Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Силлабус

Пәннің аты: ОК Модуль 8 «Жануарлар биотехнологиясының методологиясы»

Мамандығы 5В070100-Биотехнология

3 курс, к/б, күзгі семестр, кредит саны-2

 

Лектор – Жұмабаева Б.Ә.

Лабораториялық сабақтарды жүргізуші – Жұмабаева Б.Ә.

Е-mail: [email protected]

Телефон – 377 35 99

Консультация орны – биология факультеті, 332

Ғылыми дәрежесі – биология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Курстың пререквизиті – осы пәнді оқу үшін төмендегідей іргелі пәндер қажет: «Жануарлар физиология негіздерi», «Жалпы және молекулалық генетика», «Жануарлар биотехнологиясы» және т.б.

Курстың сипаттамасы: « Жануарлар биотехнологиясының методологиясы» курсы “Биотехнология” мамандығының студенттеріне оқылады. Медицина және мал шаруашылықтарындағы маңызды мәселелер биотехнологиялық әдістер көмегімен шешілуде. Атап айтқанда, түсімдерін арттыру, тез көбейту, ауыл шаруашылығына бағалы және жоғалып бара жатқан түрлерді сақтау; генетикалық өзгертілген дарабастар алу; молекулалық диагностика және тұқым қуалайтын немесе өмір сүру барысында пайда болған аурулардың гендік терапиясы, т.б. Жануарлар биотехнологиясының дамуы адам және жануарлар физиологиясы, жеке даму биологиясы, генетика және молекулалық биология салаларындағы фундаментальды зерттеулер үшін де үлкен үлес қосады.

Курстың мақсаты: « Жануарлар биотехнологиясының методологиясы» пәні бойынша cтуденттерге жануарлар биотехнологиясында қолданылатын әдістерді түбегейлі үйрету.

Курстың міндеттері: Жануарлар биотехнологиясының негізгі методологиялық әдістеріне тоқталу: аллофенді жануарлар (генетикалық химералар) алу; генетикалық клондау және трансгенді жануарларды алу; жануарлардың ұрық және соматикалық генетикалық трансформациясы; клеткалық және эмбриологиялық инженерияны қолдану; жасанды ұрықтандыру әдістері; ұрық және жыныс клеткаларын криоконсервациялау; гендік инженерия.

Постреквизиттер: «Жануарлар биотехнологиясының әдістемелері», «Биотехнология нысандары», «Биотехнологиядағы процесстер мен аспаптары» және элективті кәсіптік пәндер.

Әдістемесі: дәрістер мен лабораториялық сабақтар: лекция-монолог, дискуссия, логикалық міндеттерді шешу, есептер шығару түрінде өтеді.

Сабақтың мазмұны және құрылымы

Апта Тақырып аттары Сағат Максим. балл
  I тақырыптық блок. Жануарлар биотехнологиясының заманауи әдістері және даму перспективалары    
  (Д). Кіріспе. Жануарлар клеткасын культивирлеудің даму тарихы. in vitro культурасының артықшылықтары мен шектеулері. Клеткалық культураны қолданудың негізгі бағыттары.    
(ЛС). «Жануарлар биотехнологиясының» лабораториясында жұмыстарды ұйымдастыру. Зертханалық кеңістігін құрылымы және жоспарлау. зертханалық клетка культурасының талаптары.    
  (Д). Жануарлар биотехнологиясының жалпы биологиялық негіздері. Клеткаларды культивирлеу клеткалық технологияның негізі ретінде. Клетка культурасына енгізу және культивирлеу. І n vitro- да өсірілген к леткалар сипаттамасы. Клетканы культивирлеу биологиясы.    
(ЛС). Асептика әдістері. Залалсыздандыру манипуляциялары.    
  (Д). Адам клетка культурасы. Терапевтикалық клондау. Бағаналы клеткалар. Адамның эмбриональдық бағаналы клеткалары.    
(ЛС). Жануалар клеткасын өсіруге арналған орталарды дайындау.    
СӨЖ-1. Адамдар үшін қолданылатын қолдан ұрықтандырудың қазіргі заманға сай әдістері (ЭКҰ). (презентация).    
  (Д). Ересек организмнің бағаналы клеткалары. Бағаналы клеткалады қолданудың артықшылықтары мен мәселелері.    
(ЛС). Жануалар клеткасын өсіруге арналған қоректік орта түрлері.    
  (Д). Организмнен тыс ұрықтандыру. Эмбриондарды жасанды іn vіvo және іn vіtro өсіру. Іn vіvo және іn vіtro жағдайында оциттерді жинау және жасанды түрде өсіру.    
(ЛС). Алғашқы культура. Субкультивирлеу және клеткалық линиялар.    
СӨЖ-2. Қазақстанда жануарлар клеткалық культурасын өсіру және қолдану (жоба түрінде).    
  IІ тақырыптық блок. Жануарларды клондау және бағаналы клеткалар технологиялары.    
(Д). Түраралық эмбриондар трансплантациясы. Аналық организмнің эмбрион дамуына әсері. Эмбриондарды мал тұқымын асылдандыруда, медицинада трансплантациялаудың маңызы. Ауылшаруашылық малдың жынысын реттеу.    
  (ЛС). Клеткалық культураның трансформациясы мен иммортализациясының әдістері.    
  (Д). Антигендерін және антиденелердің жалпы түсінік. Жануарлар жасушаларының будандастыруды тарихы, әдісі. Жасуша біріктектілігі. Гибридомаларды алу.Будандастыруды негізгі кезеңдері. (кейс-стади).    
  (ЛС). Гипоталамус, гипофиз гормондары. Ауыл шаруашылығы малдарының көбею физиологиясы.    
  Аралық бақылау I (Oral Exam) түрінде    
  Жарты семестрлік бақылау (МТ)(жазбаша)    
  IIІ-IV тақырыптық блоктар. Жануарларды клондау және бағаналы клеткалар технологиялары.Жануаларда қолданылатын генетикалық трансформация әдістері.    
(Д). Моноклоналды антиденелерді практикалық пайдалану аспектілері.    
(ЛС). Зертханалық жануарлар – зерттеу объектілері. Тышқанның жыныс клеткаларының дамуы және ұрықтануы.    
СӨЖ-3. Вакциналар және басқа да диагностикалық және иммунопрофилактикалық заттар өндіру үшін жануар жасушасының культуралары. Омыртқасыздардың жасушалар мен ұлпаларын өсіру    
  (Д). Әр түрлі типтегі трансгенді жануарлар алу әдістері.    
(ЛС). Жыныс клеткаларының (жұмыртқа клеткалар және сперматозоидтар) морфологиялық және функциональдық ерекшеліктері.    
  (Д). Криоконсервация. Криогенді жасуша линияларын дайындау. Криоконсервация принциптері.    
(ЛС). Насекомдар мен сүтқоректілердің ұрықтануы. Бастапқы эмбриогенез. Бөлшектенудің типтері және кезеңдері, морфо-функциональдық жағдайы. Морула мен бластуланың даму классификациясы.    
  (Д). Жануарлар клеткасына трансформация жасауы үшін қолданылатын гендер конструкциясын жасаудағы промоторларға қойылатын талаптар.    
(ЛС).Ірі қараны қолдан ұрықтандыру. Аталық малдан ұрық алу. Ұрық алуда физиологиялық және экологиялық қамсыздандыру. Сперманы бағалау.Визуальды бағалау әдісі.    
СӨЖ-4.Эукариот геномының минисателитті жиіліктері.    
  (Д). Мал шаруашылығындағы биотехнология және биоинженериясы. Трансгеннің жануарлар клеткасы, ұлпасы және организм деңгейіндегі экспрессиясы мен тұқымқуалаушылығы.    
(ЛС). Эмбрионды жуып алу әдістерінің заманау әдістері.    
  (Д).Трансгенді жануарларды анықтайтын ген маркерлер түрлері (кейс стади әдісімен)    
(ЛС). Эмбриондарды жинаудың, оларды өміршеңдігіне бағалау және реципиенттерге трансплантациялау. Эмбриондарды жасанды іn vіvo және іn vіtro өсіру.    
СӨЖ-5.Қазақстандаооциттердің криоконсервациясын медицинада қолдану (пікір -талас түрінде).    
  (Д). Трансгенді организмдерді алудың негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары. Трансгенді жануарларды биоректор ретінде қолдану стратегиясы.    
(ЛС). Сүтқоректілердің ооциттерін және эмбриондарын мұздатудың екі негізгі бағыты: баяу мұздату (криоконсервация) және тез мұздату (витрификация).    
  (Д). Биотехнология және биоинженерия биоэтикасы.    
  (ЛС). Пенетрирлейтін криопротекторлар және мұздатудың температуралық режимдері. Осмотикалық шок және криозақымданулар.    
  Аралық бақылау I (тестілеу түрінде)    
  Қортынды емтихан    
100-баллдық шкаламен есептелінеді және пәннен қортынды баға мына формуламен есептелінеді: Мында, МТ - Midterm Exam, ИК- Емтихан бағасы

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

1. Шевелуха В.С., Калашникова Е.А., Воронин Е.С. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. 2-е изд. М. Высшая школа, 2003.

2. Щелкунов С.Н. Генная инженерия. Новосибирск. Изд-во Новосибирского государственного университета. 2004.

3. Загоскина Н.В., Назаренко Л.В., Е.А. Калашникова, Живухина Е.А. Биотехнология: теория и практика. Учебное пособие. Москва. «Оникс». 2009, 496 с.

4. Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». 2011. – 260 бет.

5. Әлмағамбетов Қ.Х. Биотехнология негіздері. Астана. 2007. – 208 бет.

6. Жұмабаева Б.Ә. Биотехнология негіздері: жануарлар биотехнологиясы, Алматы, Қазақ университеті, 2014.-180 бет.

Қосымша:

1. Корочкин Л.И. Биология индивидуального развития (Генетический аспект) М. МГУ, 2002, 264 с.

2. Шевелуха В.С., Калашникова Е.А., Дегтярев С.В. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. М., Высшая школа, 2004

3. Корочкин Л.И. Геном. Клонирование. Происхождение человека. М. Век 2. 2004.

4. Бочков Н.П. Клиническая генетика. Издание 2-е. Москва. Гэотар-мед. 2002.

5. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск. Изд-во Новосибирского университета. Сибирское университетское издательство. 2002. 459 с.

 

Білімді бақылау формалары: зертханалық сабақтар, СӨЖ, СӨОЖ, аралық бақылау, Мидтерм, қорытынды емтихан.

Баға қою саясаты

 

Бағалау жүйесі Студенттердің сабақ жəне жұмыс түрлері Балл
  Зертханалық сабақ 6х15 = 90 балл
  СӨЖ тапсырмаларды орындау (5 тапсырма) 16+20+10+12+10=58 балл
  1-ші АБ тапсыру 22 балл
  2-ші АБ тапсыру 20 балл
  Барлығы (2 АБ) 200 балл
  Аралық аттестация - Емтихан 100 балл
Қорытынды баға =АБ1+АБ2/ 2 х 0,6 +0,1хМТ+ 0,3хЕмт. бағасы

ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек. Кезекті тапсырманы орындамаған, немесе 50% - дан кем балл алған студенттер бұл тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта жасап, тапсыруына болады.

Орынды себептермен зертханалық сабақтарға қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін лаборанттың қатысуымен қосымша уақытта зертханалық жұмыстарды орындауға болады. Тапсырмалардың барлық түрін өткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді

Бағалау кезінде студенттердің сабақтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы ескеріледі.

Толерантты болыңыз, яғни өзгенің пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды әдепті күйде білдіріңіз. Плагиат және басқа да әділсіздіктерге тыйым салынады. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде көшіру мен сыбырлауға, өзге біреу шығарған есептерді көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. Курстың кез келген мәліметін бұрмалау, Интранетке рұқсатсыз кіру және шпаргалка қолдану үшін студент «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындау барысында, оның тапсыруы мен қорғауына қатысты, сонымен өткен тақырыптар бойынша қосымша мәлімет алу үшін және курс бойынша басқа да мәселелерді шешу үшін оқытушыны оның келесі офис-сағаттарында таба аласыз:

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық эквиваленті % мәні Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D- 1,0 50-54
F   0-49 Қанақаттанарлықсыз
I (Incomplete) - - Пән аяқталмаған (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
P (Pass) - - «Есептелінді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
NP (No Рass) - - «Есептелінбейді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
W (Withdrawal) - - «Пәннен бас тарту» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AW (Academic Withdrawal)     Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AU (Audit) - - «Пән тыңдалды» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
Атт-ған   30-60 50-100 Аттестатталған  
Атт-маған   0-29 0-49 Аттестатталмаған  
R (Retake) - - Пәнді қайта оқу

Қойылатын бағаның саясаты:

1. Аралық бақылау (күнделікті бақылауды қосқанда) – 100 (%) 7 апта

2. Аралық бақылау (күнделікті бақылауды қосқанда) – 100 (%) 15 апта

Аралық бақылау формасы - КОЛЛОКВИУМ (ауызша және тестер түрінде)

Қорытынды бақылау формасы - ЕМТИХАН (жазбаша)

Уақытында тапсырылмаған үш СӨЖ үшін AW бағасы қойылады.

Үй тапсырмасын уақытында орындау (уақытында әр орындалмаған үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстары қабылданылмайды).

Көмек: Офис сағаттары уақытында дәріс материалдарын түсінбеген, СӨЖ тапсырмаларын орындау және өткізу қиындық туғызған жағдайда және басқа да сұрақтар болғанда оқытушыдан сұрауға болады.

 

Молекулалық биология және генетика кафедраларының мәжілісінде

2015 жылдың “ ” тамызында талқыланды. Мәжіліс хат № 1.

 

Кафедра меңгерушісі, б.ғ.д, профессор ____________ Айташева З.Г.

 

Пән лекторы, б.ғ.к., доцент ____________ Жұмабаева Б.Ә.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Розрахунок коефіцієнту технічної готовності | Введение. Предупреждение нежелательной беременности является важнейшей социальной и медицинской проблемой
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 899; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.046 сек.