Канада: - Итого: 0 Бельгия: -




Таблица 2

Филиал Платежи Поступления
США Бельгия: - Нидерланды: - Норвегия: - Италия: - Канада: - Итого: 0 Бельгия: - Нидерланды: 12,3 Норвегия: 10,2 Италия: 10,5 Канада: 6,4 Итого: 39,4
Нидерланды США: 12,3 Бельгия: - Норвегия: - Италия: - Канада: - Итого: 12,3 США: - Бельгия: 7,2 Норвегия: 4,3 Италия: 5,4 Канада: 2,5 Итого: 19,4
Швейцария США: - Бельгия: - Нидерланды: - Норвегия: - Италия: - Канада: - Итого: 0 США: - Бельгия: 5,3 Нидерланды: - Норвегия: 2,5 Италия: 4,1 Канада: - Итого: 11,9
Италия США: 10,5 Бельгия: - Нидерланды: 5,4 Норвегия: - Швейцария: 4,1 Канада: - Итого: 20 США: - Бельгия: 7,4 Нидерланды: - Норвегия: 1,3 Швейцария: - Канада: - Итого:8,7

** прочерки означают что между странами не было расчетов

 

 

 

Қандай ғылым болмасын бір-бірімен тығыз байланысты үғымдар жүйесінен тұрады, оларды жетік түсінбейінше ғылымның мазмұнын игеру мүмкін емес. Орта мектептегі химияның курсы да аса маңызды алғашқы ұғымдарды қалыптастырудан басталады.

Тақырыптың білім берудегі міндеттеріне мыналар жатады:

1. Химия пәні, зат, химиялық элемент, атом, химиялық реакция, химиялық символика туралы алғашқы үтымдарды қалыптастыру;

2. Алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негізі болатын атом-молекулалық ілімнің қағидаларын саналы меңгерту; олардың тұрғысынан заттардың қасиеттерін, химиялық реакциялардың механизмін түсіндіру;

3. Құрам тұрақтылық заңын, масса сақталу заңын саналы игерту, қолдана білуге, атом-молекулалық ілім түрғысынан түсіндіре білуге үйрету;

4. Эксперименттік біліктер қалыптастыру: химия зертханасында жұмыс істеу ережелерімен, қауіпсіздік техникасымен таныстыру; қыздыру аспаптарымен, зертханалық штативпен, реактивтермен, ыдыстармен, т.б. жүмыс істей білуге баулу.

Тақырыптың тәрбиелік міндеттері: 1. Табиғаттың бірлігі, заттардың жойылмайтыны, атом жэне молекуланың анық барлығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру, пәнаралық байланысты жүзеге асыру. 2. М.В. Ломоносов, А. Лавуазье, Д. Дальтонның омірімен таныстыру арқылы ғылымға шынайы берілген адамдар ғана жаңалық ашатынын көрсету. 3. Тарихи мәліметтердің тәрбиелік маңызын барынша пайдаланып, М.В.Ломоносов пен Дальтонның атомистикалық көзқарастарын салыстыру. 4. Оқушылардың химияға құштарлығын тудыру.

Оқушыларды дамыта оқыту мақсатында әр үғымды игерудегі олардың белсенділігін арттыру, тәжірибе қою, бақылау, талқылау, қорытынды жасау біліктерін қалыптастыру. Ұғымның мазмұнын, көлемін, елеулі белгілерін, мәнін ашу және мысалдар келтіру, анықтама беру, үғымдар жүйесіндегі орнын табу және қолдану біліктерін қалыптастыру.

Тақырыпты оқытудың тағы бір міндеті - химия пәнін оқытудың мазмүны мен әдістеріне енгізілгеннен кейінгі өзгерістерді ескеру. Бұрыннан қолданылып келе жатқан Ю.В.Ходаков, Д.А.Энштейн, П.А.Глориозов оқулығымеи бірге жаңадан ұсынылған Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман және қазақ авторларының окулықтарының мүмкіншіліктерін жете пайдалану. Химия тарихында кѳрнекті орын алатын негізгі үғымдарды енгізген ғалымдар Р. Бойль (элемент үғымы), И.Я.Берцелиус (химиялық таңбалар), Э.Франклад (валенттілік үғымы), Ж.Л.Пруст (құрам тұрақтылық заңы) туралы қысқа деректер келтірілген. Бұл деректерді әдістемелік талаптарға толық сәйкес келмегенімен жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде, үй тапсырмасын бергенде тиімді пайдалану мүғалімнің міндеті. Сонымен бірге тарихи материалды оқулықтағыдан гѳрі мүғалімнің терең білу керектігін ескерген жѳн.

 

Негізгі бөлім

1.1 Химия пәні ұғымының қалыптасуы

Қазір білім саласында болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы проблемалар мектептегі химия пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты. Химияда оқушыларды қызықтыратын құбылыстар аз емес.Әдістемелік әдебиеттерде химия пәнін анықтайтын алғашқы сабақта екі түрлі қателік жіберілетіні айтылған. Біріншісі - оқушылардың химияға қызығушылығын тудыру үшін бірнеше қызықты тәжірибелер көрсетіледі, бірақ олардың мәні түсіндірілмейді. Мұндай тәжірибелерді олар химиялық кештерде кѳрген, химия кабинетінде әр түрлі тәжірибелер жасалатынын сырттай байқап жүреді. Сондықтан да олардың алғашқы сабаққа зор үмітпен келетіні рас. Алғашқы сабақта химияның жаратылыстану ғылымына жататыны, заттарды зерттейтіні және заттардың қасиеттері туралы үғым қалыптастыру жеткілікті. Зат ұғымы бұл сабақта оқушыларға физика курсынан таныс физикалық дене үғымы арқылы беріледі. Ол үшін бір заттан жасалған бірнеше физикалық денелер, әр түрлі заттардан істелген бір физикалық дене көрсетіледі. Олардың мысалдары ретінде шыныдан, кәрденнен, темірден, алюминийден және басқа металдардан жасалған оқушыларға белгілі, немесе таяудағы сабақтарда танысатын химия кабинетінің құрал-жабдықтары көрсетіліп, аталады. Соның нәтижесінде оқушылар физикалық денелер неден тұрса, соны зат деп атайды деген қорытындыға келеді. Ұғым жаттығулар орындату және химиялық диктант жаздыру арқылы бекітіледі. Заттардың физикалық қасиеттерімен оқушылар зертханалық жұмыс жасау арқылы танысады. Үлестіріліп берілген заттардың агрегаттық күйін, түсін, тығыздығын, жылу өткізгіштігін, электр ѳткізгіштігін, балқу және қайнау температурасын анықтап, кесте түрінде жазады. Зерттелген заттардың қасиеттерін салыстыру арқылы олардың бір-біріне ұқсастығы немесе айырмашылығы кѳрсетіледі, анықтама беріледі. Заттардың айналуы жѳніндегі ұғым ѳсімдіктанудан алған білімге негізделеді. Ѳсімдіктер ауадан және топырақтан алатын су, минералды заттары, кѳмірқышқыл газы, т.б. заттары ақуыздарға, майларға, крахмалға, қантқа айналады. Осыдан қейін заттар және олардың бір-біріне айналуын зерттейтін ғылымға химия деген анықтама беріледі. Жаңа оқулықта бұл анықтама заттардың қасиеттері және айналумен қабаттаса жүретін құбылыстармен толықтырылған. Химияның физикамен, биологиямен байланысы, маңызы қысқаша баяндалады. Химияның міндеттері - заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы тиімді пайдалану, халық шаруашылығына аса қажетті, табиғатта қездеспейтін заттарды ѳндіру.

1.2 Таза зат және қоспа ұғымдары.

Заттардың қасиеттерін зерттеу таза зат және қоспа ұғымдарына әкеледі. Заттар көбінесе таза күйінде болмайды, мысалы, табиғи минералдар әр түрлі құрамдас бөліктерден тұрады. Сондыктан табиғи минералдардан өндіріс орындарында бір ғана өнім алынбайды, қосымша заттар тұзіледі.

Қоспалар құрамына қарай біртекті және әртекті болады.

Біртекті қоспалардың құраушыларының агрегаттық күйлері бірдей болады және оларды жай көзбен көруге болмайды, өйткені олар ете ұсақ күйде болады (газ қоспасы, тұздың, канттың судағы ерітінділері).

Ауа негізінен оттегі мен азот газдарының қоспасы. Ауада заттардың жануы ондағы оттегінің қасиетін сақтайтындығынан болады. Сендер таза судың түссіз, иіссіз, дәмсіз, 100°С-да қайнап, 0°С- да қататын сұйық зат екенін білесіңдер. Ал суға ас тұзын еріткенде, оған ащы дәм береді. Мынадай тәжірибе жасайық. Қайнап тұрған суға тұз салғанда, оның қайнауы тоқтайды. Яғни тұз ерітіндісінің қайнау температурасы 100°С-дан жоғары болатынын байқаймыз. Тұз ерітіндісі қайнау үшін тағы қыздыру керек. Қыс мезгілінде көктайғақты болдырмау үшін жолдарға тұз шашады. Сонда судың қату температурасы төмендейді.

Әртекті қоспалардың кұраушылары әр түрлі болады, мысалы, су мен саз екіге бөлініп тұрады.

Қоспа кұрамындағы заттар өздерінің қасиеттерін сактайды. Мысалы, тұз бен құмның қоспасын суда ерітсек, тұз ериді де құм ерімей ыдыстың түбіне шөгіп қалады, сөйтіп бөліп алуға болады.

Таза заттардың қасиеттері тұрақты болады, ал қоспаның қасиеті өзгеріп отырады

Таза заттар бірдей молекулалардан, ал коспалар әр түрлі заттардың молекулаларынан тұрады Оқушыларға күнделікті тұрмыстан (лай, су, сүт) және табиғаттану пәндерінен (гранит) белгілі қоспалар еске түсіріледі. Қатты заттардың қатты заттардағы, қатты заттардың сұйықтағы ерімейтін және еритін, сұйықтың сұйықтағы еритін және ерімейтін қоспалары кѳрсетіледі. Соның нәтижесінде оқушылар әр қоспа ең кемі екі заттан тұратынын, оның біреуі - негізгі зат, екіншісі қосымша деп аталатынын біледі. Қоспаның қасиеттерімен танысу үшін темір мен күкірттің қоспасын зерттейтін зертханалық жұмыс ѳткізіледі. Оқушылар алдымен күкірттің, содан соң темірдің, ақырында екеуінен тұратын қоспаның қасиеттерін зерттейді, оларға судың және магниттің әсерін байқайды. Бақылау нәтижесін кесте түрінде жазады. Зертханалық жұмыстан шығатын қорытынды: қоспада оның құрамына кіретін әр заттың қасиеттері сақталады. Табиғатта заттар кѳбінесе қоспа түрінде кездеседі. Қоспаларды бѳлу және таза заттар алу тәсілдерінің кѳпшілігі оқушыларға ѳмір тәжірибесінен, тѳменгі сыныптарда ѳтілетін жаратылыстану пәндерінен белгілі. Солар еске түсіріліп, талқыланады және бірнеше тәжірибелер жасалады. Соның нәтижесінде қоспаның түрлері және бөлу әдістері сызбанұсқа түрінде жазылады.

Кесте-1 Қоспаларға мысалдар және бөлу әдістері

Қоспаның құрамы Мысалы Бөлу әдістері
Қатты-қатты     Қатты-сұйық а) ерімейтін ә) еритін     Сұйық-сұйық а) ерімейтін ә) еритін Темір мен күкірт Құм мен ағаш үгіндісі Бор мен тұз     Саз бен су Бор мен су Тұз бен су Қант пен су   Май мен су Спирт пен су Магнит арқылы Су арқылы Еріту, тұндыру, сүзу Тұндыру және сүзу   Қыздырып суалту   Бөлгіш воронкамен бөлу   Айдау

 

Зертханалық және көрнекі көрсетілетін тәжірибелер кезінде оқушылар химиялық стакандармен, сынауықтармен, колбалармен, жай және бѳлгіш воронкамен, сауыттармен, термоскоппен, сүзгі қағаздармен, т.б. жұмыс істеуге үйренеді. Тұндыру, сүзу, буландыру, құрғату, айдау тәсілдерімен, қыздыру аспаптарымен танысады. Мұғалім олармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларына назар аударады.

1.3 Заттардың өзгерістері мен құрылысы туралы алғаш ұғымның қалыптасуы.

Оқушылар «заттардың өзгерістері», «құбылыс», «физикалық және химиялық құбылыс», «айналу» терминдерімен белгіленетін жалпы үғымдардың ара қатынасын түсіну арқылы химиялық реакция үғымына келеді. Мұнда анықтаусыз енгізілетін үғым - өзгеріс арқылы құбылыс туралы түсінік беріледі. Заттардың кез келген өзгерістері құбылыс деп аталады, ол екі түрлі: физикалық құбылыстар және химиялық құбылыстар.

Бір заттардан екінші жаңа заттар түзілетін ѳзгерістер химиялық кұбылыстар делінеді, оларды химиялык реакциялар деп атайды.

Сонымен, ѳзгеріс пен құбылыс тең мағыналы жалпы ұғым, физикалық және химиялық құбылыстар солардан туындайтын екінші сатыдағы ұғымдар. Химиялық құбылыс, химиялық айналу және химиялық реакция бірінен-бірін ажыратуға болмайтын тең мағыналы ұғымдар.

Химияның алғашқы сабақтарында физикалық және химиялық кұбылыстардың эмпирикалық ұғымдары қалыптасады. Ол үшін бірнеше кѳрнекі керсетілетін және зертханалық тәжірибелер жасалады. Әсіресе, бір затпен жасалатын әр түрлі тәжірибелер кѳрнекі нәтиже береді. Мысалы, шақпақ қантты кәрден келіге салып түйгенде ұнтақталып пішінін жояды, суда еріткенде сұйық күйге айналып, түсі жойылады, бірақ дәмі сақталады. Бұл екеуі - физикалық құбылыстар. Қанттың ұнтағын сынауыққа салып қыздырса балқиды және түсі ѳзгереді - бұл да физикалық кұбылыстар. Одан әрі қатты қыздырғанда қант кѳмірленеді және су буы бѳлінеді. Кѳмір мен су - жаңа заттар, бұл ѳзғеріс химиялық құбылыстарға жатады.

Шынының және парафиннің балқуы, мыс пластинкасын шамның жалынында қыздыру, сутегі пероксидін айырудың зертханалық тәжірибелерін оқушылар ѳздері жүргізеді, бақылау барысын кесте түрінде жазып, жаңа заттар түзілгені немесе түзілмегені жѳнінде қорытынды жасайды, физикалық және химиялық құбылыстарға анықтама беріледі.

Бұл тақырыпта химиялық реақциялардың басталуы және жүру жағдайлары, сыртқы белгілері, механизмі, заттардың реакция кезіндегі масса қатынастары, химиялық теңдеу, реакцияның типтері туралы алғашқы ұғымдар жүйесі қалыптасады.

Химиялық реакциялар жүруіне ең қажетті жағдайлардың бірі - заттардың тығыз жанасуы. Жанасу бетін арттыру үшін заттарды ұнтақ немесе ерітінді күйінде алады. Бұл жағдай жеткіліксіз болса, сырттан жылу беріледі (мыстың оксидке айналуы, қанттың айрылуы, т.б.). Жылу бір реақцияда реақцияның басталуы үшін ғана (күкірттің темірмен әрекеттесуі), ал екіншілерінде ақырына дейін жүру үшін қажет. Кейбір реакциялар жарық энергиясының (фотосинтез), енді біреулері электр тогының (судың айрылу реакциясы) әсерімен жүреді.Химиялық реакциялардың жүру жағдайларын білу арқылы адам оның нәтижесін ѳз қажетіне жаратады.

Оқушылар химиялық реакциялардың жүргенін сыртқы белгілеріне қарап біледі, оларға жататындар: тұнбаның түзілуі және еруі, газдың түзілуі мен сіңірілуі, түстің пайда болуы немесе ѳзгеруі, жылу мен жарықтың бѳлінуі және сіңірілуі. Бұл мәселемен таныстыруға арналған арнайы сабақта кальций хлориді мен соданың арасындағы реакциядан тұнба түзілуін, қышқыл қүйғанда тұнбаның еруін керсетеді. Соңғы реакция газ бѳліну белгісінің де мысалы бола алады. Мыс (П) хлориді мен темір ұнтағының арасындағы реакциядан түстің ѳзгеруін байқаймыз. Магнийдің жануы жарық шығып, жылу бөлінгенін керсетеді. Реакциялардың сыртқы белгілері деп жүргеніміз жаңадан түзілген заттардың физикалық қасиеттері және реакцияның энергетикалық эффектісі.

Химиялық реакциялар заттардың кѳзге көрінбейтін ұсақ бөлшектерінің арасында жүреді. Реакцияның механизмі осы бөлшектердің езгерісін ескеретін атом-молекулалық теория түрғысынан түсіндіріледі және химиялық теңдеулер арқылы өрнектеледі. Химиялық теңдеу зат массасының сақталу заңына сүйеніп жазылады, химиялық реакцияны сандық және сапалық жағынан сипаттайды. Зат массасының сақталуы реакцияға кірген атомдар санының реакциядан шыққан атомдар санына тең болуымен дәлелденеді. Реакцияға кіріскен заттардың мольдік массаларының қосындысы реакциядан шыққан заттардың мольдік массаларының қосындысына тең болады.

Тақырыптың соңында химиялық реакциялардың типтері ѳтіледі. Жіктеудің негізіне бастапқы және реакциядан шыққан заттардың саны мен құрамы алынады. Жалпы түрде алғанда ұғымдардың анықтамасы n заттан 1 зат (қосылу реакциясы), 1 заттан n зат (айрылу реакциясы), 2 заттан 2 зат (орынбасу реакциясы) сызбанүсқаларына сәйкес келеді. Қосылу реакциясы туралы үғым қалыптастыру үшін күкірт пен темірдің әрекеттесуі көрсетіліп талқыланады. Айрылу реакциясымен таныстыру үшін судың электролизі еске түсіріледі, малахиттың айрылу реакциясының зертханалық тәжірибесі жасалады. Орынбасу реакциясын нақтылау үшін темір мен тотияйынның арасындағы реакция көрсетіледі.

Химиялық құбылыстар кезінде оқушылар реакцияға кіріскен бастапқы заттардың және реакциядан шыққан ѳнімдердің қасиеттерін тікелей бақылайды. Бастапқы заттар жаңа заттарға қалай айналады? Мұны түсіну үшін заттың бірден байқалмайтын ішқі құрылысына үңіледі. Заттың осы кезге дейін қалыптасқан эмпирикалық ғымдары теориялық үғымдар дәрежесіне дейін кѳтеріледі. Затгың құрылысын түсіндіретін ең қарапайым көзқарас - атом-молекулалық іліммен таныстырылады. Бұл таныстыру әдістемелік жағынан екі түрлі шешімін табады.

Біріншісі - химия ғылымының даму қисынына және эксперименттік мәліметтерге сәйкес алдымен эквивалент үғымынан атомдық масса ұғымына, содан соң атомның өзіне көшу аркылы жүзеге асырылды:

эквиваленттік масса - атомдық масса - атом. Бұл орта мектепке арналған алғашқы оқу құралдарында ғана пайдаланылады.

Екіншісі - химияның тұрақты оқулықтарында ұдайы қолданылып келеді. Заттар молекулалардан, молекула атомдардан тұрады дейтін көзқарасқа сәйкес: айрылу реакциясы - молекула - атом сызбанұсқасы бойынша түсіндіріледі. Мектеп сарамандығында айрылу реакциясының мысалы ретінде судың электр тогы әсерінен айрылу тәжірибесі пайдаланылды.

Мұғалім оқушылардың физика курсынан атом және молекула туралы білетіндерін еске түсіріп мәселелік сұрақ қояды: химиялық реакциялар кезінде атомдар және молекулалар қандай күйде болады?

Сұрақтың жауабы тәжірибеден ізделеді. Арнайы немесе қолдан жасалған құралда судың электролизі көрнекі көрсетіледі. Тәжірибе кезінде оқушыларға алынған зат - су және құралдың екі түтігінде жиналған газдар ғана көрінеді. Газ түтіктің біреуіне екіншісіне қарағанда екі есе артық жиналады. Тәжірибені оқушылардың қатысуымен талқылау арқылы бірнеше қорытынды жасалады.

1. Су кѳзге көрінбейтін кішкене бөлшектерден - молекулалардан түрады, әр молекуласының қүрамына екі атом сутегі және бір атом оттек кіреді. Түсінік нақты болу үшін су молекуласының әр түрлі модельдерін және суретін көрсетеді.

2. Электр тогының әсерінен су молекулалары атомдарға ыдырайды. Мұны да модельдер аркылы немесе тақтаға сызып корсетеді. Әр молекуладан екі атом сутегі, бір атом оттегі босап шығады.

3. Екі сутегінің атомы бірігіп, молекула түзеді, оттегінің атомы судың келесі молекуласынан бөлінген оттек атомымен қосылып, молекула құрайды. Соның нәтижесінде судың екі молекуласынан бір молекула оттегі және екі молекула сутегі газ күйінде бѳлініп шығады, сондықтан оның кѳлемі оттегіне қарағанда екі есе артық болып шығады. Сутегі жэне оттегі молекулаларының түзілуі модельдер арқылы кѳрсетіледі.

4. Жалпы қорытынды: химиялық реакциялар кезінде молекулалар бұзылады, ал атомдар сақталады. Бастапқы заттардың атомдарынан реакция ѳнімінің молекулалары түзіледі. Жалпы қорытындыға сүйеніп, атомға анықтама беріледі, мұнда атом ұғымының екі белгісі: 1) заттың бѳлшегі. 2) химиялық бѳлінбейтіні ескеріледі. Атомның ѳзі күрделі бѳлшек екені, физикалық жағынан алғанда бѳлінетіні, бір-біріне айналатыны жѳніндегі түсінік бұл арада қарастырылмайды.

Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман оқулығы екінші әдістемелік шешім тұрғысынан жазылған. Мұнда: 1) атом және молекула туралы кѳзқарастың шығуы қысқаша баяндалады; 2) молекула ұғымына анықтама беріледі (заттың ең кішкене бѳлшегі, құрамы және қасиеттері затпен бірдей); 3) заттың молекулалық және молекуласыз құрылысы толығырақ баяндалады.

Алғашқы тақырыпта заттар құрылысындағы, соған сәйкес қасиеттеріндегі ерекшеліктерді нақтылы түсіндіру - әдістемелік кѳпшілік мойындаған мәселелердің бірі. Молекуладан тұратын заттар әдепкі жағдайда газ, сұйық, кейбіреулері ғана қатты күйде кездеседі, балқу және қайнау температуралары төмен болады. Молекулалық құрылысы болмайтын заттар атомдардан тұрады. Әдепкі жағдайда қатты күйде кездеседі, балқу және қайнау температуралары жоғары болып келеді.

Атом - ең басты ұғымдардың бірі. Заттың құрылысында молекула болмауы мүмкін, ал оның құрамына атом кірмеуі мүмкін емес. Сонымен бірге атом арқылы химиялық элемент және жай зат ұғымдары шектеледі, олардың арасындағы байланысты сызбанұсқа арқылы былай кѳрсетуге болады:

Жай зат <-- атом --> элемент

Элемент ұғымы атомның анықтамасына, жай зат ұғымы элементтің анықтамасына кірмейді. Бірақ әдебиеттерде атомды химиялық элементтің ең кішкене бѳлшегі, элементті химиялық жағынан бѳлінбейтін зат деп қарау кездеседі.

Қазіргі оқулықтарда жай зат және элемент ұғымдарының анықтамасы ұқсас, алдымен жай заттарға атомдардың бір түрінен құралған заттар деген анықтама беріледі де, соңынан атомдардың бір түрі деген белгі химиялық элементке таңылады. Сондықтан жай заттарға атомдардың бір түрінен дегеннен гѳрі бір ғана элементтің атомдарынан құралған заттар деп анықтама берген дұрыс болар еді. Бұдан кейін химиялық элементпен байланысты салыстырмалы атомдық масса (Mr), валенттілік (В), химиялық таңба, атоммен байланысты массаның атомдық бірлігі (м.а.б.), моль, молекуламен байланысты салыстырмалы молекулалық масса (Mr), молекулалық формула, моль (v), мольдік масса (М), Авагадро саны (Na) үғымдары қалыптастырылады.

Мектеп сарамандығында оқушылардың химиялык элемент және жай зат ұғымдарын шатастыратыны әдістемелік әдебиеттерде жиі айтылады. Мұны болдырмау үшін мүғалім әр жағдайдағы химиялық таңбаның мағынасын жете түсініп, оқушыларға жеткізе білуі керек. Химиялық символдың мағынасындағы сапалық және сандық сипаттамаларын келтірілген кестеден айқын көре аламыз.

Кесте-2. Химиялық таңбаның сандық мәндері

Шындық деңгейі Ұғымдар деңгейі Белгісі
1. Бір түрдің атомы Химиялық элемент Мысалы: күкірт, темір S, Fe
2. 6,02*1023 атом Атомның молі Күкірт Темір   S Fe
3. Бір атом Күкірт Темір S Fe

«Химиялық элемент» деңгейінде символ (S, Ғе) жалпы ұғымды белгілейді, оның мағынасы бір түрге жататын барлық атомдарды қамтиды. «Атомдардың молі» деңгейінде үғымның кѳлемі кішірейіп, Авогадро санына 6.02*1023 тең атомдарды таңбалайды. Жеке атом деңгейінде нақтылы үғымды белгілеп жалқы есімге айналады. Үш жағдайда да химиялық символ шынайы кездесетін атомдарды белгілейді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 527; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.045 сек.